32.99M
Categories: mathematicsmathematics pedagogypedagogy

Негізгі мектеп математикасын оқыту барысында деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың зерттеушілік қызметін дамыту әдістемесі

1.

Тақырыбы:
«Негізгі мектеп математикасын оқыту
барысында деңгейлік тапсырмалар арқылы
оқушылардың зерттеушілік қызметін
дамыту әдістемесі»
Орындаған:Ускенбаева Г.Н.

2.

МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
1ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Негізгі мектеп математикасын оқытуда деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың зерттеушілік қызметін
дамытудың педагогикалық-психологиялық негіздері.
1.2 Негізгі мектеп математикасын оқытуда деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың зерттеушілік қызметін
дамытудың мүмкіндіктері, қазіргі жай күйі және дамуы.
1.3 Негізгі мектеп оқушыларының зерттеушілік қызметтерін ұйымдастырудың құрылымдық-мазмұндық
ерекшеліктері.
Бірінші тарау бойынша тұжырым
2 НЕГІЗГІ МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың зерттеушілік қызметін дамытудың мақсаттары мен мазмұны.
2.2 Негізгі мектеп математикасын зерттеу әдісімен оқытудың әдіс-тәсілдері, құралдары
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жүмыстары және оның нәтижелері
Екінші тарау бойынша жалпы тұжырым
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

3.

КІРІСПЕ
Оқушылардың зерттеушілік қызметтерінің дамуы мен қалыптасуы
орта мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек.
Ежелден- ақ ұлы ойшылдарымыз Әл -Фараби, Ж. Баласағұн, ұлы Абай
еңбектерінде адамның жеке басын, зерттеушілік қабілеттерін дамытуды
үнемі көтеріп отырған. Оқушылардың зерттеушілік қызметін
ұйымдастыру мәселелері Ресейлік және Қазақстандық ғалым
педагогтардың ( А.А. Столяр, А.А. Бейсенбаева, М.Ж. Жадрина және
т.б.) ғылыми зерттеулерінде жиі кездеседі.
Ал, оқу процесінде оқушылардың зерттеушілік қызметтерінің
дамуына бағытталған жаңа технологияларды енгізуді А.П. Беспалько,
П.С. Селевко, В.М. Монахов, Ж.А. Қараев, Г.М. Құсайынов, Г.С.
Күдебаева, М.М. Жанпейсова т.б. теориялық және практикалық
жағынан дәлелдеп беріп отыр.

4.

• Зерттеудің көкейкестілігі.Оқу процесінде жеке тұлғаға
бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық
тәжірибемен сабақтастыра зерттеу- бүгінгі күн талабынан
туындап отырған педагогика ғылымының маңызды
міндеттерінің бірі. Осыған байланысты қазіргі кездегі білім
берудің көкейкесті міндеті оқушылардың зерттеушілік қызметін
дамыту болып табылады.
• Елімізде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық жағдайға
сәйкес негізгі мектеп оқушыларына зерттеушілік қызметін
дамытатын деңгейлік есептерін шығарту мәселесін педагогикалық
тұрғыдан шешу қажеттілігі мен мәселенің мектеп тәжірибесінде
өз дәрежесінде іске асырылмауы арасындағы қайшылықтар
диссертация жұмысының тақырыбын «Негізгі мектеп
математикасын оқыту барысында деңгейлік тапсырмалар
арқылы оқушылардың зерттеушілік қызметін дамыту
әдістемесі» деп таңдауымызға негіз болды.

5.

Зерттеудің мақсаты:
• негізгі мектеп математикасын оқыту барысында деңгейлік тапсырмалар
арқылы оқушылардың зерттеушілік қызметін дамытуды теориялық
тұрғыдан негіздеу және ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Зерттеу міндеттері:
1
2
3
негізгі мектеп
математикасын оқыту
үдерісінде деңгейлік
тапсырмаларды
оқушылардың зерттеушілік
қызметін дамытуда
пайдаланудың теориялық
негіздерін айқындау;
математикадан деңгейлік
тапсырмаларды
оқушылардың зерттеушілік
қызметін дамыту мақсатында
пайдаланудың мәні мен
ерекшеліктерін көрсету;
білім сапасын арттыруға
бағытталған оқушылардың
зерттеушілік қызметін
ұйымдастыру әдістемесінің
тиімділігін тәжірибелік
эксперимент арқылы
тексеру.

6.

