2.47M

Дәріс_1 (1)

1.

Қазақстан тарихы
Павлодар,
2024 ж.
Ельмуратова Ботагоз
Жумабаевна
«Қазақстан тарихы»
кафедрасының профессоры,
т.ғ.к.

2.

Тіршіліктің несі сән,
Тереңге бет қоймаса?
АБАЙ

3.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Сабақтың мақсаты - Қазақстан тарихы туралы объективті түсінік
қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
-Ұлы Дала аумағындағы көшпелілер өркениеті мен мемлекеттілігінің қалыптасу
ерекшеліктерін анықтау (б.з.б. III ғасыр – б.з. II ғ.).
- Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтарының (XIII-XV ғғ.) тарихи
алғышарттары мен этномәдени интеграциясының кезеңдерін талдау.
- Қазақстанның жаңа дәуірдегі (XVIII – ХХ ғ. басы) тарихи даму
ерекшеліктерін ашу.
- Қазақстанның кеңестік әкімшілік-әміршілдік жүйесіндегі рөліне объективті
баға беру.
- Қазақстанның қазіргі даму кезеңінің мемлекеттік даму стратегиясына талдау
жасау.

4.

АССОЦИОГРАММА
ТАРИХ
Отан! Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?

5.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Тарих ғылымының пәні – тарихи деректерде көрініс
тапқан қоғамның даму үдерісі болып табылады.
Тарих – гуманитарлық ғылымдардың бірі.
Тарих әдіснамасы – тарих ғылымының пәні мен
объектісін, ғылыми тарихи танымның мақсатын
анықтайтын, тарих ғылымының ғылыми және әлеуметтік
жағдайын, оның пәндік құрылымын зерттейтін, тарихи
таным теориясын және оның әдістері мен тәсілдерін
дамытатын арнайы тарихи пән. Тарих әдіснамасынсыз
ешбір тарихи зерттеуді жүргізу мүмкін емес.
Тарихнама – тарихи танымды зерттейтін тарихи пән.
Тарихнама – тарих ғылымының тарихы, идеялардың,
тұжырымдамалардың, теориялардың тарихы.
Келесі ерекше тарихи пән – деректану. Бұл тарихи
дерек, оның алуан түрлі ерекшеліктері мен зерттеу
әдістері туралы ғылым.

6.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Кейбір тарихи деректер түрлерінің ерекшелігіне
байланысты, оларды зерттеу ісі жазбаша деректермен жұмыс
істеу әдістерінен өзгеше болуына орай, өз алдына дербес тарихи
пәндер қалыптасты. Оның ішінде археология ғылымы да бар.
Археология – заттық деректерге сүйене отырып, адамзат
қоғамының даму үдерісін зерттейтін ғылыми пән.
Сонымен қатар, тарихи пәндердің құрамына жазудың
түрлері мен типтерін, әліпбилер тарихын зерттейтін ғылым –
палеография да жатады. Онсыз көне қолжазбаларды оқу мүмкін
емес.
Маңызды тарихи пәндер қатарына:
нумизматика – ақша айналымы мен монеталарды зерттейтін
пән; генеалогия – шежірені, рулық және туыстық қатынастарды
зерттейтін пән;
геральдика – гербтер мен эмблемаларды және олардың қолдану
тәртібін зерттейтін ғылым;
фалеристика – ордендер мен медальдарды зерттейтін ғылым;
сфрагистика – мөрлер, штамптар және олардың қолданылу
тарихын зерттейтін ғылым жатады.
Осы және басқа да тарихи пәндер зерттеуге негіз болған тарихи
деректермен ерекшеленеді.

7.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Сонымен қатар, тарих ғылымын негізгі зерттейтін
пәніне қарай салаларға бөлуге болады.
Бұл – саяси жүйелердің, мемлекеттердің дамуын,
олардың өзара қатынастарын, билеуші әулеттер мен
монархтардың, саяси партиялар мен топтардың тарихын
зерттейтін саяси тарих. Саяси тарихпен өте тығыз
байланыста әскери тарих – қарулы қақтығыстарды,
соғыстарды, әскердің пайда болуы мен эволюциясын,
қару-жарақтың дамуын зерттейді. Экономикалық тарих –
адамның шаруашылық қызметінің дамуын, гендерлік
тарих – адамзаттың әлеуметтік ұйымдасуындағы
гендерлік қатынастардың эволюциясын, күнделікті өмір
тарихы – өмір сүру жағдайларының, еңбек пен
демалыстың
дамуын,
сонымен
қатар,
сананың
қалыптасуына әсер ететін факторларды және белгілі бір
тарихи кезеңдегі мінез-құлық нормаларын зерттейді.

