Similar presentations:
Қылмыстық істердің соттылығы. Соттылық-қылмыстық процессуалдық
1.
Қылмыстық істердіңсоттылығы
Соттылық-қылмыстық процессуалдық
заңнамаға сай , қылмыстық істі бірінші
сатылы сот ретінде қай соттың қарауына және
шешуіне жататындығын анықтайтын және
қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға
қауіптілігін анықтайтын белгілердің
жиынтығын айтамыз.
2.
Қылмыстық құқық бұзушылықтыңсипатына,қылмыстың жасалу
орнына,қылмыс жасаған субъектінің
сипатына қарай соттылықтың түрлері.
Пәндік
Арнайы
Жергілікті
Істердің
байланысы
бойынша
3.
1)Пәндік бегісі Сот жүйесіндегі қандай сот буыны сол істі қарауғаөкілетті және де жалпы соттар мен мамандандырылған соттардың өзара
құзіреттері анықталады.
Оларды ҚПК-нің 306-313-баптар аралығы қамтиды.
2) Арнайы- қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісін сипаттайтын
белгісі. Ереже бойынша , мұнда кәмелетке толмаған адам, сондай-ақ
әскери қызметшілер немесе оларға теңестірілген тұлғалардың
жататындығын ескеруіміз қажет.
3) Жергілікті-қылмыстың жасалу орнына қарай , қай сотқа
жататындығы жайлы белгі. ҚПК-нің 314-бабында көзделген ереже
бойынша жүргізіледі.
4)Істердің байланысы бойынша- бір н/е бірнеше тұлғаның бірнеше
қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандары үшін , және олардың
бірі аса ауыр қылмыстарының қатарына жатқызылатын болса , онда ол
істер қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған
соттармен, ал әскери қызметщілердің жасаған қылмыстық құқық
бұзушылықтары бойынша істерді ауданаралық мамандандырылған
әскери соттары қарайды.
4.
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар біріншісатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Мамандандырылған соттардың соттылығына
жатқызылған қылмыстық істерді қоспағанда, барлық
қылмыстық істер, егер олардың соттылығы осы Кодексте
көзделген жағдайларда өзгертілмеген болса, аудандық және
оған теңестірілген соттың соттылығына жатады.
3. Мамандандырылған тергеу соттары,
мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары
қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында сотқа дейінгі
тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, жеделіздестіру қызметінің, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің
заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың
шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған
шағымдарды қарайды, осы Кодексте көзделген жағдайларда
процестік әрекеттерді санкциялайды, сондай-ақ осы
Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5.
Мамандандырылған ауданаралық сот бірінші сатыдағы сот ретіндеәрекет етеді, оның соттылығына:
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың,
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери
соттың және гарнизонның әскери сотының соттылығына жатқызылған
істерді қоспағанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық
бұзушылықтар туралы;
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және
гарнизондардың әскери соттары бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерде
және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери
қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, әскери жиындардан өту
кезінде запастағы азаматтар, өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға
байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер
орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің
азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да қылмыстық құқық
бұзушылықтар туралы қылмыстық істер жатады.
6.
Облыстық және оғантеңестірілген сот
апелляциялық сатыдағы сот
ретінде әрекет етеді.
2. Облыстық және оған
теңестірілген сот аудандық
және оларға теңестірілген
соттардың, кәмелетке
толмағандардың істері
жөніндегі
мамандандырылған
ауданаралық соттардың,
сондай-ақ қылмыстық істер
жөніндегі
мамандандырылған
ауданаралық соттардың
заңды күшіне енбеген
үкімдері мен қаулыларына
апелляциялық (жекеше)
шағымдар, прокурордың
өтінішхаттары бойынша
істерді апелляциялық
тәртіппен қарайды.
Қылмыстық заңда тыйым
салынған іс-әрекетті есі дұрыс
емес күйде жасаған не оны
жасағаннан кейін жүйке
ауруымен ауырған адамдарға
медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын
қолдану туралы істерді
бірінші сатыдағы сот
қарайды.
7.
Қылмыстық iстердiң аумақтық тұрғыдағы соттылығы1. Қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық жасалған
жердегi сотта қаралуға жатады.
2. Егер қылмыстық құқық бұзушылық бiр соттың қызметі
жерiнде басталып, басқа соттың қызметі жерiнде аяқталса, iс
тергеп-тексеру аяқталған жердегi соттың соттылығына жатады.
3. Егер қылмыстық құқық бұзушылық Қазақстан
Республикасынан тысқары жерде жасалса немесе қылмыстық
құқық бұзушылық жасалған жердi анықтау мүмкiн болмаса
немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар әртүрлi жерде
жасалса, iстi тергеп-тексеру аяқталған жердегi сот қарайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеп,
айыптау хаттамасы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру
хаттамасы, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасалған
немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
үшін істі сотқа жіберу туралы қаулы шығарылған жер тергептексеру аяқталған жер болып табылады.
8.
Қылмыстық iсті соттылығына жататын соттан басқа сотқа беру1. Жекелеген жағдайларда, істі неғұрлым тез, жан-жақты және объективті
қарау мақсатында, соның ішінде алқабилердің қатысуымен қаралатын
сотталушының келісімімен немесе процеске қатысушылардың өтінішхаты
бойынша ол бір соттан сол деңгейдегі басқа соттың қарауына берілуі
мүмкін.
Бұл ретте істі оның сот отырысында қаралуы басталғанға дейін ғана
беруге жол беріледі.
2. Егер сот осы соттың барлық судьяларының істі қарауға қатысуына
кедергі келтіріп отырған мән-жайларға байланысты iстi қарайтын жағдайда
болмаса, сондай-ақ істің жан-жақты және объективті түрде қаралуын
қамтамасыз ету мақсаттарында не басқа сотқа беру сот процесіне
қатысушылардың жеке қауіпсіздігіне төнген нақты қатермен байланысты
болғанда, іс тараптың өтiнiшхаты, судьяның немесе сот төрағасының
ұсынуы бойынша бiр соттан сол деңгейдегi басқа соттың қарауына берiлуi
мүмкiн.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көрсетiлген негiздер
бойынша iстi бiр соттан екiншi сотқа беру туралы мәселенi жоғары тұрған
сот шешедi, бұл туралы қаулы шығарылады. Істі бір соттың апелляциялық
немесе кассациялық сатысынан басқа соттың тиісті сатысына беру осы бапта
көзделген негіздер және тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
9.
Соттылық туралы дауларды шешу1. Соттар арасындағы соттылық туралы дауларды
жоғары тұрған сот шешедi, оның шешiмi түпкiлiктi
болып табылады және шағым жасалуға жатпайды.
2. Тараптардың істiң бұл соттың соттылығына
жатпайтыны туралы арыздарын осы сот шешедi. Соттың
соттылық мәселесі бойынша шығарған қаулысына
жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкiн, оның
шешiмi түпкiлiктi болып табылады және шағым жасауға,
прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға,
наразылық білдіруге жатпайды.
10.
Шолусұрақтары:
1)Соттылықтың неше түрлері бар?
2)Егерде әскери қылмыстар орын
алған жағдайда қандай соттар
шешеді?
3) Егер қылмыстық құқық бұзушылық
бiр соттың қызметі жерiнде басталып,
басқа соттың қызметі жерiнде
аяқталса, iс қай жердегi соттың
соттылығына жатады.