1.13M
Category: psychologypsychology

Пікірсайыстың Толық Ережелері

1.

ПІКІРСАЙЫСТЫҢ
ТОЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ
09/10/2023
Джаналиев Сағат

2.


Пікірсайыс тарихы ежелгі Грекиядан бастау
алады. Афина азаматтары әртүрлі заңдардың
артықшылығы мен кемшілігі туралы пікір
таластырды. Бұл даулы мәселені жан-жақты
талдауға мүмкіндік берді.
Ежелгі Римде риторика деп аталатын мектептер
болды, ол жерде шешендік өнер оқытылды.
Риторикалық мектептер беделді болды.
Қазақстанға пікірсайыс ең алғаш 1995-1996
жылдары келді.
Пікірсайыс - белгілі тақырып көлемінде
арнайы
ережелермен
шектелетін,
сөз
жарыстыру,
білімді
қолдану
өнері.
Бүгінгі таңда білім беруді дамытудың 2026 жылға
дейінгі жалпы ұлттық тұжырымдамасының бір
тармағы тәрбие. Пікірсайыс тәрбие және білім
берудің ерекше түрі.
Your footer here
-
2

3.

ПІКІРСАЙЫСТЫҢ
МАҚСАТЫ
Мектеп бағдарламалары, әдетте, ауызша
сөйлеуді саналы түрде оқытуды көздемейді.
Сондықтан, көпшілік үшін көпшілік алдында
сөйлеу қиындық тудырады. Кейбіреулер өз
пікірлерін қорғай алмайды, ал басқалары,
керісінше, өзгелердің пікіріне құрметсіздік
танытады.
«Пікірсайысты» білім беру технологиясында, оқу
үдерісінде
пайдалану
оқудың
тұрақты
мотивациясын құруға ықпал етеді, өйткені
оқушылар
мен
студенттер
үшін
оқу
материалының жеке маңыздылығы қамтамасыз
етілген.
Бәсекелестік
элементінің
болуы,
шығармашылық,
ізденушілік
белсенділікті,
зерттелетін
материалды
мұқият
оқуды
ынталандырады. «Пікірсайыс» оқу үдерісінің
барлық міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік
береді.
-

4.

ПІКІРСАЙЫС ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ
МЫНА ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТАДЫ:
• - логикалық және сыни тұрғыдан
ойлауды;
• - көпшілік алдында сөйлеу дағдысы;
• - әртүрлі көзқарастарға төзімділік;
• - топта жұмыс істеу;
• - проблеманың шығу себебін табу;
• - көшбасшы рөлін атқару;
• - білімді дұрыс пайдалану;
• - тиімді баяндамалар жаза білу және
презентация дағдыларын алу;
• - жақсы ойластырылған шешімдер
қабылдау.
-

5.

Пікірсайыс қатысушылары
Пікірсайыс ойыншыларын спикерлер
деп атайды. Ойынның тақырыбын
қорғайтын топты үкімет (оң), ал
тақырыпты жоққа шығаратын топты
оппазиция (теріс) деп атайды.

6.

ПІКІРСАЙЫСТЫҢ НЕГІЗГІ
ЭЛЕМЕНТТЕРІ
• Пікірсайыста қарар мәлімдеме түрінде
тұжырымдалады.
Мысалы,
• 1. Мектеп оқушыларының үлгерімін
жақсарту үшін пікірсайыс ойындарына
қатыстыру керек д.е
• 2. Мектеп оқушыларының үлгерімін
жақсартудың жолдарын ұсынады
-

7.

