12.72M
Category: chemistrychemistry

Зертханалық құрал-жабдықтар

1.

Зертханалық құрал-жабдықтар

2.

Стакан және Шыны таяқша
Стақан - зертханада ең жиі қолданылатын ыдыс. Қоспа/Ерітінді дайындау үшін
қолданылады. Мысалы тұзды суда еріту қажет болғанда, стақанда араластып
дайындаған ыңғайлы. Стакан ішіндегі химиялық заттарды жақсылап араластыру
үшін шыны таяқша қолданылады. Пластик немесе метал таяқша қолданылмайды,
себебі олар стақандағы химиялық заттармен реакцияға түсіп кетуі мүмкін.
Сынауық және Сынауық ұстағыш
Химиялық заттың шағын көлемімен жұмыс жасауға арналған ыдыс. Мысалы,
сынауықтың формасы ұзын жіңішке болғандықтан, ерітіндіде болып жатқан
өзгерістерді көзбен бақылау ыңғайлы. Сынауықты қыздыру қажет болғанда,
немесе сынауықтың ішңнде қауіпті химиялық заттар болғанда сынауықты қолмен
ұстауға болмайды, ыңғайлы болуы үшін сынауық ұстағышты пайдаланамыз
Тамшуыр
Ертітіндінің өте аз көлемін қосу үшін тамшуыр пайдаланылады (тамшылату,
тамшы қосу үшін)
Құйғы
Сұйық затты немесе қатты затты бір ыдыстар екінші ыдысқа ауыстырғанда құйғы
пайдаланамыз, себебі ол ыңғайлы, және төгіп-шашылуды болдырмайды

3.

Өлшегіш колба
Өте нақты көлемде ерітінділер дайындау үшін өлшегіш
колба қолданылады. Сонымен қатар сұйылтылған ерітінділер
дайындау үшін қолданылады. Бір колба тек бір көлемге сәйкес
болады.
Өлшегіш цилиндр
Сұйықтың өте нақты көлемін өлшеу үшін өлшегіш цилиндр қолданылады
Конусты колба
Бірнеше химиялық заттарды бір-бірімен араластыру үшін, химиялық реакциялар
жүргізу үшін конусты колба пайланған ыңғайлы. Себебі, жоғарғы жағы
(горлышко) жіңішке болғандықтан, төгіп-шашуды болдырмайды
Тұрғы
Химиялық ыдыстарды (колба, стақан, сынауық ... ) ұстап тұру
үшін тұрғы қолданылады. Мысалы, колбану қыздыру қажет болғанда
қолбаны тұрғыға орнатып, астына спиртшамды қоямыз.

4.

Қысқыш/пинцет
Кейбір химиялық заттарды қолмен ұстауға болмайды, сол себепті
қысқаш қолданылады
Спиртшам
Спиршамның ішінде спирт болады. Зертханада спиртшамдар жиі қолданылады
себебі басқа шамдармен салыстырғанда қауіптілігі төмен
Кәрлен табақша
Кейбір реакциялар үшін ұзақ қыздыру қажет болса, кәрлен табақшалар
қолданылады, себебі олар жоғары температураға төзімді
Сүзгі қағаз
Ерітінді құрамында қажетсіз тұнба немесе түйіршік бөлшектер болса, сүзгі қағаз
арқылы сол түйіршіктерді бөліп алуға болады. Яғни, қағаз суды өткізерді, бірақ
тұнбаны ұстап қалады

5.

Термометр
Температураны өлшеуші құрал
Эксикатор зертханаларда ылғалдылықтан сезімтал заттарды
кептіруге, сақтауға арналған арнайы шыны ыдыс, оның ішінде ауаның
ылғалдылығын төмендететін немесе нөлге жақындататын жағдай
жасайды, әдетте төменгі бөлігіне ылғал сіңіргіш зат салып,
жоғарысына зат қойылатын арнайы поддонмен жабылады.
Штатив
Пробиркалармен жұмыс жасаған кезде штативтер қолданады. Штативтердің
түрлері: ағашты, пласмасты, металды.
Аналитикалық таразы
Аналитикалық таразы — бұл өте аз массаларды (әдетте 0,1 мг немесе одан да аз)
жоғары дәлдікпен өлшеуге арналған зертханалық аспап.

6.

Су моншасы — зертханада заттарды тікелей отқа қоймай, су
арқылы жай және бірқалыпты қыздыру үшін қолданылатын құрал.
Кептіргіш шкаф — зертханада ыдыстарды немесе үлгілерді жоғары
температурада кептіру үшін қолданылатын арнайы құрылғы.
Мор пипеткасы — сұйықтықты өте дәл белгілі бір көлеммен
өлшеп алуға арналған зертханалық құрал. Ол кәдімгі пипеткадан
айырмашылығы бір ғана нақты көлемге (мысалы, 5 немесе 10 мл)
арналған және өлшеу дәлдігі жоғары болады. Мор пипеткасында белгі
сызығы бар, сұйықтық сол белгіге дейін толтырылады.
Градуирленген пипетка — сұйықтықтың әртүрлі көлемін өлшеп алуға
арналған зертханалық құрал. Оның бойында көлемді көрсететін шкала сызықтары
болады, сол арқылы қажетті мөлшердегі сұйықтық алынады.

7.

Мензурка сұйықтықтың көлемін шамамен өлшеуге арналған
Петри табақшасы зертханада микроорганизмдерді, бактерияларды немесе
ашық шыны немесе пластик ыдыс. Оның қабырғасында шкаласы
бар, сол арқылы қажетті мөлшерді анықтауға болады.
саңырауқұлақтарды өсіру және бақылау үшін қолданылатын жалпақ, жасырын
қақпағы бар шыны немесе пластик ыдыс.
Магнитті араластырғыш зертханада ерітінділерді бірқалыпты
және үздіксіз араластыру үшін қолданылатын құрал. Ол ыдыстың
ішіне салынатын кішкентай магнит арқылы жұмыс істейді және
сұйықтықты қолмен араластырмай-ақ араластыруға мүмкіндік береді.
Дозатор — сұйықтықты өте дәл белгіленген көлеммен өлшеп алып, құюға
арналған зертханалық құрал. Ол жұмыс істеуді жылдамдатып, қателікті азайтады
және көбіне микролитр көлемдермен жұмыс істегенде қолданылады.
English     Русский Rules