5.42M
Category: psychologypsychology

Иманипедагогика ғұламалары. ( Бірінші бөлім )

1.

ИМАНИПЕДАГОГИКА
ҒҰЛАМАЛАРЫ
( Бірінші бөлім )
1

2.

КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫН
ЗЕРТТЕУ
ОРТАЛЫҒЫ
Пікір жазғандар:
Б.БОР
(академик)
М. ҚАУСЫЛҒАЗЫ ( д-р. проф)
Ж.Шекен (ф.ғ.канд.
доц.)
Кеңесшілер:Бауыржан қажы Әленұлы (Тереңкөл мешіті
бас имам)
Жанарбек Мамбарұлы(Ақыт қажы мешітінің бас имамы)
Жауапты редактор:Дина Лесбекқызы Нурпейісова (Пед.магистрі)
Қобдабай Қабдыразақұлы
ИМАНИПЕДАГОГИКА
ҒҰЛАМАЛАРЫ
Белгілі ғалым Қ.Қобдабайдың бұл еңбегі Ұлы Даланың
Ұлық Ұстаздарының ұрпақты имандылыққа баулу,адамшылық,
кісілік , ізгілік асыл қасиеттерді игерту және оларды еңбекке , өмірге
дайындау бағытында берген кеңестері,айтқан ақылдары, педагогикалық ой-пікірлері мен түйген тұжырымдары,зерделеген ғылыми
ұсыныстары жинақталып берілген.Сондай- ақ бұл еңбек,дайын
материалдың
жәй ғана жинағы емес иманипедагогика ғылымы
негізінде саралап талдау әрекетіне басымдылық берген.Екінші
жағынан өткен жылы жарық көрген (Иманипедагогика. Қарағанды.
2019.
ISBN978-601-7950-51-4;
Иманпедагогика.
ppt-online.
org›594035) Иманипедагогика атты жеке тақырыптық еңбектің
қосымшасы ретінде ұсынылған.Сондықтан бұл еңбек, студенттерге,магистурантарға,насихатшы ұстаздарға, мұғалімдер мен
тәрбиешілерге арналған көмекші құрал бола алады. ( Редактор)
+7 708 128 64 12
E-mail:[email protected]:[email protected]@yandex.ru
(Байланыста болып,осы кітаптың электрондық нұсқасын тегін алуға болады)
2

3.

ҚОБДАБАЙ ҚАБДЫРАЗАҚҰлы
ҒҰЛАМАЛАРЫ
ҚАРАҒАНДЫ
3
2020

4.

Иманипедагогика имандылыққа баулу қазақ ілімінен бастау алады
СӨЗ БАСЫ
«Адамзатты басқа бүкіл тіршілік иелерінен ажыратып тұрған нәрсе
–руханият». Өнерге, білімге құштарлық, ғылымға талпыну, ата-ана
алдында парызды түсіну, ерікті еңбексүйгіштік, туған топырақ –
Жер Ананы, ана тілді қастерлеу, Отанды сүю сияқты тек азаматқа
лайықты ізгі сипаттар әрбір кісінің руханиат белгілері болып
табылады. Руханиат адамның бүкіл жан дүниесін, оның дүние
танымын, білім деңгейін, ұлттық қадір – қасиет, құндылықтарды
меңгеру биіктігін, жалпы адамдық мінез-құлық, іс-әрекеттері мен
қоғамға үйлесімділігін қамтитын игі қасиеттер жиынтығы. Осы
тұрғыдан алып қарасаңыз қазақта мынандай рухани құндылықтар
қалыптасқан;-имани дәстүр;-ұлттық имани сана;имани ұлттық ұғым:
имани ұлттық тәрбиелеу ілім.
Дүниежүзілік діндердің қайсысы болсын жаратуышыны
насихаттайды, адамды имандылыққа баулыйды. Қазақстан көп
ұлтты ғана емес, сондай-ақ көп дінді ел. Діннің орасан зор адамгершілік қуаты республиканың өмірінде біріктіруші рөл атқаруға тиіс
және атқара алады.
Қазақ халқының дін туралы танымы, сенімі ерекше. Дінді
жаратылыстан тыс құдіретті құбылыс, тылсым ретінде танымайды,
ойсыз бас қойып, көзсіз құлдай жығылып, табынған да емес. Діннің
адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын сақтайтын,
парасат тағылымдарын демеуші, адамға өнеге тәлім берер, пейілге
мейірім ұялатар рухани күшке бағалаған. Атақты ағартушы Ыбырай
Алтынсарин өз заманында исламға ден қоя отырып, мұсылманшылықтың тұтқасы – сенім, иман, имандылық деп дәйектесе, ұлы
ақын Мағжан Жұмабаев дін рәсімдерінің тұрмыс дағдылар астарластығын «Ораза деген қазаққа құлшылық емес, әдеп қой», - деп бір
ауыз өлеңмен сипаттаған. Ойшыл жазушы Ғ.Мүсірепов дін жөнінде:
«Адам баласы бірдемеге сенбей, арқа сүйемей тұра алмайды,сол
сенімнің аты - дін.Ең арғысы саяси сенім дегеннің өзі халықтың
4

5.

басым көпшілігі үшін дін»,- деп оның адам өміріндегі рухани күшін
жоғары бағалағаны белгілі [4]. Дінде айтылған нәрсені қазақ
ақылмен ұғынды, дінде тыйым салынған нәрседен ділін қорғады,
тарихи өмір талап еткен нәрсеге біліммен қарады,ақылға салды.
Тәуекелге әрдайым бел буған тәубешіл бабаларымыз тарихтың
кеңістігінде зеректіктің туын тікті. Қазақтың зеректігі дін мен ділдің,
тіл мен сөздің, өмір мен тарихтың, ұлт пен ұрпақтың қасиетін
біріктіретін қабілеттің рухына қол жеткізе алуында. Бұл деңгейде
бабаларымыздың өмір сүруіне ықпал еткен бір ғана қасиет тектілік,
қанағатшылдық ұғымы. Өткінші нәрседен көрі, жақсылықтың мәнін
терең түсінген. Өмірге мағынамен қараған, халықтың, ұрпақтың
өміріне мағына келетін рухани байлықты көздеген. Бұл еңбектеген
баладан, еңкейген қарт бабаларымыздың ізгілігінің асыл бейнесі
Аллаһтың алдында керемет жоғары дәрежеге ие адамның қасиетсіз,
қадірсіз атануы мүмкін емес. «Атымды адам қойған соң,қайдан
надан болайын!»(Абай) Сол дәрежеге лайық болуы үшін адам өз
бойына адами асыл қасиеттерді дарыту керек.Барлық ізгі қасиеттерді тізбелегенде, «кісілік» деген бір-ақ ауыз сөзге саяды. Өйткені,
бұл сөздің өзі адамның бүкіл болмысын ашып беретін ұғым. Яғни,
адамшылық адамға ғана тән сипат. Әрбір ақыл иесі бойындағы
адамшылықты басты ізгі қасиет деп санаса, сол адамгершіліктің
тұғыры имандылық болып саналады.
Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап,
жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт
көзбен емес, жүрекпен ұғатын адами құндылықтарды жоғары
дәріптеген.Иман-қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Атабабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі-осы.
Барлық бет-болмысының, мінез-құлқының айнасы. Имандылық
деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл
жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды
жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе
«иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам
ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі
имандылықтан басталады.Оны Абай атамыз «үш сүю-мен» байланыстырып, «имани-гүл» деп ат береді « Жиғаныңа сенбе-иманыңа
5

6.

сен.Иманды адам-арлы адам.Имансыз адам- сорлы адам.Үстіңнің
кірін-сабын кетіреді,Жаныңның кірін-иман кетіреді»,.«Имандылық
қастерлі қасиет» «Имандылық-инабаттылық айнасы» «Имандылық ізгілік негізі» Өкінішке орай, кеңестік дәуірде тамырын тереңге
жайған тоталитарлық саясаттың үстемдік жүргізуінің салдарынан біз
осындай ұлы қасиетімізден айырылып қала жаздадық.Имандылық
сөзі иманнан шыққан. Ал иман -жүректегі нұр, нұрдың сыртқы
болмысы, яғни имандылық-Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін
көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті-иман мен
имандылыққа
уағыздау
болған.Имандылық
мінезі
әрбір
мұсылманның бойынан табыла бермейді.Атам қазақтың адамшылықты имандылық сөзімен беруінде ерекше мән бар. Өйткені,
адамгершілік пен имандылық арасында үлкен айырмашылық бар.
Адамгершілік-барлық адамның бойында бола алатын адамның
адамдық болмысынан (кісілігінен) туған қасиет. Имандылық
әлемнің Жаратушысы, Ұлы Досына деген иман атты сүйіспеншілігінен туған аса ізгі кісілік қасиет. Яғни, әрбір имандылықта
адамгершілік бар болса да әрбір адамгершілікте имандылық
болмауы бек мүмкін. Сондықтан қазақта имандылық - ауқымы аса
кең үлкен пәлсапалық ой-толғамға ие, ерекше мәнді ұғым. Атам
қазақ иманын - өз болмысының тірегі мен ар-ожданның асыл тас
ақиқаты деп ұққан. Сол себепті атам қазақ жүректен иман
шыққаннан кеудеден жан шығуды артық санаған. Оған атам
қазақтың мына сөзі куә: «Малым жанымның садақасы, жаным
арымның садақасы». Бұл жерде атам қазақтың «арым», деп,
отырғаны-иман. «Ұят кімде болса, иман сонда», деуі де, содан
қалған.Ар-ұятын сатқан жанға «иманын сатты», арсыз жанға «имансыз», деген сөзбен түйреген. Қазақта мұндай сөз тіркестері толып
жатыр. «Иман» сөзінің қазақ тіліндегі тура мағынасы «сенім»
болғанмен, сенім иман сөзінің толық баламасы емес. Өйткені, ауыз
әдебиетінде де «иманды, иман жүзді екен» сөзінің орнына «сенімді,
сенім жүзді» сөзін қолданбайды. Қазақтың «иман» ұғымы ислами
иман ұғымынан да бөлектеу. Қазақ барын қанағатпен пайдаланып,
сабыры мен шүкірін тең ұстаған адамды «иман таразысы түзу» деп
айтады Иман діни ұғым ретінде өз мазмұнында көптеген құрамдас
бірліктерден тұрады; тотемге сену, шаманға сену, көк тәңірге сену,
6

7.

табиғат күштеріне сену, бұлардың ешбірі де иман емес, жай ғана
сенім. Ал,қазақ аруаққа сенім,табиғатқа сенім қатарлы жоғарыда
аталған сенімдерді иман ретінде қабылдайды. Бұл-атам қазақтың аса
иманды момын-мұсылман жан екендігінің белгісі. Яғни, қазақ бар
жақсылық ұғымды иман сөзімен, бар жамандық ұғымды имансыз
сөзімен айқындаған. Қазақ әрқашан Ұлы Досына беріктігін көрсеткен. Иә, қазақ шыр етіп дүние келген баланың құлағына азан айтып,
ажалы жетіп бұл жалғаннан озған жанның да жүзін құбылаға
қаратып, жаназасын оқып Ұлы Жаратушының жарлығын бұлжытпай
орындауға тырысқан.Қазақ дінінің |менталдығының| тірегі, ұлттын
рухани болмысының маңыздысы – имандылық.
Имандылық
концепті-тілімізде көптеген ұғымдарды біріктіретін, жинақтайтын
жалпы түсінік. Ар, ождан, ұят, шын, шындық , намыс, жүрек,
жан, тазалық, әділет, мейрім-имандылық концептісінің тірек
ұғымдары. Имандылық қасиеттерді зерттеушілер оны екі негізге
бөліп қарастырады. Имандылық қасиеттер:
--Жүректің қызметіне тән имандылық қасиеттер: - кішіпейілділік,
мейірімділік, қайырымдылық, жомарттық, ақкөңілдік, кеңпейілділік, адалдық, шыншылдық, сенімділік, сауапшылдық, әділдік,
ізеттілік, инабаттылық.
--Іс-әрекет, қимылға тән имандылық қасиеттер: тіл алғыштық,
көпшілдік, ептілік, сабырлылық, салиқалылық, әдептілік, шешендік,
қайраттылық, қайсарлық, өткірлік, жауаптылық, еңбек сүйгіштік,
тазалық
Инабаттылық - әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, әділдік, адалдық,
жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді, қатардағы қарапайым
қамқоршы адамды халық “нағыз перзентім” деп үлгі тұтады.
Ислам діні қазақ даласына келіп жеткенше де,пайғамбарымыздай
үлгілі адамгершілігі мен имандылығы басына қонған,тура да
әділ,иман жүзді, сенімді, ру тайпаның, ұлт қауымның ұлағатты үлгі
өнегесі болған абыз-ақын,хан-қаған, батыр-ер, шешен-би, салсері,дана ана мен ата қаншама адамдар өмірден өтті. Солардың қазақ
халқына қалдырған асыл рухани мұрасын исламның имандылық
қағидалары мен ұстындарына етене араласып, тонның ішкі бауындай қабысып тамаша табысқа жеткендігіне тарих куә.Қазақ халқы7

8.

ның жалпы ұлттық қасиетті ұғымына айналған имандылық сөзінің
түп төркіні мен ілкі бастауының да мұсылман дінімен тоқайласып
жататындығы белгілі. Иман ұғымы әуел баста Құран арқылы
адамдардың санасына сіңсе де, уақыт өте келе халықтың ежелден
қалыптасқан салт-дәстүрімен, таным түсінігімен, наным-сенімімен
біте қайнасып, жаңа бір сапалық деңгейге көтерілген ұғым. Халық
түсінігіндегі иман сөзі діни шеңберден шығып,жалпы ұлттық, бүкіл
адамзаттық құндылықтарды қамтитын ауқымды дүниетанымдық
категорияны білдіреді.
Адамның іс-әрекетінің, сөзінің тура болуы тек тәрбие арқылы
ғана санаға әсер етіп жүзеге асырылады. Сенім мен турашылдық егіз
ұғым. Адамдардың бойында бұл сипаттарды қалыптастыру сенім,
намыс пен иман арқылы жүзеге асады. Көңілінде иманы, сенімі бар
адам жалған сөйлемейді, алдамайды, аманатқа қиянат жасамайды.
Иман адамға өтірік айтқызбайды,өзгені алдап, мал табудан сақтандырады.Тәрбиелі, сенімі бар адам, Алла тағала мені әруақытта
көруде деп ойлайды. Сондықтан жамандық ойламайды, өзгенің.
мүлкіне қол сұқпайды, қиянат етпейді. Жұрттың өзін сыйлауы үшін
алдымен өзі өзгеге құрмет етеді. Мұндай имандылықтың жолдары
мұсылмандылықтың бес парызын толық орындау барысында жүзеге
асатындығын бүгінде иманжүзді, мол адамгершілік сипатқа ие
болғандар дәлелдеп отыр. Адамның нәпсісі-бойдағы пендеге тән
құмарлық сезім. Жалпы адамның адамгершілік шыңына жетуінің
негізгі көрсеткіші мен имандылығының қалыптасуы -өзінің нәпсісіне ие болуы
Ибалы қыз тәрбиелеп, асыл аналарды өмірге дайындауда,
қазаққа, ислам дінінің тигізген оңды ықпалы зор болған. Сондықтан,
неке қию, қыз ұзату, келін түсіру қазақ салты, ежелгі әдет-ғұрыппен
ұштастыра отырып ислам діні негізінде атқарылған.Ал бозбала,
бойжеткен, иманды ұл ибалы қыз тәрбиелеу ісі өте нәтижелі болды
Имандылық (атауы әр түрлі болғанымен)- барлық нанымсенімдерге ортақ ұғым. Түрлі кездерде пайда болған ежелгі Рим,
Грек, Иран, Конфуций ілімі, Христиан діні, даосизм, синтоизм,
ілімдерінің барлығында адамдарды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қайырымдылыққа, адалдыққа шақыратын ортақ құндылықтар бар. Адамдардың діни сеніміне (жалпы сеніміне) байлан8

9.

ысты, имандылықты алалауға болмайды.Қай діндегі болсын адамдардың баршасын имандылыққа баулу қажет. К.Д. Ушинский өнегелі
тәрбиеге үлкен мән берген, оның негізін дін деп санаған. Дінді ол, ең
алдымен, өнегелі тазалықтың кепілі деп түсінген. К.Д. Ушинскийдің«Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз
мақсатына жетеді»(25;\31) - дейді. Иман ұғымы бізде ұлттық сипатқа
ие болған. Имандылық-ұлттық шеңберде шырмалып қалған тар
ұғым да емес,Қазақстан Республикасында тіршілік етіп отырған
күллі этнос өкілдері, оның ұрпақтары имандылық нұрынан тысқары
қалуға тиіс емес. Ешбір ұлт бұған қарсы болған да емес.Имандылыққазақ үшін,жалаң ислами ұғым да емес.Ол наным-сенім ретінде,
қашаннан бар,ұласып келе жатқан түсінік. Алла тағала өзінің бір
аятында «Мен сендерді бір біріңді тану үшін бір еркек бір әйел
қылып жараттым және ұлтқа бөлдім» деген екен. Егер осы сөзді
ақылға салатын болсақ бір еркек бір әйел заңдылық, ал ұлтқа бөлдім
деген сөзден әр ұлттың салт санасына қарай таным түсінік
қалыптасатынын көруге болады. Біздің ата бабаларымыз дінді
тереңінен зерттеп мол тағылымын өзінің салт санасына, дәстүріне
сіңіре біліп өзінің ұрпақтарына ана сүтімен, тәлімі мол істерімен
дарыта білген. Қазақ халқының салт санасы, дәстүрі, құран ілімін
терең меңгерген ғұлама, данышпандарымыздың нақыл сөздерінің,
халық даналығының барлығы адамды бауырмалдыққа, мейрімділікке, инабаттылыққа, кішіпейілділікке т.б. жақсы қасиеттерге
үйретеді. Мысалы: «Ата ананың қадірін білмеген халық қадірін
білмес», «Ары жоқтың ақылы жоқ», «Ақыл, қайрат жүректі бірдей
ұста , сонда толық боласың елден ерек» - дейді Абай атамыз. Ұлы
Қытай ғұламасы Конфуций «Өзің ұнатпағанды өзгеге істеме» десе
Пайғамбарымыз хадисінде:« Өзіңе не тілесең, әуелі оны басқалар
үшін қыл», ал қазақ атамыз «Өзі түгіл дұшпанына жамандық
тілемеуді» ұрпағына аманат еткен. Абай атамыз«Алланың адам
баласына дінді түсірудегі мақсаты – құлдарының жолдан адаспауы
үшін, бір бірімен ізгілікте, татулықта өмір сүрулері үшін болды»
дейді. Осыған дәлел Ұлы ақын Шәкәрім қажы былай дейді. Әлемдегі
діндердің түп мақсұты, Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:
Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын, Еш діннің мақсұты жоқ
мұнан асар.Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,Оны бөліп,
9

10.

дұшпандық қару жасар. Інжіл, Құран бәрі айтып тұрса дағы,
Мағынасына адасып қара басар.Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл
дінді,Дін десе білімділер тұра қашар. Ешбір дін өйтіп дұспан бол
демейдіҚанеки бұл сөзіме кім таласар?- деп тұжырым жасайды.
Ал,имандылық-тәрбиелеу қазақ ілімінің асыл өзегі.Осы асыл өзек
бүгіндері қоғамдағы тәрбиелік іс- әрекеттер мен шара- шаруалардың
тірегі бола алмай отыр. Оның көптеген себебі бар.Ал,ең бастысыҚазақ педагогикасын-материалистік және жауынгер атеистік дүние
танымы негізінде жазылған, социалилистік немесе «ғылыми
педагогикамен» тең көріп бағаламауда болып отыр.Біздің санамызда
материалистік-диалекти-калық әдіснама негізінде пайда болып,
танылған білім ғана теориялық ғылым ретінде ұғынылады да,басқа
дүниетанымға негізделген теориялар мен ғылыми пайымдаулар
мойындалмайды.Сондығы болар, ұлттану, адамтану сол сияқты
тоелогиялық ғылымдар өте баяу жылжып, философия, саясаттану,әлеуметтану ілімдері ұлттық кеңістікке көлем иелене алмай,
басқа бір ілімнің қолтығына кіріп, «туралы» ғана тұжырым-түйін
жасауда, ал,қазақ психологиясы,қазақ педагогикасы өткеннен қалған
аңыз-әңгіме, хиқая санатында талданып жүр.Жоғарыда аз -мұздап
айтылған . имандылық, имандылық тәрбие атты педагогикалық
категория ешбір «ғылыми» пелагогикада жоқ,тек шығыс педагогикасында, анығында қазақ педагогикасында бар.Біз мұнда
имандылыққа баулу қазақ ілімін бір негізі болдырған Иманипедагогиканы ұсынып отырмыз. Имандылық тәрбиесін жас ұрпаққа
игертудің ғылыми негізін Фараби,Баласағұни,Яссауи бабаларымыз
салып,Абай, Шәкерім және Мағжан,Жүсіпбек даналарымыз тиянақтап қойған.Айталық: Қорқыт Ата былай деген: «Тәңірге сиынбаған
адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бірі
екеу болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады.
Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді.
Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт
тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды,
байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді».(56;59)
Әбу Наср Әл-Фараби: философия мен дінді шендестіре қарастырып,екеуін бір санаттағы саналы білім деп танып, философияның
басты ұстанымы-дәлел,діннің өзегі сенім деп тұжырымдаған.
10

11.

Фарабидің пікірінше, «...тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге
келмейтін жас болмайды Тек ретін тауып үйретуден, баулудан
жалықпау керек. 'Жаман қылық-ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру
үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек"- дейді ғұлама.
Түрік жұртынынң рухани ұстазы А.Яссауи жүздеген мектеп
ашып,жүз мыңдаған шәкіртке имандылық тәрбиесін игертіп.
софылық-моральдық ілімін жасап, софылық мектеп педагогикасын
( Иманипедагогика) қалыптастырса да, оның ғылыми-теориялық
негізін танып біле алмай,оған зерде, парасат-пайымымыздың өресі
жетпей бұлтарумен келеміз. Осы себептен бүгінгі «ғылыми педагогика» оны ауызға алғысы да жоқ. Рухани тазалық пен кемелдікті
мақсат еткен Ясcауи жан тазалығы, ар тазалығы, жүрек тазалығы
қағидаларын бірінші орынға қойды.Ол-өз ілімін қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді Яссауи бабамыз адамға
керегі руханият негіздерін білу және оны жүзеге асыру деп
көрсетеді: «Руханият дегеніміз-Хақ тағаланың құлдарына берген
бұйрығы бойынша – екі түрлі болады: «Құран»-дағы бұйырылған игі
істер – міндетті парыз (амри би’л ма‘руф) және тыйым салынған
жаман істер-харам (нахий ани’л мункар). Амри’л-би’л ма‘руф
бойынша адамның шариғатқа сай болған істерді өзі қабылдап‚
орындап қана қоймай‚ оны басқаларға да айтып түсіндіруі‚
қабылдатуы міндетті. Нахий ани‘л мункар бойынша, тиым
салынған‚ шариғатқа сай келмейтін істерді мысалы, күпірлік‚
екіжүзділік, шек келтіру‚ ширк келтіру, өзімшілдік‚ риякерлік‚
зұлымдық‚ арамтамақтық, арам жолдармен күн көру (парақорлық)‚
өтірік, жалған сөйлеу‚ өсек-ғайбат‚ зинақорлық‚ арақ ішу‚ «бенк
жеу», яғни‚ наркотик қолдану және мүміндерге хақсыз қиянат ету‚
азарлау және т.б. бұларға түгел тыйым салынған».(19;23)
Ж.Баласағұни: «Ақмаңдайлы ұл-қыз туса алдыңда Үйіңде өсір бөтен
жерде қалдырма.Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер. Қос жалғанды
бірдей көріп, күлімдер. Бала өсіргің келсе дана жүректі, Қатты
ұста,үйрет білім ізетті.».«Жастары иманды елдің - болашағы зор»
-деген. Ислам дінінің тәрбиелік мәні зор қағидаларын пайдалана
отырып, Ж.Баласағұни имандылық тәрбиесіне де ден қояды.
Имандылық идеясын негізгі өзек етіп алынған дастандағы кейіпкерлердің бүкіл болмысы, іс-әрекеті имандылық таразысымен өлше11

12.

неді. «Құтты білікті» Құранның бірінші Фатиха (Беташар) сүресінің
сөздерімен бастауының өзі ғұламаның иманды адам болғанын,
сондықтан жастарды имандылыққа баулуды мақсат етіп отырғанын
аңғартады. Ғұлама ,жаратушы ұлы тәңір-Алланың құдіреттілігін
дәріптей отырып, әр адамға күш-қуат беретін сенімді қалыптастыруды көздейді. Дастанда ең алдымен ортағасырлық әдебиетке тән
дидактизм басым.Сондығы болар,ол заманда, Баласағұии түрік
Конфузцы атанса,дастан тәрбие оқулығы саналған. Дастанда оқиға
өрбітуге емес, ой айтуға көбірек мән берілген. Сюжетінен идеясы
басым туынды жайлы сипаттама сөздің көбірек болуы заңды да.
Дастанның негізгі мазмұнына келсек, мұнда да ең басты желі
жоғарыда айтылғандай, имандылық тақырыбына тартылған.
Дастанда төрт кейіпкер бар. Күнтуды патша – әділдіктің, Айтолды
уәзір – дәулеттің, уәзірдің ұлы Өгдүлміш – ақыл мен білімнің, діндар
сопы Одғұрмыш қанағаттың, басқаша айтқанда имандылықтың
символы. Қазақ барын қанағатпен пайдаланып, сабыры мен шүкірін
тең ұстаған адамды «иман таразысы түзу» деп айтады. Дастандағы
ел-жұрттан жырақта тағат-ғибадатқа беріліп, тақуалық ғұмыр
кешетін Одғұрмыш-имандылықты жүрегіне берік орнатқан, ғұмырын Алла жолына арнаған жан. Жаңағы аталған төрт қасиетті автор
мемлекеттің, елдің негізгі ұстын-тірегі ретінде алып отыр. Сол төрт
тіректің бірі имандылық болуы көп нәрсені аңғартады. Осы арқылы
автор «әділетті, дәулетті, білімді елдің міндетті түрде иманы
түзу болуы керек, онсыз ел ел болмайды» деген ұғымды бере
білген. Билік жолы мен дін жолын ортағасырлық қаламгер сәтті
тоғыстырған тәрізді...Бұл тоғысу исламның тіректік ұстанымдарынан туындаған. Мұны дастанның сюжетінен танып-түсінуге
болады.
Дастанда Күнтуды патша Одғұрмыш тақуа туралы
естісімен онымен дидарласуға қатты құштар болып, бірнеше рет
шақырту жібереді. Бірнеше шақырудан кейін ғана Одғұрмыш
патшаға келіп дидарласып, әңгімелеседі. Одғұрмыш – дүние
тіршілігінен аулақтап, біржола Алла жолына түскен адам, яғни
тариқаттың өкілі. Ал патша – иман таразысы түзу, елді дін исламның
жолымен, шариғат жосығымен басқарып отырған шариғаттың өкілі.
Ислам дінінде әмірші тұлғасының ерекше дәріптелетіні, оның
әміріне мүлтіксіз бағыну қажеттігі де осы имани жолмен басқару
12

13.

идеясына тікелей қатысты туындаған. «Патшаңыз залым болса (яғни
имансыз болса), сіздерге жердің үстінен асты жақсы» деген хадис те
бекер айтылмаған. Құдіретті Мұхаммед пайғамбардың бойындағы
адами ізгі қасиеттерді саралай отырып, әр адамды пайғамбарды үлгі
тұтуға, оның ізгі істері мен өнегелі сөздерін күнделікті өмірде
ұстануға шақырады. Имандылықты адамның жан-дүниесін, болмысбітімін бейнелейтін адамгершілік ізгі қасиет ретінде қарастыра
отырып,оны тұлға жетілуінің сапалық көрсеткіші ретінде
анықтайды: Ұлы Хажыб шыншыл болсын баладай,
Дінді
білсін, дана болсын бабадай.Дінді білсін. Дық түсірмей
көңілге,Көңілі ақтың – ісі де ақ өмірде. (31;23;56;57)
Ыбырай Алтынсарин, Ислам дінінің негіздерін терең түсінген,
қалың қазаққа оны түсіндірген, ислам дінінің адам тәрбиесіне
берерін әбден зерттеп білген діндар да, сол дінді насихаттаушы да.
Ол,алғашқылардың бірі болып, «Мұсылманшылықтың тұтқасы»
(Шариат-ул-ислам) еңбегін жазды. Ыбырай қазақ қауымына бұл
еңбектің аса қажеттілігін терең түсінді. Ұлы ұстаз әр қазақтың
баласы өзінің мұсылман екенін білгенін, жүрегімен терең сезінгенін
міндет деп санады. Ең бастысы, ол діннің қажеттілігін, оның
тәрбиелік жағын терең түсінді.Ыбырай Алтынсарин «Енді, ей, дін –
қарындастарымыз, бізге ең әуелі керегірек іс-сол, әуелі білмек керек
немен мұсылман болатынымыз. Мүмин (дінге сенуші) мұсылманның мұсылман аталуы құр мұсылман киімін киіп, мұсылман арасында жүргені емес. Әуелі иманды болып, ол «иман» деген не
екеніне түсініп, түсінген соң, сол иман ішіндегі сөздерді шексіз шын
көңілімен дұрыс деп білген кісіні мұсылман деп атайды. Соның үшін
Құдай тағаланың пенделеріне парыз еткен парыздарының ең
әуелі иман болса керек(39. 10 бет).Ыбырай Алтынсариннің
«Шариат-ул ислам» еңбегінде:– ислам дінінің бес парызынан да
бұрын, ең басты көңіл бөлетіні, жүрекке байлайтыны – «иман» екен.
Ал, осы «иман» деген не? Оның мәні мен мағынасы не? Ол нені
білдіреді. Ыбырай бабамыз былай жазады:«… әрбір жақсы амалдардың да асыл түбі иманнан, яғни, инанудан келеді. Имансыз еткен
жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол
намаздың керектігін көңілі дұрыстамаса, әлбетте, ол намаз болып
табылмай ды… Иманның екі мағынасы бар: бірі –тіл мағынасы.Тіл
13

14.

мағынасы дегеніміз-әркім тілмен айтып растамақ. Мәселен,
мұсылманшылдығымызға бас куәлік – сөзіміз немесе араб тілінше
шәһәда (куәлік беру). Яғни, «куәлік беремін: жоқты бір Құдайдан
бөтен Құдай (жоқтығына) және куәлік беремін, Мұхаммед, оның
құлы һәм елшісі екендігіне деп, шариғат мағынасын растағанда, ол
иманды көңілмен растамақ. Бұл растамақ дегеніміз, жалғыз Құдай
тағала бар… (39. 12 б.).Мұның арғы жағында нені болса да көңілмен,
жүрегімен сеніп істеу керек. Себебі, әр адамға діннің ең басты берері
де сенім. Адамның ең алдымен Құдайға, содан кейін өзіне деген
сенімі жатыр.Ыбырай бабамыз айтқандай,Ислам дінінің де жастарға
беріп отырған тәрбиесі осы – имандылық. Имандылықты діни уағыз
деп түсінсек, оның мән-мағынасын тереңдете түскен орыстың ұлы
педагогы К.Д. Ушинский: «Діннің қажеттілігін, яғни, адамның
ішкі дүниесіне үңіле алмайтын, имансыз адамға бала тәрбиесін
сеніп тапсыруға болмайды» деген сөзі бар (25 614.б). Олай болса,
имандылық дегеніміз адамның бойындағы ең бір қажетті, ең бір
құнды қасиеттердің жиынтығы. Бұл ғалымдардың жазулары
бойынша «имандылық» дегеніміз адам (жас бала) тәрбиесінің алтын
арқауы, негізгі діңгегі. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет сол
имандылықтан тарайды, яғни, адам баласының бойындағы ең жақсы
деген қасиеттер сол имандылықты құрайды. Сенiмнiң жанұя
тыныштығын сақтауда да ролi орасан зор. Домениян Ажырасу” атты
кiтабында:“Дiни дәстүрлер бойынша жасалған некелердiң басқаларға қарағанда аз ажырасумен нәтижеленетiндiгiн айтады”.Сол
шығармада сенiмi жоқ адамдарда ажырасу дәрежесiнiң өте жоғары
екендiгi статистикалармен дәлелденiп көрсетiледi.Қазақтың келін
түсіру, неке қию,бала асырап алу рәсімдері мешітте немесе молда
алдында жасалуының да жөні осы. Сенiм әлсiздiгiнiң өлiмге
итермелеуде үлкен аз ажырасумен нәтижеленетiндiгiн айтады”.Сол
шығармада -дiгiн мақұлдағандар статистикаларды мұқият зерттеген
кездерiнде жаңылысқандықтарын түсiнедi. Мысалы АҚШ-та жыл
сайын 100 дәрiгер өзiн-өзi өлiмге байлайды. Әлем денсаулық ұйымы
және бiрiккен ұлттар баспасөзiне қарағанда Жапонияда 1955 жылы
22477 адамның өз-өзiн өлiмге қию оқиғасы тiркелген. 1978 статистикаларына сүйенсек, өзiн-өзi өлтiру 20000 болыпты. Барлық
нәрсенi материялдық байлыққа тіреп, экономиканы негiзгi тiрек
14

15.

ретiнде түсiнетiндердiң бұл жерде ойланулары керек ақ. Өйткенi бұл
елдерде әлеуметтiк-экономикалық жағдай өте жақсы, бiлiм мен
мәдениет дәрежелерi де жоғары.Японияда осы келеңсіздікті ұлттық
және діни имандылыққа баулу ісін жолға қойып,осы бағыттағы ісәрекетін тым биікке көтеру арқылы бәсеңдете алған.Қазақта өткен
шақта өз-өзіне қол салу болмаған.Зерттеулерге сүйенсек, өзіне-өзі
қол жұмсау оқиғасының 41 пайызы – жұмбақ жағдайда, 18 пайызы –
жан – күйзелісінің салдарынан, сондай – ақ, 19 пайызы-кесімді
жазадан қорыққаннан,18 пайызы-отбасындағы жағдайлардан, 6
пайызы-махаббат «ауруның» салдарынан болған.Жыл сайын елімізде өзіне – өзі қол жұмсау нәтижесінде 3000 бала қайғылы қазаға
ұшырайды. Олардың жасы бар болғаны 14-17 аралығында екен.
Өткен шақта,болмаудың басты себебін анықтағандар:-қазақ баласы
еңбекке ерте араласқан;-отбасын жастай құрған; имандылыққа баулу
ана құрсағында пайда болған шағында ақ жүргізіле бастаған;сәбидің өмірге жастардың құштарлығын үнемі арттырып, өсіріп,
қолдап, желпіндіріп,отырған.Дәлірек айтқанда қазақтың тәрбиелеу
ерекше қағидаты болған.«Сүйіспеншілік бесігіне бөлеп, Махаббат
жөргегіне орап, Мейірім уызымен ауыздандырып өсіреді.»
Сондықтан қазақ баласына сүйіспеншілік, махаббат, мейірім,
сыпайылық, имандылық қатарлы асыл қасиеттер ана сүтімен
беріліп, дамып жетіледі.Қазақ ұрпағын жетімсір-етпейтін
себебі осында. Жетім өскен ұрпақ аталмыш бесікке бөленбей
мейірімділік уызына жарымайды.Сондықтан, тәрбие мейірімділік
алақанында әлпештеніп, жүрек жылуы бесігіне бөленіп, жүрек
қылына тербеліп, рухтан үндестік табатын рухани нәзік құбылыс,
жан сезімінің жайдарлану, рахат табу,адам талғамына сәйкестіктігін
көрсететін асыл мұраттың орындалуы. Мұндай ұлық қағидатты
ешбір,гумани педагогикадан таппайсыз.Ыбырай бабамыз, ең
алдымен, Құдайға сен, содан кейін өзіңе сен, мұсылман болсаң
сенімді бол, нені болса да сеніммен істе дейді. Яғни, ұлы ұстаз өзінің
бұл сөздерімен қазаққа сенімнің күшін түсіндіріп отыр.Ыбырай
айтып отырған «имандылықтың» арғы жағында Құдай тағала рұқсат
еткен, солай жүр деп жол сілтеген небір керемет ұғымдар жатыр.
Олар: сенімділік, көргендік, білімділік, ибалық, тәрбиелік, адалдық,
кішпейілділік пен мәдениеттілік, т.т. Бұлардың барлығы адам
15

16.

тәрбиесінің басты ұғымдары. Бұларсыз адам өмір сүре алмайды.
Адамдар бірімен бірі қарым-қатынас жасай алмайды.Тіпті, қауымдаса да алмайды. «Ал,қазақ сенімінің басы тым тереңде жатқаны
белгілі. Тәңірге сенім,аруаққа сенім,табиғатқа сенім, оларды қадір
тұту,кие санау,аялап құрметтеу.міне,осы негіздде қазақтың имандылық ұғымы қалыптасты. Олай болса, имандылық дегеніміз
адамның бойындағы ең бір қажетті, ең бір құнды қасиеттердің
жиынтығы. Бұл ғалымдардың жазулары бойынша «имандылық»
дегеніміз адам (жас бала) тәрбиесінің алтын арқауы, негізгі діңгегі.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет сол иманды-лықтан тарайды,
яғни, адам баласының бойындағы ең жақсы деген қасиеттер сол
имандылықты құрайды. Имандылыққа баулудың ілімдік және
үрдістік жолы айқындалып бүгінге жетсе де,оны жұрт болып,ел
болып жаппай қабылдап, тәрбиелеу жүйемізге сіңіре алмай
отырмыз. Әсіресе бүгінгі жастардың бойынан байқала бастаған
мағынасыз, тұрлаусыз,түсініксіз мінез-құлық пен іс-әрекеттер
имандылыққа баулуды қоғам болып қолға алуды қажет етіп
отыр.Бұларға ең әуелі ата-бабалары иманды, жомарт, текті адам
болғандығын түсіндіріп, ұлттық намыс, ата-тектік мақтаныш сезімін
ояту ең дұрыс жол болмақ.Қазақ ұлтында имандылық мәселесі
сүйекке сіңген ұғым. Мысалы, репрессия мен ашаршылық, соғыс пен
атом бомбасының зардаптары секілді зұлматтар сол кезеңдегі
ұрпақтың басын жұтып қана қойған жоқ, одан кейінгі өмірге келген
ұрпақтарға да зардабын тигізіп отыр. Мысалы, бүгінгі ұрпақ өз
басында туындаған көптеген аурулардың, агрессия мен депрессияның, тұйықтық пен оқшауланудың, тіл мен дінді ұмыту себептерін,
рухсыздық пен тарихи зердесіздіктің себептерін түсіне алмайды.
Тіпті, бұлардың қайдан келгенін де ойланбайды. Ал барлық мәселе
осы текте жатыр. Ата-баба бойындағы барлық қиыншылықтар мен
қарғыстар, күнәлар мен дерттер ұрпаққа айналып келіп соғуда.Егер
сіздің атаңыз 18 жасында соғысқа қатысқан болса, сізде дәл сол 18
бен 20 жас аралығында ерекше бір агрессия болады. Сіздің
қолыңызғақтық пен оқшауланудың, тіл мен дінді ұмыту себептерін,
рухсыздық пен тарихи зердесіздіктің себептерін түсіне алмайды.
Тіпті, бұлаң атаңыздың сол жаста сол сезімдерді кешкендігі. Тек
мәдениетін білу, дұрыс түсіну сізге тамырды сезінуді, кез келген
16

17.

мәселені түп-төркінінен қарастыруды үйретеді. Ал тегін жоғалтқан
әулеттің ұрпағы өзінің отбасын да жоғалтады. Бұл- нақты
статистикалық дерек. Яғни репрессия кезінде атаның айдауға кетуі,
яғни отбасынан ажырауы, ұрпағында белгі береді. Дәл сол атасының
айдауға кеткен жасында оның ұрпағы да отбасынан кетуге бейім
келеді. Өйткені ол оның түпкі себебін түсінбейді.Түсінсе, ол соған
қарсы, яғни қандағы қасіретке қарсы күресер еді. Бұл бір ұрпаққа
дейін емес, бірнеше ұрпаққа дейін, мұны саналы түрде тоқтатқанға
дейін жалғаса береді. Әулеттегі бір ер адамның кетуі, басқа да сол
әулеттің ер адамдарының кетуіне алып келіп соғады.Яғни «Кетуге
бейімділік моделі» қалыптасады. Сол кезеңде ер адамдар айдауға я
болмаса соғысқа кеткен болса, бүгінгі жағдайда ұрпақтың отбасынан
кетуіне, белгілі бір істі тастап кетуіне, туысқандардан кетуіне
итермелейді. Тіпті, нашақорлық пен ішімдікке, қылмысқа итермелейді. Әйтеуір бір қалыпты нормадан кетуі керек болады. Атасы 45
жасында өмірден өтсе,45 жас немересі үшін сынамалы кезең. Бұл
немересі де сол жасында өледі деген сөз емес, сол жаста немере
басында белгілі бір қиындықтар туады. Қазақтарда «мүшел жас»
деген ұғым бар емес пе, осы мүшелмен атасының басына жағдай
туған жас сәйкесіп жатса, бұл тіпті қиындықтар тудырады. Ал өз
тегінің арғы-бергі тарихы мен әулет басынан кешірген жағдаяттарды
жетік білген адам бұлардың алдын алуға қабілетті келеді. Оны
жастар бойына сіңіретін,әрі негізгі бағыт-бағдар беретін-жастарды
имандылыққа баулу амалы ғана.Оның психологиялық педагогикалық негізін айқындаушы ғылымның аты-Иманипедагогика.
Анығын айтқанда,бұл ғылым- жастарды осы дәуірде имандылывққа
баулу амал-айласын көрсетуші тәрбиелік ілім.
Исламды қазақтан, қазақты исламнан ажыратып ала алмаймыз.
Өйткені, бабаларымыз асыл дінді дәстүрімен үйлестірген, қабыстырған. Қазақ халқы ислам дініне әу бастан сын көзбен қараса
да,оны өз болмысы мен танымына үйлестіре алған.Қазақта «Жаман
адам – құдайшыл, тамағы жоқ адам – оразашыл, жұмысы жоқ адам –
намазшыл» деген сөз бар.Адам қиыншылыққа тап келсе, құдайшыл
болып кетеді. Тіпті кейбіреулер бәріне Құдайды кінәлайды. Кейбір
шарқаялар. «Керең Құдай!Соқыр,Құдай!...»-деп тағдыр тәлкегін
Алладан көріп, ашуға басып,қарғап-сілеп Алла Тағаладан алыстап,
17

18.

Құдайынан айырылып қалады..Мұның болу мүмкіндігі,оны жою
жолы да имандндылыққа баулу қазақ ілімінде ашық көрсетілген. Бұл
туралы да Аллаһ сөзінде.айқын бағыт бар. Шәкәрім атамыздың
:«Шын ақылмен таппаған дін – дін емес, жындылық» деуінде үлкен
мән жатыр. Имам Раббани: «Егер адамның ақидасы дұрыс болмаса,
ол шайттанның әскеріне айналады» дейді Неге мінезі берік,иманы
кәміл адамдардан кеңес өкіметі қатты қорықты? Өйткені, өкімет
орнағанға дейін үш жүз сексен көтеріліс болған екен, олардың денін
ишандар басқарған. Асылында, олардың мінезі дұрыс болған,
жалған дүниеге сатылмаған, пара алмаған. Міне, содан бастап,
медреселерде ахлақ, яғни мінезді түзеу іліміне тыйым салынған.
Құран көптеген аяттары адамды ең алдымен дұрыс ойлануға
үгiттеп, тура жолға шақырады. Аллаһ Тағала, әлемдегi жаратқан
нәрселдернiң барлығын адам баласының пайдасына жаратса да адам,
Аллаһқа қарсылық көрсетiп, Оның сансыз нығметiне бей-жай қарап
келедi. Адамның көбiнесе шүкiр етудi ұмытып кететiндiгiн аятта
былай баяндайды: “Ол сондай Аллаһ, сендерге түндi тынығу,
күндiздi көру үшiн жаратты. Күдiксiз Аллаһ, тым кеңшiлiк иесi.
Бiрақ адамдардың көбi шүкiрлiк етпейдi”.Ендi бiр аятта: “Қашан
адам баласына бiр таршылық келсе, Раббына жалбарынып, Оған
бейiм ынта байқатады. Сосын қашан Аллаһ оған бiр игiлiк берсе,
бұрынғы Оған жалбарғанын ұмытады да жолынан адастыру үшiн
Аллаһқа теңдес жасайды. Мұхаммед (с.а.у.) оларға: «Қарсылығыңмен бiраз мәз бола тұр. Сөз жоқ сен тозақтықсың, де”.Бұл аяттардан
әлемдегi барлық нығметтiң адам баласы үшiн жаратылғандығын
байқауымызға болады. Осылай бола тұра, адамзат баласының
көпшiлiгi өмiрге не үшiн келгенiн? Не үшiн өмiр сүретiндiгiн?
ойланып жатпай Аллаһтан бейхабар тiршiлiк кешедi. Мұндай
қаперсiздiк, адамды шүкiршiлiк етпеуге, ақиқаттан алшақ өмiр
сүруге апарып соғады да соңы орны толмас өкiнiшпен бiтедi.Адам,
әрбiр әрекетiнiң үнемi Аллаһ тарапынан бақылауда екендiгiн естен
шығармауы тиiс. Өйткенi, Аллаһты ұмытқан адамның тура жолға
түсуi мүмкiн емес.Сондайақ, Ыбырай бабамыз былай дейді:
«…иманнан соң дін ғылымы дүр. Дін ғылымы дегеніміз,Құдай
тағала пенделеріне екі жол көрсетті: бір жолы-осылай бар деп
бұйырған жолы, екіншісі – бұл жолға түспе деп тыйған жолы…
18

19.

Әуелгі жолдың баратын ұшы – ұжмақ, соңғы жолдың ұшы – тамұқ».
Әр екі жолды көрсетіп қойып, қайсысына түсудің ықтиярын бұл
дүниеде Құдай тағала адамның өзіне берді. Осы екі жолдың мәнісін
түсініп, үйренуді дін ғылымы деп атаймыз» (2. 10 б.). Яғни, қай
жолға түссе де, адамның өз еркі. Жақсылық пен жамандықты таңдау
да адамның өз еркі.Бірақ, діннің міндеті адамның көзін ашып,
үйретіп, оны дұрыс жолға, кімге болса да пайдалы, игілік жолына
салу.Дін білімінің керегі міне осы жерде болса керек. М. Ж.
Көпейұлы өзінің шығармаларында имандылық жолын іздеп Аллаға
иман келтіру адамзат баласының парызы екенін айтып, шын
көңілмен, көркем мінезбен мұсылман болуға шақырады. Ақиқаттан
ауытқып, надандықтың құрсауында қалған халқын адамдықтың ақ
жолына жетелейді. Ақынның Ислам дінін насихаттауы, халықты
Аллаға құлшылық етуге үгіттеуі – дінді ғана емес, сонымен бірге
жақсы адам болудың, жалпы ұлттық болмысты сақтаудың ең
пәрменді құралы болғанын аңғару қиын емес. Ақынның мақсаты –
адамды жөндеу, қоғамды түзету, адамды нағыз адам қылу. Бұл
мәселені көптеген туындыларына арқау етеді. «Табиғат ғибраты»
деген шығармасында: «Адам қалай қылғанда адам болады? деген
сұрақ қойып, оған өзі былайша жауап береді: «Ұшқан құс, жүгірген
аңнан ғибрат алып, солардың мінезіменен мінезденбесе, аш арыстан
жүректі болып келсе, палуан жолбарыс білекті болып келсе, досы
көп болып, дұспаны жоқ адамнан осы екеуінің жүрегі, білегі
табылады»,- деп, әрі қарай ақын: «Жігіт адамның қырағылығы
бүркіттей болсын. Зеректігі байғыздай болсын. Жүрісі маймылдай
болсын. Он екі қырлы, бір сырлы, отыз аяқты болсын. Орнына қарай
мінез қылсын. Сонда адам болып, адам қатарына кіреді”, - деген ой
түйеді [2, 81 б.]. Ал,Абай атамыз: «Иман деген- Алла табарака
уатағаланың, шәриксіз (тең келмейтін) ғайыпсыз, бірілігіне,
барлығына уә һәр неге бізге пайғампарымыз арқылы жіберілген
жарлығына, білдіргеніне мойын сұнып, инанбақ. Иман келтіруге екі
түрлі нәрсе керек. Бірінші – әуел не нәрсеге иман келтірсе, соның
һақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып ақылы дәлел испат(шын
иман) қыларға жараса, мұны якини иман (біреуге еріп нану) десек
керек. Екінші – кітаптан оқу бірлән яки діни ұстаздардан есту бірлән
иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалақ беріктік
19

20.

керек»(он ұшінші қара сөз).Бұл дегеніңіз, Дін -тек белгілі бір талап,
тәртіп, дәстүр, заңдылықтарды орындаумен шектелмейді, аталған
шарттар оның сыртқы қызметі, ал негізгісі рухани құндылықтарды
тәрбиелеуде ең бірінші орында- иман келтіру-дегені еді. Адам
баласынан бастап әлемдегі барлық тіршілікті жаратушы бір
ҚұдайдыңҚұдай тағала адамның өзіне берді. Осында қашанда болса
есеп беретіндігіңді ұмытпау екендігін ашық көрсеткен.Бұл пікірдің
жалғасындай саналатын, М.Жұмабаевтың: "Діни сезімі күшті адам
Тәңірдің барлығына, құдіретіне сеніп, оның махаббатын алуға,
қаһарына ұшырамауға, ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан безбек.»деп аталатын түйіні бар.Инамақ-илану, яғни, сену. Байқағанымыздай, Абай да «иманды» сенім, Құдайға сену, деп түсіндіреді.
Яғни, мұсылман болу үшін, ең алдымен сену керек екен. Құдайдың
барлығына, бірлігіне, Мұхаммед пайғамбардың оның елшілігіне
сену. Бұдан барып, нені болса де сеніп істеу, сол сенімнен күш алып
істеу болғаны.Мал -мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған
қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екіншіырысының тұрағы, үшінші-дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз
қалдырған.Жүрегінде иманы жоқ адам-бақылаусыз адам. «Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды» Құдайдан қорықпаған, имансыз
адамға сенім артуға болмайды.Ал иманды адамның жүрегінде әрбір
әрекетін қадағалап,бақылап тұратын ішкі сенім бар.Абай:«Құдайдан- қорық,пендеден-ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!»
«Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат
парыз.»«Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта. «Адамды –
адам ететін де иман, Сұлтан ететін де иман» «Иман сақтауғақорықпас жүрек,айнымас көңіл, босамас буын керек. Абай адамдықтың биік деңгейін осылай,иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде
«Толық мұсылман болмай толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан.
Жас адамды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып,
намысын қайрап, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік,
қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты әдептік-психологиялық
қасиеттерді олардың бойына сіңіру-әрбір отбасы-ның, балалар
бақшасы мен мектептің, жоғары оқу орындарының парызы.
Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы,
ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық,
20

21.

әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер
имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да
назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі,
үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған.
Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу
дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың,
имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз
болған.Бойына адамершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты
“көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым
жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды
“иманды” деп атаған.
Адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік дүниетанымнан,наным-сенімнен, салт-дәстүрінен,әдет-ғұрпынан ең маңыздысы діни таным. Діннің негізгі функциясы жеке адамнан бастап,
жалпы адамзатты дұрыс өмір сүру жолымен және рухани құндылықтармен сусындатып, адам болмысын таныту, құдайы ақиқатқа
көзжеткізу және болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі имандылық принциптеріне адамды тәрбиелеу. Тәрбиелеудің жолдары өте көп, соның
ішінде оқу білім арқылы, ғылыми таным, өмірлік таным арқылы,
адамда белгілі бір көзқарасты, әдетті қалыптастыруға болады.
Алайда адамды тек кітап арқылы тәрбиелеу де мүмкін емес, өйткені
кез келген адам қайталанбас жеке тұлға; екінші жағынан кітаби
тәрбиенің ықпалы бар екенін теріске шығаруға да болмайды. Адамжаратушының тудырған ғажап пендесі. Өйткені, оның денесі болса
да, ол ең алдымен – рухани жан иесі. Осы тұрғыдан алғанда адамның
басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы шексіздікке – кетеді.
Аллаһқа сенген адам Оның үнемi өзiмен бiрге екендiгiн ұмытпайды.
Өйткенi, Құранда бұл жайлы былай айтылған:“… Сондай-ақ Ол,
қайда болсаңдар да сендермен бiрге..”. (Хадид 57/4). Тағы бiр аятта:
“Расында адамзатты жараттық. Оған, нәпсiсiнiң не сыбырлағанын
бiлемiз. Өйткенi, Бiз, оған күре тамырынан да жақынбыз”, деп
адамға өте жақын екендiгiн Қаф сүресiнiң 12-аятында айтқан.
Аллаһпен бiрге екендiгiн сезiнген адам, жалғыз қалғанда да бейәдеп
iс iстеуден сақтанады. Яғни ешкiмнiң түрткiлеуiнсiз-ақ өз жауапкершiлiгiн сезiне бiледi. Ондай адамға сыртқы күштiң ешқандай қажетi
жоқ. Оған жүрегiндегi Аллаһқа деген сенiмi жетiп артылады.
21

22.

Мұсылман Аллаһтан қорқу арқылы Оған жақындай түсiп, терiс
жолдан, жағымсыз қылықтардан құлан таза арылады. Аллаһтан
қорқу басқа нәрселерден қорқуға ұқсамайды. Өйткенi, сiз қандайда
бiр нәрседен қорыққанда одан ұзақтап жақындамауға тырысасыз.
Ал, Аллаһтан қорыққанда Оған жақындай түсесiз. Тiптi Оның
сүйiктi құлына айналасыз. Аллаһтан қорқудың маңыздылығын
Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисiнде былайша түсiндiрiп бередi: “Егер
кiмде-кiмнiң көзiнен Аллаһтан қорқып жас шығар болса, оның
жүзiне тозақ оты тимейдi. Мұсылманның жүрегi Аллаһтан қорқып
дiрiлдегенде, қураған ағаштың жапырағы түскендей оның күнәлары
төгiледi”.Ал ендi Аллаһқа деген сенiмнiң маңыздылығын айтып
кеткендерге тоқталып көрелiк.“Адамға тәрбиелi болуы үшiн үш
нәрсе керек. Егер бұл болмаса тәрбие дегенiң тәрбие болмайды.
Аллаһтың бар екендiгiне сену. Жанның мәңгiлiк екендiгiне сену.
Ақырет күнiне сену,” деп ағылшынның ғалымы Томос Мор, тәрбиелi
болудың негiзгi жолын iздеушiлерге көрсетiп кеткен. Тәрбиелi
болды деген сөз жеке тұлғаның өмiрдегi өзiндiк орнын табуға
жетелейдi. Мәселен барша адамға мәлiм атақты физик, ғалым Бiлез
Паскал ақылдылық пен бақыттылықты былайшы өлшеп, адамдарды
үш топқа бөледi: Бiреулер Құдайды таныды әрi Оның әмiрiн орындап жүр. Бұлар ақылды және бақытты адамдар. Ендi бiреулерi
танымайды әрi Оны iздеп те жүрген жоқ. Бұлар ақылсыз һәм бақытсыз адамдар. Ал ендi бiреулерi болса бiр ұлы күш бар деп iздеп жүр.
Бұлар ақылды, бiрақ әлi бақытсыз адамдар. Абай отыз сегiзiншi қара
сөзiнде иман туралы былай дейдi: “Әуелi, дiн Исламның жолындағы
пенделер иманның хақиқатын бiлсiн. Иман дегенiмiз-бiр ғана
инандық емес, Аллаһ Тағаланың бiрлiгiне, Құран Кәрiм Оның сөзi
екендiгiне, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.)-ның Оның тарапынан
елшi екендiгiне инандық. Жә. не бiттi? Сен Аллаһ Тағала үшiн иман
келтiремiсiң, я өзiң үшiн де иман келтiремiсiң? Сен иман келтiрмесең
де Аллаһ Тағалаға келер ешбiр кемшiлiк жоқ едi, я өзiң үшiн иман
келтiресiң, жә, инандық. Ол инанмақтығың құр ғана инанмақпенен
қалса, саған пайда бермейдi. Оның үшiн сен өзiң инанмақтығыңнан
пайдаланамын десең, пайда бередi, кәмiл иман болады. Пайданы
қалайша алуды бiлмек керек”. Яғни Исламда құр сенiп қойғанмен
ешқандай iс бiтпейдi, iс-жүзiне асқанда ғана орасан зор ықпалы
22

23.

тиедi.Мiне байқап қарар болсақ Аллаһқа сенудiң қаншалықты
маңызды екендiгiн айқын көрсеткен. Дәл осындай мысалды орыстың
ойшылы Л. Толстойдың өмiрiнен де көруiмiзге болады. Ол өзiмен
әңгiмелесуге келгендерден ең алдымен “сен Құдайға сенесiң бе?”,
деп сұрап алып, сенетiн болса әңгiмелесiп, сенбейтiн болса
әңгiмелеспейтiн болған екен. Жаратушы күшке сенiп, Одан ғана
қорқатын сезiммен жүруi жеке тұлғаның қалыптасуына орасан зор
әсерi бар. И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңқалып, оған «Homo
morales» деген анықтама берген. Уақытында ұлы Абай оны «нұрлы
жүрек», Шәкәрім «үш анықтың» біреуіне жатқызады. Егерде
адамның ар-ұжданы болмаса, ол жануарлардан қулық сұмдығы
жүздеген есе асатын нағыз жан түршігерлік сайтанға айналар еді.
Осы ойдың аясында Шәкәрім-нің «Үш анық» атты еңбегіндегі;адам
ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді. Біліп
жаратушы-тәңірі, өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де
керектісі-ұждан. Ұждан дегеніміз - нысап, әділет, мейірім деген
ойын тұжырымдап: бірінші-әрбір адамда діни таным болуы қажет,
екінші-ғылыми танымы болуы керек, үшінші-“Ар ілімін” меңгеруі
тиіс деген. Ал,Мұқтар дана:«Жалған намыс-қасиет емес, ар
сақтаған-қасиет.Ар жазасы-бар жазадан ауыр жаза».-деген.Қазақ
жұрты- адам баласының кейбiр жағымсыз iстерiнiң жазасын
ақыретке бармай-ақ осы дүнеиiнің өзiнде арының азабына ұшырап
өлiп жатқанын тым ерте шақтан байқап,онан ада болуды ескерте
білген.Мұның дәлелі боларлық несияқты оқиғалар,әрекеттер,аныз
әңгімелер, қихаяттар қазақта көп-ақ.Мысалы,киелі орынды былғаған, қазып ,бүлдіріп, ұңғылаған, адам мен табиғатқа қиянат жасаған
талайлардың тілтартпай кеткенін баяндайтын әпсаналар да бар.
Аққу,буаз киік,нысыналы жануарларды атып жан тәсілім еткендерді
көзімізбен көрдік. «Оларға обал жоқ,жан-жануарлардың киесі
атты,солай болғаны дұрыс...»-деген шешімді де естідік.Аруақты
қорлау,ата-баба атақ-абыройына кір келтіру, ру –тайпасының атын
жамандықпен шығарып,сүйегін сындырып,етке таңба болу,беделін
түсіру қазақ үшін өліммен тең болғаны белгілі.Ал,қазақ қана
емес,таяу шақта әлем адамдарының көз алдында болып өткен мына
оқиғаны белгілегенім жөн шығар. Мәселен, 1994 жыл Американдық
суретшi Кевин Картер, Флутзер жүлдесiн алу үшiн сурет көрмесiне
23

24.

