82.07K
Category: educationeducation

Апелляциялық сотта істі қарау

1.

Апелляциялық сотта істі қарау
1. Осы Кодекстің 54бабының екінші бөлігінде
көзделген жағдайларда
апелляциялық сатыдағы
соттың отырысына прокурор
қатысады, ол іс бойынша
қорытынды береді.
Апелляциялық сатыдағы сот
прокурорға апелляциялық
сатыда қаралуға тиіс істер,
апелляциялық сатыда
қаралған істер бойынша
қабылданған шешімдер
туралы хабарлайды.
3. Егер бірінші сатыдағы сотта
электрондық формат
қолданылған болса,
апелляциялық сатыдағы сот іс
бойынша іс жүргізуді осындай
форматта жүргізеді.
4. Электрондық форматты
пайдалану мүмкін болмаған
жағдайда, апелляциялық
сатыдағы сот қағаз форматқа
көшеді, бұл туралы уәжді
ұйғарым шығарылады.
2. Бірінші сатыдағы сот үшін
көзделген қағидалар бойынша
апелляциялық сатыдағы сот
істі дұрыс шешу үшін маңызы
бар, тараптар ұсынған немесе
олардың өтінішхаттары
бойынша талап етіліп алынған
қосымша материалдарды,
алынған сараптамалық
қорытындыларды зерттейді,
отырысқа шақырылған
тұлғалардан жауап алады.

2.

Апелляциялық қараудың
нысанасы
Апелляциялық
шағым, прокурордың
өтінішхаты бойынша
апелляциялық
сатыдағы сот істе бар
және осы
Кодекстің 413бабы екінші бөлігінің
талаптарына сәйкес
ұсынылған
материалдар
бойынша істің нақты
мән-жайларының
анықталуының,
материалдық құқық
нормаларының
қолданылуы мен
түсіндірілуінің
дұрыстығын, сондай-ақ
істі қарау мен шешу
кезінде азаматтық
процестік заң
нормаларының
сақталуын тексереді.

3.

Апелляциялық сатыдағы соттың істі
қарау мерзімі
Осы Кодексте белгіленген
жағдайларды қоспағанда, іс
апелляциялық сатыдағы сотта ол
сотқа келіп түскен күннен бастап
екі ай мерзімде қаралады.
Уәкілетті органның мемлекеттік
сатып алуды өткізуді тексеру
қорытындылары бойынша
шешімдерін, қорытындыларын,
нұсқамаларын даулау туралы іс
сотқа келіп түскен күннен бастап
он жұмыс күні ішінде қаралады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының мамандандырылған сот
алқасында іс сотқа келіп түскен
күнінен бастап екі ай мерзімде
қаралады.

4.

Істi кассациялық сатыдағы соттың
қарау тәртібі
1. Төрағалық етушi сот
отырысын ашады және
қарауға жататын істі, бұл
үшін негіз болған
процестік құжатты,
соттың құрамын және
іске қатысатын, сот
отырысы залында
отырған адамдарды
жариялайды, олардың
құқықтары мен
міндеттерін түсіндіреді.
• 2. Істі қарау
уақыты мен орны
туралы тиісті
түрде хабардар
етілген өтінішхат
берген адамның,
прокурордың
болмауы сот
отырысын
жалғастыру
мүмкіндігін
жоққа
шығармайды.
3. Мәлімделген
өтінішхаттар
шешілгеннен кейін сот
өтінішхат, наразылық
берген адамды
тыңдайды.
4. Кассациялық
сатыдағы сот прокурорға
кассациялық сатыда
қаралуға жататын
барлық істер туралы
уақтылы хабарлайды.

5.

Кассациялық сатыдағы сот
қаулысының мазмұны
1. Кассациялық сатыдағы соттың
қаулысы осы Кодексте
апелляциялық сатыдағы сот
қаулысы үшiн белгiленген
талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Кассациялық сатыдағы соттың
қаулысына iс бойынша шешiм
қабылдаған барлық судьялар қол
қояды.
2. Кассациялық сатыдағы сот осы
Кодекстiң 235 және 237баптарында көзделген жағдайларда
және тәртiппен қате жазылған
жазбалар мен анық арифметикалық
қателердi түзету туралы мәселені
қарауға, кассациялық сатыдағы сот
бұрын шығарған қаулыны
түсiндiруге құқылы, бұл туралы
ұйғарым шығарылады, ал осы
Кодекстің 236-бабында көзделген
жағдайда және тәртіппен қосымша
қаулы шығарылады.
English     Русский Rules