Дискурс стратегиялары/максималары
Сабақ жоспары:
Пол Грайс. Ынтымақтасу принципі
Пол Грайстың 4 негізгі максимасы
Максиманы ‘байқамай’ бұзу
Максиманы ашық түрде ұстанбау
Максималардың әмбебаптығы туралы
Практикалық тапсырма
Тапсырма № 1
Сіздің пікіріңізше, 2-сөйлеуші не айтқысы келді? Әр диалогқа прагматикалық перифраза жасап, мағынасы туралы пікір білдіріңіз.
Келесі сөйлемдер жауап болуы мүмкін
Сөйлемдерге түсініктеме
Егер қосымша ақпарат берілсе, 1-сөйлеуші 2-сөйлеушінің жауабын қалай түсінер еді деп ойлайсыз?
Әйгерім, Әлібек, Ерғанат, Тина, және Ерланның жауабына назар аударыңыз. 2-сөйлеушінің жауабы өзгеріссіз, бірақ тұтас
Тапсырманың жалғасы
Келесі сөйлемдер жауап болуы мүмкін:
Тапсырма № 2
Дерекөздер
59.33K
Category: philosophyphilosophy

Дискурс стратегиялары/максималары. 2-апта

1. Дискурс стратегиялары/максималары

2-апта

2. Сабақ жоспары:

1 Пол Грайстың максималарын талқылау.
2 Практикалық тапсырмаларды орындау.
3 Сұрақ-жауап

3. Пол Грайс. Ынтымақтасу принципі

Айтылған ойды түсіну мәселесімен философ Пол
Грайс айналысқан. Грайстың пікірінше, әңгіме барысында
барлық сөйлеушілер ұлтына қарамастан негізгі принципті
ұстануы керек. Ол негізгі принцип - ынтымақтасу
принципі. Әңгіме барысында қатысушылар бір-бірімен
ынтымақтасады.
Грайс ынтымақтасу принципін төрт негізгі
максимаға бөлген, себебі 4 максима сөйлеушілердің
әңгімені дұрыс бағытта өрбітуге септігін тигізеді.

4. Пол Грайстың 4 негізгі максимасы

1 Ақпараттың орындылығы/RELEVANCE: Айтылған сөз/ой жүріп
жатқан әңгімеге орынды болуға тиіс.
2 Ақпараттың сапалылығы/QUALITY: Жалған немесе дәлелсіз
ақпарат айтпау.
3 Ақпараттың көлемі/QUANTITY: Айтатын сөзде ақпарат
жеткілікті болсын, бірақ қажет мөлшерден асыра ақпарат керек
емес.
4 Ақпараттың айқындығы/CLARITY/MANNER: Айтар сөзді
түсінуге қиын қылмас үшін ашық, жүйелі сөйлеу керек.

5. Максиманы ‘байқамай’ бұзу

Грайстың пікірінше, адамдар сөйлеген кезде барлық максималарды
қолданбайды. Ол максиманы ‘байқамай’ бұзу/quietly violating a
maxim және максиманы ашық түрде ұстанбау/openly flouting a
maxim деп екі түрге бөліп, айырмашылығын көрсетеді.
Максиманы ‘байқамай’ бұзу деген – сөйлеушінің сөйлеу барысында
қасақана алдағаны не жеткіліксіз ақпаратпен қамтамасыз еткені, не
екіұшты болғаны, орынсыз не түсінуге қиын ақпарат айтқаны анық
байқалмайды. Грайстың талдауларында максималардың бұзылуы
сәтті сөйлесуге кедергі жасайды, бірақ импликатураға әкелмейді.

6. Максиманы ашық түрде ұстанбау

Ал максиманы ашық түрде ұстанбаған жағдайда
импликатура пайда болады. Дәлірек айтқанда, сөйлеу
барысында сөйлеушінің қасақана және ашық түрде бір
не одан да көп максиманы қолданбағаны тыңдаушыға
анық көрінеді. Ол - максиманы ашық түрде
ұстанбау/openly flouting a maxim деп аталады.

7. Максималардың әмбебаптығы туралы

Д.Хаймс максималардың әмбебаптығы туралы
идеяны сынап, әр қоғамда ақпараттың көлемі,
сапасы, өзектілігі және анықтығы туралы өзіндік
ерекшеліктері болады деген (Гаймс 1986, 73-бет).
Сондықтан бұл максималар көптеген мәдениеттерде
жүйелі түрде бұзылады. Бұл пікір П.Грайстың
теориясы жарыққа шыққаннан бері көптеген
мәдениетаралық зерттеулерде дәлелденген.

8. Практикалық тапсырма

Таңдаған шығарма негізінде максималарды анықтап,
пікіріңізді дәлелдеңіз.

9. Тапсырма № 1

Сіздің пікіріңізше, 2-сөйлеуші не айтқысы келді? Әр диалогқа
прагматикалық перифраза жасап, мағынасы туралы пікір
білдіріңіз. 2-сөйлеушінің сөзінде қандай максима жетіспейді? Егер
2-сөйлеуші жауабында «жоқтың» орнына «иә» деп жауап берсе
қандай ым-ишарат, бет қимылын, дауыс ырғағын қолданар еді?
- Саған менің жаңа қалпағым ұнай ма?
- Қызғылт екен.
- Кофе?
- Түні бойы ұйықтатпайтын шығар.

