Similar presentations:
Ел басқару жүйесі
1.
Дайындаған: Ибрагимов А.Ш.Тексерген: Каршигаева А.А.
2.
Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бардемократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.
Алғашқы Конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа
Конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция
бойынша Қазақстан — демократиялық, құқықтық, унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік
тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы және сот биліктері. Атқарушы билікті Президент
басқарады. Ол 40 жастан асқан, республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік
тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтар арасынан 5 жылға сайланады. Заң
шығарушы билікті қос палаталы Парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107
депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері
қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес
тағайындалады және тұрақты түрде толық өкілетілікке ие болады.
3.
ПрезидентСенат
Заң
шығарушы
билік
Атқарушы
билік
Парламент
Үкімет
Мәжіліс
Сот билігі
Жоғарғы сот
4.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевПрезидент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы
лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының
негізгі бағыттарын белгілейді, барлық билік
органдарының келісімді қызмет атқаруын
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Президент
Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы
болып табылады.
Ол 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және
құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге
сайланады.
5.
Парламент – мемлекеттік биліктің ең жоғарғыөкілдік органы; жоғарғы заң органы.
6.
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі - Қазақстан Республикасыныңжоғарғы заң шығарушы органның төменгі палатасы.
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан
тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды.
Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл
Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы
негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз
депутатын Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті
сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан
кемінде екі ай бұрын өткізіледі
7.
Сенат – Қазақстан Республикасының қос палатаданқұралған Парламентінің жоғарғы палатасы болып
табылады. Сенат 47 депутаттан құралады. Сенат
депутаттары тиісті облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың және Республика астанасының барлық өкілді
органдары депутаттарының бірлескен отырысында әр
облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және
Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан
сайланатын депутаттардан құралады.
8.
МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІ — министрлердің үкімет басшысыныңтөрағалығымен жүйелі түрде өтетін, үкімен атынан шешім қабылдауға өкілеттігі
бар мәжілістер. ҚР министрліктері:
ҚР Ішкі істер министрлігі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ҚР Сыртқы істер министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ҚР Қаржы министрлігі
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі
ҚР Әділет министрлігі
ҚР Мұнай және газ министрлігі
ҚР Білім және ғылым министрлігі
ҚР Қорғаныс министрлігі
9.
10.
Жоғарғы сот – мемлекеттің сот жүйесін басқарушы ең жоғарысот органы.
Айрықша сот істерін, атап айтқанда, жоғары лауазымды
адамдардың қылмыстары туралы және аса ауыр мемлекеттік
қылмыстар туралы істерді қарайды. Сонымен бірге ол елдің
барлық төменгі соттарының шешімдері жөнінде шағым
жасалатын ең жоғары орган болып табылады. Кейбір
мемлекеттерде (Мысалы, АҚШ-та, Үндістанда, ШриЛанкада, Жапонияда) Жоғарғы Сот конституцияны түсіндіру
және конгресс, штаттар мен федеральдік үкімет органдары
қабылдаған актілердің конституцияға сай келуі туралы
мәселелерді шешу, конституциялық бақылау міндеттерін де
жүзеге асырады. Кейбір мемлекеттерде
(Мысалы, Германияда, Ресейде) аталмыш міндеттер Жоғарғы
Сотпен қатар арнаулы конституциялық соттарға да жүктелген
11.
Конституциялық Кеңес Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. ҚазақстанРеспубликасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен
құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың ЭксПрезиденттері құқылы болып табылады. Конституциялық
Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген
жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады.Конституциялық Кеңес:
• Республика Президентінің сайлауы;
• Парламент депуттарының сайлауы;
• Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты
шешеді.
Конституциялық Кеңес:
• Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен
сәйкестігін;
• Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.