897.69K
Category: chemistrychemistry

Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу. №1 жұмыс

1.

№1 жұмыс. Өлшеуіш цилиндр
(мензурка) бөліктерінің құнын
анықтау. Дененің көлемін өлшеу.

2.

№1 жұмыс. Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу.
Жұмыстың мақсаты: Өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар шкалалары бөліктерінің құнын
анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, дененлердің көлемін өлшеу.
Құрал – жабдықтар: Өлшеуіш цилиндр (мензурка), су құйылған тос-таған, жіңішке жіп, әр түрлі ыдыстар
мен денелер (гайка, өшіргіш,т.б.)
1 - тапсырма: Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құнын анықтау.
Жұмыстың барысы:
1. Өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығыңдар, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш
цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді қандай бірліктермен анықтауға болатынын
дәптерлеріңе жазып алыңдар.
2. Оқулықтағы 10-параграфты қайталап, қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтаңдар.
3. Сұйық көлемін см3 өлшем бірлікпен аламыз.
4. Өлшеуіш цилиндрдің бір бөлік құны 1 см 3. Аспап қателігі бөлік құнының жартысына тең, яғни 0,5 см3.
5. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін
цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып анықтаңдар.
6. Анықталған шамаларды дәптерге жазып алыңдар.
7. Өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:
Мензурканың ең
Мензурка
Өлшеу
Қателігі
үлкен өлшеу
бөлігінің құны
қателігі
көрсетілген
көлемі, оның
өлшеу нәтижесі
бірлігі
(сұйық көлемі)
3
3
3
100 см
1 см
0,5 см
54-0,5<
54 <54+0,5

3.

2- тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау.
Жұмыстың барысы:
1. Өлшеуіш цилиндрге қатты дене толық болатындай етіп су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар.
Сонда мензуркадағы судың соңғы және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады.
2. Пішіні мен көлемі әр түрлі 2 – 3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппенбайлап, суы бар өлшеуіш
цилиндрге салыңдар да,
көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.
Өлшейтін дене
цилиндр
Тас
Сұйықтың бастапқы көлемі
3
( V1, см )
60
38
Дене мен сұйықтықтың көлемі (V2, см3 )
72
45
Қатты дененің
көлемі
(V = V1- V2) см3
12
7
3.Өлшеуіш
цилиндрге
сыймайтын дененің көлемін
шүмегі бар ыдыстың көмегімен
анықтауға
болады.
Өлшеу
алдында
ыдысқа
шүмектің
жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені
ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып
төгіледі.төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп,
батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.
Егер зертханада шүмегі бар ыдыс жоқ болса, онда бірінің ішіне бірі сиятын кез келген ыдысты пайдалануға
болады. Бұл жағдайда ішкі ыдысқа суды кемеріне дейін толтырып құю керек. Денені суға батырғанда оның
көлеміндей су сыртқы ыдысқа құйылады. Құйылған судың көлемін мензуркамен өлшейді.
Қорытынды. Оқушылар аспаптың бөлік құнын таба білуге, аспап қателігі, әр түрлі пішіндегі дененің көлемін
анықтау туралы білімі толығады.

4.

№2 зертханалық жұмыс
Кішкентай денелердің өлшемін анықтау

5.

№2 зертханалық жұмыс
Кішкентай денелердің өлшемін анықтау
Жұмыстың мақсаты: қатарлау тәсілмен өлшеп үйрену.
Қажетті құрал-жабдықтар: сызғыш, кішкентай денелердің
жиынтығы (бытыра, подшипниик шариктері, бұршақ, тары,
сымның қиындырылары, т.б.), астауша, бұранда, бұрандашеге,
гайка .
ТЕОРИЯДАН ҚЫСҚАША МАҒЛҰМАТ
Ұсақ денелердің өлшемдерін анықтайтын мұндай тәсіл
қатарлау тәсіл деп аталады. Қатарлау тәсілмен жоғарыда
аталған басқа да материалдардың өлшемдерін (диаметрлерін)
анықтауға болады.
Бұранда қадамы деп қатар жатқан орам оймасының ара
қашықтығын айтады. Бұранда қадамы өте аз шама болуы да
мүмкін. Сондақтан оны анықтау үшін де қатарлау тәсілі
қолданылады.

6.

7.

ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ
1 – тапсырма: Шариктің диаметрін өлшеу
1.Астаушаға шариктердің бірнешеуін
салыңдар да, оның екі жағындағы
жылжымалы тиекті қозғай
отырып, оларды бір-біріне
түйістіріңдер. Сызғышпен екі
тиектің L ара қашықтығын өлшеп
алыңдар. Оны бастаушадағы
шариктердің N санына бөліп, бір
шариктің диаметрін анықтаңдар:
2.Ұсақ денелердің өлшемдерін
анықтайтын мұндай тәсіл
қатарлау тәсіл деп аталады.
Қатарлау тәсілмен жоғарыда
аталған басқа да материалдардың
өлшемдерін (диаметрлерін)
анықтауға болады.

8.

Өлшеу мен есептеу нәтижелерін мына кестеге жазыңдар:
Зерттелетін Қатардағы
дене
бөлшектің
саны (N)
Қатардың
ұзындығы
(L, мм)
Диаметр
(d, мм)
Диаметрді
өлшеу
қателігі
(,мм)

9.

2 – тапсырма
Бұранда қадамын өлшеу
1.Бұранда қадамы деп қатар
жатқан орам оймасының ара
қашықтығын айтады.
Бұранда қадамы өте аз шама
болуы да мүмкін. Сондақтан
оны анықтау үшін де
қатарлау тәсілі
қолданылады.
2Бұранданың немесе
бұрандашегінің орам
оймалары орналасқан
бөлігінің L ұзындығын
сызғышпен өлшеп алыңдар.
Одан кейін оймалардың N
орам санын мұқият санап
шығыңдар.

10.

3.Бұранда қадамын анықтауда (әсіресе, оймасы ішкі жағында болатын
гайкалар үшін) бұранда оймасының бедерін қағаз бетіне түсіріп алып
өлшеу ұтымды болады. Л үшін бұранда оймасы орналасқан бетті сия
немесе жұмсақ графикпен (қарындашпен) бояп алу керек.
Өлшеулер мен есептеулердің нәтижелерін мына кестеге
Зерттелетін
дене
Орам саны
(N)
Қорытынды жаз
Ойма
ұзындығы
(L, мм)
Бұранда
қадамы
(d, мм)
Бұранда
қадамын
өлшеу қателігі
(,мм)
English     Русский Rules