Similar presentations:
Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріндегі отансүйгіштік
1.
111/1 ТОПМахамбет Өтемісұлының
өлеңдеріндегі отансүйгіштік
Ботагөз, Милана, Қарақат, Эльдана, Маржан
2.
ыл
ұ
с
і
м
е
т
Ө
т
е
б
Махам
1803 жылы бұрынғы Бөкей хандығында,
қазіргі Батыс Қазақстан облысы Бекетай
құмында дүниеге келген. Махамбет ақын
жастайынан ақындық өнерге кұмартып
өсті. Асқан дарындылығына қалың
жұртшылық бас иген. Махамбет тек от
ауызды сөз шебері ретінде ғана ел
кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге,
өзінің батырлығы, даналығы мен
адамгершілігі арқасында да даңққа
бөленді. Ол халық арасында болып
жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі
істерді өлеңдеріне арқау еткен
3.
Академик С.Қасқабасов:"Махамбет өзін…алда арманы көп, албырт
шағында адам өзін барынша артық
бағалап, …асып туған батыр сезінген,
сондай болуды көздеген. ойын ашық
айтып, өзінің образын сомдаған. ол өзінің
бет әлпетін, дене құрылысын суретеумен
қатар, өзін жұртқа таныстырды. сөйтіп
өзінің кім екенін, нені көксейтінін
хабарлап, тіпті өзінің мінезін бірге көшіріп
отырған"
4.
жер - суатаулары;
туыстық
атаулары
Махамбет
өлеңдеріндегі
қолданылатын
сөздер:
қару - жарақ
атаулары
қоғамдық әкімшілік
мәнге ие
атаулар
сөз
тіркестері
кірме
сөздер
ерекше
сөздер
5.
Махамбет екі сөзініңбірінде:
"Меннен" ажырамады. "Менің атым
Махамбет!","Мен
Өтемістің
баласы
Махамбет атты батырмын", "Мен, мен
едім, мен едім", "Мен құстан туған
құмаймын",
"Мен
кескекті
ердің
сойымын", "Боз ағаштан биік мен едім",
"Мен тауда ойнаған қарт марал", "Мен
ақсұңқар құстың сойы едім", "Мен келелі
қара бұлтпын"- деген еді
6.
Махамбет поэзиясының тілі – шын мәнінде халықтық тіл. Ақын өзкезіндегі қазақ халқының тіл байлығынан қажетінше ала да, оны
өзінің керегіне жарата да білген. Махамбет шығармаларының тілі
әрі көркем, әрі образды, әрі өткір, әрі күшті болуымен қатар, әр
сөзі орынды, әр жағдайдың өзіне лайықты, соған тән болып
келеді. Оның тілдерінің күштілігі, көркемдігі мазмұнға
бағыныңқылығында. Мысалы:
Мұнар да, мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанған шөккен күн, – деген үзіндідегі "мұнар", "шұбар"
деген эпитеттерді алсақ, бұл эпитеттердің батырлардың өз
бастарына және ел басына түскен ауыр халдерін суреттеп беруде
үлкен мәні бар. Хан мен билердің ел басына туғызған қара күнін,
басқа күндерден айрықша көрсету ушін, ақын сол күннің
бейнесінде оқушыларының көз алдына елестету үшін "күн" деген
сөздің алдына "шұбар", "мұнар" деген эпитеттерді қолданған.
7.
Махамбет өлеңдерінде эпитет, теңеу, әсірелеу, литота, ауыстырумағынасында қолданылатын фигура өзара байланысты түрде де
жиі ұшырайды. Бұлардың өзара байланыстары ақынның сөзге
шеберлігін дәлелдейді. Бұл жағынан алып қарағанда да
Махамбеттің көркем сөз ұстасы екендігінен ешкім шек келтіре
алмайды. Мысалы:
Кермиығым, кербезім!
Керіскендей шандозым!
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым!
Теңіздей терең ақылдым!
Тебіренбес ауыр мінездім! – деген үзіндіде метафора, теңеу,
эпитет бір-бірімен байланысып келетінін көреміз. Мұндағы
образдар шебер қолданылған
8.
