Similar presentations:
Қазақстан тарихы. Кіріспе
1.
Қазақстан тарихы2.
КІРІСПЕҚазақстан тарихы –дүние жүзі тарихының
құрамдас бөлігі.
«Тарих» сөзі араб тілінен аударғанда әуелі
«уақытты анықтау» деген мағына берсе,
кейін «оқиғалар тізбегі» дегенді білдірген.
Ал көне грек тілінде « ἱστορία » – сұрастыру,
зерттеу ұғымынан пайда болған. Бұл сөз алғаш рет
тарихтың атасы атанған ежелгі грек ғалымы Геродот
(б.з.б. 484-425жж.) еңбектерінде қолданылған.
3.
Қосымша тарихи пәндер1. Археология- адамзаттың өткен тарихын
заттай деректер арқылы зерттейтін
ғылым(грек «архайос-ежелгі және «логос»ғылым) «күрекпен қаруланған тарих».
Еңбек құралдары жасалған заттардың
ерекшелігіне қарай археологтар
адамзат дамуын 3 дәуірлерге бөледі
Тас дәуірі
Қола дәуірі
Темір дәуірі
Археология атауын алғаш қолданған
ежелгі грек ғалымы Платон
4.
2. Антропология- адамдардың шығу тегін,дамуын зерттейтін ғылым.(грек «антропос»адам, «логос»- ғылым) Адам қаңқасын
зерттеу арқылы адамның дене бітімін,
сипатын және сыртқы биологиялық
қасиеттерін зерттейді.
Антропология
терминін
алғаш
антикалық ойшыл Аристотель (б.з.б
385-322 жж.) қолданған
Қазақ жерінде өмір сүрген байырғы
тайпалардың түр-тұлғасын зерттеген
қазақ ғалымы- Оразақ Сұмағұлов.
5.
3.Этнографияхалықтардың
шығу тегін, рулық тайпалық және
әлеуметтік
құрамын,
тұрмыстіршілігін, салт-санасын, әдетғұрып
ерекшелігін
зерттейтін
ғылым (грек «этнос»-ел,халық,
«графо»-жазамын немесе «логос»
зерттеймін).
4. Генеология- адамның шығу тегін
зерттейтін ғылым (грек генеологияшежіре).
Шежіре- ру, тайпа аттарынан бастап,
өздеріне дейінгі ата-бабалары туралы
мәліметтер жинау.
6.
Қоғамдық құрылыс сатыларыКапитализмқазіргі заманда
Социализмқазіргі заманда
Капитализм- жаңа заманда
Феодализм – орта ғасырларда
Құл иеленушілік құрылыс- қола және ерте темір дәуірлерінде
Алғашқы қауымдық құрылыс- тас дәуірінде
7.
Қазақстан тарихы кезеңдері1. Ежелгі Қазақстан тарихы- б.з.б. 2 млн 600 мың жыл-б.з. VІ ғасыр
2. Ортағасыр Қазақстан тарихы- VІ ғасыр-ХVІІ ғасыр
3. Жаңа заман Қазақстан тарихы- ХVІІІ ғасыр- ХХ ғасырдың басы
4. Қазіргі заман Қазақстан тарихы- ХХ ғасыр басы- бүгінгі күнге дейін
8.
Тас дәуіріПалеолит
(грек палеос-ежелгі, литос-тас)б.з.б. 2млн 600 мың ж- 12 мың
жылдық
Мезолит
( мезос–орта, литос –тас)б.з.б. 12-5 мың жылдық
Неолит
(неос-жаңа, литос- тас)б.з.б. 5-3 мың жылдық
өтпелі кезең
Энеолит
(мысты-тас)б.з.б. 3000-1800 жыл
9.
ПалеолитЕрте палеолит
б.з.д. 2,6 млн- 40 мың жыл
Кейінгі палеолит
б.з.д. 40-12 мың жыл
1.Олдувэй
б.з.б. 2,6 млн- 800 мың жыл
2.Ашель
б.з.б. 800-140 мың жыл
3.Мустье
б.з.б. 140-40 мың жыл
Б.з.б. 100-13 мың жылдық
Мұздық дәуір
10.
