241.95K
Category: mechanicsmechanics

Жигули ВАЗ 2107 автокөлігі

1.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жигули ВАЗ 2107 автокөлігі
Жұмыстың бағыты: “Физика және техника”
Орындаушы: №4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін
мектебінің 7 “Б” сынып оқушысы Бахтыбай Дулат
Жетекшісі: №4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін
мектебінің физика пәні мұғалімі Мінетова Сейдана

2.

ЖИГУЛИ ВАЗ 2107 АВТОКӨЛІГІ

3.

Көлік – материалдық өндірістің жолаушылар мен
жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды
саласы, экономиканың инфрақұрылымын
қалыптастыратын салалардың бірі. Адам баласы өз
жұмысын жеңілдету мен қатар өнімділігін арттыру
үшін көптеген ізденістердің нәтижесінде автомобиль
жасалған.Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірдебір тасымалдау жұмыстары атқарылмайды немесе
тракторсыз бірде-бір ауыр жұмыс
істелмейді.Сондықтан да олардың халық
шаруашылығында алатын орны ерекше. 1970
жылдан 2004 жылға дейін автомобильдер ішкі
нарыққа ВАЗ зауыттық белгісімен және «Жигули»
маркасымен сатылды. 1971 жылдан бастап экспортқа
және 2004 жылдан бастап Ресейде бұл көліктер Lada
брендімен ұсынылған.2012 жылы ВАЗ-2107
толығымен жасалуы тоқтатылды. Бұл модельді
зерттеу кезінде 1,75 миллион ресейліктер
пайдаланады екен.

4.

Көліктің жасалған сыртқы
материалы –поливинихлорид.
Поливинилхлорид (ПВХ) —
тұрмыста кең қолданылатын,
маңыздылығы
жағынан полиэтиленнен
кейін екінші
тұрған синтетикалық
полимер. Поливинилхлоридті
кеңінен көлік өндіру үшін
материал ретінде
таратылады.

5.

Фара -жолды жарықтандыру
мақсатында көлік машиналарының
(автомобиль, электровоз, т.б.) алдыңғы
кейде артқы жағына орнатылатын
электрлік фонарь. Көліктің фарасы
(жарығы) –диодты. Ең қарапайым
жартылай өткізгіш компонент - диод электр тогының ағымының бағытын
басқарудың негізгі мақсатына
байланысты көптеген пайдалы
функцияларды жүзеге асырады.
Диодтар ток арқылы тек бір бағытта
ғана ағып өтуге мүмкіндік береді.
Жарық диодтары жарық шамдары
жағынан басқа шамдарға қарағанда
әлдеқайда жақсы және жоғары,
сонымен қатар олар әлдеқайда тыныш
жарқылға ие.

6.

Автомобиль карданды беріліс арқылы
жұмыс істейді.Беріліс қорабынан басты
беріліске немесе басты берілістен жетекші
дөңгелекке айналдыру моментін жеткізу
үшін қарданды беріліс қолданылады.

7.

Тәуелсіз аспа орналастырылған.Тәуелсіз аспа
деп бір осьтің доңғалақтары бір-бірімен
қосылмаған, ал бір доңғалақтың орнын
өзгерту екіншісіне әсер етпейтін суспензияны
айтады.

8.

2,4 герц қашықтан
басқару пультімен
жұмыс жасайды.
Қашықтықтан басқару
дегеніміз -басқару
пункттерінен белгілі
бір қашықтықта
орналасқан әр түрлі
құрылғылар мен
механизмдерді басқару

9.

7 вольттық
аккумулятормен жұмыс
істейді.Аккумулятор
химиялық реакция
энергиясын электр
энергиясына
айналдыратын аспап;
ол электр және су
энергиясын гальвани
батареяларының
көмегімен жинайды.

10.

Электр қозғалтқышының
жұмыс істеу қуаты -6
Вольттық.Электр
қозғалтқышы – электр
энергиясын механикалық
энергияға түрлендіруге арналған
машина. Техникада көбінесе
айнымалы тоқ қозғалтқыштары
қолданылады, ол тұрақты
қуатқа арналған тұрақты
магниттерді пайдаланбайды,
электр магнитті электр
магниттік орамды жеткізу үшін
қосымша кернеуді қолдану керек
болса да, қуаты тұрақты
магнитті қуатын бірнеше рет
арттырады.

11.

Қорытынды
Көлік – тасымалдың барлық түрлері бойынша ел
халқы мен шаруашылықтың өндірістік және
өндірістік емес қажеттілігін қамтамасыз ететін
материалдық өндірістің айтарлықтай маңызды
саласы. Көлік өнімдерінде шикізат жоқ. Өнеркәсіп
салаларынан айырмашылығы көлік шикізатты
мүлде пайдаланбайды,бірақ отынның, электр
энергиясының, Болаттың, синтетикалық каучук,
майлау майларының және басқа да
материалдардың көп мөлшерін
пайдаланады.Қорыта келе бұл жұмысты атқару
барысында физика мен техникаға
қызығушылығым арта түсті. Жұмыс барысында
қандай материалдан және қандай құрылғыларды
пайдаланған дұрыс әрі тиімді екенін
зерттедім.Жұмыс соңында жасап шыққан
автокөлік макетім жүзеге асты.
English     Русский Rules