Махамбет жырларының құрылысына, көркемдікерекшелігіне талдау
Махамбеттің жыр еткен тақырыбы ерлік, халықты ерлік қимылға
үндеу. Сондықтан жайма-шуақ жәй кездегі көңіл күйін көрсетуге
қолайлырақ келетін 11 буынды өлеңдерден гөрі, қимыл-әрекетті,
алыс-жұлыс, жортуыл тәрізді өмір құбылыстарын суреттеуге
лайықты жыр ағымы, 7-8 буын аралас келетін өлең ырғағы оған
анағұрлым ыңғайлы тәрізді.
Он бір буынды өлең Махамбетте біреу-ақ. "Мінгені Исатайдың
Ақтабан-ай". Басқа өлеңдерінің бәрі де не 7 мен 8 буыннан, не
таза 7 буын болып келеді.
Махамбет өлеңдерінде (11 буынды, қара өлең ұйқасымен келетін
бір-ақ өлеңін есепке алмағанда) үш түрлі ұйқасты кездестіреміз:
шұбыртпалы, кезекті, ерікті ұйқастар. Ақын көбінесе шұбыртпалы
ұйқас пен ерікті ұйқасты көбірек қолданады. Өйткені бұл екі
ұйқастың екеуі де ақынның айтайын деген ой-пікірін дәл беруге
ыңғайлы, белгілі бір заңды өлшеуге бағынған шумақты, ұйқасты
өлеңдерден шеңбері тарлық етпейтінге ұқсайды.
9.
Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастағанасқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп,
билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер
шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі
ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын
ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік
жасау мақсатымен Махамбетті қамауға алғызды.
1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала
бекшісінің түрмесіңде отырды, бостандыққа
шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды.
10.
Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулыкетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де
жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған
сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс
туралы толғаулар. "Жәңгірге", "Баймағамбет сұлтанға" деген
өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе,
"Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле,
ашына айтты. Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты
қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай", "Исатай деген ағам бар",
"Исатай сөзі", "Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың
адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы
сипатталады
11.
XIX ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметі БатысҚазақстанда ішкі саясат жүргізіп, отарлық езгіні күшейте түседі.
Олар кіші жүздің егіншілікке қолайлы, құнарлы жерлерін тартып
алады. Қазақ руларының малға жайлы, сулы орманды жерлері
үкіметтің қолына кетеді. Қазақтарға жайықтан балық аулауға, тұз
өндіруге, ағаш кесуге тиым салынады
12.
Казак орыстар балық аулап оны Ресейдің ішкі базарларынаөткізіп мол дәулетке кенеледі. Ресей патшасына тәуелді болған
Жәңгір хан әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы саяси
тұрақтылықты, тепе-теңдікті ұстап тұра алмайды.
13.
Ел басқару әдісін орыс әкімшілікжүйесіне бұруы, рулық
бірлестіктерді жойып елді
әкімшілік әдіспен басқаруы, сөйтіп
ру басшыларымен старшындардың
құқығын шектеуі, халықтың
наразылығын тудырды. Жәңгір хан
бұрынғы кең жайылымдарды бөліп,
оларды белгілі бір төлемге жалға
беретін болды. Жер таласы
күшейеді. Қазақтар үкіметке көп
көлемде салық төлеуге
міндеттеледі. Ордадағы жердің
85%-ы 25-30 ауқатты шаңырақтың
меншігінде болады. Елім, халқым
деген ханның шын бет-бейнесі осы
тұста ашылады.
14.
те
б
м
а
х
а
М
н
е
к
с
ү
т
і
с
е
с
ң
е
н
і
ш
ү
Ел
н
е
г
н
ө
т
а
н
ы
с
а
б
ң
ы
т
қ
ы
л
а
х
р
ы
бат
ы
с
О
.
ы
д
й
а
л
ә
н
і
к
ы
д
н
а
х
н
і
ш
ү
т
қасіре
е
г
р
і
г
ң
ә
Ж
ң
і
т
т
е
б
кезекте Махам
ң
і
т
т
е
б
м
а
х
а
М
(
:
р
а
б
і
з
ө
с
н
а
қ
т
й
а
)
ы
н
а
қ
т
й
а
е
г
Жәңгір
Хан емессің, Қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің, ылаңсың,
Қара шұбар жылансың.
Хан емессің, аярсың,
Айыр құйрық шаянсың!
15.
Жәңгірдің бұл саясаты көптеген руларды өз жерлеріненкөшіріп, рулық билікті әлсіреуге әкеп соқтырады. Сөйтіп
ішкі Бөкей Ордасында бір-біріне қарсы екі топ пайда
болды. Бірі Жәңгірді жақтаған топ, екіншісі халық қоштаған
Исатай мен Махамбет тобы болды. Ата қонысынан
айырылған халық екі батырдың жанына жинала бастады.
