Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті. Тарих факультеті. Тари және дінтану кафедрасы.
Хан кесенесі
1.10M
Category: historyhistory

:Еділ бұлғарлары мен Алтын. Орда археологиясы

1. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті. Тарих факультеті. Тари және дінтану кафедрасы.

Тақырыбы:Еділ бұлғарлары мен Алтын
Орда археологиясы.
Дайындаған:Байқұлова Айгерім

2.

•Болғар (тат. Болгар) — Еділ бұлғариясының 10 — 12
ғасырлардағы астанасы. Өзінің бесжүзжылдық тарихында
қала Еділ өңірінің ірі саяси және мәдени орталығы болған.
10 ғасырдың өзінде Бұлғар ірі сауда орталығына айналған.
Қаланы өз көзімен көрген (992) араб саяхатшысы ибн
Фадлан оны сол кездің өзінде “халықаралық жәрмеңке”
деп суреттеген. 12 ғасырдағы феодалдық қырқыстардың
әсерінен Бұлғар біршама уақыт өзінің маңызын жоғалтады

3.

4.

14 ғасыр — Бұлғардың ең гүлденген
кезеңі. Осы тұста қалада “Мұнаралы
мешіт”, “Қасиетті Николайдың
шіркеуі”, “Хандардың қабірі”, монша
ғимараты, т.б. көптеген сәулетті
ғимараттар мен қоғамдық
құрылыстар салынған. Бұлғар
қаласын 1431 жылы Мәскеу князі
Василий Темный бағындырғаннан
кейін, Еділ бойы өңірінің орталығы
Қазан қаласы болды. Бұлғардың
қираған орны Татарстан жерінде,
Еділ өзенінен 6 км жердегі осы аттас
ауылдың маңында. Петр І-нің
тұсында-ақ қаланың ескі
құрылыстары зерттеліп, бұлғар
қабірлерінің басына қойылған
құлпытастар топтастырылып,
оларға жазылған жазулар оқылды.
Бұдан кейін тек 1870 жылдан бастап
кейбір ғалымдар шағын қазба
жұмыстарын жүргізіп, тек көне
заттар жинаумен шұғылданды

5. Хан кесенесі

6.

Болған Шығыс кесенесі

7.

СУВАР
Болгарияның көлемі жағынан
үшінші қаласы болғандығы
жайлы Х ХІҮ ғғ. Тарихи
құжаттарынан белгілі. Ол Еділден
40 км жердегі кішкене өзеннің
бойында орналасқан. Қала
құрылысы балшықтан жасалған
кірпіштер мен бөренелерден
тұрғызылған. Осындағы көлемі 7
х 7 м келетін үй ағаш еденнен
және подвалдан тұрады. Шеткі
қабырғаға жақын орналасқан
пештің екі шетінен азық сақтаған
үралар қазылған. Үйдің
қабырғалары ағаш бұтақтарынан
өріліп, екі шетінен сыланған.
Бөренелерден тұрғызылған
үйлер де табылды.

8.

Қыш ыдыстарды кәсіби құмырашылар мен
қатар қарапайым тұрғындар да жасаса
керек. өиткені қазбадан арнайы шарықта
жасалған сапалы да әдемі ыдыстармен
қатар қолдан жасалған өте тұрпайы
бұйымдардың сынықтары да жиі
кездеседі. Ыдыстары формасы мен
қолдану аясына қарай әртүрлі. Олар
құтылар, көзелер, түрлі құмғандар, қызылсары, сұр және қара түсті саптыаяқтар т.т.
Ыдыстардың сыртқы өрнегінен Орта Азия
өнерінің ықпалы айқын байқалады.
Балшықтан түрлі жануарлардың бейнесі
мен қоңыраулар да жасалған. Су
құбырлары, кірпіш және безендіру
кірпіштері секілді құрылыс материалдары
да балшықтан.
Еділ Болгариясы Х ғ. бастап
өзінің төл теңгесін соға
бастаған. Сыртқы көрінісі
жағынан олар араб
дирхеміне өте ұқсас және
жазулары да арабша.
Археологиялық мәліметтер
Болгарлардың араб, Хорезім,
орыс және армян
княздарымен саяси және
сауда қатынасында болғанын
көрсетеді. Қазбалардан
Византия мен Ираннан келген
заттар да кездеседі.
English     Русский Rules