Similar presentations:
18-сабақ Көшпелілер өркениеті
1.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ТОО «Арес PetroTehnic Жоғарғы колледжі»
Сабақ тақырыбы:
Қазақстан тарихы
Көшпелілер өркениеті.
Оқытушы: Даулетбаева Гулбану Сагынбаевна
[email protected]
Tel 8701-538-91-91
Атырау 2024
2.
• Мақсаты:Көшпелілер туралы түсінік, Көшпелілер өркениеті,
құрылысы,
қалыптасуы,
Көшпелілер
мәдениетінің
ерекшелігі, Көшпеліліктің шығу тегі, Көшпелілер туралы
түсініктің қалыптасуы, Көшпеліліктің
эволюцияларына
жалпы сипаттама бере отырып білім негіздерін
қалыптастыру.
• Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:
Көшпелілер өркениеті, Көшпеліліктің эволюциясы,
Көшпелілер туралы түсінік, Маңғыт, Қоңырат, Барлас,
Мауереннахр, Мұхаммед Шайбани хан, Созақ түбіндегі
шайқас, Шығыс Дешті Қыпшақ.
3.
• Сабаққа шолу• Білуі керек:
• Көшпелілер туралы түсінік, Көшпелілер өркениеті, құрылысы,
қалыптасуы, Көшпелілер мәдениетінің ерекшелігі, Көшпеліліктің
шығу тегі, Көшпелілер туралы түсініктің қалыптасуы, Көшпеліліктің
эволюциясы.
•Үйренуі керек .
Танымдық қызығушылықты дамыту
Шығармашылық қабілетін дамыта білу
• Негізгі түсініктер:
Көшпелілер өркениеті, құрылысы, қалыптасуы, мәдениет ерекшелігі,
Көшпелілік эволюциясы, Қараша, Керей мен Жәнібек хандар, Сыр
бойы, Сайд хан, Найб, Барақ, Әбілхайыр хан, Шағатай ұлысы.
Сабақтын жоспары.
1. Көшпелілер туралы түсінік.
2. Көшпелілер өркениеті
3. Көшпелілер мәдениетінің ерекшелігі.
4. Көшпелілер туралы түсініктің қалыптасуы.
5. Көшпеліліктің эволюциясы.
4.
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихиқалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі,
шаруашылық-мәдени типі.
Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында
қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі
скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің
табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар,
философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға
табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулықсұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман
қасиеттерінен ада болып көрінді.
5.
Көшпеліліктің шығуы көпшілік жағдайда, географиялықортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да
көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды.
Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар,
экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи
ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын
табиғи талаптарына байланысты
Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық
аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай
шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау
аймақтарында кездеседі.
Соғыс және аңшылық
арбалары бейнеленген
жартастағы суреттер
(б.з.д. ІІ—Іғғ.);
1, 5, 6 — Арпаөзен,
2,3,4,7 — Қойбағар
6.
Қазақстан шеңберінде көшпелілікқалыптасқан аймаққа Каспий маңы
ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем
жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы
далалары, Сарыарқа, Мұғалжар,
Маңғыстау жоталары, Алтай,
Тарбағатай, Жоңғар, Іле
Алатауларының тау беткейлері және
таулы өлкелері жатады. Бұл
аймақтардағы өзен-сулардың
маңайында, әсіресе осы аймақтар мен
отырықшы-егінші мәдениеттер
шекараларында маргиналдық
аймақтар қалыптасты. Оларға тән
шаруашылық-мәдени тұрпат —
жартылай көшпелі шаруашылық пен
мәдениет. Мұндай аймақтарға Сырдың
бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың,
Есілдің, Жайықтың бойлары, Жетісу,
Шығыс Қазақстанның таулы және тау
бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың
маңайы жатады.
7.
Көшпеліліктің эволюциясыКөшпелілік бірден пайда
болмаған. Оның пайда
болуының, дамуының
өзіндік заңдылықтары,
себептері бар.
Малшылықтың алғашқы
түрі — үй маңында мал
өсіру болды. Ал "Көшпелі
мал шаруашылығы қалай
пайда болды?" деген
мәселеде әр түрлі пікір бар.
Кейбір ғалымдар:
"Отырықшы малшылық
біртіндеп дамып, мал басы
өседі. Мал басы өскен
сайын жайылымды кеңіту,
жайылым ауыстырып
отыру қажеттілігі туады
Бұрынғы отырықшы
малшылар біртіндеп
жайылым ауыстырып,
жылжып көшуге мәжбүр
болады. Сөйтіп, көшпелілік
қалыптасты", — дейді. Ал енді
бір зерттеушілер бұл жағдайды
қола дәуірінің соңындағы
климат жағдайының
өзгеруімен — Еуразия
даласындағы қатты
құрғақшылықтың
басталуымен түсіндіреді.