8.

Тарихты не үшін білуіміз керек?

9.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Тарихты не үшін білуіміз керек?
Қоғам өмірінде тарихтың маңызы зор. Ол белгілі бір аумақта
белгілі бір қоғамның пайда болуы мен дамуын түсіндіреді, рухани
және материалдық мәдениеттің, тілдің, әдет-ғұрып пен дәстүрдің
пайда болу үдерістерін түсіндіреді, яғни қоғамды ата-бабасымен
байланыстырады, уақыттағы ұрпақтар сабақтастығын көрсетеді. Бұл
қоғам өміріндегі әлеуметтік байланыстардың пайда болуы мен
бірігуі үшін өте қажетті құбылыс.
Тарих ғылымының бірнеше маңызды қызметтері бар:
Танымдық қызмет – Ол қоғам өмірі туралы білімімізді
үнемі арттыру, әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени
институттардың дамуымен байланысты. Бұл функция өткеніміз
туралы түсінікті кеңейтіп, оларды нақтылайтын және түрлендіретін
жаңа ақпаратты алу арқылы жүзеге асырылады.

10.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Дүниетанымдық функция. Адамның дүние және қоғам туралы
түсініктерінің біртұтас жүйесін оның дүниетанымы деп атайды. Тарих
ғылымы адамзат қоғамының дамуын зерттей отырып, белгілі
заңдылықтарды әзірлейді. Дүние мен қоғам құрылымына, қалыптасқан
қоғамдық қатынастарға, мәдени-адамгершілік нормаларға бағалар мен
көзқарастарды қалыптастырады. Іс жүзінде, тарих ғылымы адамның
дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі болып
табылады.
Болжау функциясы. Тарихи деректерді зерттеу барысында
қалыптасқан тарихи үдерістің заңдылықтарын білу қоғамның нақты
анықталған алгоритмдер бойынша дамитынын көрсетеді. Экономикалық
және саяси жүйелердегі даму үдерістерінің циклдік сипаты бұрыннан
белгілі. Мәдениет пен адам өмірінің басқа да салаларындағы даму
заңдылықтары бар. Бұл белгілі бір болжамдар жасауға, әртүрлі
жағдайларда әлеуметтік және саяси жүйелердің мінез-құлқын болжауға
мүмкіндік береді.

11.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Тәрбиелік функциясы. Тарих баланың дүниетанымын
қалыптастырады, өткен кезең мысалдары негізінде құндылықтар
жүйесін, адамгершілік нормаларын, адамның материалдық және
рухани мәдениеттің әртүрлі аспектілеріне қатынасын қалыптастыруға
әсер етеді. Патриоттық тәрбиенің негізгі көзі – тарих.
Мәдени функция. Тарихтың ерекшелігі – ол тек ғылым
емес, қоғамдық сананың бір бөлігі. Кез-келген қоғам өзін бұрын өмір
сүрген адамдар ұжымдарының, ата-бабаларының жалғасы ретінде
таниды. Бұл – ұжымдық тарихи жад деп аталады. Бұл жад кез-келген
халықтағы рухани мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады.
Тарихи жад алдыңғы ұрпақтардың тәжірибесіне негізделген белгілі
бір қоғамға тән құндылықтар жүйесін құрайды. Рухани мәдениетте
тарихи жадтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын атабабалар культі, қаһармандық культ, тарихи қайғы-қасіреттерді бастан
өткеру тәжірибесі маңызды орын алады. Тарихи жадты қалыптастыру
– тарихтың ғылым ретіндегі міндеттерінің бірі.

