Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Экологиялық
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР 1. Абишева Т.О., Биогеография негіздері: оқулық. 2016.-284 б 2. Второв П.П., Дроздов Н.Н., Биогеография, М.:
Сабақтың сауалнамасы
1.15M
Category: geographygeography

Тема 4

1. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Экологиялық

биогеография
ТАҚЫРЫП №4 Ареалдар туралы ұғым
Мамандығы: 5В060800 – Экология
Авторы: ботаника кафедрасының аға оқытушысы
Сабақ түрі: дәріс
Қарағанды 2018
Кейкин Е.Қ

2.

Тақырып №4 Ареалдар туралы ұғым.
Дәріс жоспары:
1 Ареалдардың кеңістікте және уақытта өзгеруі.
2. Тірі ағзалардың таралу түрлері, әсер етуші факторлар.
3. Жануарлар миграциясы туралы кеңірек түсіндіріп бер.
4. Географиялық оңтайлау ережесі.
5. Түрдің пайда болу және таралу орталығы.
6. Флора және фауна туралы ұғым.

3.

4.

Ареал туралы ұғым
Ареал — (лат. area – алаң, кеңістік) – өсімдіктер мен жануарлар түрінің,
туысының, тұқымдасының құрлықта не судағы таралған аймағы; берілген
таксон таралып және оның дамуынын толық циклі өтетеін жердің немесе
теңіздің беті (түр, топ, қатар және т.б.). Ареал онда ағзалар соның бойымен
немесе бірқалыпты орналасса ол тұтас болады, егер ағзалардың таралуы екі
немесе бірнеше бір-бірінен оқшауланған аймақтармен шектелсе онда
бөлінген болады. Ареалдар космополитті олар жер шарының көптеген
аумағын алып жатыр. Өсімдіктердің эндемикалық түрлері осыларға қарама
кайшы келетін жіңішке ареалдар бөледі; жер бетінде қандай да бір табиғи
құбылыстың (жануарлар, өсімдіктер, пайдалы қазбалар түрлері және тағы
да басқалары) таралған атырабы; физикалық және қоғамдық географияда
қолданылатын ұғым. Мысалы, биогеографияда Ареал — тірі организм
топтарының (түрдің, туыстың және тағы да басқалары), экономикалық
географияда — әр ауыл шаруашылығы да немесе өнеркәсіп саласының
таралған атырабы және тағы да басқалары.

5.

Ол кез келген тіршілік
иелерінің морфологиялық және экологиялық сипаттамаларының бірі болып
табылады. Ареалдың мынадай түрлері бар: бастапқы Ареал – бір түрдің ең
алғаш ерекше қалыптасқан аймағы. Бұл түрдің дәуірлеп, жаңа аймақтарда
таралуы арқасында ол кеңейеді, ал азайып, жойылуы нәтижесінде
тарылады; тұтас Ареал – бір түрдің тіршілік етуіне қолайлы мекендерге
таралуы; үзілмелі (дезъюнктивті) Ареал – өсімдіктердің тұқым алмасуы, ал
жануарлардың қоныс аударуы арқылы бір-біріне қатынаса алмайтындай,
шалғай орналасқан аймағы (мыс., көгілдір сауысқан Пиреней түбегінде де,
Қиыр Шығыста да тіршілік етеді); реликті Ареал – ертеде кең таралған
түрлердің кейін әр түрлі себептермен тіршілік ету аймағы тарылып, шағын
аумақтарда сақталып қалуы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін жалғыз түр –
гинко ағашының сақталуы);

6.

Ареалдардың типтерге бөлінуі
Өзінің сипатына қарай ареалдың бірнеше түрі бар :
1.Космополитті ареал
2.Циркумконтиненттік ареал
3.Циркуммұхиттық ареал
4.Эндемикті ареал
5.Викарилік немесе орын басу ареалы
6.Дизъюнктивтік немесе бөлініп – біріктірілген ареалдардың
типтері.

7.

Космополитті ареал
Космополитті Ареал– кейбір өсімдіктер мен жануарлардың жер шарына
жаппай таралуы (мыс., үй шыбыны, су егеуқұйрығы, т.б.); эндемикті Ареал –
өсімдіктер мен жануарлардың шектеулі аймақтарды ғана мекендеуі
[мыс., Жетісу аяқты балығы Жетісу (Жоңғар) Алатауының 1800 – 2500 м
биіктіктегі бұлақтарында ғана кездеседі]. Қазіргі кезде көптеген тіршілік
иелерінің Ареалдары адамның әр түрлі әрекеттерінің (тың жерлерді
егістікке айналдыру, ормандарды кесу, шөлді жерлерді суландыру,
батпақтарды құрғату, т.б.) нәтижесінде өзгеріске ұшырауда. Нақтылы
Ареалдың сипаттамасы картаға түсіру арқылы анықталады. Ареал
карталары ғылыми, денсаулық сақтау, шаруашылық мақсатта кеңінен
қолданылады

8.

