Similar presentations:
Философияның пәні мен әдіснамасы. 2-тақырып
1. 2-тақырып. Философияның пәні мен әдіснамасы
2. Дәріс жоспары
1) Әлемнің мифтік, діни және философиялық бейнелері2) Философияның пәні, негізгі салалары, қызметтері мен әдістері
3) Философия тарихына қысқаша шолу
3. Дүниеге көзқарастың тарихи түрлері
Дүниеге көзқарас – айнала қоршаған орта,бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы
адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы
туралы көзқарастардың, пікірлер мен
түсініктердің жиынтығы
Миф
Дін
ҚИЯЛ
СЕНІМ
Философия
Дүниеге көзқарастын тарихи түрлері синкреттілік
сипатына ие
КҮМӘН
4. Миф. Мифология
С. Қондыбайдың мифтерді зерттеуге қатысты“Қазақ мифологиясына кіріспе” (1997), “Арғықазақ
мифологиясы” (2004) атты іргелі еңбектері мен
бірқатар мақалалары бар
Серікбол Қондыбай
(1968-2004)
Миф – ерте замандағы адамдардың өзі туралы,
қоршаған ортасы, жалпы ғалам туралы, олардың орны
мен реті, өзара байланысы, пайда болуы мен жоқ болуы
туралы түсінігі
“Миф дегеніміз не?” мақаласынан
Миф – ойдан шығарылған өтірік, жасанды дүние емес, нақты халықтың дүние
мен өзі туралы Шындығы, басқаша айтқанда – "шын” деп есептелінген,
тарихи, рухани тәжірибесіне сүйенген стереотиптік деңгейдегі Ақиқаты
“Мифке оралу” мақаласынан
5. Мифтік сана алғашқы қауымдық кезеңге ғана тән бе, әлде, адаммен бірге жасайтын сана ма? Мифтің құдыретті күші бар ма? “Қиялдағы
тәртіп” деген не?Адамзаттың ірі қауымдары қалайша “қиялдағы тәртіптің”
арқасында өмір сүре алады?
“Қиялдағы тәртіптің” “интерсубъективтігі” деген не?
Юваль Хараридің
«Sapiens: адамзаттың
қысқаша тарихы»
кітабы,
2011 жыл
Хаммурапи заңдары
жазылған сынтас. Шамамен
б.з.д. 1776 жылдар
«Америка Құрама Штаттарының
Тәуелсіздік декларациясы»
4 шілде, 1776 жыл
6. Мифтердің жіктелуі
І. Космогониялық мифтер – әлемнің, ғарыштың шығу тегі жайындағы мифтерІІ. Антропогондық-генеологиялық мифтер – адамдардың, этностардың, халықтар мен
нәсілдердің шығу тегі жайлы мифтер
ІІІ. Этиологиялық мифтер – табиғат құбылыстарын, аңдардың, құстардың және өсімдіктердің
шығу тегі мен айрықша ерекшеліктерін түсіндіретін мифтер
ІV. Эсхатологиялық мифтер – ақырзаман туралы, тіршіліктің тоқтауы немесе жойылып
барып, қайта тууы туралы мифтер
V. Қаһармандар туралы мифтер – ғажайып құдірет-күш, ептілік пен батылдық дарыған
қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған мифтер
7. Дүниеге көзқарастың тарихи түрі: ДІН
Жер жүзіне қарасам,Неше түрлі халық бар,
Дін, иманын санасам,
Мыңнан артық анық бар.
Бұл қалай деп ойласам.
Мұның да бір сыры бар,
Терең ойға бойласам,
Дәл мынадай түрі бар:
Жардың шашы сансыз көп
Ол санауға келмей тұр.
Анық нұры осы деп,
Әркім бір тал ұстап жүр.
Біреу отқа жағынды,
Нұрдың түбі құдай деп.
He суретке табынды,
Олай емес, былай деп.
Бірі: «құдай бір десе»,
Бірі айтады: «көп құдай».
Бірі: «тәңірі - Күн» десе,
Бірі дейді: «жоқ құдай».
Міне, осыдан байқалды,Бәрі іздеп жүр иесін.