«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ҰҒЫМЫ11.
Орталық Азия ұғымыныңсаяси-географиялық мәні
Қазіргі кезеңде Орталық Азия саясигеографиялық аймақ ретінде бес мемлекетті:
Қазақстан,
Өзбекстан,
Түрікменстан,
Қырғызстан, Тәжікстанды қамтиды.
1991 жылы КСРО ыдыраған соң, аталған
мемлекеттер мен Ресейде «Орталық Азия»
ұғымы қолданыла бастады.
12.
Орта Азия, Түркістан жәнеДала өлкесі
Бүгінде Орталық Азия аталып отырған аймаққа қатысты
КСРО кезеңінде «Қазақстан және Орта Азия» деген ұғым
қолданылды. Қазақстан «Орта Азияға» енген жоқ,
өйткені ол жеке экономикалық аймақ болды.
Ресей империясы кезінде «Орта Азия» ұғымы Қазақстан
мен Ауғанстан арасындағы барлық далалы жерді
қамтыды. «Орта Азия» «Түркістан» ұғымымен қатар
қолданылды. Сол себепті Ресей империясының Орта
Азиядағы иеліктері «Түркістан өлкесі» деп аталды.
Қазақстан өлкесі батыстағы Орал мен Торғай
облыстары 1881 жылға дейін Орынбор генералгубернарлорлығына енді және шығыстағы «Дала
өлкесі»- Дала генерал-губернаторлығына бөлінді,
яғни «Түркістан өлкесіне» енбеді. «Дала генералгубернаторлығы» атауы әкімшілік бөлініс негізінде
физикалық-географиялық атау болды.
13.
Ұғымның физикалықгеографиялық мағынасы«Орталық Азия» (немесе «Орталық Еуразия») ұғымының
кең ауқымдағы физикалық-географиялық мағынасы
Қазақстан мен өзге де ортаазиялық мемлекеттердің,
Моңғолия, Солтүстік-Батыс Қытай, Ауғанстан, СолтүстікШығыс Иран, Поволжье, Орал және Оңтүстік Сібір
аумақтарын қамтиды. Оның саяси-географиялық
ұғымына қарағанда, ауқымы кең болды.
Физикалық географияда «Орталық Азия»- Еуразияның
ішкі ағынды (өзендер ағыны) аймағы болып табылады.
Ішкі ағынды өзендер деп әлемдік мұхитқа құймайтын
өзендерді атайды.Олардың қатарына Жайық, Ембі,
Сырдария, Әмудария, Шу, Іле өзендері жатады.
14.
«Орталық Азия»ұғымының тарихы
Бұл ұғымды алғаш рет ХІХ ғ.
ортасында неміс зерттеушілері
Карл Риттер мен Александр фон
Гумбольдт кеңінен қолданды.
К.Риттер
Орталық
Азияны
Еуразияның
«ішкі
биік
аудандары» деп атап, ондағы
түбектер мен ойпаттарды бөлек
қарастырады.
А.Гумбольдт Алтайдан оңтүстікке
және
Памирден
шығысқа
қарайғы
(Қазақстанның
шығысындағы
Орталық
Азия
аймағын) аумақты атады.
Неміс ғалымы Ф.фон Рихтгофен Орталық Азияны ішкі
ағынды өзендер алабымен анықтауды ұсынды. Алайда,
бұл аймаққа Каспий мен Арал теңізін қоспады. Бұл
теңіздерді әлемдік мұхитпен байланысқан ежелгі
теңіздердің бір бөлігі деп санады.
«Орталық Азия» ұғымы алғашында неміс,орыс және Кеңес ғылымында тек
Моңғолия, Солтүстік және Батыс Қытай мен Тибетке қатысты қолданылды.
Ал Орталық Азияның оңтүстік-батысындағы аймақ Орта Азия деп аталды.
15.
16.
