Similar presentations:
Прагматика ұғымы туралы
1.
Прагматика термині туралы- Прагматика жазбаша және ауызша дискурстың
контекстпен байланыстылығын зерттейтін сала.
- Прагматикада
сөйлеушілердің ортақ мүддесі мен
мақсаты
дискурсты
қалай
қалыптастыратыны
қарастырылады.
- - ақтау/келісу/нарызылық білдіру/көндіру/жөнге келтіру
мақал-мәтелдер, аңыздар, ертегілер прагматикада сөзге
әсер береді: қауіп-қатер төндіру, қолдау, негіздеу, т.б.
2. Прагматика пәні туралы
Кез келген адам тілді сөйлесу құралыретінде әртүрлі мақсатта пайдаланады,
мыс., жаңалықты хабарлау, адресатқа
нақты бір әрекет етуге түрткі болу, одан
бір нәрсе сұрау, сезімін білдіру, баға беру,
т.б. Тіл арқылы адам басқалармен қарымқатынасқа түседі, оның сәтті/сәтсіз болуы
мүмкін. Демек, тіл арқылы адам әлемнің
өзгеруіне, дамуына ықпал етеді, мыс.,
біреуге
үкім
шығарады,
келіссөзер
жүргізеді, заң қабылдайды/күшін жояды.
Демек,
тіл
іс-әрекет
тұрғысынан
қарастырылады (Ор.-қаз. түсінд. сөздік.
Лингв.). Тілдің коммуникативтік қызметі –
тілді қатынас мақсатында қолдану.
Прагматика термині грек тілінің ісәрекет сөзінен шыққан және «тілді ісәрекет жүзінде», демек, тілдің күнделікті
тіршілікке
қызмет
етуін
зерттеуге
бағытталады. Ч. Пирс және Ч. Моррис
прагматиканы ғылым ретінде белгілеген.
Совет лингвисті, фил.ғ.д.,проф. Ю.Д.
Апресян прагматикаға келесі анықтама
берген: «сөйлеушінің тілдік бірліктер
арқылы (лексема, аффикс, граммема,
синтаксистік
құрылым)
шындыққа,
ақпараттың мазмұнына, адресатқа деген
қарым-қатынасын түсінеміз» (Апресян,
1988).
3.
Контекстте прагматика прагматикалық функцияныатқарады – контекстте маркерлері болады. Мыс.,
аурудан сауығып келе жатқан науқасқа аман болсын деп
айтылады. Бұл фраза күрделі жұмысты атқарған не
маңызды кездесуі болған адамға (кей кезде реніш
білдіргенде) айтылып жатады. Егер біреу тамақ ішіп
жатса, не болмаса сіз болғанда басқалары әлі ас ішіп
жатса ас болсын делінеді. Біреу сыртта/іште жұмыс
істеп жатса жеңіл болсын делінеді.
4. Мәдениетаралық прагматика
Мәдениетаралық прагматика әртүрлі мәдениетөкілдерінің өзара әрекеттесуден туындаған
түсініспеушілік және т.б. мәселелерді зерттеумен
айналысады. Мыс., фильм «Мимино» (грузин
позовите Ларису Ивановну) – Ларису Ивановну
хочу (басқа мағына бергендіктен оған күледі).
5. Негізгі деректер
• Прагматика лингвистиканың бөлек саласы.• Халықаралық Прагматика Ассоциациясы
(IPrA)
1985
ж.
құрылған.
• Бастапқы конференциялар:
1985 ж. Виареджио
1987 ж. Антверпен
1990 ж. Барселона
1993 ж. Кобе қалаларында өткен.
• Прагматика Халықаралық журналы 1977 ж., және Pragmatics
Прагматика
1998:720).
журналы
1991
ж.
жариялана
бастады
(Mey,
6. Прагматиканың шығу тарихы туралы
• 19-ғ. тілдік зерттеулер тарихи-салыстырмалы лингвистикаға,дыбыстардың өзгеру заңдылығына, бұрынғы тілдерді
жаңғыртуға негізделген. Лингвисттер бөлек тілдерге және
олардың байланысын зерттеген. Демек, тілді қолданыста,
әлеуметтік пен коммуникативті тұрғыдан және тілдің
тыңдаушыларға әсерін зерттеуге мүмкіндік болмады. Әйтсе
де, философия, психология, социология, семиотика сынды
көршілес салаларда тіл интерактивті, коммуникативті
тұрғыдан қарастырылды.