қатысады. Ол халықты, африка жағдайымен таныстыру мақсатымен
БҰҰ-нан аттанғандарға ілесіп африкаға жол тартады. Аш халық
БҰҰ-ның азық тарататынын естiгенде бар нәрселерiн тастап, 1 км
жердегi азық-түлiк жүк машинасына қарай бет алады. Осы
мүмкiндiктi пайдаланып Картер халықтың тұрып жатқан мекенiне
қарай аяңдайды. Келе жатып ұзақтан анасынан ажырып қалған 4-5
жасар баланың арқасында баланың өлуiн күтiп отырған таз қараны
байқап қалады. Осы сәттi дереу пайдаланып, суретке түсiрiп ала
қояды. Сөйтiп қуанышы қойнына симай елiне оралады. Суретi
аштардың хал-жағдайын шынайы суреттегендiктен бас жүлденi
жеңiп алады. Қуанышын жора-жолдастарымен бөлiсiп, кешкiсiн
үйiне оралғаннан кейiн суретке қайта көз салып көредi. Суретке
қарап отырып, санасында ақиқаттың ұшқыны жарқ ете қалады. “Аш
балаға неге жәрдем бермедiм?”, деген сұрақ 3 ай бойы жанын
жегідей жеп, ақыры есiнен айырылып өз- өзiн асып өлтiрiп тынады.
Мiне ар-ожданның өзi адамды азаптаса, адамның мына дүниедегi
әдiлетсiздiктерi үшiн азапталар күнi неге болмасқа. Сондықтан
ақыретке иман келтiру әдiлдiктi қалау деген сөз.
Жоғарыда,қазақтың имандылық туралы ұғымы тым
терең,асқақ мәнді ұғым деген уәж айтылды.Бұл дәлелсіз құрғақ
мақтау емес пе? Діни имани ұғымның маңызды қалыңын төлеп,
кәдесін жасап отырып, жастардың басын қосып,отау көтеріп,оң
жағына тіктіріп болған соң,Аллаһтан тілейтін тілегінің басыҰРПАҚ. Қазақты-Аллаһ тағала тым балажан етіп жаратқан екен.
Басқа халықтар сияқты,бір –екеумен өмірі қанағаттанбаған ғой,
қашанда! Көп әйел алуға құқылы, Аллаһқа бізден гөрі бір табан
жақын Арабтардың өзінде қазақтай көп ұрпақты отбасы аздау ғой.
Біздің ханымыздан, қарашамызға дейін көп балалы отбасымыз.
Абылай хан отыз ұлды,қырық қызды болған болса,Қожаберген
жырау атамыз тек бір әйелі ( Айша)-дан онжеті ұл сүйген.Ал,он
ұл,он қыз қазақтың екінің бірінде болған.Қазақтың мұндай бақытқа
кенелуі оның пиғылы мен көңілінің адал,таза, жарқын, ұрпағының
қанша болса да,Алладан сұрап-қалап алған асылым,алланың
аманаты деп оны бағып күте алатын,өсіріп тәрбиелей алатын қарым
–қабылет игеруінде жатыр. Осы қарым-қабылетті игеруге тікелей
басшылық жасаған,әрі оған қажетті білім мен дағдыны, машық пен
24

25.

әдетті игерте білген, Қаныш атамыздың сөзімен айтсақ, менің
«оқымаған академик әжем» болатын. Былай қарағанда, қазақтар
өзінің иелігіне, білімдеріне, дүниетанымына аса мән бермейтін
секілді көрінеді, себебі әлемге деген философиялық көзқарас олар
үшін өмірлік ереже. Айталық,баланың қалай тәрбиеленіп, қандай
адам болып өсуіне үлкен мән берілетін болған. Көшпенді халық үшін
бала құнарлылықтың нышаны болған. Сондықтан балаға қарау
анасының құрсағында пайда болғаннан-ақ жүзеге асады.
Жүктіліктің басы мен дамуы қазақ халқында микрокосмос, яғни
баланың дамуымен байланыстырылады. Үш күндік жүктілік
қазақтарда «тумақи» (әлі туылмаған) деп аталады, яғни бұнда
болашақ өмір бола ма, болмай ма деген күдік көрінеді. Жүктіліктің
жетінші күні қазақ халқында «көбік» деп аныталады. Мұнда
адамның көбіктен жаралады деген көзқарастың басымдылығы, яғни
ол келер қырық күн ішінде ұйығанға айналады деген ұғым бар.
Қырық күн бойына болашақ өмірдің қалың материясы қалыптасады,
ол «келдік» деп аталады. Он алты күнде ұрықтың шеміршектері
пайда болып, тоқсан күнде сүйекке айналады. Төрт айда бала ересек
адамның сыртқы әлпетіне ие болады, ал төрт жарым айда ол қозғала
бастайды, яғни бұл кезде қазақ халқының ұғымында балаға жан
кіреді. Жеті айда бала адам болады.Бала жеті айлық болып туса, тірі
қалады, ал сегіз айлық бала өмірден кетеді. Бұл жағдайда өмірге
қауіп төндіретін сегіз саны, ол шексіздікпен, болымсыздықпен
теңестіріледі. Тоғыз ай мен тоғыз күннен кейін дүниеге шыр етіп
бала келеді. «Біздің текті әже, арлы,айбарлы да,ақылман әжелеріміз
бен аналарымыз Жан иесі жатырда пайда болысысымен,оны аялау,
ананы құрметтеу үшін өте ауқымды шаралар мен әрекеттер жасаған.
Бұл іс-әрекеттер:ырым-тыйым, рәсім-ұлағат аясында жүзеге асырылған. А.Байтұрсынов: «Ырым етсең адал ет, жамандықтан аман
ет»-деген. Адал ниетпен жасалған ырымдар бізге жетті. «Аптасына
бір рет монша көрмесең,тәнің кірлер.Күніне бір рет адаммен
сөйлеспесең көңілді кір басар»-деген ұлағатты сөз бар.Адам көңілін
жадыратып,сезіміне сыр ұялатып, шалқытып отырса ол адамда
өмірге деген құлшыныс, тірлікке деген талпыныс туындайды.
Әжелеріміз, аналарымыз осыны жақсы сезінгендіктен өмірге келе
қоймаған шаранаға тумақ жерінің хош иісін, әсем үнін,таңғажайып
25

26.

тұлғасын таныта білген. Мына ырымдар соның айғағы.Жүкті жас
келінге ақ биенің кешкі саумалын ішкізіп, көбігін жалатады.Жас
ананың «Көңілін көтеру» ырымын жасайды.Жастар келінге,
салмақты, байсалды, ырғақты ән айтып,күй тартып береді.Майда
құм не тұз үстімен жалаң аяқ жүргізеді. Айлы түнде суық суға
шомылдырады.Бала ширақ болады.Жүкті келініне көлделең жатқан
жіп,арқан,бауды аттатқызбаған. Баласының кіндігі мойнына оралып
қалар деп ойлаған.Жүкті әйел шашын кеспейді.Бақ таяды,
баласының бағы сөнеді,кемтар болып туады, ғұмыры қысқа болып
туады дегенге сенген.Екі қабат әйел хайуанды теппейді,баласының
арқасына жүн өседі, өзінің белі ауырады. Бала өмірге келісімен
жылы суға тұз салып шомылдырған. Жусан салған жылы суға
денесін батырып,хош иісті шөптермен сылап-сипап,денесін созып,
шынықтырып отырған. Келіннің ұйықтайтын отауын, төсегін,
сәбидің бесігін, құндағын арша түтінімен аластап тазалаған. Жусан
мен аршаның иісі оның туған жерінің иісі,оның жадында,көңілінде
мәңгілік сақталады. Емшектегі баласы бар әйел жалаңбас отырып
бала емізбейді, орамал салып алу керек.Жалаңбас болса, қайызғағын шайтан баланың аузына салып жібереді. Бала есейгенде
мәңгүрт болады,анадан безеді, басына шығып-кемітіп сыйламайды,сөзін тыңдамайды, қиянат жасайды.Қазақ анасы омырауын
ашып бөгде тұрғой ата-енесіне көрсетіп бала емізбеген. Бірге
тұрғандар баласын шымылдық аржағында емізген. Бұл ырымдар жас
ана мен баланы мәпелеу, қадірлеу, тәрбиелеудің мейрімді жолы.
Бала есейе бастағанда туған жеріне апарып аунату, кіндік қаны
тамған жерін көрсету, кіндік кескен жұртын таныту ырымы-оның
туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту үшін жасалған.. Ертеден
келе жатқан ырым бойынша белгілі батырлар мен билерге,
ақындарға, әнші–күйшілерге,атақты адамдарға баласын ертіп
апарып аузына түкіртіп алатын болған. Ондағы ойы баласының
сондай болсын дегені. Осындай ниетпен солардың аттарын қоятын.
Бұл ырым бүгін де кең етек алған. Қазақ өте ырымшыл, нанымшыл
болғандықтан. «Көз тиеді», «ібіліс-шайтан іліп әкетеді», «түсік
тастап қояды» деп жүкті келінді жұрт көзінен қағаберіс, жасырын
ұстауға тырысқан. «Бесікті үй берекелі» демекші, баласынан немере
сүйіп, ұрпағын өсіруді армандаған аналар келіндері көп кешікпей
26

27.

екіқабат болса,оны ерекше қамқорлыққа алып аялайды. Келіннің
жүкті кезінде мезгілімен дұрыс тамақтануына, үсті-басын таза
ұстауына, дұрыс демалуына, бойжазуына, ерекше көңіл бөліп,
осылардың орындалуына енесі, абысындары мұқият болатын-ды.
Дәлірек айтқанда, екіқабат келіннің тамақтану, демалу, жүріп-тұру,
ережесі болған, оны бұлжытпай орындату әулет мектебі ұстаздарының негізгі міндеті еді. Келіннің қай кезде қандай дұға оқып,нендей
тілек-тілеп,Аллаһқа жалбарынуы тиісті екенін ұқтырып, жаттатқызып қоятын.Бала:бір-екі жас аумағында-. шарана, шақалақ,
нәресте,жанды бақа аталады. Бір мен екі аумағында,қыз баланы
бөпе,ұл баланы бөбек дейді. Аяғын басып,сөйлей алса-Текті жан
делінеді.Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен
қатар бірден үш жас арасында өбектеген,еркелеткен атаулар өте көп.
. Менің шөберемнің әжесі -оқыған академик:--Жоғарыда көрсетілген
құрсақтағы бала дамуының сипаттамасы ғылымды танымаған
көшпенділердің қаншалықты көзі ашық халық екенін дәлелдейді.
Шынымен де, қарапайым бақылау мен табиғат заңдылықтарына
сүйеніп алынған олардың білімділігі мен біліктілігі қазіргі ғылым
мен медицинаның зерттеулерімен дәлме-дәл келеді,-дейді. Мен,
айтамын ғой:-Рентген техникасы мен У.Д.З.И.-ультра дыбыстық
зерттеу құралы жоқ заманда олар қалай бақылау жасаған? Оқыған
академик әже:-Адамда бастағы көздің сыртында Иассауи айтқан:
«ішкі көз(басират)»,Шәкерім айтқан: (ақыл көзі),М.Ж.Көпеев айтқан (көкірек көзі «бәтін көз») бар болған.Егер ол көзді оятып,саналы
түрде ашпаса соқыр болып қалады.Мұндай соқырды Бауыржан
атамыз «көрсоқыр» деген.Біз техникаға сүйеніп көрсоқыр болып
қалдық.Ал,Сіздің әжеңіз көкірек көзі ашылған адам болған.Ұлы
Даланың ұлық ұстаздарының бәрінің көкірек көзі жасында ашылып,
талай тамаша ілімдерді игеріп,көптеген ғылыми жаңалық ашқан.
Бұлтартпас шындық осы болды.Ал,мен,әдетіме сай,тіміскілеп жүріп,
оқымаған ақадемик әжемнің ондай білімді қайдан алғанын тауып
алдым.Қуранда ашық жазылыпты.( Мүминун сүресiнiң 12-16 аяты,
Ғафыр сүресiнiң 67-аяты, Хаж сүресiнiң 5-10-аяттарын қараңыз!)
Жалпы бала дүниеге келгенде пәк,Ислам болмысы негізінде
туылады.Балалық шақ адам өміріндегі сенім, мінез-құлық
қалыптастыратын мезгіл.Олай болса,ата-ана балаларына жас кезінен
27

28.

бастап,жақсы – жаман және күнә-сауап нәрселерді үйрету, түсіндіру,
әрбір іс-әрекетін сол бойынша орындауға дағдыландыру керек.Қазақ
«Әділдік Аллаһтан, тәрбие ата-анадан!»-деп өте орынды айтқан.
«Тән–Тәңірден, Тәрбие–өзімізден» дейтіні тағы бар. Жалпы,балаға
діни білім ерте берілген жағдайда, ол отбасындағы дәстүрлі
тәрбиемен тамаша ұштаса алады. Көне заманнан-ақ қазақ халқында
ауызша да, жазбаша да, педагогакалық еңбек жазып қалдырған
білгір тәлімгерлер, тәрбиешілер, ұстаздар тым мол болған. Олар өз
көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі-бір дәстүрлі дүниетанымды
ұстанып, халықтың мұраттары мен арман-тілекгеріне сүйеніп
отырған. Бала жасынан көркем мінезге ие болуға тиісті және
міндетті.Бұл міндетін орындау үшін бала әуелі ата-анаға иек сүйейді.
Пайғамбарымыз(с.а.с.) « Бала бұл дүниенің хош иісі, Аллаһтың
аманаты»-дейді.Сәбиге ислами имандылық қағидатын ұқтырғанға
дейін,оған шамасы келгенге дейін қазақ отбасында,дәстүрлі тәрбие
құралдарын пайдаланып, имани тәрбие бергендігін көрсеттік,Бұл
үрдіс бүгінгі таңда, отбасынан ұлғайып, балабақшаға, мектепмедіресеге,арнаулы және ЖОО-ына жетті. Жалпы қоғамдық сипат
алып барады. Сәби,бөбек,балдырған,оқушы жасындағы ұрпақ,
сондай-ақ,жастарға сәйкес келетін, имандылыққа тәрбиелеу қазақ
ілімі байып, жетіліп,дамып келеді.Даму дағдарыспен тайталасатыны анық. Бөгеттер жетіп жатыр.
Қазақ тарихында топқа кіріп сөз бастаған билер мен
шешендердің,атқа мініп қол бастаған батырлардың, ұлтын ұйытып
ел бастаған көсемдердің,ақыл-парасатымен дана-лығы арқылы
әлемге танылған ғұламалардың барлығы дерлік-қазақ дәстүріндегі
ұлттық тәрбиенің жемісі.Қаныш атаның сөзімен айтқанда «оқымаған
академик әжелер мен аталардың» алдын көріп,үлгі өнегесін алып,
біліміне қанығып,Ана және Дана мектептерін бітірген,Дала консерваториясын тамамдаған өнер иелері, Жыраулық және Ақындық
академиясының түлектері; философ-жырау,әнші-ақын,сері-сал,т.б.
қазақтың ақылман ойшылдары,әулие абыздары, көріпкел білгіштері,
бақсы-бәлгері, адамтанушы сыншылары, шипагер-тәуіптері,
тарихшы-шежірешілері,дін күтіп, жалпақ жұртқа иман таратқан
пірлері бәрі-бәрі-Қазақ Педагогикасынан нәр алған,оның ұлт өкілін
қалыптастыру қазанында қайнап пісіп, өңделген,шыңдалған28

29.

КІСІЛЕР. Олардың тәрбиелік үлгі өнегелері,білімдері тым терең,
шексіз аумақты,өте асыл қазына. Осы қазынан зерттейтін педагогика
ғылымының бір саласын-ИМАНИПЕДАГОГИКА деп отырмыз.
Оның ерекше үш қасиеті бар:
-Ол,ұлтты,дінді алаламай жалпақ жұртты имандылыққа баулу үшін
қызмет атқаратын Жалпы педагогиканың бір саласы. Ал,жалпы
педагогика теориялық іргелі және үрдістік қолданбалы ғылым екені
белгілі.Иманипедагогика да,жалпақ жұртты имандылыққа баулу
жөніндегі әрі іргелі,әрі қолданбалы ғылым.Қазақ тәрбиелеу ілімінде
бұл қағида былай тұжырымдалады.«Бала бақшадағы гүлің.Оны
тәрбиелеу ғылым». иманипедагогикада тәрбиелеу әрі ілім.әрі өнер
саналады.
-Ол.бүгінгі таңда педагогика әлемінде зерттеу жүргізіп, практикалық мәселелерді шешіп отырған педагогика салаларымен (этнопедагогика,гуманипедагогика,әлеуметтік педагогика, әулеттік педагогика т.б.)тығыз байланыста бола отырып,олардың қажетін өтеуге
ықпалдасады,өз мұқтажына демеу, сүйеу болуын қалайды.
Педагогиканың барлық салаларымен бірлесе отырып, зерттеу әдістәсілдерін, методологиялық негізін бөлісуге, ортақтасуға мүдделі.
Ал,негізгі ғылыми өзегі-имандылық. Адамзатты рухани азықпен
сусынлату үшін жеке тұлғадан бастап,улыс,ұлтқа дейін руханияттылыққа жетелеудің теориялық және практикалық жолын қарастырады.Осы тұрғыда қазақ жұртының тарихи тәжірибесін тірек
етеді,барлық сенімдердегі иманы ұғымға, адами қасиет қалыптастырудағы амал-тәсіліне,ден қойып, тәрбие үрдісіндегі таптық, топтық касталық,нәсілдік кейбір ерекшеліктерге үстемдік бермесе де,
оларға ерекше басымдылық танытпаса да,жалпы түрде болса да
ескеріп отырады. Негізі мақсатына жету жолында, тиімді жерінде
оларды ұтымды пайдалануды көздейді.
-Ол,алдына барша жұртты қазақиландыру немесе исламият жолына
түсіру ниетпен бұра тартып,үгіт-насихат,үндеу-кеңес,сабақ-дәріс
тәрбиелеу арқылы оқшаулану,бөлшектеу қатарлы мазмұндағы ісәрекет,тәжірибе,зерттеу жүргізбейді.Ұлттану,теология, адамтану,
родология, нумерология,астрология ғылымдарының жетістіктерін
пайдалануға мүдделі.
29

30.

Жаңа ғасырдың алғашқы ширегінің өзінде ақ Әлемде жалпақ
жұртты тәрбиелеу үрдісі,бағыт-бағдары,теориялық іліми қөзқарастардың қайсысы болса да имандылыққа баулуға бет алғаны
белгілі.Тек,Егемен Қазақ елінің өзінде қаншама қайшылықты түрде
болса да,имандылыққа баулу бағытында, отбасында,қоғамдық
ортада, мектеп-медіресе де,арнаулы орта және ЖОО-ында тәрбиелік
іс-әрекеттердің жаңа түрлері, пәндік жүйедегі,сабақ мазмұнынан
тартып,мектептен тыс, сабақтан тыс іс-шаралар өткізіліп белгілі
дәрежеде тәжірибе жиналуда. Осыларды ғылыми електен өткізіп
зерделеу әрине Иманипедагогиканың міндеті болмақ. Бұл бағыттағы
шет жұрт, басқа ұлт тәжірибесін, ғылыми жетістіктерін, халқымыздың діл. тіл, әдет –ғұрпына үйлесетінін таңдап тауып, түрлендіріп
орнықтыруға көңіл бөледі.
Жастарды имандылыққа баулудың кәзіргі кезеңінің өзінде
бірнеше бағыттары айқын болды. -Барлық сатыдағы мектептерде
оқытылатын пән мамұнына ғылыми және діни білімдердің тақырып
тарау ерекшелігіне сай жастардың білуге, игеруге тиіс имани
тәрбиелік-білімдік мәнін сиғызып, оларды оқып үйренуге, білік
дағдыға айналдыру әдістерін игерту амалы күллі бағдармалар мен
оқулық,әдістемелік құралдарға енгізу.Бұл үрдіс кәзіргі кездің өзінде
айтарлықтай қарқынмен,мұқият қарастырылып жүзеге асырылып
отыр.-Сабақтан тыс,мектептен тыс,әлеуметтік ортада,көпшілікқоғамдық және ұжым шеңберінде жүріліп жатқан күллі тәлімтәрбиелік іс-шараларда жастарды имандылыққа баулудың жаңа
замандық түр-тұлғасы, кескін келбеті қалыптасып отыр.
Әсіресе,әлеуметтік педагогиканың дамуына сай, әлеуметтік тәрбие
ошақтары, мектептері пайда болып,заманауи техниқалық құралдар
арқылы жүргізіліп жатқан,үгіт-насихат, тәлімдік оқулар, БАҚ-ның
халықтық сипат алған басылым, көрсетілім, қойылым, үлгі өнегелік
іс-шаралары өз бет-бейнесін тауып келеді.
-Біздің қоғам бүгіндері өз салты,өз тұрпаты бар,азаматтық қоғамның
жаңа моделін жасап жатыр.Қазақстан Республикасы-жаңа замандық
тіршілік тынысы бар,өнер-білімге қол жеткізіп келе жатқан,салтсанасы айрықша ел.Осы өмір салты жастарды имандылыққа
баулудың жаңа бағытын ұсынып отыр.
Дереккөзі;
1.Имандылыққа баулу қазақ ілімі - Әлеуметтану...referatikz.ru›
2. Иманипедагогика. Иманипедагогиканың мәні - презентация...ppt-online.org›594035
3.Иманипедагогика-тәрбиелеу ілімдерінің тоғысқан арнасы ust.kz›word/
30

31.

4. Иманипедагогиканың қажеттілігі, алғышарты - презентация...ppt-online.org›541078
5. Қазақтың дін туралы танымы abai.kz›
6. Презентация на тему: "ИМАНИПЕДАГОГИКА." myshared.ru›slide/1392216/
7. Киізтуырдықтылардың баулу жүйесі | Білім айнасы газеті bilimainasy.kz
8. Иманипедагогика. Қарағанды. 2019. ISBN978-601-7950-51-4;
31

32.

1.Әл-Фарабидің иманипедагогикалық тағылымы
Адамзат нәсілінде Алланың жамалына
шомылған айтулы тұлғалар баршылық. Олар
жаратылыс пен ондағы адам баласының рөлін
толыққанды түсіндіріп бергендігі үшін де
қария тарихтан кемеңгер есімін иеленді.
Осындай данышпанның бірі Тұран топырағының тумасы – Әбунасыр әл-Фараби. Ерте
замандарда жазылған араб тарих-шылары мен
саяхатшыларының
еңбектерін
тереңінен
қарастырған Ақжан Әл-Машани Шығыстың
екінші ұстазы Әл-Фарабидің туған жері қазіргі Қазақ елі екенін
былай дәлел келтіріп: «Әл-Фарабидің туған жері Сырдария
бойындағы Фараб (Отырар) екенін дәлелдеп жазып, картаға түсірген
– арабтың атақты ғалымгеографы ибн-Хаукал. Ол өзінің «Китап
Масалик уа мамалик» деп аталатын географиялық еңбегінде
Түркістан аймағының сипатын беріп, қалаларын картаға түсірген.
Ол Отырарды жазғанда, картаға түсіргенде әдейі, арнайы тоқталып:
«Бұл жер атақты ғұлама, асқан философ әл-Фарабидің туған жері», –
деп көрсетіп кеткен. Ибн Хаукал мен әл-Фараби бірін-бірі жақсы
таныған, сол кездегі Дамаск шаһарының билеушісі Сайф адДауланың сарайында бірге болған» деп жазады. Қазақ ұлтының
дүниетанымы, ой-өрісі, әдет-ғұрпы, салт-санасы шығыстың рухани
әлемімен астасып тұтастық құрады.Қасиетті қазақ даласы талай ұлы
ғұламаларды дүниеге алып келді.Қазақ топырағының көзі ашық,
көкірегі ояу ойшыл азаматтары бүкіл шығыс мәдениетін меңгеріп, өз
шығармаларын көпке ортақ тілде жаза білді.Кейінгі ұрпақтарына
мұра етіп қалдырды. Солардың бірі – түркі әлемінің ұлы ойшылы,
ғұлама ғалым Әбу Насыр әл˗Фараби бабамыз. Ғұлама ойшылдың
толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ
ибн Тархан Әл-Фараби (870-950) . Ол ғылым мен білімдегі, адам мен
әлемдегі ең терең байланыстарды, қасиеттерді, сипаттарды
құндылық ретінде өрнектей білген. Фарабидің философиялық
көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің
мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады,
ақыл-парасат туралы ілімді саралады.Ол ғылым мен тәрбие ұштасса
ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ деді. Мінез-құлқын түзей
алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Ол
«Адамның кемелдігі неде?» деген сұраққа жауап іздейді.«Балық су
32

33.

үшін жаралған, құс ұшу үшін, ал, адам бақыт үшін жаралған»
дейді. «Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Білім
мен мінез- құлық арқылы» дейді. «Ол білімнің мәні қандай? Бақытқа
апаратын мінез- құлық қандай?» деген сұраққа «ізгілікті мінезқұлық, рухани білім» дейді. «Оған қалай қол жеткізуге болады?»
деген сұраққа « Оған: ізденіс, тәрбиелеу өнері және оқу арқылы
жетуге болады»-деп түйіндеді. " Біз жақсы мінез-құлық пен ақылпарасатқа ие болған кезде солардың арқасында міндетті түрде
бақытқа жетеміз... Бұл екеуі бар кезде біздің өзіміз және ісәрекеттеріміз үстем де кемел болады, осылардың арқасында біз шын
мәнінде қастерлі, қайырымды, инабатты боламыз".Бұл,Фарабидің
адамтануда ұстанған негізгі қағидасы.Бүгінгі біздің «жан-жақты
дамыған жас» деп жүрген ұғымды, ол,сол заманда тиянақтай
білген.Әл–Фараби Адам дамуындағы басты мақсаты интеллектуальды–рухани жетілу арқылы бақытқа жету деп көрсетеді.
“Бақытқа жету жолын көрсету” деген трактатында:“Бақыт-ол әрбір
адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол қандайда бір жетілу болып
табылады”. Жалпы , әл-Фараби еңбектерінде адамның жетілу
мәселесіне ерекше ден қойылған.Екінші ұстаз атанған әл-Фараби
бабамыз да бақыт жолын сілтейтін нәрсе адам бойындағы ақылпарасат, мәселе сол арқылы ақыл-парасатты әділет пен жақсылыққа
бағыттай білуде. Жақсы ақыл-парасаттан тамаша әрекеттер, жаман
ақыл-парасаттан оңбаған әрекеттер болады [4], – деп көрсетіледі.Әл–Фарабидің пікірінше,адамның жан–жақты жетіліп,
бақытқа жетуі үшін жағымды іс–әрекет, ізгі мінез, дұрыс ақыл
қажет. Адамның.жан-жақты дамуын,ол адам әдебінің жетілуімен
сәйкестендіреді.Адамның жан-жақты дамуы, әл–Фараби бойынша,
практикалық ақылдың міндетіне жатады. Практикалық ақыл
адамның кәміл дамуы үшін мүмкіндік жасайды. Әл–Фарабидің
адамның жан-жақты дамуы ілімінен шығатын түйіндер: адам
барлық заттың өлшемі, ол-басты құндылық, адам ақылы табиғат
құбылыстарын танудағы басты құрал, адамзат қоғамының
прогресіне кәміл сенім, адам дамып кемелденуі арқылы көркемділік,
сұлулық, үйлесімділік ұғымдарының кеңеюі. Әл–Фараби үшін жан–
жақты жетіліп, кемелденген адам-өз күш–қуатын адамдардың
игілігіне
жұмсайтын
тұлға.
Ондай
адам
ақыл
мен
әдептілікті,ізеттілікті үйлесімді тоғыстырады. Фараби ең әуелі
ұстаз, ағартушы, оның бүкіл философиялық, ізденістері мен
пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру,дамыту мақсатына
33

34.

арналған.Ол-адамдарды шынайы бақытқа жеткізу
жолдарын табуды мұрат тұтады.Осы мұратқа жету
үшін ғұлама адамдарды дұрыс танып,тәрбиелеу
жолын жеке-жеке көрсетеді.Ұстаздың айтуы
бойынша адам ғылым, философия, тәрбие арқылы
кемелдікке жетеді.Ол шартты түрде адамды нағыз
бақытқа, мұратқа бастайтын негізгі кредосы –
адамдар бақыт жолында өзара көмек, достық, бейбітшілік
қатынаста өмір сүруі.Ұстаздың пікірінше, оқу, білім алу, ғылым
адамы болу, адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз
байланысты.
« Тәрбиелеу дегеніміз – халықтың бойына білімге негізделген
этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту» - дейді ғұлама.
«Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеу керек,
тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» Тәрбие әдістерін
дұрыс таңдап алу тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеудің кепілі.
«Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекеттерін жүзеге асыруға
көмектесетін жан қасиеттері – ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық
істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары –
сұрқиялық, кемістік немесе опасыздық болып шығады». Әл Фараби
сонау Ерте орта ғасырлардың өзінде адамзат ілімінің молайып,
ақыл-парасаттың жетілуін, оқу-ағартудың қажеттілігін айтып, білім
алудың маңызын атап көрсеткен болатын. Фараби идеялары оның
140-тан астам трактаттарының арқауы болды.Фараби трактаттарының әрқайсысы өзіндік бір дүние, қағида, теория мен әдіс.
Солардың бірі 948 жылы Египетте жазылған «Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» болып табылады.
Адам кемелдігі неде? Бақытқа қалай жетуге болады деген сұраққа
әлемнің екінші ұстазы атанған Әл- Фараби білім мен іс-әрекет
арқылы жетуге болатындығын айтады. Бақытқа жеткізетін барлық
іс-әрекеттер мен қызмет әрқашан қайырымды. Әрекетшіл жанның
мақсаты - әдейі көзделген ұмтылыс болуға тиіс. Оған іскерлік пен
көрегендікті, яғни дүниені тану қабілетін бойына дарыту ұмтылысы
ұйытқы болады. "Адам қайырымдылық, сұлулық, игілік және
ұлылықты басқа адамдардан емес, өзінің жаны мен тәні арасындағы
барлықтан алса, ол шынымен де қайырымдылық пен бақытқа қол
жеткізеді". Қайырымды жан—ақыл-парасаттың, адам бақыты
мен бақ-дәулетінің күрескері. Қайырымдылық - табиғи бейімділіктің іс-әрекетпен ұштасуы, маңызды міндет-мұрат үшін жігер
34

35.

мен табандылық .Адам өмірін жай ғана сүрмей,
үнемі қайырым-дылық жасауға, ізгілікке,
жақсылыққа қарай ұмтылуға қажеттігін
ескертеді ұлы ойшыл, сонымен қатар қоғамдағы
ең негізгі рухани құндылықтарға « Өзара
көмектесуді» жатқызады.« Қайырымдылық екі
түрлі болады, - дейді ғұлама: этикалық және
интеллектуалдық. Интеллектуалдық – (жанның)
ақыл-парасаттық
жағына
жататын
қайырымдылық, мәселен, даналық, парасат,
ақыл-ойдың тапқыр-лығы мен өткірлігі,
ұғымталдық. Этикалық қайырымдылық –
(жанның) ұмтылу жағына жататын қайырымдылық, мәселен,
ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік. Жаман қылықтар да
осылайша бөлінеді». Бұл жерде этикалық қайырымдылықтардың
нағыз рухани құндылықтар екендігін атап өтуге болады.Сонымен
қатар осы қасиеттердің тұрақтануы үшін көп рет қайталануы және
соған үйренуі қажет екендігі айтылады. Бұл адамның тұлға болып
қалыптасуындағы рухани дамудың ролі зор екендігіне қарай
бағыттайды. Фараби бірінші орынға шынайы бақытқа жетуге кепіл
болатын мінез-құлық тәрбиесін қояды.Фараби мінез-құлық
тәрбиесінің құрал,әдістерін белгілеуде Аристотельдің адамдағы
барлық мінез-құлық, қасиеттерді туа біткен емес, жаттығу, әдеттену
машықтану нәтижесі деген қағиданы басшылыққа алып, ары қарай
дамытып әкетеді.Ол адамда жақсы әдет-мінез қалыптастыруда
ерік- қайратына көп мән береді, өйткені сезім мен рухани нәпсі
мен парасат мұқтаждықтары бір-біріне қарама-қарсы келгенде
санамен шешу ерікке, өзін-өзі билеуге тіреледі.Мұндай жақсы
ниет, оң істер бара-бара адамның дағдысына, жақсы қасиетіне
айналып, ол тәрбиелі жақсы мінез-кұлықты болып өседі. Бұл
айтылғандар Фарабидің "Бақытқа жол сілтеуінде" былай
дәйектеледі: "Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші-бұлар
адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей
болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден
абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында
біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір
бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады.Біз
мінез -құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре-тұра
пайда болады дейміз. Адамда қалыптасқан мінез-құлық
35

36.

болмаса,онда ол жақсы немесе жаман мінез-құлыққа тап болғанда,
қарама-қарсы мінез құлыққа өз еркімен кешіп кетуі мүмкін.Адамның
белгілі бір мінез-құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың
арқасында бір мінез- құлықтан басқа бір мінез-құлыққа ауысуына
себепші болатын нәрсе-әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір
әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт қайталануын айтамын.
Мінез-кұлықтың қалыптасу жолдары өнерді үйрену жолдары
сияқты. Мысалы, жазу өнеріне шебер жазғышқа тән әрекеттерді сол
адамның орындап машықтануы арқылы жетеді. Басқа өнерлердің де
келу жолы дәл осындай...Абзал әрекет жөнінде де істің жайы осылай
сияқты ол адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің
табиғатына біткен әлеуметке сай келетін мүмкіндіктерді іске асыру
қажет.Адамда белгілі бір мінез-құлық қалыптасуы үшін осыған сай
келетін әдеттер берік орын алулары керек».Фараби мұнан басқа
жүйелі түрде жаттығу, машықтану, сендіру, еліктіру, үлгі көрсету
т.б. тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін қолдануды ұсынады.
Практикалық дағды, шеберліктерді,жақсы мінез-құлықты дарытуда
ол тәрбиелену-шінің мінезін және басқа жағдайларды ескере отырып
екі педагогикалық әдісті-жұмсақ және қатаң әдісті ұштастыруды
көздеді. әл-Фарабидің педагогика ғылымының негізін салушы
екендігін оның еңбектерінде қарастырылған педагогикалық
ұғымдардың анықтамалары неғұрлым нақтылай түседі.
Педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын оқыту мен тәрбиеге
ғұлама мынадай түсініктеме береді: «Оқыту адамдар мен
халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал
тәрбие - білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық
қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту тек сөз арқылы жүзеге
асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа білімге
негізделген қасиеттерден шығатын әрекеттерді жасауды
дағдыға айналдыру үйретіледі...». Осы анықтамалардың астарлы
мағынасы қазіргі педагогикадағы «оқыту» мен «тәрбие»
ұғымдарына берілген анықтамалармен сабақтасып, өзара
байланысып жатқандығын айқын аңғаруға болады. әл-Фарабидің
мұрасында педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын «білім
беру» ұғымы да қарастырылған. «Оқу бастамасы біздерге болмыс
бастауларын білу құралы болып табылады, ал олардан
шығарылатын қорытындылар – ғылыми пәндерді игерудің
бастамасы мен құралы» деген ғұламаның анықтамасы қазіргі
педагогикадағы «білім беру - оқыту нәтижесі, тура мағына-сында ол
36

37.

оқып-үйренілетін пән туралы алғашқы түсініктің, ұғымның
қалыптасуын білдіреді» деген анықтамамен өзара байланыс табады.
Қоғамдық сананың формасы ретінде өнердің атқаратын қызметі зор.
Өнер арқылы дүниені көркемдік тану, өмірге эстетикалық
қатынасты қалыптастыру, жеке тұлғаның азаматтық және рухани
адам-гершілік қасиеттерін тәрбиелеуге қол жеткіземіз.
Эстетикалық тәрбие – адамның өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы,
әсемдікті, асқан сұлулықты сүйсініп, сезім арқылы ұнату, дұрыс
ұғынып, ләззат алуы. Көркемдік негіз еңбекті одан сайын
қасиеттендіреді, тұрмысты сәндендіреді және адамның жоғары
моральдық қасиетін қалыптастырады. Әл-Фараби «Адамның мінезқұлқын
кемелдендіретін
іс-әрекеттер
адамның
тәнін
кемелдендіретін іс-әрекеттерге ұқсайды. Тәннің кемелдігі –
денсаулық, денсаулық бар болса, оны сақтау керек.Жоқ болса,
оған жетуге тырысу керек. Тәнді сауықтыратын іс-әрекеттер
тек қалыпты деңгейде болса ғана, саулыққа жетуге болады. Дәл
осы секілді іс-әрекеттер де орта деңгейде болса, солар арқылы
жақсы мінез-құлыққа ие боламыз» - дей отырып, тән сұлулығы
адамның денсаулығында, ақыл, парасат күшінде және адамгершілік
сапаларында екендігін баса көрсетеді
Фарабидің ілімі бойынша
адамның рухани бет-пердесі, мінезі мен жүріс-тұрысы қоғамдық
орта, тәрбие әсері, адамның еркі ауру сияқты көптеген объективтік
және субъективтік себептердің әсерімен қалыптасады, өзгереді.
Фарабидің пікірінше, тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге,
үзетуге
болмайтын жас болмайды.Тек ретін тауып үйретуден, баулудан
жалықпау керек." 'Жаман қылық-ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру
үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек"-дейді ғұлама.
. Әл-Фараби еңбектерінде патриоттық тәрбие де назардан тыс
қалмаған. Фараби-"Бақытқа жету жолы" атты трактатында жастарды
батырлық,жомарттық, қайырымдылық, қанағаттылық, шешендік,
т.б. қасиеттерді қалай тәрбиелеу жолын баяндайды.
Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпыадамзаттық
идеяларын жүзеге асырып, жаңа педагогикалық жүйенің
қалыптасуында өз заманында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз»
атанған әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама ғалым, халқымызға білімнің
нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл-Фарабидің алатын
орны ерекше. әл-Фараби алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің
жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре білді. Халық даналығы туғызған
данышпандық ой-пікірлерге, шығыс мәдениетінің озық үлгілеріне
37

38.

ден қоя отырып, өзінің төл педагогикалық тұжырымдамасын
жасады. Оның педагогикалық тұжырымдамасы дидактика мен
тәрбие теориясының мәселелерін бірге қамтитын іргелі жүйе болып
табылады. әл-Фарабидің тәлім-тәрбиелік идеялары теориялық
дәрежесі жағынан кез келген педагогикалық ілімге бастапқы негіз
бола алады, әсіресе оның күллі адамзат қауымдастығының
жиынтығы ретінде ұлы қоғамды суреттейтін ізгілік тұғырнамасы
қазіргі педагогиканың жетекші идеясы болып отыр. әл-Фараби
жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін «Адамға ең бірінші білім емес,
тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас
жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген
ұстанымды басты қағида ретінде ұсынды. Әл-Фарабидің
мемлекеттік басқарудың механизмдерін жетілдіріп, билікті
ізгілендіру үшін ұжымдық, топтық басқарудың үлгілі идеясын,
демократиялық әділетті, ақылды басшы туралы идеясын ұсынды.
Әл-Фарабидің ойы бойынша қоғамның жетілген алғашқы үлгісі
«қала-мемлекет» билігі болып есептелінді. Ғұлама ғалым анықтаған
адамның адамгершілік құндылықтарына басымдық берілуі ізгі
қоғамның неғұрлым орнықты сипаттамасы болып саналады, бұл
қағида қазіргі заманғы таным үшін маңызды да өзекті болып отыр.
Данышпан билеуші бейнесінде көрініс тапқан кемел адам идеясы
оның шыңы болды. Парасатты адам,қайрымды қала, қайрымды
мемлекет,ақылды адам,ақылды тұрғын,ақылды қала, бақытты
ел,бақытты өлке,бақытты ауыл,бақытты мекен бүгінгі таңда қияли
мұрат емес,дүниенің кез келген бұрышынан табылатын ордалар мен
шаһарлар...
Міне бұл айтылғандар,ғұлама бабамыздың ұлағатты
ойларын,педагогикалық ой пікірлерін,мұраларын зерделеп зерттеген
қазақстандық ғалымдардың (Қ.Б.Жарықбаев,
С.Қ.Қалиев,
А.К.Көбесов,
Ә.Н.Көшербаев,
К.Ж.Ибраев,
Т.Ә.Ахметов,
А.Қ.Жұма-беков. С.А.Ұзақбаева,А.С. Кабылова, К.Ж.Қожахиетоиа,
т.б.) тұжырымдарынан алынған үзінділер.Бұлардың басты
ерекшелігі белгілі талапты қалыпқа (Фарабиді утопист, атеист,
деист, материалист -деген сияқты үкімдермен ) талданып өңделген
тұжырымдар.Кеңестік идиология салтанат құрған сол шақта бұдан
басқа мүмкіндік те. жол да болған жоқ. Ал,шынайылық , тарихи
әділеттік шындық қайда жатыр? Нағыз парасатты, толық,
жетілген адамдар жауынгер атейзмді де,гылыми материализмді де
ұстана отырып,тұмшаланған сананы саясатқа бағындырмай паш ете
38

39.

алады екен.Мысалы, Ақжан Жақсыбекұлы әлМашани :« Ғылыми парыздың бірі де бірегейі
де әл- Фарабиді кемеңгер ғалым еткен, ұлы
ғұламалыққа жеткізген бабаның өзі тәлім
алған ортасы – ғылыми ислами жол» – деп
исламда ғылым мен дін тұтас бір нәрсе
екендігін дінді ауызға алуды ақымақтық
санайтың заманның өзінде баршаға паш
еткен...Ал, осы шақта, Д.Кенжетай: «...Фараби
барлық рисалаларын "Бисмиллаһ" деп бастаған
ойшыл. Ол діндар. Ол дегдар. Ол моралист. Ол философ. Ол
мәселеге ислам әлемі деп емес, адам әлемі деп қарады. Сол арқылы
ислам әлемін жаңа сатыға көтерді. Батыс, исламның өркениеттік
әлемін мойындады. Исламнан үйренуге мәжбүр болды.»,«Фарабидің
ислам әлемінен, оның дін мен философияны, ғылым мен дінді, саясат
пен дінді, мораль мен дінді, адам мен дінді, Алла мен дінді
тұжырымдауынан көруге болады.Ең басты орында адам және оның
санасы тұр. Бұл ойлар Фарабидің "Китаб ал милла" яғни "Дін туралы
трактатында" орын алған. Алла мына әлемді адам үшін жаратқан.
Адам бірінші орында тұр. Адамға адамдығын есіне салатын, таным,
түсінік, теория, шаблонға қарағанда "ұстаз адамның", "үлгі
адамның" ықпалы қуатты болады. Міне осы тұжырымға сай ол
Хазірет Мұхаммад пайғамбарды, адамзаттың тұңғыш ұстазы, "Раис
ал аууал" ретінде түсіндіреді.»-дейді.Бұл тұжырым, ұлы бабамыз
ислам дінін ғылыммен егіз деп танығандығын көрсетеді. Ғылым,
білім, дін арасындағы байланысқа жаңаша көзқарас қалыптастыру
сияқты еңбектердің ұлттық рухты ояту мен қалпына келтіруге қосар
үлесі зор. Әл-Фараби Алланың құдіреті мен ұлылығын басты орынға
қойды. Жаратқаннан күнә-қателіктерден тазартып, таза ақылды
нәсіп етуін сұрап күндіз-түні дұға қылған.«Дін кітабы» еңбегінде:
мынандай үзінділер бар: «Уа, Алла! Пендеңнен надандық пердесін
сыпырып, пәнилік кінәраттардан пәк ете гөр. Өзің разы болатын іс
қылуды нәсіп ет!Уа, Алла! Мәртебемді биік ет! Әр ісімнің соңын
қайырлы қыл! Мақсат-мұраттарымды асыл қылып, іске асыр!Уа,
шығыстар мен батыстардың Иесі!Уа, Раббым! Бойыма тектілік пен
бекзаттықты бер, пайғамбарлардың керемет-терін көрсет,
байлардың
бақытын
бер,
данышпандардың
даналығын
дарытқайсың, тақуалардың тақуалығын таныт-қайсың! Маған
ақиқатты ақ қылып көрсет! Жалғанды жалған етіп көрсет.Уа, Алла!
39

40.

Даналықтың ең биік деңгейіне жеткізіп,
пәкизат періштелеріңнің әлеміне жақындат!
Осы жолдарға талдау жасай отырып ұлы
ойшылдың бар өмірі Алладан өзі тілеген тілегі
қабыл болды ғой деп қорытындыға келуге
болады. Себебі: Әл-Фарабиге әлемге танымал
ұлы тұлға, ойшыл, ғалым, түркі, ислам әлемі
философиясының жұлдызы, халықтың өзі
Аристотельден кейінгі адамзаттың екінші
ұстазы деген атау берді.Бұл тұста ұлы
бабамыздың өзі де Аристотельді аса жоғары
бағалап, ұстаз санаған. әл-Фарабидің
«жаман мінез-құлық - бұл рухани дерт, жақсы мінез-құлық пен ақылой парасаты - адамның басты қадір-қасиеттері», «бақыт - әрбір адам
ұмтылатын мақсат», ал «ұстаздың мінез-құлық нормасы қалыпты ісәрекет үстінде ғана қалыптасады», «ол интеллектің пайымдағыш
объектілерін аңғарады, сұлулықты сұмпайылықтан айырады, сөйтіп,
өнер мен ғылымға ие болады» деген ортақ тағдырдың қағидаттарын
өз педагогикаға орнықтырды. Әл-Фарабидің «Қайырымды қаланың
тұрғындарының көзқарас-тары» мен «Философияның дінді
қажетсінбеуі» т.б. философиялық трактат-тарында шеңбер-қала
болмысы жер шарындағы он сегіз мыңда бір Ғаламдағы тіршіліктің
шағын моделі түрінде алынып, адамзат баласын несібелі бақытқа
кенелтетін ізгілік пен әділет етіп көрсетеді. Игілік, байлық атаулы өткінші дүниенің, пәнидің ғана өлшемі, ал ізгілік бақыт ұғымдары мәңгіліктің бақилықтың жолы. Ізгілік-имандылықтың сәулесі.
Жүрегінен иманы тайған, нәпсісін ынсабын тыймаған жан адамзат
баласына жазмыш ілім-білімді, тағлым тәжірибиені ізгілік жолына
емес, кесірлі кесапатқа, теріс пиғылға пайдалануы мүмкін, жүрегін
таза ұстап, иманына кіршік түсірмей, рухани кемелдікке талпынған
тұлғалар ұлы жаратушы деңгейіне жақын сатыға көтеріліп, жер
бетіндегі тіршілік сырын бағамдай алады. [6,133]. «Философиялық
трактаттар» Орысшадан ауд. Қ. Сағындықов, М. Жанғали және М.
Ишмухаммедов.- Алматы: Ғылым, 1973. - 448 б. Әл – Фараби өз
дәуіріндегі атқарған ең маңызды қызметі дін мен философия
арасына көпір салды. Оның ойынша нағыз ойшыл философ пен
пайғамбар арасында айырмашылық аз. Әл – Фараби дана
ойшылдарды, дін шындығын түсіндіру мәселесінде , пайғамбар
дәрежесімен теңес-тіреді. Әл-Фарабидің пікірінше, ең кемеңгер
40

41.

басшы бойында ойшылдық қасиеті бар адам. Бұл қасиеттер
Мұхаммед пайғамбардың бойында болған.Соңдықтан Әл-Фараби
Мұхаммед пайғамбарды «Бірінші басшы» деп есептеген.
Имандылық қасиеттер – интеллектуалды ұлт тәрбиелеудің,
ұлтжандылық қасиеттерді меңгертудің бірден-бір негізгі жолы. ӘлФараби ділдік тазалық, адамдарға деген қайырымдылық, әрбір істегі
парасаттылық туралы ойларымен ислам дінін адамдардың
қарапайым тіршілігіне жақындата түседі. . “Жүрегі шынайы сенімге
толы, пәк-мінезді жандар ғана тәңірі махаббатта лайықты”.Мұндай
тұлғада рухани сана өз кемелдігіне жеткен. Сондықтан, рухани сана
арқылы адам танымынан орын алған тәңірі болмысын кемелдікке
жеткен тұлға ғана (ақыл-ой күшімен) танып біле алады.Танымның
екі формасына назар аударған әл-Фараби, оны ішкі және сыртқы деп
беледі. Және сол арқылы рухани дүниені таразылайды. Әл-Фараби:
“Әлемдегі заттар мен құбылыстарды сезім арқылы танып білуге
негізделген таным – адам танымының сыртқы негізін түзеді. Ал
танымның ішкі бөлігін абсолютті таза, киелі рух көрініс алған ақылойдың қызметімен байланыстырамыз” -деп танымның ішкі белігіне
көбірек мен береді. Әбу Наср Әл-Фараби: философия мен дінді
шендестіре қарастырып,екеуін бір санаттағы саналы білім деп
танып, философияның басты ұстанымы-дәлел,діннің өзегі сенім деп
тұжырымдаған. Иман, инабат, адамгершілік, ізеттілік, ізгілік
іздерінің қайнар көзі діни танымда, дінде жатыр. Дін – адамның
күнәдан тазару жолы, адамды адамшылыққа бастау, тәрбиелеу
жолы. Құран-адам бойында адамгершілік қасиеттерді дарытатын
асыл мұра. Әдепті инабатты, шындықты, адалдықты қастерлейтін
қазына. Қазақтың бір ақиқаты дәлелденген болса "Құран атсын"-деп,
істі қарғануы тегін емес қой. Қазақ баласы дүниесі таза, ар-ожданы
пәк, арлы адамды "Иман жүзді" "Аузында алласы, қолында құраны
бар екен деп құрмет тұтады. Немесе "Ал хаяу шоғбатун мин-алиман». Аристотелден кейінгі Ұлы ұстаз мұрасында адам тәрбиесіне
де қатысты құнды дүниелер жетерлік.Оның құзар шыңы- Туран
топырағына ІЗГІЛІК ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ дәнін сеуіп,оның
ғылыми негізін салып, практикалық бағытын көрсетіп бергендігі
болып табылады.Осы тұрғыдан оның Әлемдік Ұстаз мәртбесіне сай
тарихи ролі жоғары бағаланғаны белгілі. Сондықтан да,ол ойшыл
ғұлама ғана емес ғұламалардың әлемдіқ ұстазы, әлемдік абызы
атанды.Ол,иманипедагогика аталатын педагогикалық ілімнің
төлиесі.
41

42.

Әл-Фараби жаңа философиялық түсініктер орната отырып
соларға сай нәтижелерге жетіп отырды. Бұл нәтижелердің көрінісін
дінде, діни заңнамаларда, саясат пен ғылым салаларында байқай
аламыз. Бұл енгізілген «жаңашылдықтарда» әл-Фарабидің философиялық принциптері мен философиялық көзқарастарының ең
алғашқы бастауы ретінде дін қаралады, әрине дін бұл жерде ерекше
философиялық ғылым ретінде қаралды. Дін мен философия сонау
софистер заманынан бері бір-біріне қарсы қарастырылып келді.
Сократқа тағылған айыптардың бірі оның діни құндылықтарды
мойындамай, онымен санаспауында еді (яғни, ол философияны
діннен жоғары қойды). Әл-Фараби философия мен әлеуметтану,
саясат, педагогика, этика, диалектика және саясат мәселелеріне
қызығушылық танытты. Ойшылдың идеялары өз заманынан озық
болды. Оның жұмыстары әлі де өзекті. Әл-Фараби әлемдегі барлық
нәрсенің 6 деңгейге бөлген. Олар бір-біріне тығыз байланысты
екенін айтқан. Бірінші кезең — барлық нәрсенің тууы. Екінші кезең
барлық заттың пайда болуы. Үшінші кезең Ақыл-ой немесе дамып
келе жатқан ақыл. Төртінші кезең — жан. Бесінші кезең пішін
(форма). Ал алтыншы -материя. Бұл алты кезең адам және қоршаған
ортаның пайда болуына әсер еткен деген философиялық ой.
Осыларды ескерсек, әл-Фарабидің тәрбиелік ілімінде философия,
педагогика,дін үшеуі ошақтың үш бұтындай бірі-біріне иық тіресіп
жымдасып тұр.Жәй ғана қарасақ имандылыққа баулу қазақ ілімінің
тереңдегі тұғыры тәрізді сезіледі.Ал.Фарабидің дәуір деңгейімен
қарасақ Иманипедагогика ғылымын бағдарлай аламыз.Фараби
бабамыз иманипедагогиканың төлиесі.Себебі,әл-Фарабидің тәлімтәрбиелік идеялары теориялық дәрежесі жағынан кез келген
педагогикалық ілімге бастапқы негіз бола алады, әсіресе оның күллі
адамзат қауымдастығының жиынтығы ретінде ұлы қоғамды
суреттейтін ізгілік тұғырнамасы қазіргі педагогиканың жетекші
идеясы болып отыр.. Әл-Фараби өзiнiң осы тұжырымдарын ары
қарай ғылыми жетiлдiре келiп, түркi халықтарының тәлiм тәрбиесiнің негiзi болған үш түрлi iлiмнiң:бірінші - хауас, хауас
салим хауаси хамса заһириди (түйсiк, iшкi бес сезiм және
сыртқы, бес сезiм), екiншi - Имани гүл (үш сүю), үшiншi –Жәуанмәртлiк (ақыл, әдiлет, рақым) мәнiн түсiндiредi. Фарабидің
педагогикалық
әрекеті:ӨЗІ
ҒЫЛЫМИ
НЕГІЗІН
ТҰЖЫРЫМДАҒАН, МОРАЛЬДЫҚ-ЭТИКАЛЫҚ ІЛІМІНДЕ,
42

43.

ПАРАСАТТЫ
АДАМ
ТАНЫМЫНДА ЖАТТЫ.
43
(ИНАНИ
ФАЗЫЛ)
ТУРАЛЫ

44.

2.
Қазақтың ізгілік
педагогикасының атасы
БАЛАСАҒҰНИ Жүсіп Хас Хажип (1020
ж. ш. - ө. ж. белгісіз) – ортаазиялық ақын,
ғалым. Баласағұнидың бізге жеткен ең ірі
туындысы – 1069 жылы жазылған «Құтадғу
білік» («Құт әкелетін білім») дастаны. «Құтадғу
білік» - ХІ ғасырға дейінгі түркі тілдес
халықтардың қоғамдық ой-санасында орын
алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған
көркем
шығарма,
әрі
адамдарды
адамгершіліктің абзал қасиеттеріне баулитын
этикалық-педагогикалық, саяси-философиялық
трактат.
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған, философиа,
математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану,
әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор
үлес қосқан, Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 ж.,
қазіргі жыл санау бойынша 1070 ж. жазып бітірген. (18 ай бойы
жазған) Дастанды “хандардың ханы” – Қарахандар әулеті
мемлекетінің (942 – 1210) негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға
(908 – 955) тарту етеді (қ. Әулие Ата). Сол үшін хан өз жарлығымен
Ж. Баласағұниға “хас хажиб” – “бас уәзір” немесе “ұлы кеңесші”
деген лауазым берген. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін
белгілейтін ережелер, сондай - ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары
мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі
осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағұни
өзінің “Құтты білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір
мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Жүсіп
Баласағұнидің дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы
қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің,
тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т. б. қоғам
мүшелерінің мінез - құлқы, білім дәрежесі, ақыл - парасаты,
құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке - жеке
баяндап шығады.
Ақын мораль философиясын арқау етіп, әділет, бақыт, ақыл, қанағат
сияқты этикалық күрделі
ұғымға мән береді. Оларға төрт
кейіпкердің түрікше атын қояды. Күн нұры сияқты барша әлемге
44

45.

ортақ
жылылық
шуағын тарататын
болғандықтан Әділетті -Күнтуды (патша ) деп
атайды. Бақыт пен байлық, молшылық, дәулет
пен мансап - шен мағынасын қамтитындықтан
Бақытты- Айтолды (уәзір) деп Айға балаған.
Өйткені дәулет пен бақта ай секілді бірде
толысып, бірде ортайып, кейде тіпті кішірейіп
адам баласының қолына қонбай кететін
болғандықтан оны бақпен теңестірген. Ал
ақылды Оғдырмыш - (уәзірдің ұлы), Қанағатты
- Озғырмыш (уәзірдің кенжесі, қыз бала) деп атаған. Осылайша төрт
кейіпкердің ара қатынасы бір - біріне сұрақ- жауап арқылы шешіліп,
әр мәселе осылардың дүниета-нымы тұрғысынан алынып, автордың
айтпақ болған идеясы барынша кең тұрғыда суреттеледі. Оның
идеясы – адамдарды бақытты ету. Бақытты адамдар, өзге
адамдардың өзі туралы не ойлайтынын уайымдамайды, барлығынан
жақсылық көруге тырысады, әрқашан кеңпейіл және риза, осы
сәтпен өмір сүреді, осы өмірдің бәрі кемел еместігін біледі, қоршаған
ортаға өз үлесін қосады, үнемі жадырап, күлімсіреп жүреді, танып –
білуін тоқтатпай, жалғастыра береді.
Дастанда негізінен тәркі дүние жолына түскендердің мұраты
– бенделіктің кәмалаттығын терістеу мен өмірге құштар ізгілікті
көздеген камил нисан (толық адамды) мадақтау жағы басым
жатады. Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасы қазақ халқының
иманипедагогика тарихында ерекше орны , қоғамдық саяси мәні бар,
адамды жалпыадамзаттық құндылықтар аясында тәрбиелей алатын
түрлі ережелер мен заңдарды әдет- ғұрыптар, әлеуметтік- экономикалық, мәдениет және т.б. мәселерін өз дәуірінің талап- тілектері
тұрғысынан жоғары дәрежеде көрсете білгендігі бүгінгі қоғамдық
әлеуметтік педагогикалық сұраныс-талаптарына жауап беретін
рухани құнды мұра деп бағалаймыз. Мұндағы төрт кейіпкердің
үшеуін (әділет, ақыл, бақытты) Ж.Баласағұни адам баласының өмір
бойы талпынып күресіп келетіндігін білсем, үйренсем, көрсем
дегеннің бәрі ақылға, білімге, ал шындықты іздеу әділдікке тән
қасиет екенін, сол арқылы жоғары мәртебеге жетіп, үнемі дарқын
болашаққа ұмтылу, жаңаны, өзгерісті қажетсіну бақытқа тән қасиет
екендігін түсіндіреді. Ал қанағатты бөліп қарастыруы- оны өмірдің
бар қызығын қанағат тұтқан адамдықтың дұрыс әрекеті деп
45

46.

