1.34M
Category: historyhistory

Қазақстан тарихы. Ерте дәуірдегі Қазақстан. Темір дәуіріндегі Қазақстан

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ТОО «Арес PetroTehnic Жоғарғы колледжі»
Сабақ тақырыбы:
Қазақстан тарихы
Ерте дәуірдегі Қазақстан
Темір дәуіріндегі Қазақстан.
Оқытушы: Даулетбаева Гулбану Сагынбаевна
[email protected]
8701538-91-91
Атырау 2023

2.

• Мақсаты:
Темір дәуіріне сипаттама, көшпелі мал шаруашылығы,
егіншілік пен отырықшылыққа бейімделуі, көшу
маусымдық жайылымдар, көшпелілер баспаналары,
Ұлы жібек жолының қызмет ете бастауы туралы
студенттерге жан-жақты түсінігін қалыптастыру.
• Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:
Тас дәуірі сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, көшпелі жартылай
көшпелі мал шаруашылығы, шаңырақ, ошақ, Ұлы
Жібек жолы.

3.

• Сабаққа шолу
• Білуі керек:
Темір дәуіріне сипаттама, сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, сармат тайпалық
одақтар туралы, көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік пен
отырықшылық, көшпелілер баспаналары дәуірге жаплы сипаттама.
•Үйренуі керек .
Студенттердің өз ойын айтуға, өзгенің пікірін тыңдауға дағдыландыру,
шығармашылық қабілетін дамыту
• Негізгі түсініктер:
Темір дәуірінің ерекшеліктері, дәуірге сипаттама, көшпелі мал
шаруашылығы, егіншілікпен отырықшылық, көшпелілер баспаналары,
Темір дәуіріндегі Қазақстан, көшпелілер жетістіктері, қару-жарағы.
Сабақтын жоспары.
1. Темір дәуіріне жалпы сипаттама.
2. Көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік пен отырықшылық.
3. Көшу маусымдық жайылымдары.
4. Көшпелілердің мәдени жетістіктері.

4.

Темір Дәуіріндегі
Қазақстан

5.

Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан.
Темір дәуірі адамзат тарихындағы аса маңызды
өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Темір әрі берік,
салмақты металл. Темір дәуірінің қамтитын аралығы:
Б.з.б VIII-VI ғғ.
Темір дәуірі екіге бөлінеді:
• Ерте темір кезеңі б.з.б VIII ғ –III ғ.
• Кейінгі темір кезеңі б.з.б III ғ –VI ғ.
Темір дәуірінде рулар үлкен тайпаларға бірікті, ал
тайпалардың өзара қосылуынан тайпалық одақтар
құрылды. Тайпалық одақтар сақ, үйсін,қаңлы,ғұн, сармат.
Темір табиғи жерде өте сирек кездеседі. Ерте темірді
қарапайым тәсілмен, пеш көрікпен өндірілетін. Б.з.б 1
мыңжылдықтың басында темірді пайдаланды. Ең
жоғарғы температурасы: 1200 градусқа жеткен. Темір
дәуірінде рулар үлкен тайпаларға біріккен. Тайпалық
одақтар-сақ, үйсін, қаңлы,ғұн, сармат.

6.

Қазақстан аумағында б.з.б lll-б.з.V ғ. аралығында
сармат, үйсін, ғұн, қаңлы тайпалық бірлестіктер
қалыптасты.
"

7.

Көшпелі мал шаруашылығы: Қазақстандағы ежелгі тұрғындар тіршілік
ортасының өзгеруіне қарай егіншілікті бірте-бірте мал шаруашылығы
алмастырды. Қазақстан далаларында шамамен б.з.б 2 мыңжылдықтың
соңына қарай қуаңшылық күшейіп, егіншілікпен шұғылдану қиындады.
Көпшілік тайпалар егіншілікті тастап, жаңа тәсіл көшпелі мал
шаруашылығымен айналысты. Көшпелі мал шаруашылығы артық өнім
алуға мүмкіндік берді. Қалыптасу себебі: егіншілікпен айналысу қиындауы,
ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді.
Мал басының көбеюі жаңа жайылымды қажет етті.

8.

Егіншілік пен отырықшылыққа ыңғайлы жер Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстанда жартылай көшпелі мал шаруашылығымен бірге
отырықшы өмір салты, егіншілік қатар дамыды.Таза көшпелі тұрмыс
қалыптасқан аймақтар Батыс пен Орталық Қазақстан. Жартылай
көшпелі мал шаруашылығымен Алтай және Жетісу таулы аймақтары.
Тебіндеп жайылатын жылқы мен қойдың саны артты. Түйелер жүк
көлігі ретінде пайдаланды. Батыс Қазақстан шөлді аймағы түйе өсіруге
қолайлы болды.