12.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Тарих не үшін «қайта жазылады»?
Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін Қазақстанның тарих ғылымында
үлкен өзгерістер орын алды.
1) партия органдарының ғылымға қысымы жойылды, жекелеген
тақырыптарды зерттеуге салынған тыйым жойылды.
2) тарихшылар бұрын жабық болған мұрағаттарға жол ашып, көптеген
құпия құжаттарға қол жеткізді.
3) Қазақстан тарихы бойынша деректерді іздестіру және ғылыми
айналымға енгізу үшін мемлекет көп қаржы бөлді. «Мәдени мұра»,
«Халық тарих толқынында», «Архив-2025» бағдарламалары аясында
көптеген жазба деректерді, мұрағат материалдарын іздестіру, зерттеу
және жариялау жұмыстары жолға қойылды.

13.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Тарихи дерек түсінігі.
Тарихи танымның өзінің объективтілік мәселесін дұрыс шешуге
көмектеседі. Тарихи деректің мәнін ашудың негізінде бейнелеу теориясы жатыр.
Болған тарихи құбылыстың деректе бейнеленуі, сол деректерде болған
құбылыстардың әр түрлі образдарда көрінуі. Оқиға алдымен адамның сезімінде,
түйсігінде, ойында және істерінде бейнеленеді, ал тарихи дерек болса сол
бейнелеудің жемісі, қорытындысы, соның салдары ретінде пайда болады.
Сонымен,
тарихи
дерек
дегеніміз

объективтілік
пен
субъективтіліктің диалектикалық бірлігі. Адам өзінің нақты іс-әрекет үрдісінің
барысында жасаған және әртүрлі белгілерімен, таңбаларымен, сөздерімен дерекке
салған ақпарат тарихи деректің негізгі мазмұны болып табылады. Ақпарат
автордың белгілі бір мақсат мүддесіне сай деректерге салынғандықтан, кез келген
дерек объективтілікпен қатар субъективтілікті де өз бойында сақтайды. Тарихи
дерек түсінігі жалпы гуманитарлық ғылымдар әдістемесі сияқты тарих
әдіснамасының маңызды теориялық ұғымының бірі болып табылады. Бұл
кездейсоқ емес, өйткені ешбір гуманитарлық тарихи зерттеулер дереккөзге
сілтемесіз жүзеге аспайды.

14.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
«Тарихтың әр қилы куәлігі – шексіз. Әрбір айтқан
адамның сөзі, жазғаны, қолымен жасағаны, қолы
тиген жерінің бәрі ол туралы дерек беруі керек»
Марк Блок

15.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Кезеңдеу дегеніміз не. Кезеңдеу – бұл белгілі бір уақыт өлшемдері бойынша
тарихи процестерді, жағдайларды, оқиғалар мен фактілерді жіктеу және жүйелеу.
- Ежелгі (тарихқа дейінгі) кезең (б.з.д. VIII ғасырға дейін) – жазбаша ешқандай
дереккөздері жоқ, іс жүзінде жазылмаған кезең. Жалғыз дерек көзі –
материалдық мәдениеттің ескерткіштері.
- Ерте көшпелілер кезеңі (прототарихи кезең) (б.з.б. VIII ғ. – б.з. V ғ.).
- Түркі кезеңі (VI ғасыр – XIII ғасырдың басы). Түркі жазуының пайда болуы
және оның ескерткіштерінің ғылыми айналымға енуі отан тарихына «сөйлеуге»
мүмкіндік берді. Осы кезеңде түркі тарихи-мәдени ортақтығы қалыптасып,
қазақ этногенезінің негізі қалануда.
- Ұлық Ұлыс және оның ізбасарларының кезеңі (XIII-XV ғасырдың ортасы).
Ұлық Ұлыс (Жошы Ұлысы) – түркі кезеңінің жалғасы және қазақ этносының
қалыптасуының этномәдени және этносаяси негізі.
- Қазақ хандығы кезеңі (XV ғасырдың ортасы – XVIII ғасырдың басы). Қазақ
хандығының құрылуы Ұлық Ұлыс мұрагерлері. Ұлттық тарихты түсіну үшін
қазіргі қазақтардың тек Қазақ хандығының ғана емес, Ноғай ұлысы мен Сібір
хандығы халқының бір бөлігінің ұрпақтары екендігі маңызды.