түсінуінен адамның адамдығын білдіретін
негізгі үш қасиет деген пікірде болғанын
көреміз. Ұлы данышпандар мен ғұламалар
дүниедегі бір Алла, жаратушыдан өзгенің бәрін
де баянсыз деп тауып, танып, өтпелі өмірден
жұбаныш етер өшпейтін, өлмейтін, баянды боп
қалар тірек іздеген. Ол тірек ізгілік деп
танылып, ізгілік туралы түйінді ой тамаша
ойлар айтылған.Ізгілік – адамдықтың негізі, әрі
адамгешілік қасиеттерінің жиынтығы.Құт пен
ізгілік – егіз ұғым. Құт пен бақтың бір жерде тұрақтамай, көшіпқонған кезбе күйі заманына, адамына қарай қалыптасқан
салыстырмалы, шартты түсінік. Көрген көз, естіген құлақ сөйтіп
түйін түйген танымда жазық жоқ. Адамдық қасиет пен тірліктің
шыңына шығып, басындағы бағын мәңгілік еткен адам аз. Содан да
құт пен бақ өзіне жайлы орын таппай, ізгілік іздеп, шарқ ұрып кезбе
атанған. Ал ізгілік-мәңгілік кепілі.Жүсіп Баласағұн таныған кісіге
түпкі ой-арманы ізгілік екенін байқатады.. Дастанның аты «Құтты
білік» болса, сол құтпен бақты табатын білік – ізгілік.
Әр түрлі астарлы ойлар мен түсінігі тереңге тартып кететін
түрлі таным тарауларын таратып бақсақ,тағы да сол ізгіліктің
қасиетін тани түсеміз. Ізгілік – Ж. Баласағұнның ең басты айтар ойы.
. Әрбір кейіпкер өз аты мен затына айналған ұғым,қасиетті таныту
қамында көрінеді. Айтолды – құт-береке, бақтың көрінісі. Оқиға мен
әңгіме-сұхбаттың басталар тұсында Айтолды тірлігі тақуалыққа
жақын еді.Бірде өзін-өзі сөгіп қамыққан;Өнерім-мың,қалдым
оқшау халықтан!Неге мұнда бекер жүріп қурайын...Оның бетін
бұл өмірдің ісіне қаратқан – Қүнтуды бектің ізгілігі. Құт-береке, бақ
бейнесіндегі Айтолдыны тәнті еткен бек сарайы емес, оның
ізгілігі.Келіп жетті Елік тұрған ордаға, Ақыл-ділі күткен тілек
орнына.Есігіне табынғалы келдім мен,Қызметіне өзімді арнап
бергім
кеп.Дастандағы ізгілікке құштарлықтың басы осы.
Халықтың соншалық құдіретті, киелі көретін құт-береке, бағы –
ізгіліктің құлы екен. Қызметшімін, босаға-орным,атым-құл,Ісім –
қызмет, кісілікке жақынмын.Күнтуды бек – ізгілік жолында
жүрген адам. Айтолды да бек бейнесіндегі ізгілікке құштар.
Айтолдының Күнтуды бекке көрсеткен қызмет, ықыласты көңілінен
құт-берекенің ізгілікке қонатынын ұғамыз. Күнтуды бек те Айтолды
мен оның туыстарын ізгілікті құрайтын адамгершілік асыл
46

47.

қасиеттері үшін қадірлейді. Әңгіме-сұхбат
барысында да
ізгілікке іңкәрлік жиі
айтылады.
...Ізгі
жүрек
ізгілікке
бұлқынар,Асыл
текті
тазалыққа
ынтызар....Ізгілікке
іңкәр
адам
баласы,Ардақтаймын,болса кісі сарасы....
Кісі көңілі ізгілікті ұнатар, Үмітпенен
өзін-өзі жұбатар.Дастанның құрылымында
символдық сипат ерекше орын алады. Әділет
бейнесіндегі Күнтуды – ізгіліктің сақшысы.
Оның бек, Елік сипатында келуі құт-береке,
ақыл-ой,
қанағат-рақымның
ізгілікке
кіріптар, ізгілікке құштар екенін көрсетеді.
Ақын ізгілікті бек бейнесінде алу арқылы оның мәртебесін биік етіп
отыр. Дастандағы ізгіліктің қадір-қасиетін танытар көркемдік бір
дәлел осы. ..ы.Ізгілік пен бек бір-бірінен туындап,бірінен екіншісі
танылатын туыс ұғымдар. Күнтуды бек әрбір іс-әрекеті, ой-ниеті,
сөзімен ізгілікті танытады. Сондықтан да бекке көрсетілген көлкөсір құрмет, риясыз көңілден ізгілікке деген сүйіспеншілікті
ұғамыз. Ақын қолданған көркемдік әдістің шешімі осы. Ізгіліктің бек
бейнесінде келуі – сол кездегі үш ірі танымның тоғысып,
түйінделген тұсы. Шариғатты ұстанған ислам дінінде патша Құдайдың көлеңкесі саналады. Құдайдың көп есімінің басым көпшілігі
рақымды, сүюші, қамқор, ізгі дегенге саяды. Сопылық танымда да
жүректің, сүюдің қасиеті ерекше көрінеді. Сүю – ізгіліктің белгісі.
Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ин- Сина, Ибн-Рушди еңбектерімен байланысты көрінетін ғылыми таным да жан сырына үңілу арқылы
негізінен ізгілікті насихаттайды. Дастанның басты идеясы төрт
принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін
қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Екіншісі, бақ дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Үшіншісі, ақыл –
парасат. Төртіншісі, қанағат - ынсап мәселесі[1].
Жүсіп Баласағұнидің қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі
түсініктегі әлеуметтік философиясында әділет, бақыт, ақыл және
қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің
бойына жинақталған. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп
нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық,
денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағұнидің ойынша, қоғам
47

48.

құрылымындағы
кемелдіктің
өлшемі
әлеуметтік тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе
бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар
пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол
қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке
адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды
деп
санады.
Ол
өзінің
әлеуметтік
философиясында
қоғамдағы
кемелдіктің
негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара
тығыз байланыста қарастырады. Жүсіп
Баласағұнидің өз еңбегінде зердеге айрықша
тоқталған. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі
түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын,
оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім
жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу,
т. б. мәселелерді қарастырады. Ойлау қызметі тек адамға ғана тән,
жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса,
онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға
қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. “Құтты біліктің” негізгі
айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол
арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты
ету.Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне,
қалыбы мен негізіне мейлінше жақын-даған асыл жан. Дастан
оқырманына құт - берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен
ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді
ұмытпау” қағидасы адамның адам-шылығын танытар қасиеті –
адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі
өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің
ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде
кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің
кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет.
Мұнан өзге Жүсіп Баласағұнидің шығармаларында ізгілікке
құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен
адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән. Ол үшін
адам баласы — дүниедегі ең басты құндылық. Адамды жаратушы
Алла тек оны ғана емес, ай мен күнді, күн мен түнді, аспан мен жерді,
дала мен тауды, қол мен елді де дүниеге әкелді, бірақ тек адамға ғана
теңіздейін телегей ақыл, білімге бой ұрдырар зерде, қайырымды іс
қылдырар ар-ұят пен намыс сыйлады. Баласағұнның ойынша, ендігі
48

49.

міндет — осы адам деген атақты жоғары ұстау, оған сай өмір сүру.
Ол өмірді адамға Алланың берген қарызы деп түсінеді, осы өмірді
мәнді кешкен адам ғана қарызын қайтара алады. Ойшыл ғалымның
айтуынша, егер адамда ізгілікке қарсы тұратын белгілерді жеңетін
күш жоқ болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып кетеді.
Бұл құндылықтар мен олардың қарама - қарсылықтарының
халықтық түсіндірмесі мыналар: біріншісі – ақыл, оны ашулану,
өшігу күңгірттендіреді; екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады;
үшіншісі - ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды; төртіншісі жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі мүмкін; бесіншісі - бақыт,
ал оны қызғаншақтық бүлдіреді. ...Жүрсін бектер бес нәрседен
алыстап,Есі болса, жұрнақ болса намыстан.Ұшқалақтық - біір,
екіншісі - сараңдық,Үшіншісі - ашу, оған егіз надандық.Қырсығың –
сор, бетті жер ғып жүргізер, Бесіншісі - өтірік, жерге кіргізер.Бек
бесеуден бойын аулақ ұстасын,Білсін сонда басынан құс
ұшпасын.Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,Олар жұқса, азғаны
тек қаныңның,- деген үзіндіден адам бойындағы ғұлама көрсеткен
адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз
қылықтарды айтады. Қай заманда болмасын, заманына қарай жеке
тұлғаның болмысын қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер
көпшілікті толғандырып келгені рас. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз адам бейнесі тәрбиенің ең жоғары
көрсеткіші ретінде қабылданып, қоғамда жоғары жауапты
міндеттерді атқаруға лайық деп танылған. Дастанда автор: «Адам
жайлы баяндайын енді мен, Қадір тапқан ақыл, білім, иесімен»,дейді. Адам баласы жаратылысынан ақылды, білімді болып
тумайтынын білеміз. Бұл қасиеттер адамға еңбек арқылы келеді.
Отбасындағы тәлім-тәрбие, қоршаған ортада болып жатқан жақсыжаман құбылыстар, қоғамдық құрылыс, халықтың әлеуметтік
жағдайы – осы факторлардың бәрі де адам баласына әсер етпей
қоймайтыны шындық. Ал, осы толып жатқан жақсы-жаманды
құбылыстарды ажырату үшін біріншіден, негізі мықты қаланған
тәрбие мен білім қажет. Сонда ғана жұмыр басты пенде ақылмен,
оймен, парасаттылықпен жақсы-жаманды ажырата алады. Заң
алдында бәрі бірдей мен үшін,Көсем әділ. Болмайды ешбір
келісім...Біл, әділ заң – басқарудың тұғыры,Бегі әділ ме?! Берік елдің
жұлыны!Бек елінде тура заңды ұстаса,Бар тілекке жетер қолы
қысқасы.Осы қағида орындалса қоғамда,әділдік орнап,демократия
өмірде салтанат құрар еді.
49

50.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты
білігі» филология ғылымдарының докторы,
профессор Алма Қыраубайқызының «Ежелгі
әдебиетінде»
анағұрлым
кең
аумақта
талданады.. Алма Қыраубайқызы «Құтты
білік» дастанын: «Адам. Оның кемелдену
жолдары. «Кемел мемлекет» арманы» деп
қарастырады.Жүсіп Баласағұнның ойынша,
адам баласының қадір-қасиеті білімі мен
ақылында.
Бұл
адамның
жетіліп,
кемелденуінің алғашқы жолы. Ғылым іздеу мұсылманның бір парызы.Ақыл қайда болса,
ұлылық толады,Білім кімде болса, сол білікті болады.Тілдің пайдасы
мен зияны бірдей екенін білу:Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін,Бірер
сөзбен шеш түмен сөздің түйінін. Нәпсіңді тый, сабырлы бол, шарап
ішпе: Ішімдікпен мал-дәулетің шашылар, зинақордың ар-ұяты
ашылар.. «Құтты біліктің» ең негізгі көтерген мәселесі адамгершілік. Адамгершіліктің сан саласы бар. Оның бірі - тілді
тыйып ұстап, орынды жұмсай білу. Тіл екі жүзді қанжар.Тілден бақ
қонады, тілден бас кетеді. Тіл арыстан есік баққан ашулы,Сақ
болмасаң жұтар, ерім басыңды!
Адамгершіліктің тағы бір көрінісі - білімде. Өйткені білімді адам ақылды адам. Ақыл түнектегі шаммен тең. Туындыгер сонымен
бірге адамгершілікке қарама-қарсы қылықтардан сақтандырады.
Олар: жалған сөз, екі сөйлеу, шарапқұмарлық, жүгенсіздік,
зымияндық, сараңдық, ащы тіл. Міне, бұлар - кісіге құт әкелмейтін
ең нашар қылықтар. Жалпы ақын адамның кемелдену жолдарын
айқындайды. Оның барлық көріністері өлең жолдарында айтылады
және оның сапалық белгілері түйінделген. Баласағұнның ойынша
адам баласының қадір қасиеті-білім мен ақылда. ...Ақыл қайда
болса,ұлылық болады.Білім кімде сол білікті болады.Ізгілікадамзат үшін ең қажетті қасиеті. Елдің басшысы ізгі
болса,халқы да ізгі болады.Ізгілік-оң,ессіздік -сол, жүзің -ар, оңың
-ұжмақ, солың-тозақ, біліп ал.Даңқ пен дәулетке шаттанба,ол
бір
орында
тұрмайды.Бір
орында
су,
сөз,
дәулет
тұрмайды,Жиһангерлер жүре бермей тынбайды.Әділеттің
жолын қу, шыншыл бол.Әділ болсаң қараға –ақ, аққа жақ.
Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ. Сараңдық пен
ашкөздіктен аулақ бол.Қиды терген сарықп қоңыз сияқты,
50

51.

Сараңдықтан
асқан
не
бар
ұятты.Иттердің басшысы арыстан
болса, иттер де арыстандай күркірер, ал
арыстандардың басшысы ит болса,
иттің тіршілігін қылар.Тексіз кісі уәзір
бола алмайды.Бек қандай болса, уәзір де
сондай.Жаман-жақсы
табыспайды
ешқашан,Түзу-қисық
қабыспайды
ешқашан... Намысшыл ер болНамысшыл
ер жаудың исін басады,Намыссыз ер жер
бауырлап қашады.Өз пайдаңнан гөрі,ел
пайдасын ойла. Қайырымды бол!Адам ба
адам өз пайдасын күйттегенАдам нағыз ел пайдасын діттеген.
Ж.Баласағұнидың
педагогикалық
ой-пікіріндегі
негізгі
бағыттың бірі –адамшылық,кісілік мәселелері. Оны мына
«Құтты біліктегі» Айтолды уәзірдің ұлы Өгдүмішке айтқан сөзінен
көруге болады: ...Білу керек ұят пен ар намысты-Арлы болсаң
алдыңа ашық қарарсың.Арыңды ашсаң араңдалып қаласың,Білім,
мінез-байлығың да ырысың.Кішік болсаң жұртты көзге
ілгейсің,Өзіңе деген кісілік-тірліктің белгісі,Кісілерге кісілік –
кісіліктің белгісі, деген және т.б. нақылдарында әр адамның бойында
бар ар-ұждан дауысын ажырату және ести білу қабілеттерін оятуға,
күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету қасиеттерін дамытуға және
жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс-қимылдарын реттеуге
талпыныс болу қажеттігін айтады.
Қазақ ұғымында, олардың түп тұқиянынан бері жалғасқан хас
дәстүрі-КІСІЛІК және КҮРЕС-КЕРЛІК.Кісі деп белгілі бет бейнесі
бар,күш қуаты,ақыл ойы толысқан,қазақша ойлап-сөйлеп, қуаныпмұңая алатын, сүйіп-жирене білетін,көңілі асқақ, көкірегі ояу,көзі
ашық –ұлт өкілі. Дәлірек айтқанда қазақтың ұлт өкілін
дайындап,беретін арнаулы тетікте өңделген –адам.Қадыр Мырза Әлі
атамыз: «Кісілік кісі таңдамайды. Ол қой бағып жүрген қатардағы
қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға шейін, бір
де біреуін жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын,
адамның адамына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет.
Ж.Баласағұн бабамыз: «Десең өзің қадір-құрмет табайын, Кісілерді
қадырлей біл ағайын.Білгің келсе кісі әсілін анықтап, Көңіл,
қылық,тіл-бұл істі танытпақ.Кісілікке кісілік еткен-ер кісі.Ақылдыесті- кісілердің кісісі,Білімділер-кісілердің кішісі.» Билер антындағы
51

52.

:«Кiсiлiкке қайшы iске қарап тұрмау;Кiсiлiкке
қайшы сөзге бас шұлғымау; Кiсiлiкке қайшы
былыққа батпау;Кiсiлiк қасиеттi ақтау, құдiреттi
баптау»Қазақ дүниетанымындағы «кісі» сөзінен
«кісілік» ұғымы туындайды. «Кісілік» деген
адамның намысы, өзіне-өзі жасайтын құрметі,
өзін-өзі сыйлауының белгілі бір деңгейі, кісіліксіз
адам-тағдыр тәлкегіне түскен-мүсәпір. Кісіліктен
бір айырылып қалған сананың ендігі жерде өзөзіне келіп, толысуы екі талай іс. Адамдар басқаның көңілін табамын
деп жүріп «кісіліктен» айырылып қалуға болмайды, өйткені,
«кісілік» адамның өзегі, оны жетілген адам дәрежесіне көтере
алады Кісі-кісілік қасиетімен анықталады.Кісілік қасиетті Ұлы
Даланың Ұлық ұстаздарының қай-қайсысы да саралап
көрсеткен.Соның
ішінде
Ж.Баласағұнның
орны
ерекше.
Айталық,Ұлы Ұстаз: Кісілік-адамгершіліктің негізгі тұтқасы,
адамилықтың биік шыңында тұратын құнды қасиет.Адамды
адам етіп құрметтеудің, бағалаудың белгісі ретіндегі сапалық
көрсеткіші,-деп көріп, кісілікке тән сипаттарды былай бөліп
көрсетеді: «тіл-адал сөйлеп, шындығын айту; әділет-әділдікті
сақтау, ар-намысты қорғау; жомарттық – қайырымды,
кеңпейілді, ақжүрек және қол кең болу; қайсарлық-елін-жерін
қорғау, жаудан сақтану.»Ж.Баласағұни адамның бойындағы
кісілік қасиетін жоғары қоя отырып,кісі-ділі,тіні, негізікісілігімен ғана Адам деген құрметкеие екендігін ашып көрсетеді:
«Кісі екенсің, тінің сенің-кісілік, Кісілерге адамдық ет кешіріп...
Кісілікпен танытасың затыңды, Кісілікпен шығарасың атыңды.
Кісілерді кісі еткен кісілік, Кісілікпен аты шығар кісінің..Кісі
ізгісі-қайрымды кең кісі, Ел сарасы, кісіліктің белгісі...Әділдік –
құт. Құт құрығы- кішілік. Әділдіктің заты-тұнған
кісілік.Елдіктің
өзегі-білік,кілті-тіл,қадір-қасиеті-кісілік
.Ғұламаның «кісіліктің» мәнін ашып көрсету бойынша айтқан
даналық тағылымдары тым терең,әрі құнды.Текті жанды –Кісілікке
жеткізу үшін-кісіліктің әліппесі ретінде Ж.Баласағұни
ілімі
бағалануы тиіс. Адам баласының адамгершілік қарым- қатынасындағы атаға, руға, ұлтқа бөліп, адамдық асыл сезімдерге жол бермей,
күндестік, бақталастық, дүние таластықты тудыруға, әдепті бұзып,
адамгершілікке қиянат көрсетіп, қылмыс жасау текті сыйламаудан,
адамдық қасиеттерді қастерлемеуден туындайды. Ж.Баласағұни
52

53.

тектілікті тұқым қуалаушылық шеңберінен
шығарып, адамгершілік асыл қасиет деңгейіне
көтереді. Ол тектіліктің тұқым қуалау арқылы да
адамның бойына тарайтынын жоққа шығармайды.
Оны мына ой-пікірлері дәлелдейді: Елік ойын
мәтелдеді, балады: «Текті ердің текті ұрпағы
қалады!»..Тегі жақсы болса, жақсы адам да
Жақсыларды құрмет тұтар әмәнда. Ізгі жүрек
ізгілікке бұлқынар,Асыл текті тазалыққа ынтызар. Ізгілікке
іңкәр адам баласы, Ардақтаймын,болса кісі сарасы.Кісі көңілі
ізгілікті ұнатар,Үмітпенен өзін-өзі жұбатар. Ғұламаның
данышпан-дығы тектілікті тәрбие арқылы қалыптастыруға
болатын тұлғалық сапа ретінде анықтауы болып табылады.
Оның негізгі мәні-«әкеңді сыйласаң, атаңды құрметтей білесің,
бабаңды қастерлеп, бабаның өнегесін орындайсың да, еліңе елеулі,
халқыңа қалаулы, бүкіл адам баласына лайықты әрекеті мен
әдептілігі бар жан екендігіңді танытасың» деген ой-түйін: Текті
атаның баласы туыс іздейді, Тексіз атаның баласы ұрыс іздейді.
Асыл болса кімнің ата-тегі егер, Одан елге пайда тиер, сене бер!.
Тексіз кісі уәзір бола алмайды.Тәрбиенің жетекші роліне сүйене
отырып,тек-адамдық қасиет, өйткені әрбір тұлғаның тегі-Адам,
сондықтан оны тұлғаның бойында қалыптастыруға болады деген
тұжырым жасайды: «Бектер сөзі тілді буып алмасын,Текті сөздің тек
әділін арнасын...Ізгі іс істесең-текті тірлік сүргенің, Жауыздығыңкөрге тірі кіргенің.»
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беру адамгершілікке
жетелейді. Кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып,
ұяттылық, әдептілік, имандылық, көрегенділік, мейірімділік,
шарапаттылық ізетпен ілтипат танытып отыру – әдеп нормалары,
ұлттық тәлімнің ең көкейтестісі. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі
от басы, ошақ қасында басталады. Жүсіп Баласағұн от басы, бала
тәрбиесіне көп көңіл бөліп, оның ішінде қыз баланың сырт көзден
таса күтімін қадай айтқан. Бұл дәстүрлі қазақи тәрбиеде: «Қыз бала
өзіне-өзі үкідей кызғануы керек. Үкі түскен түгін де қызға-нып көміп
тастайды», - деген ұғым-түсінікпен үндеседі.Жүсіп Баласағұн әйел
баласын төрт түрге бөледі. Олар: сұлу әйел, атақты әйел, бай әйел,
адал жар. Сұлуды алған ер-күйеу емес, күзетшіге айналмақ - «Сұлу
алған жолдасынан айрылады» деген мақалмен сәйкес келеді. Атақты
әйелді алған атағына телінеді. Бай әйел күйеуін де меншігім деп
53

54.

қарайды. Ал, адал, ақылды жарды алған ер қолына
байлықты да, бақытты да қондырады.
Жүсіп Баласағұни өзі туған түркі дүниесі
халқының салттарын, әдет - ғұрыптарын, дәстүрлерін жақсы біледі, оның рухани өміріне тереңдей
енді. Кандай да бір ұлы педагог секілді ол
энциклопедист - философ, психолог, тарихшы,
этнограф, болатын.Тәрбиенің теориялық негізін:
«Кімде-кім ел-жұртынан алмаса тәлім,оны үйрете алмас ешбір
мұғалім»-деп түйіндеген. Ізгілік тәрбиесінің түйіні - әр кісіні де
ізгілік жасауға үгіттеу. «Құтты білік» дастаны адами өмір – ізгілік
жасау екенін ұқтырады. Өмірдің мәнді, өлімі өкінішсіз болуы
ізгіліктен. Адамның өмірден табар қызығы біршама көп болса да,
соның ең өзектісі, нәрі ізгілік екен. Адамның тірліктегі көп қызықтан
көзі қарығып, алдамшы дүние мен баянсыз байлықтың жетегінде
кетпей, ізгілікті жол етіп ұстануы –қасиеттілік, адамның адамдық
ерлігі. Ақынның негізгі ойы– осы ізгілікті жол
ету. Яғни
адамзатты ізгілікке шақыру адам, өмір, ізгілік – үшеуінің
бөлінбес бірлігін таныту, сөйтсе де ізгіліктің орны өзгеше. Себебі
адам да, өмір де өз күйінде ізгіліксіз қасиетті де құдіретті көрінбейді.
Адам атын, өсақтаушы – Ізгілік.
Ж.Баласағұнның жұбатар ұлағаты көңіл жадыратар ақиқаты
басым сөздерден, толғандырар ойлардан, рақымы артық мінезден,
жәннатқа жол ашатын тілектен, дәулет құратын қылықтар мен істен,
адамның өңін кіргізетін әдет-ғұрып керуенімен таныстыратын,
адамды өзімен табыстыратын кеңестен, естілер мен елді түзететін
ұстанымнан құралады. Кемел қадір - ұлылық иесінің құзырлы мәзірі.
Ұлылық - сен, толы құдірет-күш енсең, Сенен бөлек жоқ өзіңмен
түсер тең. Жаратушы - бар әлемді өзіне жай санаған дара, дана, сара,
қос дүниені анық қолға қаратқан, әркімнің көңіліне жақын танымал.
Мұңлық ием! Мен бір мұңлық құлыңмын, Күнәмді кеш, мейіріңе
жылындыр! Мұңы жоқ Жаратушы ғана кешірімді, мейірімді. Жаңа
заманда жаңылғандар түмен еді. Беделді абырой иесі ұрпақ қамын
жегендердің бірегейі, жас ұрпақты жаңсақтықтан сақтамақшы
үміткердің ұлағаттысы. Қыңырлықтың кездесуі тегін емес.
Қыңырлық ессіздіктен, білімсіздіктен, надандықтан туындады.
Ессіздіктен тек жауыздық туады, Ал жауыздық, ізгілікті буады.
Білімсіздер біліктіге қастық қылды, жау болды. Көңіл қалды туыстан
54

55.

да, жаттан да, Бауырың - жат, құлқы жаман қастан да! Надандық көңілдегі көрсоқырлық, олқылыққа ғана емес, зұлымдыққа оттық.
Надан - мылқау, көкірегі көрсоқыр, Көзі ашылар - соқыр-мылқау
болса оқыр. Көңілі соқырда олқылық пен олақтың күйі асқындады.
Жалғыздықта жүдеген кезде ақын: Сенер кісі таппай, жалғыз
жүдедім, Мұңым меңдеп, тек сүйініп күлемін! дейді. Ессіздікте
сұмдар сумаңдады, арамдар қаптады, зұлымдар елде жайлады,
бүйірден тепкілеуден ел азды. Ақынның жанына батқан мазасыздық
осында. Арам біткен жапты жұрттың көңілін, Адалдықты қайдан
таптым, ей ұлым! Арамның жаны қара. Есердің сөзінің пәтуасы жоқ.
Өзімен ызалана алысқан, пұлға бірден сатылған. Аманатты мүлде
ұмытқан, жападан-жалғыз адасқан. Жатбауыр суысып туысты
сөгеді, жала-жабада бөгеді, сұмдық ізін өшірмейді. Арамның аранын
тыйғандар шамалы, ішкі азғындарға ашық қарсы тұратындар
қалмады. Ішкі осалдық пен тұйықтықта: біріншіден, Зұлымдардың
қолы елді жайлады, Момындардың жолын жоқтық байлады! Кетті
әділдік, сұм-аярлар арбады, Құдайшылық сұрар кісі қалмады! Не
демелік, құлқы жаман зұлымның күші күннен-күнге кері кетеді,
әйтеуір кенет үзіледі, қарғыс табады. Елдің тағдырына қысылтаяң
төнген кезде Ж.Баласағұн сынды ойшылдар: Ел неге азды? Заңды
қалай түзедім? Қай заманға келдім, қалай жүремін?! деген сұрақты
өзіне де, өзгеге де қояды. Өзі қатты мұңайып күйзелгенде шаһар,
ұлыс, жұрттан безіп кетейін бе десе, енді бірде «жапа, сұмдық маңын
аттап баспайын» деп құлазиды. «Байлық үшін жұмсамайтын амал
жоқ. Бірақ дүние қуған түбінде не болады?! Дегенмен түңілмей: «ізгі
іс етсең - текті тірлік сүргенің», ал олқылықтағы «жауыздығың көрге тірі кіргенің». (900). Көкірегі кір, көкірегі соқырдың қылығы
ұрыс-керісті, ақырында азап пен мұңды үдетер. Көкірегі кір, тіпті
тексіз, бетсіз, жалпы адамдыққа самарқау келер деп қынжылады.
Білімділікке жөн - істе сергек болу, оған демеушілік ету, есті сөзді
еске түю, қайырымдылыққа бейім тұру. Өмір мен өнердегі арың
үшін, өнімді ісің, өтімді уәжің үшін күресу - жақсы мен жарастықтың
мәніне жете алу. Биік еңсе қателіктен құтқарады, шындықтан
шеттетпейді. Ақын Ж.Баласағұн - өршіл заманның жанашыр,
парасатты сыншысы. Сабырлы сыншының көргені, түйгені мол.
Оның пайымдауынша, білікті ойда адамзаттық, халықтық, кісілік
мәселелер әр қыры мен сырынан қарастырылады. Білімдінің ойы
есті, сөзі оңды. Тірлік сабағын түйген ойшыл тығырықта сөзін өрген,
ойын терген, жан серігіне ерген, игілерді көрген, өмірден
55

56.

сенімділерді іздеген. Ол мінеудің есерінен
аулақ болды, адамның жеке өміріне қол
сұқпады, адамның мінін қазбалауды емес, оның
жетістігін, жақсылығын көре білуді мұрат
тұтты. Ақын осылайша өзін бір деңгейде
бейнелегендей, тұлғалықты сомдағандай. Жеке
адамның мүддесі үшін қызмет жасамай, қара
дүрсін саясаттың сойылын соқпай, дастанын
әдеби-теориялық және ғылыми негізде жазды.
Ол сөз, ой, тіл қызметін салыстыра отырып, сөз бен тіл өнеріне
жүгінді, сөздің қорын байытты, тілдің байлығы мен қаламгер тілін
сақтады, оқырманның көркемдік талғамын тәрбиелеп бақты.
Жағымдыны жалғастыру, жеткізу, жаңғырту, жетілдіру - тілек, ниет
және үміт. Үшеуі де сана сәулесі - сөз бен білім үлесінде. Ойшыл жалғыз, жалғыздыққа не тән күресінде? Оның тәнтілігіне ойға
берілу, оларды қағазға түсіру, көкірегі ояу, көзі ашық жандардың
санасына сіңіру үйреншікті, халық мұратын ұлықтау лайықты.
Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы, Білімді сөз - шырын, жанның
құнары. Біліктінің расы: Қалар мұра - сөз, кісіден кісіге, Сөзді мұра
тұтсаң, пайда ісіңе. Тауып айтылған сөз өнердің жүйрігі, шырайлы
өңнің шуақты нұры. Сөз білгеннің еңбегі еш қалмас елеулі, жұрт
жадына ыңғайлы, адамға пайдалы рухани қазына. Ой жарығы істі
оңдады. Маржан сөзді дер кезінде ұққан өзін түзеген. Өзіне-өзі
ықпал ете алмаған кезді еске алған ақын: Қайран, жастық, қайран,
отты күндерім, Тұта алмадым, қадіріңді білмедім! - , деп өкінішін
жасырмайды. Алып ұшқан жастар тілді күзете, істің қисықтарын
түзете алмады. Тіл мен сөздің қымбатын ұқпады. Тілдің ұшынан
шыққан ой сөзден де ұшқыр. Білім адамның пейілін тазартты,
тіршіліктің түйткілдерін шешуді үйретті, өмірдің жолын ашты,
ұлылықты ұстартты, қадірі мен мәртебесін көтерді. Ақылды - ұлы,
біл, білімді - білікті, Екеуі ұлы етер, қонса жігітті. Білікті адам
жақсылармен араласып тезірек жетілді, бектер мен даналар
арасында өмірдің мол асылына қол жеткізді; халыққа бас болды,
әділдік жолында елді биледі. Сол үшін қылық пен құлық тініне
әрдайым үңілді. Бекзат болмыс жаңаруда, жамандыққа ұрынбауда
шыңдалды. Білім адамға күш береді. Білікті күшті адам. Адам
біліктен күш табады, ер біліммен басын алып жүреді. «Білікті оймен
алаңдар, біліксіз тура шауып арандар». Білімсіздің көңілі - құм,
құнсыз шөл. Өзіне әділден ғана әділ үкім күтуге болады. Білікті
56

57.

аларын көздейді, жалғандық пен алдауға төзбейді. Сүйтіп елді
түзетті. Білікті сенім кереметін ұғындырады, ойдың қымбатын, шын
ақылдың қиынын ұғады, туған елдің, өскен жердің рухани
байлығының қайнаркөздерін сезіндіреді. Білікті нәзік ойын, дана
сөзін кестелер, ел айтқанын ескерер, жарандармен жақындасса
қуанышқа бөленер. Билей алсаң - ақыл, білім, жүректі, Орындадым
де қасиетті тілекті. Білім берген ақылдының адамға көзі ашық,
көңілінде мейірім. Ақылдан шыққан сөз ұшқынды, салауатты,
сәулелі, сыйлы, мейірімді, шындықты түптейді. «Ақыл көркі - тіл,
тілдің көркі - сөз, Кісі көркі - жүз, жүздің көркі - көз». Кісі көркі ерге ізгі, еліне өтімді сөзде, тартымды пайымдарда, Ақын, ойшыл
Ж.Баласағұн заман елшісі, ел-жұрттың басы, көзі менен қасы. Өзің
жақсы болсаң, атың мақталар деген қағиданы бетке ұстаған
гуманист ақын ойын ағыла айтады, арнап қадала айтады. Біз
қосарымыз: 1) достарға ықылас арнаулы, жақынға ынта таңдаулы; 2)
таңдаулы ынтада - ниет те, ойдың мәні де, тоқтамның түйіні де түзу
болмақ. Озат идеядан, гуманистік ұстанымнан, адамгершілік
нұсқаудан терең де жүйелі тоқтамдар туындады. Кейбірін еске
салалық, зерделеп көрелік: Ішке біткен қылық парызды өтеткізе ме,
әлде қарызды көбейте ме?! Ащы сөздің жалыны жаныңды қабар,
жүректі орап алар. Жамандық күйдіріп өтеді. Не қауіпті? Тілдің
жалған айтқаны ма, әлде айтқан сөзден қайтқаны ма?! Құт білікпен
безенген жамағат - тіле қанағат. Жұрттың иесі - ризығыңды
жақтасаң, зұлымдық сиқын татпайсың. Қатыгезге не деп, қалай көңіл
бұрасың? Мұндайда өмірдің қояр талабы: Бауырмалды іздеп тап,
жақын тартып оған жақ. Тірі жанды аш қалдырмаған, өзегін
талдырмаған. Даналар - елдің асыл тектері және бектері. Ел ақылды
ердің пайдасын көп көрер. Қалаулыға құдірет жетеді, талапкер өзін
ұлы етеді. Ұлылық - мәнге деген ұғымталдықта, біліктілікке деген
ұмтылыста, жетеліге еретін ерікте, қасиетті өрбітетін тіл өнерінде,
әділетті әдепте. Адамзаттың, түркі әлемінің рухын жаңғыртар,
жаңартар ұстанымдар мұнымен шектелмейді. Рухани жаңару өтімтал да өнімді өнері арқылы замандастардың көңілі мен жүрегіне
кілт табуда, іргелі парықтың нарқын анықтауда, кісілікке қызмет
етуде, халықтың мінін түзетуде, көрегендігімен көптің үдесінен
шығуда. Іргелі қасиеттердің иелері ақылымен елді, әлемді ұстады,
адал заң және уәжді нұсқаумен елді биледі, өнер мен ұлағаттылық
сабақтастығына жанашырлық танытты. Олардың аты ел жадында
мәңгі қалмақ
57

58.

Ж.Баласағұни: «Ақмаңдайлы ұл-қыз
туса алдыңда Үйіңде өсір бөтен жерде
қалдырма.Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер.
Қос жалғанды бірдей көріп, күлімдер. Бала
өсіргің келсе дана жүректі, Қатты ұста,үйрет
білім ізетті.».«Жастары иманды елдің болашағы зор» -деген. Ислам дінінің
тәрбиелік мәні зор қағидаларын пайдалана
отырып,
Ж.Баласағұни
имандылық
тәрбиесіне де ден қояды. Имандылық
идеясын негізгі өзек етіп алынған дастандағы кейіпкерлердің бүкіл
болмысы, іс-әрекеті имандылық таразысымен өлшенеді. «Құтты
білікті» Құранның бірінші Фатиха (Беташар) сүресінің сөздерімен
бастауының өзі ғұламаның иманды адам болғанын, сондықтан
жастарды имандылыққа баулуды мақсат етіп отырғанын аңғартады.
Ғұлама ,жаратушы ұлы тәңір-Алланың құдіреттілігін дәріптей
отырып, әр адамға күш-қуат беретін сенімді қалыптастыруды
көздейді. Дастанда ең алдымен ортағасырлық әдебиетке тән
дидактизм басым.Сондығы болар,ол заманда, Баласағұии түрік
Конфузцы атанса,дастан тәрбие оқулығы саналған.Дастанда оқиға
өрбітуге емес, ой айтуға көбірек мән берілген. Сюжетінен идеясы
басым туынды жайлы сипаттама сөздің көбірек болуы заңды да.
Дастанның негізгі мазмұнына келсек, мұнда да ең басты желі
жоғарыда айтылғандай, имандылық тақырыбына тартылған.
Дастанда төрт кейіпкер бар. Күнтуды патша – әділдіктің, Айтолды
уәзір – дәулеттің, уәзірдің ұлы Өгдүлміш – ақыл мен білімнің, діндар
сопы
Одғұрмыш
қанағаттың,
басқаша
айтқанда
имандылықтың символы. Қазақ барын қанағатпен пайдаланып,
сабыры мен шүкірін тең ұстаған адамды «иман таразысы түзу» деп
айтады. Дастандағы ел-жұрттан жырақта тағат-ғибадатқа беріліп,
тақуалық ғұмыр кешетін Одғұрмыш – имандылықты жүрегіне берік
орнатқан, ғұмырын Алла жолына арнаған жан. Жаңағы аталған төрт
қасиетті автор мемлекеттің, елдің негізгі ұстын-тірегі ретінде алып
отыр. Сол төрт тіректің бірі имандылық болуы көп нәрсені
аңғартады. Осы арқылы автор «әділетті, дәулетті, білімді елдің
міндетті түрде иманы түзу болуы керек, онсыз ел ел болмайды»
деген ұғымды бере білген.
– Билік жолы мен дін жолын ортағасырлық қаламгер сәтті
тоғыстырған
тәрізді...
58

59.

– Бұл тоғысу исламның тіректік ұстанымдарынан туындаған. Мұны
дастанның сюжетінен танып-түсінуге болады. Дастанда Күнтуды
патша Одғұрмыш тақуа туралы естісімен онымен дидарласуға қатты
құштар болып, бірнеше рет шақырту жібереді. Бірнеше шақырудан
кейін ғана Одғұрмыш патшаға келіп дидарласып, әңгімелеседі.
Одғұрмыш – дүние тіршілігінен аулақтап, біржола Алла жолына
түскен адам, яғни тариқаттың өкілі. Ал патша – иман таразысы түзу,
елді дін исламның жолымен, шариғат жосығымен басқарып отырған
шариғаттың өкілі. Ислам дінінде әмірші тұлғасының ерекше
дәріптелетіні, оның әміріне мүлтіксіз бағыну қажеттігі де осы имани
жолмен басқару идеясына тікелей қатысты туындаған. «Патшаңыз
залым болса (яғни имансыз болса), сіздерге жердің үстінен асты
жақсы» деген хадис те бекер айтылмаған. Құдіретті Мұхаммед
пайғамбардың бойындағы адами ізгі қасиеттерді саралай отырып, әр
адамды пайғамбарды үлгі тұтуға, оның ізгі істері мен өнегелі
сөздерін күнделікті өмірде ұстануға шақырады. Имандылықты
адамның жан-дүниесін, болмыс-бітімін бейнелейтін адамгершілік
ізгі қасиет ретінде қарастыра отырып,оны тұлға жетілуінің сапалық
көрсеткіші ретінде анықтайды: Ұлы Хажыб шыншыл болсын
баладай, Дінді білсін, дана болсын бабадай.Дінді білсін. Дық
түсірмей көңілге, Көңілі ақтың – ісі де ақ өмірде. ...жақсы,
жаман, бәрі құдай ісі деп, таны, табын, сана соны құдірет.Көптің
айтқанын көңілге тоқи келе айтарым:Баласағұни бабамыз қазақтың
ізгілік педагогикавсының атасы еді.Осы шақта бабаның
педагогикасы иманипедагогиканың тұғырлы негізін құрап
отыр.Иманипедагогиканың тұғыры тым тереңде жатқанын осыдан
ақ аңғаруға болады.
59

60.

3. Иманипедагогиканың әлемдік абызы
Қожа Ахмет Яссауи(1093- 1041(1103), ж.ш.), –
түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет
Яссауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі –
Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет
Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса
шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса
шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған.
Кейбір деректерде Қожа Ахмет Яссауидың
Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар
Шахназ)
атты
қызының
болғандығы
айтылады.Қожа Ахмет Яссауидың ұрпағы
негізінен осы қызынан тарайды. ІХ ғасырда Отырар, Исфиджаб,
Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур,
Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні
уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х
ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар –
медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық
ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет
Яссауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық)
мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Яссауи
ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты
қалыптасты. Қожа Ахмет Яссауи ұстаздарының көшбасшысы –
Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде
Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир
және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы
қызмет еткендігі туралы мәлімет береді
Ұзтазы Арыстан бабтың соңғы деміндегі өсиетімен Яссауи
Бұхараға барып, қожа Жүсіп Хамадани хазіретінің қызыметінде
болып, мүршидтік кемел мәртебеге жетеді. Жүсіп Хамаданидің
екінші халпесі қожа Хасан Андаки дүние салған соң қожа Ахмет
Яссауи атамыз пір болып Бұхара халқына дағуат жасап жүргенде,
Илаһи аянмен Түркістанға баруы ләзім болады. Пірлікті қожа
Абдулхалық Ғыждуани хазіретіне беріп, барша шәкірттерінің оған
қол беруін өсиет етті. (Мәулана Әли ибн Хусейін. «Рашахат ани әлХаят».-Астана,2017. 456 бет). Туған өңірінің діні басқа отаршыл
халықтардың қол астында қалатынын біліп, халқын құтқаруға
келеді.
60

61.

Қожа Ахмет Яссауи Ислам дінінің тура жолымен түркі-ислам
ұғымындағы діни қағиданың негізін қалады. Ислам дінін түркілер
арасында ендіру өте қиынға соққан, себебі ислам діні келгенге дейін
түркі дүнисінде өзіндік ата-бабадан мұра болып қалыптасып қалған
салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұшан теңіз еді. Оның үстіне көптеген басқа
діндерде кірісіп қанатын кең жайған болатын. Солардың бәрін жеңіп
олардың ішіндегілерді қажетінше пайдаланып қолдануы үшін
өзіндік ерекше қағида жасауға тура келді. Мұндай қағида жасап
шығу үшін, бұрынғы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, басқа дін
қағидаларын жақсы жете білуі керек еді. Оны білмей тұрып жаңа
ислам дін қағидасын қалыптастыру мүлдем мүмкін емес болатын.
Міне солардың бәрін електен өткізіп бір жүйеге түсіріп халыққа
пайдалануға өз тілінде сайратып алып келгеннен кейін жаңа түрдегі
ислам дінін қабылдау қиынға соққан жоқ. Бірақ мұны жасап шығу
үшін Ясмауи талай тер төкті. Сол үшін өмірін сарп етті. Соңында
жер астына тірідей түсті.
Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдетғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін
қалаған Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығы сопылық ағымның
түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі
арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып,
сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай
тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай
түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға
өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті
халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды.Ол,шығармашылық
әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын
тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі
әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. ХІІ ғасырдан бері
түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет
Яссауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге
дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан. Адамды
тәрбиелейтін Пайғамбарлар тізбегі тоқтаған соң, ұстаздық қызметті
әулие-ғұламаларға берілді. Қожа Ахмет Яссауиге Алланың нұры
түскен үлкен әулие.Қожа Ахмет Яссауи түркі халықтарының
дүниетанымының көкжиегін кеңейтті, көне түркілік дүниетанымды
ислам қағидалырымен байытты, жаңа өркениет қалыптастырды. Дәл
солай мәңгілік ілім көне түркілік мәдениетке де өз сәулесін шашты.
Қоғамды жаңартты, Яссауи түркінің ежелгі өмір сүру
61

62.

заңдылықтарының шариғатқа қайшы емес
жақтарын
сол
бойынша
қалдырды,
қайшыларын назиралық жолмен ақырын
жаңғыртып, синтез жасай білді.Яссауи қазақ
ұлтының ұлттық идеологиясын жасады.Осы
идеяны жас ұрпаққа,жалпақ жұртқа оқытыпп
үйретететін,олардың бойына сіңріп,жүрегіне
қондыратын өзіне тән ерекше әдіс-тәсілі бар
Иманипндагогика
деп
аталатын
тәрбиелеу,баулу
ілімін
тұжырымдап
тұрақтандырды,мектеп-медіреселердің
іс-әрекетін,тағылымдық
үдерісін сол негізде құрды.
Ахмет
Яссауи
еңбектеріндегі
адамшылық, имандылық, инабаттылық, әдептілік т.б. тәрбиелер
нұсқасы,ақылмандар өнегесі қалың бұқарадан алынған.Себебі
Яссауи өз еңбектерін жазғанда ел- жұрттың әдет-ғұрып, салт-дәстүр,
наным-сенім, ырым-тыйым, мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер, сонымен
қатар «Құран Кәрім»» Мұхаммед /с.ғ.с/ Пайғамбар хадистерін
басшылыққа алып отырған. Сондықтан да, Яссауидің педагогикалық
ой тұжырымы әл-Фараби негізін салып, Ж.Баласағұни қабырғасын
қалаған иманипедагогиканың шымбайлы нұсқасы,өзіндік ерекшелігімен әлемге танылған (Өз басын көпшілік ғалымдардың оны
тәрбиелеу сопылық ілім,сопылық недагогикасы деп атауын мүлдем
ұнатпайым.) нұсқасы, Яссауидiң сопылық дүниетанымына ,
моральдік этикалық көзқарасына негізделген діни-философиялық
қазанында қайнап піскен төлтуынды. Осы халықтың адамгершілік,
имандылық сипаттары ғасырлар бойы қалыптасқан және ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып, өткендердің келер жас әулетке сыйы ретінде
үздіксіз беріліп отырды. Нағыз адамдық мораль - бұл халықтық
мораль деп сүйсіне жазды, өзіміздің ойлы ғалымдар, ғұламалар,
педагоггар мен жазушы, ақындарымыз.(Біздің пікірімізше,
халықтық-ұғымы иманипеда-гогикада тым көсілме.
жадағай
сөз.Себебі қазақ ұғымында халық деп ханды да,қараны да,байды
да,кедейді де, көргенді де,көргенсізді де,жақсы да жаман адамның
бәрін сиыстырып айтады. Ал.орыстың народ дегенінде қалың
бұқара,қараша
басымдылық алады.Иманпедагогикада иманды
адам,көргенді
адам,жақсы адам, кемел адам, жетілген
адам,парасатты адам,бақытты адам,толық адам,кемел кісі,ізгі
кісі,тақуа адам, сопы, дәруіш, ғарип адам т.б. бейнелері
дәріптеледі.Яссауи бабамыз осындай жандардың қалыптасу әдіс62

63.

амалын,жетілдіру жолын көрсетеді.) Қожа Ахмет жырлары әділдік,
шапағаттық, мейірімділік, тоқуалық шыншылдық, ойлылық, тазалық
секілді игі істерге шақырады. Оны өзінің парасатылықты пайдалану
мен байламға келтіру жолымен өмір мен тұрмыс, тіршілік туралы
толғамдарында паш етеді. Хикметтері тақуалық ғұмыр, ғаріп, пақыр,
жетімдерге пана болып, қамқорлық жасау, Алла елшісінің жолын
ұстау, өмірді босқа өткізбеу мен Құрани кәрімнің сүре,
аяттарындағы уағыздар мен Мұхаммед пайғамбарларды еске
түсіреді. Сайып келгенде ұлы ақын бұрынырақ ғұмыр кешкен
мұсылман шығысының ұстаздары мен даналарының кәміл адам
тәрбиелеу идеясын алға тартады, әрі ол сопылық тағылым,
дәстүрмен сабақтасып жатыр.
Халқымыздың даналығына сүйенсек, «...көзі соқырдан гөрі, көкірегі
соқыр жаман», - деген ғой. Бұл тіршілікте әртүрлі жағдайлармен
дұрыс тәрбие ала алмаған «көкірегі соқырлар» тым көп. Сонықтан
да өмір шындығының асқар таудай ұлы көріністері, олар үшін
күнделікті ішіп жегендерінен артық емес сияқтанып көрінеді.Яссауи
тұрақтандырған иманипедагогикасының басты мұраты пенденің
көкірек
көзін
ашу.Яссауи
бабамыздың
адамшылыққа,
имандылыққақа, кісілікке тәрбиелеу,баулу көзқарасы оның
еңбектерінде толық қамтылған. Мәселен,әуелі «Хикменттерінде»
екіншісі «Пақырнама мен Мүнажатнамасында», ал үшіншісі болса,
«Мират-ул- Қулуб» атты еңбектерінде талданып, берілген. Қалған
мәселелер өмірбаянына негізделіп жазылған аңыз-әңгімелер мен
хикаяттарында келтірілген. Міне, осы еңбектерді оқудың, тоқытудың,танудың арқасында адам баласы өзін адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей талады.
Ал Яссауидің уақытында өркөнниеттің түлеуі процесі
нәтижесінде бұрынғы құндылықтар мен ұстындар шайқалған.
Қоғамдағы осындай әртүрлі келеңсіздіктер мен хаостың орнын
толтырып, реттеу үшін Яссауи өзінің төл ілімін үсынған.Ахмет
Яссауидің моральдік этикалық көзқарасына діни-педагогикалық
сараптама жасау, оның қазіргі таңда жас ұрпаққа беретін пайдасын
және ислам сопылығына қосатын үлесін анықтау, сонымен қатар
оны тәрбие беру ісінде қолдануды мақсат ету пайдалы болар еді.
Себебі, сопылық жол адамды жоғары моральдық–этикалық
құндылықтарды өз бойына қалыптастыруды басты мақсат етіп
қояды. Яссауи көшпендінің рухындағы жауынгерлік, күрескерлік
қуатты қиын әрі негізгі күреске бағыттауға тырысады. Бұл жаңа әрі
63

64.

қиын күрестің объектісі адамның өзі болатын.
Өйткені Яссауи сол дәуірдегі болып жатқан
құбылыстар мен қиындықтардың мәнін түсіне
алмай дал болған адам мен қоғамдағы
психологиялық үрейдің себебін оның өзін-өзі
танымауынан, өзінің ішкі мәнін аша
алмауынан деп түсінеді. Қоғамдағы болып
жатқан әлеуметтік құбылыстар мен өзгерістер
тікелей адамның ішкі әлеміндегі қарама-қайшылықтардың, іштей
бөлінулердің өмірдегі көрінісі болатын. Адам бұл дерттен тек ішкі
әлемінде тұтастыққа жетіп, үндестік пен үйлесімділікке қауышқанда
ғана құтыла алады. Яссауидің пікірінше, адам өз нәпсісін жеңгенде
және ішкі тұтастыққа қауышқанда ғана рухани тепе-теңдік
пен бақытқа қол жеткізеді. Яссауидiң сопылық дүниетанымында
Аллаға бағынуға, оны тануға көп мән берiлген. Себебi, Алланы тану
– көңiл көзiн ашудың негiзгi кiлтi. Сондықтан сопылық жолдың
кезек күттiрмейтiн басты өзегi – Алланы тану (мағрифату-л-лаҺ).
Сопылық дүниетаным бойынша әлем мен әлемдегі барлық
жаратылыстарды Аллаћ ғашықтығының әсері ретінде қарау және
сүю негiзгi мәселе ретiнде қарастырылады. Құран Кәрімде: “Шын
сенгендерге жер жүзінде көптеген ишараттар (белгілер) бар. Тағы да
өз болмыстарыңда белгілер бар. Еш көрмейсіңдер ме? (50;20-21)” деп, адамның болмысы, дене құрылысы Құдайдың бар екендігін, осы
тәріздес жаратылыстар әлем иесінің кемшіліксіз көрінісі екендігін
дәлелдейді. Құдайдың құдіреті мен шеберлігі кездеспейтін ешбір
дене, мақұлық жоқ. Сондықтан жаратылған барлық болмыс
Құдайдың жаратқан өрнегі, Алланың ауызбен айтып жеткізуі
мүмкін емес шеберлігінің белгiсi болып табылады. Құран осы
ақиқатты былай деп түсіндіреді: “Қайда қарасаң Алланың жүзі
(рақымдылығы, қайырымдылығы, құдіреті) сонда” (Бақара-115).
Ахмет Яссауи - осы ақиқатты түсінген ұлы ойшыл. Оның пікірі
бойынша әлем мен әлемдегі бүкiл жаратылыстар ұлы
Жаратушының құдіреті шексiз екендiгiн көрсетедi. Ұлы
бабамыздың
көзқарасы
бойынша
дүниедегі
барлық
жаратылыстар Алланың ұлы, жомарт, мейірімді де рақымды
екенiн дәлелдейдi. Жаратылысқа өмір берген де, бейне берген де
тек ол ғана. Ол - шексіздік (мұтлақ) қайнары. Яссауи ілімінде
нәпсі жамандықтың, ал рух болса жақсылықтың қайнар көзі болып
табылады. Жақсылық пен жамандықтың бірге болуы мүмкін
64

65.

болмағаны сияқты, нәпсі мен рухтың қатар
өмір сүруі де мүмкін емес. Екеуінің бірі ғана
өмір сүруі керек. Ал рухтың өмір сүруі үшін,
нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні
рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының
ашылуында жатыр. Рух тазалығынан мақсат,
ғашық мәртебесіне ұласып, Хақдидарын көру
болып табылады. Олай болса, түркі халқының
тарихындағы дін туралы толғаныстар мен
ондағы адам мәселесінің негізгі даму
бағыттарын былайша жүйелеп көрсетуімізге болады. Бірінші, діннен
адам болмысын туындатып, оның этикалық жақтарына баса назар
аудару. Екіншісі, дәстүрлі исламдық діни философияны жаңғырта
отырып, адам туралы ортодоксальді діни антропологияны негіздеу
беталысы болды. Үшіншісі, еркін-ой мен ислам дінінің жаңа
арналарын іздеуге талпыныс және діни сенімнің өзіндік бір «қазақы»
үлгісін жасауға деген ұмтылыс.
Тарихтың биік шыңынан көрінген түрік-мұсылмандық
қайта өрлеуіндегі (VІІІ-ХІІ ғғ.) ұлы тұлғалардың, адамның ең құнды
қасиеттері мен өмір сүру принциптерін ғылым мен ислам ілімі
үндестігі негізінде дамыту қажет деген пікірлеріне жүгінсек,
ұрпақтар арасындағы, ғасырлар бойындағы жалғастықты,
мұрагерлікті жүзеге асырып отыратын салт-дәстүр, әдетғұрыптардың айналып келіп дінге сиысатынына көзіміз жетіп отыр.
Ізгілік пен қайырымдылық, парасаттылық пен адамгершілік,
жақсылық пен жамандық түсініктерінің тарихы о бастан
дінмен органикалық байланыста қалыптасқан. Басты назарды
адамдық құндылықтарға аударуды мақсат етіп, адамның әлемдегі
орны мен рөлі, ақылы мен сенімі, танымы мен еркіндігі сияқты адам
болмысының күрделі де маңызды жақтарын түсіндіруді ерекше
ұлағат еткен қомақты туынды,түркі халықтарының, соның ішінде
қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны
бар ұлы ақын, пәлсапашы Қожа Ахмет Яссауидің — "Диуани
хикмет" (Хикмат - жинақ) кітабы. Бұл еңбектегі хикметтердің мәні,
философиясының өзегі – адам. Ал автор адам “кемелдікке” жетуі
үшін қажетті білімді игеруі керек және өзін-өзі тануы қажет дейді.
Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді: «...Ғарип, пақыр
жетімдерды қылған шадман,Құлдық қылып, ғазиз жанды еткін
құрбан. ...Ғарип, пақыр жетімдерді әркім сүйер,Риза болар ол
65

66.

пендеге пәруәрдігер. ...Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені
деме.Кісі малын сен жеме, сират көпірінде тұтар. ...Алла жайын
айта алмай, өліп кетсем,Ессіз өмірім арманда өтер достарым.
...Хақиқат дариясынан ішкен кісі,Өзі мұңлық, көңілі сынық көзі
жасты... ,...Хақ қаһарынан қорқып, жасын төкпегендер, Тозақта
жүз мың азап тартар достар...Әділетсіз зұлым патша болғаны
— ай,Ордасына өңшең қудың толғаны — ай.Бірін бірі
жиналысып қолпаштап,Су төгілмес жүр ғой бәрі жорғадай.
Дін адамзаттың қоғамдағы өмірін, азамат ретіндегі өмірін,
жанұядағы өмірін және бұл дүниеден кейінгі ахиреттегі өмірін
реттейді, Мен кіммін, қайдан келдім, қайда барамын, бұл жаратылыс
қалай болды, өмір қалай пайда болды, бұл әлемді, бұл космосты
жаратқан қандай күш деген сұрақтар бұдан талай мың жылдар бұрын
да болған,ол,әлі неше мың жылдан кейін де адамзатта бола береді.
Осындай сұраныстар, қажеттіліктер болғандықтан, адамзат өмірінде
дін әрқашанда болады.Имандылық тәрбие адамның өзін-өзі іштей де
сырттай да көз жүгіртіп, толықтырып отыратын адам тәрбиесінің
жоғарғы сатысы. Ғылым білімнің жоғарғы сатысы деп қарасақ,
имандылық тәрбиеніңжоғарғы сатысы деп қарауымыз керек.
Қ.А.Яссауи өзінің еңбектрінде имандылыққа баулудың,кемел адам
қалыптастырудың жеті қағидатын қарастырған: 1.Аллаһқа деген
махаббат 2. Ықылас пен шынайылық 3. Адамға деген сүйіспеншілік
4. Кішіпейілділік 5. Әйел мен еркек теңдігі6 Еңбекті бағалау 7. Ілім
мәселесі "Диуани хикмет" (Даналык кітабы) оғыз-қыпшақ тілінде
өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған әдеби туынды.
Хикмет тілі дін Исламнан хабары бар жанға жеңіл. Хикметтерді
тереңірек үңіліп, мән бере оқыған адам Яссауи жырларының қыпшақ
тіліне өте жақын екендігін аңғарады. Сондықтан, Қ.А.Яссауи
шығармалары бүкіл түркі халықтарына ортақ рухани мұра.
Ақынның шамамен 143 хикметі бар. "Диуани хикметтің" алғы
сөзінде жалпы мұсылман дінінің негізгі қағидаларын, шарттарын,
парыздарын байыппен баяндайды. Мұндағы ой-тұжырымдар
төмендегі жүйелерден тұрады: тәубашылдық, ғибадатшылдық,
махаббат, сабырлылық, шүкіршілік, ризашылдық, захидшілік
(анықтық), ғаріптік. Мұнда сүйіспеншілік сияқты мәселелері
арнайы сөз болады. "Диуани хикмет" адамзатты имандылыққа,
бауырмалдыққа, сүйіспеншілік пен ізгілікке тәрбиелеуді мақсат
ете отырып жазылған шығарма.Ақын "Диуани хикмет" еңбегінде
адамзатқа ақыл, өсиет айта отырып үлгі, өнеге көрсетуте
66

67.

шақырған.Қайда жүрсең көңіл жұмсақ сыпайы болғын,Көре қалсаң
мүсәпірді сырлас болғын.Махшар күні тәңірге жақын болғын,
Менменсіген халықтан қаштым міне.Бұл хикметінде ақын
адамдардың бір-біріне деген бауырмалдығын, мейірімділігін,
сүйіспеншілігін насихаттайды.Қ.А.Ясауи өзінің "Диуани хикмет"
шығармасында Аллаһқа сүйіспеншілік мәселесіне ерекше мән
берген. Осы әлемдегі өмірдің түйіні-Аллаһқа құлшылық ету, тәубеге
келу, құдай жолына жанын пида ету секілді парыз міндеттерді
суреттеп қана қоймай, оны іске асырудың нақты жолдарына да
арнайы тоқталады. Аллаһ адамды махаббат сезімінен жаратқан.
Мұсылмандық Аллаһты сүюден басталады және жалғасады. Сол
себепті Қожа Ахмет:Иман жоқ сүймегенде, жаны да жоқ, Болмайды
Расул сөзін танып әлек,-дейді. Ақын өз өмірінен қорытынды
шығарып, былай дейді: «Бар дүние менікі деген сұлтандарға, Ғалам
малын сансыз жиып айдағандарға. Өмірі сауық-сайран құрғандарға,
Өлім неше бір опа қылмайды деп...»Осындай дүние-мүлік үшін
жанын жалдап, арамдық, сұмдық, зұлымдыққа барған кісілерді
аяусыз әшкерелейді. Оларды тәубеге келтіріп, иманды ету үшін ақын
ең алдымен өз басындағы міндеттерді тізбелейді.Күрмеуге келмес
қысқа жіптей аз күн жалғанда, нарықтық заман қыспағында Қ.
А.Ясауи бабамыздың хикметтерінің маңызы зор. Егер әрбір пенде
күнделікті өмір, күйбең тіршілік қам-қарекеттерін күйттеп, рухани
ілім, білім, әдебиет, мәдениет мәселесіне мән бермесе, қазаққа еңселі
елдік қайда, егемендіктен не пайда?!Дәуірлер, замандар көші алға
озуда. Алайда, ата-бабаларымыздан қалған асыл сөз ешқашан
көнермек емес, " Ғалымның хаты өлмейді" дегендей Яссауи кітабын
тек әдеби шығарма деп бағалау аз. Мұндай асыл-мұралар, тарихи
туындылар адамды тығырықтан шығарып, тұтқиылдан босатар,
инабатшыл көңілдерге иман ұялатар мәнді шығарма. Бұл
туындылардың түп төркіні, маңыздылығы ар-ұят аталған әлемдік
жарасым әміршісі-Аллаһқа деген сенімде, шексіз махабатта жатыр.
Тәртіптілік пен тәрбиелілік. Аллаһтың киелі ақжолынан бастау
алған, ағайын. Ұлы баба Қ.А.Яссауи хикметтерінің негізгі идеясы да
осы.Үрпақ тәрбиесінде иманипедагогиканы ұстаным еткен атаана,тәрбиеші ұстаздар үшін бұл еңбек оқулық саналуда.
Ислам өркениеті Ұлы Дала өлкесіне тарау арқылы ғылымбілім,мектеп-медіресе қатарлы оқу-білім ошақтары өте баяу болса
да, оның көне дамымаған түрлері келсе де, қазақ қоғамында жылжу
болды,қазақтың көкірек көзін ашу амал-айласына сіңісе отырып,өз
67

68.