Орталық Азияныңтабиғаты мен климаты
Табиғаты алуан түрлі. Тік беткейлі, терең шатқалды биік
таулардан, ыстық әрі құрғақ шөлді аймақтардан тұрады. Таулар
тізбегі бір-бірінен жазықтар мен ойпаттар арқылы бөлінген.
Таулар аймақтың климатын қалыптастыруда маңызды рөл
атқарады және ағынсыз әрі ағынды алаптар арасын табиғи
бөлуші болып табылады. Орталық Азия өзендерінің басым бөлігі
өз бастауларын таулардан алады. Таулардан аққан су жазықтарға
жеткенде баяу ағып, үлкен өзендерге (Сырдария, Іле, Нұра)
қосылады немесе құмға сіңіп, шағын көл мен батпақты
аймақтарға айналады (Торғай, Шу, Сарысу).
Орталық Азияның кең даласында Каспий секілді үлкен теңіз бен шағын көлемдегі
мыңдаған көл бар.Тауаралық ойпаңдарда Қарақұм, Қызылқұм секілді үлкен құмды
шөлдер болса, Қазақстан аумағында Нарын құмы, Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық,
Бетпақдала, Мойынқұм орналасқан.Қазақстан аумағы, негізінен Қаспийдің шығысындағы
ойпаттан басталып, Алтайға дейін созылған жазық далалы болып келеді.
17.
Жазық дала Қазақстанның тарихында маңызды рөл атқарды. Осы дала аймағындакөшпелілер өркениеті қалыптасты. Қазақтардың көшпелі мәдениеті оның құрамдас
бөлігі болып саналады.
Орталық Азияның сипатын алуан түрлі далалы, шөлді және таулы ландшафтылар
құрайды және шұғыл континенталды құрғақ климат тән болып келеді.
Орталық Азияның құрғақ климаты оның тарихында маңызды рөл атқарды,
себебі дәл осы фактор көшпелі өркениеттің пайда болуына әсер етті.
18.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ДӘСТҮРЛІӨРКЕНИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ
«Дәстүрлі өркениет»
ұғымы
Ертедегі ежелгі дәуірлік, ежелгі шығыстық, ортағасырлық өркениеттер
дәстүрлі деп аталады.Олар индустриалдық (формациялық теорияда
капиталистікке дейін) дәуірге дейін ежелгі және орта ғасырларда болды.
Олардың мынадай белгілері бар:
бірсарындылық: мәдени тәжірибенің (дәстүрдің) тұрақты түрде қайталануы және атабабалар өмір салтының ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруы;
дәстүрдің дәріптелуі (дәстүр қасиетті саналады, оны ешқандай жағдайда бұзуға
болмайды);
адам мен табиғаттың тығыз байланысы және табиғат жағдайларына тәуелділік;
адамның өз әлеуметтік тобымен тығыз байланысы (қауыммен, этноспен, қоғамдық
ортасымен),
қоғамдық және жеке өміріндегі бөлінбеушілік;
діни немесе діни-мифологиялық сана.
19.
Дәстүрліөркениет
дәстүрлі
(аграрлы,
индустриалдыға дейінгі) қоғамға сай болады.
Оларға дәстүрлі мәдениет тән. Жоғарыдағы
белгілердің барлығы кездесетін көшпелілер
өркениеті де дәстүрлі болып табылады.
Дәстүрлі мәдениет- бабалардың мәдени тәжірибелері мен өмір салтын
қайталауға негізделген өркениет. Оның белгілеріне табиғатпен тығыз
байланыс, адамның әлеуметтік топпен қатаң қарым-қатынасы,
дәстүрдің дәріптелуі, діни сана жатады.
20.
Өркениетті зерттеудіңқиындығы
Археологияның көмегімен техника мен
технологиядағы, адамдар пайдаланған
материалдық мәдениеттегі өзгерістерді
бақылай алады.
Палеоантропология
көмегімен
ежелгі
адамның сыртқы келбетін анықтауға
болады
Ал жазуы болмаған қоғамның рухани
мәдениетін айқындауда тек болжамдар
жасап, гипотеза құруға тура келеді.