Шәкәрім
Дүниеге көзқарастың тарихи түрі: ДІН
Дін дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен
нанымын, моралі мен дүниетанымын белгілейтін,
қадірлейтін және тәуап ететін қасиетті орыны бар, киелі
кітабы, қастерлі кісілері (пайғамбары) бар, түрлі
культтардан тұратын, табиғаттан тысқары немесе
трансцентальды құдіретке, рухани белгі-түсініктерге
сиынатын дүниетаным формасы, о дүние секілді басқа
тылсым өмірді бар деп есептейтін мистикалық түсінік
жүйесі
“Дін” латынның
“religare” –
“байланыс”
деген сөзі
8. Діндердің жіктелуі
1) Алғашқы діни наным-сенімдер (анимизм, тотемизм, фетишизм, шаманизм,магия)
2) Ертедегі мемлекеттік діндер (Ертедегі Мысыр, Вавилон, Грек, Рим және т.б.
мемлекеттердің діни жүйесі)
3) Ұлттық діндер (брахманизм, индуизм, даосизм, конфуцийшілдік, иудаизм
және т.б.)
4) Әлемдік діндер (буддизм, христиан, ислам)
5) Дәстүрлі діндер және қазіргі дәстүрлі емес діндер
Діни ұйымдардың формалары:
А) Ғибадатхана (шіркеу, мешіт, сангха...)
Ә) Деноминация
Б) Секта
9. Философияның негізгі салалары:
• Онтология – болмыс туралы ілім• Гносеология – таным туралы ілім
• Логика – дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ілім
• Әлеуметтік философия – қоғам дамуының заңдылығы туралы ілім
• Аксиология – құндылықтар туралы ілім
• Философиялық антропология – адам және оның мәні мен өмір сүру
қалпы туралы ілім
• Этика – адамгершілік қағидалары туралы ілім
• Эстетика – әсемдік туралы ілім
және тағы да басқалары бар
10. Философияның негізгі қызметтері:
КөзқарастықТанымдық
Әдістемелік
Аксиологиялық
Идеологиялық
Футурологиялық
және тағы да басқа
11. Философияның басты әдістері:
• Диалектика• Метафизика
• Софистика
• Герменевтика
• Феноменология
• Эклектика
• Эмпиризм
және тағы да басқа
12. Философиядағы негізгі бағыттар:
• Объективті идеализмИдеализм
• Субъективті идеализм
• Стихиялы материализм
Материализм
• Диалектикалық материализм
13. Философиядағы негізгі көзқарастар:
Монизм• Дүниенің бір ғана
субстанциясын
мойындайтын
көзқарас
Дуализм
• Дүние субстанциясы
екеу, олар бір-біріне
тәуелсіз деп
санайтын көзқарас
Плюрализм
• Көптеген
субстанциялардың
болуын
мойындайтын
көзқарас
14.
Философияның негізгі даму кезеңдері:Көне Үнді философиясы
• Веда (санскр. «білім») - б.з.д. II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Үнді
елінің әдеби ескерткіштері. Ведалар Құдайлар туралы әнұрандардан,
дұғалардан, құрбандық шалу рәсімдерінен тұрады.
• Ведаларды мойындауға және мойындамауға байланысты Көне Үнді
философиясы астикалық (ортодоксальды) және настикалық (ортодоксальды
емес) ілімдер болып екіге бөлінеді
Астикалық ілімдер: Санкхья, Миманса, Йога, Ньяя, Вайшешика және
Веданта
Настикалық ілімдер: Жайнизм, Буддизм және Чарвака-локаята
15.