• Ежелде тіл риторика/жеті өнер/грамматика/логика (өз пікірін
қорғау, әртүрлі әдіс арқылы сендіру үшін) бөлігі болған.
7.
• Прагматика саласы көпқырлы болғандықтан, оның біріздітарихын жазу мүмкін бе? 1996 ж. прагматика саласының
тарихы жоқ, сондықтан ғалымдар бұл саланың шегін
анықтау қажет (Biletzki 1996: 457-9).
• 1950–1960 жж. ауызекі тілді зерттеген философтар Дж.
Остин, Серль және Грайс прагматиканың алғашқы дамуына
көп ықпал еткен. Дж. Остинның пікірінше, тіл тек істің
қалып-күйін білдірмейді. Тіл ойды жеткізу құралы ғана
емес, тіл сөйлеуші бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу үшін
қажет, бір-біріне ықпал ету және әлемді өзгерту үшін қажет
(Nerlich 2010:193).
• 1970 – 1980 жж. лингвисттер кеңінен қызығушылық
танытты.
8. Прагматика термині туралы
• 19–20 ғ. басында прагматика термин ретінде қалыптаспаған,алайда ғалымдар тілді қолдану мәселесіне қызығушылық
таныта бастады.
• 20-ғ. бірінші жартысында «Прагматика» терминін ұсынған
алғашқы ғалымдар Чарльз Сандерс Пирс (1839-1914) және
Чарльз Моррис (1901-1979), бірақ сала ретінде 1970 жж.
қалыптаса бастады.
• Прагматизм терминінің негізін салушысы - америкалық
математик және философ Чарльз Пирс (1839-1914). Кейін,
Пирс прагматизм терминін прагматицизм терминіне
ауыстырды.
9.
Америкалық философ, семиотиканың негізін қалаушысыЧарльз Моррис (1901-1979) семиотиканың үш бөлігін
анықтаған: синтактика, семантика және прагматика.
Синтактика таңбаларды
және
байланысын зерттейді.
Семантика
олардың
бір-бірімен
таңба және олардың мағынасын зерттейді.
Прагматика таңбаларды сөйлеушімен байланыста зерттейді.
10.
• Морристіңпрагматика туралы түсінігі өте кең болды.
«Прагматика
таңбалардың
қызметінде
кездесетін
психологиялық, биологиялық, әлеуметтік құбылыстармен
байланысты» (Morris 1938: 108; Levinson 1983:2).
• Сондықтан, неміс философы Рудольф Карнап прагматиканың
аясын анықтай түсті:
егер тілді зерттеу барысында сөйлеушіге көп мән берілсе зерттеу
прагматика саласына жатады;
егер сөйлеуші назардан тыс қалып, сөз тіркестері мен олардың
мағынасы зерттелсе, зерттеу семантика саласына жатады;
егер сөз тіркестерінің сөйлемдегі байланысы зерттелсе, ол
синтаксис болады (Carnap 1938; Левинсон 1983:2-3).
11. Левинсонның пікірінше (1983: 3)
Карнаптың прагматика туралы анықтамасынан кейінғалымдар прагматиканың аясын шектеді. Оның аясына
дейктикалық элементтер (мен, сен, мынау, мұнда, анда,
т.б.) кірді. Сол элементтерді зерттеу үшін авторға
сілтеме жасалады.
12.
Англо-Америкалық прагматикаПрагматика
семантика,
синтаксис,
морфология,
фонология
салаларынан
өзіндік ерекшеліктері мен
мақсаты
бар
лингвистиканың
бөлек
саласы.
Континенттік
Еуропалық
прагматика
Прагматика лингвистиканың
бөлек саласы емес, алайда
тілді жалпы зерттеуде арнайы
концепцияны
құрайды.
Verschueren: прагматика тілді қолдануды не тілдік
құбылыстарды және олардың
ерекшеліктері
мен
қолданысын зерттейтін сала.
13. Екі мектепке қалыптасқан көзқарас
Mey(2001:6):
Прагматика
адамдардың қарым-қатынаста тілді
қалай қолданатынын зерттейді. [Sic.]
микропрагматика:
импликатура,
сөйлеу
конверсациялық анализ
Америкалық прагматика.
контекст,
актілері,
- Англо-
- макропрагматика: әдеби прагматика,
мәдениетаралық
прагматика,
прагматиканың әлеуметтік аспектілері
Континенттік
Еуропалық
прагматика.