Қазіргі заманда дәстүрлі мәдениетті әлеуметтік топтармен
араласа отырып бақылайды. Мұндай зерттеу әдісі
«қосылып бақылау» әдісі деп аталады.
Ертедегі дәстүрлі мәдениет археологиялық деректер мен
нумизматика, эпиграфика, антропология т.б. тарих салаларының
мәліметтерін жазба деректермен салыстыру арқылы негізінде
зерттеледі.
Материалдық мәдениет- баспана, киім кешеек, сәндік
және тұрмыстық бұйымдар, қару-жарақ және т.б..
Рухани мәдениет- білім, идея, діни ұстаным,
адамгершілік құндылықтар, дәстүрлер.
21.
ЕРТЕДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ӨРКЕНИЕТТУРАЛЫ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕР
Жазба деректер
Деректердің басым көпшілігі б.з.б.І ғасырдың екінші жартысынаб.з. І ғасырдың бірінші жартысына жатады. Жазба деректер:
антикалық, ирандық, қытайлық, түркілік болып бөлінеді.
Антикалық
деректер
Страбонның
«География»,
Үлкен
Плинийдің «Жаратылыстану тарихы»,
Птоломейдің «Георафия» еңбектерінде
А.Македонскийдің жорықтары туралы
жазылған.
Геродоттың
«Тарихында»
Кирдің
Орталық Азияға жасаған соңғы жорығы
туралы баяндалады. Геродоттың скифтер
мен сақтар туралы этнографиялық
хабарларының да маңызы жоғары.
Рим тарихшысы Марцеллин ғұндардың
Еуропаға жорықтары туралы баяндайды.
22.
Қытайдеректері
Қытай деректері б.з.б. ІІ ғасырда Чжан Цяньның
«Ферғана, Жетісу, Қаңлы және Бактрияға
жасаған сапар жасаған уақытынан белгілі бола
бастады. Оның «Батыс елдері» туралы еңбегінде
деректер беріледі.
«Батыс елдері» деректері б.з.б. ІІ ғ.соңы мен
б.з.б. І ғ. басында өмір сүрген Сыма Цянның
«Тарихи жазбаларының» (Ши-цзи) 123тарауының негізгі мәтіндерін құрайды.
23.
Ирандықдеректер
Ирандық деректерге Авеста, ежелгі парсының сына жазуы,
эпиграфика (қатты материалдарға (тас, металл, қыш, т.б.)
жазылған ежелгі және ортағасырлық жазулар) жатады.
Авестада «Арийлер мемлекетін» толық сипаттаған географиялық тарау
бар. Қола дәуіріндегі ортаазиялық жауынгерлер мен малшылардың
өмір салты және рухани мәдениеті туралы мәлімет бар.
І Дарий патшаның (б.з.б. 522-486жж.) бехистундық
жазбаларында
Орталық
Азия
халықтарының
парсыларға қарсы көтерілісі, далалық көшпелілер мен
парсы империясы арасындағы қатынастары айтылады.
24.
Түркілікдеректер
Түркілер деректері орта ғасырлардың алғашқы кезеңінде пайда болды.
Көшпелі түркілер ирандық соғдылардың жазуын пайдаланып, соның
негізінде өздерінің жазуын қалыптастырған. Бұл жазбаны руна немесе
Орхон-Енесей жазуы деп атайды. Бұл жазу тасқа қашалып, ағашқа ойылып
түсірілді. Руналық ескерткіштер ежелгі түркі мемлекеті туралы аса құнды
жазба дерек болып табылады. Аса ірі жазбалар Екінші Шығыс Түрік және
Ұйғыр қағанаттарының көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған.
1893 жылы В.Томсен ежелгі түркі
қолжазбаларының
құпиясын
ашты.
В.В.Радлов алғашқы аудармасын жасады.
Қазіргі кезде 255 руналық ескерткіш
белгілі. Бұл жәдігерлер Қазақстанның
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Тіл комитетінің қорына енгізілген.