Циркумконтинеттік және циркуммұхиттық
ареалдар
Циркумконтиненттік және Циркуммұхиттық ареалдар - бұл
ареалдарда, жалпы жердің немесе мұхиттың аумағына қарамастан,
әлдебір ендік бойынша шектеулер болады. Солтүстіктен
оңтүстікке қарай қозғала отырып 4 аумақты ерекшелеуге болады :
- Циркумполярлық бореалды ареал ;
-Циркумконтиненттік солтүстік жартышардың ареалы қоңыржай
ендігін алып жатыр;
-Циркумконтиненттік оңтүстік ареал.
-Циркумконтиненттік және Циркуммұхиттық ареал

9.

Циркумконтинеттік және циркуммұхиттық
ареалдар
1) циркумполярлы бореальды ареалдар, Солтүстік поляр шеңберіне жақын
территорияларды немесе жерді, теңізді қамтитын ареалдар. Көбінде
ареалдардың бұл типін арктикалық шөлддерді, тундра мен орманды
тундраларды қамтитын циркумполярлы ареалдар және тайга зона
тармағын қамтитын бореальды ареалдарға бөлуге болады (мысалы, кейбір
тюленьдер);
2) солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінің циркумконтинентальдыареалдары(өсімдіктерден қарақат, сарғалдақтар
тұқымдасының ареалдары);
3) пантропикалықареалдар көбінесе тұқымды өсімдіктердің туыстары
мен тұқымдастарының арасында кездеседі: аканталар тұқымдасының
шөптесін, жартылай бұталы және бұталы өсімдіктері, пальмалар мен
хибискус туысының туыстары. Көптеген пантропикалық түрлер адам
әрекеті арқылы таралған өсімдіктер.
4) циркумконтинентальды оңтүстікареалдар, үзілген, орман
жапырақтары астында тіршілік ететін омыртқасыздардың, яғни
архаикалық түрлерден тұратын алғашқы трахеялылар, онихофорлар және
тең аяқты шаянтәрізділердің аздаған ғана ареалдары болып табылады.

10.

Викарилік немесе орын басу ареалы

11.

Дизъюнктивтік ареалдар
Дизъюнктивтік немесе бөлініп – біріктірілген ареалдар Дизъюнктивтік
ареалдар өз арасында гомогенді және гетерогенді бөліктерге бөлінеді.
Гомогенді бөлікті ареалдар гетерогенді дизъюнкциялы ареалдардан жас әрі
қарапайым болады. Бірақ дизъюнкция себептері әртүрлі болуы мүмкін
және мұнда талдауда қателеспеу маңызды. Климаттық дизъюнкциялар өте
жиі кездеседі. Олардың түрлену модельдер көп болуы мүмкін. Мысалы бір
түр өзі үшін қолайлы кезеңде кең тарала алады. Кең таралған ареал
аймағында біртіндеп ауа – райы өзгереді және бөлек аймақтарда осы
тұқымның өзіндік түрлері туындайды, ал осы тұқымның өкілдері үшін
қолайсыз ауа райы туындаған басқа жерлерде оның өкілдері жойылып
кетеді. Континентаралық дизъюнкция көбіне, жаһандық тектоника
механизмімен түсіндіріледі. Осындай түсіндірме хронологиялық
қиындықтарға әкеледі : Лавразия мен Гондвананың құлдырауы
дизъюнктивті ареалдары бар қазіргі түрлердің пайда болуынан бұрын
басталған. Дегенмен, бастапқы түрдегі ареалдардың үзілуі кейінгі
ареалдардың дизюъюнкциясына әкелуі мүмкін.

12.

Дизъюнктивтік ареалдар

13.

Мәдени өсімдіктердің қалыптасу
орталықтары

14.

15.

Географиялық ареал
Географиялық ареал (түрдің, туыстың, тұқымдастың және т.б.)
таксономиялық бірліктердің – жер бетінде таралған аумағы. Бұндай
ареалдар қарастырылып отырған ағзалар нақты кездесетін көптеген ұсақ,
территориялық жағынан жақын орналасқан аймақтардан тұрады. Ареал
туралы түсінік қалыптастыру үшін ең алдымен осы аймақтарға нақты
сипаттама беріп алу керек.

16.

17.