9.

Көшу маусымдық
жайылымдары.
Жаз жайлау малды ұзаққа апарып жаю, қыс-қыстау жылы
қоралары бар жылы орын, көктем-көктеу мен қыраттар, ерте
көктемде мал төлдеген, күз-күзеу қыстауға жақын жайылым.
Көшпелілер мал қырқу, құдық қазу, мал күзетуді
ұжымдасып атқарған.
•Жайлау
•Көктеу
•Күзеу
•Қыстау

10.

Көшпелілер
баспанасы
Киіз үй екі бөліктен тұрады, жабуға арналған киіз және ағаш қаңқадан.
Киіз басу үшін қой жүні пайдаланылды. Ағаш қаңқа үш бөліктен тұрды.
Кереге-киіз үйдің негізі, қабырғасы, керегеге байланған уықтар
шаңырақты көтеріп ұстап тұрды. Шаңырақ-дөңгелек немесе конус тәрізді
етіп жасалады. Қыста кірпіш үйде тұрды. Киелі орны Ошақ,
Көшпелілердің баспаналарының пеш орналасты.

11.

Діни-наным сенімдері
«Аң стилі» б.з.б 8 ғ. бастап Еуразия далалы аймақтарында аңдық
стиль пайда болып, сәндік сипатта қолданылды. Басты тақырыбы-аңдар
мен аңыздағы қиял-ғажайып бейнелерді суреттеді.
Темір дәуірінде адамдар Көк тәңірге сыйынды. Темір дәуірінде кең
тараған салт-дәстүр Аттарын бірге көму. Б.з.б 1 мыңжылдықтың
ортасында «дала жолы» жұмыс істей бастады. Б.з.б II ғасырдың
ортасында Ұлы Жібек жолы қызмет ете бастады. О.Сұмағұлов
антрополог Сақ, Сармат, Үйсіндердің келбеттері андроновтықтарға
ұқсас еуропалық нәсіл екенін айтқан. Темір дәуірі аяғында Қазақстан
жері мекендеген көне этностардың бет әлпетінде моңғолидтық белгілер
пайда болған.

12.

Көшпелілердің мәдени жетістіктері:
Ұлы Жібек жолы II ғасырдан бастап
қызмет ете бастады. Қазақстан
арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Ол
қытайдан басталып, Римге барып
аяқталған. Ұлы Жібек жолы тұрақты
дипломатиялық және сауда жүйесі
ретінде қызмет ете бастады. Б.з.б II ғ.
Ортасында Ұлы Жібек жолын
дипломатиялық мақсатқа Қытай
императоры У-Ди пайдаланған.
Б.з.б VI-III ғ. Сақтар Қытаймен,
Үндістан және Персиямен саудасаттық жүргізіп тұрған.

13.

Көшпелілердің мәдени
жетістіктері:
Жылқы өсіру
Көшпелілік тұрмыс-салт
пен мәдениет 3 мың
жылдан астам үнемі
шыңдалып даму,
сапалық өсу үстінде
болды. Жылқыны қолға
үйрету адамзат
өркениетіндегі әсіресе,
көшпелілердің ең үздік
жетістіктерінің бірі
болды. Көшпелілерде
жылқының 3 түрі,
тұқымы болған.

14.

Тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге шыдамды
қазанат және Түркіменстанның ақалтеке жылқысының арғы
тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әлемде алғаш рет екі
доңғалақты арбаны ойлап тапқан көшпелілер.

15.

Көшпелілердің сонау қола дәуірінен бері келе жатқан
киімдері көйлек, шалбар, бешпет, малақай, етік т.б
болды. Сақ заманынан бастап көшпелілер жұқа
матадан тігілген жағасыз жейде киді. Көшпелілердің
бас кимі-тымақ. Көшпелілерде ұзатылатын қыздың
баскиімі-Сәукеле болған.

16.

Әдебиеттер мен оқу құралдары:
1. Т.Тұрлығұл. Қазақстан тарихын оқытудың теориясы
мен әдістемесі А. 2003
2. Г.Қ.Кәдірқұлова. Қазақстан тарихы А ақпарат, 2005
3. Г.В.Кан. Қазақстан тарихы А.Дәуір, 2002
4. К.Қасымбаев. Қазақстан тарихы, Білім 1999
English     Русский Rules