25.
ҚАЗАҚСТАНДЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ
Археологиялық
мәдениет
ХІХ ғасырдағы
археологиялық
зерттеулер
бір аумақ пен дәуірдегі ортақ ұқсастықтары бар
материалдық ескерткіштер жиынтығы.
Археологиялық қазба жұмыстары 1826 жылы
В.В.Радловтың Алтайдағы мұздықтарға айналған
қорғандарға қазба жұмысын жүргізумен басталды.
Н.Н.Пантусов бірінші болып тастарға қашалған ежелгі
кескіндер (петроглифтер) туралы жазып, оларды
суретке түсірді. 1889 жылы Жетісудағы үш қорғанға
қазба жұмысын жүргізді.
1893-1894 жылдары В.В.Бартольд Шу, талас, Іле
алқаптарындағы ескерткіштерді зерттеді.
26.
ХХ ғ. басындағызерттеулер
ХХ ғ. басында Қазақстандағы ескерткіштерді зерттеуге
Орынбор мұрағат комиссиясы қосылды.
1920-1930 жылдары археологиялық зерттеулер қола
дәуірімен байланысты. Ақтөбе облысының өзінде 500ден астам қоныс пен қорған зерттелді.
«Мұртты» қорғандар зерттеліп, Бесоба қорымына қазба
жүргізілді.
Қ.И.Сәтбаев
Сарыарқаның
ежелгі
ескерткіштерін зерттеуде, ежелгі кен істері мен мыс
қорыту өндірісін анықтауда маңызды рөл атқарды.
Тараз қалашығын анықтауда үлкен жұмыстар жүргізілді.
27.
1940 жж. зерттеулер1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясының құрылуына
байланысты республикадағы археологиялық жұмыстарды
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография
институты атқарды.
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясына Ә.Марғұлан
жетекшілік етті. Экспедиция Сарыарқадағы неолит, энеолит кезеңдеріндегі,
қола дәуіріндегі қоныстар, сақтардың және түркі заманындағы жерлеу
орындары мен орта ғасырлардағы қалаларды зерттеді.
Есік «Алтын
адамының» табылуы
1954 жылы К.Ақышев жетекшілігімен Іле археологиялық
экспедициясы жұмысын бастады.Экспедиция сақ, үйсін дәуіріне
тиесілі тас қорғандарды, Бесшатыр «патша қорғандарын»,
Тамғалы петроглифтерін ашты.
1969 жылы Есік қорғанынан «Алтын адамның» табылуы
әлемдік ғылымда үлкен жаңалық болды. Алтын
әшекейлер, баскиімдер, киімдер, қару-жарақ, қыш
бұйымдар мен табылған ыдыстардағы жазуды зерттеу
сақтардың
тіршілігі,
олардың
мәдениетімен
мифологиясы туралы түсінікті өзгертті.
28.
1970-1980 жж.зерттеулер
1970 жылы М.Қадырбаев петроглифтерге
зерттеу жұмыстарын жүргізді.
1970-1980 жылдары орта ғасырлық қалаларға (Отырар,
Қостөбе, Түркістан т.б.) қазба жұмыстары жүргізілді.
Қазақстанның далалы аймақтарында жаңалықтар ашылып, ғылымға
энеолиттік Ботай мәдениеті мен Терсек мәдениеті енгізілді.
Ресей аумағындағы Арқайым мен Сынтасты мәдениетімен сабақтас ерекше
ескерткіштердің ашылуынан кейін, қола дәуірі мәдениетін зерттеуге жол ашылды.
Орталық Қазақстанда андрондық қорғандар мен қоныстар зерттелді.
1980 жылы В.Ф.Зайберт энеолиттік Ботай мәдениетін зерттеп, осы
жерде алғаш жылқының қолға үйретілгенін дәлелдеді.
29.
