Жоспар:
Қазақстан республикасының парламенті
Қазақстан республикасының парламенті құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан тұрады.
Қазақстан парламентінің сенаты
Қазақстан республикасы парламентінің мәжiлiсі
Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстан жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара
Пайдаланылған әдебиеттер:
Назарларыңызға рахмет!
9.96M
Category: lawlaw

Қазақстандағы парламентаризмнің бастаулары

1.

Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: жалпы медицина
Кафедра:қазақстан тарихы және қоғамдық ғылыми пәндер
Курс: I
Тақырыбы:Қазақстандағы парламентаризмнің бастаулары
Орындалуы: презентация
Орындаған: Мешітбаева А
Тексерген: Төлепбергени Жанар
Группа:118 А

2. Жоспар:

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының Парламенті
Қазақстан Республикасының Сенаты
Қазақстан Республикасының Мәжілісі
Парламент төрағалары
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

3. Қазақстан республикасының парламенті

Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң
шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi
орган.1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық
референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес
Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы )
сайланды.

4. Қазақстан республикасының парламенті құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан тұрады.

Сенат
Мәжiлiс

5. Қазақстан парламентінің сенаты

Сенат – қазақстан республикасының қос палатадан құралған
парламентінің жоғарғы палатасы болып табылады. Сенат 47
депутаттан құралады. Сенат депутаттары тиісті облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының
барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында әр
облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және қазақстан
республикасының астанасынан екi адамнан сайланатын
депутаттардан құралады. Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау
құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен жүзеге асырылады.
Сайланған сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын
қайта сайланады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де
елеулi мүдделерiнiң бiлдiрiлуiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi
ескерiлiп, сенаттың он бес депутатын республика президентi
тағайындайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - 6 жыл.
Парламенттің бесінші сайланымында конституциялық нормаларға
сәйкес 2011 және 2014 жылдары сайланған, 2011 және 2013
жылдары қазақстан республикасының президентің тағайындаған
сенат депутаттарының өкілеттігі жалғаса береді.

6. Қазақстан республикасы парламентінің мәжiлiсі

Қазақстан республикасының парламенті мәжiлiсі - қазақстан республикасының жоғарғы заң шығарушы органның
төменгі палатасы.Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.
Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаға бірдей мүше бола алмайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі —
бес жыл .Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын
дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын қазақстан халқы ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс
депутаттарының кезекті сайлауы парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде
екі ай бұрын өткізіледі .Парламент немесе парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше
парламент немесе парламент мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі
.Қазақстан республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам
парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып
жатқан адам сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам мәжіліс депутаты бола алады .Республика
парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі .Парламенттің депутаты қазақстан халқына ант
береді

7.

Қазақстан Республикасының Үкіметі
еліміздің көлемінде атқарушы билікті
жүзеге асырады. Ол атқарушы
органдардың жүйесін басқарады.
Атқарушы органдардың жүйесіне
жататындар-министрліктер,
мемлекеттік комитеттер,
коммиссиялар, бас басқармалар және
жергілікті атқарушы органдар —
облыстық, қалалық, аудандық,
ауылдық, селолық әкімшіліктер.
Атқарушы органдардың өкілеттіктері
зандарда және арнаулы ережелерде
анықталады.

8. Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстан жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара

ынтымақтаса жұмыс
iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз
құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады,
өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген
мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi
Парламент Сенатының әр
кездегi төрағалары:
Парламент мәжiлiсiнiң
төрағалары:
Ө.Байгелдi (1995-1999);
О.Әбдiкәрiмов (1999-2004);
Н.Ә. Әбіқаев (2004-2007);
Қ.К.Тоқаев (2007-2011);
Қ.Ә.Мәмиев (2011-2013);
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (2013
жылдан бастап).
М.Оспанов (1995-1999);
Ж.Тұяқбай (1999-2004);
О.Мұхамеджанов (2004-2007);
А.Мусин (2007-2008);
О.Мұхамеджанов (2008-2012);
Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин
(2012 жылдан бастап)

9. Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Н.Шаяхметов «ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы» Алматы 2016ж
2. Wikipedia сайтынан
3. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. — Алматы
English     Русский Rules