Similar presentations:
Тапсырма: Өзіңіздің жұмыс күніңізді және бос уақытыңызды жазып және әңгімелеп беріңіздер
1.
ОСӨЖ-9Тапсырма: Өзіңіздің жұмыс күніңізді және бос
уақытыңызды жазып және әңгімелеп беріңіздер.
«Мен мамандықты қалай таңдадым?» еркін жазу
Төменде ұсынылған тапсырмаларды орындаңыздар.
2.
Сұхбатты тағы да оқыңыз.Сұрақтарға жауапберіңіз.
Рүстем: Бұл – менің бөлмем. Бұнда Ербол екеуіміз тұрамыз.
Әйгерім: Бөлмең үлкен әрі жарық екен. Мынау кім?
Рүстем: Бұл – менің досым.
Қымбат: Ол қайда оқиды?
Рүстем: Ол Америкада оқиды.
Әйгерім: Мынау сенің суретің бе?
Рүстем: Иә, менің ескі суретім. Ал мынау американдық досым Джек.
Қымбат: Ербол қайда?
Рүстем: Ол стадионда.
Әйгерім: Сен гитарада ойнайсың ба?
Рүстем: Өкінішке орай, мен ойнамаймын. Ербол ойнайды.
Қымбат: Бұл кімнің сумкасы.
Рүстем: Ерболдың сумкасы.
Әйгерім: Қандай жақсы. Ал гитарада ойнау - менің арманым. Мынау не?
Рүстем: Бұл менің тұмарым.
Әйгерім: Қызық екен.
3.
Сұрақтарға жауап беріңіз1. Рүстемнің бөлмесі қандай?
2. Джек кім?
3. Кім гитарада ойнайды?
4.
Тыңдаңыз, оқыңыз, қайталаңыз.Қымбат: Рүстем, сенің бауырларың бар ма?
Рүстем. Иә, ағам және інім бар. Ағамның аты – Нұрлан. Ол 22 жаста. Інімнің аты – Жақсылық.
Ол 15 жаста.
Қымбат: Ананы қара. Мынау Нұрлан ғой.
Рүстем: Ол кім?
Қымбат: «Астана KZ» командасының мүшесі.
Рүстем: Қайсы?
Қымбат: Шашы қысқа, қызыл галстугі бар.
Рүстем: Иә, есіме түсті.
Қымбат: Сен КВН-ға қатысасың ба?
Рүстем: Иә, университетте «Жүз теңге» командасы бар.
Қымбат: Неше бала қатысады?
Рүстем: 8 бала.
Қымбат: Жүр, танысайық.
Рүстем: Кеттік.
5.
Сұхбатты қайта оқыңыз. Дұрыс жауаптытаңдаңыз.
1. Рүстемнің ағасы/апасы/інісі бар.
2. Нұрлан 20/22/21 жаста.
3. Жақсылық Рүстемнің/Қымбаттың інісі/ағасы.
4. Нұрлан/ «Астана KZ» командасының мүшесі.
5. Нұрланның /шашы қысқа
6. Жақсылықтың/қызыл галстугі бар.
7. Рүстем «Астана KZ» /”Жүз теңге”
командасында 8 бала бар.