орнын тауып жатты.Соның бірі имандылық арқылы көкірек көзін
ашу амал-тәсілі еді.Мұның дәлелін Яссауидің ілімінен «Мират-улҚулуб» атты еңбегінен табамыз. Яссауи философиясында көңілдің
пәктігі ең басты шарт. Адам рухының жоғарғы сапалық тазалық
категориясы “қалб-и салим” дәрежесіне жету қажет. Қалби салим
болуды Құран аяттарында қалай түсіндірсе, Яссауи де өзінің
«Көңілдің айнасында» оның жолдарын, өсу сатыларын “дария”,
“кеме”, “асу” символдары арқылы өте анық, түсінікті түрде
айшықтаған.Адамдағы көңіл материалды, яғни көзге көрінетін,
рухани, көзге көрінбейтін әлемдерді тұтастандырып, біріктіріп
тұрады. Көңіл осы екі әлемде “төреші” болуы үшін өзін дамытып,
кемелдендіріп, шыңдап «көзін ашуы» тиіс. Себебі: «…Захир көзі
ғафлетте, “Батин көзі” ашылса ешқандай “перде” қалмайды. “Жан
көзі” — қайран болып, “иман нұры” арқылы көре бастайды. Сыр
көзі-“фана” мақамында “өздің өзі” (рухтың рухы) арқылы көреді. …
Көңіл көзі жарылмадан тағат қылса, Хақ дергахында қабыл
болмайды” . Яссауи үшін көңіл ішкі және сыртқы әлемнің орталығы
болу үшін көзін ашу қажет. Сонда ғана жанның да, тәннің де
амалдары оң болады. Міне, көңіл тән үшін де, жан үшін де өте
маңызды рөл атқарады. Дегенмен, адамды адам еткен оның мәні,
рухы болғандықтан, сопылық философияда көңілдің рухани рөлі
тәнге қатысты қырына қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады.
Сондықтан осы руханилығы жағынан өте нәзік сырлар мен
құпияларды хикметтер арқылы адамның адалдығын, мән-мағынасын
қамтамасыз ететін күш – көңіл. Алланың аманатын арқалайтын
күш иман болса, соны ең алдымен бойға дарытатын ақыл, ой,
тіл, сана емес, көңіл, жүрек. Бірақ, адамның болмыстық табиғаты
бойынша, жақсылық пен жамандықтың, тақуа мен асылықтың, иман
мен күпірліктің күрес алаңы да осы көңіл. Көңіл сондықтан өлеөлгенше бір қалыпты бола алмайды. Сондықтан ол үздіксіз бақылау,
тізгіндеу, тәрбиелеуге мұқтаж.Көңіл – айна. Оған Алла да,
періште де, шайтан да қарайды. Періште қарап кетсе, оған иман,
ізгілік, игі амал, рухани хәлдер сыйлайды, ал шайтан қарап кетсе,
күпірлік, күдік, күмән, жаман амал, шахуат, әуестік, менмендік
ұялайды. Көңіл өз айнасына қарауға тек періштеге ғана рұқсат
беретін хәлге жетуге тырысуы шарт. Көңілді ондай халге жеткізу
үшін сопылықта негізгі әдіс – зікір, яғни, Алланың аты, заты,
көмегі, қуатын шақыру. Сонда ғана көңіл зікірмен тыныштық,
бақытқа кенеледі.Ал көңілдің тыныштығы иманның артуына,
68

69.

бекуіне мүмкіндік береді. Сонда ғана көңілдің
перделері ашылып, көрінетін және көрінбейтін
әлемдердің сырлары аян болады. Барлық
сырларды бүгіп жатқан әлем оқылуға дайын
кітапқа айналады.Біз мұнда иманипедагогиканың
тәрбиелеу бір әдісі зікір туралы айтып
қалдық.Яссауи
еңбектерінде
кәміл
адам
қалыптастырудың барлық тәсілдері егжей
тегжейлі түсіндіріледі.Олар көрсету, үйрету,
жаттық-тыру, сендіру, өтіну, кеңес беру, мақұлдау, сәттілік тілеу,
тыйым салу, ант беру, күшейту, сөгіс беру, кінәләу, тәубаға келу,
мінәжат ету, құлшылық ету, жан жылуын маздату, ғашық
болу,құштар болу,таза болу,қанағатшыл болу,сабыр қылу,сауап
жасау,нәпсің тыю, құдай жолына жанын пида ету және т.б. Бұларды
істеп орындай алған сопы,дәруіш кемел адам дәрежесіне көтеріле
алады.« Яссаутанушылардың» тұжыр-ымына сүйенсек Ахмет
Яссауидің өз халқына жасаған маңызы зор үш қызметі бар
екен.1.Қожа Ахмет Яссауи өмір сүріп тұрған дәуірде, яғни 12
ғасырда өзге түрік ғұламалары еңбектерін араб, парсы тілдерінде
жазды сол ғұламалардың арабша, парсыша еңбектерін қарапайым
көшпелі отырықшы халық түсіне алмады. Сондықтан исламның
жылдам түріктер арасында таралуына кедергі болды. Ал Ахмет
Яссауи тұңғыш түрік ислам сопысы ретінде түріктерге исламды
және сопылық жолды түсіндіру үшін, араб, парсы тілдерін өте
керемет меңгергеніне қарамастан хикметтерін түрік тілінде жазды.
Хикметтері түрік әлемпнің түкпір-түкпіріне таралды.Ахмет Яссауи
исламды өз халқының, яғни түрік тілінде уағыздады. Түрік тілі
қайтадан жандала бастады. Өйткені, Яссауидің жолында-ғылардың
барлығы да түрікше сөйлейтін болды. Қоғамның барлық қызметі
оған үйлестіріліп,оқу-тоқу,білім беру ісіне түрік тілі жетекшілік ете
бастаған.2. Яссауидің халқымызға жасаған қызметінің екіншісі,
Құран мен сүннет негіздеріне сүйене отырып, адасқан ағымдарға
түспестен, түрік халқының 90-95 мұсылман болып қалыптасуына
белсенді үлес қосқан адам.3. Яссауи жоғарыдағы екі қызметі арқылы
өзіміздің ұлттық мәдениетімізді қалыптастырды. Өйткені тіл мен дін
бір ұлттық мәдениетінің негізгі іргетасы. Сондай-ақ Ахмет Яссауи
жан-жаққа тарыдай шашылып кеткен көшпелі түрік тайпа-ларының
отырықшылыққа айналып жатқан кезінде исламның біріктіруші
негіздерін қолданып, үлкен әсер етті. Сөйтіп, түрік ислам
69

70.

мәдениетінің негізгі іргетасын қалады. Тек
қана Орта Азия мен Қазақстанға ғана емес,
Анадағы Анадолы (кіші Азия), Балқан, шығыс
Еуропадағы
түрік
халықтарының
басқа
халықтарға сіңіп кетпестен, түрік ұлты болып
орналасуына, көгеріп гүлденуіне белсенді әсер
еткен Ахмет Яссауи және оның шәкірттері
болатын Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Яссауидің өз
халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, әйгілі мұрасы
"Диуани хикмет" (Ақыл, даналық кітабы) атты жинағынан айқын
көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы
идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті
және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа
мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған
сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын
жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар. "Көшпелі жартылай
көшпелі қыпшақ, оғыздардың тұрмыс-тіршілігін, көзқарастанымын ескере отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте
жырлаған, араб тіліңдегі кұран мен шариғат заңдарын өлеңмен
сипаттап берген" бұл шығарма, сонымен бір мезгілде
педагогикалық аса
көрнекті
туынды екендігі
күмән
туғызбайды.Автор тәрбиенің мақсаты тұлғаның кемелденуі жайлы
қамқорлық деп ұдайы есіңде үстайды. Мәселен шығармадағы "Басты
ізгіліктердің" олардың маңыздылығы есепке алынып бірізділікпен
орналастыруы қызығушылық тудырады: жетілудің нәтижесі ақыл, бірақ анықтаушысы адамгершілік түрғыда кемелдену:
«Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғын,Көре қалсақ
мүсәпірді сырлас болғын,...» Әрі қарай еңбек ақыл, денсаулық,
әсемдік жөне басқалары ілеседі. Және де ақыл ұтымы адамгершіліктің көптеген маңызды белгілерін енгізетін аса ауқымды мәнге
ие: «Ақылға ерсең ғаріпгтерді мейіріммен сүй,Мұстафадай елді
кезіп, жетімді жый,Дүниеқоңыз, пасықтардан бойыңды тый...»
Жетілудің шексіз жөне өте кең мүмкіңдіктері айрықша атап
көрсетіледі. Автор өзін-өзі тәрбиелеу жолымен жастар өз бойына
ең жақсы адамдық сапалар; мейірімділік, әдептілік,
еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, әділеттілік, ададдық пен
шыншыдцықты сіңіре алатынына сенімді. Шығармадағы
иедагогикалық түрғыдан қызығушылық туғызатын орталық
сюжетті желілердің бірі - ол жас сипаттамалары:«Бір жасымда
70

71.

аруақ маған үлес берді,"Еқі жаста пайғамбарлар келіп көрді.Үш
жасымда шілтен келіп халім білді,...Бес жасымда шариғатқа
белім будым, Дін жолында ораза ұстап әдет қылдым.» Еңбекте
автордың өмірі педагогикалық цикл ретінде толық баяңдалумен
қамтамасыз етілген:«Жазуменен жасым жетті жиырма
бес,Субхан ием, зікірменен көкейім тес. 'Көкірегімдегі түйіндерді
сен өзің шеш, Солсебептен хаққа сиынып келдім міне...Отыз
тоғыз жасқа кірдім, қылдым қасірет,Уә дариға, өтті ғұмырым,
қане тағат?Қанағатшыл хақ қасында хош сағадат,Қызыл жүзім
тағат қылмай солды, достар...», «Пенденің кемел жасы –
қырық.»Сыртқы кейпі және мазмұны бойынша да айқын
педагогикалық құбылыстар ретінде көрінетін мүңдай үлгілер осылай
жалғасып кете береді. Мұның барлығы "Диуани хикметті" поэзия
мен педагогиканың ұлы ескерткіші ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді. Оның өмірде неге ұмтылып, неден безіну
керектігін белгілейтін моральдық ұғымдарын оқып үйренудің
бүгінгі кезең үшін мәнді тұсы жастардың тәртібі, этикалық жөне
эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру ісіңде тәлім-тәрбиелік
бағдар бола алатын мүмкіндігінде. Мұндағы ой-тұжырымдар
төмендегі жүйелерден тұрады: тәубашылдық, ғибадатшылдық,
махаббат, сабырлылық, шүкіршілік, ризашылдық, захидшілік
(анықтық), ғаріптік. Мұнда сүйіспеншілік сияқты мәселелері
арнайы сөз болады. "Диуани хикмет" адамзатты имандылыққа,
бауырмалдыққа, сүйіспеншілік пен ізгілікке тәрбиелеуді мақсат ете
отырып жазылған шығарма.
Ақын "Диуани хикмет" еңбегінде адамзатқа ақыл, өсиет айта
отырып үлгі, өнеге көрсетуте шақырған.Қайда жүрсең көңіл жұмсақ
сыпайы болғын,Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғын. Махшар күні
тәңірге жақын болғын,Менменсіген халықтан қаштым міне.Бұл
хикметінде ақын адамдардың бір-біріне деген бауырмалдығын,
мейірімділігін, сүйіспеншілігін насихаттайды. Қ.А.Ясауи өзінің
"Диуани хикмет" шығармасында Аллаһқа сүйіспеншілік мәселесіне
ерекше мән берген. Осы әлемдегі өмірдің түйіні-Аллаһқа құлшылық
ету, тәубеге келу, құдай жолына жанын пида ету секілді парыз
міндеттерді суреттеп қана қоймай, оны іске асырудың нақты
жолдарына да арнайы тоқталады. Аллаһ адамды махаббат сезімінен
жаратқан. Мұсылмандық Аллаһты сүюден басталады және
жалғасады. Сол себепті Қожа Ахмет:Иман жоқ сүймегенде, жаны да
жоқ, Болмайды Расул сөзін танып әлек,-дейді. Ақын өз өмірінен
71

72.

қорытынды шығарып, былай дейді: Бар дүние менікі деген
сұлтандарға, Ғалам малын сансыз жиып айдағандарға. Өмірі сауықсайран құрғандарға, Өлім неше бір опа қылмайды ,-депосындай
дүние-мүлік үшін жанын жалдап, арамдық, сұмдық, зұлымдыққа
барған кісілерді аяусыз әшкерелейді. Оларды тәубеге келтіріп,
иманды ету үшін ақын ең алдымен өз басындағы міндеттерді
тізбелейді.Күрмеуге келмес қысқа жіптей аз күн жалғанда, нарықтық
заман қыспағында Қ. А.Ясауи бабамыздың хикметтерінің маңызы
зор. Егер әрбір пенде күнделікті өмір, күйбең тіршілік қамқарекеттерін күйттеп, рухани ілім, білім, әдебиет, мәдениет
мәселесіне мән бермесе, қазаққа еңселі елдік қайда, егемендіктен не
пайда?!Дәуірлер, замандар көші алға озуда. Алайда, атабабаларымыздан қалған асыл сөз ешқашан көнермекемес.Мұндай
асыл-мұралар, тарихи туындылар адамды тығырықтан шығарып,
тұтқиылдан босатар, инабатшыл көңілдерге иман ұялатар мәнді
шығарма. Бұл туындылардың түп төркіні, маңыздылығы ар-ұят
аталған әлемдік жарасым әміршісі-Аллаһқа деген сенімде, шексіз
махабатта жатыр. Тәртіптілік пен тәрбиелілік. Аллаһтың киелі
ақжолынан бастау алған. Ұлы баба Қ.А.Яссауи хикметтерінің негізгі
идеясы да осы
Қазақ даласына исламның таралуы діни білім мен араб тілін
оқытып үйрету қажеттілігі негізінде мешіт,медіресе,кітапханалар
салынып,осы іс-әрекетке тікелей әсер етуші түркістандық пір
Яссауидің дана да,лара даналығы негізінде тәрбиелеу сопылық ілім
қалыптасып, оқытып білім берудің сопылық педагогикасы салтанат
құрып,сан
миллиондаған
ұрпақтардың
білім
алып,сауат
ашып,жүрегіне рух нұрын құюда өлшеусіз өнеге көрсетті.Мысалы,
ол кездегі қазақтар мекендеген Сыр бойындағы, Таластағы
қалаларда, қыстақтарда - мектептер, медреселер болған. Олар
негізінен араб жазуын үйренуге ден қойған. Ол кездегі араб жазуын
үйрететін үлгілі мектептер Ташкентте, Түркістанда, Сауранда,
Сығанақта,
Отырарда,
Сайрамда,
Шымкентте,
Созақта
орналасқан.Бұл медреселерді ашуға Қожа Ахмет Яссауидің
ұрпақтары,шәкірттері үлкен себепкер болған.Бұлардың барлығы
Яссауидің адамгершілік, шындық, әділет сөздерін қадірлеп, бар
өмірін білім дүние тануға, жұмсаған ғалымдар, халыкты надандықта
қалдырмай, ілгері бастыруға ұмтылған адамдар. Қожа Ахмет
Яссауидің өз ұрпақтары салдырған мешіт, медресе, мектептері
Қаратаудың солтүстігіндегі Құмкент қаласымен қатарлас
72

73.

орналасқан. Олардың тарихи мазмұны халық аузында аңыз ретінде
айтылады. «Шашті әзіздің» даңқы Құмкентпен қатар айтылады.(Ә.Марғұлан) Шариғат ілімдерін терең игертуге бағытталған
дәстүрлі медреселер жүйесімен қатар діни білімді рухани тәжірибемен ұштастыруды, рухани кемелденуді мақсат еткен тариқат
ұстаздары қалыптастырған рибат, текке, құжыра, забия, ханака
секілді білім ордалары орта ғасырларда қазақ жерінде кеңінен
тарады.Медреселер нақты мамандандыру жүйесі болса, аталған рухани білім ордалары рухты кемелдендіру жүйесі ретінде қызмет етті.
Рухани ілімге деген халық сұранысы қазақ жерінде діни білім
беру жүйесінің жартылай отырықшы, жартылай көшпелі тұрмыссалтына тән өзіндік үлгілерін қалыптастырды. Соның ішінде ірі
қалаларда жалғасын тапқан медреселер қызметімен қатар көшпелі
жұрт арасында молда ұстап, бала оқыту дәстүрі де кең тарағанын
атап айту қажет. Жаз жайлауда,қыс қыстауда жағдайлы отбасылар
жалдаған молдалар қазақ балаларының хат танып, сауат ашуына
ықпалын тигізді. Қазақ жомарт қолдаушыларының көмегімен ел
ішіндегі діни білімді рухани тұлғалар да өз жүйесімен бала оқыту
арқылы халықтың діни сауатын көтерді.Осындай рухани
қайраткерлердің күш-жігерімен бертінде Сыр бойында атақты
ахундар мектебі қалыптасты.Бір ғана Алдашбай ахунның мектебінде
2000-ға жуық қазақ балалары білім алғаны туралы деректер
сақталған.Мұндай мысалдарды қазақтың қай өлкесінен де келтіруғе
болды.Мұның бәрі-қазақ сахарасына өзіндік өзгешелігі бар діни
педагогиканы туғызды.Ең қызықты құбылыс ауыл молдаларының
шағын мектебі құрылып,діни мектеп әулеттік мектпке араласып,діни
педагогика мен әулеттік мектеп педагогикасы өзара қабысып,
тәрбиелеу әдіс-тәсіліне діни қағидаттар мен ұстанымдар тіреу бола
білді.Қазақтың тәрбиелеу үрдісінде сахих хадистер мен суннат,
ислами тыйымдар мен бұйрықтар алға шығып,ұрпақ тәрбиесін алға
сүйретті.Иманипедагогиканың даму тарихында,жас ұрпаққа тәлімтәрбие беріп, оларды өмірге дайындау үрдісі Ұлы Даланың Ұлық
ұстаздарын туғызып,олардың өзіндік ілімін айшықтады.Қорқыт
Атаның өсиетнамалық тәрбиелеу ілімі,Фарабидың моральдықэтикалық ілімі, Ж.Баласағұнидің Кісілік қасиет қалыптастыру ізгілік
ілімі.Сондай-ақ, тәрбиелеу Абай ілімі-«Адам бол!» формуласы,
кісілік философиясы,тәрбиелеу Шәкерім ілімі-ар-ождан ілімі, ақиқат
филосо-фиясы, Яссауидің сопылық-моральдық ілімі,исламитүріктік философиясы т.б.Осы қатарлы, ілімдер жинақтала
73

74.

келіп,қазақ педагогикасының шоқтығы биік бір саласы
иманипедагогика болып орнықты.Бұл педагогиканың іргелі тарауы
қазақтың ұстаздық ілімі .Осы ілімге де Яссауи бабамыздың қосқан
үлесі орасан зор.Осының бәрін жинақтай келе Ахмет Яссауи
бабамыз иманипедагогиканың әлемдік абызы деп мақтанышпен
айта аламыз
Дереккөз:
1.Иасауи дүниетанымының құпиялары – Qojalar.kz
kozhalar.kz›20186388-iasaui-dunietanymynyng…
2.Досай КЕНЖЕТАЙ. «МЕНІҢ ПІРІМ – ИАСАУИ»
abai.kz›post/11238
3.Қожа Ахмет Яссауидің сопылық философиясы...ppt-online.org›618094
4.Иасауи мұрасы және қазақ мұсылмандық түсінігі
dinvko.gov.kz›…bayandamalar…zder/2014-06…
5.Иасауи дүниетанымының құпиялары – Qojalar.kz
kozhalar.kz›20186388-iasaui-dunietanymynyng…
6.Бейсенбай К., Нурматов Ж. Е. Қ.А. Ясауидің – діни философиясындағы «кемел адам»
концепциясы // Молодой ученый. — 2017. — №7.1. — С. 7-9.
7.Қожа Ахмет Яссауидің дуниетанымындағы Құранның...e-islam.tarmpu.kz›index.php…
8.Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық еңбектеріндегі...kznews.kz› bilim/qozha-ahmet-j
9.Кенжетай Д. «Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымы» – Алматы, 2008.
.
74

75.

4. ИМАНИПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ
Бүкіл өмірін қазақ балаларын
оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш
рет балаларға арнап мектеп ашып,
оқулық жазған. Ағартушы оқулықты
жазудағы мақсатын хрестоматияның
алғы
сөзінде:
«Бұл
кітапты
құрастырғанда мен, біріншіден, осы
біздің ана тілімізде тұңғыш рет
шыққалы отырған жалғыз кітаптың
орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп
жүрген қазақ балаларына оқу кітабы
бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы
халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп
тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық
мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын
әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс
педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық –
идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына
мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.Қазақ халқының ұлы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің еңбектерін ана
тілінде жазып, «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының
салт-дәстүрі рухында тағлым болса, оның сана-сезімінің дамып,
жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға
болып өседі» деп ой түйіндеген. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу,
мейрімділікке, кішіпейлдікке сияқты қасиеттерді жастар ға түсінікті
болатындай еңбектері арқылы жеткізе білді. Демек, келешек жас
ұрпақ идеялы да берік, еңбек сүйгіш те ақжарқын, күрескер де батыл,
абзал жанды имандылық, адамгершілігі мол мұрагер етіп, тәлімтәрбие беру ісінде ақын өлеңдері құдіретті құрал ретінде қолданыла
береді
Қазақ даласында алғаш мектеп ашып, білім шырағын жағу,
ана тілінде оқыту секілді бұрын-сонды болмаған зор әлеуметтік
мақсаттарды орындаған. Өнер-білімге, жаңалыққа, орысша оқуға
барынша қарсы ғасырлар бойы қалыптасқан ескі салт-сана,
надандық ұғым тұрды. Әйтсе де, халқын сүйген, оның болашағына
шексіз сенген патриот, жігерлі күрескер Ы. Алтынсарин: «Ал енді
75

76.

құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме
пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш
уақытта да қайтпаймын»,- деп Н.И.Ильминскийге (1884 жылдың 14
сентябрі) сеніммен жазғанындай, сан-сала қиындықтармен табанды
күресе жүріп әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақылкеңесін де пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын
орындады.Ыбырайдың осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында
1864 жылы қазақ сахарасының төрінде бұрын құлаққа шалынбаған
жаңа әуен-балаларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні
тұңғыш рет естілген еді: « Бірқұдайға сиынып,Кел, балалар,
оқылық.Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.Істің болар
қайыры,Бастасаңыз алда-лап… Оқу білген таниды,Бір
жаратқан құдайды. Танымаған құдайды, Неғылғанда
ұнайды…» деп, қазақ баласын оқуға, білімге шақырған алғашқы
қоңырау үні күні бүгінге дейін,тіптен мәңгілік қазақ даласынан
естіліп тұрады... Ыбырай бар қазақ баласын оқуға, білімге шақырып
қана қойған жоқ, ол балалар оқысын деп мектеп ашты. Ол мектепті
өз қолымен, өзінің жобасымен салды. Қазақ арасында бірінші болып
мектеп оқушыларына арнап оқулық кітап та жазды. Ол ол ма, ақын
Ғафу Қайырбековтың сөзімен айтқанда, қазақ даласындағы ең
алғашқы өлеңдерін қағаз бетіне түсірген ақын, аудармашы және
публицист.
Алтынсарин
жорналшы,
экон-омистфинансист,құрылысшы, ұстаз ғана емес,ол тіпті, діндар. Ыбырай
Алтынсарин, Ислам дінінің негіздерін терең түсінген, қалың қазаққа
оны түсіндірген, ислам дінінің адам тәрбиесіне берерін әбден
зерттеп білген діндар да, сол дінді насихаттаушы да.
Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның
педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты.
Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға
тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын
жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер даярлауға,
оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл
бөлді.Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы
қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты
қамтып жазуға жұмсады.Ол кез келген шығармаларында
шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат
мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды. Ы.Алтынсарин "өмірдің
негізгі мәні-еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне
76

77.

алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін
мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу кісіліктің басты белгісі" - деген. Адамдарға тиісті мінез туралы:
«...дүниеде де ізгі құлықты адам һәм сүйкімді,һәм қадірлі
»,«...Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе-бұлар адамгершілік
қасиеттер.»-болады деген. Қазақ халқының келешегі тек өнербілімде деп түсінген бабамыз білім беру үдерісінде бала тұлғасының
физикалық және интеллектуалдық аспектілерін ғана дамытп
қоймай, ең алдымен баланың жоғарғы рухани-адамгершілік
табиғатын ашу керек. Себебі бала шынайы адамдықты, танып білуді
педагогикалық үдеріс кезінде үйренеді. Бұл жағдайда иманипедагогиканың классигі Ыбырай Алтынсариннің өзінің заманында
жазған : «...Қазақ халқы азбаған, табиғи таза халық. Оның талабы
біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сия алмайды: ой-пікірі
еркін;оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім
мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр» -деген тамаша
қағидаты бар.
Білім сапасы мұғалімге байланысты. Оқыту мен тәрбиелеуде
басты күш – ұстаз тұлғасы. Ыбырай айтқандай «Халық мектептері
үшін мұғалім бәрінен де қымбат болып табылады. Олармен ешбір
керемет педагогикалық басшылық та, мұқият инспекторлық бақылау
да тенесе алмайды».Ыбырай Алтынсарин өзінің ардақты борышынхалқының көзін ашу, қазақ балаларына өнер-білім беру - деп
түсінген.Осы жолда 30 жылдай аянбай ағартушылық еңбек еткен.
Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге
кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын
іске асыра білді.Ол қазақ даласында татар молдалары таратқан діни
оқуға, сондай-ақ патша өкіметінің отарлау саясатына негізделген
христиан дінін таратуға қарсы болды. Ы.Алтансарин қазақ тілінде
кітаптар жазып , оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін
ықпалын бірте-бірте бәсеңдетуге мүмкіндік туады деп түсінді.
«Мәселенің мәнді жері-деп жазды ол -қазақтарға татар фанатизмнің
ықпалын тигізбеу ғой.Ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны
балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын
кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз
тілінде , олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек
ол кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар татар
кітаптарымен қатар,зор күш болар еді.»Ұлан байтақ қазақ даласында
дүнияда мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның ең
77

78.

асыл арманы болатын. Осыған орай ол: «Орысқазақ мектептері-қазақтарға білім берудің басты
құралы...біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының
келешегі
осы
мектептерде.
Сондықтан
мектептерде жақсы (бір жөні тәуір) білім беретін
болсын.Ғылыммен қаруланған,әр нәрсеге дұрыс
көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп,
бүкіл халыққа әсер ете алады. Сонда ғана татар
фанатизмнің де күлі көкке ұшады» деп дала
халқына ағартушылық идеяның нұрын себе
баста-ды».Ыбырай діни оқудың өзін адамгер-шілікті, гуманизмді
насихаттауға бейімдеу керек деп қарады.Осы мақсатпен ол 1883
жылы өзінің “Мұсылмандық тұтқасы” атты оқу құралын жазып,
Қазан қаласында араб әрпімен, өзінің досы Н. И. Ильминскийдің
көмегімен бастырып шығарды. Ы.Алтынсариннің “Мұсылмандық
тұтқасы” кітабын жазып шығаруына екі түрлі жағдай себеп болды:
біріншіден, сол заманда қазақ ауылдарында оқытылатын діни
кітаптар (“Иманшарт”, “Кәлем шариф”,т. б.) араб тілінде
жазылғандықтан,оның мазмұнын не молда, не оқушы түсінбей,
құрғақ жаттаумен болды.Ал діни оқулықтардың мазмұнын жете
түсінбеген дүмше молдалар дін-шариғат қағидаларын өздерінше
бұрмалап, теріс түсініктер беретін.Ыбырай ислам дінінің аяттарындағы адамгершілік, иманжүзділік, қайырымдылық қағидаларын
өзінің педагогикалық көзқарасарына негіздей отырып түсіндіруді
көздеді. Ол діннің өзін тәрбиенің құралы деп қарады. Мысалы,
Ыбырай осы кітаптың кіріспесінде:“...Имансыз еткен жақсылықтың
пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілі дұрысталмаса, әлбетте, ол намаз болып табылмайды...”
Құдай тағала ешкімді жамандық жолға бұйырмайды, мынау
жамандық, мынау жақсылық деп көрсетіп, адам баласына қай жолға
түссе де ықтияр береді”, - деп адамның жамандық, яки жақсылық ісәрекетін Алла тағала істетті дейтін молдалар насихатына қарсы
шығады. [ 1 ] Ыбырай Алтынсариннің «Шариат-ул ислам»
(Мұсылманшылықтың тұтқасы) еңбегі ислам дінінің негізін терең
түсіндіре отырып, ең басты көңіл бөлгені, жүрекке байлайтыны –
«иман» екен. Ал, осы «иман» деген не? Оның мәні мен мағынасы не?
Ол нені білдіреді? Қарастырған тақырыбымызға сай осы мәселені
толық талдау жөн болмақ.Ыбырай бабамыз былай жазады:«… әрбір
жақсы амалдардың да асыл түбі иманнан, яғни, инанудан келеді.
78

79.

Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз
оқыса да, ол намаздың керектігін көңілі дұрыстамаса, әлбетте, ол
намаз болып табылмайды… Иманның екі мағынасы бар: бірі – тіл
мағынасы. Тіл мағынасы дегеніміз – әркім тілмен айтып растамақ.
Мәселен, мұсылманшыл-дығымызға бас куәлік – сөзіміз немесе араб
тілінше шәһәда (куәлік беру). Яғни, «куәлік беремін: жоқты бір
Құдайдан бөтен Құдай (жоқтығына) және куәлік беремін,
Мұхаммед, оның құлы һәм елшісі екендігіне деп, шариғат
мағынасын растағанда, ол иманды көңілмен растамақ. Бұл растамақ
дегеніміз, жалғыз Құдай тағала бар… (5. 12 б.).Мұның арғы жағында
нені болса да көңілмен, жүрегімен сеніп істеу керек. Себебі, әр
адамға діннің ең басты берері де сенім. Адамның ең алдымен
Құдайға, содан кейін өзіне деген сенімі жатыр.Ыбырай бабамыз
айтқандай, Ислам дінінің де жастарға беріп отырған тәрбиесі осы –
имандылық. Имандылықты діни уағыз деп түсінсек, оның мәнмағынасын тереңдете түскен орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский:
«Діннің қажеттілігін, яғни, адамның ішкі дүниесіне үңіле алмайтын,
имансыз адамға бала тәрбиесін сеніп тапсыруға болмайды» деген
екен (. 6.118. Стр. 614.). Олай болса, имандылық дегеніміз адамның
бойындағы ең бір қажетті, ең бір құнды қасиеттердің жиынтығы
болса керек. Бұл ғалымдардың жазулары бойынша «имандылық»
дегеніміз адам (жас бала) тәрбиесінің алтын арқауы, негізгі діңгегі.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет сол имандылықтан тарайды,
яғни, адам баласының бойындағы ең жақсы деген қасиеттер сол
имандылықты құрайды.
Қазақ
халқының
келешегі
тек
өнер-білімде
деп
түсінген,Ы.Алтынсарин өз ойын іске асыру жолында екі бірдей
кертартпа күшпен алысып бақты. Оның бірі-қазақ даласындағы
ислам дініне негізделген татарша оқу болса,екіншісі-патша
өкіметінің отарлау саясатына негізделген қазақ балаларына
христиан дінінің заңдарын оқытуды көздеген миссионерлік
саясат еді. Миссионерлік саясатты қолдаушылар мүмкін болғанша
қазақ жастарын орысша оқыта отырып,өз ұлтының тілінен,
дінінен, салт-дәстүрінен мүлде бездіріп, орыстан-дырудышоқындыруды көздеді сөздерін күнделікті өмірде ұстануға
шақырады. Имандылықты адамның жан-дүниесін, болмысбітімін бейнелейтін адамгер-шілік ізгі қасиет ретінде
қарастыра отырып,оны тұлға жетілуінің сапалық көрсеткіші
ретінде анықтайды.
Ыбырай Алтынсарин, Ислам дінінің
79

80.

негіздерін терең түсінген, қалың қазаққа
оны түсіндірген, ислам дінінің адам
тәрбиесіне берерін әбден зерттеп білген
діндар да, сол дінді насихаттаушы да.
Ол,алғашқылардың бірі болып, «Мұсылманшылықтың тұтқасы» (Шариат-ул-ислам)
еңбегін жазды. Ыбырай қазақ қауымына
бұл еңбектің аса қажеттілігін терең
түсінді. Ұлы ұстаз әр қазақтың баласы
өзінің мұсылман екенін білгенін, жүрегімен
терең сезінгенін міндет деп санады. Ең
бастысы, ол діннің қажеттілігін, оның
тәрбиелік
жағын
терең
түсінді.
Ыбырайдың міндеті өзіне дейін ислам діні жайлы жазылған
кітаптарды пайдалана отырып, оларды өзінің мұсылман діні
жайлы ойға түйгендерімен толықтырып, қарапайым тілмен
ислам діні жайлы арнайы кітап жазып, өзінің осы кітабының
көмегімен қазақ халқына Ислам дінін насихаттау,ислам дінінің
негіздері мен оның тілек-талаптарын жеткізуді көздеген.
Ыбырай мұсылман деген кім, ол қандай болуы керек, Құдай
жолында ол күнделікті қандай шарттар мен парыздарды
орындауға міндетті екендігін қазақ тіліне аударып, олардың
барлығын халыққа қарапайым қазақ тілінде түсіндіріп, шамасы
келгенше жеткізіп те берген. Ыбырай Алтынсарин «Енді, ей, дін
– қарындастарымыз, бізге ең әуелі керегірек іс-сол, әуелі білмек
керек немен мұсылман болатынымыз. Мүмин (дінге сенуші)
мұсылманның мұсылман аталуы құр мұсылман киімін киіп,
мұсылман арасында жүргені емес. Әуелі иманды болып, ол
«иман» деген не екеніне түсініп, түсінген сон, сол иман ішіндегі
сөздерді шексіз шын көңілімен дұрыс деп білген кісіні мұсылман
деп атайды. Соның үшін Құдай тағаланың пенделеріне парыз
еткен парыздарының ең әуелі иман ислам» еңбегінде:– ислам
дінінің бес парызынан да бұрын, ең басты көңіл бөлетіні, жүрекке
байлайтыны – «иман» екен. Ал, осы «иман» деген не? Оның мәні
мен мағынасы не? Ол нені білдіреді. Ыбырай бабамыз былай
жазады:«… әрбір жақсы амалдардың да асыл түбі иманнан, яғни,
инанудан келеді. Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ.
Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігін көңілі
дұрыстамаса, әлбетте, ол намаз болып табылмай ды…
80

81.

Иманның екі мағынасы бар: бірі –тіл
мағынасы. Тіл мағынасы дегеніміз-әркім тілмен
айтып
растамақ.
Мәселен,
мұсылманшылдығымызға бас куәлік – сөзіміз немесе араб
тілінше шәһәда (куәлік беру). Яғни, «куәлік
беремін: жоқты бір Құдайдан бөтен Құдай
(жоқтығына) және куәлік беремін, Мұхаммед,
оның құлы һәм елшісі екендігіне деп, шариғат
мағынасын растағанда, ол иманды көңілмен
растамақ. Бұл растамақ дегеніміз, жалғыз
Құдай тағала бар… (5. 12 б.).Мұның арғы жағында нені болса да
көңілмен, жүрегімен сеніп істеу керек. Себебі, әр адамға діннің ең
басты берері де сенім. Адамның ең алдымен Құдайға, содан кейін
өзіне деген сенімі жатыр.Ыбырай бабамыз айтқандай,Ислам
дінінің де жастарға беріп отырған тәрбиесі осы – имандылық.
Имандылықты діни уағыз деп түсінсек, оның мән-мағынасын
тереңдете түскен орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский:
«Діннің қажеттілігін, яғни, адамның ішкі дүниесіне үңіле
алмайтын, имансыз адамға бала тәрбиесін сеніп тапсыруға
болмайды» деген екен (55;57;25: 614.б). Олай болса, имандылық
дегеніміз адамның бойындағы ең бір қажетті, ең бір құнды
қасиеттердің жиынтығы болса керек.Бұл ғалымдардың жазулары бойынша «имандылық» дегеніміз адам (жас бала) тәрбиесінің алтын арқауы, негізгі діңгегі. Адам бойындағы барлық
жақсы қасиет сол имандылықтан тарайды, яғни, адам
баласының бойындағы ең жақсы деген қасиеттер сол имандылықты құрайды.Ыбырай Алтынсарин айтады: «Құдай
тағаланың пенделеріне парыз еткен парыздарының ең әуелгісі
иман болса керек» (38 10 бет). Бұл сөздерімен Ыбырай бабамыз,
ең алдымен, Құдайға сен, содан кейін өзіңе сен, мұсылман болсаң
сенімді бол, нені болса да сеніммен істе дегені. Яғни, ұлы ұстаз
өзінің бұл сөздерімен қазаққа сенімнің күшін түсіндіріп отыр.
Ыбырай айтып отырған «иманды-лықтың» арғы жағын-да
Құдай тағала рұқсат еткен, солай жүр деп жол сілтеген небір
керемет ұғымдар жатыр. Сондай-ақ,Ыбырай бабамыз былай
дейді: «…иманнан соң дін ғылымы дүр.Дін ғылымы дегеніміз,
Құдай тағала пенде-леріне екі жол көрсетті: бір жолы-осылай
бар деп бұйырған жолы, екіншісі – бұл жолға түспе деп тыйған
жолы… Әуелгі жолдың баратын ұшы – ұжмақ, соңғы жолдың
81

82.

ұшы – тамұқ». Әр екі жолды көрсетіп қойып,
қайсысына түсудің ықтиярын бұл дүниеде
Құдай тағала адамның өзіне берді.Осы екі
жолдың мәнісін түсініп, үйренуді дін ғылымы
деп атаймыз» (2. 10 б.). Яғни, қай жолға түссе
де, адамның өз еркі. Жақсылық пен
жамандықты таңдау да адамның өз еркі.Бірақ,
діннің міндеті адамның көзін ашып, үйретіп,
оны дұрыс жолға, кімге болса да пайдалы, игілік
жолына салу. Дін білімінің керегі міне осы жерде
болса керек. Иманипедагогиканың негізгі қағидалалары осылай
тиянақталып,ұлы ұстаз оның жарық жұлдызына айналды
.Еңбастысы Ыбырай бабамыз имандылыққа баулу қазақ ілімін
педагогика классиктері К.Д,Ушинский, А,П.Толстой т.б. ғалымдардың педагогикалық көзқарастарымен ұштастыра отырып,
иманипедагогиканы жаңа белеске көтерді.
Ыбырай діни оқудың өзін адамгершілікті, гуманизмді
насихаттауға бейімдеу керек деп қарады..Ал діни оқулықтардың
мазмұнын жете түсінбеген дүмше молдалар дін-шариғат қағидаларын өздерінше бұрмалап, теріс түсініктер беретін.Ыбырай ислам
дінінің аяттарындағы адамгершілік, иманжүзділік, қайырымдылық қағидаларын өзінің педагогикалық көзқарастарына
негіздей отырып түсіндіруді көздеді. Ол діннің өзін тәрбиенің
құралы деп қарады. Мысалы, Ыбырай осы кітаптың кіріспесінде:“...Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен,
біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілі дұрысталмаса, әлбетте, ол намаз болып табылмайды...”Құдай тағала
ешкімді жамандық жолға бұйырмайды, мынау жамандық, мынау
жақсылық деп көрсетіп, адам баласына қай жолға түссе де
ықтияр береді”, - деп адамның жамандық, яки жақсылық іс-әрекетін
Алла тағала істетті дейтін молдалар насихатына қарсы шығады.
Ыбырай Алтынсарин айтады: «Құдай тағаланың пенделеріне
парыз еткен парыздарының ең әуелгісі иман болса керек» (5. 10
бет). Бұл сөздерімен Ыбырай бабамыз, ең алдымен, Құдайға сен,
содан кейін өзіңе сен, мұсылман болсаң сенімді бол, нені болса да
сеніммен істе дегені емес пе? Яғни, ұлы ұстаз өзінің бұл сөздерімен
қазаққа сенімнің күшін түсіндіріп отыр. Ыбырай айтып отырған
«имандылықтың» арғы жағында Құдай тағала рұқсат еткен, солай
жүр деп жол сілтеген небір керемет ұғымдар жатыр. Олар:
82

83.

сенімділік, көргендік, білімділік, ибалық, адалдық,
кішпейілділік пен мәдениеттілік, т.т. Бұлардың
барлығы адам тәрбиесінің басты ұғымдары.
Бұларсыз адам өмір сүре алмайды. Адамдар
бірімен бірі қарым-қатынас жасай алмайды. Тіпті,
қауымдаса да алмайды. Осылайша «иман» деген
ұғымды
түсіндірген..Имандылықты
әбден
түсіндіріп болғаннан кейін Ыбырай бабамыз өз
еңбегінде көңілді Исламның парыздарына бөледі. Олар: намаз,
ораза, зекет, қажылық, не адал, не харам деген жәйттер. Осы
айтылған әр парыздың астарында да тәрбиелік мәні бар небікеремет
ойлар жатыр. Қысқаша түсінік.Намаз, бұл – күніне бес рет намаз
оқу, яғи күніне Құдайға бес рет құлшылық жасау. Құдаймен өмір
сүріп, оның адамзат алдына қойған шарттары мен талаптарын
мүлтіксіз орындау. Намаздың адамның денсаулы-ына тигізер
пайдасынан басқа, алдымен Құдай алдында, содан кейін өзіңнің
алдында есеп беруінде көп нәрсе жатыр. Не жақсылық, не жамандық
жасадым, солардың барлығын ой елегінен өткізіп, жаныңдағыларға
жасаған жамандығына Құдайдан кешірім сұрап, жасаған
жақсылықтарыңан күш алу, өзіне деген сенімін бекіте түсу. Сен де
күн сайын өзіңе-өзің есеп бер, жас дос. Не істедім, не істей алмадым,
дегендей. Одан зиян көрмейсің. Ыбырай атамыз кемел адамда
болуға тиіс жеті қасиетті атап,оны игерген дәрежесіне сай ол ұлт
алдында,ел алдында, халық алдында қандай борыш арқалай
алатынына баға беруге болады деген . Олар: сенімділік, көргендік,
білімділік, ибалық, жомарттық, сабырлық, адалдық,қайырымдылық
кішпейілділік. Ыбырай атамыз осылар-дың шығу тегін анық
көрсетеді. Ол былай айтылған:" ...Пенденің көңілінде болатын
пиғыл екі түрлі еді. Бірі-көркем,бірі-бұзық сипаты. Аят пен хадисте
білдірілген жаман мінездер алпыс түрлі. Мұның бәрін бұл кішкене
кітапта баян етуге болмайды, бірақ сол алпыс түрлі жаман мінездің
шығатын түп асылы жеті түрлі мінезден десіпті. Біз осы жеті түрлісі
турасында ғана айталық: Біріншісі: дінге сенбеу, дінсіздік.Екіншісі:
діннен бөлек өз ойынан шығарған уағыз, яки діннен тыс
өзбілермендік. Үшіншісі: менмендік, өзімшілдік. Төртіншісі: мақтану, өзін-өзі көрсету. Бесіншісі: қызғаншақтық, күншілдік.
Алтыншысы: сараңдық.Жетіншісі: дүние шашқыштық, ысырапшылық. Бұларды аят пен хадисте жағымсыз, ұнамсыз мінезқұлықтар деп айтады. Осыларға қарсы құлық жетпіс сегіз түрлі.
83

84.

Олардың шығатын түп асылы тағы да жеті түрлі
мінезден болса керек. Бұларды алсақ хамида, яки
мақтаулы, игілікті мінез-құлықтар деп атайды.
Олар:Біріншісі: имандылық,Екіншісі: жаман
мінез-құлыққа қарсы-лық, яки күй, яғни ең
жоғарғы әділдік.Үшіншісі: адалдық, ақ көңілдік.
Төртіншісі:
сыпайлық,
момындық,
шын
берілгендік. Бесіншісі: адал ниетпен кеңес, өсиет
беру,Алтыншысы:
жомарттық,
кеңпейілдік,
қайырым, Жетіншісі:шариғат бойынша дұрыс
заңды:Мұнада малын орынды, үнемді жұмсау.»
Ораза ұстау – бұл кім де болса, өзін өзі неден болса да – тамақтан,
жаман пиғылдан, ойдан, жаман сөзден, жаман істен шектеу. Ораза
кезінде, ораза ұстағандар тіпті біреумен ұрсысуға, не балағат сөз
айтуына болмайды. Болып жатқан жағдайда, әрі бармай, мен ораза
едім, деп кетіп қалған жөн. Олай болса ораза тек тамақ ішуге ғана
емес, барлық жамандық атына шек қою. Жаман ойға, жаман сөзге,
ең аяғында жаман іске шек қою деп түсінген дұрыс. Бұл да сын. Бұл
сыннан адал өткен, шыдаған адам ғана, мен ораза ұстадым деп толық
сеніммен айта алады. Құдай алдындағы, адам ретінде өзімнің
парызымды орындадым, – дей алады.
Үшінші парыз – зекет. Зекет дегеніміз – жаныңдағыларға барынша
көмектесу. Кемтарларды көре білу. Қолдан келгенше соларға қол
ұшын беру, барыңмен бөлісу. Ислам дініндегілер мұны да
адамгершіліктің бір белгісі деп санайды.
Қажылық. Көп ел қажылықты – Меккеге барып тәу ету, қасиетті
Қара тасты айналып жүру, Мұхаммед пайғамбардың өз мешітінде
Құдайға құлшылық жасау, деп түсінеді. Ол солай. Бірақ, Меккеге
қажылыққа барудың арғы жағында – жол жүру, жол азабына шыдай
білу, қажылыққа өзге елдерден келгендермен танысу, тілдесу, пікір
алысу, олардан естіген небір жаңалық пен жақсылықты елге жеткізу,
олардың озық тәжірибелерін іске асыру сияқты толып жатқан
міндеттер бар. Бүгінгі тілмен айтқанда – бар ақпаратпен бөлісу.
Жақсысын алып, өз өміріңе жарату. Ол кезде бүгінгідей ақпарат
құралдары (интернет, телефон, теледи-дар, газет) болмайтын. Ең
болмаса қажы-лыққа барып, басқа елдерде не болып жатқанын
(саясат, экономика, шаруашылықты жүргізу жолдары) білу. Қай
жағынан болса да, өзіңді-өзің байыта түсу. Өз білгеніңді елге тарату.
Мұсылманшылықтың әр парызының астарында елге, адамдарға
84

85.

пайдалы талай дүние жатыр. Мұсылман болсаң,
соларды игеру, үйрену, елдіктің шаруасына
пайдалану деген міндеттер жатыр.Ал, бесінші
парыз, ол – харам мен халәл. Харам мен халәл
тек күнделікті ішер ас, дастарханымызғы
жайылар тағамға ғана жатпайды. Олар сөйлер
сөзге, атқарар іске, жасар қимылға да
байланысты. Әр мұсылман оларды білуге
міндетті. Мұсылман болсаң, тыйым салынған
асты ішпе, тыйым салынған сөзді сөйлеме,
тыйым салынған істі істеме. Қарап отырсақ, исламның бес
парызының барлығының да тәрбиелік мәні зор екен. Ыбырай
бабамыз солардың барлығын білді, білді де, шынайы адамды, өз
елінің азаматтарын, болашағын тәрбиелеуге ислам дінінің барлық
мүмкіндіктері мен күшін пайдалануға тырысып бақты. Діннің ол
талаптары мен парыздарына бүгінгі күннің биігінен қарасақ та,
жастарды тәрбиелеуге, әр адамды тура жолдан тайдырмауға тигізер
әсері мол екен. Соның бәрін түсінгеннен кейін ғой, Ыбырай бабамыз
ел арасында тараған ислам дінінің абыройы мен күш-қуатын
жастарды тәрбиелеуге, ел болашағын тәрбиелеуге пайдаланды. Бұл
еңбектің адамзат өміріне қаншалықты пайдалы, қаншалықты қажет
екендігін айта келіп, Ыбырайтанушылардың бірі, профессор
Шамшиябану Қанышқызы Сәтбаева былай дейді: – «Алтынсарин өзі
ірі педагог болғандықтан, осы кітаптың құрылымы мен мазмұнында
да белгілі бір философиялық, логикалық, методикалық, тәрбиелік
мән, сәйкестіктерді ұштастырған. Кітап басталуы бүкіл әлем
жаратылысы, ғажаб құбылыстар адам арқылы танылғанда адамға
пайда келтіреді. Демек, бұл адамзаттык дәстүр жалғаспақ керек.
Осындай өмірлік, жалпы адамзаттық мақсатты іске асыру қай
заманның адамдаына болса да парыз, борыш… (7. 153 бет.)Христиан
дінінде де, Ислам дінінде де адамның Құдай алдында күнаһар
лығына көп көңіл бөлінеді. Христиан дінінің негізгі кітабы
«Библияда», адам өзінің Құдай алдындағы күнаһарлығын Құдайға
сыйынып, жалбарынып, оған бас июмен, кешірім сұраумен жуатын
болса, Ислам дінінде күнәны жуу мәселесіне сәл басқашалау
жағынан келеді. Ыбырай Алтынсарин айтады: «Хаж ету дегеніміз
өмірде бір рет араб улайатындағы (елі, жер) Мекке шаһарында
болғушы қағбату – л – лаһи, яғни, Аллаға құлшылық ететін үй деп
аталған орынға барып зиярат ету (бару, аралау). Қағбату-л-лаһиды
85

86.

Құдайтабарак уа тағала Ибраһим пайғамбарға өзі бұйырып
салдырымшы-дүр. Жәбірейіл періштені жіберіп, Құдай тағала
Ибраһимге бұйырды: «сал Қағбаны» – деп. Ибраһим алайһи – с –
салам: «Құдая. Мен білмеймін Қағбаның орнының қайсы екендігін».
Сол уақытында Жәбірейіл келіп, бір жерден бөтен тасты көтерді, сол
тастың жатқан орнына салмақ Құдай тағаланың әзәли (мәңгі
құдыреті) құдыреті еді. Мұнан соң, Құдай тағала бұйырды. Меккеге
жақын жердегі: Тур сина, Төр Зина, Хура, Лубнан, Жуди деген бес
таудан тас келтіріп, Қағбаны сол тастармен бина (салу, орнату) қыл
деп. Меккенің онан жақын жерінде де тас көп болса да, Құдай
табарак уа тағала әлгі бес таудан тас келтіріп, Қағбаны салмаққа
бұйырмақ. Себебі, Қағбаға соңғы уақыттарда жүзін бұрып, тауаф
(Қағбаны айналып жүру), һәм бес намаз оқыған адамның, сол бес
таудың ауыртпалығындай күнәсы болса да, күнәсын кешіремін
дегенге ишарат үшін еді», – деп айтылады (5. 41 – 42. б.б.). Яғни, бес
рет намаз оқу, құдайға жалбарынып, бес рет кешірім сұрау, сол
арқылы өзінің күнәсін жуу, деп түсінген. Осылардың барлығының
басын қосып келгенде – діннің негізгі мақсаты мен міндеті адамды
тәрбиелеу, оған дұрыс жол – құдайдың жолын көрсету, оған сенім
мен күш беру – деп білеміз. Кешегі бейіштен Жерге қуылғаннан бері
қарай дін адамды тәрбиеледі, оның көзін ашты, жамандық пен
жақсылықтың, ақ пен қараның аражігін ашып берді. Адамның
табиғатпен тіл табысып, күн көруіне, одан көп дүниені үйренуіне,
әсіресе, табиғаттың заңдылықтарын, құбылма-лылығын, небір
жағдайларды дұрыс қабылдап, оған төзе білуге, кездескен
қиыншылықтарды бірлесе жеңе білуге үйретті. Ойын қалыптастыруға, барынша кеңейтуге, жадын нығайтуға, нені болса да ойлап
істеуге үйретті. Адамның мінезін бір жүйеге келтірді. Оған
дүниедегі өзінің орнын көрсетті. Дін адамдардың ойларын биледі,
адам сияқты өмір сүруге үйретті, оның рухын оятты.Дін - адамдарды
имандылық пен ар-ождан тазалығына және ізгілікке үндей алатын
құдіретті күш. Рухани кемелдік пен тереңдікке дәстүрлі дінді дұрыс
ұстана білу арқылы да жетуге болатыны ешқандай талас
туғызбайды. [2.Қуанышбай Орманов ] Ыбырай атамыз ұстаздықты
өз үйінен бастап,қазақтың әулет мектебінде қалып-тасқан «Ата-анабас ұстаз» қағидатын сыныптық мектепке алып барған жаңашыл
ұстаз .Себебі орыс-қазақ халық мектебі ашылғанға дейін шәкірттерін
өз үйінде оқытып,қазақтың әулет мектебін халық мектебіне
ұластырып, енді «Ұстаз-шәкірттердің екінші ата-анасы болуға тиіс
86

87.

екенін»- өз үлгісімен көрсете білді. Жалпы қазақ
халқы ұстазды ерекше қадір тұтып, барынша
сыйлап,ата-анасындай көретін дәстүрі бар
жұрт.Кәзір жер басып жүрген әр қазақтың
жүрегінде алғашқы ұстазы анасымен бірге
сақтаулы.Ыбырай атамызға ұстаз тіптен де,ерекше
қадірлі де,қажет болған. Қазақ халқының келешегі
тек өнер-білімде деп түсінген. Білім сапасы
мұғалімге байланысты. Оқыту мен тәрбиелеуде басты күш – ұстаз
тұлғасы. Ыбырай айтқандай «Халық мектептері үшін мұғалім
бәрінен де қымбат болып табылады. Олармен ешбір керемет
педагогикалық басшылық та, мұқият инспекторлық бақылау да
тенесе алмайды», « мұғалім-мектептің жүрегі.»Ы.Алтынсаринның
ұстанған басты қағидасы баланың жеке басын қадірлей отырып,оны
ізгілікке, қайырымды-лыққа жұмылдыру болды Ағартушы ұстаз
елге үлгі боларлық шығармалар жазу барысында алдына мақсат
қойды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа , тазалыққа ,
отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ
даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін»-дейді. Өз
шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп, оны
шешудің жолда-рын іздестірді. Шығармаларының идеясы-шыншыл, еңбексүйгіш , әдепті , қоғам белсендісін тәр-биелеп және
оларды ғылым-білімге үйрету еді. Ата-ананы сыйлау , құрмет тұту
ана қадірін түсіну , жақын достарын сыйлай білу керек деген
жалпыхалықтық қағиданы әрқашан бала зердесіне салып отыру
әрбір тәрбиешінің міндеті дейді . Ыбырай Алтынсариннің
педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім тәрбиенің алтын
дінгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу,
мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің
көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық
мектептерінің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында, ол: «Егер
балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды
кінәлауға тиіс емес. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай және
жұмсақ сөйлесуі және шыдамдылық етуі тиіс, әрбір нәрсені де
ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді
қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да
жалықтырып жібереді... Оқушыларды бағалағанда олардың іске
мәнді қатнасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап
бағалау керек», деп жазған еді. Ал Н. И. Ильминскийге жазған бір
87

88.

хатында: “Шәкірттер кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға
адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын. ...
мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек
етіп өсірсең балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың» - десе
, « Жеміс ағаштары» атты әңгімесінде «тәрбиеде үлкен мән бар, ақыл
кеңесті алмасаң анау тұрған үлкен ағашқа, қисық ағашқа ұқсап
өсесің деп әке баласына берген ақыл ғибратын келтіру арқылы
тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді. «Көңілді,бойыңды мөлдір
бұлақтай таза ұста . Менің ойымша, көңілдің хошы,бақыт дегеннің
бәрі де Ата-Бабаңның өмір сүрген және жерленген жерінде,туған
ошағыңның басында жақсырақ,ал қайғы дегеніңнің қандайыда,
тіпті,ажалдың өзіде сол жерде жеңіл болатын сияқты.»-дейді
бабамыз. Бұған қарағанда Ұлық Ұстаз педагогикалық іс-әрекетінде,үдерісінде иманипедагогиканың имандылыққа,ізгілікке, кісілікке баулу қағидаларын үнемі басшылыққа алғандығы айқын
аңғарылады.Сондықтан да Ыбырай бабамыз иманипедагогиканың
ғылыми негізін қалыптастыру-шылардың бірі,әрі бірегейі
болғандықтан оның жарық жұлдызы атанған.Жұлдызда жұлдыз
болған бабабыз сыңғырлаған қоңыраулы жұлдыз. Ұлы Даланың көк
аспанында мәңгі жарқырай береді.
Дереккөз:
1. Ыбырай Алтынсарин. Өнер-білім бар жұрттар. – Алматы:
«Жалын». – 1991. – Б. 3
2. Ыбырай және ислам діні - "Ақиқат" aqiqat.kazgazeta.kz›?p=8776
3.Ыбырай
Алтынсариннің
діни-танымы
muftiyat.kz›…articles…society/2015-05-05…yibyiraj
4.Ыбырай Алтынсаринның этнопедагогикалық
зерттеулері
ust.kz›…ybyrai
5.Мұсылманшылықтың тұтқасы - діни тәрбие құралы infourok.ru›
6.Иманипедагогика Қ арағанды 2018
7.Имандылыққа баулу қазақ ілімі Ұланбаты р 2017
88

89.

5.Абай -иманипедагогика ғұламасы
Педагогика-философмямен тамырлас ғылым.
Оны қысқаша пайымдасақ:ол-адамды дамыту
жолын айқындаушы философия. Мыңдаған
жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның
ішінде пайда болып дамыды. Ал,дін дегеніміз
адамзатты Жаратушының салған жолынан
адастырмай алып жүрер, бағыт-бағдарын
нұсқаушы
шамшырақ.
Діннің
негізгі
мақсаты—өзі ұсынған теориялық және
практикалық ұстанымдардың қоғам өмірінде жүзеге асырылуын
қамтамасыз ететін көңілі таза адамдарды –КІСІНІ-қалыптастыру,
тәрбиелеу. Абай атамызда осы үш ғылым дүниесі өзара ықпалдасып,
жымдасып бүтін біртұтас әлемге айналған.Абай дананың философиялық,педагогикалық, діни-рухани (дінтану) дүние танымын
«әжептәуір» зерттеп зерделесек те, өрнектей саралап, бүгінгі таңда,
игеру,меңгеру жолын толық көрсете алмай келеміз. Оның басты
себебі, біздің ой шанағымыз,зерделеу қабылетіміз, танып білу шамамыз төмен болуынан шығар,әрі Дананың оңай шешілетіндей жұмбақ еместігі,әрі ойшылдың әлемдік денгейдегі биік өрелігі , асқаралы
шыңдардай биіктігінен ,теңіздей тереңдігінен болуы да ықтимал.
Әдетте,дана жұмбағын даналар шешкен. Абай дананың шығармашылық әлемі өте аумақты,орасан зор көлемді. Дананы бағалаушылар былай тұжырымдайды: «Қазақ халқын надандықтың айсыз
қараңғы түні ғылым сәулесінен бүркеп, тұншықтырып тұрған
кезінде, тұншыққан елге дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға,
надандық-аждаһаны өртеуге Құдай жіберген хақиқаттың ұшқыны
Абай туды».М.Әуезов.
«Абай» журналында Ж.Аймауытұлы
«Журнал туралы» деген мақаласында Абайдың философиялық
дарынына алғашқылардың бірі болып баға бере келіп, былай деп дәл
атап көрсетті: «Ақыл,білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда Абай
қазақтан шыққан философ (данышпан)» [7]. «Бар қазақтың жүрегіне
жол тапқан» жазушы әрі ғалым Сәбит Мұқановтың бір пікіріне
жүгінсек: «Данышпандардың бәрі – ақын емес, ақындардың бәрі –
данышпан емес, Абайда – солардың екеуі де болды».
89

90.