Зерттеу нысаны: Негізгі мектеп математикасын оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың зерттеушілік
қызметін дамыту .
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, негізгі мектеп математикасын оқыту
барысында деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың зерттеушілік
қызметін дамытудың тиімділігі теориялық тұрғыдан негізделіп,оны
пайдаланудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалса, онда оқыту
үдерісінде оқушылардың білім сапасының артуына мол мүмкіндік
туады, сөйтіп, ол оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятуға
негіз болады.
Зерттеудің жетекші идеясы: Негізгі мектеп математикасын оқыту
үдерісінде оқушылардың зерттеушілік қызметін дамыту білім мазмұны
мен оқыту әдістерінің өзара байланысына сүйенеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: ғылыми таным мен
оқыту үдерісіндегі оқушылардың зерттеушілік қызметі туралы
философиялық білім, оқушылардың білім сапасын арттыруды
ұйымдастырудағы оқыту құралдарын пайдалану жөніндегі
дидактикалық және әдістемелік көзқарастар, теориялар мен идеялар.

7.

Зерттеу әдістері:
A
-деңгейлік тапсырмалар түрлерін ,
оқушылардың зерттеушілік
қызметін ұйымдастыру әдістерін
және шығармашылық білімі мен
біліктілігін анықтау;
B
C
тәжірибелік эксперимент
жұмыстарын жүргізу және оның
нәтижелерін статистикалық
тұрғыда өңдеу, қорытындылау.
-негізгі мектеп математикасын оқыту
барысында деңгейлік тапсырмалар арқылы
оқушылардың зерттеушілік қызметін дамыту
бойынша философиялық,психологиялық,
педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге
теориялық талдау жасау;
D
оқушылардың білімді меңгеру деңгейін
анықтау үшін мұғалімдермен және
оқушылармен сауалнама жүргізу;

8.

Оқушылар зерттеушілік ізденістерін көтеру төрт кезеңнен тұрады.
І кезең
бұл кезеңде мұғалім
оқушыға қарапайым
таным әрекетімен
таныстырады. Есептерді
шығару барысында
кітаппен жұмыс істеуге,
соған ұқсас есептерді
тауып шығаруға
көмектеседі. Есептерді
шығаруға нұсқау беріп, өз
бетімен орындалуына
мүмкіндік береді.
ІI кезең
бұл кезеңде
мұғалім есепті
шешудің әр түрлі
тәсілдерін
көрсетіп
талқылай
отырып
қолайлысын,
тиімдісін таңдай
білуге үйретеді.
ІII кезең
бұл кезеңде оқушы өте
үлкен жауапкершілік
жүктеледі. Оқушы
сыныптан тыс
қосымша оқуға
жалпылама
қорытынды жасай
білуге үйрену керек,
жұмысына анализ
беріп, алдағы
жұмысына жоспар құра
білу керек.
ІV кезең
бұл кезеңде оқушы
жұмысы
ізденімпаздық
мағына алады.
Кейбір
теориялардың
дәлелдемесінің
басқа тәсілдерін
табу, ғылымиконференцияға
баяндама дайындау.

9.

Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – белгіліден белгісізге қарай, жеңілден
күрделіге қарай үйретуге негізделген жаттығулар түрі.
Сондай деңгейлік тапсырмаларды талдап көрелік.
1.Білімдік тапсырма.
Оқушының белгілі бір математикалық тақырып бойынша
теориялық білімін бекітетін, жаңа материал бойынша негізгі
білім, білік дағдыларын қалыптастыратын, әрі сол теориялық
– білімді анықтау, тексеру мақсатында берілетін тапсырма
білімдік тапсырма деп аталады.
3. Пәнаралық тапсырма.
Өтілетін тақырыпты басқа пәндермен, ғылымның өзге
салаларымен байланыстыра отырып, оқушыға математикалық
материалды терең әрі жан-жақты меңгертуге арналған
тапсырманың түрі пәнаралық тапсырма деп аталады.
5. Танымдық тапсырма.
Белгілі бір математикалық тақырып негізінде оқушының
ойлау қабілетін, дүниетанымын, ой-өрісін дамытуға әрі сол
к тақырыптың өзіндік орны мен қажеттілігін танытуға
арналған тапсырманың түрі танымдық тапсырма деп
аталады.
2. Проблемалық тапсырма.
Белгілі бір математикалық тақырып бойынша оқушыны
өздігінен ойлантуға, ой қорытындысын жасауға, анализдеп,
синтездеуге мәселе қойып, проблемалық жағдай туғызып,
соған байланысты оңтайлы шешім қабылдауға үйрететін
тапсырманың түрі – проблемалық тапсырма деп аталады.
4. Математика тіліне байланысты шешендік тапсырма.
Оқушының айтар ойын жүйелі жеткізе білуге
дағдыландыратын, математикалық тұрғыда дұрыс сөйлеу
мәдениетін қалыптастыратын, кез-келген жағдайда сөз тауып,
оны орынды қолдана білуге жетелейтін, үйрететін
тапсырманың түрі – шешендік тапсырма деп аталады.
6. Интеллектуалдық тапсырма.
Белгілі бір математикалық тақырып негізінде оқушының
жеке ойын, пікірін, өзіндік көзқарасын қалыптастырып,
өзінің ұсынысын ашық айтуға бағыттайтын тапсырманың
түрі – интеллектуалдық тапсырма деп аталады.