Іле Алатауында сақтардың отырықшылық қоныстарыныңтабылуы маңызды жаңалықтардың бірі болды (К.Байпақов). Бұл
сақтардың жартылай отырықшылықта өмір сүріп, тұрақты
мекен салып, егіншілікті білгенін көрсетеді. Жетісудың таулы
аудандарында Көлсай археологиялық мәдениетіне жататын
ертедегі сақтардың ескерткіштері зерттелді.
Алтайдың қазақстандық бөлігіндегі Берел
қорғандарын қазу жұмыстары жүргізілуде.
2004 жылы Тамғалы ЮНЕСКО-ның
Дүниежүзілік мәдени мұраларының
тізіміне енгізілді.
30.
НОМАДИСТИКАҰҒЫМЫ
Номадистика
(көшпеліліктану)көшпелі
мал
шаруашылығының бағыты мен көшпелі қоғамның барлық
қырын зерттейтін кешенді ғылым.ХХ ғасырдың ортасынан
дами бастаған ғылымның жаңа бағыты.
Еуроцентристік
тұжырымдама
Адамзат өркениетінде еуропалық немесе батыс
халықтарының
үстемдігі мен дамуын басқа
ұлттардан жоғары қоятын философиялық ұғымдар
жинтығы.
Қазақтардың көшпелі өркениеті туралы тарихи-этнографиялық еңбектер:
С.Зиманов «Қазақстардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық
құрылысы»,
В.Ф.Шахматов «Қазақтың жайылымды-көшпелі қоғамы»,
С.Толыбеков «ХVІІ-ХХ ғасырлардың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы»,
Д.Кішібеков «Көшпелі қоғам: шығуы, дамуы, құлдырауы» ,
Н. Масанов «Қазақтардың көшпелі өркениеті» .
31.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАӨРКЕНИЕТТІҢ ПАЙДА
БОЛУ ФАКТОРЛАРЫ
Неолиттік төңкеріс
«Дала өркениеті»
Еуразияның кең даласында мыңдаған жылдар бойы үстемдік еткен
көшпелілер өркениетінің бесігі. Бұл өркениеттің тағы бір атауы«Дала өркениеті» немесе «Ұлы Дала өркениеті».
Орталық Азияның көшпелі және отырықшы-егінші өркениеттерінің
пайда болуының маңызды факторы өндіруші экономиканың малшаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы болды.
Шамамен б.з.б. VI-V мыңжылдықтан бұрынғы неолит дәуірінде тас өңдеу
техникасының жетілуі және тастан, ағаш пен сүйектен жасалған жаңа
құралдардың пайда болуы материалдық өндірістер жүйесіне бетбұрыс
әкеліп, неолиттік төңкеріс деген атауға ие болды. Неолиттік төңкерістің
себептері тұрғындар санының артуы және соған байланысты өндірістік
дағдарыстың орын алуы болды.
Неолиттік төңкеріс табиғи дайын өнімді
тұтынудан өндірістік шаруашылыққа, яғни,
терімшілік пен аңшылықтан егіншілік пен
малшаруашылығына өткен тарихи қадам болды.
Неолиттік төңкеріс адамның табиғатқа
тәуелділігін азайтып, алғаш рет оның
жеткілікті
түрде
азық-түлікпен
қамтамасыз етілуіне мүмкіндік берді.
32.
Егіншіліктіңпайда болуы
Неолиттік төңкерістің ең маңызды қадамдарының бірі –
егіншіліктің пайда болуы мен отырықшылыққа көшу болды.
Адам баласы дәнді дақылдарды себуді және оны өсіруді
меңгерді. Ежелгі замандағы егіншілердің негізгі құралдары
таяқ, кетпен және тас орақ болды. Егіншілік алғаш
аңшылықпен, кейін малшаруашылығымен қатар жүрді.
Б.з.б. VI мыңжылдықта Оңтүстік Түрікменстанда Орталық
Азия бойынша алғаш рет жейтундықтар жер өңдеп, дәнді
дақылдарды өсіруді меңгерді. Жейтундықтар өзен тасуынан
ылғалданған топыраққа (жайылма жерлерге) бидай егіп,
ешкі өсірумен айналысты. Егіншілік пен малшаруашылығы
адамдарға көшпелі өмір салтынан бас тартып, азық іздеп
көшіп жүруді тоқтатуына мүмкіндік берді.