Horn and Ward Handbook of
Pragmatics құралында прагматика
туралы еуропалық көзқарастан бас
тартып,
лингвистика
мен
философияға негізделген АнглоАмерикалық
прагматикаға
көңіл
бөлген (Horn and Ward 2004).
Huang (2007:5) прагматика туралы
оқулығында Англо-Америкалық
бағытты қолдайды. Оның пікірінше,
Континенттік Еуропалық бағыт тым
жалпы, сондықтан айырмашылықтар
анық емес.
14. Мысалдар
1) Әйелі күйеуіне:Мысалдар
- Сен бүгін тағы анамның сөзіне құлақ аспадың.
Күйеуі - ?!
Әйелі:
– Анам саған бақшаны суарсын деп еді, ал сен тыңдамадың.
Күйеуі:
– Олай емес. Ол маған бақшаны суарсын деп айтқан жоқ.
Әйелі:
– Ол саған өзімді нашар сезініп тұрмын, әлі бақшаны суару керек деп айтқан
екен...(К.Ф. Седов).
2) - Кешіріңіз, май қанша тұрады?
- Сенің не, көзің жоқ па?
15. Мысалдар
1-мысал: Джон тағы мысық алды ма? Сөйлемнің семантикасыбойынша Джонның үйінде мысық бар, бірақ ол тағы, қосымша
мысық алды. Ал прагматикалық жағынан тағы сөзіне екпін қойып
жоғары ырғықпен айтқанда Джонда мысық бар ғой, ол неге тағы
мысық алған деген мағына береді.
2-мысал: Джон да емтиханды тапсырды. Семантикалық тұрғыдан
Джон да емтиханнан өтті. Прагматикалық тұрғыдан емтихан оңай
болды деген мағынаны береді.
3-мысал: Жаңбыр жауып тұр. Сөйлем әртүрлі контекстте бірнеше
прагматикалық мағына береді: а) мен ешқайда бармаймын
(ұсыныстан бас тарту); ә)қолшатыр ал (кеңес); б) жаман ауа райы
(фактіні анықтау); в) сұрау интонациясымен (ақпарат сұрау).
16. Тапсырма. Мысалдарға назар аударып, контекстке қарай 5-6 мысал келтіріңіз.
17. Мысалдар
2) Сыграл в ящик/дуба дал/гикнул (Золотой теленок. И.Ильф и Е.Петров.)3) Корей аспиранты ғылыми жетекшісіне:
- Отырыңыз, сіздің жасыңызда отыру керек.
- Мені кім көресің? Мен саған қартпын ба?
- Біздің жақта үлкен адамдарды өте қатты сыйлайды.
4) Оқытушы төбелестен көзі көгерген оқушыға:
- Мақаланы оқыдың ба?
- Жоқ.
- Бәсе, көзіңнен көрініп тұр (көгерген көз емес көздің қимылынан).
18. Салыстырыңыз.
• Ол өзінен 10-ақ жасқа кіші қызға үйленді.• Ол өзінен бақандай 10 жасқа кіші қызға үйленді.
• Оны сен-ақ айтпай білеміз.
• Оны сенің арқанда білетін болдық.
Сөйлемнің екеуі де бір мәліметті береді, яғни семантикалық жағынан
ұқсас сөйлемдер, бірақ демеулік пен бақандай сөздері арқылы
ерекшеленеді.
19. Прагматика саласының болашағы
Соңғы екі оңжылдықта компьютер, интернет және ұялы телефонадамдардың бір-бірімен байланысу тәсілін түбегейлі өзгертті. Бұл
техникалық жаңалықтар ауызша мен жазбаша қарым-қатынастың
виртуалды әлем мен интернетке негізделген жаңа формаларын
әкелді: электрондық пошта хабарламалары мен қысқа мәтіндік
хабарламалардан бастап жазбаша чаттар, Skype сөйлесулер,
твиттер, веб-блогтар және әлеуметтік желілер. Соңғы жылдары
коммуникацияның осы жаңа түрлерін прагматика түрғысынан
зерттеу күрт өсті (Crystal 2008; Barnes 2006; Heyd 2008). Сонымен,
компьютерлік коммуникация прагматикасының болашақ әлеуеті
зор [].
20. Дереккөздер
Andreas H. Jucker Pragmatics in the history of linguisticthought.
lingvistics