2.45M
Category: literatureliterature

Қазақ тілі мен әдебиеті

1.

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Тақырып 35. Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау» поэмасы.
Ілияс Жансүгіров. «Жетісу суреттері« поэмасы
Сабақтың мақсаты: «Көкшетау» поэмасымен таныстыру, поэманың тақырыбы мен
идеясын ашу арқылы поэманың әдеби құндылығына тоқталу. «Жетісі су» поэмасының
негізіг идесын ашу. Екі шығарманы салыстырып өз пікірлерін жазу.

2.

Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау» поэмасы

3.

4.

5.

Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы туралы шолу тыңдау
-Сәкен тек реалист ақын емес, ол – лирик ақын. Махаббат, табиғат тақырыбына
да арнаған туындылары жетерлік. Сәкенді жан-жақты ақын, жазушы ,зерттеуші
еткен сол заман, сол кездегі қоғам. Ендеше, Сәкенді ойшыл ақын еткен дәуір
қандай болды екен?
«Көкшетау» поэмасы дүниеге келіп жатқан кез қандай кез? Тарихта ол кезеңдер
қандай оқиғасымен қалды?

6.

Тарихқа шолу.
- Сәкеннің өмір сүрген кезеңі Қазақстан тарихының қиын да, күрделі уақытына тап
келді. Балалық шағы қазақ елінің патшалық Ресейдің отары болуымен тұспа-тұс
уақытта өтті. 1917 ж. Ақпан буржуазиялық –демократиялық революциясы, одан
кейін қазан төңкерісі, яғни Қос өкіметтің орнауы, Сәкеннің саясатқа араласуы,
Кеңес өкіметін қолдап, түпкілікті жеңуіне ат салысуы, осы кездегі тарихи
оқиғалар өзінің «Тар жол ,тайғақ кешу» романында жақсы көрсетілген. 19181920жж. Азамат соғысы Кеңес үкіметінің ұжымдастыру, индустрияландыру
саясатын жүргізуі, 1931-33 жж. ашаршылық, 1937-38жж. Кеңестік жаппай
лаңкестік жазалау – осының бәрін басына кешірді.

7.

«Көкшетау» поэмасы туралы әдеби түсінік.
«Көкшетау» поэмасы 1929 ж. жарық көрді. Бұл кезең кеңестік өмірдің ең бір
белеңді уақытымен шендесіп жатыр. Бұл поэма КазААП-тың сынағына көп ұшыраған.
Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді аңсадың, өткен дәуірге көңіл бөлдің деген айып
тағылды. Осындай жан-жақты қысымға қарамай Сәкен құнды шығарманы дүниеге әкелді.
Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын,
көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта
суреттейді.Табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып
сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке батыр,
Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге береді. Өнер адамдары өмірін
айтады.
Поэманың негізгі арқауы – қалмақ қызы мен адақ батыр арасындағы сюжет.
Жаугершілікте қолға түскен сұлулығымен талай ержүрек батырларды таластырып қойған
қалмақ қызының тағдыры арқылы шешіліп, осы ақылды ұға білген Адақ батыр арқылы
толықтырады. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын ,жер, ел тарихының терең
тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадірқасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды.

8.

Поэманың композициялық құрылысын ашу.
1.Басталуы Көкшетаудың сұлу табиғаты. Абылай батырларының тұтқын қызға
таласып дауласуы.
2. Дамуы Тұтқын қыздың шарты. Батырлардың бір-бірімен өнер сынасуы.
3. Байланысуы Қыз жұмбағы.
4. Шарықтау шегі Адақ батырдың оқиғаға араласып қыз жұмбағын шешуі.
5.Шешімі Қыздың азаттық алуы.

9.

Ілияс Жансүгіров «Жетісу суреттері»
https://www.yout
ube.com/watch?v
=MIO5yOTH2N0

10.

11.

12.

13.

Тапсырмалар:
1.Мәтіндерді оқу, түсіну
50-69 жаңа сөздерді аудару, сөйлем құрастыру (3- слайд)
70-89 балл.
Сұрақтарға жауап беру:
1.С. Сейфуллин өмір сүрген кезең туралы не білесің?
2. «Тар жол, тайғақ кешу» романы не туралы?
3. «Көкшетау» поэмасы қай жылы жазылған?
4. Поэма қанша бөлімнен, тараудан тұрады?
5. Поэма нені суреттейді?
6. М.Әуезов Ілияс Жансүгіровты қалай бағалаған?
7. І. Жансүгіровтің «Жетісі суреттері» өлеңінің тақырыбы қандай?
8.Бұл шығармада қандай көлдер туралы айтылған?

14.

90-100 балл.
Екі автордың шығармаларын салыстыра отырып, өз пікірінді жазыңыз/ сравнить два
произведения и написать свою мысль
Сәкен Сейфуллин
«Көкшетау »
поэмасы
Ілияс Жансүгіров
«Жетісу суреттері»
Студенттің
пікірі
English     Русский Rules