КІЛТТІК СӨЗ (ДЕФИНИЦИЯ)
Қоғамда болып жатқан құбылыстарды әр тұлға өзінше ой
елегінен өткізетіні белгілі. Ал пікірсайыс осы көзқарастарды
зерттеп, ақ-қарасын айыруға көмектеседі. Тақырыпты өзекті етіп,
ашу үшін кілттік сөздің орны айтарлықтай. Мәселен, резолюция
«БП Мектеп оқушыларының үлгерімін жақсарту үшін пікірсайыс
ойындарына қатыстыру керек д.е» болса, үкімет позициясына
орай пікірсайыс деген не, оқушының үлгерімі деген не деген
сұрақтарға жауап беріп, дефинициясын ұсынады. Ойын алаңы
соған қарай құрылады. Енді кілттік сөздердің қыр-сырын
қағидалармен жүйелейік:
1-қағида: дефиниция неғұрлым қысқа, жинақы болса, түсініктірек
болады.
2-қағида: өз позициясын, кейсін толық ашуы, қуаттауы тиіс.
3-қағида: жан-жақты қарастырылса, дефиниция сапалы болмақ.
Кілттік сөздерге қатысты көптеген қайшылықтар туындайтыны
баршамызға анық.
Бірауыздан бекітілген шешім мынадай:
1. Үкімет өзіне бұрмаланған дефиницияға міндетті түрде
қарсылық келтіру керек. Бірақ, ортақ кілттік сөз ұсынылатын
тақырыптарда ұсақталмай, мәдениетті түрде толықтырып өтуге
болады.
2. Атамаса да айдан анық сөзді түсіндіру дұрыс емес деп
шағымдану бар. Дегенмен, керек тастың ауырлығы жоқ
тақырыптар да бар.
-

8.

АҚПАРАТ ЖИНАУ,
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТ
Бүгінде пікірсайысшылардың арасындағы ойын
барысында көптеп еститін қарсылықтардың бірі
«дезинформация» (жалған ақпарат). Бүгінде біз
пікірсайыс
турниріне
дайындалғанда
газет,
кітаптарға
көп
жүгінбей
көмекті
ғаламтор
беттерінен іздейтіндігіміз мәлім. Бірақ, осы
ғаламтор беттеріндегі ақпараттардың қаншалықты
шындық, не өтірік екендігіне аса мән беріп қарап
жатпайтындар көп.
Сондықтан жинаған ақпаратты саралай алу
пікірсайысшының басты қасиеттерінің бірі. Қарар
ҚР аясында болса http://www.stat.gov.kz/ сайтынан,
қарар заң туралы болса http://www.adilet.gov.kz/ru,
қарар министрлік туралы болса сол министрлік
сайтынан алған дұрыс. Шетел туралы болса,
сенімді БАҚ көздерінен оқу ұсынылады.
«Бүгінгі таңда ҚР «?» оқушы ба. Оқушыларды бір
бөлігінің үлгерімі төмен. Оған дәлел ?%
оқушылардың эмтихандардан төмен балл алуы,
ҰБТ шектік баллын жинай алмауы
.
-

9.

АРГУМЕНТ
Аргумент - белгілі бір қорытындыны дәлелдейтін
тұжырымдар жиынтығы. Бірнеше тезистердің
тізбек құрып байланысуы.
1) Тезис
2) Түсіндірілуі
3) Қолдауы
4)Қорытындысы
(маңыздылығы/әсері/қандай
топтарға жұмыс істейді)
-

10.

АРГУМЕНТ
А) «Пікірсайыс оқушының іздену қабілетін арттырады.»
Түсіндіру. Оқушы үлгерімінің төмен болуының басты себебінің
бірі оның ізденгісі, оқығысы келмеуі. Ал, пікірсайыста ұту үшін
басты керек дүниенің бірі ол білім. Сондықтан бір екі рет ұтылған
оқушы келесіде тақырып бойынша ізденетін болады.
Ол ізденуі білімге қалай әсер береді? Пікірсайыста әр түрлі
тақырыпқа дайындалып, бейімделген оқушы, кез келген жаңа
тақырыпқа іздену, оны түсіну оңай болады. Сондықтан бұл
оқушының үлгеріміне оң әсер етеді.
Қолдау. Атақты Мұрат деген пікірсайысшы сабақтан қиналған.
Пікірсайысқа қатысқаннан кейін үлгерімі жоғарылаған.
Қорытындысы. Оқушы үлгерімімен, білімінде басты нәрсе, оның
ізденісі. Ізденген оқушы тапсырмаларды орындайды. Сәйкесінше
бағалары жақсы болады. Болашақ эмтихандардан қажетті
баллдар жинайтын болады. Бұл бастысы оқушы үшін жақсы,
содан соң отбасы мен мектеп үшін жақсы нәтиже.
Түсіндіру барысында жауап беру керек сұрақтар:
Неге ол шындық?
Неге ол маңызды?
Аргумент аудиториясы қандай?
Түсіндіру кезінде біз аргументтің А нүктесінен Д нүктесіне жету
барысында олардың
ортасында
орын
алатын
логикалық байланыстарды көрсету керекпіз.
Бізде «Неге?» деген сұрақтар қалмаса, түсіндірілу сәтті болады.
-