Көшпелі қоғам тарихын
зерттеуші ғалымдар басқа да
көптеген себептер бар дейді.
8.
9.
Б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасына қарай көшпелі шаруашылық иентұрмыстың жаңа жетістіктері пайда болды. Олар — темір үзеңгінің
шығуы, ағаш ердің таралуы (бұрын тоқым сияқты жұмсақ ер тоқым
болған), кереге, уық, шаңырағы бар киіз үйдің шығуы, т.б. Осы кезде,
мөлшермен V—VI ғасырларда, көшпелі мал шаруашылығы өзінің
дамуының ең жоғары деңгейіне көтерілді. Зерттеулерге карағанда,
осыдан кейін де 1000 жылға таяу уақыт көшпелілер саяси билікте
басымдығын көрсетті. Олар бүкіл Азия, Еуропаның жартысында,
Солтүстік Африкада өзінің билігін жүргізді. Олар Еуразия
континентіндегі бүкіл саяси жағдайды уысында ұстады, сауданы,
керуен жолдарын бақылап отырды. Мүның бәрі олардың әскери
күшінің мықтылығына байланысты болды.
10.
Көшпелілер туралы түсініктерКөшпелілер туралы нашар
түсініктер сол ерте заманда-ақ
қалыптасты. Көне Қытайда
"көшпелілер жабайы, мәдениеттің
қас жауы" деген түсінік
қалыптасты. Еуропада да көшпелі
ғұндарды "тағы-жабайылардың
тұқымы, өркениеттің жауы" деп
есептеді.
Еуропа ғалымдары да
көшпелілер туралы өз
көзқарастарын білдіріп
отырды. Мысалы,
Монтескъе көшпелілер
қоғамын "әділетті,
теңдікті қоғам" десе,
Фергюсон, Адам Смит: "Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік
теңсіздік ерте пайда болды", — деген. Ал философ Кант:
"Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара
қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды" деген
тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегель: "Көшпелілерде
әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ",
— деп есептеген.
11.
ХХ ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелілікке көзқарасы әртүрлі болғанымен, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына ғана назар
аудару басым болды. Мысалы, Рацель, Гумплювич, Торнвальд, Тойнби
деген ғалымдар: "Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз,
олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді
жаулап алу арқылы ғана үйренді" деген тұжырымдар айтты
Олардың және бұл ғалымдардың жолын
қуушы қазіргі заманғы зерттеушілердің
пікірінше: "Көшпелі қоғам — бұл бір
орнында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын
қоғам, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз
өркениет жасай алмайтын қоғам, болашағы
жоқ қоғам".
Көшпелілік кеңес ғылымында ХХ ғасырдың 20—40-жылдарынан
бастап зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының
еңбектерінде де маркстік-лениндік көзқарас басым болды,
зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпелілердің қоғамдық
құрылысына ғана мән берді. Мысалы, А. П. Чулюіиников деген
зерттеуші: "Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық
қауым болды", — десе
12.
Археолог К.Ақышевтың пікірібойынша, Қазақстан жерінде
көшпелі мал шаруашылығының
қалыптаса бастауы қола дәуірінің
соңы, темір дәуірінің басына,
яғни б.з.д. ІХ—VIII ғасырларға
жатады. Осы кезден бастап,
Орталық, Батыс Қазақстан
жерінде меридиан бойымен көшу,
ал Шығыс Қазақстан мен
Жетісуда қыста жазықтар мен
қар аз түсетін таулардың
қойнауын қыстап, жазда биік
таулы жайлауларға көшу
қалыптасқан.
ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап тоталитарлық жүйе идеологтары
көшпелілікке қарсы шыға бастады. "Адам табиғатты өзгертуші
құдіретті күш" деген қағиданы басшылыққа алған коммунистік
идеологияның өкілдері көшпелі мал шаруашылығымен айналысып
келген халықтарды жаппай отырықшылыққа айналдыру қажеттігін
дәлелдеп бақты.
13.
14.
15.
16.
17.
Әдебиеттер мен оқу құралдары:1.Д.Есенов. Қазақстан тарихы Алматы 2021 жыл.
2.К.Ермұханова. Қазақстан тарихы кітабы Алматы 2007 жыл.
3.Р.Күнқожаева. Тәуелсіз Қазақстан тарихы. А. 2000.
4.Қ.Кәдірқұлова. Қазақстан тарихы. А. 2005
5. Интернет желісі