33.
Анаумәдениеті
Б.з.б. IV мыңжылдық энеолит дәуірінде Орталық Азияның
оңтүстігіндегі егіншілер (Оңтүстік Түрікменстан Анау мәдениеті)
суармалы егіншілікті меңгерді. Суару жүйелерінің (өңделген
жерлерді суаруға арналған тоғандар), метал құралдардың, күш
көліктердің (түйе, өгіздер) және дөңгелекті көліктің пайда болуы
өнімнің артуына, тұрмыстың жеңілдеуіне және адам санының
өсуіне әкелді. Осылайша Орталық Азиядағы отырықшы-егіншілік
өркениеттің қалыптасуы басталды.
Келесі мыңжылдықта бұл өркениет жетістіктері шығысқа
таралып, Тянь-Шаньға дейін созылды. Отырықшылық пен
егіншілікке жерді суаруға Әмудария, Сырдария өзендерінің
жағалаулары және суармай-ақ егін егуге болатын ылғалды, тау
бөктерлеріндегі жерлер таңдап алынды.
34.
мал/шаруа-ныңпайда болуы
Неолиттік төңкерістің нәтижесінде Еуразияның далалық өңірлерінде
малшаруашылығы таралды. Б.з.б. IV және ІII мыңжылдықтың
алғашқы жартысында салқын ылғалды климаттың әсерінен бұл
аймақтар көгорай шалғынды болды. Бұл қолайлы жағдай ірі
сүтқоректілердің, оның ішінде жылқының көбеюіне әкелді. Кейіннен
олар қой, ешкі секілді басқа жануарларды да өсіре бастады. Бұл жағдай
далалықтарға көшпелі өмір салтынан бас тартуға ықпал етті.
Малшаруашылығымен айналысқан адамдар бір жерге тұрақты
қоныстанып, жылы үйлер мен малдарға арнап қысқы қоралар сала
бастады. Осы қоныстарда бақташы малшылық пен өзен аңғарларында
кетпенді егіншілік қалыптасты.
Көшпелі өркениеттің пайда болуының маңызды алғышарты
малшаруашылығының қалыптасуы болды.
35.
Көшпелілікке көшудіңсебептері
1) Еуразия даласындағы құрғақшылық көшпелі мал шаруашылығына көшудің
басты себебі болды. Б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың екінші жартысында Еуразия
даласының климаты құрғақшылыққа ұшырай бастады. Б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың
екінші жартысынан бастап малшаруашылығында малды қолда емес, жайылымда
бағу біртіндеп ене бастады: отырықшы малшылықтан жартылай көшпелілікке,
одан көшпелілікке ұласты. Шаруашылық түрінің өзгеруі климаттық өзгерістерге
бейімделудің қажеттілігінен туындады.
Құрғақшылық жаңа шаруашылық түрлерінің, оның ішінде
көшпелі малшаруашылығының пайда болуына жол ашты.
36.
2) Еуразия даласында б.з.б. ІII мыңжылдықтың соңындадөңгелекті көлік, ал б.з.б. II мыңжылдықтың соңында
жиналмалы киіз үй түрі пайда болды. Арба үстіне орнатылған киіз
үймен жаңа қонысқа көшуге жол ашылды.
3) Жылқыны қолға үйреткен соң, адам баласы оған мінуді тез
арада меңгерді. Бірақ атқа салт міну ер-тоқым мен атәбзелдерін ойлап тауып, оны жетілдіру қажеттігін тудырды.
Мал құрамының көбеюі, географиялық және климаттық жағдайға
бейімделген
мал
бағудың
әртүрлі
тәжірибесін
қолдану,
малшаруашылығына мамандану – көшпелі малшаруашылығының пайда
болуына және көшпелілер өркениетінің қалыптасуына жол ашты.
history