10. Сіздің пікіріңізше, 2-сөйлеуші не айтқысы келді? Әр диалогқа прагматикалық перифраза жасап, мағынасы туралы пікір білдіріңіз.

2-сөйлеушінің сөзінде қандай максима жетіспейді? Егер
2-сөйлеуші жауабында «жоқтың» орнына «иә» деп жауап берсе
қандай ым-ишарат, бет қимылын, дауыс ырғағын қолданар еді?
- Студенттердің курсты бағалау формасы мен кітаптар тізімін
оқуды бітірдіңіз бе?
- Мен кітаптар тізімін бітірдім.
- Айжан ұйымдастырып жатқан барбекюға барасың ба?
- Мәссаған, Айжанның қазір бірнеше иті бар.
- Десерт тәтті болды ма?
- Гүлжан, шие бәліші - ол шие бәліші.

11. Келесі сөйлемдер жауап болуы мүмкін

A Сенің қалпағың маған ұнамады.
B Мен кофе ішпеймін.
C Бағалау формасын бітірмедім.
D Айжан ұйымдастырып жатқан
ойламаймын.
E Жоқ, десерт тым қызықсыз болды.
барбекюға
барам
деп

12. Сөйлемдерге түсініктеме

«Жоқ» деп айтудың көп түрі бар.
«Сізге менің жаңа қалпағым ұнады ма? Ашық түсті екен»
жауабында қалпақ ұнамады, ал «Десерт тәтті болды ма?» сұрағына
«Гүлжан, шие бәліші - ол шие бәліші’ жауабы, бәліш ұнады деп
үзілді-кесілді айту мүмкін емес.
Демек, импликатураларда ой ашық, тура айтылмайды.

13. Егер қосымша ақпарат берілсе, 1-сөйлеуші 2-сөйлеушінің жауабын қалай түсінер еді деп ойлайсыз?

Әйгерім қызғылт Әлияның сүйікті
- Саған менің жаңа қалпағым ұнай ма?
түсі екенін біледі.
- Қызғылт екен.
- Кофе?
- Түні бойы ұйықтатпайтын шығар.
- Десерт тәтті болды ма?
- Гүлжан, шие бәліші - ол шие бәліші.
- Студенттердің курсты бағалау формасы мен
кітаптар тізімін оқуды бітірдіңіз бе?
- Мен кітаптар тізімін бітірдім.
Маржан
Әлібектің
түні
бойы
ұйықтамай
емтиханға
дайындалатынын жақсы біледі.
Әлім шие бәлішін жақсы көреді.
Және Гүлжан шие бәліші үнемі тәтті
шығатынын біледі.
***Екі
жаққа
сай
келетін
- Айжан ұйымдастырып жатқан барбекюға импликатура болу үшін сөйлеуші мен
тыңдаушының екеуі бірдей білетін
барасың ба?
ортақ білім қажет.
- Мәссаған, Айжанның қазір бірнеше иті бар.

14. Әйгерім, Әлібек, Ерғанат, Тина, және Ерланның жауабына назар аударыңыз. 2-сөйлеушінің жауабы өзгеріссіз, бірақ тұтас

микродиалогтың мағынасы өзгерді ме әлде жоқ па? Әр
диалогтағы 2-сөйлеушінің жауабына прагматикалық перифраза
жасаңыз.
a) Әлия: мына сиырдың етінен дәм татыңыз.
Әйгерім: Қызғылт екен.
b) Маржан: Кеше біз The Omen қойылымын көруге бардық, бірақ
ол сондай қорқынышыты болмады.
Әлібек: Түнімен ұйқы бермейді.

15. Тапсырманың жалғасы

c) Жанар: Сен өзіңе ризасың ғой.
Ерғанат: Мен кітаптар тізімін бітірдім.
d) Айбек: Оның бау-бақшасы сұмдық жаман, лас.
Тина: Мәссаған! Айжанның қазір иттері бар.
e) Гүлжан: Бәліш сенің көңіліңді көтереді деп ойладым.
Ерлан: Гүлжан, шие бәліші – ол шие бәліші.

16. Келесі сөйлемдер жауап болуы мүмкін:

a) ‘Мен қазір сиырдың етін жеп отырған жоқпын’.
b) ‘Меніңше, The Omen қойылымы қорқынышты’.
c) ‘Менің өзіме ризамын, себебі кітаптар тізімін жасап болдым’.
d) ‘Айжанның иттері бау-бақшаны бүлдірді’.
e) ‘Менің көңілімді көтеру үшін шие бәлішінен де артық нәрсе
керек’.
***Алдыңғы тапсырмадан алынған әр микродиалогтағы екінші сөйлеушінің жауабы мүлде
басқа импликатура береді.

17. Тапсырма № 2

Ұнайтын сұқбатты алып, максималардың қайсысы бар, қайсысы
жоқ екенін анықтаңыз. Жауабыңызды дәлелдеңіз.

18. Дерекөздер

Pragmatics. Jean Stillwell Peccei. Language workbook.
English     Русский Rules