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы
ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес,
сонымен бірге ұлы ойшыл ұстазы,айтулы
педагогикалық ілімнің төлиесі. Оның поэтикалық
шығармалары мен “ғақлия” сөздері пәлсапалық,
этикалық, эстетикалық, психологиялық және
педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай атамыз
тәрбиелеудің ілімдік жағынан көрі өнерлік жағына көп мән берген
ғұлама. Себебі жалпақ жұртқа ұрпағын толық адам болдыру үшін
алдына қандай мұрат,мақсат қойып,нендей жол-жобалармен жүріп,
қандай амал-тәсілдерді қолданып жүзеге асыруға болатындығын
түсінікті әрі көркем сөзбен айшықтап жеткізген. Абай заманында
жұрттың барлығының көкірек көзі бүгінгідей саңылаулы болған
жоқ, Осыны дұрыс аңғармаған бірер педогог ғалымдарымыз Абай
атамыз арнаулы педагогикалық іспен айналыспаған,іргелі педагогикалық-психо-логиялық еңбек жазбаған деуге дейін барды.
Иманипедагогиканы жаратпайтын одан жиренетін советтік
дәуірде,атамыздың педаго-гикалық-дидактикалық көзқарастарын
таптық, материалистік сүзгі-ден өткізіп талдап, жұлмалап
керектендік. Абайды зертеуші ғалымдар ұлы ақынды халық
ұстазы деп біледі. Ұстаздық, ойшыл ақынның пікірінше,
жастарды ізгілікке, адамшылыққа үйретушілік. ХІХ ғасырдың
соңғы он жылы– Абайдың ақындық мектебі үшін ең жемісті кезең.
Осы кездерде «Ұстаздық қылған жалықпас» деп өзі айтқандай,
қасына талапты жастарды жиып, оларға өлең сөздерімен де, ауызша
өсиет, ұзақ мәжілістерімен де үлгі-өнеге шашу сүйікті ісіне,
дағдысына айналған болатын. Бұл туралы: «Абай ұстаз да, сөз
ұғатын ынталы, талапты жастардың бәрі шәкірт» дейді
Мұхаң. Абай педагогикасын рухани әлем мен көңілдің ілімі немесе
жүректің салтанаты деп қабылдайтын болсақ, оның негізгі бағыты
кемел адам тәрбиелеу. Кемел адам, Абайша айтқанда, толық адам –
кісілікке жат қылық-тардан әбден арылып тазарған, ішкі жан
дүниесі ағарып, рухани артқан, мүлтік-сіздіктің қалыбы мен
жаратылыс негізіне мейлінше жақындаған асыл адам. Абай
халықтың болашағы жастарды адамгершіліктің игі қасиеттеріне
90

91.

тәрбиелеуші
үлкендерден
(ата-ана,ағайын
туыс,құрбы-құрдас ) ұстаздық шеберлікке лайық
қабілет
болуын
талап
етті.
Педагогика қазақ халқының түсінігіндегі
баламасы – тағылым, тәлім, білім, тәртіп, тәрбие
ретінде қабылданады. Педагогика ғылымы –
тәрбие беру, білім беру, үйрету,баулу, жетілдіру.
Қазақтың ұлттық тәлім –тәрбие ілімінің негізін
салушы М. Жұмабаев бұл жөнінде былай деген: «...Бала тәрбиесі –
бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым болуды
тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін, әркімнің өз
тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу
керек...».
Дана Қ.Абай- иманипедагогиканың негізін салушылардың
бірі.әрі бірегейі... Қазақ мәдениеті мен ақыл-ойының заңғар биігі
Абай Құнанбайұлы шыығармашылығыңың әмбебаптылығы,
энциклопедиялығы бүгінгі күні еріксіз таң қалдырады. Лирика,
поэзия, сатира, поэма, аударма жанрларының негізін салып қана
қоймай, осы жанрларды әлемдік биікке шығара білуі, музыкалық
мұрасы, әлеуметтік-публицистикалық, философиялық, діни, ғылыми, тарихи еңбектерінің мазмұн тереңдігі, ағартушылық,
педагогикалық ойлары оның ұлт ұстазы, тіпті адамзат ғұламасы
атануына арқау болды. Ұлтымыздың рухани мақтанышы, ұлы
гуманист, ақын-ағартушы Абайдың ғылыми-педагогикалық мұрасының зерттелу жайы туралы айтқанымызда, педагогика тарихы
саласындағы көрнекті қазақстандық ғалымдар, Т.Т.Тәжібаев,
Қ.Б.Бержанов, Ә.У.Сембаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев және т.б.
ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Оның жастарды
тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика
классиктері Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант т.б., орыстың ойшыл ұлы
педагогтары: Л.Н.Толстойдың, К.Д.Ушинскийдің ағартушылық ойпікірлерімен терең қабысып жатыр.
Абайдың
педагогикалық
көзқарасы
қазақ
жерінде
патриархалдық-феодалдық қатынастар әлсіреп, капиталистік
қатынастардың өмірге ене бастаған кезеңінде қалыптасты. Ақынның
ағартушылық ой-пікірлерінің қалыптасуына игі әсер еткен табиғи
91

92.

арналардың алғашқысы – ақынның дүниеге келген
ортасы, жас Абайдың бойына адамгершіліктің ізгі
қасиеттерін ақ сүтімен қоса дарытқан ана
мейірімінің қуаты. Кеудесі шежіре-тарих, аңызәңгімеге толы, халықтың салт-дәстүрлерін жетік
білетін мейірбан әжесі Зере мен мінезге бай, тілге
шешен анасы Ұлжан бала Абайды өз алдына бір
бөлек
рухани
қазына
бесігі
болып
тербетті.Өскенбей шаңырағына бекем орнаған «Қарашаңырақ
мектебі», Асыл әжелердің басшылығында жұмыс жасаған «Дана
Аналар» мектебі, Білікті аталар арқылы бұл әулетте жүмыстаған
«Дана Аталар» мектебі ауыл балаларымен бірге жас Абайды үкілеп
өсірді, айтулы адам болдырды.Осы отбасы мектептерінің өзіндік
педагогикасы қашаннан бар болатын, Абай дана педагогикасында
бұл дәстүр ұнасымды орын тауып, сабақтастықпен жалғасқан.
Талантты жастың өз бетінше ден қоя оқыған, құныға тыңдаған ауыз
әдебиеті шығармалары туған халқының өмірі мен дәстүрін, арманы
мен мұңын ертерек танып білуіне себепші болды. Өмір
заңдылықтарын түсінуге игі ықпал еткен әке тағылымы да ақын
бойында ұстаздық қасиеттің қалыптасуына үлкен әсер етті. Туған
халқының рухани мұрасын жан-жақты игеріп, Батыс пен Шығыстың
ғылыми ой-санасын сыншылдықпен бойына сіңіру арқылы Абай
қазақтың қоғамдық ой-пікірін өзінің ағартушылық тұрғыдағы
тұжырымдарымен байытты.Абай педаго-гикасы тәрбиелеу ілімінің
әрі
тереңі,әрі тұнығы.Ол бес баулудан тұрады.
1.Елдікке,
ерлікке,Отаншылдыққа баулу.Бұл Арғы қазақтан келе жатқан
ұласпалы дәстүр,текті де,тегуірінді қасиет.Мүны бар қазақта,еш
адам, ешуақытта аттап кете алмайды,қанға сіңген қатал тәрбиелік
ұстаным.Оны бойына сіңірген адам ғана,толық адам,нағыз қазақ
бола алады. 2.Кісілігі мол кісі болдыру,адамшылыққа баулу.
3.Имандылыққа баулу.4. Өнер, білім-ғылымға баулу. 5. Өмірге
дайындау,еңбекке баулу.Осы баулу мектептерінен өткен,
адамшылықтың асыл қасиеттерін бойына сіңірген, өнер,білімғылымға көргенділікке қол жеткізген, қоғамда өз орнын таба білу
(өміртану) ғылымын игеруші жанды атамыз, толық адам деген.Олай
болса Дана Абай педагоги-касы--заманауи толық адам
92

93.

қалыптастыру ісінде тұғыр боларлық,Қазақстан
білім жүйесінде,жастарға тәлім-тәрбие беруге
ғылыми негіз боларлық ұлтан-ды ілім болып
табылады. Абайдың өз шығармаларындағы негізгі
ұстанған этикалық қағидасы –бұл «Адам бол!»
деген үндеуі – ол ақынның шығармашы-лығының
өзегіне айналды. Абай үндеуінің этикалық мәні
адамның өмірдегі міндеті мен ролін жоғары
бағалау. Адам – ақын көзқарасында, ақыл ойдың, адамшылықтың,
еңбексүйгіштіктің және білімділіктің, достық пен махаб-баттың
түгелдей көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен күн – аспан әлемінің
әшекейі, орман мен жемістер – таудың әшекейі, ал жердің сәні –
адам. Абай үлкен мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!», - деп
жар салады [2, 86 б.]. Абай дүниетанымы мен философиясындағы
даналықтың қыр-сырын, бүге- шүгесіне дейін ашып көрсете білген
профессор Т.Х. Рысқалиевтің пікірінше: «Абай даналыққа,
даналықты білдіретін сөзге, іске, мінез-құлыққа ерекше мән берді;
ол даналықты танып, ажырата білді, жүзеге асыра білді. Даналық
Абай ілімінде теориялық концепция болып қалған жоқ, өмір сүру
тәсіліне айналды.» «...Абайдың түсінігі таң қалдырады. Оған дейінгі,
одан кейінгі қазақ ойшылдары мен ғалымдарында кездеспейтін
түсінік. Өткенді де, қазіргіні де, болашақты да қамти алған түсінік.
Оқумен, тоқумен, тәжірибемен, ойланумен, толғанумен, терең
бойлаумен келген түсінік. Адамды өсіретін, сонымен бірге кімнің
кім екенін, ненің не екенін таразыға салып өлшеп беретін түсінік» [4,
44 б.].Сондықтан да,Абай педагогикасы да,таңқаларлық терең әлем!
Абай педагогикасында
бала тәрбиесінен бастап тұтас ұлттың,
халықтың санасына ықпал ету мақсатындағы ойларын ортаға салды.
Оның тәрбиелік бағыттағы ойлары кең ауқымдағы ағартушылық
идеяларға ұласты. Бұл тұрғыда Абай ұлттың бір ғана белгілі
тобының тілек-мүддесіне орай идеялық мақсат ұстанған жоқ, тұтас
ұлттың, халықтың болашағы туралы, күнделікті мұң-мұқтажы,
қажетті іс-әрекеті туралы ой қозғады. Халықтың бірде-бір тобын
жекелеп алып қарамай, тұтас сөз қылды Дана Абайдың тәрбиелеу
ілімін әділет-махаббат педагогикасы деп жүрміз. Бұлай атау біреудің
білгірлікпен,даналықпен айтқан пайымы емес.Абай педагоги93

94.

касының өз ішкі мәні мен мазмұнынан,мұрат
мақсатынан туындаған ғылыми пайым,дәлелді
кесім.Осыны тарқатып көрелік. Шындығында, адам
рухын, жалпы болмысты басқарушы күш- Тәңірінің
әділет-махаббат заңы екеніне Абайдың көзі
жетіп,толық иланған. Ақ ниетті адамзаттың
ықылым заманнан бергі арманы өзі тұратын елде,
тіпті жалпы жер бетінде әділет орнату. Жалпы
адамның тума табиғатында әділетке деген сұраныс, ұмтылыс пен
махаббат бар. Адамзат тарихындағы бүкіл көтеріліс, төңкерістердің
де түпкі себебі де, қол жеткізбекші мұраты да сол әділетті орнату.
Ислами контексте Әділет дегеніміз әр нәрсенің өз орнында
тұруы.«Шәксіз Алла турашыларды (әділдікпен амал еткендерді)
сүйеді.» (Құран, 5:42)«Және елшілермен бірге адам баласының әділ
тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік.»
(Құран, 57:25) Егерде жеке адам немесе бүкіл қоғам тек қайрат пен
ақылдың тапқан жолына түсер болса – «алдың – жалын, артың –
мұз». Ақынның «алдың-жалын» дегені ахирет – тозақ жалыны, ал
«артың-мұз» дегені сүрген өмірің мағынасыз, баянсыз дән
шықпайтын, дәнеңе өнбейтін тақыр деген мағынаны білдірсе керекті.Демек, адамға бақыт қонуының
басты шарты, ойшылдың
білуінше, әділет-шапқат иесі болу. Сөйтіп, адам рухын, жалпы
болмысты басқарушы күш -Тәңірінің әділет-махаббат заңы екеніне
Абай шек келтірмейді. «Алла адамның түр-әлпеті мен мал-мүлкіне
емес, оның жүрегіне қарайды», деп айтылған хадиске сүйенеді.
Жүрек, яғни көкірек көзі заттың,құбылыстың ішкі мәніне бойлай
алады, тылсым дүниені түсініп, ғайыпты сезінеді, шабыт алып
қанаттанып, шекара танымайды. Адам бойындағы бар ізгі қасиет
жүректен табылады. Сондықтан қайрат пен ақылға бағынбайтын
жүрек дене мүшелерінің әміршісі болып саналады. Абай осы
түбегейлі идеясын бірде ғақлия сөзіне, бірде өлеңіне өзек етіп,
дамыта береді. «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде
ақын «дүние мен малға дос» адамдарға:Осыны оқып ойлай бер,
болсаң зерек.Еңбекті сат, ар сатып неге керек?!Үш-ақ нәрсе −
адамның қасиеті.Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,
−дейді.«Жылы жүрек» сөзін «махаббат», «мейірім» мағынасында
94

95.

қолданған ақын адамның басты қасиеті «ыстық
қайрат», «нұрлы ақыл», «жылы жүрек», −деп
ақылды да қайратты һәм мейірімді адамды,
жүрегінде
адамгершілік
махаббаты
жоқ
«дүние−дос» адамға қарама-қарсы қойып, ақылды
да қайратты, мейірімді адамды жан-жақты
жетілген кемел адам деп, оны басты орынға
шығарады. Абай ең жоғары, аса шарапатты
адамгершілік қасиетті «махаббат» деп атаған. «Ей, жүрегімнің қуаты
перзентлерім! ...Ықыласпен ұғып алыңыздар, оның үшін
махаббаттың төлеуі –махаббат. Әуелі адамның адамдығы , ақыл,
ғылым деген нәрселермен. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі
хауас сәлим (арабша өзіндік дұрыс қасиет) һәм тән саулық. Бұлар
туысынан болады, қалмыс (қалғаны) өзгелерінің бәрі жақсы ата,
жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Махаббатсыз
ғылым - қасірет, махаббатсыз мейірім – мүсіркеу. Махаббатсыз
жасалған Мейірім мен Ғылым мәнсіз. «Бұл ғадаләт, махаббат сезім
кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол – ғақил» дейді Абай.
Махаббат пен Әділет әрқашан тең және қатар жүруі керек.
Адамның ішкі әлемінің рахаты мен тыныштығы, былайша
айтқанда, жан сақтауы өте-мөте әділет сезіміне тәуелді. Соның
айғағы –әділеттілікті жанындай көріп аңсамайтын адам, көксемейтін
халық болмайды.Әділет – қиянаттың дұшпаны.Күллі көркем әдебиет
классиктері шығармашылығының алтын өзегі – әділет пен
қиянаттың мәңгі айқасы, бітіспес майданы. Көркем әдебиет ғана
емес, күнделікті өмірдегі шындық өзегі де осы тартыс.Сонымен,
әділет – жан сақтау құралының бірі, қастерлі категория.Бірақ
әділеттілік туралы басқадай не білеміз, ол жайлы біліміміз толық
па?«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген туындысында данышпан:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,Сен де сүй ол Алланы жаннан
тәтті.Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп,Және «Хақ жолы осы»
деп әділетті, –дейді. Ал, 45-сөзін: «Құдай табарака уатағаланың
барлығының үлкен дәлелі – неше мың жылдан бері… һәм неше мың
түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға лайықты дегендігі»
деп бастайды. Сөйтіп, Абайдың ақтық өсиет-толғаулары қос
феномен сезім: махаббат пен әділетке бағытталғанына көз
95

96.

жеткіземіз. Маңызды ерекшелік – хакім Абай
махаббат, ғаделетті қосақтап айтады. Мұның
сыры неде?
Гәп мынада: махаббат – күллі
әлемге нұрын, шуағын төккен қуат, ал әділет –
тұтастай ғалам құбылыстарын реттеуші құдірет.
Қос қуат,құдырет қосылғанда ғарыштық күрделі
қатынастар ғажайып үйлесімін табады.Міне
хакім Абай махаббат, ғаделетке осы тұрғыдан
келіп, жаңа аталған 45-ші қарасөзінде мынадай
даналық тұжырымын жасайды: «Бұлардың (махаббат пен әділеттің)
керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан
Тәңірінің ісі». Осылайша Абай бізге он сегіз мың ғаламның
махаббат-әділет заңымен басқарылып, реттелетінін ашықтап беріп
отыр. Бұл, сөз жоқ, тек әлем ойы алыбының ғана сыбағасы.Махаббат
– Жаратушының бір аспектісі екендігі, әрине, әлімсақтан мәлім.
Барлық әлемдік діндер осыны діттейді, айталық, исламдық сопылық
ағым «махаббат діні» делінеді.Ал, әділеттілік ше? Ол махаббатқа
тете, теңдес бола тұрып, реттеушілік құдыреті басым. Біле білсек,
Абайдың: «Неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға
лайықты деген» деп тұжыруы өз алдына жаңалық. Сахараойшылы
бұл арада хақиқат заңды күллі қасиетті кітаптардан сүзіп алғанын
сездіртіп отыр. Абайдың жаңағы әділет, махаббат түсініктерін
бөлмей-жармай қолдану сыры киелі кітаптар мазмұнында екенін
көреміз. Абай өзінің «Ғақлиат−тасдиқат» деп аталатын
38−қарасөзінде: «Махаббат − әуелі адамның адамдығы, ғақыл,
ғылым деген нәрселер бірлән», −деп жазады. Махаббаттан бастау
алатын адамның «адамдық жолы» яғни адамның адамгершілігі −
ақыл мен ғылымға тікелей байланысты.Түп-тамыры арабтың
«хәбба» −сүю деген сөзінен шыққан «махаббат» сөзін− Абай өз
шығармашы-лығында молынан пайдаланып, «сүю», «мейірім»,
«сүйіспеншілік» мағына-ларында қолданады. Абай өзінің дәл осы
38-қарасөзінде: «Талап, ұғым махаббаттан шығады», − дейді.
Махаббат, ол− адамның өн-бойындағы мейірім мен сүйіспеншілік.
Абайша пайымдасақ: ақыл мен ғылымнан бастау алған махаббат –
адамгершілік негізі.Иә, махаббат! Махаббат, ол – мейірім! Егер,
ананың баласына деген мейірімге толы махаббаты болмаса, адамдар
96

97.

өмірді көкжиектен алаулап шығатын «қасиетіңнен
айналайын» алтын күнді, отбасын, Отанын сүймесе,
әке перзентін, перзент ата-анасын, адамдар бірін-бірі
мейірімге толы, шынайы сезім − махаббатпен
сүймесе, онда өмір сүріп керегі не? Адам өмірінің
өзегіне айналған ең асыл қасиет, ол−махаббат!
Сондықтан
да
хәкім
Абай:
«Махаббатсыз
дүние−бос»,
−дейді.Қорыта
айтқанда,
махаббат,
ғадалет
категорияларын, бір жағынан, «Тәңірінің ісі» (Тәңірінің хикметі,
заңы деген мағынаны да білдіреді) деп ғаламдық деңгейде бағамдау,
екіншіден, олардың түп генезисі ортақ. Сол сияқты планета
жұртшылығын алаң еткен Батыс және Шығыс делінетін осы заманғы
орасан үлкен өркениеттілік қарым-қатынас пен өзара ұғысу
проблемалары да әділеттілік заңына тіреледі. Ол ол ма, күллі
материалдық әлем Ньютон ашқан заңдармен реттелетіні сияқты
күллі ғаламның тыныс-тіршілігі Абай ашқан әділет-махаббат
заңымен реттеледі.Абайдың қоғамды тек тыныштық жағдайда,
имандылық тәрбие негізінде ғана өзгерту қажеттігіне сенімі кәміл:
«Берекеңді қашырма, Ел тыныш болса, жақсы сол» (1889)
дейді.Сөйтіп, Абай терең ой еңбегіне, қоғамда әділетті
орнықтырудың жолын, яғни әділеттілік ілімін іздестіруге
кіріседі.Тың өрісте тапқаны – «Менсінбеуші ем наданды» (1891)
деген өлең-інде өзі айтқандай, «адам түзелмей,заман түзелмейді»
деген парадигма болды. Ол бойынша заманның түзелуі үшін әр
адамның іштегі кірден тазаруы, рухы жетілуі мен иманы нығаюы
шарт. Себебі, егер жеке тұлға «іштегі кірді қашырса», яғни әр
адамның жан тәрбиесі жолға қойылса, мұндай тәрбие кемелдігінен
бүкіл қоғамның кемелдігі құралмақ. Адамзат тыныш-тығы мен
рухани жетілуінің өзгедей амалы, жолы жоқ.Осынау алыс мақсатты
көздеген ойшыл ақынның 1891 жылдан былайғы өмірінде басты
шығармашылық жұмысы – екі проза кітабы болғаны, оларға күшқуатын сарқа жұмсағаны анық: бірі – 40 ғақлиядан тұратын «Ғақлия»
атты (1891-97 жылдар арасында жазылды) кітабы, бірі – «Ғақлиаттасдиқат» (қазіргіше 38-ші қарасөз) атты кітабы. Алдыңғысы – туған
халқына жөн-жоба сілтеген арнау өсиеттері, ал 1898-1902 жылдар
аралығында жазылған екіншісінің – берісі мұсылман әрісі күллі
97

98.

адамзатқа арналған даналық трактат екені талассыз.
Кітап «Ғақлия»-ның үшінші сөзінде ойшыл қойған
кесек мәселелерден қазақ өмірі қайтсе түзеледі
немесе қоғам қайтсе әділетті болады деген сұрақ
жазбай танылады. Айнала дүниенің қиянатшыл
болуы- әділеттің жоқтығынан. Сондықтан Абай:
«Осы қазақ халқының осындай бұзықшылыққа
тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын
көрген соң менің ойыма келеді» дей отырып, бұзықты азайтып,
әділді молайту хақында ой-пікірлерін ортаға салады.90-шы
жылдардың ортасы – Абайдың ақындық мектебі үшін ең жемісті
кезең. Осы кездерде «Ұстаздық қылған жалықпас» деп өзі
айтқандай, қасына талапты жастарды жиып, оларға өлең сөздерімен
де, ауызша өсиет, ұзақ мәжілістерімен де үлгі-өнеге шашу сүйікті
ісіне, дағдысына айналған болатын. Бұл туралы: «Абай ұстаз да, сөз
ұғатын ынталы, талапты жастардың бәрі шәкірт» дейді Мұхаң.189495 жылдар шамасында жазылған«Әсемпаз болма әрнеге» деген
өлеңінен осы кездің тынысы айқын сезіледі: «Қайрат пен ақыл жол
табар,Қашқанға да қуғанға. Әділет-шапқат кімде бар,Сол жарасар
туғанға. Бастапқы екеу соңғысыз, Біте қалса қазаққа. Алдың –
жалын, артың – мұз, Барар едің қай жаққа?» Абай өлеңде жай ғана
әділет демеген, «әділет-шапқат» («шапағатты әәділет» деген
мағынада) тіркесін пайдаланған. Сөйтіп, адам рухын, жалпы
болмысты басқарушы күш Тәңірінің әділет-махаббат заңы екеніне
Абай алғаш рет меңзейді.Егерде жеке адам немесе бүкіл қоғам тек
қайрат пен ақылдың тапқан жолына түсер болса – «алдың – жалын,
артың – мұз». Ақынның «алдың-жалын» дегені ахирет – тозақ
жалыны, ал «артың-мұз» дегені сүрген өмірің мағынасыз, баянсыз
дән шықпайтын, дәнеңе өнбейтін тақыр деген мағынаны білдірсе
керек-ті. Демек, адамға бақыт қонуының басты шарты, ойшылдың білуінше,әділет-шапқат иесі болу. Осымен, данышпан Тәңірінің
әділет заңын орындау я орындамау, яғни бақытқа жету-жетпеу әр
пенденің өз ырқы екенін білдіреді. Әділеттік, арлылық, махаббат пен
– Үй жолдасың қабірден әрі өткенде, –дей келе:Ғадәләт пен
мархамат – көп азығы, Қайда көрсең, болып бақ соған көмек, –деп
98

99.

түйін түйеді Абай. Келер жолғы тағы бір әйгілі
өлеңінде: Махаббат ғадауатпен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? –дептіАқын
жүрегі неліктен майдан алаңы, махаббат сезімі не
үшін майдандасты? Әділет үшін. Мұны осы
кездерде жазылған «Жүрегім менің – қырық
жамау» өлеңінде: Жүрегім менің – қырық жамау,
Қиянатшыл дүниеден, –деп ойшылдың өзі паш
етеді («қиянатшыл» сөзі «әділетсіз» сөзіне синоним). Сонымен,
Абайдың
поэзиясында,
әсіресе,
кітап
«Ғақлия»
атты
мұрасында«қалың елі, қазағын», өзге халықтар қатарына қосу, яғни
«ел қылу» идеясы бүкіл қоғамда әділдікті орнықтыру идеясымен
қабыса табысқанына көз жеткіземіз. Бұл ерекшелікті ғұлама
М.Әуезов бізге былайша білдіреді: «…Ылғи ғана таза адамшылық
жолын үгіттейді. Әділдік, шыншылдық, махаббатты – бауырмалды
арлылық, ойшылдық, сыншылдық сияқты адамды адам қылатын жан
тәрбиесінің барлық негізін қолданады».Енді Абайдың екінші
қолжазба кітабы – «Ғақлиат-тасдиқат» (қазіргіше 38-ші қарасөз)
мазмұнына көшелік. Алдыңғы кезеңде, яғни өлеңдері мен «Ғақлия»
кітабында қадау-қадау көрінген әділет-мархамат концепциясы 1898
жылдан беріде жүйелі ілімге айналуы, жаңа сатыға көтерілуі
заңдылық. Абайдың екінші кітабы – «Ғақлиат-тасдиқат» міне
осының асқақ айғағы. Бұл даналық еңбек басты үш бөліктен тұрады:
бірінші – Алланы тану (мұсылманша мағрифатулла), екінші – әділет,
махаббат Тәңірінің ісі, хикметі екенін дәйектеу (Абайдың өз сөзімен
айтқанда: «Алла тағаланың пенделеріне салған жолы қайсы?» екенін
білу), үшінші – адамның кәмалатқа жету шарттары немесе «ғадалетті
адам» идеалын сомдау.Міне осы негізде дана Абайлың «әділетмахаббат педагогикасы» қалыптасқан болатын. Құдайдың өзі
адамзатты махаббатпен жаратқан соң адамның бұл дүниені,
адамзатты «бауырым» деп танымауына шара жоқ. Адамның адамды
бауырым деп тануы - әділет жолы. Әділетті таңдаған адам адамзатқа
сүйіспенілікпен қарайды, сүйсіне қарайды. Сөйтіп, Абай
сүйіспеншілікті адамгершілік деңгейіне көтереді, сезімді ақылмен
ұштастырады.Әлем шындығындыа Құдайдың өзі жаратқан
махаббат бесігіне бөленіп, сүйіспеншілік жөргегіне оранып,
99

100.

әділеттің алақанында тербеліп тұр.Адам осы ұяда
өсіп-өніп,толық адам болып жетілуге тиіс.
Социалистік педагогикада интернацоналист тәрбие
деген
бар.Ол,ұлы
держевалық
шовипист
көзқарасты
қаншама
көлегейлеп
жабуға
ұмтылғанмен,
адамдардың
діни,нәсілдік
ерекшелітерінің тігісін жатқызып,өзара ынтымак
бірлікке шамасынша жанталасып кіріскенімен нәтиже шығара
алмады. Осы бір қиюы қашқан ұран мен насихатты атамыз;
«адамзаттың бәріп сүй бауырым»- деп қана өте терең
мағынада,сырлы сөзбен сабақтаған.Абай педагогикасы тәрбиелеу
ілімінің әрі тереңі,әрі тұнығы.«Адам баласынан махшарда сұрау
алатұғын қылып жаратқандығында һәм ғаделет, һәм махаббат бар»
дейді Абай трактаттың мағрифатулла бөлігін аяқтаған
тұсында.Осыдан соң, ғұлама Алла тағаланың адам баласының
пайдасына жасаған несібе, нығметтерін түгелдей тізбелеп айтып:
«Бұл хикметтерінің һәммасында мархамат һәм ғаделет заһир тұр
екен» деп түйін түйеді. Он сегіз мың ғаламның бір тәртіпке бағынып,
аса күрделі зор тетік сияқты таңғажайып үйлесім-ділікпен жұмыс
жасауы енді түсінікті:Құдай ісінің бәрі мархамат-ғаделеттің көрінісі
екен.Әрі қарай Абай ғаламдық көріністерден адам баласының ісәрекеттері қалайша мархамат-ғаделетті болмақ деген мәселеге
ауысады.«Енді белгілі, иман құр инанышпенен болмайды, ғаделет уә
рафғатпенен болады, – дейді данышпан. – Ғамалус-салих (жақсы
істер) ғаделетті мархаматты болмақ. Күллі тәнмен қылған
құлшылықтарың ешбір ғаделетті мархаматты бермейді. Көзің күнде
көреді намаз оқушы, ораза тұтушылардың не хәлетте екендіктерін,
оған дәлел керек емес». Демек, иман шын болудың маңызды шарты
–көпке пайдасы тиетін ізгілікті істер – ғамалус-салихтерді атқару,
қысқасы, «мархамат-ғаделетті иманның шартынан хисап
қылу».«Алла тағаланың пендесіне салған жолы қайсы?» деген
бүкіләлемдік сұраққа ұлы Абайдың берер жауабы міне осы.Біз ,Ұлы
дала төсінде,Туран топырағында туған күллі ойшылдардың әділетмахаббат педагогикасын Иманипедагогика деп жүрміз. Абай атамыз
толық адам тәрбиелеу үшін белгілі шарт орындалуын талап
еткен,олар: жақсы тән саулығы, жақсы туыс, жақсы ата, жақсы ана,
100

101.

жақсы құрбы, жақсы ұстаз.(Кәзіргі жағдайда мұның
бірі де орындалмаса да,күшпен тәрбиелеп жатырмыз
ғой!) Абай жастарды еңбекке баулуда күнделікті
отбасы тәрбиесіне, ата-ананың жауапкершілігіне
ерекше мән берді. Баланың болашағына жауапкершілік алдымен әкеге жүктелетінін ескертіп, әкенің
ақылы мен ықпалы болмай адал еңбекке, мағыналы
өмірге дұрыс баулу, жас жеткіншектің бойында адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыру мүмкін емес екенін атап көрсетті.
Сондықтан, баланы ұлағатты азамат - «толық адам» етіп тәрбиелеу
үшін, ата-аналарының өздерінің сол дәрежеге сай, үлгілі, өнегелі
болуын талап етті. «Басында әке айтпаса ақыл жарлық, Ағайын
табылмаса ой саларлық. Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен.
Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?» - деп, ойын-сауықты
қызықтап, өмірді белгілі бір мақсатсыз, бойкүйездікке салынып
босқа өткізудің соңы өкінішке алып келетінін, қалайда ата-ананың
ақылына көңіл бөліп, басшылыққа алуы керектігін еске салады.
Ойшыл ақын әкенің ізгі қасиеттері - оның адамгершілігі,
еңбексүйгіштігі, отбасы, жарына адал болуы деп есептеді. Әкенің
отбасына, жарына деген сүйіспеншілік сезімі үй-ішін нұрландырып
тұрса, Ері ақылды, қатыны мінезді боп, тату болса, үстіндегі үй
ұжмаққа айналып, бала жақсы мінезге, асыл қасиетке тәрбиелене
алатынын атап өтті. Керісінше, ақын өз отбасынан суынып, ел көзіп,
қыдырымпаздыққа салынған, өз үйінің шырқын бұзған, бала
тәрбиесіне мән бермейтін әкелерді сынға алады. Дүйім қазақ
жұртына танымал «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты
өлеңінде әкесі мен шешесі баланы андыр Ол да өзіңдей ит болсын,
азғыр, азғыр, - деген жолдар бар. Абай тәрбие мәселесіне ерекше
көңіл бөлді. «Әне оны берем, мәне мұны берем деп, бастан
алданғаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен
көресің?» деп теріс тәрбие беретін ата-ананы сынға алды.Әке мен
шеше қандай болса, ертең бала да сол соқпақпен жүретінін айтады,
немесе:Әкесі ұрысса балаға, ол да- достық,Баласы ұрысса әкеге
жараса ма? - дейді. Тәрбие - үздіксіз процесс. Ол баланың жас
ерекшелігіне қарай тиянақты, тұрақты жүргізілу керек. Осы ойын
Абай «Жақсы әке-баланың өмірлік ақылы мен азығы, жаман әке101

102.

қайғысы» - деген педагогикалық көзқарасымен
қолдайды. Ата-ананың тәрбиесі айғаймен, ұрыпсоғумен емес, баланың жеке психологиясын,
қабіл-етін, ерекшелігін ескере отырып, үздіксіз
әрі жүйелі жүргізіліп, ақылмен ғана берілетін
әрекет екенін баса айтады. Нәтижелі тәрбиеден
тәрбиелі бала өседі. Сүйер ұлың болса, сен сүй,
Сүйінерге жарар ұл, - деген жолдарда үлкен
педагогикалық ұғым бар. Ұлы Абай бала тәрбиесіне бірден бір
жауапты – ата-ана екендігін айтып, ағартушылық насихат
қалдырған.. Абай бала келешегіне қамқоршы ұстазы - әке деп
білумен қатар ұрпақ тәрбиелеудегі ананың орнын да ерекше
бағалады. Өз анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің құшағында болып, қос
мейірім бұлағынан сусындап өсуі оның ана қасиетін биік тұғырдан
тануына игі әсер етті. Аналық мейірім арқылы берілетін нәзік те пәк
адамгершілік асыл қасиетті ерекше қастерледі. Ананы өз баласының
алғашқы, ең аяулы тәрбиешісі деп білді. Қыз баланың тәрбиесіндегі
ана тәлімінің ықпалына Абай педагогикалық тұрғыдан жан-жақты
талдау жасап, өрелі тұжырымдар айтты. Ол қыз балаларды
жұбайлық өмірге балғын шақтан әзірлеу керектігіне назар аударады.
Қыз күнінде ұқыпты, жинақы болып жүріп, тұрмыс құрған соң
берекесі кетіп, салақ әйел атануы, әсіресе қаракетсіз өскен бай
қыздарының жастайынан еңбекке етене баулынбағанынан деп білді.
Сондықтан аналарға қыз бала тәрбиесінде ұлттық дәстүрді
басшылыққа алуды ұсынды. Ұлт тәрбиесінде абзал аналар ес біле
бастаған қыз балаларына іс тіктіріп, үй шаруасына үйреткен.
Осындай аналарды Абай қатты құрметтеп, қалыңдық іздеген
жігіттерге тәрбиелі ананың қызына көз салуды ескертті. «Жасаулы
деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары
бар, ақылы бар, ұяты бар Ата-ананың қызынан ғапыл қалма», - деп,
жар таңдағанда тәрбиелі, жақсы ананың перзентін малды болмаса да
бағалай біл, өмірлік жолдас ет деген аса құнды пікір айтты. Бойына
адамгершіліктің асыл қасиеттерін жинақтаған қыз балаларды
болашақ көтерілер шаңырақтың берік қазығы деп есептеді. Болашақ
отау құру мәселесінде қыз балалардың ақылды, білімді болуына
ерекше мән берді. Ол өз қызы Күлбаданды қала мектебінде
102

103.

оқытумен қатар, қазақ қыздарының сауатты
болуын қолдады. Ең болмағанда хат танып,
оқу-жазуды игеруі керектігін ескертті,
маңайындағы адамдардың қыз балаларының
сауатын аштыртып, өлең-жыр көшіртіп, ән мен
музыкаға баулыды. «Біреуді көркі бар деп
жақсы көрме, Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге
ерме! Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!», - деп тұрмыс құрар жастарға
қалындықты көркі мен сымбатына ғана қарап бағаламай, оның
адамгершілік қасиетіне, ішкі жан дүниесіне, ақыл- парас-атына,
көргенділігі мен тәрбиелілігіне көңіл бөлу керектігін ерекше атап
көрсетті. Абай болашақ отау құрушы жастарға жұбайлық өмірдің
елеулі қиындықтары да болатынын, ол қиындықты жеңуге алдын ала
әзірлеу керектігін ескертті. Некелескен жастардың бір-бірімен,
отбасының басқа мүшелерімен, жора-жолдас, туған- туысқандарымен сыпайы қарым-қатынаста болуы, олардың елге қүрметті,
саналы азамат дәреже-сіне жетуі өздерінің мінез-құлқы мен ісәрекетіне байланысты екенін ашып көрсетті. Ақын некелік өмірдің
табиғи тірегі мен құқықтық негізі - жастардың бір-біріне деген
сүйіспеншілігі деп білді. Абайдың түсінігінде тең құқылық махаббат бостандығы. Сол бостандықтың жүзеге асуы – олардың
некелесуі деп қарады. Сондықтан ол өзінің көптеген өлендерінде
осы тұжырымын жария етті. Қазақтың отбасылық тәрбиесінің түп
қазығы-бауырмалдылық. Бауырмалдылық - кең мағыналы үғым.
Мөселен, отбасындағы үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкенге
ізеті, баланың ата-анаға, өке-шешенің бала-шағасына мейіршапағаты, үл мен қыздың ер жеткен соң еліне қызмет етуі –
бауырмалдылықтың
түрлі көріністері мен қайнар көздері.
Халқымыз өз үрпағына осы қастерлі қасиетті ес біліп, етек жаба
бастаған кезден үйретіп, мұны тұрмыстық салтқа, адамгершілік
дәстүрге айналдырып отырған. Халық "бір үйлі жансың, бір-біріңе
меймансың", "бір-бірінді сыйласаң - жан семіреді" -деп,
бауырмалдық қасиетті үрпағына мирас етіп, ерекше кадір түтып,
қастерлеп келген. Сүйіспеншілік аталатын нәзік сөзімнен көптеген
адами сапалар туындап,махаббат алақанында әлпештеніп, жайсаң
103

104.

мінездер қалыптасады.Перзенттік борыш,ата-аналық
махаббат, туысқандық мейірім, достық мейірім,
ұлтжандылық, отансүйгіштік, елжандылық, бауырмалдылық- осы асыл қасиеттің тарамдалып
жетілуі,көгеріп көркеюі. Қайырымдылық-айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Абай дана
педагогико-психологиялық көзқарас-тарымен жас
буынға ақыл-ой, адамгершілік, еңбек-кәсіптік тәрбие
берумен қоса, бас тәрбиешілер- ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролі,
отбасылық тәрбие, болашақ жанұялық өмірге тәрбиелеудің
негіздерін ашып көрсетіп берді.Абай атамыз осы бауырмалдылықты
түп тамырымен төңкеріп тұрып көрсетеді. Ұлы гуманист адамды
сүю туралы айта отырып, «Адамзаттың бәрін сүй» дей келе,
«Адамзатты сүю – хақтың жолы, ғаділеттің жолы» деген анықтама
береді.Ақын адамды әкенің емес, адамның баласы болуға үгіттейді.
«Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың»
— деп, ғибрат тас-тайды. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған
хайуанның бірі боласың» дейді Абай. «Құдай жолы - жанашыр
харекет, көпке пайдаңды тигізу», - деп ұқтырады. Асыл қағиданы
Абай өлеңінде былайша өрнектейді: «... Мазлұмға (бейшора араб.)
жаның ашып, ішің күйсін, Харекет қыл, пайдасы көпке тисін.Көптің
қамын әуелден Тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп Иең
сүйсін».Халық қамын ойлаған Абай алдымен бірлікке шақырып,
бауырмалдылықты дәріптейді.\:«Біріңді қазақ, бірің дос,Көрмесең,
істің бәрі бос.» «...Кемді күн, қызық дәурен, тату өткіз Жетпесе,
біріңдікін бірің жеткіз Бір жерде бірің жүрсең, басың қосып,Біріңнің
бірің сөйле, сөзің тосып, — дейді. Кейбір құрбылардың достығын
былай деп сынайды.Кей құрбы бүгін тату, ертең бату Тілегі,
жақындығы, бәрі сату, — деп, жолдастықтың қадіріне жете алмай
жүрген жастарды айтады да,Аямай жанын дос берер, Жолдастықты
ақтаса,» — деп, адал достыққа шақырады Бала-шаға – ата-ананың
мойнына жүктелген үлкен аманат. Балалардың ата-анасынан алуға
тиіс бірнеше ақылар бар. Сол ақылардың ең үлкені, әрі ең
маңыздысы – дұрыс, имани тәрбие. Перзентті ішкізіп-жегізу,
киіндіру, бағып-қағу, ауырса дәрі-дәрмегін әперу де міндет. Бірақ
бұлар тәрбиенің өзегі емес. Имани тәрбие бұлармен ғана
104

105.

шектелмейді. Бұл аталғандарды иманды болсын, иманды болмасын,
жақсысы болсын, жаманы болсын, кез келген қауым атқарады. Тіпті
хайуан екеш хайуанның өзі өз төлін асырап, оларға қамқорлық
жасайды. Мысалы, қарлығаштың балапанының аузына тамақты
қалай әкеп салатыны баршамызға мәлім. Қыран қалай балапанын
ұшуға баптайды. Бұл да тәрбие. Алайда ислами, адами тәрбиенің
жөні, әрине, бөлек. Өйткені адамның жаратылу мақсаты басқа. Оның
жоқтан бар болуындағы мақсат – Жаратқан иесін танып біліп, оның
алдында бас иіп, құлшылық ету. Оның алдында жанды жадырататын
жұмақ немесе күйзелтуші азап орны күтіп тұр. Олай болса, атаананың ең үлкен уайымы бауыр еті баласын мәңгілік жұмаққа қарай
жетелеу. Ол үшін ең алдымен оған Аллаға иман етіп, ардақты
Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жолымен жүріп, ел-жұртына,
халқына, пайда келтіріп, аяулы ата-анасын құрмет етіп, мұсылманша
өмір сүру үлгісін үйрету керек.Міне осы абзал қасиеттер Абай
атамыздың пікірінше қазақ отбасында қалыптасуы тиіс
Дереккөз:
1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN
5-7667-2949-9
2. Абай. Қара сөздері.
Алматы 2006
3.Абай Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. I -том. 2-том. Алматы, "Ғылым"-1977
4.Қазақ ағартушыларының философиясы / Қазақ халқының философиялық мұрасы: 20 т. — 10-т. — Астана:
Аударма, 2007.
5.Әуезов. М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. Алматы, "Санат"-1997.
6.Абай «Қалың елім, қазағым», Алматы «Атамұра», 2002
7. Абай «Өлең – сөздің патшасы» Халықаралық Абай клубы, 2006
8. Иманипедагогика Қарағанды 2019. ISBN 978-601-7950-51-4
9.Имандылыққа баулу қазақ ілімі
Ұланбатыр
2017
105

106.

6.Иманипедагогиканың данышпаны
Шәкерім Құдайбердіұлы (1858-1931). Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған,
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың
бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін
жалғастырушы,тарихшы-шежірешіағартушы, ойшыл-ақын
ғұлама болды. Шәкәрім
Құдайбердиев
халықымыздың
қоғамдық
ағартушылық,
мәдени
және
әдеби
өміріне
белсене
атсалысқан,ағартушылық-демократия-лық, гуманистік идеяларды
насихаттаған,Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді
ілгері жалғастырушылардың бірі әрі аса дарын иесі еді. Адамның
жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан
басым бола алатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл
сапаларға «Адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеу керек»,
- деген Шәкәрім атамыз. «Кісіге адамшы-лық неге керек?» өлеңінде
адамдық пен айуандық бір-бірімен бетпе-бет келіп, адамдық
қасиеттің орны белгіленеді.
Кісіге адамшылық неге керек,
Адамдық өзге айуаннан артық демек. Ит талаған төбеттей
қалай дейсің, Аямай әлі келгенді жұлып жемек, - деп оқырманға
ой тастайды, пікір сұрайды. Мейірім жақсы, зұлымдық жаман
дейсің, Қасқырлыққа қайтасың құр дөңгелеп, Жаны ашып,
жәрдем қылмай өткен адам, Өсіп, өніп құлаған бір бәйтерек,-деп
адамды адам ететін, адалдық пен азаматтыққа жеткізетін
амалды,түрлі жолдарды іздестіреді.Адамның түзу жолда
жүруіне,ар тазалығы мен жан тазалығына ақылдың ұнемі
көшбастаушысы болып отыруын қалайды. Білімділер сөз жазып
зарлағанда, Ой кезіп, жердің жүзін шарлағанда,
Алдаусыз адам
өмірін түзетерлік, Әділет, ынсап, мейірім бар ма адамда, - деп
толғанып, өз заманының, қоғамын сынап, адам бойындағы
жағымсыз мінез-құлықтарға жиіркене қарайды, басқаларды да
жиіркен-діреді. Ұлы ақынның бұл өлеңдері жақсылық, әділдік,
азаматтық сезім, ар-ұят өзін-өзі бағалау, қамқорлық, қарапайымдылық, кішіпейілділік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Шәкәрім Құдайбердиевтің азаматтық рухты жоғары
көтеретін, эстетикалық сезімге баулитын өлеңдерінің бірі106

107.

«Насихат». Бұл өлеңнің идеясы тұнып тұрған
өсиет, ақыл мен нақыл. Ақын жастарға өнер,
ғылымға жету жолардарын көрсетіп, оқуға
шақырды. « Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл
сезімді әбден ұқ, Білгеніңнің жақсысын қыл,
білмегенді біле бер. Білген ердің бол шәкірті,
білмегенді қыл шәкірт, Үйренуге қылма намыс,
үйретуге болма кер, - деген жолдарында ғылым
мен білім, адамдық пен азаматтыққа жеткізетін бірден-бір
құрал екенін айтып, шәкірттік пен ұстаздық арасын айшықтап
көрсетеді. Шәкәрімнің оқу-білімге, өнерге, еңбекке, биік гуманизм,
адамгершілік идеясына көзқарасы үнемі Абаймен үндес келіп
отырады. Шәкәрім поэзия-ының биік тұғыры-гуманизм, туған
халқына деген махаббат,жан мен тән тазалығы. Шәкәрім еңбек
тәрбиесіне ерекше мән бере келіп, өз шығармаларында еңбекті адам
бойындағы қасиеттердің ең керектісі деп түсінеді. Еңбектің тек жеке
адам өмірінде ғана емес, бүкіл адамзат дамуындағы тарихи
маңызына көз жеткізе білді.
Ғұламаның жеке басына тән ерекше қасиетін көрсететін терең
философиялық еңбегі-«Үш анық».Өзінің рухани ұстаздары Шоқан,
Абай,Ыбырайға қарағанда грек, европа философиясының тарихын
тереңірек біліп, оған баға беріп, өзіндік ой қорытты. Философиялық
лирикалары мен «Үш анық» трактатында Шәкәрім ұждан мәселесіне төтенше мән беріп қарайтыны бар. « Ынсап, әділет, мейірім
үшеуі ұждан ұғымын құрайды. Өйткені «Ұждан – жанның тілегі.
Неге десеңіз, жан – тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған
сайын жоғарылай береді. Мәселен, таза дене, таза толық мінез, ой,
істер керек қылады. Соның қатты бір керегі – совесть – Ұждан. Оны
осы өмір үшін керек қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады»
(Үш анық. 30 б.). Яғни, Ұждан екі өмір үшін де қажет екен. Өлерін
білген екі адамның біреуі жанның жоғалмайтынын, бұдан да таза
болып жоғарылайтынына сенсе, үлкен үмітке қол артып, қуаныш
сезіміне бөленеді. Ал, өлген соң жан жоғалады деген өкініште
болып, үмітсіздік дариясының барсакелмес қайығына мінеді. Осындай нанымдағы пенделерге қарап Шәкәрім:Жоқ, шырағым, жанымыз
жоғалмайды,Екі өмірдің азығы – осы Ұждан Шын нану – ақылымен
107

108.

қабыл-дауы, Қалады зұлымдықтан сөйткенде
адам, ––деп Ұжданның адам үшін екі өмірде де
рухани азығы: ынсап, әділет, мейірім сияқты
ақыл адами қасиетті әрбір саналы адам
жастайынан бойына ұялату жолында болуын
ескертеді. Өйткені «Ар түзер адамның адамдық
санасын» деп, Ұждан ұғымына зор мән бере қарағандықтан:Шын
таза жан тазалықпен Тәңірісіне барады ол.Мейірім, ынсап, әділеттен
Ағызам деп нұр бұлақ! ––деп, тұщымды жауап береді. Шәкәрім–
адамның уақытша өмір жолында құлшынып әрекет ететін мақсаты
ар ғылымы жолында табанды түрде еңбектенуін айтады. Сондықтан
үжданды пенденің мұрат-мақсаты қайда жатқанын, арманмақсатының темірқазықтай адастырмас бағытын үлкен сеніммен
бағыт-бағдар бере жөн сілтейтінін көреміз.«Ар ғылымы оқылса», –
деп армандаған ойлы ақынның келер ұрпаққа нұсқаған адамшылық
жолы – әр адамның жан тілегіне айналған Ұжданды (әділет,
ынсап, мейірім) тұла бойына ұялату болғандықтан: «…ұждан,
совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана
алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң
тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен
Ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе
қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде
де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол – осы мұсылман жолы
сияқты» (Үш анық, 34 бет), – деп осы жолды бүкіл өмір бойғы
ізденісінен туған аса зор мән-мағынаға толы ой-қорытындысын
ұсынады.[1.М.Мызахметұлы] Бұл – біздер үшін рухани шамшырақ!
Шәкерім өте білімді адам.,дана адам, дарынды адам.Мұндай терең
педагогикалық-философиялық түйінді тұжырым жасау нағыз
данышпандық.Сондықтанда, Шәкерім ғұламаны иманипедагогиканың данышпаны атаған жөн болады.
Шәкерім философия тарихында маңызды екі бағыт, екі түрлі
дүниетанымдық ұстаным бар екенін дұрыс түсінген. «Тіршілік
туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі
жол бар.Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл
тіршілікке тіпті, ұқсайматын бір түрлі өмір бар.Сондықтан жалғыз
ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы
108

109.

болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл
әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып
жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі
жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді» – деп
жазды Шәкәрім «Үш анықта». Ғалым идеализм,
материализм демесе де соларды анықтап
отырғаны түсінікті.Осы екі ұстанымды түсіндіре
отырып, ақыр аяғында Шәкәрім өзінідік концепция ұсынады.Оның
пікірінше, бірінші ақиқатты жаратушы мен жанның мәңгілігін
мойындайтын сенім, яғни діни ақиқат құрайды.Екінші ақиқатсезімдік қабылдау-лар мен рационалдық ойлауға сүйенетін ғылыми
ақиқат.Үшінші ақиқат-бұл жан ақиқаты,оның субстанциалдық
негізі-ұждан.Адам жақсы өмір сүру үшін таза еңбекке, ұждан
ақылға, шын жүрекке сүйенуі тиіс.Осы негізде ғалым тәрбиелеу
ар-ождан ілімін ұсынған. Осы ілімді Туран топырағында туған
тәрбиелеу теориясы деп танып оны-иманипедагогика деп
жүрміз.Бұл теория тіптен түріктік дәуір-ден негізі қаланып,
ортағасырлық шығыс ғұламаларының тәрбие-леу
ілімдерімен
ұштасып,алаш дәуірінде ерекше дамып,бүгінге жеткен іргелі
ғылыми сана,білім қоры саналуда. «Сонымен, ар дегеніміз не?
Қазіргі заманғы адамгершілік туралы түсінікті этика деп атайды.
Немесе, мораль. Осы екеуі адамгершілік деген ұғымға сәйкес келеді.
Бірақ Абайда да, Шәкәрімде де адамгершілік деген сөз жоқ, Абай
оны адамшылық дейді, Шәкәрім - адамшылық, ар дейді.
Адамшылыққа қатысты білімді Шәкәрім «ар білімі» дейді. «Ар
білімі» деген тіркес, түсінік - Шәкәрімнің жаңалығы. Ғарифолла
Есім айтады: «Ар білімі» ұғымының ауқымы кең. Ар білімі адамның
адамшылығының кемелденген кезінде қалыптаса ма деймін. Менің
түсінігімше, ар ниет арқылы көрініс береді. Әдетте, адамдарды ақ
ниетті, қара ниетті деп бөліп жатамыз. Қара ниетті адамда ар бола
ма? Керісінше, арсыздық солардан шығады. Ақ ниетті адамдардың
әр ісінде ізгілік жатады. Арлы адамдар - солар. Адамға бас иіп,
құрмет білдіру де соларға тән. Ар білімі болса - арлылықты да,
арсыздықты да зерттеуі керек» дейді.Сонымен ар білімі деген - ар
туралы біздің біліміміз. Яғни білуге тиісті, білуге міндетті нәрселер.
109

110.

Ғарифолла Есім осыны айта келіп Шәкәрімнің
«ар білімін» өзінше талдай келе оны «ар
жүйесі» деп атайды. Оны төмендегіше негіздейді: «Адамзат жаратылғалы алдымен
заттық табиғатқа ие болған, яғни басқы
мақсат - ішіп, жеу, қарынды тойындыру.
Мұны философ ғалым бірінші жүйе - тән жүйесі деген. Екінші
болып жан жүйесі айтылады. Үшіншісі - адамның санасы.
Төртінші - нәпсі жүйесі, ол тек ішіп-жеу емес, артына ұрпақ
қалдыру ниеті. Бесінші - көңіл жүйесі, яғни көңіл азығын іздеу.
Алтыншы жүйе - рух жүйесі, яғни адамның рухани мәдениеті.
Жетінші жүйе - ар жүйесі, ол Жаратушыға барар соңғы баспалдақ».[ 2.Мырзакелді Кемал.Шәкерімнің ар ілімі ]Осындағы соңғы төрт жүйені
қалай жетілдіріп,дамытуға болатындығын және оны жас ұрпақ
(жасамыстарға, ересектерге,)
қалай игертуге
болатындығын
тұжырымдап,зерделейтін педагогика саласын иманипедагогика
деп жүрміз.Алайда,ол,ұлы даланың біреуінің ғана педагогикалық
тәрбиелеу іліміне ғана қатысты емес барлығына ортақ ғылыми
саналы бі лім жиынтығы. Ғылым дегенде біз діннің де ар ілімін
қалыптастыруда өзіндік орны бар деп санаймыз. «Дін дегеніміз ғылым мен білімнің анасы» деген Шәкәрім ақылман. Демек Шәкәрім
дін мен ғылым-білімді біртұтас дүние, бірге дамуы тиіс ілім деп
қарастырған.Дін жолы - иман жолы, имандылық жолы. Дінсіз
адамның арды аттауы, қиянатқа баруы оңай. Өйткені ол дінсіздіктің
нәтижесінде құдайдан қорқу сезімінен ада. Шәкәрім мұның мағынасын терең түсінген ғұлама. Сондықтан да өз өлеңдерінде:
« Кім де болса шын мінез, Болмас онда екі сөз. Өлтірсе де көзбе–көз
Иманын сатып алмас бөз,–дегендегі иман. Имандылық деген бір
ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы
қасиеттер түгел сыйып тұр. "Қиянаты бардың иманы жоқ", - деп
жазып кеткен.Шәкәрімнің педагогикасын –иманипедагогика деп
атауымыз осы дәлелдерге негізделген.
Абайдың ізбасар інісі, қазақтың кәсіби философы, ислам ілімі
мен мәдениетінің терең білгірі діни философ Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы
Шыңғыстау бөктерінде 1858 жылы шілденің 11-де дүниеге келген.
110

111.

Әкесі өмірден өткен соң Шәкерім Құнанбай
тәрбиесінде болады. Ұлттың дәстүр-өнегесін
көріп өседі.Шәкерім Абайдың ақыл-кеңесін
тыңдап,жас кезінен өз бетінше ізденген. Бірнеше
тілді (араб, түрік, парсы, орыс) еркін меңгерген.
1905-1906
жылдары
Меккеге
барып,
мұсылмандық жолды мұрат еткен. Стамбул кітапханасында болып,
ежелгі әдеби, тарихи мұраларға назар аударған.Шәкерім пәлсапалық
өлең-поэмаларымен елге танымал болған.Ол өлеңді өнер деп танып,
оған биік талап,талғаммен қараған.«Арман», «Жастарға», «Қазақ
айнасы» және т.б. өлеңдерінде, «Қалкаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек»,
«Нартайлақ пен Айсұлу» поэмаларында, «Бәйшешек бақшасы»,
«Өзімшілдік» сынды прозалық туындыларында адамның өмірі мен
еңбегі, тағдыры, талап-тілектері терең танылады. "Ақылды
сол-нысап пен ар сақтайды,Арсыз сол - арамдықпен жан сақтайды. Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп,Жаны үшін адамшылық
ар сатпайды" немесе "Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған
жан,Анық төмен болмай ма хайуаннан.Ынсап, рахым, ар, ұят
табылмаса,Өлген артық дүниені былғағаннан", - деген шумақтар
Шәкәрімнің ар ғылымына айшықтап тұр.Шәкәрім ар түзейтін
ғылым жағында. Ол «ар білімін» жақтайды. Соның аты озғанын
қалайды. Оның «Таза ақыл», «ақ жүрек» дегені жай бір қысыр кеңес
емес, адамгершілік философиясынан тарайды. Ізгілік, әділеттілік бар
істе басты болуға керек. «Мылтық билеп тұрғанда, әділет жоқ» деген
құнарлы пікірге келеді. «Жиырмасыншы ғасырдың адамынан,
Анық таза бір елді көрмей өттім» дейтіні де сондықтан. «... Алла
сүймек, ар сүймек,Ұқтырар адамдықтың шын екенін. ... Ар
түзейтін бір ғылым табылмаса,Зұлымдықты жалғанда әділ
жеңбес. ... Жайнар көңіл, қайнар өмір,Ар білімі оқылса.»[2.бұл
да,сонда] Ұлы Даланың Ұлық Ұстаздарының ар ілімін, адамшылық,
кісілік ,ізгілік, кемелдік ілімдерін жинақтап өз шама-шарқымызға
сай зерделеп,даналар ұрпағына ұсындық та.Оқып жатқандар бар
сияқты.« ... Әділет, мейірім, ар мен нысап,Аты бар, олар елде
жоқ.»- болып тұрған бүгінгі таңда: «...Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін,Серт бергем еңбек етем деп,Алдағы
атар таң үшін.»-деген ата сөзін медеу етіп тырбыңдаған тірлік қой.
111

112.