1836 жылдың 23 мамырда Жәңгір Орынбор губернаторы
Перовскийге хат жолдайды. Онда Исатай мен Махамбет
халықтың арасында жарамсыз сөз таратып, басқаларды
маған бағынбауға шақырды деп жазады. 1837 жылдың 27
қазанында көтерілісшілер қалың қол туын желбіретіп
Ордаға басып кіреді
16.
ңі
д
р
е
л
і
ш
с
і
л
і
р
е
т
ө
к
т
е
б
м
а
Мах
:
і
д
е
р
е
т
ө
к
н
е
м
і
р
е
д
з
ө
с
ы
с
о
рухын
)
е
м
е
т
і
б
і
с
і
ң
і
(Ерлерд
Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Ерлердің ісі бітеме
17.
Ерлердің ісі бітеме деп рухынкөтерген еді. Хан оларға талабын
айтып, содан соң ойлануға 10 күн
берсін деп елшісін жібереді. Бірақ,
Пировский көтерілісті басу үшін
подполковник Гекке бастаған
әскери топ құрады. Көтерілісті
басуға жан-жақтан жазалаушы
отрядтар келе бастайды
18.
ан
ы
м
ң
і
т
т
е
б
м
а
х
а
М
ы
д
й
а
д
ғ
Бұл жа
е
р
ө
к
н
а
н
ы
р
а
т
қ
а
м
р
а
т
ң
е
л
ө
т
е
б
м
а
х
а
М
,
й
Ә
аламыз: (
)
м
ы
с
а
д
л
о
ж
Қорлықта жүрген халқыма,
Бостандық алып берем деп,
Қырық бір жасқа келгенде,
Ауыр әскер қол ертіп,
Жасқұсқа барып кіргенде,
Арыстандай ақырған
Айбатыма шыдамай,
Хан баласы жылады-ай
19.
Көтерілісшілер 50-60 адамнан айырылып кейіншегінеді. Пировский кіші жүздің батыс бөлімінің
билеушісі сұлтан Баймағамбетке Исатайдың
Жайықтан өтіп, қашып шығу мүмкіндігін ескертіп,
сенімді адамдардан отряд дайындауын міндеттейді.
1838ж маусымда Көкбектіде 3 мың қол жиналады.
Және осы жылдың 11 шілдесінде Исатай мен
Махамбет бастаған көтерілісшілердің ең белсенді
тобы Қиыл өзеніне қарай бет алады. Өзеннің арғы
жағында Гекке мен Баймағамбет тобы оларға
зембірек ата бастайды. Күш және технология
жағынан мықты болған Гекке тобы көтерілісшілерді
жеңеді. Осы шабуылда Исатай батыр көз жұмады
20.
ңе
л
ө
а
д
ы
л
а
р
у
т
л
ұ
б
т
е
б
Махам
н
е
к
т
е
к
п
а
л
р
ы
ж
н
ы
р
а
д
л
о
ж
болатын:
Сандық толы сары алтын
Сапырып судай шашқан күн Түс қыла гөр, құдайым,
Біздей тақ мейманасы тасқанға
Біздің ер Исатай өлген күн!
Он сан байтақ бүлген күн!
Орта белін сырлаған
Оқ жаңбырдай жауған күн;
Оң қанатын теріс жайып,
Лашын қуға төнген күн,
Желпілдеген ала ту
Жиырылып ойға түскен күн.
21.
Исатай қаза тапқаннан кейін МахамбетӨтемісұлы біраз адамдармен Хиуа
хандығына өтіп кетеді. Кейін Орынбор
әкімшілігі оны қолға түсіріп, сотқа тартып,
Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот
үкіміне риза болмаған Баймағамбет
сұлтанның адамдары 1846 ж. қыркүйекте
Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді.
Бұл көтерілістің бүгінгі тақырыптағы орны
өте маңызды. Себебі осы көтерілістен,
Махамбет батырдың бұл қасіретке арнап
жазған өлеңдерінен нағыз отансүйгіштікті
байқап, түсіне аламыз. Оның батырлығы мен
қайсарлығы, еліне берілгендігі адамды
тебірентіп қана қоймайды, сонымен қатар
нағыз таным-тәрбие береді
22.
Назарларыңызғарахмет!