16.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
-
-
-
Ұлы даланы отарлау кезеңі (ХVIII ғасырдың басы – ХХ ғасырдың
басы). Бұл кезең дала отырықшы-көшпелі мәдениеті – Ұлы Дала
Өркениетінің саяси тәуелсіздігінің біртіндеп құлдырауымен және
жоғалуымен сипатталады.
Кеңес кезеңі (1917-1991 жылдар). ХХ ғасырдың басым тарихи
процесі

Ұлы
дала
аумағындағы
қоғамның
кешенді
трансформациясы.
Қазақтар
еуразиялық
дала өркениетінің
мұрагерлері ретінде қазіргі ұлтты жаңғырту және қалыптастыру
арқылы дағдарыстан шығудың жолын табуда. Трансформация –
дәстүрлі аграрлық қоғамнан индустриалды қоғамға көшу процесі.
Тәуелсіз Қазақстан кезеңі (1991 жылдан бастап). КСРО-ның ыдырауы
1980 жылдардың ортасындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік,
демографиялық мәселелердің, кеңестік жүйені ішінара жаңғыртудың
сәтсіз әрекеттерінің нәтижесі болды.

17.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық кезеңінің тарихы бойынша
дереккөздер.
Б.д. 1 мыңжылдығында Жетісу мен Шығыс Түркістаннан Қара теңіз
төңірегіне, Алтай тауларынан Хорезмге дейінгі ұлан-ғайыр аумақты сақтар
мекендеді. Еуропалық деректерде оларды «скифтер» деп атаған. Сақтар туралы
тарихи деректер ежелгі авторлардың Орталық Азия мен Қазақстан көшпелілері
туралы жазған еңбектерінің арқасында кеңінен белгілі болды, мысалы, «Авеста»,
Геродоттың «Тарихы», Страбонның «Географиясы», Ахеменид жазбалары: Дарий I
патшаның жазбалары, Бехистун жазуы, Персеполь жазуы т.б. Үйсіндер туралы
жазба мәліметтерді ежелгі қытай тарихшысы Сыма Цянь қалдырған. Сыма Цяньнің
«Ши-цзи» («Тарихи жазбалар») еңбегі 130 тараудан 35 тұрады, оның бірқатары
Орталық Азияда өмір сүрген халықтарды сипаттауға арналған. Сюнну (Ғұн) тарихы
туралы мәліметтерді Бань Гудың «Ертедегі Хань династиясының тарихы». Қытай
деректері еуропа тілдеріне 18 ғасырдан бастап аударыла бастады. Ғұндар туралы
Еуропалық авторлар – Прокопий Кесарийский, Приск Паниский, Агафий
Миринейский, Аммиан Марцеллин, Менандр Протектор жазған.

18.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Ғалымдар түркі жазбаларын үш топқа бөледі:
1. Енисей ескерткіштері Енисей өзені аңғары мен Тува, Хакас, Алтай
республикаларының территориясында және Ресейдің Новосибирск
облысында табылған. Ғалымдардың айтуынша, олар 5-7 ғасырларға
жатады. Бұл өлкеден табылған түркі жазба ескерткіштерінің жалпы саны
150-ге жуық.
2. Талас ескерткіштері Талас өзені аңғары Қазақстан мен Қырғызстан
аумағында табылды (5-8 ғғ.). Барлығы 20-ға жуық ескерткіш бар.
3. Орхон ескерткіштері. Олардың ішінде Моңғолиядағы Орхон, Селенга,
Тола өзендерінің бойында және Ресейдегі Минусинск алабында табылған
ескерткіштер бар (7-8 ғасырлар). Ескерткіштердің жалпы саны 30-ға жуық.
Бірақ, ең көлемді, ұзақ мәтіндер осы топқа тиесілі. Олардың ішінде тарихи
құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін»,
«Тоныкөк», «Күлі шор» және «Мойын шор» ескерткіштері ерекше орын
алады. Жуырда, 2022 жылдың жазында археологтар Елтеріс қағанның зор
жазуын тапты.