Палеоэндемиктік ареалдар
Палеоэндемиктік (реликт немесе консервативті эндемиктер) ареалдар.
Палеоэндемиктер ежелгі формалар, олардың ареалдары алғашында өте үлкен
болады, климат жағдайларының өзгеруі немесе бейімделушіліктері жоғары
түрлермен бәсекелесу нәтижесінде ареалдары қысқарып қалады. Бұндай
түрлер архаикалық сипаттарға ие болады, жануарлар жүйесінде ерекше орын
алады және бәсекелестік төмен ортаға ығыстырылып шығарылып
тасталынады. Олардың тіршілік ету жағдайлары сенімді емес және адам
әрекеті мен интродукцияланған түрлердің әсерінен құрып кету жағдайына
жеткен.
Ұзақ уақыт бойында оқшаулану жағдайында болған материктік
аралдар консервативтік эндемизмтерриторияларынқалыптастырады.Бұның
жақсы мысалы болыпАвстралия, Жаңа Зеландия, Гавай, Мадагаскар, Канар
аралдары табылады. Крісінше, жаңадан пайда болған және құрылықпен
ешқашан байланыспаған мұхиттық аралдар үшін эндемизм тән емес,
мысалы, Полинезия, Мальдив аралдары. Ал, Британ аралдарына
бірқатар неоэндемиктер тіршілік етуі мүмкін.

18.

Неооэндемиктік ареалдар
Неоэндемиктік ареалдар. Неоэндемиктерді жас немесе прогрессивті
эндемиктер деп те атайды, неоэндемиктер салыстырмалы түрде ата-аналық
формаларынан аздаған ғана екінші реттік белгілері арқылы түр тармағына
ажыратылатын түрлер, «микроэндемик» термині осыған орай шыққан. Олар
эволюциалық дамып келе жатқан туыстарға жатады. Бұл жаңа формалардың
сақталып және дамуына генетикалық немесе географиялық кедергілер ықпал
етеді. Неоэндемиктік ареалдардың пайда болу себептері осыған байланысты.
Мысалы, Британия мен Орталық Европада көлдерінде тіршілік ететін
сигиларды айтуға болады, олар екі көлде екі бөлек формалар түрінде тіршілік
етеді. Шамалы түрде жақын геологиялық уақыт аралығында оқшауланған
Британ аралдарында жер бетінде тіршілік ететін омыртқалардың арасында
неоэндемитердің пайыздық саны жоғары, мысалы осы аралдарда тіршілік
етеін тиін мен жертесерлердің жүнінің түсі құрылықтағы тиіндер мен
жертесерлерден ашық түсті болып келеді. Ал құстар құрылық құстарына
қарағанда ерекше расалары арқылы ажыратылады ирландия сары шымшығы,
шотландия қайшы ауыз торғайы.

19.

Реликті ареалдар
Реликті эндемиктерареалдары тау қыраттарыныңықпалынан пайда болуы
мүмкін. Мысалы үштік дәуірде барлық құрылықтарда жақсы таралған гинкго
қазір тек ішкі Қытайдың таулы аймақтарында ғана кездеседі. Бұрын
Европада өсетін секвоя қазір тек Солтүстік Американың калифорниялық
жағалауындағы тау қыраттарында ғана кездеседі.

20. НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР 1. Абишева Т.О., Биогеография негіздері: оқулық. 2016.-284 б 2. Второв П.П., Дроздов Н.Н., Биогеография, М.:

Владос-пресс, 2001г.
3. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Криволуцкий Д.А., Мяло Е.Г., Биогеография с
основами экологии, М.: Изд-во Моск. ун-та, 2003.-407 с
4. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М., 1997.
5. Жанғожина Г.М., Биогеография экология негіздерімен: оқу құралы. 2006.-84 б
6. Шілдебаев Ж.Б., Биогеография: оқулық. 2012.-368 б
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
1. Гаверман А.В. Биогеография: Краткий конспект лекций / Гаверман А.В.. - Калинин:
Изд-во Калинин.ун-та, 1974. - 316 с.: ил.
2. Грин Н, Стаут У, Тейлор Д. Биология: в 3-х т. Т.1 – М: Мир, 1990. – 368с.
3. Грин Н, Стаут У, Тейлор Д. Биология: в 3-х т. Т.2 – М: Мир, 1990. – 325с.
4. Красная книга Казахской ССР. Т1. Животные.-Алма-Ата. 1991.-560 с
МЕРЗІМДІК ӘДЕБИЕТТЕР (БАСЫЛЫМДАР)
1. ҚарМУ хабаршысы. Биология, медицина және география сериясы

21.

Көрші жатқан екі ареалдың бір-бірінің орын басуы:
A) Викарилік +
B) Космополиттік
C) Географиялық
D) Дизъюнктивтік
E) Жергілікті
F) экологиялық

22. Сабақтың сауалнамасы

1. Ареал ұғымын түсіндіріп бер.
2. Географиялық ареал дегеніміз.
3. Палеоэндемиктер ежелгі формалар.
4. Дизъюнктивтік немесе бөлініп – біріктірілген
ареалдар туралы не түсіндің.
5. Циркумполярлы бореальды ареалдар.
6.Викарилік немесе орын басу ареалы.
English     Русский Rules