11.

НӘТИЖЕ НЕМЕСЕ
ҚОРЫТЫНДЫ
• Қорытындылай келе Пікірсайыс бұл
білім алудың тәсілдерінің бірі. Осы
тәсілді меңгеру арқылы үлгерімді
жақсартуға болатынын дәлелдедік.
-

12.

АМЕРИКАНДЫҚ
ПАРЛАМЕНТТІК ФОРМАТ
• Американдық
Парламенттік
Формат (АПФ) – бұл дәйектердің,
тапқырлықтың және риторикалық
қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы
екі ойыншыдан тұратын екі
команда – Үкімет пен Оппозиция
қаралуға ұсынылған Қарарды
талқылайды. АПФ форматының
екі түрі
бар: саяси және
құндылықты формат.
-

13.

САЯСИ ФОРМАТ
Саяси форматта нақты проблема (мәселе) бар, және
үкімет тобы оны шешу керек. Оны шешу үшін үкімет тобы
механизм енгізеді. ҚР азаматтарының қаражаттарын
сақтаудың тиімді жолдарын ұсынады.
Үкімет тобының премьер-министрінің жұмысы барлық
механизмнің презентациясын жасау. Презентация келесі
нәрселерден тұру керек:
Өз сөздеріңіз барлық қауымға түсінікті болу үшін
қолданатын терминдік сөздерге анықтама енгізіп кетесіз,
бұл диффиниция немесе кілттік сөз деп аталады. Мысал:
инфляция – ақшаның құнсыздануы т.б. Кілттік сөздерге
көп уақыт жіберіп керек жоқ, қарапайым сөздерге
анықтама керек жоқ.
Келесі айтатын нәрсе қарардың өзектілігі. Яғни, неге біз
бұл тақырыпты қарастыруымыз керек, міне соны
айтуыңыз керек.
Келесі маңызды нәрсе бұл Status Quo немесе
қалыптасқан жағдай деп аталады. Бұл жерде көбіне
статистикалық мәлімет енгізіледі. Мысалы, қарар банктер
туралы болса, онда: ҚР бір мемлекеттік және 12
жекеменшік банктер бар. Олар 10 млн. халыққа қызмет
көрсетеді. Жинап жатқан ақшаларын жоғалту қаупі 50
пайыз клиенке бар. Осы қалыптасқан жағдайдан
проблема шығу керек. Яғни қарарда көрсетілген мәселе
қалыптасқан
жағдайда
нашар
болуы,
дамымай
тұрғандығын көрсету керек.
-

14.


Содан кейін осы проблеманың шығу себептері
туындайды және оларды айтып кету керек, олар
бірнеше болу мүмкін, бастысы сіздің ұсыныстан кейін
осы себептер проблемамен қоса жойылу керек.
Мысалы:
себебі
олар
жоғары
деңгейде
сақтандырылмайды
Себептерін айтып болғаннан кейін үкіметтің басты
жұмысы Шешу жолдары басталады. Сондықтан тек
қаражат ұлттық банкте сақтандырылу керек.
Шешу жолдарында басты 4 сұраққа жауап беру
керек: Кім? Қашан? Қалай? Қанша?
ҚР үкімет, ҚР Парламенті және Ұлттық банк. 2024
жылы. Заң жобасын дайындау арқылы. Қаржылай
шығын жоқ.
Ең соңында нәтиже айту маңызды, себебі,
қалыптасқан жағдайдан шыққан мәселе ұсыныс
қабылданған жағдайда шешілу мүмкіндігі жоғары
екендігін дәлелдеуіңіз керек.
Нәтижесінде 50 пайыз төніп тұрған қауіп жойылады.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын премьерминистр 7 минутта айтып үлгеру керек. Осы жерде
айтып кету керек әрбір спикер өзіне сөзін
қорытындылау үшін жарты минут уақыт ала алады.
Бұл негізгі уақыттан бөлек.
-

15.