Жайнизм - б.з.д.V ғ., негізін қалаған МахавираДжина, адамның жаны мен тәні арасындағы күресте
жанның женімпаз болуын насихаттайтын ілім
Настикалық
ілімдер
Буддизм – б.з.д. VIғ., негізін қалаған Сидхартха
Гаутама, өмірдің азап екенін, азаптан құтылудың
жолдарын ұсынатын ілім
Чарвака-локаята – б.з.д.VII – VI ғ.ғ., негізін қалаған
Брихаспати (Чарвак), Көне Үнді философиясындағы
әлемнің материалдық негіздерден пайда болғаны
туралы идеяны ұсынған ілім
16. Ежелгі Қытай философиясының негізгі ілімдері:
ДаосизмБ.з.д. VI-V ғғ. қалыптасқан; негізін қалаған – Лао цзы; «Даодэ-цзин» кітабында дүниенің қарама-қайшылықтардан
тұратындығы және қарама-қайшылықтардың күресі мен
үйлесімділігі жайындағы философиялық ойлар жазылған
Конфуций ілімі
Б.з.д. VI-V ғғ. қалыптасқан; негізін қалаған – Конфуций
(Кун-фу-Цзы); ілімдерінің жинағы – «Лунь-юй», адам мен
адам, адам мен қоғам арасын реттейтін этикалықморальдық ілім
Легизм (Фа-цзя) ілімі
Б.з.д. V-ІV ғғ. қалыптасқан; негізін қалаған – Хань Фей-цзы;
мемлекетті дұрыс басқару (қатал заңдар арқылы) туралы
ойларға негізделген саяси-философиялық ілім
17. Антика философиясының кезеңдері
Сократқа дейінгінатурфилософиялық кезең
(б.з.д. VII-V ғ.ғ.)
Сократтық немесе
классикалық кезең
(б.з.д. V-IV ғ.ғ.)
Эллинистік немесе римдік
кезең
(бз.д. IV – б.з. V)
•Милеттік мектеп, Гераклит, элейлік мектеп,
пифагоршылдар, атомистер, софистер ілімі және
т.б.
•Сократ
•Платон
•Аристотель
•Киниктер, стоиктер, скептиктер, Лукреций Кар,
Сенека, Цицерон және т.б.
18. Классикалық грек философиясы
Классикалық грек философиясы Сократтан (б.з.д. 469399) бастау алады. Сократтың өзіне дейінгіойшылдардан ерекшелігі – философияны адамның
рухани дүниесін танып-білуге, түсінуге, жетілдіруге
бағыттауы
Сократтан жеткен сөздердің кейбірі:
«Өзіңді-өзің таны»
«Менің білетінім – ештеңе білмейтінім, басқалар мұны да білмейді»
«Мен тіршілік ету үшін тамақ ішемін, тамақ ішу үшін тіршілік етпеймін»
19. Платон (б.з.д. 427-347)
Платон – объективті идеализм ағымының негізін салушы.Оның ойынша, зат қалай болса солай, кездейсоқ пайда болған жоқ. Кез келген зат
– белгілі бір идеяның жүзеге асқан түрі. Идея заттан тумайды, зат идеядан туады.
Платон дүниені екіге бөледі. Біреуі – өне бойы өзгеріп жатқан бүгін бар, ертең жоқ
заттар дүниесі. Бұл дүние – өткінші, жалған. Екіншісі – ешқашан да өзгермейтін,
жетілген, мәңгілік идеялар дүниесі. Бұл – шынайы дүние
20.
Аристотель (б.з.д. 384-322)«Платон менің досым, бірақ ақиқат бәрінен де қымбат»
Платонға қарсы ойлары:
• Идея табиғаттан бұрын өмір сүретін бастау емес, материалдық заттардың
санадағы бейнесі
• Идея заттарға негізделгендіктен ешнәрсеге ұқсамайтын идея болмайды
• Идея өздігінен жүзеге аспайды
• Идея мәңгі өмір сүрмейді
Аристотель бойынша болмыстың төрт негізгі себебі:
1. Материалдық себеп (заттың неден пайда болатыны)
2. Қозғаушы себеп (заттың қалай пайда болатыны)
3. Формальдық себеп (заттың қандай болуы керектігі)
4. Мақсаттық себеп (заттың не үшін жасалғаны)
21. Қазақ философиясының кезеңдері:
• Қазақ философиясының бастаулары – Түркілік философия• Хандық кезең немесе жыраулар философиясы
• “Зар заман” және “Ағартушылық” философиясы
• ХХ ғ.басындағы әлеуметтік-саяси философия
• КСРО кезеңіндегі философия
• Тәуелсіздік кезеңіндегі философия