Similar presentations:
Тежеу жүйесі
1.
Тежеу жүйесіТежеу жүйесі автокөліктің қозғалу жылдамдығын азайту және толық
тоқтату үшін, сонымен қоса автокөлікті тұрақты орнынан қозғалтпай ұстау
үшін қажет.
Жоғары жылдамдықты автокөліктердің қозғалыс қауіпсіздігі тежеу
жұмысы жүйесінің тиімділігіне және ақаусыз жұмыс істеуіне тәуелді.
Автокөлікті тежеу, доңғалақтардың айналуына кедергі келтіретін күш
жасау арқылы жүреді, соның әсерінен доңғалақтармен жол бетінің
арасында тежеу күші пайда болады, ол күш автокөлік қозғалысына қарамақарсы бағытталған.
Қазіргі автокөліктерде олардың түрлеріне байланысты бірнеше тежеу жүйелерін
қолданады, әр жүйе өзінің белгілі бір функциясын орындайды.
2.
Негізгі тежеу жүйесі автокөлікті қажетті тиімділікпен толық тоқтағанша тежеп қозғалужылдамдығын басқару үшін қажет.
Запастағы тежеу жүйесі автокөліктің негізгі тежеу жүйесі істен шыққанда автокөліктің
қозғалысын төмендетіп, толық тоқтағанша тежеу үшін қажет.
Тоқтап тұру кезінде пайдаланылатын тежеу жүйесі автокөліктің қозғалмай тұруын
қамтамасыз ету үшін қажет.
Көмекші тежеу жүйесі автокөліктің ұзақ уақыт төмен қарай қозғалуы кезінде негізгі тежеу
жүйесінің тежеу механизмдеріне келетін күшті азайту үшін қажет.
3.
Негізгі тежеу жүйесіАвтокөлік тежеу жүйесінің ең маңызды бөлігіне негізгі тежеу жүйесі кіреді. Негізгі тежеу жүйесіне келесі
элементтер кіреді: энергия көзі, тежеу жетегі және тежеу механизмдері.
Энергия көзі деп автокөліктің тежелуіне қажет, тежеу жүйесін энергиямен қамтамасыз ететін құрылғылар
жиынтығын айтады. Энергия көзі энергия тасығышты жұмысқа дайындайды және көлік құралының барлық
немесе бірнеше тежеу жүйелеріне ортақ болуы мүмкін. Пневматикалық тежеу жүйелеріндегі энергия көзіне
келесі құрылғылар жатады: компрессор, қысым реттегіш, сүзгілер, майды және сұйықты мұз болып қатудан
сақтандырғыштар.
Гидравликалық жетектегі тежеу жүйесі бар автокөліктерде энергия көзі болмайды. Доңғалақтарда қажетті
тежеу моментін қалыптастыруға жүргізушінің бұлшық күшін пайдаланады. Жүргізушінің жұмысын жеңілдету
және тежеу тиімділігін арттыру үшін автокөлік тежеу жүйесінің гидравликалық жетегіне пневматикалық,
вакуумды немесе гидровакуумды күшейткіштер қойылады. Автокөлікті тежеу мақсатында энергияны беру
кезінде осы энергияны басқару және энергияны тежеу механизмдеріне жеткізу үшін тежеу жетегі деп аталатын
құрылғылар жиынтығы қолданылады. Тежеу жетегі келесі функцияларды атқарады: энергия қорын жасақтайды,
энергияны орындаушы органдарға береді, тежеу қарқынын реттейді.
4.
Гидравликалық жетектегі тежеу жүйелеріГидравликалық жетектің артықшылықтарына жататындар:
іске қосылу уақытының аздығы (0,05-0,2c);
доңғалақтардағы тежеу механизмдерінің схемалары бірдей
болғанда қалыптарды итеру күшінің және тежеу
моменттерінің бір-біріне сәйкестігі;
Гидрожетектің кемшіліктеріне жататындар:
қоршаған орта температурасы төмендегенде ПӘК мәнінің
төмендеуі;
бір контурлы жетектің бір жері істен шыққанда негізгі
тежеу жүйесінің толық істен шығу мүмкіндігінің жоғары
болуы.
mechanics