10.

Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізуге үйрету үшін :
-оқушы жетістігін
мадақтап,көтермелеу керек.
-шығармашылық жаттығу,
тапсырмалардың мазмұнын
оқушылардың
жас ерекшелігіне,қызығушылығына
сай таңдау;
- мұғалімнің өзі теориялық
білімдерін жетілдіріп отыруы
қажет;
- зерттеу барысында өз бетімен
қорытынды жасай алу;
- зерттеу процесіне баланы
үзбей, сатылы түрде
қатыстыру;
- зерттеу кезеңдері мен әдіс -тәсілдерін
айқындап алу;

11.

Қорытынды
1. Негізгі мектеп математикасын оқыту барысында деңгейлік тапсырмалар арқылы
оқушылардың зерттеушілік қызметін дамыту мәселесі ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде
тыңғылықты зерттелмеген екен. Деңгейлік тапсырмалар ұғымына анықтама берілгенде, тек
қана тапсырмалардың мазмұны бойынша деңгейлеу қарастырылған екен.
2. Біз зерттеу жұмысымызда деңгейлік тапсырмаларды түрлерге бөлуде төмендегідей
жағдайларға байланысты жіктеуге тырыстық:
А) Тапсырманы орындаудағы оқушылардың қызметтерінің алгоритмін құрастыру бойынша
деңгейлеу;
Б) Тапсырмалардың мазмұнына сай орындау, есептерді шешу барысындағы оқушылардың
зерттеушілік –ізденушілік іс-әрекеттерін деңгейлеу;
В) Негізгі мектеп математикасын оқытудағы арифметикалық, алгебралық, геометриялық
есептерді талдау арқылы оқушылардың зерттеушілік іс-әрекеттерін дамытатын «арнайы
есептерді» жинақтап, оларды деңгейлерге бөлдік.
3.Деңгейлік тапсырмаларды тек қана мазмұны бойынша емес, оларды орындаудағы әдістәсілдері бойынша деңгейлеп, түрлерге бөліп қарастырдық.
4. Диссертацияда қарастырылған есептер арнайы таңдап алынды. Әрбір есепке сай әртүрлі
шешу әдіс-тәсілдері келтірілді.Есептерді шешудегі оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін
дамытудың өзіне сай әдістемесі қарастылды.

12.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
•Омарова Р. С. ЖОО-нда студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру: пед. ғыл. канд. ... дис.:
- Алматы, 2002
•Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. М.: Учпедгиз,1939. Т.1.
• Алтынсарин Ы. Шығармалары. – Алматы; Жазушы, 1986. – 201 б.
•Әбілқасымова А. Е. Познавательная самостоятельность студентов: учебное пособие. – Алматы: Санат,
1998. – 160 с.
•Пиаже Ж. Математические и операторные структуры мышления:/КН/ Преподавание математики.
М.,1960, 234 с.
•Гузеев В.В. Познавательная самостоятельность учащихся и развитие образовательной технологии. –
М.:НИИ школьных технологий. 2004.-128с.
•Шаталов В.Ф.Педагогическая проза. - М.: «Педагогика», 1980. – 94 с.
•Ильин Е.П. Мотивация и мотивы СПб.: Питер, 2000 - 512 с.
•Давыдов В.В. Учебная деятельность и творчество учащихся // Формирование творческого мышления
школьников в учебной деятельности. Уфа, 1985. - 4.1. - С.5-12.
•Бабанский,Ю.К. Избранные педагогические труды. - М.: Педагогика, 1989. - 558 с.
http://elib.gnpbu.ru/text/babanskiy_izbrannyepedagogicheskie-trudy_1989/
English     Русский Rules