2.22M
Category: mathematicsmathematics

Ttrends in mathematics and science study

1.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасы
TRENDS IN MATHEMATICS AND
SCIENCE STUDY
211/1
TIMSS ТОБЫ
Нагыматдин Ботагөз
Ділдан Маржан
Серғали Милана
Досымбекова Жансая
Ясын Эльдана
Кеңес Ақдана
Ілімтәліп Қарақат
Кеңес Фариза
Сейілханова Мерей

2.

TIMSS деген не?
ТІМSS (Trends in Mathematics and Science
Study) зерттеуі - 4 және 8 сынып
оқушыларының математика мен
жаратылыстанудан білім сапасын
бағалайтын 4 жылда бір рет болатын
халықаралық сапа зерттеуі.

3.

Зерттеуге 63 елден аса
әлем елдері қатысады.
Бағдарламаны оқушылардың білім
жетістіктерін бағалау бойынша
Халықаралық Қауымдастығы (IEA International Energy Agency) жүргізеді.

4.

1995
жылдан бері бастау алатын TIMSS зерттеуінің негізгі мақсаты 4 сынып
оқушыларының математика мен жаратылыстану пәндері бойынша оқу
жетістіктерін бағалау және мектепішілік, мектептен тыс білім сапасы
бойынша айырмашылықты анықтау болып табылады

5.

4 сынып
TIMSS оқушылардың
математика және
жаратылыстану
ғылымдары бойынша
білімі мен дағдыларын
төртінші және сегізінші
сыныптар деңгейінде
бүкіл әлем елдеріндегі
құрдастарының
көрсеткіштерімен
салыстыруға бірегей
мүмкіндік береді.
8 сынып

6.

Неліктен 4 және 8 сыныптар?
Әлемнің көптеген елдерінде 4-сынып бастауыш білім
берудің соңғы сатысы болып табылады. Осылайша, 4сынып оқушыларды тексеру, балалардың бастауыш
мектепте алатын білім көлемін бағалауға мүмкіндік
береді. Өз кезегінде, 8-сынып оқушыларын тестілеу
бастауыш мектеп оқушыларының аралық білімдерін
бағалауға мүмкіндік береді, бұл зерттеу деректерін
талдау негізінде қажет болуы мүмкін білім жүйесіндегі
өзгерістерге жеткілікті уақыт (4 жыл) қалдырады.

7.

Бірінші цикл 1995 жылы өткізілді, содан бері
зерттеуге 50-ден астам ел қатысты, әр цикл
сайын қатысушы елдер мен жекелеген
аймақтар саны артып келеді.
Қазақстан TIMSS зерттеуінің төрт циклына
қатысты
2007 2011 2015 2019

8.

Еліміздің халықаралық зерттеулерге
қатысуы не береді?
Білім берудің бақылау-бағалау
жүйесін реформалауға;
Қазақстандық білім беру жүйесінің
әлемдік білім беру кеңістігімен бірігуіне;
Білім беру мазмұнын жаңартуға, білім беру сапасын
бақылаудың қазақстандық
жүйесін құруға;
Ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыруға
мүмкіндік береді.

9.

Зерттеудің жетінші циклінің ерекшелігі
компьютерлік форматты енгізу болды eTIMSS. Бұл формат ноутбук, планшет немесе
компьютер арқылы тест тапсырмаларын
орындауды қарастырды. Зерттеудің
компьютерлік нұсқасы жетілдірілген
технологиялармен, түрлі-түсті графикамен
және интерактивті мүмкіндіктермен әр түрлі
жұмыс форматтарын қамтиды.
Математикалық және жаратылыстану
ғылымдарының тақырыптарын кеңейтумен
қатар, зерттеудің цифрлық форматы
математика бойынша тапсырмалардың едәуір
бөлігін автоматтандырылған бағалауға
мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, жаңа формат оқушылардың
тапсырмалармен қалай жұмыс істейтіні
туралы ақпарат жинауға мүмкіндік берді,
мысалы, тест тапсыру уақыты туралы
мәліметтер және оқушылардың жетістіктерін
талдау үшін қажет басқа мүмкіндіктер.

10.

TIMSS-2019 бағалау шеңберіне сәйкес
математика және жаратылыстану - екі
өлшеммен анықталады:
мазмұнды
саласын
бағалау
танымдық
саласын
бағалау

11.

Тест тапсырмалары арқылы оқушылардың "білім", "қолдану"
және "талдау" танымдық салалары бойынша құзыреттіліктері
де бағаланады.
Білім
"Білім" саласының тесттерін орындау кезінде оқушылардан
анықтамаларды, құрылымдарды есте түсіру, есептерді,
өрнектерді шешу, сандарды жалпы қасиеттер бойынша ретке
келтіру, графиктермен, кестелермен жұмыс істеу, тиісті өлшем
бірліктерін таңдау қажет.
Қолдану
"Қолдану" танымдық саласы оқушылардың есепті шешудің
тиімді әдістерін анықтауға, кестелер немесе графиктер түрінде
мәліметтерді ұсынуға, фигураларды модельдеуге немесе
теңсіздіктерді құруға бағытталған.
Талдау
“Талдау" танымдық саласының тапсырмалары шеңберінде
логикалық ойлау, сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды
шешу үшін тиісті ақпаратты талдау және пайдалану,
қорытындылау, жалпылау, есептерді шешу дәлелдерін негіздеу
мүмкіндігі бағаланады.

12.

TIMSS бағалаудың
маңызды
критерийлерінің бірі
- математикада да,
жаратылыстану
пәндерінде де
оқушылардың
нәтижелерін төрт
қиындық деңгейіне
(төмен/орташа/
жоғары/күрделі)
бөлу. Әр деңгей
оқушылардың
белгілі бір
білімдерінің,
дағдыларының
жиынтығына сәйкес
келеді.

13.

TIMSS зерттеу
компоненттері

14.

15.

16.

17.

ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл зерттеугелерге қатысу тәжірибесі білім беру сапасының
көрсеткіштерін жақсарту стратегияларын жасау үшін нақты
ұсыныстар алуына септігін тигізді. Қазіргі таңда ғылым мен
білім тұрақты жаңаруда, техника мен технологиялардың
жылдам даму қарқыны байқалып келеді. Болып жатқан
өзгерістерге дайын болу үшін, ең алдымен білім беру жүйесіне
ықпал ететін факторларға тоқталып кетуіміз керек. Оқушылар
бойында көшбасшылық, бастамашылық және кәсіпкерлік
дағды, икемділік, кез-келген туындаған мәселені шеше білуге,
ұжымдық жұмыс ұйымдастыра білуге, өз ойын ауызша да,
жазбаша да сауатты және анық білдіру қасиеттеріне
баулуымыз керек.
English     Русский Rules