Шәкәрімнің
дүниетанымының
негізгі
ерекшелігі дін және руханилық мәселесін
қарастыру мен өзіндік рухани-құндылықтық
категориялардың жүйесін ұсыну болды. Қазақ
дінінің |менталдығының| тірегі, ұлттын рухани
болмысының
маңыздысыимандылық.Имандылық концепті- тілімізде
көптеген
ұғымдарды
біріктіретін,
жинақтайтын жалпы түсінік. Ар, ождан, ұят, шын, шындық , намыс,
жүрек, жан, тазалық, әділет, мейрім – имандылық концептісінің
тірек ұғымдары.
« Шыннан асқан Құдай жоқ,Анық Құдай – Шын Құдай,Ұқпай
қалма алаң боп,Шын болмаса , кім Құдай? Бұрын шын бар, бүгін
шын, Ертен шын бар-үш бөлек. Керегі
жоқ
бұлардың
,
Бұзылмайтын шын керек,- Шын Алланы мадақ етіп, Шынға ғашық
болған ақын бұл пәнидін қызығына көнілі толқитындардың Шыннан
алыс екенін де нақты ескертеді. Ойшылдың рухани ізденістері
бүгінгі күннің талаптары тұрғысынан қарасаң да құндылығы мол
рухани мұра. Ол адамдар бойындағы имандылық, діни-рухани
тазалық мәселелерін қарастыра отырып, бірқатар ұсыныстары
мен тұжырымдарын ұсынған.Менің түсінігімде Шәкерім философиясы-имандылық филасофиясы. Философиямен педагогика мәндес ғылымдар.Олай болса Шәкерім педагогикасы-иманипедагогика. Осыған бағыттап, бірер дәлел айталық.Рухани ұстазы Абай
және замандастары сияқты Шәкәрім шығармаларында толығымен
адам мен қоғамдық дамудың жолын іздестіріп, ол діннің ақ
жолын қоғамдық дамудың рухани негізі ретінде ұсынып, әрбір
адамның өмірлік құндылықтық бағдарын айқындауда имандылық
пен білімге сүйену, адалдық, адамгершілік заңдарын басшылыққа
алу керектігін тұжырымдаған шығармаларының берері мол,
рухани туындылар.Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегі үш ақиқат: сенім
ақиқаты, ғылым ақиқаты мен ар-ұжданды көрсетіп, адам үшін
маңызды сұрақтарды көтеріп, оған өзінше жауап қатып, адамның
рухани дамуының жолдарын тереңінен көрсеткен. Шәкәрім
өлеңдерінің тұнығы-рухани тәрбие. Шәкәрімше, жер мен аспан,
табиғат құбылыстарын бәрін бірдей көзбен көріп, қолмен ұстау
112

113.

мүмкін емес:«Радийді бұрын біліп пе ең? Электр ұстап көріп пе
ең? Бәрін де жатқан
таза ақыл. Аспанда ұшып жүріппе
ең?Көрінбес зат бірталай. Оларды танып білетін бір-ақ нәрсе
таза ақыл.» Таза ақылдың арқасында адам абстрактіні
меңгерді, жақсыны жаманнан, сұлулықты ұқыпсыздықтан,
пайдалыны зияннан ажыратады. Өйткені Шәкәрімнің түсінігінде
адамның жануардан айырма-шылығы таза ақылы мен жанында.
Дін айтты: «Маған нан»,-дейді,Адасқан дінді пән дейді.
Мағынасын анық біле алмай,Рух деген сөзді жан дейді, Осыдан
жаман әуре жоқ.Рух деген-мінсіз таза ақыл, Мінсіздің ісі шын
мақұл.Айуандағы ақыл ол емес,Аз ғана сөзім –аз тақыл,
Құраныңды оқы нанбасаң»
Шәкәрімнің «Үш анық» атты еңбегі ұждан мәселесін талдауға
арналған. Адам үшін екі дүниенің бақыты жақсылық пен
ізгілікті ұстану екендігі туралы: «Екі өмірге де керекті іс –
ұждан, ұждан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім» – деп исламның
мейірімділік пен әділеттлікті, сабырлылық пен қанағатшылдықты
атап көрсетеді. Бұл ислам ілімі мен әдептілік қалпын терең білген
ғалымның сөзі. Осы еңбегінде ойшыл: «Адам атаулыны бір
бауырдай қылып, екі өмірде де жақсылықпен өмір сүргізетін
жалғыз жол – мұсылман жолы» деген сөзінен ислам дінінің жалпы
адамзатқа тән құндылықтарды ұстанатын дін екендігін және
адамдарды бауырластыққа шақыратын айқын жол екендігін көрсетеді.Ұждан –ислам ілімінің негізгі ұғымдарының бірі. Шәкәрім
ислам ғұламасы ретінде имандылықты, көркем мінезділікті,
діндарлықты өз еңбектерінде насихаттаған. Бұл сөзімізге дәлел оның
«Мұсылмандық шарты» еңбегі. Бұл еңбегінде: «Иман деген Аллаһ
Тағаланың барлығына, бірлігіне, Онан басқа Аллаһ жоқтығына,
Құран сөзінің бәрінің шындығына анық ықыласпенен нанбақ» деп
Аллаһқа иман келтіру яғни таухид ұғымынан бастайды. Ойшылдың
бұл еңбекті жазудағы мақсаты халқына иман негіздерін,
шарттарын жеткізуді ойлаған ұмтылысы деп білеміз. Елжұртының исламды дұрыс түсініп және дұрыс бағыт алуын
113

114.

мұрат тұтқан Шәкәрім бұл еңбекті ана тілімізде жаза отырып, ұлт дүниетанымына сай дін
құндылықтарын түсіндіре білген.Шәкәрім өз
уақытында,пікір алысып,ой жарыстырған әйгілі
алты сұрағында,иманипедагогиканың тәрбиелеу
қағидалары толық қамтылған.Олар: «Алланың
адамды жаратқандығы мақсаты не? Адамға
тіршілік ең керегі не үшін? Адамға өлген соң
мейлі не жөнімен болсын рахат-бейнет бар
ма? Ең жақсы адам неғылған кісі? Заман өткен сайын
адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр
ма? Бұл сұрақ ойшылдың замандастары үшін де, бүгінгі уақыт үшін
де өзекті. Өйткені, діннің өркениеттік және құндылықтық негіздерін
түсіну әрқашан да маңызды. Жаратушы адамды өзін танып, иман
етсін, ғибадат құлшылығын жасасын және бірін-бірі танып білсін
деген.Адам өмірі Жаратушының берген сыйы және аманаты
болғандықтан пенде өзінің рухани жан дүниесін байытып,
парыздарын орындап, ахлаған жетілдіруі тиіс. Ислам дінінде бұл
дүниеден екінші дүниенің бар екендігіне сену иман шарты болып
саналады. Хадисте: «Бұл дүние – ақыреттің егінжайы» деген.
Мұсылмандықта өткінші, сынақ дүниесіндегі пенденің әрбір
жасаған ісі таразыға салынатындығы айтылады. Жақсы адам бұл
ізетті, қарапайым, ар-ұятты бойына жинаған, иман жүзді,
салихалы, сабырлы, ибалы адам. Жақсы адам бойында ұлттық және
адамзаттық құндылықтар үйлесімді орнығады. Адам баласы жан мен
тәннен тұрғандықтан жан мен тән құмарлықтарын қанағаттандыруға
ұмтылады. Парасатты, иман жүзді адам нәпсісін тежеп, өзінің
адами қасиетін ардақтап ұстайды. Имандылықты ұстанып, обал
мен сауапты білу, халал мен харамды ажырату адамзат қоғамы үшін
әрқашан да басты ұғым болып қала беру керек.Шәкәрім – өз ұлтын
бар болмысымен сүйген ұлтжанды, өршіл ойшыл. Ол елінің
болашағын, халықтың иманын ойлап, тұңғыиық терең рухани мұра
қалдырған.Ойшыл өзінің «Шошыма, ойым, шошыма» атты өлеңінде
былай пайымдайды: «Шошыма, ойым, шошыма,Келмейді жындар
қасыма.Таһараты жоқ сайтан,Жоламас менің қасыма.Қажыма, ойым,
қажыма,Қарама тозған жасыма.Адаспасаң ақ жолдан,Қонады
114

115.

бақыт басыңа.Билет бәрін сабырға,Кірме
ажалсыз қабырға.Сырласатын күн туар,Жан қияр
жақын
тамырға!.»Бұл
өлең
жолдарында
имандылық пен тән және жан тазалығының адам
өміріндегі маңыздылығын айқындай келе, дені
таза, жаны пәк, иманды жаннан қандай
жағдайда да Алланың нұры жауып, бақытқа
кенелетіндігіне сенімін білдірді. Осы жолдарда
діндегі адамның өз ажалымен бақилық болу мен өзіне қол жұмсау
мәселесін көтеріп, адам өмірінде қиындыққа ұшырасқанда
барлығын сабырға жеңдіріп, ақ жолдан таймаған жағдайда ғана
бақыттың төрі алыс емес екендігін көрсетеді. Өзі жасынан ислами
құндылықтарды бойына сіңіріп, имандылықтың, сабырлықтың,
адалдықтың мәні мен маңызын діни тұрғыдан терең түсінген ойшыл,
адамдарды имандылыққа, жақсылыққа, сабырлыққа, білім мен
ғылым білуге шақырды.
1.М.Мырзахметұлы: ар түзейтін бір ғылым табылмаса adebiportal.kz› 13667
2.Мырзагелді Кемел. Шәкәрімнің ар ілімі abai.kz›post/10629
3.Шәкәрім Құдайбердіұлының даналық дүниетанымы articlekz. com› kk15672
4.Шәкәрім. Энциклопедия / Бас ред. Е.Б.Сыдықов. — Семей: ЖШС, 2008. — 826-б.
5.Құдайбердіұлы Шөкәрім. «Үш анық». Алматы,
1991
6.Шөкәрім. «Жазушы» баспасы. Алматы. 1988.
7. Иманипедагогика Қарағанды 2019. ISBN 978-601-7950-51-4
8.Имандылыққа баулу қазақ ілімі
Ұланбатыр
2017
115

116.

7.Иманипедагогиканың шамшырағы
Адамтанушы әулие Машһүр Жүсіп(1858-.1931)
Жүсіп Көпеев әкесі Көпейдің (шын аты Көпжасар) 42 жасында, шешесі Ұлбаланың 18
жасында, Баянауыл, Қызыл-тау деген екі таудың
«Ашамай тасы» деген жерінде, 1858 жылында,
қазақша жыл аты «қой», арабша ай аты
«ережеп» деген айда, жұма күні, түс бесін
уақытында дүниеге келді. Туғанда азан
шақырып кой-ылған есімі-Адам Жүсіп.
Кейіннен 9 жасында қисса – дастандарды айтып,
ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған М. Шорманұлы
Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «Өз заманында халыққа
Мәшһүр болатын бала екен», деп лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп
атанып кетеді.1865 жылдан 7 жасар кезінен халық әдебиеті үлгілерін
жинай бастағанын анықтарлық дерек жанұялық архивте сақталған.
1870 жылдары Хамеретдин хазіреттің медресесін бітіріп, мұсылманша орта білім алып шығады. Ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте
танысып, халықтық жыр - дастандарды жаттап өседі. Өзінің алғырлығын, сөз өнеріне бейімділігін ол ерте - ақ танытады. Ақындық
жолға бой ұруы, түсуі - 15 жасында басталған. Мәшһүр Жүсіп 1875
жылдан бастап біраз уақыт ауылда бала оқытып, қаражат жинайды.
Білімін толықтыру мақсатымен 1886 жылы Бұхараға келіп, діни
жоғары оқу орнында оқиды. Сосын оқуын Ташкентте жалғастырады.
Мәшһүр Жүсіп 1887-1890 жылдары бірнеше рет Орта Азияны
аралап, Самарқанд, Ташкент, Түркістан, Бұхара қалаларында
болады. Араб, парсы тілдерін үйреніп, Шығыстың классикалық
әдебиетінен сусындаған. Ол осы жылдары Қазанға сапарға аттанып,
түрколог ғалымы В. Радловпен танысып, ауыз әдебиетінің үлгілерін
жинаумен айналысты. Кейін келе Мәшһүр қазақ фольклорының ең
жүйелі жинақтаушысы болды.Мәшһүр Жүсіп Көпей-ұлының саналы
ғұмырында бір сәт те қолынан қаламы түсіп көрмеген, бір жағынан
жазып, екінші жағынан өнер-ғылым үйреніп, жатпай-тұрмай ізденіп
жүріп, Қазан төнкерісіне дейін 1907 жылы бір жылдың ішінде үш
бірдей кітабы жарық көрген алғашқы «Хал-ахуал» кітабы төрт
бөлімнен тұрады: 1. «Хал-ахуал» (208 жол), 2. «Баяннама» (248 жол),
116

117.

3. «Патша хақында» (144 жол), «Ғибратнама» (4
бөлімнен тұрады). 1912 жылы патша әкімшілігінің
цензурасы назарына Мәшһүрдің 1907 жылы
бастырылған
кітаптары
алынып,
татар
аудармашысының тәржімалауынан кейін 3
кітаптың екеуінің мазмұны Ресейдегі патша
билігіне қарсы мақсатта жазылған деп танылып,
1912 жылы екінші рет басылған 3 кітап
баспахананың өзінде «тұтқындалынып», 12 000 сом айып салынып,
14 кісі айыпқа тартылады. 1912 жылдан бастап қудалана бастағанда,
өзінің жинаушылық жұмысын тоқтатпайды. Мәшһүр Жүсіп өмірінің
соңғы жылдарында, дәлірек айтқанда, Кеңес өкіметінің тұсында
өзінің жазған шығармалары мен ел аузынан жинап-терген ауыз
әдебиеті үлгірлерін қағазға түсірумен шұғылданады. Ақын 1931
жылы өзінің ауылында дүниеден қайтады. Айта кететін бір жай - ол
қайтыс боларынан бір жыл бұрын өкімет саясатына қарсы оғаштау
бір мінез көрсетеді. Күні бұрын бейітін тұрғызып, жаназасын
шығарып, өзінің көзі тірісінде өзіне ас бергізеді. «Жетпіс үшке
шыққанша балталасаң да өлмеймін, жетпіс үшке шыққан соң
сұрасаң да тұрмаймын»,-деген сөзі дәл келеді. Осы бір жайлар ел
арасында әңгіме аңыз боп тарап, ауыл адамдарды өлгеннен кейінгі
жерде Мәшһүр Жүсіпті әулие тұтып, басына келіп тауап өтуді,
түнеуді шығарады. Ал, саяси идеология үстемдік құрған кезеңде бұл
жағдай көпе-көрнеу ақынға пәле болып жабысты. Оның әдеби
мұрасын тексеріп, дұрыс тануға көпке дейін залалын тигізеді
Алайда,сөз зергері,әдебиетші,ақын,білімді ұстаз,зерделі ғұлама
еңбектері бүгінгі таңда,толық жинақталып,әр тараптан таразыға
тартылып,
зерделеніп, халқына қауышып,жоғары дәрежеде
бағаланып отыр.Бұл жерде біз,адам танымақтағы ғұламаның
көзқарасын,сондай-ақ,жеке басындағы әулиелік қасиеттеріне
қысқаша тоқталмақпыз.Осы негізде жалпақ жұртты имандылыққа,адамшылыққа,кісілікке баулудағы атқарған шаруалары мен
айтқан ой пікірлері,жасаған тұжырымдарын айқындап көрсетпекпіз.
Ал М. Ж. Көпей-ұлының адамтанудағы тұжырымдары ұлттық
дүниетанымға негізделген. Ақын адамды Құдай топырақтан
жаратқан деген салмақты ой, түйінді сөз айтады. Ол «Алла құдіреті»
117

118.

атты шығармасында: «Айдай әлемді, жандыжансыз мақұлықтарды Құдай алты күнде түгел
жасап шығарған. Адам ата, Хауа ананы Құдай
жаратты. «Жұма күні жаратылған адам» дегеніміз
сол ғой», - [2, 127 б.] деп ойын нақтылай түседі.
М. Ж. Көпейұлының адамтанудағы негізгі
қайнары – Ислам діні және Құран Кәрім.
Адамның жаратылуы туралы ойларын Құран
аяттары мен Хадис сүрелеріне сүйене отырып
баяндайды. Мұндай әрекет күллі түркі халықтарына ортақ сипат
екені мәлім, алайда, ақынның басты ерекшелігі – Құран аяттары мен
Хадис сүрелерін көркем шығармада орынды пайдалана білуінде. Бұл
ретте ақын не айтса да құр сөзге ауыз былғамай, хадис, аяттармен
нақтылап, дәлел келтіріп, ойын Құранмен түйіндеп отырады. М. Ж.
Көпейұлы көзқарасының түпкі өзегі-Алла Тағала. Ұлт санасына тән
өзекті мәселелерді сөз еткенде, аузына бірінші Алланы алады. «Мен
Құдайды бір деп білемін, бар деп білемін, күшті деп білемін. Осы
үшеуіне нанымым, сенімім күшті», - деп, Алланың барлығына,
бірлігіне сенеді. М. Ж. Көпейұлы Ислам дінін мойындап, Аллаға
шүбәсіз сенген адам. Ол Алланың бар екенін танытатын шығармалар
мен хикметтер жаза отырып, Пайғамбарлар мен сахабалардың
уағыз-насихаттарын саралай келе, халқының санасына жетерлік
салмақты ой айтады. «Құдай туралы» жазбасында: «Әй, адам
баласы! Құдіретті Ақыл мен Киелі рухтың Иесі - Құдайды жалғыз
жаратушы да жасаушы жарылқаушымыз деп ұғайық та, бұған кәміл
сенейік! Бұл-Ұлы ақиқат! Өйткені Жиһандағы ұлылы-кішілі,
қарапайым-күрделі жасалыстар мен құбылыстардың бәрі Құдай
барлығының айқын дәлелі», - деп, осы айтқандарының бәрі жалғыз
Аллаға ғана тән екенін ескертеді. М. Ж. Көпейұлы өзінің
шығармаларында имандылық жолын іздеп Аллаға иман келтіру
адамзат баласының парызы екенін айтып, шын көңілмен, көркем
мінезбен мұсылман болуға шақырады. Қандай ой, түйінді сөз айтса
да шариғат шеңберінен аспай, «Ата-тегіміз маймыл» деп,
Дарвинизмнің жетегінде кеткен ұрпағының санасын емдеуге бар
күшін салады. Ақиқаттан ауытқып, надандықтың құрсауында қалған
халқын адамдықтың ақ жолына жетелейді. Ақынның Ислам дінін
118

119.

насихаттауы, халықты Аллаға құлшылық етуге
үгіттеуі – дінді ғана емес, сонымен бірге жақсы
адам болудың, жалпы ұлттық болмысты
сақтаудың ең пәрменді құралы болғанын аңғару
қиын емес. Ақынның мақсаты – адамды жөндеу,
қоғамды түзету, адамды нағыз адам қылу. Бұл
мәселені көптеген туындыларына арқау етеді.
«Табиғат ғибраты» деген шығармасында: «Адам
қалай қылғанда адам болады? деген сұрақ қойып, оған өзі былайша
жауап береді: «Ұшқан құс, жүгірген аңнан ғибрат алып, солардың
мінезіменен мінезденбесе, аш арыстан жүректі болып келсе, палуан
жолбарыс білекті болып келсе, досы көп болып, дұспаны жоқ
адамнан осы екеуінің жүрегі, білегі табылады»,- деп, әрі қарай ақын:
«Жігіт адамның қырағылығы бұркіттей болсын. Зеректігі байғыздай
болсын. Жүрісі маймылдай болсын. Он екі қырлы, бір сырлы, отыз
аяқты болсын. Орнына қарай мінез қылсын. Сонда адам болып, адам
қатарына кіреді”, - деген ой түйеді [2, 81 б.]. Осы айтылған
нәрселерден ғибрат, үлгі алуға үндейді. М. Ж. Көпейұлы адам жақсы
болу үшін алдымен жаман әдеттен тыйылу керек деп білді. Сөйтіп
өзі өмір сүрген дәуір шындығын ақтара зерттеп, ішкі- сыртқы
сырларына, елдің әлеуметтік жайына, тұрмысына үңілді. Қоғамға
сын көзбен қарап, барлық қайшылықтарды көре отырып, елдің
берекесін алып, дау-жанжалды қоздырып, бүліктен пайда тауып
жүрген қулардың зұлымдық бетін ашып, қатты сынға алады. Ақын:
“Халықтың жақсысының өнері - зорлық, жаманының өнері - ұрлық.
Бұл екеуі қолынан келмейтінінің өнері өтірік болып, қара пұл үшін
жанын сатып, тірінің түгін қоймай, жұлып алып, өліктен кебін
дәметіп, жақсы арын сатып, жаман жарын сатып, шешен сөзін сатып,
ата-ана ұл мен қызын сатып, ишандар - Құдайға қылған
құлшылығын ғауамлардың нәзіріне сатып, моллалар білген
ғылымын дүниеге сатып (жүр). «Ал», «Бер» - деген екі ағайынды:
«ал» - деген сөз өліп, «бер» деген сөз тірі қалып жүр. «Бар», «жоқ» деген екі ағайынды еді. «Бар» - деген сөз өліп, «жоқ» - деген сөз тірі
қалып, жыртақой мысалды хәкімдер қасқыр болып, екі даугер шарылдаған бақа сықылды. Оны жыландай билер сорып жатыр. Бар
малынан айырылып, жоқ жанынан айырылып, біреу қасқырдай жан119

120.

жағындағысын талап, біреу иттей көрінгенге көзін
сүзіп, біреу түлкідей құйрығын бұлаңдатып, біреу
маймылдай әркімге бір еліктеп, біреу жыландай
сыртынан жылтырап, ішінен зәрін төгіп (жүр).
Кейбіреу қабыршығы жоқ балықтай, қолға тұрмай
желпілдеп; біреу қарғадай бір боқтан бір боққа
ұшып, қонып; біреу сауысқандай шықылықтап, өсек
ғылымына маһыр (әуес) болып, сау жылқының
арқасын тесіп, қанатып; біреу күйкентайдай тышқанға төніп жүр
(жүр). Кейбіреу тауықтың қоразындай тұмсығындағысын - «тәж» деп мақтанып; Кейбіреу тырна сықылды: «Басқаныма жер ойылып
кетеді», - деп, өзін-өзі әлдеқандай ауыр көріп», кейбіреу
оқпантайдай: «Күндіз үшсам, көз тиеді», - деп, өзін-өзі түнекке
жасырып жүр. Кейбіреу өгіз шағаладай: «Ішкеніме көл таусылып
қалады», - деп, дүниені ішпей-жемей жинап; кейбіреу көк кептердей
дән үшін көрінгенге құл болып жүр. Кейбіреу шыбындай біресе
қантқа, біресе мәжасатұа қонып; кейбіреу келемеж қоңыздай тезек
жинап әуре борлып; кейбіреу кекілікше өз атын өзі шақырып,
ақымақ болып жүр», - деп әшкерелейді [2, 82 б]. Байқап отырсақ,
ақын адам бойындағы жағымсыз әрекеттерді әшкерелеу арқылы
бүкіл қоғамның шынайы келбетін, ащы шындықты танытып
отыр.Тіпті оқып отырып ақынды тап қазір жаныңызда тұр ма деп те
қаласыз. Бұл ақынның көрегендігін танытса керек. Ақынның ойы адамды жаман әдеттерден арылту арқылы бүкіл қоғамды түзеу. М.
Ж. Көпейұлы «Адам екі түрлі» деген өлеңінде жоғарыдағы айтқан
ойларын саралай келе адам баласын істеген ісіне қарай екіге бөледі:
Мысалы адамзаттың ағаштай-ды, Қу ағаш мәуесі (миуасы) жоқ,
жараспайды... Терек қанша аспанмен таласқанмен, Бұлттан биік
болып, бойы аспайды. ...Мәуесі басқа ағаштан көп болғаннан,
Көтермес үзім ағаш жерден басын. Қайырсыз болсам бәхил, болдың
терек, Басқаға бір отыннан қылмас керек..., деген жолдармен жақсы
адамды мәуелі жеміс ағашына, жаман адамды отын болудан басқаға
жарамайтын терекке теңеу арқылы бейнелейді. Яғни жақсы мен
жаманның парқын халқына пайдасы тиетін азамат пен қоғамға
зияннан басқа берері жоқ наданмен салыстыра отырып түсіндіреді.
Олардың адамгершілік деңгейінің бірдей еместігін сипаттап,
120

121.

адамгершілікті байқататын басты ерекшелікті
«кісілік» ұғымы арқылы көрсетеді: Жақсылық,
қайыр, ихсан қылған кісі, Адамның қымбат баға
сол жұмысы. Табылмас көзге тотия - ем дәрідей,
Қолынан әр жақсылық келген кісі, - [3, 148 б.] деп
«кісілік» мағынасын жақсылық жасау арқылы,
яғни қолынан іс келетін, біреуге көмек беруге
дайын адамды сипаттау арқылы ашады. «Пайдасы
көпке тисе әне – кісі» деп, ал «Қолынан келер іске болыспаса,
Болмайды одан асар жаман кісі» деп, қарабасынан басқаны
ойлмайтын адамдарды суреттейді. Ал, «Қалмады ойлай-ойлай
басымда ми» өлеңі ақынның өзі айтып отырған адамды кісілікке
жетелейтін өсиет секілді. Мұнда ақын адамды жақсы, жайдары,
жұмсақ мінезді болуға, кек сақтамай көпшіл болуға, кісілігі жоғары
адамдармен дос болуға шақырады: Жүрерсің жайлы болсаң,
жұртпен тату, Жұмсақ бол, жұғымды бол, болма қату. Кісілігі жоқ
жанмен үйір болма, Жолдас болсаң, жолдас бол кісіменен. Мақтаулы
жұрт алдына болам десең, Біреудің ауызға алма жамандығын. Дос,
жолдас қылым десең, қауым көпті, Бойыңа үйір қылма өкпе, кекті.
Жамандыққа жақсылық мінез қылып, Бола бер бәріне де ыңғайлы,
епті [5,10 б.]. Ақын бұл жерде кісілікке жетудің негізгі жолдарын
анық көрсетіп отыр. Бұл ойын әрі қарай «Бес қымбат» өлеңінде
жалғастырады: «Ең әуелі керек нәрсе иман. Егер жүректе иман
болмаса, «Құдай кешірер» дегенмен іс бітпейді; Екінші керек нәрсе
– ғақыл. Ғақылсыз адам дінін бұзады;Үшіншісі-сабыр.Сабырлы
адам мұратына жетеді; Төртінші-шүкіршілік.Бесіншісі-әдеп.Әдеп
бар жерде иман бар»[6, 69 б.] деген толғамдардан халқы үшін
тереңнен толғап сыр тартқан сыршыл да сыншыл ақын тұлғасын
көрміз,Қарап отырсақ, М.Ж.Көпейұлы адам және оның қоғамдағы
орны, олардың жақсы-жаман істері жайлы ой толғағанда, «жақсы
адам деп кімді айтамыз, жаман адам деп кімді айтамыз?» деген, бір
қарағанда жеңіл көрінгенімен, шын мәнісінде ауыр сұраққа жауап
іздейді. Жақсы мен жаманның ара жігін ажыратып, адам бойындағы
жағымсыз мінездерді әшкереліп, жақсы адам болудың жолдарын
насихаттайды. Бұл ретте, жалпы қазақ әдебиетінде ақындардың
көбісі аталмыш мәселе турасында философиялық-діни ой, жыр
121

122.

толғағаны белгілі. Солардың бірі - Абай
Құнанбайұлы.
Негізінен,
ақындарды
толғандырған мәселе – адамның барлық жағынан
жетіліп, нағыз адам болуы. Мұны Ұлы Абай
«Толық адам» десе, М. Ж. Көпейұлы «Түгел
адам» деп қарастырады. Бұл сөзінің мағынасын
«Төрт асыл, бес береке» өлеңінде ашып беруге
тырысады: Бірі – төрт, бірі – бесеу – болсын
тоғыз, Ат тезегін әуре боп жинар қоңыз, Тоғызын
түгендемей ұстағанды Обалсыз, адам демей,
деуге - доңыз. Бірі – тілде, біреуі – көңіл-ойда, Енді бірі теп-тегіс
түгел бойда. Бұл үшеуін жүргізсе, қара жолмен, Бәйге алады
жарқырап үлкен тойда. «Құдай-бір, жоқ, - деп басқа!»- айтса тілің,
Шын білсе, тіліңдегін-жан-ділің. Дініңмен (денеңмен) аянбастан
қылып ғамал, Пайғамбар сүннетімен өтсе күнің! Төрт асыл – анық
осы бойыңдағы, Орнына келе бермес ойыңдағы. Түгендеп бұл
төртеуін қыла алмасаң, Жүре бер тамағыңды тойын-дағы. Мұндағы
төрт асылы – Хақты тану, көңіл, тән, тіл тазалығын сақтау. Ақын
Құдайдан безген заманда адамға алдымен керегі осы деп біледі.
Бұған қоса әрі қарай: Береке – өз қарақан басыңдағы, Әдетің
(ғадетің) – ұзын өмір жасыңдағы. Оқылған уақытымен бес намазың
- Болатын көрде жолдас қасыңдағы!.. Бұл басты әр нәрсеге
бастайтын көз, Оңбаймыз көзден, тілден тыйылмай біз. Бойыңа
келер мұнан бір береке, Аузыңнан шығармасаң несие сөз. ...Бұ да
адамның басының берекесі, Берілсе –қайыр, ықсан, зекет –
малдан!...Адамға келер мұнан мол береке, Екі аяқ арасына ие болса!
...Уағда айтқан жерден сөз табылып, Ұстаған жерден қолы тұрса
кетпей!.. Береке мұнымене болады бес, Түсерсің енді сөзге,
болмасаң кес! Дап-даяр бұлар ойда болмағаны, Хабары болмағаны
Құраннан еш! - деп, айтқан сөз, уәдеде тұруды, көз, тіл, нәпсіге берік
болуды қатаң ескертіп, бес уақыт намаз оқу мен жетімдерге қайырсадақа беруді міндеттейді. Осыларды санамалай келе, бес берекеге
жатқызады: ...Төрт асыл, бес береке, бір бойынан, Табылса түгел
болып әне кісі!, - [4,157 б.] деп «Түгел адам» мәнісін осылайша
түсіндіріп береді. М. Ж. Көпейұлы осыларды бойында жинаған
адамды «Түгел адам» дейді.М. Ж. Көпейұлы: “Ғылым-білім немен
122

123.

болады? Ең алды құдайды, құдай-тағаланы
танымақ. Ол құдайды қайтсе таниды? Әркім өзін
таныса, сонда тәңірісін таниды. Ғылым-білімге
талап қылушылар алдымен өзін тануын мақсат
қылу керек”, - дейді. [2, 75 б.].. Қорыта келгенде, М.
Ж. Көпейұлы мұрасының түп қазығы ақыл иесі –
түзу адамды қалыптастыру. Әдебиеттің ежелден
бергі нысаны адам болмысы, адамды түзету болса,
ақын бұл тұрғыда қазақ қоғамының азаматын
тәрбие-леудің үлгісін сомдап, жеке адамды,
қоғамды түзету мәселесін қозғайды. Адам баласының өмір сүру
жолында ізденіп, өзін-өзі жетілдіре білсе ғана тіршілікте үйлесімдік
боларын шеберлікпен жеткізе біледі Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының дара тұлға, әулие, көріпкел әулиелігімен бүкіл әлемге есімі
танымал жан. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының есімі ел ішінде аңызға
айналған. Ол ақындығы асқан жан ғана емес, халық ауыз әдебиетін
жинау шы ретінде танылған жан емес, ол-әулиелі жан. Ол ауыз
әдебиетінен халқымыздың өткен-кеткен жағдайын, тұрмысын,салтсанасын, бай дәстүрін, қилы-қилы тағдырын байқай білген зерделі
жан.Мәшһүр оны жаттап өскен, хатқа түсіріп, сақтай
білген.Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өзінің «Өмірбаян» атты өлеңінде :Бес
жаста бісміллә айтып жаздым хатты, Бұл дүние жастай маған тиді
қатты. Сегізден тоғызға аяқ басқан күнде, Мұса еді қосақтаған
«Мәшһүр» атты,-десе ,43 жасында «73-ке жеткенше балталасаң да
өлмеймін, 73-тен әрі қарай сүйресең де аспаймын»-деп ғұмыр жасын
дәл болжаса, мүрдесінің жыл беті жабылмаса да, бүлінбегені қасиет
емей немене?!
Мәшһүр – Жүсіп Көпеев бір күні Баянауылға бармақ болып,
жанына баласы мен немересін ертіп, жолға шығады. Бозбайдан аса
бергенде немересі:-Шөлдедім, десе керек. Сонда Мәшһүр:Алдымызда тұрған бір үйге барайық, сонда сендерді ауқаттандырып
алайын,-дейді де иесіз бір үйге алып келеді. Үйге жақындағанда
немересі:-Ата, біздің тамағымыз жоқ қой, - десе керек.-Қазір ештеңе
сұрамаңдар, асықпай әлденіп алып сапарымызды жалғас-тырамыз, деп Мәшһүр бір үйге алып келеді. Өзі бірінші кіріп, жайғасып жерге
отырып, соңынан балалары кіреді. Сол кезде ата бір дұғаны оқи
123

124.

бастайды. Кенет өзінен -өзі, алдарына дастархан
жайылады. Ұстап келе жатқан тірі жан көрінбесе де
ет салынған табақ, түрлі – түсті тағамдар
дастарханға қойылады. Шай құйылғын кеселер
келіп, босаған ыдыстар жоғары көтеріліп, ауамен
қалқып есіктен шығып кете береді. Олардың қайда
кетіп, қайдан келіп жатқанын балалардың
түсінбегенін сезген Мәшһүр –Жүсіп:-Қорықпай,
ішіп –жеп, тойып алыңдар, -дейді.Әлденгеннен
кейін, Мәшекең бір дұғаны оқығанда алдарындағы дастархан
жоғалып кетеді. Мәшһүр балаларын ертіп жолға шығады.
Жолшыбай:-Жаңа ештеңе ұқпаған боларсыңдар, бізді тамақтандырған жын-перілер,-дейді.
Бір жылы Мәшһүр –Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрім қажы бір
дастарқанның басында кездеседі. Қысқа да болса біраз әңгімелеседі.
Кетерінде әулие:-Аумалы – төкпелі заман келе жатыр, біреуіміздің
ажалымыз Алладан, біреуіміздің ажалымыз адамнан болар, - депті.
Сонда Шәкәрім:-Пешенемізге жазылғанды көрерміз,- десе керек.
Екеуі де енді көріспестей қоштасады. Мәшһүр –Жүсіп Көпейұлы
ауылдан ұзап кеткен соң, «әулиеге бұл сөзді періштелері айтқызған
ба екен?», деген оймен Шәкәрім де еліне қайтады. Арада біраз уақыт
өткен соң Мәшһүр –Жүсіп Көпейұлы сапарға шығуын тоқтатады.
Ал Шәкәрім болса көп ұзамай ОГП-нің «жан алғыштарының»
қолынан қаза табады.
-Шындықты айтқанда, жалғанның бет пердесін жұлып тастап
айту оңай шаруа емес. «-Е, не дейсің, о несі-ей, қой одан бетін аулақ
қылсын. Таласпай бастасаңдаршы.»-деп, кей уақытта Мәшһүр –
Жүсіп Көпейұлы көзін жұмып алып өз-өзімен сөйлеседі екен.Молдеке, пірлеріңіз не деп кетті? Қызықтырып қойдыңыз
ғой,әңгімеңізді айта отырыңыз,-деп өтінген шәкірттеріне:-Көздерің
бар ғой көрерсіңдер. Өздерің көріп, естімесеңдер,сенбессіңдер,-деп
жауап береді. Көшірдім ақ қағазға Рауан сөзін, Бұлдырап көрмей
барад екі көзім. Дұғаға қолыңды жай жамағаттар, Мәшһүрдің енді
көрмессіңдер басқан ізін,-деп көзі тірісінде елімен қоштасып,
дүниеден өткен Мәшһүр –Жүсіп Көпеев – рақымды тәңіріміздің
124

125.

мейірбан жаны. Мәшһүр –Жүсіптің Қасенғали
деген әрі жиені, әрі оқушысы, атқосшысы
болыпты. Атамыз бір жерге шығар алдында,
қайда баратынын айтпайды екен. Арбаны
жеткізіп, үстіне жайғасып отырған соң ғана
құдай жазса деп бірақ айтады екен. Бір күні
Қасенғали:-Ата бүгін ешқайда бармаймыз ба,
жол жүріп қалсақ, атты жақындатып қояиын,депті. Сонда Мәшһүр – Жүсіп : -Бұл сұрағыңды
егер көзіңе көріне қалса, періш-телерімнен сұра, -деп жауап беріпті.Е, онда бүгін бір демалайыншы,-деп атасының ақ қағаздарға жазып
тастаған хикметтерін парақтап жатып, Қасенғали ұйықтап кетіпті.
Бір уақытта көзін ашса, бір кісілер келіпті. Орнынан тұрып, бетіқолын шайып, Қасенғали де столдың шетіне жайғасады. Шай ішіп
бола бергенде Мәшһүр –Жүсіп:-Атты дайында, жол жүреміз,-дейді.
Түс кезінде қоя берген атты ұстап әкеліп, жегіп:-Ата, дайынмын,-деп
Қасенғали белгі береді. Қолма-қол орнынан тұрып, қонақтарынан
рұқсат сұрап, атарбаға отырады.-Қай жаққа барамыз?-деп сұрайды
Қасенғали.-Бас жіпті қоя бер, жүре берсін. Жануар өзі апарады,-деп
жауап береді.Қасенғали аттың басын бос жіберіп шу жануар,деп
жолға шығады. Аттардың бет алысы – Бөкенбай тауы. Қалың өскен
шөптердің арасымен жүріп келе жатып, тауға жете бергенде
атарбаның алдыңғы доңғалағы өзінен-өзі шешіліп қалады.
–Бұны түсте ғана қарап, жол жүруге дайындап қойып едім, қап,
әттеген-ай,-деп Қасенғали арбадан секіріп түсіп, қайтадан орнына
салуға ыңғайлана бергенде:– Болды келдік, бүгін осы жерде
түнейміз,-дейді Мәшһүр-Жүсіп.
Қасенғали
киізден
күрке
құрып,біраз әңгіме – дүкен құрып, екеуі де ұйқыға кіріседі. Таң ата
Мәшһүр-Жүсіп пен Қасенғали намаз оқып біраз отырады. Болған
соң:-Бұл жерде қасиетті ана жатыр.соның аруағы басыма келіп,дұға
оқып кет деген соң келіп едім,аманатын орындадым, енді жүрейік,деп орнынан тұрып атарбаға отырады.
Жұмабектің Серігі. Жаңажол ауылында ертеректе Бекболаттың
Жұмабегі дейтін адам өмір сүрді.(ол 1970 жылы дүниеден өтті)
Жұмабек үйленген соң бірер жыл балалары тұрмай, баз кешсе керек.
125

126.

Күндердің күнінде Жұмабек Ескелдіге қарай
қайтып келе жатқан Мәшһүр – Жүсіптің жолын
тосып, жолға көлденеңнен жатып алды. Бұған
дейін де екі-үш рет ойда жоқта далада МәшһүрЖүсіппен кездесіп:-Маған да бір балаңды
берсеңші,-дейтін.-Беретін артық балам жоқ,
әй,бірақ сен ұрпақсыз қалмассың,- деп МәшһүрЖүсіп күліп өте шығатын.Ал осы жолы алдында көлденеңнен
жатқан Бекболаттың Жұмабегін көріп, атқосшысын тоқтаттырады.
Сәл басын көтеріп, тізерлеп отырып:-Мәшеке,мен осы елдегі жалғыз
үйлі найманмын. Жігіт жасым артта қалып барады. Күннен күнге,
жылдан – жылға ұрпақсыз қалам ба деген үрей жандүниемді меңдеп,
ішімді отша жайлады. Үйдегі келініңізбен отасқаныма он жылдан
асып барады. Жөргек исіне зармыз. Бір шикі өкпеге лепесіңізді
қиыңыз,- деп жалына,мұң шағады. -Жалғыздық құдайға
ғана
жарасқан. Құдай тілегіңді берер. Шын егіліп жылап тұрғаныңды
көріп тұрмын. Тұр, үйге қайт. Мен ауылға әлдебір шаруамен асығыс
қайтып барамын. Кейін тағы бір соғармын. Алла жазса, серіксіз
болмассыңдар,-деп жүріп кетеді.Айтқандай-ақ, бір жылдан кейін ер
бала өмірге келеді. Нәрестенің есімін Серік деп қояды. Өмірінің
соңына дейін Серік ағамыз:-Мәшһүр-Жүсіп атаның лепесі қабылдап,
жарық дүние есігін аштым,-деп әрдайым аузынан тастамай айтып
жүретін. Сол Жұмабектен қалған тұяқ Серік ағамыз 1999 жылдың
ақпанында дүниеден өтеді. Әулие, дара тұлға Мәшһүр ата-қазақтың
мәртебесі, мақтанышы. Бұл күнде шартарапқа мәлім болған,
бойында тасқан қайрат, толған дарын-ойшыл, ақын, ағартушы
Мәшһүр-Жүсіп атамыз біртуар нағыз дара тұлға.Қазақ иманипедагогикасының шамшырағы болған ерекше жан.Жалпақ жұртты
имандылыққа баулудың қасиетті амалын көрсетіп,оны жүзеге
асырырудың арнайы жолын айшықтаған ғүламаның бір қырын
көрсетуге тырысып баққанымыз осы болды.Әрине имандылыққа
баулу әулиелік амал екінің бі рінің қолынан келмейді. Алайда,
қазақта,әулиелер аз болған жоқ.
Павлодар облысы, Баянауыыл ауданының тумасы Мәшһүр – Жүсіп
Көпейұлының есімі әдебиетші, философ, аудармашы, білгір
126

127.

шежіреші, жиһанкез, тарихшы ретінде алты алашқа ертеден мәлім
болған.
-Мәшһүр – Жүсіптің білмейтіні жоқ екен, - деп тамсанып
отырған ұлы Әбдрахманға Абай.-Шәкәрім мен Мәшһүр – Жүсіп –
құрдас. Екеуі де дін жолына берілген жандар. Мен де ақынмын,
Мәшһүр де ақын. Дегенмен, ол ақын болғанмен құдайға жақын.
Сондықтан да Мәшһүр адамзаттың әулиесі ғой, - десе керек... «Жігіт
күнінде жаннан кеш те іс қыл, өлсең өлерсің, өлмесен адам болып
шығарсың», - деп қайсар мінезбен қажырлы талабын табандылықпен өзіне де, өзгеге де ұрандай ұсынып қазақ халқының
маңдайына қасқайып біткен азаматтарымыздың ішінде Мәшһүр –
Жүсіп Көпеев есімінің алар орны ерекше.
Дереккөз:
1.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Толық жинағы. 13 том. Павлодар 2008
2.Көпеев, М. Ж. / Екі томдық./
Алматы 1992
3. Иманипедагогика Қ арағанды 2018
4.Имандылыққа баулу қазақ ілімі Ұланбатыр 2017
5.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни көзқарастары ust.kz›word/
6. Қуандық МӘШҺҮР-ЖҮСІП. ДІН және МӘШҺҮР-ЖҮСІП abai.kz›post/2855
7.Мәшһүр Жүсіп туралы бірер сөз mazhab.kz›Мақалалар›…
8.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі...bankreferatov.kz›
9. Әзірет Барбол. Әулие Мәшһүр-Жүсіп және ұлттық рух abai.kz›post/15900
10.Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының әулиелігі туралыlibrary.psu.kz›
127

128.

8.Имандылықты Алтайда асқақтатқан ғұлама
Ақыт Үлімжіұлы (1867-1940)-ХІХ –ғасырдың
соңында ХХ ғасырдың басында Алтай-Қобда
қазақтарының арасында өмір сүрген,дарынды
ақын,ислам дінін сонау ит арқасы қиядағы
қазақтар ортасына уағыздап, таратушы,белгілі
теолог ғұлама, қазақтың жазба әдебиетінің
негізін салушылардың бірі, жасұрпақты имандылыққа тәрбиелеу ілімінің негізін қалаған ұлық
ұстаз. Ақыт-өзінен бұрыңғы ,Орта азияға Ислам
дінін таратып насихаттаған Фараби,Иасауи т.б.дини-рухани
ұстаздардың
амал-тәсілдерін
барлап-байқай
келіп,халықты
имандылыққа тәрбиелеу-дің өзіндік жолын ұсынып,оны өзге емес
өзі іске асырған ұстаз болды.Ақыттың шыққан тегі он екі ата Абақ
қерейдің молқы руы.Керей тарихына көз жүгіртсек, қазақ мектебі
мен оқу тоқуы- керейлер мен наймандардаң, уақтардан
басталатынын аңғарамыз. «Гоби даласында Хара-Хото деген қала
болған.Ол, Езен өзенінің төменгі оң жақ жағасын,несториан
үлгісімен жасалған.Мұнда кереиттер, үңгіттер (уақтар)наймандар,
ойғырлар, тұрған.Онда тарса (несториан) дініне табынатын көп
аббаттар, мектептер,көп үйлер болған»( Марко Поло. «Предание о
церкв Ионна Крестителя» (Он хана),1956.)Бұл қаланың өзгешелігіерте дәуірде қолданған орхон,ойғыр,Сирия жазулары көп
табылған,көлөнері
бұйымдары
кездескен.Шіркеу-аббаттардан
қағазға,жібекке жазылған. «тарса» (икон) жазулар шыққан. Оларды
түркі мен Сирия тілінде жазған-керейттер, үңгіттер, наймандар,
ойғырлар(Пигуевская Н.В.Сирийс-кие и Сиро-тюркские фрагменты
из Хара-Хото и Турана. Л.,1940) Ә.Марғұлан атамыздың белігілеуіне
көңіл аударсақ: «Сондай крест таңбасы бар құлпы тастың бірі УюкАрхан өзені бойында тұрған жазу.Оның бас жағында бұғы,қабанның
суретін түсірген.Тастағы орхон жазуы «Марымыз,Шадымыз».
«Мар»несториан дінін үгіттейтін ұстаз,балаларды оқытқан, Шад-ел
басқарушы (Малов,14). Керейлерден қалған орхон жазуы бар бұл
құлпы тас Уюк-Туран өзенінің бойында тұр. Басына қабанның
сүретін түсірген. «Жазудың сөзі: «алтын ілгек кісені белімке
бұғындым». Тастың екінші жақ үстінде керей мен үңгіттердің
128

129.

қолданатын крест таңбасы тұр.Бұл таңба қазақ
керейлерінде осы күнге дейін сақталған.
(Малов,16-15)Мұндай крест таңбасы бар құлпы
тастар
Енесей
даласында
өте
көп(Киселев,ВДИ,№3-8,Малов97)Керейлер мен
наймандар өздері хат танып,оқу-тоқуға жетіп
қана қоймай,күллі монголға ұйғыр жазуын
үйретіп,
зердесін
ашқаны
тарихтан
белгілі.(3.,108)
Осы дәуірде ұрпаққа ерекше
үлгі өнеге көрсеткен, оларға имандылық тәрбиесін дарытқан, әулет
мектебінің алғашқы ұстаздар-ының бірі-Оң ханның бәйбішесі
Аймалжин кемпір.Ол өзі ақын,өзі ер, өзі аңшы,көп жыл ел
басқарған,әрі сауатты ел Анасы болған. Халқы сауатты,оларды
оқытып тәрбиелейтін ұстаздары бар,
арнайы әліп-биі
болған,мектеп-оқу орны дамыған, сол керейлердің бір тобыұрпақтары,Ақыт заманында, Алтайдың күнгейі мен теріскейін мекен
етіп тұрған.Амал нешік,бір кездегі жоғарыда айтқандай мәдениетті
керейлердің
ұрпағы
бұл
кезде,
қараңғылық,надандық
құрсауында,бір жартысы монғолдың,дені қытайдың қарамағында
қалып,ата жұрты бола тұра,өз жер,өз елінде өгейлік күн кешкен
заман еді. Осындай қауым ортасында дүниеге келген Ақыттың
маңдайына,келер ұрпағын, имандылық нұрымен нұрлан-дырып,
сауатын ашып,білім-ғылым жолына түсіру мінтеді жазылған екен.
Оны, Ақыт атамыз абыроймен атқарып, адамгершілік асыл қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіру амал-тәсілдерін,ұрпағына ұлағат етіп
қалдырған.Өмірінің соңы, қаншама аянышты, қайғылы, қиналумен
тамамдалса да, «патшаның ісі уәжіп»-деп түсініп,қытай түрмесінде
жатып, ауызша айтып аманат-өсиетін қалдырған. Оның мазмұны
мынау: 1.Халқым!Алтыбақан ала ауыз болмай,ынтымақты, берекелі
болсын. Жалғыз өз ішінде ғана ынтымақты болып қалмастан басқа
жұртпен(ұлтпен)де ынтымақты болсын.
2.Көрші жұртпен тату болсын.Оларды ренжітпесін.Бір ауыл өзінің
көрші ауылын,бір үй өзінің көрші үйін ренжітпесін.
3.Бір мәселе кезіге қалса,яғни бір хабар естіле қалса дереу оны
бүтіндей жоққа шығару,немесе бүтіндей бар деп сене кетуге
129

130.

болмайды.Алдымен ой елегінен ақыл көзінен
өткізіп, онан кейін қорытынды шығарсын.
4.Жұртым,өте-мөте ұрпақтарым!Нәсіл тазалығына
көңіл бөлсін. Ол,үшін жын-ыс-құмарлықтан, зинадан таза болсын. (Ақыт хажы. Ғахылия.Баян-Өлке.
1994) Бұл өсиетті қозғаған тақыры-бымызды дұрыс
пайымдау үшін,Ақыт философиясының түйіні
ретінде көріп,шамамызға сай талдау үшін,алға
шығардық. Айталық: 1.Ынтымақ береке,достық қарым қатынастың
керектігін, асылдығын өмірінде өз басынан кешірген талай айтыстартыс,дау жанжал,ру аралық,ұлт аралық(қытай-қазақ, монғолқазақ,торғауыт-қазақ, дұнған-ұйғыр-қазақ) қақтығыстардың берген
сабақтарының нәт-ижесінде, Ақыт; -Алтай-Қобда өлкесінде аз қазақ
«Қазақ» болып тіршілік жасап,өмірсүріп тұруының басты қағидасыынтымақ-береке, достық сыйластық қарым -қатынас екенін өте
дұрыс түсінген.Ол- олма,түптің түбінде,ата жұртыңды тапқаның
абзал болады дегенді де меңзеп кеткен.Себебі: «Жеріңді біреу
мекендеп, бермей қойса не етерсің?», «Билеген басқа әр
ұлттың,Аузында жүрміз жем болып,» «Араласып тұрыңдар»,бірақ
«үлгісін алма еліңнің» әзірше «тіршілік үшін тұрсыңдар, Пайдасы
көп жеріңнің», «Ертерек ақыл ойлаңдар,мойынсұнынып ел
жұртым...»Ол,ел келешегін қатты уайымдап, налиды, мұңаяды,
толғанады. «Жапырағы теректің,Жамырайды соқса жел.Әуре
басым,көз жасым,Тынбай ағып болды сел.Иілді мойын,Менің
ойым,Не болады қайран ел!..»
2.Іс-әрекет,ой-сананың парқын біліп,терең ойлап,түбіне бойлап,көп
болып ақылдасып,«жеті өлшеп,бір кесерлік» қағидатты басшылық
етіп,даналықты дамытып,дарынды қолдап,рухани бай ел болуды
өсиет етіп,мәселені атүсті, алдым-жұлдым шешпе дегенді атамыз
арнайы ескерткен. 3.Ділі,діні тілі,салт дәстүрі басқа,сан жағынан өте
көп ұлттың боданында қалғандықтан уақыт өте келе « аз қазақ»
оларға сіңісіп жойылып кетерін әуел бастан ақ топшы-лаған.Осы
құбылыстан қазақты сақтап қалудың жолын қарастырып, өсиетінде
«нәсіл тазалығына көңіл бөлуді» ұлағаттаған.
130

131.

4.Тіл,дін,ар тазалығын сақтап қалу үшін,келер
ұрпағына кемел жолды нұсқап,оны өмірде жүзеге
асырудың айла-тәсілін тауып берген.Ал,ұрпақтары
Ақыт аталарының салып кеткен сол бір дана
жолынан адаспай жүргендіктен ХХІ ғасырға дейін
дінін, салтын, тілін,нәсілін аман сақтап келгендігі
үлкен мақтаныш.Бұл даңғыл жолдың атықазақтықтың тәрбеилеу жолы-Имандылық еді.Бұл жолға түскен
қандай бір адам,мейлі мүгедек кемшін болсын, мейлі басқа ұлт өкілі
болсын белгілі мерзім-де ұлт өкілі болып қалыптаса
алады.Қызылшаха(кей өлкеде шарана,шақалақ аталады) жәндікті
салып жібергенде «өңдеп» тәрбиелеп беретін,Тәңірі сыйлаған,
ерекше құрылымы бар, «қазақ машинасын»-ұлт өкілін қалыпптас
тыратын қазақ үрдісі дейміз.(4.,5б.)
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі ісәрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш
қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.
Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық
жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. «Адамгершілік» адам бойындағы «ізгілік», «сыйластық», «инабаттылық», «кісілік»
сөздерімен мәндес. Ұлттық тәрбиеде адамның жағымды мінез –
құлықтарын осы ұғымдардан таратады. Мұсылмандық дүниетаным
бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Алла тағала адамды
иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың
мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп
уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп
біледі. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса
қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылықтың шынайы төріне төрт нәрсе арқылы жетуге болады.
1.Аллаһтың жазуына шүкіршілік; 2.Алла тағалаға шын пейілмен
сенушілік 3.Барлық істе де Аллаға жүгінушілік 4.Сана сезіміңе
кереғар нәрсеге шыдамдылық Ақыт жырларының негізгі мақсаты –
халықты иманға, ғылымға шақырып, ел-жұртқа тағылым беру, өнеге
үйретуден тұрады. Имандылыққа шақыру мәселесі - Ақыт
шығармашлығының негізгі түйіні деп айтуға болады. Бұған себеп
ақынның кез-келген өлеңінен иманға, имандылыққа қастыты
131

132.

ойлардың мен мұндалап тұратындығында.
Қоршаған төңіректі бұлт пен тұман,Ғылымсыз
құтылмайсың тіпті мұнан.Хан-қайқы, биің-бүкір,
моллаң-соқыр,Мен
түзу
дегеніңнің
бәрі
бұраң,Ғаділет, ғылым менен өнер тілеп,Бәрінен құр
қалғанша алшы мұнан - деген өлең жолдарымен
бекемдей келіп, «бықсымас дінін күтсең түтініңіз»
- деп түйіндейді. Ақыт ұлттық және исламдық
дүниетанымды шебер қабыстырып, жасұрпақты ғана емес жалпы
жұртты имандылыққа тәрбиелеу мақсатын алға қойған. Мақсатын
жүзеге асыру үшін ол,Алтай бетінде үш жерге мешіт салдырып,өзі
де медресе ашып бала оқытқан.Ол,әуелі дінді үйрен,дін үйренсең
ғылым,білім ұғасың, көңілін таза, көкірегің ояу,хаділ де жақсы адам
боласың дейді.Онан соң,он сегіз мың ғаламның қыры мен сырын
ұқтырған ғылымды, ілім-білімді үйрен деп насихаттайды.
Мысалы:Мұсыл-манның мойнында,бес парыз деген парық
бар.Құран кітап,хадиста, бес парыз жолын анықтар. Бес парызды
білмесең, өлгенде жаның арықтар. Аз тіршілік заманда, Ислам
жолын танып қал. Алламыз- бір,құран –шын, Пайғампар хақ,нанып
қал. Ғибрат,құлшылық қылмасаң, ашылмайтын қарық бар. Соларға
еріп құр қалмай,Ислам жолын танып бар.Ислам дінін білу
сол,жаратқан хақты бір деңіз. Жоқ пен барға шүкір ғып, қарам іске
жүрмеңіз, Аз тіршілік заманда, құлшыл-ықсыз өмір сүрмеңіз. Иманкөрдің шырағы,қарайып көрге кірмеңіз! Ғылым- сәуле, нұр,
жарық.Оқымай болмас құр қалып. Термелі ғылым оқысаң, жүрегіңе
тоқысаң, Көрерсің сәуле бір жарық. Ата заңым деп қазақ,
Әр
тараптан жүр қалып. Ай мен күнді ұға алмай,Алысқа ұзап шыға
алмай,неге мәз боп жүр халық? Ақыт Үлімжіұлының «Жиырма
тоғыз қаріп өлеңіндегі» иман мәселелері ерекше талданады. Ақыт
тың «Жиырма тоғыз қаріп өлеңі» иманның мұсылман өміріндегі
маңыздылығы туралы түсіндіруден басталады. Алдымен «Әғузу
ауызға алам бір құдайды» деп Ұлы жаратушы Алланың атымен ниет
етіп өлеңін бастайды. Ақын «имансыз бұл жалғаннан өткен жанның,
түтіні қабырынан бұрқырайды» - деп адам баласын иманды болуға,
имансыздыққа ұрынбауға шақырады. Ақынның бұл өлеңі қасиетті
Құран Кәрімнің Нахыл сүресінің 106 аятындағы «... сондай-ақ біреу
132

133.

көңілін имансыздыққа берсе, оған Алланың ашуы
және оларға зор азап бар» (16.Нахыл-106) - деген
ескертуімен сабақтас келеді. Өлеңде баса
жырланатын келесі бір мәселе – иман мен амал
мәселесі. Әһли сүннет жамағатының сенім
мектебінің ғалымдары мен мен Ханафи
ғұламаларының пікірі бойынша, амал мен иман
екеуі екі бөлек нәрсе деп қарастырылады. Мұның
дәлелі ретінде Құран Кәрімдегі мына аятты келтіруге
болады: «Ал кім иман келтірген түрде ізгі іс істесе, сонда ол
жамандықтардың
артуынан,
жақсылықтардың
кемуінен
қорықпайды» («Таһа» сүресі, 112-аят). Ханафи мәзһабы, Матуриди
сенімін ұстанушы Ақыт бұл туралы:Байқарсың иман жәйін аңғарсаң
да,Иманың қабыл болмас жалбарсаң да.Иман, намаз, ораза тұтпай
барсаң,Қабыл емес, иманыңыз қаж барсаң да – деп әһли сүннет
ғалымдарының «амалсыз иман ақыретте пайда бермейді, Иманның
кәміл болуы, жетілуі, қуатты болуы - амалға байланысты» - дейтін
пікірмен бір ұстанымда екенін көрсетеді.Осының
өзінен ақ
иманипедагогиканың Ақыт қажы көзқарастары арқылы Алтайда
салтанат құрғаны ашық байқалады. Өлеңнің кіріспе бөлімінің
соңында Ақыт қажы Үлімжіұлы:Қырық парыз, жеті уәжіп
ұққаныңа,Бүркеніп ажал қоймас бұққаныңа.Иманың ақыретте азық
болар,Азықсыз ақ көйлекпен шыққаныңда - деп қасиетті Құран
Кәрімнің Таһа сүресінің «Ал кім иман келтірген түрде түзу іс істесе,
сонда ол жамандықтардың артуынан, жақсылықтарының кемуінен
қорықпайды»- деп келетін112 аятымен сабақтаса жырлайды.Демек,
Ақыт қажы Үлімжіұлының Құран Кәрім негізіндегі иман туралы
пайымдау-лары ақынның Құран аяттарын терең түсініп
тәпсірлегенін көрсетеді.
Ақыттың педагогикалық ой –пікірі туралы сөз болғанда, оның
адамтанушылық парасатын, бала тәрбиесінің ортаға байланысты
екенін дұрыс пайымдағанын айтпай кету мүмкін емес.Мысалы,
«Адам сыны»- деген толғауында, «жақсы, жаман» еркек-әйел,үлкенкішіні танып білу туралы, жаман мінезді жою жолдары
сараланады.Бұл үрдіс қазақ ақын-жыраулары мен би-шешендердің
барлығында болған еді. Ақыт,өмірлік мектептерді өз бетімен оқып
133

134.