ҚҰНДЫЛЫҚ ФОРМАТЫ
Құндылық форматында белгілі бір жағдайға, мәселеге
баға беріліп, оны қолдау немесе даттау керек.
Үкімет лидері кілт сөздерден кейін қалыптасқан жағдайға
тоқталады. Қалыптасқан жағдайда жалпы қарар туралы
өзіңізге тиімді статистикалық ақпараттарды беру керек.
Әрі қарай аргументтер айтылу тиіс. Аргумент саны
маңызсыз. Кей қарарда ауқымды, әрі мәселені толық
қамтыса бір ғана аргумент жеткілікті. Аргумент өте көп
болса, арасынан іріктеп дәлелденуі оңай, қарсылық
беруге қиын 3-4 аргументті ғана алған дұрыс. Соңғы сөз
қорытынды болады.
Оппазиция лидері осы жүйемен жұмыс жасайды. Қате
кілт сөздер болса, соны жөндеп, өзіне керекті кілт
сөздермен ойынды толықтырады. Қалыптасқан жағдайда
да осы тәсілді қолданған тиімді. Аргументтерге толықтай
қарсылық беру керек. Ойынға қатысы жоқ, маңызсыз
аргументтер болса, оны дәлелдеуге тиіссіз. Соңғы
құрылым өз аргументтерін айту. Үкімет сияқты
оппазицияда ең маңызды, қарарға қатыстылығы жоғары
аргументтерді келтіру керек.
Үкімет және оппазиция мүшесі өз лидерлерінің сөздеріне
толықтырулар енгізіп, келген қарсылықтардың дұрыс
емес екенін көрсету керек.
Соңғы бөлім екі лидер ойынға сараптама жасайды.
Көріп
тұрғандарыңыздай
саяси
және
құндылық
форматындағы басты айырмашылық шешу жолын ұсыну
немесе аргумент келтіруде. Бірінде мәселе көрсетілсе,
екіншісінде қарардан келетін пайда мен зиянды көрсету
керек.
-

16.

АПФ САЯСИ ФОРМАТЫ БОЙЫНША
ОЙЫН КЕЛЕСІДЕЙ ҚҰРЫЛАДЫ:
1. Қарар (тақырып)
2. Қарар өзектілігі
3. Диффиниция (кілттік сөздерге анықтама)
4. Status quo (қалыптасқан жағдай)
5. Мәселе
6. Келесі мәселенің шығу себептері
7. Шешу жолдары
8. Нәтиже
АПФ құндылық форматы
келесідей құрылады:
1. Қарар (тақырып)
2. Қарар өзектілігі
3. Диффиниция (кілттік сөздерге анықтама)
4. Status quo (қалыптасқан жағдай)
5. Аргументтер
6. Қорытынды
бойынша
-
ойын

17.

АПФ САЯСИ ФОРМАТЫ БОЙЫНША
ОЙЫН КЕЛЕСІДЕЙ ҚҰРЫЛАДЫ:
Премьер-Министрдің конструктивті сөзі (ПМК)
7 минут (қысқа формат 4)
Қарармен таныстырады.
Өз кейсі туралы нақты және дәл түсінік береді.
Кейсті бірнеше тәуелсіз дәйектер арқылы қуаттайды.
Оппозиция лидерінің конструктивті сөзі (ОЛК)
8 минут (қысқа формат 5)
Үкімет дәйектерін терістейді.
Оппозицияның стратегиясын/контр кейсін ұсынады.
Үкімет мүшесінің констркутивті сөзі (ҮМК)
8 минут (қысқа формат 5)
Қысқаша шолу жасайды.
Үкімет кейсін қайта құрады/бекітеді.
Оппазиция кейсіне қарсылық береді.
Жаңа дәйектер енгізеді
Оппозиция мүшесінің конструктивті сөзі (ОМК)
8 минут (қысқа формат 5)
Өз кейстеріне келген қарсылықтарды жойып, өз кейсін қайта
тұрғызады.
Қосымша мәліметтер ұсынады.
-

18.