19.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Жаңа кезеңдегі Қазақстан тарихы (ХVIIIғ. – ХХ ғ. басы) деректері.
Ф. Миллердің «Сібір тарихында» Солтүстік Қазақстан тарихы туралы.
В.Н. Татищев, А.И. Левшин, Ш.Ш. Уәлиханов, В.В. Вельяминов-Зернов,
В.В.
Радлов, В.В.
Бартольд сынды мемлекет қайраткерлерінің, орыс
шығыстанушыларының қазақтар туралы мәліметтер кездесетін еңбектері бізді
ерекше қызықтырады.
Дереккөздердің келесі тобы 18-20 ғасырлардағы Қазақстан тарихына
қатысты заңнамалық актілер болып табылады.
-1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы» жарғы
- 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы»
- 1867 жылы 11 шілдеде «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы
уақытша Ереже»
- 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторының
далалық облыстарын басқару туралы уақытша Ережесі»
- 1886 жылы 21 маусымда патша үкіметі «Түркістан өлкесін басқару туралы
Ереже»
- 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын
басқару туралы Ереже».

20.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Мерзімді басылымдарға газеттер, журналдар, альманахтар мен
жинақтар жатады. Мерзімді басылымдардың ең негізгі және ең көне
түрлерінің бірі – газет. Газет – айына кемінде бір рет шығатын белгілі бір
атауы бар басылым.
Қазақстанда мерзімді баспасөз ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары
пайда болды. Ол үнемі дамып, республиканың әлеуметтік және мәдени
өмірінде маңызды орын алды. Қазақ журналистикасының негізін
салушылар деп Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсарин саналады. Қазан
төңкерісіне дейін Қазақстанда 13 баспа басылымы шықты. Ұзақ уақыт
бойы «Туркестанские ведомости» (1870- 1882), «Дала уалаятының газеті»
(1888-1902) газеттері мен «Айқап» журналы (1911-1915) шығып тұрды.
Қазақ баспасөзінің тарихы осы екі газеттің шығуынан басталады

21.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Жаңа кезеңдегі Қазақстан тарихы бойынша дереккөздер.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ғылым мен техниканың
қарқынды дамуы нәтижесінде тарихи деректердің жаңа түрі шықты.
Мұндай деректер сұранысқа ие болды және ғылыми зерттеулерде сәтті
қолданылды. Осындай түрде дайындалған тарихи құжаттар
технотронды деп аталады. Бұл құжаттардың көпшілігі матрицалық,
фото және пленка, матрицалық, ия болмаса дискінің бетіне жазылған
дыбысы немесе суреті бар. Олар ақпаратты тікелей (фотосуреттер)
немесе құрылғы арқылы (слайд, кинофильм, граммофон, магниттік
фонограмма) қабылдай алады. Құрылыс материалына қарай олар шарғы
(катушка), иіршік, иілгіш дискет, орам, таспа, ықшам кассета болып
бөлінеді, сондықтан оларды сақтау нұсқалары да ерекшеленеді. Мұндай
құжаттар
үшін
еліміздің
кітапханаларында,
мұрағаттарында,
мұражайларында арнайы қорлар құрылған.

22.

Курстың мақсаты, міндеттері, әдістемесі. Қазақ ұлтының генетикалық шығу тегі.
Исмагулов О. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности (палеоантропологическое исследование). – Алма-Ата: «Наука» Казахской ССР, 1970. – 240 с.
Зайберт В. Ботай дала өркениетінің бастауында; кітап-альбом. – Алматы: «Балауса» баспасы, 2011. – 400 с.
Маргулан А.Х. Сочинения. В 14 томах. Том 1. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального
Казахстана / составители Д.А. Маргулан, Д. Маргулан. – Алматы: Атамүра, 1998. – 400 с.
История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Том 1. – Алматы: Атамұра, 2010. – 544 с.
История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Том 2. – Алматы: Атамұра, 2010. – 624 с.
История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Том 3. – Алматы: Атамұра, 2010. – 765 с.
История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В 5-ти томах. Том 4. – Алматы, Алматы кітап, 2010. – 768 с.
История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Том 5. – Алматы: Атамұра, 2010. – 672 с.
Назарбаев Н. А. Эра независимости. – Астана, 2017. – 508 с.
Назарбаев Н. Казахстанский путь. – Караганда, 2006. – 372 с.
Игибаев С.К. Историография истории Казахстана: Учебник. – Алматы, 2013. – 358 с.
Ирмуханов Б.Б. Прошлое Казахстана в письменных источниках. V в. до н.э. – XV в. н.э. (Извлечения из источников). – Алматы: «Өлке», 2006. – 552 с.

23.

24.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
English     Русский Rules