бітірген,білімді Шәкерім атамыздай талаптанып
танып тапқан тұлға. Оның алғашқы хат танып,сауат
ашқаны ауыл молласының сабағы ғана. 1907-1908
жылдар аралығында Қобдадан шыққан қажылық
керуенімен бірге қажылыққа барып қайтады.
Сапар барысында Ақыт Мекке, Мәдина, Жиддә,
Шам, Бейрут, Измир, Одесса, Пенза, Омбы, Орал,
Семей, Зайсан қалалары мен Сауд Арбия, Ресей,
Түркия, Сирия елдерінің хал-ахуалымен, шығыс
елдерінің мәдениетімен танысып, көкірек көзі ашылады.
Ал,Шәкерім атамыз 1905-1906 жылдары Меккеге қажылыққа
барады. Бұл сапарында ол арнайы Парижге, Стамбулға барып,
олардың бай да қазыналы кітапхана-ларындағы асыл мұраларды
оқуды,тарих тереңіне үңілуді мақсат еткен.(Жанат Әуелбек) Бұл
ұқсастықтан шығатын қорытынды:Сол дәуірде,білім жетілдіру,
көтеру, өз бетімен талпынып өнер-білім игерудің бір жолы қазақтар
үшін
қажыға
бару
болған.
Білімге
талпындырып,жас
жеткіншектерді,демеп,дер кезінде көмек көрсетуді, Ақыт
имандылыққа тәрбиелеудің басы деп ұққан. «Сөзім тыңда,
балалар:Сендерде де сана бар.Бала күнде ұмтылып. Молда-лардан
сабақ ал.Тасқа басқан таңбадай,сәби күнде сауап ал.Ғылым деген бір
гауһар,ақылға-ақыл жамалар.Көп оқыса ғылымды,тат баспай жүрек
ағарар.Біз сабақты оқыдық, сендерде де - шама бар.» немесе «Атаанадан кейін-ақ,ұстаз түзер адамды.Балалы болсаң жігіттер,балаңды
бер сабаққа. Қанша жақсы болса да,Надан бала қараңғы...»Сол
дәуірде баланың көбі мектепсіз еді. «Сабақ оқып бала жүр,жетіле
алмай,шала жүр.Сабақ тұрғой намаз жоқ,аудандысы қарап жүр!»
Әсіресе адам есіне,зейініне діни білімді қалай қондыру керектігін
терең ойлап,оның амалын оңды таба білген. Иассауи бабамыз зікірді
музыкмен әрлеп өрнектесе, мұсылмандық ұғымдарды хикмет
түріндегі жырға келтірсе, Ақыт халықтың өлең-жырға
құштарлығына негіздеп,назира дастан, толғау –өсиетке айналдырып
жұртқа ұсынған.Фараби бабамыз еңбектерін араб тілінде
жазса,Иссауи араб қарпымен, түрік тілінде жазған.Ақыт атамыз төте
жазуды да,крилшені де,латын ғарпын да қолданған. Ұйғыр жазуын
да пайдалан-ан.Еңбектерін қазақтың көркем кітаби тілінде, көркем
134

135.

сөзқалыбында ұсынған. Ақыт, шығармаларында
діннің негізгі қағидаларын:нысап, нәпсіні тыю,
қайырымдылық, ғайбат сөз айтпау, кісіге қиянат
жасамау, жоқ-жітік, кемтар-ларға садақа беру,
ұрлық-қарлық жасамау, алдап-арбап, өтірік айтпау,
ата-ананы ардақтау, жетім-жесірлерді налытпау, күш
көрсетпеу т.б. жан-жақты талданып, адамдардың
тату, бейбіт қоғамдасып өмір сүруінің мызғымас
негізін көрсетеді, қоғамның көркеюіне, ғылымның заңдылығына,
білім мен нақты өмір шындығына негізделген сенім адамдардың
қолғанат көмекшісіне айналуын уағыздайды.Діни ғибадаттарды
орындау әдебіне,оның маңызына, исламның адамзат қауымына
әкелген ұлағатын жеке-жеке талдап өлең жазумен қатар,барлық
шығармаларында (қысқа өлең-толғауларынан бастап қомақты
дастан –жырларында) бұл ұстаным,әрқашан ескеріліп отырады.
Анығырақ айтқанда Ақыттың шығармалары- Құдай мен Мұхамбет
пайғам-пардың ұлылығын дәріптеп,пайғампар сүннеті,мұсылман
әдебін мүлтіксіз орындауды уағыздайды. Тағы бір,таңқаларлық
жәй,Ақыттың имани ұғым-дары түйін ойлары мақал-мәтелге жуық
келеді,әрі ғибратты сөздерге айналып кеткен.Бұл жағынан Қорқыт
ата мен Бауыржан атаның өсиет өнегелері мақал-мәтелге айналғаны
тәрізді үрдіс аңғарылады.
...Саясат-надан болсаң,құрған тұзақ.
...Тіршілік -тірегі өнер,білім.
...Өнер ғылым үйреніп,бұлбұлдайын сайраңдар.Бала оқытып
мектеп сап,Ағартып елді жайнаңдар.
...Ұлық болсаң әділ бол,шариғат ұстап кәміл бол ...Тәңір алдытаразы.
...Ақыл ойың –білімді,білім түбі-ілімді
шамшырақ.
...Шариғат жолы
...Ұстасаңыз азбайсыз-Мұхаммед Расул сүннетті.
...Сүйер достың сұхбаты-шекер,мейіз өріктей.
...Ғылым –сәуле, нұр, жарық.Оқымай болмас құр қалып.
135

136.

...Ақылсыз шынға сенбей,жоққа сенбек,
Шынды қойып өтірік өсекке ермек. Жалпы жұртқа
имандылықты игерту үшін,ең алдымен олардың
сауатын ашып,ағартушылықты кең өрістетіп,
ғылыми және діни білімдермен сусындату керек
тігін уағыздап, оны іске асыру үшін талпынған.
... Қала сал,іргені көм егін егіп.табиғат
тарпаңдаса тарығасың.Тең басқар мал мен егін
харекетін,енді оян,өнерлі елге жалынасың.Ғылым
тап,мәдениет жолын ізде,теңдіктен бүйте берсең қағыласың.Бірлік
жоқ мал артынан жүре берсең,бір күні тілсіз жауға шабыларсың.
Жүретін қам-қайғысыз уақыт кетті,басқаға енді еріксіз бағынасың.
...Дамыған елдің халқынша,оқуға адам талпынса,молайып көңіл
кетеді,оқып білім артылса.Қай жерде басы тең болар, таразыға
тартылса.Атағыңды шығаршы,білімді жұрттың даңқынша. Оқыған
жастар жарқырар,қайда жүрсе алтынша.
...Ақыл,талап,
ой.зиын.Ұғынуға болар сеп. Жалынды жүрек, жас талап,өткізбе өмір
босқа тек.
Ақыттың өмірге келуінің өзі Қорқыт атаның жарық дүние есігін
ашқан аңызына тым ұқсас,бірақ ол аңыз емес шындық.Ақыттың
әкесі Үлімжі аты шыққан бай да,би-молда да емес,үпі-тәпі дәулеті
бар,қарапайым шаруа. Үлімжінің тұңғыш алған әйелінің аты
Жібек,жантекей руының ішінде тайлақ-Бәкежан деген адамның
қызы.Жібек-ретті де салмақты,ақылды да,ажарлы, киімді өте келісті
де әсем киетін адам болған.Жібек отыз үш жасқа дейін бала
көтермепті. Ауыл жайлауға көшіп келе жатып,еру отырған бір
ауылдың тұсынан өткен кезде,сол ауылдың екі әйелінің кеңесін естіп
қалады.Бірінші әйел:«Өзі де келісті келіншек еді.Киімді де әсем
киінеді екен,қарашы,әне!,-дейді.Екінші әйел:«Өңі мен киімі неге
тұрады,әлі күнге дейін пұшпағы қанаған жоқ»-дейді екен.Мұны
естіген Жібек ауылдан сәл алыстаған соң жетектеген түйесін
шөгеріп қойын,бір қара тасты құшақтап,налып зар еңіреп,аллаға
мұңын шағып,үміт артып жылап жатып қалады.Бір заматта көзі
ілініп кеткен екен,түс көреді.Түсінде бір ақсақалды адам келіп:
«Қатты зарығып кеттің ғой.Құдай көз жасыңды көреді,балам,көзіңді
аш!»-депті.Ояна келсе екі емшегі иіп кетіп,қара тасқа ақ сүт ұйып
136

137.

қалған екен.Міне осыдан кейін ақ,Жібек бала көтеріп,
Ақыт өмірге келген.Үлімжінің әкесі Қарымсақ ақсақал
келіні Жібек бала көтермей жүріп қалған соң,Ақыт
туардан сәл бұрын,Үлімжіге Бәкеш деген қызды алып
береді.Жібек-жібек мінезді,жайдарлы,ағайын арасында
беделді болса,Бәкеш ұрт тілді,шәркеш мінезді адам
болыпты.-Сенің көнің мен келген соң жібіген,бұрын ұл тусаң қайда
жүрсің,бері әкел, баламды!-деп Жібектің қолынан баланы жөргегімен жұлып алып,өзінің қыз емшегімен емізеді екен.Сонда,Жібек: Е-е,сенің балаң. Балаңа таласым жоқ-деп күліп қана қояды
екен.Молқыларда, «ертеден қыз емшегін емген бала ақын не өлеңші
болады» деген ырым болған екен.Ауыл ақсақалдары мен
кейуаналары Ақыт Бәкештің қыз емше-гін еміп еді, өлеңші болды»деп отыратын.(А.Ғазез естелігінен )
Ақыт ағартушылық ойын іске асыру үшін бар қазақты береке
бірлікке
шақырып,
ынтымақтастыруды
ойлап,өсиет-өнеге
айтқан,үндеу жолдаған.
Қобда бетінде әулеттік мектептер
ұйымдастырған. Ақыт 1890 жылы 22 жасынан бастап, 1910 жылы 42
жасына дейін Моңғолияның Қобда өлкесі Делун ауданында қызмет
жасаған. Лайық қажы, Бардам үкірдай ауылдарында мектеп ашып,
бала оқытқан. Жуанған гүңге және басқа керей билеріне хатшылық
қызметте болған.
Әулиелігі тағы бар болған.Ел аузында Алтын
анаға.Ақмәди әкім (захирагч) бірнеше адамдарға жұлдыздама
ашқандығы, көмекші пошташы досы Қобдабайды жыртқыш
аңдардың
талауынан аман алып қалып, ажалдан арашалағаны
туралы және әлем кезіп жүріп, жанқал-тасында жалғыз тиыны жоқ
бола тура қайыр сұрамағаны туралы
талай қызық
хиқаялар,аңыздар,әпсаналар мол кезігеді.
...Адамшылық қай жақта,көз салсаңшы жан-жаққа.Береке-бірлік
құр-асаң,құт қонады аумаққа.Береке-бірлік артық іс,берекесіздіктантық іс. ...Жалқаулықтың
жарасы,көңіліңнің аласы-надандықтың наласы.Алты миллион қазақ бар,бір атаның баласы
137

138.

...Тұтас тұрып,жұмыр бол,бытырап кетпе оң мен
сол.Түгел жүріп бет қойсаң,кезікпей ме табар жол.
Тілек, жүрек бір болса,табылатын ақыл мол.Не
табасың ойлашы, қаңғырып кетсең оң мен
сол.Көрінгенге телім боп, болма қазақ,босқа
қор.Телім болған нашарға көрінгеннің бәрі
зор.Бас-басыңа
қаңғырып,бір-бірінен
айрылған,қазаққа біткен қалың сор. Айырлмасаң
тобыңнан,ел болар едің көрім боп.
Имандылықпен жұрт санасын нұрландырудың келесі жолы
имандылық ұғымын,көркем сөзбен «тұздықтап» баршаның
жүрегіне жекізуді Ақыт сенімді түрде қолға алған.
...Жұрт болайық өзгеріп,еңбексіз жүріп,емініп.әркімге көз
сүзбелік,Бір қазақтан басқаның,бәрі де жатыр өзгеріп.
....Он екі айда ораза-ден қою иман намазға.Харамнан бір сәт
тиылмай,құр тілек иман бола ма?
...Азды көпті болса да,зекетсіз мал арамды.Қылсаң қайыр
жетімге,көп тиер соның сауабы.
...Көлделең тартпа алдында,сылтау қылып сынықты.
Жаман адам өмірде, білмейді адамшылықты.Ақылсыздың ары
жоқ,адам да жоқ сиықты.Айтқаныңды тыңдамас,салбыратып иықты.
...Жігіттер,иман –қымбат,күнә-тегін.Кигізер өлген күні жеңсіз
кебін.Жатамыз қара жерге жалғыз түсіп,құлына құдай өзі берсін
жөнін.
...Ауызбен иман табылмас,жүректі түзу шын қылмай.Әулие
болмас әр адам,көңілін ашып нұр құймай. Аяулап айтқан ақыл сөз,ар
менен намыс бергендей.Түбі берік тура сөз,көздеп атқан
мергендей.Сөзге жүйрік шешен бар,аяңдамай желгендей.
...Атадан алған ақылың-Ай санаған нұсқадай.Ұжымаққа түзу
бара алмас –ғазиз жанды қыстамай.Үмітің болса ұғыңдар,кітап сөзін
тастамай.
138

139.

...Аяғыңды қажаса,былғары етік көнмен
тең.Жалғанға пайда жақсы сөз,жүрекке жаққан
еммен тең.
...Көрде жарық-иманың.Құр қаларсың одан
да,дінге наным қылмасаң.Ойласаңшы азамат,бола
ма деп жан жолдас тіріде жиған иманым.Иман
зекет,әм намаз,тілмен айтып құлақ түр.Ораза намаз
бек ұста,болмаңыздар бейнамаз.
...Бай мен жарлы теңелер,жаны бойдан шыққанда.Бай мен
жарлы бәрі бір,ақиретке барғанда. ...Ескерусіз
нәрсені
алып
жүрме олжалап, өтірік, ұрлық,өсекті,алып жүрме дорбалап,Атаанаңды сыйласаң, ұстазыңды пір тұтсаң,басыңа қонар сонда бақ.
...Арақ ішіп, зинақор,ұрлық қылған зәлімдер,жақсылық сірә көру
жоқ.Үйде
отырса
сондай
паң,бопырас(папирос)
тартып
баптанып,кеткен жоқ па бұл мінез ,іші қарнын ақтарып.Әке-шеше
мүгедек,баласынан жасқанып.Әкесі отыр балаға: -абайлап
жүр,ондайдан,- деп қана, қақсанып!
Ақыт имандылық тәрбиесіне жалпының мойнын қаншама
айтып бұрғанымен,барлығының жүрегіне жетіп, зиынына қонуы өте
шабан болат-ынын аңғарғандықтан,сол қауымдағы,сол дәуірдегі
топтардың ,қатпар-ларының ерекшеліктерін айқындап барып , әр
санаттағы адамдарға сәйкес келетін үгіт насихаттың қажет екенін
аңғарған. Сондықтан, адамдардың мінез-құлқына,адамгершілік
парқына көз тастап баға берген.Олардың ішінде көп жырлағаныәйел заты. Тәрбиелеу қазақ ілімі тарихында,әйел затының сынын
айтып,олардың ортақ табыстары мен кемшіліктерін топтап
көрсеткен адам-танушылар қашаннан болған.Мәселен Қорқыт
атамыз төртке жіктесе,Шал ақын(Тілеуке Құлекеұлы) –да төртке
бөлген.Ал,Ақан сері сегізге сиыстырған болса Ақыт хажы оларды
беске топтаған.Ақыт әйел затын,әуелі,жақсы жаман деп екіге
бөледі.Жақсы әйел туралы: ...Кей ұрғашы жарандар,еркектен артық
ақылы.Адамды білер айырып, әдеппенен сөз байлап,бек біледі
мақұлды.Анық білер айырып,алыспенен жақынды. Берсеңдағы жүз
байтал жібермейді хақыңды.Баласы жаман болмайды,шешесі болса
жатынды. Атағы жақсы қатынды,еркектен деме оны кем. Бапты
139

140.

қатын тамағы,балмен шекер асындай. Қылап
болса қатының, келтіреді сыныңды. Мінезді
болса қатының,мамық төсек көрпедей .Жақсы
қатын қояма,алған ерін риза қып,мінезімен
алдамай. ...Жаман қатын белгісі,бетіңе қарап
күле алмас,жүз жыл жолдас болсаң да,мінезіңді
біле алмас.Ер қарызы аманат,таза сақтап жүре
алмас.Мейман келсе үйіне,баласын ұрып
жылатар,орағытып құманын,от басына құлатар.
Өлшеусіз ішіп ас-суын,елден соғым сұратар.Сондай қатын ерінің
бақ-дәулетін құлатар,балаға болса шарқая,мінезі болар тез
қатар,теріс қарап теңкейіп, төсегінде ол жатар.Керегінде өз байын
құлағынан тартып оятар. ...Сараң қатын сарғайтар.Дәнін құйып
татырмай. ...Олақ болса қатының,кетіреді сыныңды...Қасаң қатын
мінезі,қойға мінген керіктей ...Бошалаң қатын қимылдар,кешкі
күнді ертедей. ...Ақымақ болса қатының, көпшігі жоқ ермен тең.
Қаһарлы болса кәрі енең,күнде соққан борандай.Баласы оның жүреді
жадырап бойын жаза алмай. Қарғысшыл болса кәрі қатын,баласын
қарғап озаңдар.Байы кәрі жас қатын,таныған соң шамасын,күнде би
боп қожаңдар. Ақыттың бұларға айтқан өсиеті: ...Ораза, намаз
ұстаңыз, жамандықты тастаңыз.Күн шығарып тұрмаңыз,ер әмірін
бұрмаңыз.Өтірік ,өсек қумаңыз, шалқар түсте тұрмаңыз. Біреу өсек
сөз айтса,оған көңіл бұрмаңыз.Күйеуіңе жағыңыз , өлгенше сыйлап
бағыңыз.,өтер күнің қаша ма, болса дәулет-бағыңыз.Үлкендерден
бата алып,әдепті келін аталып,көп сауапты табыңыз. Ата-анаңмен
керіспе, жамандық қуып теріспе. Біріңмен бірің өш болып,кер
биедей тебіспе. Күндесіңмен ұрыспа,абысынмен жұлыспа.Ала
көзбен қараспа, жоқ нәрсеге таласпа.Жамандыққа ермеңдер,бұрыс
жолмен жүрмеңдер.Әдепті болсаң жарайды,әдебіңе қарайды.
Ыржиып күлсең біреуге,ойыңды бөтен санайды.Жалғанда күтпей
дініңді, өлгенде көрме ғазапты!Жігіттер жайын,олардың мінез-құлқына,болмыс-бітімін бажайлап жеті топқа бөледі. Адамтану қазақ
ілімінде,бүгінгі жантану ғылымындағы адамдардың темпераменті
тұралы ұғымынын,бастамалары осы бір жіктеу, топтаудан
басталғаны анық. Адамтанушы Шал ақын жігітті үшке топтаса, Ақан
сері он үшке жіктейді,Ақыт қажы жетіге жеткізеді. ...Әуелі бір жігіт
140

141.

бар,мінез күткен.Асықпай әрбір іске сабыр
еткен.Білгенін ішке сақтап қарауылдап,ілгері бағын
сынап үміт еткен.Басқасы олай-бұлай сөз сөйлесе ,
тыңдайды абзал жігіт ойға жеткен.Жақсылық пен
жамандық тең бе екен деп,сынатып ақылына қисап
еткен.Екінші бір жігіт бар шапқан аттай,аптығар
жүрегімен ақыл таппай.Желіккен нәпсіні тимай
шіркін надан,зырылдар жерге қойса-жұқа тақтай.
Үшінші бір жігіт бар тақылдаған, «Тең құрбы өз көңілмен жоқ-деп
маған. Өзіне
керекті сөз келмей тұрып,асаудай мінілмеген
сақылдаған.Төртінші бір жігіт бар таудан асқан,зор кеуде,үлкен
мінез әуел бастан.Бетімен бейпіл сөйлеп көп алдырған.өсірген атаанасы бала жастан. Бесінші бір жігіт бар тұйықтанған, алакөз қалың
шашты миықтанған.Өзіне өз білгенің жөн демесе,қорқылдақ,шошқа
мінез сияқтанған. Алтыншы бір жігітке келді сөзі,Тоң мінез
тоқырайған болады өзі.Адамға айбат қылған айдаһардай,қараса қас
қақпайтын екі көзі.Жетінші бір жігіт бар сөзі келген,әр түрлі әр
адамға мінез берген.Қой жайып,қоңыр өгіз мүйізін түйіп, қоржын
сап,құрт қайнатып,тезеқ терген.Бұларға Ақыттың айтқан өсиеті;
...Жігіттер иман- қымбат, күнә тегін,кигізер өлгеннен соң жеңсіз
кебін. ...Жатамыз қара жерде,көрсетеді,құлына құдай өзі бар
екенін.Намаз тұтпас надан бар,ақылсыз жігіт аптығып, арсыз жауды
жеңгендей.Кейбір жігіт сөйлейді, гу-гу еткен көріктей,қолынан іс
өнбейді.шамасы жоқ өліктей. Ұйқысы көп кей жігіт, жерден басын
көтермес,жаңа толғақ жеріктей. Бір құдайдан басқаға,бас кессе де
бас ұрма!Ұяттан өлмей ер жігіт,өсек сөзді тасыр ма?
«Жаным,жаным» десе де,жат қотырын қасыр ма?Жігерің болса
жігіттер жігіңді бөліп ашыл ма! ...Құдай берген ғұмырды босқа
өткізіп не
етесіз.Иман,намаз болмаса бас бірікпес шекесіз.
Ораза,намаз- баласы, Иман оның анасы.Сыйлаған ұрпақ қор
болмас,ата менен анасын.Қисық ағаш тұрмайды,ағашшының
тезінде.Тар адамның ақылы,көріп тұрған көзінде.Жаман адам
ойлайды жалғыз қарын тоқтығын.Айрылмастай жинайды сұм
дүниенің боқтығын. ...Қатты сақтан, жігіттер,пәре беру алудан.Пәре
берме кісіге,үміткер болсаң жаныңнан.Бір Алладан басқаға,дұрыс
емес жалынған.Жеті есе төмен кәпірден,дінін беріп кәпірге,дүние
141

142.

үшін бағынған., ...Түбінде құдай жеткізер,ойлай
берсең алалды.Жүрегіңді тат басар,істей берсең
харамды.Халал менен харамдық, құдыретше
жаралды.Күнә,сауап екі жол,екі орынға барады.
Сауап орны- ұжмақта,күнә орны-тозақта.
Ақыт хажы отбасылық имандық тәрбиесіне
отағасының тура өзі жауапты екендігін
түсіндірумен
қатар,әке
міндетін
ерекше
анықтап,бала мен жардың тәрбиесіне жұрт алдында, тіптен
Жаратқанның алдында жауапты екендігін баса айтады. «Жігіт
болсаң ақылды,тәрбиелеп таза өсір,бала менен қатынды.» «Ғылым
сөзін көп тыңда,көрсең жақсы ақылды. Қайырың болса қыла
жүр,бірдей көр алыс жақынды. Бағады әркім малын аз да
болса.Сүйеді өз баласын таз да болса. Қатын бала қамы үшін,ары
таза жаны үшін,ақыл,қайрат жұмсай біл,ұрпақтардың бары үшін.
Ораза-пітір бермей қабыл болмас, малыңнан зекет бермей
тағы
болмас. Садақа қайыр беріп дін күтсеңіз, ұрпаққа үмітпенен
үйретсеңіз, боласыз періштемен иман жолдас.»Бүгінгі таңдағы кей
әкенің қатын, бала алдындағы беделі мен әулеттегі орнын пайымдау
үшін Ақыттың осы ұлағатының көмегі тиері даусыз. Имандылықа
тәрбиелеуде Ақыт ұлттық ғұрып,салттың тәрбиелік маңыз-ына,оның
жойылып кетпей сақталуына, ұлттық әдепті ұлағаттап,әулет
мектебінде оның игерілуін үнемі қадағалап отыруды міндеттеген.Әдепсіздер мен көргенсіздерді қатал айыптап, оларды ар
алдында - жауап беруін талап еткен.
...Жақсы бала ер жетсе,елінге пана қорғаны.Жаман болса ер
жігіт,жасқа жетпей алжиды. Қырық жасқа келгенде, ұйқылы-ояу
маржиды. Әдепке көндір балаңды, жақсылық қайыр жолда-сың,
сыйласаң ата-анаңды.Өзіңді күтер артқы жан,өзің күтсең
ағаңды...Әдепті болсаң-иман сол, өнерлі болсаң–жиған сол.Жас
өспірім, құрбылар,арамнан алып малданып,жын шайтанға алданып,
жалғанда күнә қылмашы, дүние-жолдас деген деп, көрінгенді жесем
деп,мұсылман дінін бұзбашы. Ұлық болсаң әділ бол,шариғат ұстап
кәміл бол.Елдің ғұрпын жұрт білсін,бәрін де жайғап таныр бол.
Басқалардан көнерек,керейдің әдет-ғұрпы бар.Оны ұмытпа есіңе ал.
...Әдеппен өсір жамағат, қызың болса тұлымды.Қараша надан
142

143.

демеңдер, қарашасыз хан бар ма?Қарашада жақсы
әдеп бар, жан сүйіп бәрі,мадақтар.Әдебі жоқ
әйелдер,әркіммен
күлер
ыржақтап.
Ұятсыз болса қыз бала, кемпірдей сөйлер
тайсалмай.Долы
қатын
сөйлейді
атасына
шаптығып.Көйлек киер жаман қыз,етек жеңін
емермей.
...Тиымы жоқ тілінің,қызың өсті
тұлымды.Жас қатындар сайрандап, еркекке таман
тайраңдап, көрініс беріп көлделең, қасқайып қарап қоймаңдап, еркі
қолға тиген соң,қуанады жайраңдап. Қынама киіп қылтиып,құйрығы
шығып бұлтиып, омырауы ашылып,шашы бұрқырап шашылып,өңірі
қашып тыртиып. Қазақ әдебі -тым асыл,тым биязы.тым әсем.
Иманды жан-әдепті.Ақыт үшін бұл екеуін айырып жіктеу артық.
Сондықтан Ақыт хажы ұлықтардың, байлардың, билердің,
молдалардың әдепті қылықтары мен мінездерін саралап жырлайды.
Оларға жеке-жеке жыр арнайды.Ең соңында, жалпақ жұртты соңына
ертіп,имандық нұрымен баршаны бақытқа апаратын осылар деп
танып,имандылық тәрбиесін игертуді және іске асыруды соларға
жүктейді.Әсіресе билер мен молдаларға ерекше сенім артады.
Дереккөз:
1. Ғ. Ақытұлы. «Ақыт Үлімжіұлы» атты «Қазақ тарихындағы әйгілі адамдар» ұласпалы
жинаққа енген еңбек: Алматы: «Мұсылман баспа үйі», 2008ж.
2.А.Үлімжіұлы шығармалары. 4 том. Шыңжаң халық баспасы-2015
3.А. Үлімжіұлы. Шығармаларының толық жинағы: екі томдық. – Кония, 2011.
4. Ұлттық тәрбие үрдісі
Қарағанды. 2014
5.Ақыт хажы
Ғахылия
Бай-Өлке 1994
6. Ә.Марғұлан Ежелгі жыр аңыздар
Алматы 1985
7.Адамтану қазақ ілімі
Қарағанды
2016 . Адамтану қазақ ілімі - online presentation
en.ppt-online.org›471976
8. Имандылықты жалпақ жұртқа жайған ғұлама - collegy.ucoz. ru›11-1-0-23717
9.Иманпедагогика. Иманипедагогиканың мәні - презентация...ppt-online.org›594035
10.Имандылыққа баулу қазақ ілімі - referatikz.ru›
11. Иманипедагогика » Қазақстан ұстаздарына арналған...sabaqtar.kz›bayandama/32509
143

144.

9.Иманипедагогиканы орнықтырған ғұлама
«Бәрін айт та, бірін айт Өнер менен білім жоқ,
Білімсіз қазақ, күнің жоқ. Күн көретін түрің жоқ.
Өзіңді, өзің зор көріп, Басқаларды қор көріп, Мен
қазақ деп жүрсең де Білімсіз, надан болған соң Бір
тиындық
пұлың
жоқ.Білімсіз
халық
ел
болмас.Болған елмен тең болмас,Құлдықтан басы
арылмас.Тілек, қоңыс, бостықпен Кеңшілік ерік
алынбас,Көктен
рахмет
жауылмас.
Жерден
жәуһәр
табылмас.Дүниеде сәнді ел болып, Болғандармен тең болып,Тұруға
керек адамдық, Керек емес надандық» – деп тебірене жырлаған
көрнекті ойшыл ақын ,ұстаз, ,қазақ даласында имани педагогиканың
іргесін бекітіп орнықтырған ғұлама ғалым Ғұмар Қараш болатын.
Ғұмар Қараш – ағартушы. Ол қазақ халқын өркениетті елдердің
санатына көтеру үшін өзінің көзқарастары мен ой-пікірлерін
халықты жаппай ағартушылыққа, білім, өнер мен ғылымды
меңгеруге шақыруда аянып қалмады. Оның шығармаларының
барлығы сол заманның көкейтесті, зәру мәселелерін ашып көрсетуге
талпынған, олардан шығу жолдар-ын іздестірген. Ағартушы
ақынның Неден қорқам?, Көреміз бе?, Келер ме екен?, Күн туды,
Алаш азаматтарына атты туындылары шын жүрегімен ұлтын, елін,
жерін сүйген, халқының тағдырын ойлаған азаматтың терең
тебіреністерден туындаған өлеңдер екендігі айқын. Ғұмар Қараш –
жоғары діни білімді ақын. Оның қоғамды өзгертуге бағытталған
ойлары дін мен шариғат заңдарына негізделіп, дін халықты
имандылыққа, өркениеттілікке жетелейтінін дұрыс ұғынған,осы
жолда аянбай еңбек еткен ғұлама. Шариғат заңдары мен дін
талаптарынан туындайтын имандылықтың негізінде қалыптасқан
тақуалық, ар-ождан қасиеттері дағдарысқа ұшыраса, онда
мемлекетте қылмыс пен теріс қылықтар көбейеді. Ғұмар дін және
шариғат заңдары ғылым мен өнердің дамуына еш кедергі
болмайтынын ғылыми негізде дәлелдейді. Ақын Өрнек деген
кітабында адамның әрбір істеген немесе істейін деп жүрген
ғамалдарының баршасына түп негіз ығдиқат деген нәрсе
болатындығын айтады. Иманның негізінде ізгі ғамал (іс) болып
табылады, ізгі іс дегеніміз жақсы істі жақсы болғаны үшін істеу.
Атақ үшін, мақтан үшін, істелген іс немесе Алла тағалаға деп оқыған
екі рәкат намаз үшін мәңгілік сауап күту – мойында-мау ғибадаттың
144

145.

рухын жоятын бір әдепсіздік деп танытады. Алланың
көрсеткен жолымен жүрмесе халық ұлт ретінде
жойылатындығын баяндайды [1, 42 б.].Сол қоғам
тұрғысынан қазақ даласында патша үкіметі сайлаған
молдалар тарапынан сопылар саудагерлер қаптап
келе бастады. Бірі халыққа ислам дінінің
қағидаларын түсіндірсе, екіншілері халықтың діннен
хабарының аз екенін пайдаланып, жалған діниғұрыптарды орындау арқылы, өздерінің тұрмыс жағдайын түзеп
алуға
тырысқан
алаяқтар
көптеп
кездесті.
Осындай
келеңсіздіктердің бой көрсетіп тұрғанын ақын қинала да қынжыла
айтады.Ғұмар Алланы ғылым арқылы тануға ұмтылған ойшыл, яғни
исламдағы ғылыми ғақли бағытын ұстанған. Алланы тану ислам діні
бойынша пайғамбар арқылы тану болмақ екені белгілі. Ол Алла мен
адам арасын жалғастырушы күш махаббат деп білген. Оны
"Махаббат" өлеңінен байқауға болады: Махаббаттың ұрығы, Болса
көңілің ішінде,Адамшылық жемісі,Өсер көктеп ісіңде.Махаббатсыз
есіліп,Жүрегіңе қонбайды.Жолдас етіп шешіліп,Не жарисың
мұндайды.Ақын бұл өлең жолдарында Алланың ақ жолына түскен
адам адамшылықтан шықпайтындығына меңзейді. Ғұмар Қараш
махаббатты адам басындағы нашар қылықтардан арылатын күш
екеніне сенген. Алла шындық деп ұққан, ал осы шындықты халыққа
жеткізуші пайғамбардың тұлғалық болмысындағы даралықты,
даналықты жоққа шығармайды.
Ғұмар оқу-білімді ең алдымен азаттыққа, бостандыққа қол
жеткізудің негізі деп түсінген. Ғұмар халықты оқу, өнер үйрену
арқылы оянуға үндеген ағартушы, әлемге «ойлы көзбен» қараған
философ, жас ұрпақ тәрбиесіне ұлт тілінде, «Педогогика» еңбегін
жазған және тұңғыш педогогикалық «Мұғалім» журналын
ұйымдастырып шығарған ұстаз ғалым.Ғұмар қазақ қоғамының
әлеуметтік – экономикалық, және саяси мәселелерін шешуге
белсене араласты. Ұлттық мәні бар саяси-әлеуметтік және мәдени
мәселелерді көтеріп шешуде мерзімді баспасөздің атқарар
қызметінің маңыздылығын Ғұмар жақсы түсінді. Сондықтан да
ол Шәңгерейдің
басшылығымен Елеусін Бұйрин, Бақытжан
Қаратаев, Ғабдолғазиз Мусағалиев сияқты қазақ қайраткерлерінің
қосшылығымен «Қазақстан» газетінің шығару ісіне көп күш
жұмсап,баспасөз бетінде жалпы ұлттық мәселеледі көтеруге
ұмтылды.Ғұмар қазақ елінің өркениетті жолға түсуі үшін міндетті
145

146.

түрде ғылым мен білім ең өзекті мәселе екенін
алға тартады. Ол туған халқын оқу-ағарту ісіне
насихаттауда өлшеусіз еңбек сіңірді.Ғұмар жалынды, жарқын патриот. Ол өз ұлтының
мерейін көтеруге қызмет істеп, өз ұлтының
болашағын ойлап, тілдің маңызын айқындап
берген. «Тіл –айна. Оның ішінде бүтін халықтың
тұрмысы түсіп тұрады. Ең әуелі ана тілі керек.
Егер ана тілін білмесең онда сен бұл ұлттың
баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт
білігін ала алмайсың» , - деп тұжырады кемеңгер.
Ғұмар Қараш 1875 жылы Бөкей Ордасындағы Қырқұдық
деген жерде (қазіргі Орал облысы, Казталов ауданы) сіңірі шыққан
кедей шаруаның әулетінде дүниеге келген. Әкеден жеті жасында
жетім қалады.Жастайынан өз халқының фольклорлық бай
қазынасына құштар болған ол небір жыр, киссаларды ой-санасына
сіңіріп өседі. Сол заманның талабына сай орта дәрежелі діни білім
алады. Жалпақдаладағы Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алып,
сол басқарған медресені бітіреді. Осы ғылымды жетік меңгергені
соншама, иман, ал одан кейін ахун дәрежесіне ие болады. Өзі
басшылық еткен мешітте медресе ашып, қазақ балаларының сауат
алуына біршама ат салысады.1902-1910 жылдар аралығында
медреседе оқитын шәкірттерін жаңа Жадит тәсілімен оқуды қолға
алып, біршама жетістіктерге жеткен. Оқушыларды тез арада сауатын
ашып, арабша, қазақша, татарша және орысша жазылған
басылымдарды оқуға мүмкіндік алған. Мұндай батыл реформалық
іс-әрекет дүмше молдалар мен шынжыр балақ, шұбар төс үстем тап
өкілдеріне ұнамай «ислам дінін бұзып, қазақ балаларын орыс
қылды» деген айып тағылды. Бірақ, көкірегі ояу азаматтың мақсатмүддесі жергілікті зиялы қауымнан қолдау тауып жәдидше оқытуын
әрі қарай жалғастырды. Ғұмар жастайынан-ақ өлеңдер шығарып, ел
аузындағы әдеби мұраларды жалғастырды. ХХ ғасырдың бас кезінде
қазақ даласына тарайтын – арабша, түрікше, татарша, қазақша
басылымдарды оқып, заман дәуір жайын оңға бастайды, ол әдеби,
тарихи пәлсапалық кітаптарды іздеп жүріп оқыды. Сөйтіп, ислам
діні қағидаларын жетік білген Ғұмардың енді дүниелік ғылымдардан
да хабары болады.
1907 жылдардан бастап, қазақ, татар тілдерінде шығатын газетжурналдарда мақалалары мен өлеңдерін жариялады. Ол елдің
146

147.

өміріне араласып, халық мұратын көздейтін істерге
белсене араласады. Ғұмар Қараштың саяси
көзқарасының
қалыптасуына
1905-1907
жылдардағы бірінші орыс революциясы өлшеусіз
әсер етеді. Ол татар тілінде шығып тұрған
«Ульфат», «Шура» сияқты мерзімді баспасөздерде
бірнеше мақалалар жариялап, онда қазақ
қоғамының көкейтесті мәселелерін шешудің
жолдарын қарастырды. Ғұмар білім алған аясы медресесінен бастап,
өмірін ғылым жолында өткерді: арабша, парсыша, түрікше, орысша
тілдерді білді, бай кітапханасы болған.Ғ.Қараштың өзінің тіркеу
парағында «қазақша жоғары білімі, ал орысша тек ғана сауатты
болды», - деп өз қолымен жазған. Бұған қарағанда Ғ.Қараш ауыл
медресесімен шектелмей, жоғары мектепте тиянақты білім алған.
Ислам діні үйренген біліміңді халыққа жаюға, ел ішіне таратуға
үндейді. “Шәкіртке үйретіп, алған біліміңнің ақысын бер” дейді.
Дініміздегі ең жақсы амалдардың бірі ретінде бір сағат өмірің қалса,
оның жарты сағатында өзің үйреніп, қалғанын біреуге үйреткенің
құптарлық іс саналады. Міне, Ғұмар да Ислам дініндегі осы амалды
басшылыққа алып, оқуын аяқтағаннан кейін елге келіп, бала
оқытумен айналыса бастайды. Қараңғы қазақ балаларының
көкірегіне білім нұрын сеуіп, жарыққа шығармаққа ұмтылады. Өз
шәкірттеріне тек діни білім ғана емес, заманауи пәндерді де оқытуға
тырысты. Бұл туралы ғалымның туысы әрі шәкірті болып келетін
Хакім Әжікеев: “Ғұмар жадид оқуды ол күнде медресе деп аталатын
өз мектебіне енгізіп, фән сабақтарын жүргізіп, әсіресе, орыс тілі,
табиғат, жаратылыс пәндеріне өте-мөте көңіл бөледі екен. Баста
татар мұғалімдерін ұстап, орыс тілінде содан оқытып, кейін орыс
мұғалімін де ұстаған кезі болды. “Бұл пәндер дінде жоқ, дін бұзатын
фәндер” деуші молдаларды “Құранда Құдайдың өзі “құл сиру
феларзи фаңзуру”, бұл “Жер дүниені кезіңдер, ондағы әрбір
жаратылыстың таңғажайып нәрселеріне ой жүгіртіп қараңдар” деген
емес пе? Ал енді солай болса, бір адам қанша жиһанкез болса да
дүниенің бір бұрышын айнала алмайды. Жағырафия ғылымын
жақсы білгендер дүниені кезіп айналып шыққандай болады да,
жаратылыс ғылымын білгендер әр ықлимде жаратылыстың түрліше
құбылыс жағдайларының өзгеше болатын себептерін үйде отырыпақ көріп, біліп отырады” деуші еді”, - деп жазады. Ғұмар Қараш
жәдид оқуды ол күнде медреседе деп аталатын өз мектебіне енгізіп,
147

148.

пән сабақтарын жүргізіп, әсіресе, орыс тілі, табиғат,
жаратылыстану пәндеріне өте-мөте көңіл бөледі
екен. Ғұмар Қараш оқу үрдісінде хат таныту
әдістерін үйретіп, қараны дұрыс таныту жолын,
онымен қатар мағынасына түсініп, мәнерлеп оқуға
өлеңді сөздерді әнге салып оқып, әнге үйретеді,
соған жаттықтыруды тапсырып отырған. Пән
сабақтары
ішінде
жаратылыстану,
табиғат,
жағырафия сабақтар-ының оқыту әдістеріне тоқталып, оларды
түсіндіріп оқытуға тырысатын. Оның сол уақыттары жарық көрген
кітаптарынан да, қарапайым мақалаларынан да діни пайымының
тереңдігін, шариғат іліміне жетіктігін, өзгеше ой иесі екенін байқап,
бағамдауға болады. Мысалы,
“Ойға келген пікірлерім” атты
пәлсапалық ой-толғамдарында: “Бір тәңірден басқа бар нәрсе өліп,
өзгеріп тұрмақ та. Сол себептен адамзаттың және оның түйсік-сезімі
де ылғи да бір халден екінші халге өзгеріп тұрады”, - деп жазса, 1911
жылы “Шора” журналының 17-санында жарық көрген “Игілік және
жақсылық” атты толғамында Ғұмар Қараш сопыларға араша түсіп:
“Құрметті Ләтіп әпенді, сіздің маған жазған хатыңызда: “Бұл
заманда сопылар көбейді, бірақ олардың қарапайым халыққа
ғибраты шамалы, керісінше, сопылар мен мүридтер көбейген жерде
ұрлық, қиянат, жалқаулық, құмар ойнау, ішімдікке берілу сияқты
пасық істер көбейе түсетіні неліктен?” деп сұрапсыз. Әпенді мырза,
пасықтықтың түп-тамыры ғылым-білім, оқу-ағарту істерінің пайда
болуымен байланысты емес, сопылардың надандығының зиянды
әсерінен. Надан сопылар сөзінің халыққа ғибраты жоқ. Шын
сопылардың уағыз, насихаттары халыққа пайда келтіретіндігіне
күмән жоқ”, - деп жауап беріп, рухани жақсылық пен материалдық
жақсылықтың аражігін ажыратып береді.
Ғұмар Қараш өлеңдері де, ғылыми мақалалары да ұлтты
сүюге, оған қызмет етуге бағытталды. “Отан және ұлт реформасы”
мақаласында ол: “Отанға, ұлтқа қызмет ету жоғары мансапты яки
бай адамдарға ғана міндетті емес. Ниеті, ықыласы дұрыс болса, жәй,
орташа адамдар да Отанға қызмет ете алады. Әр кісінің өзіне тиісті
борышы бар. Әркім шамасы жеткенше қолынан келген істі атқарса
болады. Жәй адамдар өз міндеттерін адал атқарса, ол күрделі, ұлы
істердің бітуіне үлкен септігін тигізген болар еді”, - деп, барлық
адамның ұлтына қызмет етуін міндеттейді. Сонымен қатар, ұлтына
өз заманында ұлтына ең керекті нәрсенің не екенін айқындап беріп,
148

149.

қазір де шешімін таппаған білім-ғылым, ана
тіліміздегі кітап тапшылығы мәселесін көтеріп:
“Қазіргі уақытта кітаптардың аздығынан білім ала
алмай, істеріміз дамымай, ұлттық тәлім-тәрбиеміз
тығырыққа тірелуде. Демек, қазіргі заманның
байлары мен мырзалары мешіт, медресе имамдары
ғылым менен ағартуды дамыту үшін өздерінің
қаражаттарын аямай жұмсайтын болсын. Әсіресе,
мұғалімдер бұл іске қатты кірісіп, ғылым кітаптарын ана тілімізге
аудару және кітаптар сатып алып бастыру, баспаларды көбейту,
газет-журнал шығару істеріне атсалысуы керек. Ал қазір, бұдан
артық маңызды іс жоқ”, - дейді. Енді бірде “Келешек дегеніміз үміт,
сенім екеніне дау жоқ. Әр адам, әр ұлт, әр халық өз келешегіне қожа
болуы үшін ең алдымен өздеріне сенуі керек”, - деп болашаққа үміт
артады, сенім білдіреді әрі өзгелерді де сенуге шақырады. Жоғарыда
айтылғандай, Ғұмар Қараш – ұлт идеясын көтеру мен елдіктің
мәселесін талдап-таразылауды бірізді және жүйелі жазған қаламгер.
Ол XIX ғасырда мұсылмандық Шығысқа ерекше серпін берген
Мысыр мүфтиі Мұхаммед Абду мен пәлсапашы Жәлелатдин
Афғани реформаларынан хабардар еді. Мысалы, ол "Ойға келген
пікірлерім" атты фәлсафалық еңбегінде (1910) Мысырда оқыған,
бірақ ізденгісі келмеген бір мұғалімге: "Рух туралы төрт кітап
оқығаннан гөрі, Мұхаммед ҒабдудыңБақара сүресі туралы тәфсірін
оқығаның дұрысырақ шығар", - деп айтқанын жазады. Әлбетте,
Ғұмар бұл жерде басты ислам кітаптарын оқыма деп тұрған жоқ.
Оның айтпағы - канондарды таптауырын етпей, тазарту һәм тарату
турасында болып отыр. Осы ретте рухты оңалту мәселесін түбірлеп
зерделеген Ғұмардың ойлары аса бағалы. Санаткер «Өрнек»
аталынған еңбегінде (1911): «Адамдар әр ісінде Алланың көрсеткен
жолымен жүрмесе, яғни себебіне кіріспесе, ыждағат етпесе, ғылымөнер үйреніп, орнына қолданбаса, ол адам иман келтіріп, бой
ұсынған болып шықпайды. Бұл екпей егін күту һәм әкесіз перзент
үміт ету секілді нәрсе», - дейді.«Шора» журналында жарияланған
мақалаларына мұсылман дінінің рухани өрлеудегі маңызы,
имандылық пен ар - ождан тазалығы арқау болған. «Ар - ождан сенімнің өлшемі» мақаласында (түрік тілінен аударған М.Шафиғов)
«Адамзат баласы бойындағы ең қажетті сезім - ар-ожданы. Арожданның негізгі мақсаты ақтық пен нақақты анық айыру, бір
нәрсені өтірік мақтамау, не оны жалған жамандамау. Демек, әрбір
149

150.

жағдайда да ар - ождан биік тұруы керек. Сонда
ғана оның қасиеті жоғары болмақ» деп ар-ождан
қасиетін биік қояды. Ақынның мұндағы ойтолғамы Хазрет пайғамбар ғалайһыссаламның ар,
ұятқа байланысты бұйырған Хадистеріндегі
адамгершілік қағидаларымен ұштасып жатыр.
Халифа Алтай атап өткеніндей, «Ислам дінінде де
әдептіліктің, ұяттылықтың елеулі орны бар.
Сондықтан мұсылман адамдардың ар, ұятқа ие болуы шарт. «Ұят
тұрған жерде иман тұрады» деген мақал текке айтылмаған. Ар, ұят
тұрған жерде әдеп те тұрады. Адамнан ұят кетсе, арсыз болады.
Арсыз адам әр нәрсеге ұрынады. Көрінгенге тіл тигізеді, ұятсыз адам
өзінде ар-ұят болмағандықтан басқаның намысын қорлаудан
тартынбайды. Оның үшін хазрет пайғамбарымыз ғалайһыссалам
ұятқа байланысты көптеген Хадис бұйырған». Ғұмар Қараш «Дін
Исламның жақсылықтары жайлы Яхуди пайғамбарларының
көзқарастары» мақаласында (татаршадан аударған М.Шафиғов)
«Шариғат пен дінге байланысты көптеген еңбектерде ислам дінінің
негізі Құран Кәрим мен Хадис екендігі аян. Ислам дінінің бұл
негіздері ғылым ретінде мойындалған. Шындығында, ислам діні бұл
дүние туралы да, ол дүние туралы да жинақтап, басын қосқан дін.
Осылай деп түсінгеніміз дұрыс. Сол себептен ислам дінінің тек
ахирет үшін ғана емес, бұл дүние үшін де маңызы бар» деген келелі
толғанысымен діннің қоғамдық ілгерлеудегі мәнін ұғындырады.
Мұның өзі дін мен ғылымды қатар ұстау барысында кемел адам,
кемел қоғам орнатуды көздеген ақынның ел мұратымен астасып
жатқан
жәдитшілдік,
миләтшілік
ұстанымын
көрсетеді.
Т.Жұртбайдың «Исламият пен түркі тарихындағы жәдидшілердің
заман сахнасына шығуы кездейсоқ құбылыс емес. Дін тарихы таным тарихы. Ал танымда тоқырау болмауға тиісті. Ол да
адамзаттың даму сатысымен қоса жаңа баспалдаққа көтеріліп,
қоғамның ішкі заңдылығына байланысты бағыт - бағдарын анықтап,
уағызын соған орай жүргізуі парыз» деген пікірі түркі әлеміндегі
осындай кемел істе Ғ.Қараштың да биік тұғыры бар деуге негіз
болады.
Ғұмар Қараш шығармасынан ислам дініне тағылған айыптардан
тазартуды алдына мақсат етіп қойған көктен түскен кітап көп ойшыл
Ғұмардың:"Терең ойлап, тесе тексергенде һәр нәрсе де болған
150

151.

секілді-ақ, шариғаттың да ресімі бар. Һәм рухымақсуды бір. Шариғаттың ресімін, сынын-сымбатын
кешіп пішетұғын һәрбір замандағы мұжтаһад ғұлама
ийіті болып, ғылым фәқа деген шығарылып фәқай
мұғәбәр фәтуә кітаптары таралып, ел-жұрт
соныменен ғамал істейді. Һидәия, уәқая, Қазыхан
сияқты мұғтабар китаптары болды. Әрине бұлардағы
айтылып кесіліп-пішілген нәрселер біреуі де мәңгілік
емес. Һәр уақыт адам баласының халі, тіршілігі, заманы өзгерумен
бұлар да өзгеріп тұрады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманалардың
өзгеруіменен хәкімдер өзгереді деген сөзінен мұрад, осы
шариғаттың ресімі сын-сымбаты өзгеруі.Шариғаттың рухы мақсуды Құран шәрифте баян етіледі, бұл мәңгілік, бұл ескірмейді,
тозбайды. Бұл рух түрлі заманда түрлі сүгіреттелсе де, өзі саф таза
балқып, көңілі соқыр емес адамдарға көрініп тұрады. Бұл рух мұнан
мың жыл бұрын қалай болса, хазірде де солай, құранның мәңгілік
жол басшысы болуы осы жөніменен" - деуінен ақынның Алла жолы
мен пайғамбар жолының арасын бөліп көрсетіп отырғанын анық
аңғарамыз. Оның өз дүнитанымында Алла шексіз, мәңгілік есебінде
қаралады, бірақ пайғамбар әулиелер жөнінде жақсы ойлар айтып,
белгілі бір тұжырымдарға келген. Жалқаулықты, бос жүрісті
тастағанын,Орынсызға дәулет мүлкін шашпағанын.Керек жерде
бойды балап қашпағанын,Тірлікте көзімізбен көреміз бе?Әулие деп
көрінгенге бас ұрмауын,Дін деп қорқып ақиқатты жасырмауын.
Ешнәрсені өлшеуіне асырмауын, Тірлікте көзімізбен көреміз бе?Өз
жеріне шыққан кенді өзі алғанып,Әдемілеп айқыш- үйқыш жол
салғанын.Еуропаның өнерінен үлгі алғаның,Тірлікте көзімізбен
көреміз бе? - деген өлең жолдар-ынан көрінгенге әулие деп бас ұру
надандық деп тапқан. Сондықтанда, әулиелік жолдың бағытын
дұрыс біліп барып ғана, оған тағзым етуге шақырған.Ғұмар Қараш
әулиелік жол бар, бірақ барша халыққа айтылған жол әділдік,
рақымдылық жолда болуды ұсынған. Алла сүйіспеншілігіне жетем
деп сопылық, әулиелік жолға түсудің дұрыс еместігін айтқан. Барша
халық сопылық, әулиелік жолды қаласа, онда Алланың адал
парызын кім орындайды деген болатын. Дүниеде жақсылық пен
жамандық қатар тұрғанда адамның таңдау еркіндігі өзінде, дін
адамның өзіне таңдау яғни, еркіндік береді. Бірақ, осы еркіндікте дін
деп ақиқатты жасырмауға шақырады.Ғұмар Қараш ақиқатты осы
нақты дүние, тіршілік деп білген. Сондықтанда ақын адамдардың
151

152.

күнделікті тіршілік барысында жақсылыққа да,
жамандыққа да бой алдыртып жататындығын
қалыпты жағдай деп түсіндірген. Ғ.Қараш қаламынан
тәрбие тақырыбы да тыс қалмайды. Ол өзінің қыз
тәрбиесіне қатысты ойын “Заманымыздың бір
оқымыстысы: “Кісіні әрбір осалдығынан ұяты ғана
тияды. Кісі өлтірмек, шіркеу бұзбақ, ойнас қылмақ
және басқа әртүрлі жаман істерді істеу жеңіл, ол
әркімнің қолынан келеді. Егер бұл істерге ұяты ара тұрмаса” деген
еді. Бұл - өте бір дұрыс сөз. Демек, осы жоғарыда айтылып өткен
қағидаларды тұта алмағандықтан ислам халқы, әсіресе, Россиядағы
түркі халықтары өзінің қатын, қыздарын мықты ұстайды. Бірақ,
мықты ұстаған сайын бұзақылық өсіп бара жатыр. Оларды ақыл-ұят
арқылы ғана ұстауға болар”, - деп жеткізеді.
Ғұмар Қараштың ағартушылық, жасампаздық қызметінің
алғашқы кезеңінен бастап, оның дүниетанымында зор төңкеріс
жасаған адам Жәңгір хан немересі, қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр
басындағы көрнекті тұлғаларының бірі – Шәңгерей Бөкеев. Нұғыман
Манайұлы «Ғұмардың оянуына бірінші себеп 1905 жылғы төңкеріс,
Ресей мұсылман оқығандары арасындағы жәдидшілік қозғалыс
болған болса, екінші жағынан оның оянуына қамшы болып тікелей
жетекші болған Шәңгерей», - дейді.Нұғыман Манайұлы осы
пікірмен Ғұмардың ағартушы, ұстаз, қаламгер азамат ретінде
қалыптасуында шешуші роль атқарған басты-басты үш себепті де
қамтып өткен. Рас, «Ғұмардың саяси бетіне, пікіріне үлкен өзгеріс
кіргізген 1905 жылғы төңкеріс», - екендігін айтады.Алайда бұл
қозғалыстың Ғұмар тектес жаңашылдар үшін саяси мәнінен гөрі
ағарту, рухани саладағы реформаларға мүмкіндік әперген маңызы
басым еді.
1917 жыл көптеген зиялылар сияқты Ғұмар өмірінде де ең
күрделі, ең маңызды, ең қайшылықты кезең болды. «Ғұмарды екінші
көруім 1917 жылы Бөкейліктің орталығы Ордада» - деп еске алады
20-жылдардың қоғам және мемлекет қайраткері, кейін әділет
министрі Шафқат Бекмұхамедов. Сол жылы май айында Бөкей
қазақтарының жалпы съезі болды. Съезде оншақты Бөкейліктердің
имам-молдалары болып, съезд президиумына Ғұмардың үстінен
арыз түсірді.( 1.Манайұлы Н. Шәңгерей. Алматы, 1934, 31бет.)Арызда отыз шақты кісі қол қойған. Олар ірі байлар, имаммолдалар, өтініштері – Омарды съезден қуу, (Мен съездің
152

153.

президиумында едім). Олардың айтатыны: Ғұмар
қазақшылықтан, мұсылманшылдықтан шыққан
адам, ол орысқа сатылған, дінді сатқан «кәпір» ол
орыс миссионерлерінің агенті, сондықтан оны
бұл съездің маңайына да жуытпау керек, абақты
салу керек, - депті. Әрине съез Ғұмарды
имамдарға бермеді, арыздарын қостамайды,
Ғұмарды көтеріп, оны Мәскеуде өтетін Ресей
мұсылмандарының жалпы съезіне өкіл етіп
жіберді. Ғұмар съезде имам-молдалардың
реакцияшыл қара күш екенін, ғылым, мәдениет жолына олардың
бөгет болып отырғанын, көпшілікті оқыту, жастарға өнер-білім
керек екені туралы сөйледі.
Уфа кезеңі Ғұмар өміріндегі азаматтық ағартушылықшығармашылық жалынға толы, көтерілу, серпілу жылдары болды.
«Қазақ», «Сарыарқа», «Ұран» газеттерін, өлең, мақалаларын жазып
тұрды. Уфадағы діни басқарманың бай кітапханасында отырып,
«Педагогика», «Қара» және «Қан мен жан» дейтін үш еңбек
дайындайды.
Халыққа қызмет етуді өмірінің мақсат-мұраты санаған азамат
ақын 1918 жылы елге нақты қызмет ету, әлеуметтік-ағартушылық
өмірге белсене араласу жолына ойысады. Сөйтіп, туған елі
Жәнібекке келеді. Ортадағы педагогикалық техникумда сабақ
береді.
1918 жылы 24 қыркүйекте болған Бөкей губерниясы мұғалімдерінің
съезіне және 1918-1920 жылдарда өткен сол губернияның
кеңестерінің І, ІІ, ІІІ, ІҮ съезіне делегат болып қатысады. Ғұмар
Қараштың 1920 жылы 21 маусымда ІІ Бөкей губерниялық партия
конференциясында пленум мүшесі болып сайлануы, үгіт-насихат
бөлімінің меңгерушісі болып бекітілуі – ағартушы қайраткерге
халықтың үлкен сенім артқандығын көрсетеді.
1918 жылғы 2-қыркүйекте Бөкей губерниясының мұғалімдер
съезі ашылды. Съездің жұмысына Ғұмар Қараш та белсене араласты.
Съезде ұлттық мектептер, мектептен тыс мекемелер жөнінде
мәселелер талқыланды. Ауылдарда жаңадан 90 мектеп ашу
белгіленді. 1919 жылы қаңтардың 3-нен 17-сіне дейінгі аралықта
Бөкей облысы мұғалімдерінің екінші съезінде Ғұмар Қараш 11
мәжілісті Ғұмар басқарып отырды. Съезд ағарту саласында
бағдарламалық, ұйымдық мәні бар бірсыпыра шешім қабылдады.
153

154.