ПАРЛАМЕНТТЕН ШЫҒЫП СӨЙЛЕУ
(ӘР СӨЗГЕ 1 МИНУТ, ӘР ТАРАП ҮШІН
3 СӨЗДЕН АСПАУ КЕРЕК)
Оппозиция лидерінің сараптамасы (ОЛС)
4 минут (қысқа формат 3)
Үкімет пен Оппозиция позициялары арасындағы
нақты айырмашылықты көрсетеді.
Көзқарастар қақтығысын (дихотомия) нақтылап көрсетеді.
Қорытынды жасайды.
ЖАҢА ДӘЙЕКТЕРГЕ ТИЫМ САЛЫНАДЫ
Премьер-министр сараптамасы (ПМС)
5 минут (қысқа формат 4)
Раунд қорытындысын жасайды.
Раундтың негізгі және қиын кезеңдерін анықтайды.
Оппозиция мен Үкімет позициялары арасындағы нақты
айырмашылықты көрсетеді.
Көзқарастар қақтығысын (дихотомия) нақтылап көрсетеді.
Қорытынды жасайды.
ЖАҢА ДӘЙЕКТЕРГЕ ТИЫМ САЛЫНАДЫ (OM)
ДӘЙЕКТЕРІНЕ ЖАУАПТЫ ҚОСПАҒАНДА
-

19.

ЛИНКОЛЬН-ДУГЛАС
ФОРМАТЫ
Пікірсайыстың бұл түрін – жекпе-жек деп те
айтуға болады. Өйткені бұл форматта турнирде
жеңу/жеңілуіне қатысы жоқ жоғары спикерлік
ұпай алған 1 спикер басқа 1 спикерге қарсы
ойнайды.
Аталмыш
формат
дебаттың
үлкен
майталмандарын
көрсету
керек.
Бұл
көрермендерді шектеулі минуттар ішінде өзіне
сендіре алатын ораторлар болып табылады.
Форматқа(ереже) көшетін болсақ:
Әрбір спикер өзінің түскен позициясына
қарамастан келесі формат бойынша ойнау
керек: (не айтуыңыз керек)
-

20.


1. Қарар (тақырып)
2. Диффиниция (кілттік сөздер) – сөзіңіз
барлық адамдарға түсінікті болу үшін термин
сөздерге анықтама бересіз.
3. Status quo. Қалыптасқан жағдай туралы
мәліметтер енгізіп кетуіңіз керек.
4. Құндылық немесе философияңыз
болып табылады. Бұл – ең бастысы. Ол тек
бір сөзден тұруы мүмкін, мысалы: «Жетістік»
және сіз осы позицияңызды қорғап шығуыңыз
керек.
5. Критерий және аргумент.
Критерий – құндылыққа жету жолы. Мысалы
«Еңбек».
Аргумент

кретерийің
құндылыққа
жететіндігін дәлелдейтін дәйектер және
фактілер.
Аргумент: еңбек арқылы біз жетістікке
жетеміз, оның арқасында біздің мүмкіндігіміз
де ұлғаяды және т.б. Еңбек етіп жетістікке
жеткен немесе керемет емес нәрсе жасаған
адамды айтсаңыз жақсы болады.
6. Нәтиже. Ойыңызды қорытындылайсыз.
-

21.


Дуглас Линкольнның құндылығына келіссе
де, келіспесе де болады. Бірақ кретерийі
басқа болуы керек. Мысалы «Сәттілік».
Аргумент: адам еңбектенбесе де, сәттілік
арқылы жетістікке жетуі мүмкін. Кей адам
сәтті генетикалық негіз арқылы спортта
жетістікке жетсе, кей біреу көп салаларда
тумысынан талант болады, кей адам
лотореядан ұтыс ұтып өзі жетістік дейтін
машинаға немесе үйге қол жетізуі мүмкін.
Линкольн
қарарды
қате
түсіндіріп,
құндылықты сәтсіз таңдаса, Дуглас өзі
ойынға қажетті құндылықты айтып дұрыс
жол салуға мүмкіндігі бар.
Бұл формат түрінде ережелерге көп
бағынып керек емес, сіздің жеке ойлау
қабылетіңізді және шешендік өнеріңізді
тексеру үшін арналған формат.
-

22.

УАҚЫТ ЛИМИТІ:
Линкольн
6 минут
3 минут (сұрақтар)
4 минут
3 минут (тек сараптама)
Дуглас
7 минут
3 минут (сұрақтар)
6 минут (3 минуты қалпына келтіру,
қалған 3 минуты сараптама)
Л-Д форматында 3 қарсылық, яғни
сараптамада

жаңа
аргументке
қарсылық түрі жоқ, бұл жерде ойыншы
өзі біледі. Бірақ төреші ол аргументіңізді
маңызсыз деп табуы мүмкін.
-

23.

ПРЕЗИДЕНТТІК ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ
ФОРМАТ
Президент
5 минут
1 минуттық кезекпен идеялар
қарсылықтар 6 рет шығып айтады
3 минут сараптама
мен
Кандидат
6 минут
1 минуттық идеялар мен қарсылықтар
5 рет шығып айтады
3 минут сараптама
Бұл пікірсайыс түрі Линкольн-Дуглас
форматына ұқсас. Құндылық, кретерий,
аргумент болады. Басты айырмашылық
спикерлер екінші сөздерінің орнына
1 минуттық қысқа қарсылықтардан
тұрады.
-

24.

ҚАРСЫЛЫҚТАР:
3 негізгі түрі бар:
1. Жаңа аргумент – сараптамада жаңа
аргумент енгізілсе, қарсылас топ төрешіге осы
туралы тұрып айту керек, төреше білмй қалуы
мүмкін..
2. Уақыт лимиті – төреші уақыт аяқталғаны
туралы белгі берсе, ал спикер ары қарай
сөйлей берсе, қарсылас топ қарсы шығуына
болады.
3. Жеке басқа қолсұғушылық – спикерлердің
біреуі сіздің жеке басыңызға тиіссе, онда тұрып
қарсылық білдіресіз.
Алғашқы және соңғы минуттарда сұрақтар
қойылмайды. Оқушылар ойынында ойын
барысында сұрақ қойылмайды. Сараптамада
тіптен сұрақтар қойылмайды.
-

25.

ТИЫМ САЛЫНАДЫ
Труизм
Егер кейске қарама-қарсы пікір айту үшін
дәйек немесе жауап беру мүмкін болмаса,
онда бұл жағдай өте қысылтаяң болып
саналады. Бұл жағдайды труизм деп атайды
және оны пайдалануға болмайды. Кейске
қатысты шашыраңқы дәйектерден басқа
айтуға болмайтын болған жағдай да труизм
болып табылады. Труизмге мысал ретінде
«АҚШ-тың әскери қуаты Азияның кез келген
елінен мықты».
Арнайы білім
Арнайы білімнен қорғанудың Оппозиция
қолдана алатын екі түрі бар. Біріншісі –
білімдерінің
жетпейтіндіктерінен
пікірсайыстыра алмайтындығы туралы ойнай
алмайтындығын хабарлау және осы бойынша
пікірсайыстыру. Бұл жағдайда мүмкін болатын
шара
ретінде
толықтырулар
енгізуді
қарастыруға болады. Екіншіден – Төреші мен
Үкіметке Оппозиция тарапының ақпараттары
жетпесе дағы пікірсайысты философиялық
құндылықтардың
негізінде
жалғастыра
беретіндігін жеткізу.
-
English     Русский Rules