Мұғалімдер съезінің қаулысы бойынша мектептер
ашу туралы 4 кісіден тұратын комиссияның
құрамына Ғұмар Қараш, Нұғыман Манаев,
Ғабдолғазиз Мусағалиев, Шәкгерей Бөкеев
сайланды.1919 жылы «Мұғалім» атты тәлімтәрбие ғылыми пән журналының редакциялық
алқасын басқарған. Бұл тұңғыш қазақ кеңес
педагогикалық
журналы
еді.
Ғ.Қараштың
«Педагогика» атты еңбегі Уфа қаласында жазып, кейін алғашқы
«Мұғалім» журналының бірнеше санында жарияланған. Ғ.Қараш
«Мұғалім» мұқабасына эпиграф түрінде: «Тіл көңілдің ақылшысы,
Ілім – жарық, жанға ұя. Білім – бақтың басқышы, Қараңғыда жол
қия,- деген шумағын шығарған.Оның 1910-1918 жылдарда Қазан,
Үпі (Уфа), Орынбор қалаларынан «Ойға келген пікірлерім», «Бала
тұлпар», «Қарлығаш», «Өрнек»,«Тумыш», «Бәдел-хажы», «Аға
тұлпар», «Тұрымтай» сияқты өлең кітаптары мен прозалықфилософиялық толғаныстары жарық көрді.Сонымен қатар ел
аузында жүрген ақын, жыраулар мұрасын, эпостық жырларды
жинап, жариялауда елеулі істер атқарды. Қазақстанныңбатыс
өңіріне тараған батырлық жыр мұраларды жинастырып, 1910-1912
жылдары Орынбор қаласынан «Шайыр», яки қазақ ақындарын басты
жырлары», «Көксілдер», яки бұрынғы мырза ұлы һәм ноғайлы
батырлары уа ғайри мағыналы жырлар» деген екі жинақ шығарады.«Шайыр» жинағына Байтоқ, Жанұзақ, Доспамбет, Қазтуған,
Шәлгез,Әсет, Шәңгерей шығармаларын, шешендік сөздер мен «Ер
Шобан»,«Әділ сұлтан» сияқты жырларды – жиырмадан аса әдеби
мұраны топтастырған. бәрі бүгінгі таңда жас ұрпаққа имани тәрбие
беру,оларды имандылыққа баулу ісінде орасан зор мәні бар тәрбие
құралдары екендігі даусыз. (Амал қанша білім жүйесіне еңгізілмек
тұрғой ғылыми айналымға толық түсіре алмай келеміз.) Ғұмар
Қараш XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласына кең тараған
«Айқап», «Мұғалім», «Шора» журналдары мен«Қазақстан», «Ұран»,
«Дұрыстық жолы», «Қазақ дұрысты-ғы» сияқты газеттерде сол
дәуірдің көкейкесті мәселелері хақында өлеңдер мен мақалалар
жариялап,мерзімді баспасөз бетінде жиі көрінеді. Ол баспасөзді –
қараңғы қазақтың көзін ашатынжалғыз шырақ, құрал деп түсініп,
күні-түні қызмет етті. 1911 жылы «Қазақстан» газетінің
алғашқысанында жарық көрген «Газет деген не зат?», «Газет не
үшін керек?» атты мақалаларында Ғұмардыңағартушылық мұраты
154

155.

анық көрінеді. Ғұмар Қараш – мерзімді баспасөз
беттерінде халқының көкейкесті мәселелері жайлы
үзбей жазған қаламгер. Мақалаларында көтерген
мәселелері де сан түрлі болып келеді. Қаламгер Бұ
қай заман? атты мақаласында ғылым мен өнерді
тереңірек түсіндіруді мақсат етеді. Ақын бірнеше
дүниелік пәндерді атай келіп: Бұл пәндерді
оқудағы мақсат – оларда баян етілген қағидалардың мағынасын
біліп, қолданып, адам баласына түрлі жақтардан пайда келтіру
болады – дейді, - Бұларды арабша оқып біл, фарсыша оқып біл,
түрікше оқып біл, ия болмаса французша оқып біл – бәрібір тек
мағынасын жақсы біл де, халыққа пайда келтір - дейді. Демек, Ғұмар
Қараш білім, ғылымды қай тілде болмасын меңгеріп, сол білімді
халықтың пайдасы үшін қолданудың қаншалықты маңызды екенін
түсіндіргісі келген. Ойшылдың ерекше көңіл бөліп, толғаған
мәселесі – ұлт және ана тілі. Ол патша өкіметінің қол астындағы
ұлттардың мәдениетін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын жойуға бағытталған
саяси әрекеттерін ашына айтады. Ғ. Қараш: Тіл болмаса ұлт
болмайды. Яғни, ол ұлт жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі керек.
Егер ана тілін білмесең, онда сен сол ұлттың баласы емессің. Ана
тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса,
онда әдебиеттің болмайтындығы өзінен өзі белгілі. Әдебиеті жоқ
ұлттың өнері де өркен жаймайды. Білім-өнері болмаған ұлттың ұлт
емес екендігіне дәлел. Осы сөздерден кейін Ғ. Қараштың өз ұлтын,
тілін, дінін қаншалықты құрметтегені айтпаса да түсінікті [2, 21б.].
Ақынның шығармашылығына тереңірек үңіліп қарайтын болсақ,
оның сол кездегі әртүрлі тақырыптағы маңызды мәселелерді
көтергенін көреміз. Сонымен, Ғұмар Қараш – көрнекті ақын, халқын
өнер мен білімге, берекелі ел болуға шақырған ағартушы, діншариғат, имандылық жолын берік ұстанған ғұлама ақын, өз
заманындағы көкейкесті мәселелерді баспасөз беттеріне үзбей
жариялаған қаламгер. Бұл сөзімізге Ғұмар Қараштың өмір жолы мен
артында қалдырған еңбектері дәлел бола алады.Әрине, кеңес өкіметі
билік құрған жылдары Ғұмар Қараш – тыйым салынған тұлға, оның
шығармашылығы – жабық тақырып болды. Тек 1988 жылдан бастап
қана оның өмірі мен қызметін ашық зерттеуге жол ашылды. Әйткенмен, арада өткен ширек ғасырда әлі жарық түспеген ақтаңдақ көп.
Ғұмар 1917 жылғы ақпан төңкерісіне және «Алаш» партиясына
үмітпен қарайды. Оның 1918 жылы
«Тұрымтай» жинағында
155

156.

жарияланған «Көреміз бе?», «Келер ме екен?»,
1918 жылы 22 қаңтарда «Сарыарқада» жарық
көрген «Алаштың азаматтарына» деген арман
мен үмітке толы өлеңдері осы кезеңде жазылады.
«Революция басталған кезде Ғұмар Қарашев
Уфада болатын. Ол сондағы муфтиаттың (діни
мекемелер орталығы) IV бөлімін басқарды. Бөлім
міндеті – медресе шәкірттері мен жоқ-жітік
балаларға жәрдем беру, оларды оқыту шараларын
ұйымдастыру еді» – деп жазады Салтанат Ысмағұлова «Қиын и да
сұлу тағдыр» атты мақаласында («Жалын» журналы, №3,1989 ж)
1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Ғұмар Орынборда өткен
жалпы қазақ съезіне шақырылып, сонда тартымды баяндама
жасайды. Сәбит Мұқановтың «Омар – Алашорда партиясының
үкімет молдасы болды» дегені оның осы кезеңін меңзей айтылған
сөз. Сәкен Сейфуллин де «Тар жол, тайғақ кешуде» «сиез
төрағасының төрт серігінің бірі – Омар Қарашұлы» деп кесіп
айтады. Ғұмар өмірінің осы кезеңіндегі көңіл күйі оның 1918 жылы
жарық көрген «Тұрымтай» жинағындағы «Көреміз бе?», «Келер ме
екен?» өлеңдерінен
байқалады«Халыққа қызмет етуді өмірінің
мақсат-мұраты санаған ақын 1918 жылы діни мансабын біржола
тастап, елге нақты қызмет ету, әлеуметтік өмірге белсене араласу
жолына ойысады. Сөйтіп, туған елі Жәнібекке келеді. 1918 жылғы
24 қыркүйекте болған Бөкей губерниясы мұғалімдерінің I съезіне
және 1918-1920 жылдарда өткен сол губерния кеңестерінің I,II, III,
IV съездеріне делегат боп қатысады. Съездерде жарыссөзге шығып,
өз пікірін ашық айтады. Ол осы жылдарда жаңа кезеңді
насихаттайтын «Екеуі екі басқа» мақаласын,«Дұрыстық жолы»,
«Жаңа жыл құтты болсын» сияқты өлеңдерін жазады» дейді
«Замана» жинағында Қ.Сыдиықов.Оқырман «бір кездері молда
болған, шариғатқа жетік Ғұмар Қараш енді қызыл коммуниске
айналып, өзінің ішкі қағидаларына қарсы шыққан екен» деген ой
түймеуі керек.Ғұмар Қараш – әрқашан да өз ұлтының жанашыры
еді.Оның әр қызметі – ұлтының табанына ұлтарақ болып, бір
қажетіне жарауға ұмтылу болатын. Большевиктер сапына кіріп,
кеңес жұмысында жүрген Ғұмарды қызыл казактардың бандасы
Ефим Панченко бастаған тобыр 1921 жылы 12 сәуірде Құнаншапқан
деген жерде қылышпен турап өлтіреді.. Ал Ғұмардың есімі Сәбең
айтқан “Алашорда партиясының молдасы” деген атпен мәңгілік
156

157.

жазылып
қалды.Ғұмар
Қараштың
ағартушылық және имани ілімі тек ислами
педагогикасына негізделген жоқ классикалық
педагогикасымен ұштасып,Ыбырай атасының
қазақ мектептерінде имани тәрбие берудің
жаңашыл бағытымен қабысып, иманипедагогиканы жаңа белеске көтерген еді.Ғұмардың
педагогикалық тұжырым дарына нақты
бірнеше мысал келтірейік.
Уфа кезеңі Ғұмар өміріндегі азаматтық
ағартушылық-шығармашылық жалынға толы, көтерілу, серпілу
жылдары болды. «Қазақ», «Сарыарқа», «Ұран» газеттерін, өлең,
мақалаларын жазып тұрды. Ғұмар мұрасын зерттеуші М.
Тәжімұатов ақынның 1917-1918 жылдары қазақтан тұңғыш рет
Ресей мен Сібір мұсылмандары Діни басқармасының қазиы болып
жұмыс істеп әрі осы жылдары Уфа кітапханасында отырып,
«Педагогика», «Қара» және «Қан мен жан» дейтін үш еңбек
жазғанын айтады. Ғалым «Қан мен жан» еңбегінің қолжазбасы
табылмағаның, журналдың «Педагогика» жарияланған әзірге № 2
және № 7 сандары табылғанын, онда еңбектің ортасынан соңына
дейін басылғанын ескертеді.Біз сол еңбектің төмендегі үзіндісін
ұсынамыз. «...Ерікті тәрбие ететін үш жолдың екеуі қысқаша
айтылып өтті. Енді үшіншісі туралы сөз болып отыр. Ол үшінші жол
дегеніміз- үйрену жолы. ( Ақыл-ой тәрбиесі туралы Мінез,
мінездің ішкі себептері туралы Тәрбие туралы Өсектеу, сын
тағу туралы Ұят туралы Жастарды теріс мінезден
сақтандыруы туралы . Отбасы тәрбиесі Тәрбиедегі үйрену,
жазалау, түсіндіру әдісі туралы Тәрбиедегі үйрену әдісі туралы
Тәрбиеде сананы қалыптастыру әдісі туралы Мамандықты
дұрыс таңдау
туралы)
1.Тәрбие туралы.
Әрине, тұрмыстың жұмбағын һәм
тұрмыстың мақсатын тауып шешу, бұл түбінде тек білімнің
еншісі болып шықпайды,түптің түбінде оларды шешетін
білім,ақыл емес, жақсы тәрбие деп өзінің Әл-Фарабидің
көзқарасын қолдайтындығын білдіреді. Солай да болса Ғұмар
Қараш педагог ретінде білімнің орнының жоғарылығын атап
көрсетеді. білім ерікке дұрыс жолды көрсетеді,бұл арқылы ерік
өзінің жаратылысына сәйкесетін нәрселерді таңдап алады деп
белгілі бір білім саласына қабілеттің орнының ерекше екендігі
157

158.

туралы жазады.
2. Ғ.Қараш ақыл-ой тәрбиесі туралы
Баланың ақылының бірте – бірте
өсетіндігін, осы мезгілде баланың пікіріне
жолбасшылық ету керектігін, бірақ бұл –
тәрбиенің басты бір жұмбағы екендігін
айтады. Ғұмар Қараштың бұл пікірі қазіргі
ғылыми педагогикадағы ақыл – ой тәрбиесі
туралы ғылыми білімдермен ұштасып жатыр.
Тәрбиенің басты бір жұмбағы деуі баланың ақыл-ой жұмысына
басшылық етудің қиындығын ескерткені. Дұрыс мінезге
әдеттену деген – үгітті тыңдау, жә болмаса, мінездің он ережесін
жаттаумен шектелмейді деп тек сөз арқылы тәрбиелеудің
жеткіліксіздігін айтады. Оның әдетті тудырып, дұрыс тәрбие
етпейтіндігін жазған. Бұл жерде дұрыс жолымен мінезді үйрету
үшін баланың жаңа өсіп келе жатқан ойшылдығына, еркіне
белгілі шекте жолбасшылық ету керек деген дұрыс тұжырым
жасайды.
3. Ғ.Қараш мінез, мінездің ішкі себептері туралы Ғұмар
атамыз адам баласының істерінің, мінездерінің түрліше
болуының себептерін ашуға шақырады. «Түпкі себептеріне
тереңнен түсініп, хабардар болып тұру, тура жолды табуға,
адамшылықтың жетілуіне, мінездің тазалығына ұлы себеп» –
деп ғылыми пікір қалдырған. Жаңылыс жолға кірген залалды
мінезге даулы еріктің, ұятсыздықтың қанша әсері болса, адам
қылығының себебіне түсінбеу, пікірдің тайыздығы бұ да сонша
әсер береді – деп терең тұжырым жасаған. Бұл ғұламаның
педагогика классиктерінің еңбектерін пайдалана отырып, қазақ
болмысына икемдеп айтқан ғылыми пікірі деп есептейміз.
4. Ғ.Қараштың жастарды теріс мінезден сақтандыруы
туралы .
Адам істейтін жұмысын аудара қарап, көз жұмып
істегендіктен, көбінесе өзіне, ия басқаларға зиян етеді. Айталық,
адамда жастық күші бар, мұны ойламай, жеңілдікпен орынсыз
жұмсаудан адам кейде өзінің саулығын жояды, кейде бүтін
өмірін жоюға душар болады. Көп кісі бұны баста елемейді де,
кішкене ғана жұбаныш деп ойлайды,егер жүйрік дәрігердің бұл
турадағы баяндамаларын тереңнен түсінсе, бұл істің түбі
адамның өмірін картаға қоятынын біліп кірісер еді. Міне, басқа
жұмыстар турасында да ойсыздық-пікірсіздіктің ойнайтын ролі
158

159.

аз емес. Бұл қазіргі қоғамдағы кейбір теріс
ағымның жетегінде жүріп, шалыс басқан
жастардың құлағына алтын сырға іспеттес.
Тіпті жастарды тәрбиелеуге дәрігер-лерді
кеңірек
қатыстыру
туралы
тың
пікір айтқан.
5. Өсектеу, сын тағу туралы .Ақын, педагог
өсектің шығу тегіне сипаттама береді және осы жаман әдеттен
баланы сақтандырудың кейбір жолдарын ұсынады. Бұл туралы
«Педагогика» еңбегінде «Баста жаман ойменен емес, жеңілдікке
беріліп,біреудің көңілсіз жағын айта салады, ол біреуден біреуге
беріліп, өсіп, жалғаса-жалғаса ажарсыз түске кіретінін елемейді.
Мұндай істерден әдетте туатын нәтижелерді балаға көрсету,
әрине, тәрбиеші әр уақыт ауыздықтай алмаса да, ерте бастан
баланың жинақты,әдепті болуына себеп болады» –деп
тәрбиешілерді баланың сөзге үйір болмауын қадағалауын, оған
жол бермеуін ескертеді.
6. Ғ.Қараш ұят туралы Екінші жұмбақ-ұяттың пайда болуы.
Мінез туралы дұрыс жолға қойылған үйрену өмір тұрмысының
қиындығы туралы тура пікірді меншіктеуге әсер етеді. Бұл
үйрену адам баласына шын бақыт мақсатын береді, басы,
тұрмысы хақында белгілі бағытта берік сенім орнатады,ол
арқасында адамның өз тұрмысының мақсаты шектелетін,
сезілетін халге келеді.
7. Отбасы тәрбиесі «Бір үйлі жанға түрлі- түрлі міндет
артылады: әкенің жұмысы, міндеті бір түрлі, баланың міндеті
тағы бір түрлі, шешенің міндеті үшінші түрлі. Осылар өз
міндеттерін кемшіліксіз жеріне келтіріп тұрса, отбасының
тұрмысы тәртіпті болмақ –деп отбасы татулығының бала
тәрбиесіндегі аса зор маңызын атап көрсетеді.
8. Ғ.Қараш тәрбиедегі үйрену әдісі туралы Үйрену арқылы
адам тұрмыстың зердеге қойған нәрселерін таңдап, ақиқатқа
сәйкескенін алуға қолы жетеді. Аяғында адамға қайсы істі істеу
тиіс, қайсы істі істеу тиіс емес екенін айырып, әрбір жұмысыңды
сынап,бақылап тұратын бір күш, бір хал пайда қылады. Мұны
«Ұят» деп атайды. Бұл үйрену, үйрету жолы кімнің тарапынан
істеледі? Деп сұрақ қояды да оған Ақынның өзі «Шүбә жоқ, бұл
жолды басқарушылар - ата-аналар, мұғалімдер»- дейді. Баста
көздеріне көрсетіп, бұдан соң мүмкін болуынша басқа да
159

160.

жолдарменен реттеледі. Көріп отырғанымыздай
бала тәрбие-сінде бірінші орынға ата-аналарды,
үлгі – өнеге әдісін қояды.
9. Ғ.Қараш тәрбиедегі үйрену, жазалау,
түсіндіру әдісі туралы Үйрену ретін көрсетеді:
баста бірте-бірте ашық баяндап кеңейтіп,
баланың ақылына сіңетін, қызықтыратын,
тыятын, түзететін сөздер. Үгіт кезінде ұрсу, жекіруге
болмайтыныдын ескертеді. Бала жаза тартып болысымен оны
дұрыс мінезге үгіттеуден сақтануға шақырып, оның тиімсіздігін
ескертеді. керек. Баланың жазадан кейін көңіл –күйі болмай
тұрғанда оны жақсы мінезге үгіттеу жақсы сөзге жиіркенуден
басқа ештеңе бермейді деп жазады. Баланың ашу толқыны
басылған соң, тыныш уақытта ол уақиғаға қайта оралып, оған
ақыл айтуға болады деп баланы жазалау шарттары тақырыбын
да көтерген. 10. Ғ.Қараш тәрбиеде сананы қалыптастыру әдісі
туралы. Баланың қателігін бетіне баса бермей, қоршаған
төңірегіндегі бір уақиғаға тіреп айту әсерлірек болуы мүмкін.
Баланы неғұрлым өзінің балалық намысына тиместей
тәрбиелесе, соғұрлым жұғымдырақ келеді. Үйретуде бірде
көрсетіп, бірде жаттай түсіндіріп, баланың ақыл шегінің өсу
шамасына қарай тұрмыстағы істерінде бала мінезін тексеріп
отырудың тиімділігі туралы жазады. Сөйтіп Ғ.Қараш бұл жерде
баланың санасын қалыптас-тыру әдістерімен қатар, мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, ынталандыру әдістерін
кешенді қолданудың тиімділігін дәлелдеген.
11. Ғ.Қараш мамандықты дұрыс таңдау туралы «Кей
мезгілде адам пікірі көпке дейін бір ананы, бір мұнаны істеуге
кірісіп жүрсе де, біріне де көңіл тоқтата алмайтындығын,
ақырында бір жұмысқа тірелгенде көңілі жай тауып, « Менің
іздеп жүргенім осы еді» дейтін шекке келеді. Ақылдың
жолбасшылығымен өзін тексеру, жұмыста ашық көрсету
ретімен болғанда ғана ақыл ерікті мұндай адасулардан
құтқарады» – деп жастарға мамандықты дұрыс таңдаудың
негізгі жолын көрсетеді. (Ғ.Қараштың «Педагогика» атты мақаласындағы
тәрбие туралы тағылымдары (Орындаған: Маркс Армангүл МарксқызыЖетекшісі:
Нұрашева Гүлнар Сырым-қызы) баяндамадан алынған үзінді.)
12.Ғұмар
Қараштың көсем сөздері
мен терең ойлы
недагогикалық
тұжырымдары.
160

161.

Атамекен адамның ата-бабаларынан бері
қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан
жері. Туған жерге қатынас - адамның
адамшылдығының, ізгілігінің, парсатының
көрінісі.Туған жер – адам үшін оның ел жұрты,
құт мекені, туған шаңырағы ата –ана, балашаға, жар қосағы, ағайын, бауыры, дос-жараны,
солармен бірге көретін жалғанның қызығы мен бақытының
тұрағы өлгеннен кейін де ұрпақтарына жар болып жататын
киелі топырағы.Ноғайлы ер туысқан елім екен,Кір жуып кіндік
кескен жерім екен.Суы бал оты секер қайран Борсы.Ордалық
кең орнаған көлім екен.
Ғұмардың ар - ождан қасиеттерді санаға сіңіріп, жеке
адамды қалыптастыру арқылы, мемлекетті нығайту,
өркениетті деңгейге көтеру идеяларының мазмұны мен
мағынасы бүгінгі күні де өзінің мәнін жойған емес.Ғұмар
«Теңдікті қаза-ғымда бір ел болып, Қатарлас басқа жұртпен
тұрар мекен», «Тыңда, қазақ сөзімді, Білім, өнер қаруың,
Құралданып бойыңа. Жігер жиған қылышың, Ғибрат ұстап
қолыңа, Әзірлен, қазақ, Әзірлен, Тіршілік деген соғысқа» , деп қалың елді болашақ үшін күреске шақырған.
Қаламгер Бұ қай заман? атты мақаласында ғылым мен өнерді
тереңірек түсіндіруді мақсат етеді. Ақын бірнеше дүниелік
пәндерді атай келіп: Бұл пәндерді оқудағы мақсат – оларда баян
етілген қағидалардың мағынасын біліп, қолданып, адам
баласына түрлі жақтардан пайда келтіру болады – дейді, Бұларды арабша оқып біл, фарсыша оқып біл, түрікше оқып біл,
ия болмаса французша оқып біл – бәрібір тек мағынасын жақсы
біл де, халыққа пайда келтір - дейді. Демек, Ғұмар Қараш білім,
ғылымды қай тілде болмасын меңгеріп, сол білімді халықтың
пайдасы үшін қолданудың қаншалықты маңызды екенін
түсіндіргісі келген.
Ойшылдың ерекше көңіл бөліп, толғаған мәселесі – ұлт және
ана тілі. Ол патша өкіметінің қол астындағы ұлттардың
мәдениетін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын жойуға бағытталған саяси
әрекеттерін ашына айтады. Ғ. Қараш: Тіл болмаса ұлт
болмайды. Яғни, ол ұлт жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі
керек. Егер ана тілін білмесең, онда сен сол ұлттың баласы
емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт
161

162.

білімі
болмаса,
онда
әдебиеттің
болмайтындығы өзінен өзі белгілі. Әдебиеті
жоқ ұлттың өнері де өркен жаймайды. Білімөнері болмаған ұлттың ұлт емес екендігіне
дәлел. Осы сөздерден кейін Ғ. Қараштың өз
ұлтын, тілін, дінін қаншалықты құрметтегені
айтпаса да түсінікті .
Ғұмар Қараш өлеңдері де, ғылыми
мақалалары да ұлтты сүюге, оған қызмет
етуге бағытталды. “Отан және ұлт реформасы” мақаласында ол:
“Отанға, ұлтқа қызмет ету жоғары мансапты яки бай адамдарға
ғана міндетті емес. Ниеті, ықыласы дұрыс болса, жәй, орташа
адамдар да Отанға қызмет ете алады. Әр кісінің өзіне тиісті
борышы бар. Әркім шамасы жеткенше қолынан келген істі
атқарса болады. Жәй адамдар өз міндеттерін адал атқарса, ол
күрделі, ұлы істердің бітуіне үлкен септігін тигізген болар еді”, деп, барлық адамның ұлтына қызмет етуін міндеттейді.
Сонымен қатар, ұлтына өз заманында ұлтына ең керекті
нәрсенің не екенін айқындап беріп, қазір де шешімін таппаған
білім-ғылым, ана тіліміздегі кітап тапшылығы мәселесін
көтеріп: “Қазіргі уақытта кітаптардың аздығынан білім ала
алмай, істеріміз дамымай, ұлттық тәлім-тәрбиеміз тығырыққа
тірелуде. Демек, қазіргі заманның байлары мен мырзалары
мешіт, медресе имамдары ғылым менен ағартуды дамыту үшін
өздерінің қаражаттарын аямай жұмсайтын болсын. Әсіресе,
мұғалімдер бұл іске қатты кірісіп, ғылым кітаптарын ана
тілімізге аудару және кітаптар сатып алып бастыру, баспаларды
көбейту, газет-журнал шығару істеріне атсалысуы керек. Ал
қазір, бұдан артық маңызды іс жоқ”, - дейді. Енді бірде “Келешек
дегеніміз үміт, сенім екеніне дау жоқ. Әр адам, әр ұлт, әр халық
өз келешегіне қожа болуы үшін ең алдымен өздеріне сенуі
керек”, - деп болашаққа үміт артады, сенім білдіреді әрі
өзгелерді де сенуге шақырады.
Ғұмар Қараштың дүниетанымынан сопылықтың алатын
орнына келетін болсақ, оның негізгі арнасын қамтитын
сопылық бағыттың екі жолын бөліп қарастырған ын атап өтуге
болады. Шын сопының, халыққа берер пайдасының мол
екеніне ақын еш күмән келтірмейді. Ақын дүниетанымында
шын сопылар үшін дүние, ғұмыр мәнсіз емес ақиқат болып
162

163.

келетіндігін баяндайды. Оған ақынның мына
өлең жолдары дәлел болады:"Ождан" деген
көңілдіңТөресіне
айтады.Ождан
түбі
Алланың Бұйрығына қайтады.Ғамал етсе
кім де кім Шыны ождан бойынша Ешбір
уақыт ол адам Бұйрығынан Алланың
Адаспаса керек-ті. Осы ғана адамныңАқылы
тауып жеткені,Ақылдылар халыққа Ашып
баян еткені.Мұнан ары озуға Адамның тайы
келмес-ті.Тайы келмес нәрсеге Хәлін біліп
адамзат Қатыспауы керек-ті.
Ғұмар Алланы ғылым арқылы тануға ұмтылған ойшыл, яғни
исламдағы ғылыми ғақли бағытын ұстанған. Алланы тану
ислам діні бойынша пайғамбар арқылы тану болмақ екені
белгілі. Ол Алла мен адам арасын жалғастырушы күш махаббат
деп білген. Оны "Махаббат" өлеңінен байқауға болады:
Махаббаттың
ұрығы,Болса көңілің ішінде,Адамшылық
жемісіӨсер
көктеп
ісіңде.Махаббатсыз
есіліп,Жүрегіңе
қонбайды.Жолдас етіп шешіліп,Не жарисың мұндайды.Ақын
бұл өлең жолдарында Алланың ақ жолына түскен адам
адамшылықтан шықпайтындығына меңзейді. Ғұмар Қараш
махаббатты адам басындағы нашар қылықтардан арылатын
күш екеніне сенген. Алла шындық деп ұққан, ал осы шындықты
халыққа жеткізуші пайғамбардың тұлғалық болмысындағы
даралықты, даналық-ты жоққа шығармайды.
1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін ол “Алаш”
партиясының құрамына толықтай кіріп, оның болашағынан
зор үміт күтіп, 1918 жылы “Тұрымтай” жинағына кірген
“Көреміз бе?” атты өлеңін жариялайды:Жарық жолға
бастаушыға ереміз бе,Ақ жүректі шын ерлерге сенеміз бе?Таза
қанды, кірсіз қанды қазақ жұрты,Өз алдына ел болғанын
көреміз бе?Өз жеріне шыққан кенді өзі алғанын,Әдемілеп
айқыш-ұйқыш жол салғанын,Еуропаның өнерінен үлгі
алғанын, Тірлікте көзімізбен көреміз бе?“Алаш” атты орда
құрып шалқығанын,Бақ-дәулеті туып-өсіп балқығанын,Әрбір
істе қазақ иісі аңқығанын,Тірлікте көзімізбен көреміз бе?
Ақынның бұл өлеңінен үкілеген үлкен үмітін, асыл арманын
байқауға болады. Оның Алаш зиялылары қатарында жүріп
жазған “Неден қорқам?”, “Көреміз бе?”, “Келер ме екен?”, “Күн
163

164.

туды”, “Алаш азаматтарына” деген секілді өлеңдерінен
ұлтшылдық сарынымен қатар,халық тағдырын ойлаған
перзенттік тебіренісін байқаймыз.
Дереккөз:
1.Таирова Б. Л. Ғұмар Қараштың философиялық көзқарасы //
Алматы, 2007.
2.Қараш Ғ. Замана. Алматы: Ғылым, 1994.
3.М. Тәжімұраттегі. Біз білмейтін Ғұмар Қараш // Ана тілі. 1991. 18
сәуір
4. Созақбаев С. Ағартушы ақын – Ғұмар Қарашев //Жұлдыз,1993.
№4.
5. Ысмайылов Е. Омар қарашев // Алматы ақшамы,1990ж,30 қаңтар.
6.Алаш зиялыларымен бір тудың астында © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz
7. Алаш зиялыларының имамы” атанған Ғұмар...adebiportal.kz›
8. Ғұмар Қараштың педагогикаға қосқан үлесі kopilkaurokov.ru›Литерат 1502›…
9.Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары. - Қазақша...
sites.google.com
10. ҒҰМАР ҚАРАШ inform.kz›kz/gumar-karash_a2222589
11. Ғұмар ҚАРАШ (1875-1921) danaqaz.kz›barlyk-nomirler/2013/34/item/104-…
12. ҒҰМАР ҚАРАШ iph.kz›doc/ru/508.pdf
164

165.

Имандылыққа баулудың алтын арқауы,асыл өзегі
Қазақ-өткенді қадірлеген,жаңаны байыптаған, болашақты
болжап бағдарлаған дана халық.Ежелгі ескі заманнан бастап күні
бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы: отбасы,әулет,ауыл,атару,тайпа,топ,одақ,ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай
отырып, елдікке жетіп, аты әйгілі мемілекет құрып, Ұлы Дала
кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне,текті,
байырғы қауым. Мемлекеттің шаңырағы бір де биіктеп,бір де
шайқалып, скифтердің тұңғыш патшасы Торғытайдан бастап, қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын
судай сапырылған сақ, ғұн, түркі,оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар
тауарихын найзаның ұшымен ғана емес,ақыл-парасат күшімен
де,ұрпақ тәрбиелеу ісімен де,ұлағатты үлгі өнегелі сөзімен де, «кісі»
болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап,
бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті.Қазақтың тәрбиелеу ілімі
қалыптасып, дамып,іске асу барысында талай ұлық ұстаздар туып
шықты, әулет мектебінің сан түрі пайда болды. Бұл мектептердің
бас ұстаздары ана мен дана,ата мен әже,әке мен шеше,аға мен
көке,дос пен таныс,жеңге мен жезде сияқты ұлағатты ұстаздар
есімі,іс-әрекеті ел есінде,халық жадында мәңгі сақталған. Ұлы
Даланың ұлық ұстаздар-ының ақыл парасаты мен тәжірибесі
негізінде: «Көшпелі тұрмысқа сәйкескен, киізтуырдықтыарға (қазақ,
қырғыз,монгол,т.б.) ортақ жас ұрпақты оқытып білім беретін,
тәрбиелеп үлгі өнеге көрсететін,еңбек пен өнерге баулитын,өмірге
дайындайтын, өздеріне ғана тән (Үйрету-баулу) оқу білім жүйесі
қалыптасқан.Осы жүйенің бір қырын көзімен көрген неміс этнографы былай жазады: «...Маңғышлақ – балалардың нағыз жұмағы.
Бұл ұлан далада шүпірлеген қазақ баласы құрбы-құрдас, ойнайтын
жер, ата-ана мейірімінен кенде емес. Мұнда "бала дәуірі" үшін әлек
болудың қажеті жоқ, мұнда мыңдаған жылдардан бері баланың өзі
би, өзі қожа. Бала есейе келе көшпелі тұрмыстың қатаң шындығы
оған өз талабын қоя бастайды. Ол ертеңгісін тезек теріп, кішкентай
баланы көтеріп ойнату, құдықтан су тасып мал суару, қой сауу т.б.
жұмыстарға көмектеседі. Ол атқа мінуге ерте үйренеді.» ( Среди
киргизов и туркмен на Мангышлаке. Каруц Рихард.)
Қазақтың түп тұқияны жұмыр Жерге келіп ғұмыр кешкеннен
165

166.

бері: «Тән-Тәңірден,Тәрбие-өзімізден»-деген қағиданы басшылық
етіп,«Кісілік» мұратты шамшырақ болдырып, ұрпағын өмірге
дайындап,тәлім-тәрбиелік кең тынысты, орасан аумақты,заңғар
мақсатты,іс-шара,қимыл-әрекет,жұмыс-шаруа жүргізу, ұйымдастыру, өткізу нәтижесінде: «Бала бақшадағы гүлің,оны тәрбиелеу
үлкен ғылым» деген даналық қорытындыға келген. Иә,Қазақ
танымында:-тәрбиелеу әрі өнер,әрі ілім. Түбі бір,бар қазақ отау тігіп,
орда көтеріп, тамырын тереңге жайып өсіп-өне отырып,бір шаңыраққа топтасып әулеттік тұғыр,тектік бастау-Қарашаңырақ мектебін
дүниеге әкелді.Оның бас ұстаздары Дана Аналар мен Дана Аталар
болды.Ол дамып жетілу барысында Дана мектебіне ұласып оның
барлық түрі мен тармағы,саласы мен бұтағы, бөлшегі мен бөлігі,
тарауы мен бөлімі ұйыса келіп-Әулет мектебіне айналды. Қазақ
қауымында осы негізде пайда болған, әлмисақтан бері, әлеуметтік
және әулеттік деп аталатын екі топтағы мектеп болған-ды.Әулеттік
мектеп-жеке отбасынан бастап, әулет, ауыл,тайпаға дейінгі адамдарға ортақ, жарық дүниеге жаңа келген сәбиден бастап, қарттарға
дейін қатысатын,қазаққа тән (түрік тектес халықтардың барлығында
ұқсас қалыптағы тәрбие мектебі болғанымен арасында аздап
айырмашылық бар),сан ғасыр бойында қызмет жасаған,күні бүгінге
дейін жалғасып келе жатқан, келешекте де болатын,ұлт өкілін
қалыптастыратын шынбайлы нұсқа, ерекше тәлім-тәрбиелік орта.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ,кең байтақ өлкемізде буыннан –
буынға жалғасып,инабаттылық, ұяттылық, әдептілік, көргендік,
мейрімділік салтанат құрып, үйлесім тауып жатқан. Міне, сол
қымбат,асыл қасиеттердің бәрі отбасы,ошақ қасында бүршік
атып,бұтақ жайған.
Отбасы – қоғамның негізі болып табылады. Өйткені қоғамды
құратын адамзат атаулы отбасында өсіп-өрбиді, тұлға болып
қалыптасады. Қоғамдық әлеует, қоғамдық ақыл-ой биігі өз тамырвн
осы ұядан тартады, ұлттың діні де осы жанұя. Қоғамды жекелеген
адамдар, жеке тұлғалар құрайды, яғни салауатты қоғамның негізі
қуатты өнегелі, рухани мықты отбасы болып табылады. Отбасы –
отанымыздың ошағы. Өйткені адам ең алғаш дүниеге шыр етіп
келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.
Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті мектебі.
166

167.

Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың
арасындағы бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат, ынтымақтастығы бар.Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне
тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс
бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б. болатыны сияқты әр
отбасы болмыс тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның
жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан
отбасының құрамына зор мән беріп, мәнін қорғаған, отбасының арнамысын сақтауға, сырын ашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты
адалдыққа тәрбиелеген. Отан – отбасынан басталады деген сөздің
мәні де осында. Отбасы келесідей төрт сипаттамасы бар күрделі
құрылым болып табылады, ол қоғамның шағын әлеуметтік тобы;
жеке тұрмысты ұйымдастырудың аса маңызды түрі; ерлізайыптылық одақ; ерлі-зайыптылардың туыстармен, яғни бірге
тұратын және ортақ шаруашылық жүргізетін ата-аналармен, ағаінілермен, әпке-сіңлілермен, ата-әжелермен және басқа да туысқандармен, көптарапты қарым-қатынастары. Бала өмірдің алғашқы
сабақтарын отбасында алады. Оның ең алғаш ұстаздары мен
тәрбиешілері әке мен шеше. Бала үшін отбасындағы күнделікті
қуанышты сәттер мен реніштер, сәттіліктер мен сәтсіздіктер —
мейірімділік пен сезімталдықты, адамдарға деген қайырымдылық
сезімдерін қалыптастыратын бастаулар болып табылатыны ежелденақ дәлелденген. Отбасында баланың бойында адалдық пен
зұлымдық, адамгершілік өлшемдері, еңбекке бейімділіктің бастапқы
сабақтары туралы алғашқы ұғымдар қалыптасады. Өмірлік жоспарлар мен адамның идеалдары да дәл осы отбасында қалыптасады.
Отбасында білім-тәрбие беру,баулудың ерекше түрі-қастерлі тұлғалардың,дана ұстаздардың ауызша айтқан ақыл-кеңестері,денелей
өздері көрсеткен үлгі өнегесінен тұратын дәріс топтамалары
жеткілікті. Мәселен Түрік мәдениетінде, Анахарсис,Йолықтегін мен
Тоныкөктен,Қорқыт,Қашқари мен Баласағұннан басталатын даналықты ұрпақтан-ұрпаққа арасын үзбей жеткізу дәстүрі жалғасып
келеді.Кәзіргі түрік тілдерінде,әдетте, «оқытушы ұстаз» деген
ұғымның қастерлі мағынасын «ұстаз»(парсы) және «мұғалім»(араб)
деген ұғымдар береді.Көне түрік тілінде «Хипат(халпат)» деген
ұғым болған оның мәні «білімді жеткізуші»,ал кейінгі кезеңде
167

168.

«бақшы» (монғолдар күні бүгін мұғалім дегенді-багш деседі) деген
сөз қолданыста болған.Білім мен тәрбиенің белгілі түсінігін,
топшыланған ойын жас ұрпаққа ауызша жеткізудің өзіндік арты
қшылығы да болған сияқты.Жол жөнекей басқаның қалауынша
жамбасына басып,өзгертуіне мүмкіндік болмаған. Мысалы,Қорқыт
атаның айтқан даналық сөздері: «Ұл атаның-ері,екі көзінің бірі»,
«Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.Самай шашы ағарған
баба көрікті.Ақ сүтіне тойғыза емізген ана көрікті.Өнегелі бала
көрікті.»Бұлар әр ниеттегі адамдарға кезіккенімен ана-мына деп,өз
мүдде, көзқарасына сәйкестіріп алатын,шешіре-тарих емес, өнер
емес,ой-түйін емес.Қазақтың осы бір білім-тәрбие (баулу) мектебінің негізін қалаған «ұстаз-дана» оқуы өмірде неше түрлі мазмұнға
ие болып өзгеріп отырса да бізге оның ұзын ырғасы бұлжымай
жеткен. Киізтуырдықтылардың баулу жүйесінде, отбасы – адамзат
ұрпағы үшін еш нәрсемен салыстыруға жатпайтын алтын діңгек,
қасиетті өмірлік мектеп. Мектеп деп баланың (ересектердің) ақылпарасаты мен ой-өрісін жетілдіретін тәлім-тәрбие алатын орданы ,
ошақты, ұжымды айтамыз. Мәселен өмірлік мектепке отбасы, ошақ
қасы, той мереке,ойын сауық алаңы,медіресе-мектеп,еңбек мейрамы, ақындар айтысы, кітапхана, музей,жастардың техникалық
үйірме өткізетін немесе спорттық жаттығулар жасайтын орда-лары,
спорт алаңдары бәр-бәрі жатады. Қазақта мұндай мектептер көп
болған,кәзір де жұмыстап жатқандары баршылық: Ақсақалдар
мектебі, Қарашаңырақ мектебі, әжелер мектебі,ана мектебі,жеңге
жезде мектебі,т.б. Барлығына қойылатын талап мынау: балалардың,
жастардың,ересектердің ақыл-парасаты мен ой-өрісін жетілдіруге,
оларға дене және патриоттық, сондай-ақ, жалпы тәлім-тәрбие беруге
асқын мүмкіндік жасалған, қайырымдылық пен мейірімділікке
малшынған,жағдайлы жәй-күйдің толық болуы.Ол-мәжбүрлеп білім
беріп, тәрбиелейтін орын емес. Жәй-күйі, мүмкіндігі- шәкірттің
өзбетімен ізденіп білім алып, тәрбиеленуіне жағдайы толық болуы
тиіс. Ондай «мектептерде» кейде ұстаз да болмайды. (Шәкірттер
қаласа, әрине қасынан табылады ғой!) Жұмыр Жерде ондай мектептер көп болмаса да жұмыстап тұр. Ыбырай атамыз: «бала тәрбиесі
оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тағлым
болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуі де ұлты мен халқына
168

169.

қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп, сонау заманда
айтып көрсетіп,ескертіп түйіндеген екен.Атамыздың айтқаны осы
заманға дәл келіп тұр.
Баулу ілімінде тәрбиелеу дегенді біздің осы күнгі түсінігімізден бөлекше сипаттайды.Ол бойынша:ізгілікті іс-әрекет, ниет,
көмек –тікелей жүргізілген татымды тәрбие.Оның орны тым бөлек.
Қазақтың тәрбиелеу ілімінде алтын әріппен жазлған қағида мынау:
«Тәрбиенің пәрменділігі мектептің, жанұяның, әлеуметтік ортаның
балаға,жалпы жасқа мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен
әдеттерін қалыптастыру туралы қаншалықты қамқорлық жасалуына
байланысты.»Қамқорлық шанақты,пәс болса, тәрбие нәтижесіз,
жұтаң не көлгір келеді. Фараби бабамыз: «...тәрбиелеу дегеніміз
қамқорлық жасау»- десе ата бабамыз тәрбиелеуді –баулау –деген.
Баулау-баптау,жәй-күйін келтіру.Жасөспірімдер биязы әдеп, жібек
мінез игеретіндей,көкірек көзі ашылатындай олардың жәй-күйін
келтіріп, қамқорлық жасап аяласаң еңбегің далаға кетпейді. Ізгілік
педагогикасының ұлттық мәні осында жатыр.
Қазақ тарихында топқа кіріп сөз бастаған билер мен шешендердің, атқа мініп қол бастаған батырлардың, ұлтын ұйытып ел
бастаған көсемдердің, ақыл - парасатымен даналығы арқылы әлемге
танылған ғұламалардың барлығы дерлік - қазақ дәстүріндегі ұлттық
тәрбиенің жемісі. Қаныш атаның сөзімен айтқанда «оқымаған академик әжелер мен аталардың» алдын көріп, үлгі өнегесін алып, біліміне қанығып, Ана және Дана мектептерін бітірген, Дала консерваториясын тамамдаған өнер иелері, Жыраулық және Ақындық
академиясының түлектері; философ - жырау, әнші - ақын, сері - сал,
т. б. қазақтың ақылман ойшылдары, әулие абыздары, көріпкел
білгіштері, бақсы - бәлгері, адамтанушы сыншылары, шипагер тәуіптері, тарихшы - шежірешілері, дін күтіп, жалпақ жұртқа иман
таратқан пірлері бәрі - бәрі – Иманипедагогикадан нәр алған, оның
ұлт өкілін қалыптастыру қазанында қайнап пісіп, өңделген,
шыңдалған - КІСІЛЕР. Олардың тәрбиелік үлгі өнегелері, білімдері
тым терең, шексіз аумақты, өте асыл қазына. . Әрбір КІСІ, бойында
иманы бар, өмірдегі кездескен мәселелерді, міндеттерді, мақсаттарды іс жүзінде шешуге тырысуы тиіс. Егер адамның түсінігі
жеткілікті дәрежеде болмаса, білімі жетіспесе, онда ол қоршаған
169

170.

ортаны сыни көзбен түсініп, тұжырым жасауға қабілеті жетпейді.
Сонымен бірге, егер КІСІ біліммен ғана сусындап, рухани мәдениетке көңіл аудармаса, онда оның алған білімі жеткіліксіз, сыңаржақ болып қалады. Сол себепті әрбір адам, халқымыздың рухани
мәдениетінің барлық бағытынан нәр алып, жан-жақты дамуы қажет.
Сонда ғана ол толысқан, дамыған, жетілген азамат болады. Ол адам
қоғамдық өмірдің барлық қарым-қатынастар саласында, барлық
әлеуметтік құрылымды өзгертуге ат салыса алатынын халқымыз
ұзақ жылдық КІСІ жетілдіріп, өңдеу тәжірибесі арқылы қорытқан.
Мысалы, қазақта:-бес асылды бойға сіңіру;-алты барлықтың қадірін
білу;-жеті атасын саралап,тегін тектей алу;-сегіз парыз-қарызды
өтеу;-тоғыз жаудан аулақ болу;-он қағиданы ұмытпау сияқты өмір
заңдылықтарын білмесе оны ұстанып басшылық етпесе, ол адамКІСІ дәрежесіне көтеріле алмаған-деп есептеледі.Бұлардың сыртында, қазақ ғалым ғұламаларының, ойшылдарының ақын-жыраулары мен би-шешендерінің айтып кеткен аманат өсиеттері, даналық
тұжырымдары мен пайымдауларын еске сақтап,терең түсініп, ұлағат
еткендер ғана КІСІ аталатын. Арамызда,ата сақалы аузына шыққан
аталар мен самайын ақ шалып,әже аталса да,КІСІЛІК дәрежеге
көтеріле алмағандар аз да болса кезігуі текті тұлға өңдеп жетілдіруде,тәрбиелеп қалыптастыруда кеткен қателіктің кесірі екені
жасырын емес.Екінші жағынан,ата-бабамыз,әр адамда адамшылық
мінез-құлық,парасат-пайымның қалыптасу дәрежесін танып-біліп,
өлшеп безбендейтін арнаулы тетік,сынау амалы,бағамдау жобасы,
бағалау өлшемі болған.Оны өзге емес ең әуелі өздері керектеніп,
өмірлік ұстаным болдырған.Сыншы, тәуіп,көріпкел, білгірлердің
алдынан өтетін.Ақылмандардан бата алу дәстүрі қазақта осы негізде
қалыптасқан.Қоғам өмірінің түпкілікті негізі, айқындаушы күші адам. Адам - қоғамдық өмірдің бастамасы. Адамды тәрбиелеу, адамның аллаға деген сенім-нанымын арттыру, нақты мүмин қылып
баулу, осы жолда елдің қамқоры, бастаушысы, ақылшысы боларлық
озық тұлғалардың дүниеге келуі, солардың ақыл-ойы, білімі, еріккүші, белсенді іс-әрекеті басқаларға үлгі болып, ел жұртты ұйытып,
біріктіріп, өміршең істерге көтеретіні,- елдің, қоғамның алға басуы
осы жолмен болмақ. Қазақ халқының ұлы ғұламалары мен ойшылдары тәрбиені жеке тұлғаны мәдениеттілікке үйретудің құралы деп
170

171.

тұжырымдады да, ол туралы өздерінің өнегелі пікірлерін келешек
ұрпаққа қасиеттеп қалдырды.Жарық дүние деп аталатын жалған мен
о дүние дейтін бақиды қатар нұрландырып тұрған Исламның ізгілігі
мен ұлы мұраттарын түсіну үшін адамзат ұрпағы нені мансұқтап,
нені қастерлеуін біліп, адал жолдан адаспауы үшін ибалы адам,
иманды қоғам құруды ертеден ақ армандаған екен... Қазіргі таңда
әлемде Аллаһ Тағаланың рахымымен Исламның қарқынды дамуы
және мұсылмандар санының арта түсуі байқалады. Адам үшін рухтың кемелденуі -ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін
адам ибалы, қоғам иманды болуы керек.Адам бірден кемеліне келіп
тумайды, бірақ күннен күнге жеке басын жетілдіріп, өз ісінде шеберлік шыңына өрмелей отырып, ол лайықтылық пен артықшылықтың
жоғары сатысына көтеріледі, бұл талғамның нәзіктенуінен, ақылдың
сұңғылалығынан, пайымдаудың тереңдігінен, тілектердің мүлтіксіздігінен көрінеді. Бәз біреулер толысуға қол жеткізе алмай-ақ қояды,
оларға әрқашан бірдеңе жетіспей тұрады; ал кейбіреулер оған кеш
жетеді. Сөзі дана, ісі ізгі, кемел кісіні әрдайым парасатты адамдар
құшақ жая қарсы алады, олар онымен тіл табысуды аңсайды.
Шығыстың өзге ұлы ойшылдары сияқты иманипедагогика ғұламалары қоғамның жақсарып, жаңғыруына адамдардың ар-ұжданын
жетілдіру жолымен қол жеткізуге болады деп қатты сеніп, халқын
сол жолға салсам, оған барынша мол пайда келтірсем деп армандаған, талпынған, құлшынған.Олардың көкірегінде иман нұры
маздап, көңілдерінде махаббат сәулесі арайланып тұратындықтан
күш қолданып,қоғамды астан-кестен төңкеріп тастаудан гөрі
тыныштық, бейбіт жолдың артықшылығы әрқашан артық сезілетін.
бұл бағытты ту етіп қастерлеген,оны Жаратушының нұсқаған дұрыс
жолы деп ұғынатын.Мысалы; Яссауи ілімі адамның ішкі тыныштыққа жетуі арқылы қоғамда бірлік пен тыныштық орнатуды,
адамды іштей бөліну мен ыдырау психологиясынан арылтуды
мақсат етеді. Яссауи адамның ішкі әлеміндегі ыдырауды реттеуге
ықпал ететін күшті уағыздайды, ол - Тәңірге деген махаббат.
Яссауиде адамға жөн сілтер, жол көрсетуші серігі - ақыл (басираткөңілдің көзі). Адам ақылы арқасында періштеден де үстем тұрады.
Ақыл -адамның өзін-өзі тануына ықпал ететін Тәңір тарапынан
берілген қуат. Түптеп келгенде, бақ пен байлықтың қоғамға ақыл,
171

172.

білім, тәрбие мен мінездің бірлігі арқылы қатар келетіндігін ойшылдар айтып кеткен. Бақыт, ақыл мен мінез, қанағат пен төзім,
әділеттілік бір жүрген жерде, ел, халық өз мақсатына қол жеткізеді
деген. Парақорлық, жемқорлық, жалқаулық пен надандық, сатқындық, екі жүзділік пен озбырлық қатар жүрген жерде жеке адамнан
бастап қоғамның санасы бақытсыздыққа айналады делінген ойшылдар даналығында. Жүсіп Баласағұн жазғандай: «Адамды хақ
жаратты да ескерді:Оған ақыл, білім, өнер, ес берді.Көңіл берді, әрі
тілін тербетті ,Ұят берді, берді құлық, келбетті.(Ділін оңдап, ерік
берді тіліне,Ұят берді қылық-құлық, тініне!).» Абай:Алланың,
пайғамбардың жолындамыз,Ынтамызды бұзбастық иманымыз.
Пайда, мақтан, әуесқой – шайтан ісі,Кәні біздің нәпсіні жиғанымыз?
–дейді. Сонымен, қоғамның, мәдениеттің дамуы ұрпақтың ақылпарасатына тәуелді. Неғұрлым қоғам тарихи сана арқылы жетілген
сайын бар нәрсені сақтап, жаңа нәрселерді жасауға қабілетті болады.
Сананың тарихи және ұлттық сипат алып отыруы деп ұлттың өзіндік
табиғатына, болмысына сай қамдануын, қалыпты түрде дамуын
және тарихи кезеңдерде өзіне тән ерекшеліктерін сақтап отыруын,
адамзаттық дамудың талаптарына бейімделуді айтамыз.
Абай талап, шыдам, қайрат, жүрек, ақыл сияқты адами
қасиеттердің қатар болуын, адам бойынан бірдей көрінуін қаласа,
Шәкәрімде бұлармен қатар мейірім, ынсап, әділет, ақ ниет сияқты
сапалық қасиеттерді уағыздау басым. Адами қасиеттердің түп
қазығын ол адалдық пен ақ ниетке әкеліп тірейді. Шәкәрім:
Байлаймын да көзіңді,Патса қылам өзіңді,Ұғып отыр сөзімді,Ел
«Мейірім», «Ынсап», «Әділет»,«Шыдам», «Шыншыл», «Харакет»,
Түп қазығы: «Ақ ниет» –Бұл жетеуін ел қылу, [2]– дейді. Шәкәрім
адамның ішкі әлемінің құндылықтарын жетілдірудін нақты
жолдарын көрсетеді . Мысалы: «Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық
адамдар тату тұруға негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, ақыл болуға
керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық
өмір сүруге мүмкіндік жоқ, – дейді. Жаратушы адам баласына,
қоршаған бар әлемді игілігіне жаратуға нәсіп еткен,әрі оны жүзеге
асыруға қажетті мүмкіндіктермен толық қамтамасыз еткен.
172

173.

Иманипедагогика ғұламаларының зерттеу нысаны, философиясының өзегі – адам. Адам дегеніміз - Яссауи бойынша, сенімиманынан кеме салып, жақсы қасиеттерінен, жақсы істерімен азық
жинап, өмір атты дариямен Хақ аманатыман аман есен өз иесіне
табыстау мақсатында сапар шеккен жолаушы деп білеміз.
Ал,Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бойынша: адам дегеніміз Аллаһ
Тағалланың жердегі халифасы,шын берілген құлы. Әл–Фараби үшін
жан–жақты жетіліп, кемелденген адам-өз күш–қуатын адамдардың
игілігіне жұмсайтын, бақытқа жетуге ұмтылған тұлға. Ондай адам
ақыл мен әдептілікті, ізеттілікті үйлесімді тоғыстырады. Олардың
бір-бірінен айырмашылығын Абай атамыз“Адам баласы бір-бірінен
ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.»-дейді.
Ғұламалардың адам оны дамыту,тәрбиелеп жетілдіру бағыт-бағдарларына жоғарыда жеке-жеке қысқаша талдау жасалды, осының
нәтижесінде мынандай қорытынды жасаймыз:
Бірінші.Тәрбие ісі қазақта қай кезде болсын алдына айқын мақсат
қойып,
асыл мұратқа бағыттап жүргізілген. Мысылы: түрік
дәуірінде: «бек ұл,пәк қыз»,оғыз дәуірінде «иманды ұл,ибалы қыз»
немесе «құлықты ұл,қылықты қыз» т.б.көптеген мақсат міндеттерді
дәуір талабына сай қойып отырған. Ал,мұраттар,-алып ер,батыр
ұл,батыл қыз, «азамат ер,асыл жар» «қазақ жігіт,қазақ қыз» т.б.ұзақ
уақыт бағдар етерлік терең мағыналы,өзекті ойларды бекіткен,
жалпыға ортақ,әрі түсінікті, қол жеткізу мүмкіндігі мол тұжырымдар
еді.«Өлмейтін
адам,Бақытты
адам,адамша-адам,
«Кісі»
қалыптастыру-ақырғы мұрат. «Адам болу»-жай адам емес арлы адам
болу одан білімді адам болу.
Екінші.Мақсатына жетіп,мұратын орындауға жол-жоба, ереже
боларлық қағидаларды ұсынып,оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып
отырған.Мысалы. «үйретуден жалықпа,үйренуден тартымба», «істегенің маған жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы», «жастары иманды елдің
болашағы зор», «жігіт қадірі өнерімен өлшенер».Егер бұл қағидалар
бұрмаланса немесе ескерілмей елеусіз қалса тәрбие ісі тығырыққа
тіреледі,қазақи тәрбиенің қаймағы бұзылады.Осы шақта, «қызға
қырық үйден тыйым» деген тәрбиелеу қағидасы елеусіз қалғандықтан небір сорақы қылықтар сорлатып келеді. «Әдепті бала-арлы
173

174.

бала,әдепсіз бала сорлы бала»-деген тәрбиелеу қазақ ілімінің
қағидасы бар.Бүгінгі таңда осы қағида бұзылғандықтан (ешкім еш
жерде ешуақытта әдепті көрсетіп,үлгі өнеге үйретпейді, Тек,әдеп
туралы бала жалыққанша оқытып,айтып әуреге салады) әдепсіздерді
әдейі әзірлегендей,әдепсіздер мен көргенсіздер тым көбейіп кеткен.
Әдепті оқытып .сабақ беріп,айтып үйретпейді,үлгі-өнеге көрсетіп
ұзақ уақыт қайталатып, машық дағды игертеді.Нағыз тәрбие
ережелерден емес, жаттығудан тұрады. ( Ж.Ж.Руссо) «Әдет- бір
әрекеттің жиі және ұзақ қайталауы» (Әл-Фараби.)
Үшінщі.Тәрбиелеу қазақ ілімі-тамыры тереңнен тартылар,тым
тұғырлы,ілімгерлердің өзекті ойлары мен түйіндері өзара өте мықты
байланысқан,сабақтастығына сана марқаятын,ұласпалы тоерия.
Қорқыттан басталатын «Өлмейтін адам», Фарабида «парасатты
адам» болып түрленсе, Абайға жеткенде,ол «Адам болу»
заңдылығына ұласып, Жүнісбек «Адам болу» ілімін жүйелеп,
шыңдап ал, міне енді білім беру,тәрбиелеу ісінде қолдана бер деп
қолға ұстатқан екен. Иә. Қорқыттан бастау алған,Фараби негізін
қалаған, Абай заңдылығын көрсеткен,Шәкерім дамытқан,Жүнісбек
жүйеге келтірген,Мағжан мадақтаған, Мұхтар қолдаған «Адам бол»Абай ілімінің түп тамыры мен даму өрісіне өз деңгейімде түсінік
беріен болдым.Артақ- кемін әуелі ақы иелері кешсін, сонан соң көзі
қарақты оқырман кешсін деп дұға қыламын. Осы педагогикалық
тоерияның төл иелерінің тұжырымдары мен түйіндерін жіліктей
келіп,иманипедагогиканың толық жүйесін былай зерделей аламыз.
1.Асқақ мұрат,сенімді мақсат,айқын мүдде.
2.Сүйенер қағида,қалыпты ереже,ұтымды ұстаным.
3.Сенімді құрал,жүйелі тетік,пайдалы ықпалдар;
-Атақоныс,туған ел-жері,өскен өлкесі,ауыл-аймағы, мекен–
жайы.Асқар тауы,шалқар көлі,айдын теңізі, орман нуы,өзен
суы,сары дала,қырлы құмы,адыр белі,ата баба қонысы, баспанасы
тұрағы, моласы,зираты т.б.
-Табиғи және мәдени ескерткіштер,қолөнер бұйымдары мен
табиғи қорықтар,әулиелі орындар мен мекендер, қорым, сынтас,
балбал т.б.
174

175.

-Күллі рухани мұралар мен ән-күй,өлең жыр,әдеби және мәдени
өнер туын-дылары,жазу-сызу,музықалық аспаптар,ойын-сауық,
ойыншықтар мен сайыстық дүнеиелер т.б.
-Меншіктер мен асыл мұралар, тұрмыстық тұтынылатын бұйымдар.
4. Жаңылмас жол. айнымас әдіс,бұлтартпас тәсіл:
Тәрбиелеудің жеті түрлі ұлттық жолы бар. Олар: адамды қанаттандырып рухтандыру; нандырып-сендіріп оны қанына сіңіру,
табындыра білу; үлгі-өнеге көрсету,ақыл-кеңес беру; жаттықтырыпдағдыландыру; ширатып-шынықтыру, талап қойып-өңдеу; бағалап
марапаттау, мақтап-қолпаштау, ынталандыру; тиым қою, жазалапсөгу.
5.Мықты негіз, берік тұғыр,мызғымас тірек:
-Қазақтың даналық ой-санасы-ұлттық философия;
-Наным-сенім жүйесі;
-Адамтану қазақ ілімі;
-Әдептану қазақ ілімі .
Мазмұны
Иманипедагогиканың ғұламалары
СӨЗ БАСЫ
1.Әл-Фарабидің иманипедагогикалық тағылымы
2. Қазақтың ізгілік педагогикасының атасы
3. Иманипедагогиканың әлемдік абызы
4. ИМАНИПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ
4
32
44
60
5.Абай -иманипедагогика ғұламасы
6.Иманипедагогиканың данышпаны
7.Иманипедагогиканың шамшырағы
75
89
106
116
8.Имандылықты Алтайда асқақтатқан ғұлама
9.Иманипедагогиканы орнықтырған ғұлама
Имандылыққа баулудың алтын арқауы,асыл өзегі
128
144
165
175

176.

176
English     Русский Rules