Similar presentations:
Сәкен Сейфуллин
1.
2.
3.
4.
5.
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН 130 ЖЫЛИван Воронков
5
6.
Қазақ биіИван Воронков
6
7.
ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ БӘЙТЕРЕГІИван Воронков
7
8.
С.СЕЙФУЛЛИН ӨМІРІ МЕНШЫҒЫРМАШЫЛЫҒЫ
Бейнаспаны көру
https://youtu.be/seL9DOweZ58?si=
WjjX8RLvcMQnwdF5
Иван Воронков
8
9.
ӨмірбаяныСейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894-1938) 1894 жылдың 15 қазанында
қазақтың атақты,көрнекті ақыны, дарынды, жалынды жазушысы,
драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері дүниеге келген. Оның азан
шақырып қойған есімі Сәдуақас, алты Алашқа Сәкен Сейфуллин деген
атпен мәшһүр болған тұлға. Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін
қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің
алғашқы төрағасы болған. Ол алғышқы білімін Нілдідегі орыс-қазақ,
Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде,қалалық үш класты
училищедеалған екен. Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы,
сөзге шешен кісі екен, шешесі Жамал әңгіме, аңыз-ертекті көп білетін әрі
нақышына келтіріп айтатын, салиқалы ана болыпты.
Иван Воронков
10.
1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары жәнеәкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы
Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, «Еңбекші қазақ» газетінің
редакторы, хaлық ағарту комиссарының орынбасары, ҚазКАСР Халық
Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы
ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары
ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің
партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту
институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры,
«Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақтың
мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының
редакторы, Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры
қызметтерін атқарды.
Иван Воронков
11.
ОтбасыАнасы Жамал
Әкесі Сейфолла
Гүлбарам Сейфуллина
Иван Воронков
12.
ОтбасыЖары- Гүлбарам , ұлы-Аян
Иван Воронков
13.
Білім алған жері1908-1913 жылдары Ақмоладағы Нілді орыс
мектебінде кейін қалалық училищеде білім
алған
1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер
семинариясында оқыған.
Иван Воронков
14.
ШығармашылығыС.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау» (1934), «Қызыл ат»
(1934), дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде
Казақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ
киік» (1924), «Аққудың айрылуы» (1925) шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның
ішкі сезім күйлерін суреттейді. С.Сейфуллин проза, драмматургия, әдеби сын, әдебиеттану
салаларында көрнекті еңбек етті.
Иван Воронков
15.
«Жұбату» (1917) әңгімесі – Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер» (1935),«Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының
патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді
Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зертгеу,
бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары» (1931), «Батырлар»
(1933), «Ақан сері-Ақтоқты», «Ләйлі-Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» (1932)
кітабы – осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі.
Иван Воронков
16.
1-топ. Ілияс Жансүгіров тобыІ.Жансүгіров өмірі туралы мәліметті жазады.
“Кім? Не білесің?” кестесі
Кім ?
Ілияс Жансүгіров (1894-1938)
Не білесің?
Ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің
классикалық байлығының қатарына жатады, қазақ әдебиетінің
негізін қалаушылардың бірі. 1894 жылы 5 мамырда Алматы
облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі екі
жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, өз ауылында мұғалім болған.
Одан кейін аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ
ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі
Коммунистік журналистика институтын бітірген, соң «Еңбекші
қазақ» газетінде қызмет атқарды. 1932-1934 жылдары - Қазақстан
Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы. 19331936 жылдары Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің мүшесі
болды. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. Оның
қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он
беске жуық көлемді поэма қазақ поэзиясының інжу маржаны
болып табылады. І.Жансүгіровтың прозалық шығармаларының
ішіндегі көлемдісі - «Жолдастар» романы.
Иван Воронков
17.
2-топ. Бейімбет Майлин тобыБ.Майлин өмірі жайлы ақпаратты
жазады.«Кластер» әдісі
Бейімбет
Жармағамбетұлы
Майлин
Иван Воронков
18.
3-топ. Сәкен СейфуллинӨмірі жайлы мәліметті хронологиялық кесте толтырады.
Жыл
Оқиға
1894
жылдың 15 қазанында туған. Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген.
1905-1908
Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде қалалық үш класты училищеде оқыды.
1908-1913
Ақмола қаласында мектепте, кейін училищеде оқыды.
1913-1916
Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. Онда ол М.Жұмабаевпен танысты.
1914
қазанда "Өткен күндер" өлеңдер жинағы басылып шығады.
1917
Ақмола қаласында кеңес үкіметі жұмыстарында жауапты қызметтер атқарады
1918
Ақмоланы Колчак әскері басып алып, кеңес қызметкерлерін тұтқындайды.
1922
"Еңбекші қазақ" гезетінің редакторы, халық комиссарының орынбасары.
1926
жұбайы - Гүлбарам Батырбекқызы.
1936
еңбек қызыл туының орденін берді.
1938
тұтқындалған. Кейін атып өлтірді.
Иван Воронков
19.
«Шай ішейік» әдісі1.Сәкен Сейфуллиннің азан шақырып қойған есімі қандай?
2.С.Сейфуллиннің туған күні қандай?
3.Әкесінің есімі кім? Қандай мәлімет білесіз?
4.Анасының есімі қандай? Қандай мәлімет білесіз?
5.Сәкен Сейфуллин кім? Не білесіз?
6.Қандай шығармалары бар? Атаңыз?
7.Қандай өлеңдері бар?
8.Қандай әні бар?
9.Үш бәйтеректі атаңыз?
10.Сәкен Сейфуллиннің қайтыс болған күні?
Иван Воронков
20.
Сәкен Сейфуллин өмірбаяны туралы бейнетаспанытыңдату. Мен көндім! Қағазға қол қояйын Қуат
Ахметжановтың айтуымен.
бейнетаспа
https://www.youtube.com/watch?v=BwHIzoj
x3hg
Иван Воронков
21.
1-топ. Ілияс ЖансүгіровС. Сейфулиннің «Қиял ой» өлеңін мәнерлеп оқу.
Өлеңді бір-біріне жалғастыру бойынша айтады.
Иван Воронков
22.
2-топ Бейімбет МайлинС. Сейфулиннің «Жазғы дала» өлеңін мәнерлеп оқу.
Өлеңді бір-біріне жалғастыру бойынша айтады.
Иван Воронков
23.
3-топ Сәкен СейфуллинС. Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу.
Өлеңді бір-біріне жалғастыру бойынша айтады.
Иван Воронков
24.
«Ақсақ киік» өлеңіИван Воронков
25.
«Біз» өлеңі.Асау өсіп арқада
Жүген, құрық тимеген,
Матау көрмей ер жетіп,
Жасынан ноқта кимеген.
Бостандық, кеңдік, еркіндік –
Басқаны жаны сүймеген.
Бұғалық салса ұстауға
Ақырып тулап сүйреген.
Арқаның болдық ұланы,
Еркін өскен бұланы.
Залымдардың жасаған
Аранына уладық.
Қараңғы, суық зынданды,
Жатақ қылды тәніміз.
Қылыштың жүзі, мылтықтың
Аузында болды жанымыз.
Өмірінде жауыздың
Кетіп адам сәніміз,
Арыстандай жаралы,
Өртенді қайнап қанымыз.
Бір шұңқыр су, түйір нан,
Үйреншікті ас болды.
Күл, көмір, қиқым, тоң төсек,
Жастығымыз тас болды.
Тас көмірдің топырағы
Денені басып қаралап,
Тас көмірдің түтіні –
Өкпені қауып аралап,
Қырлы темір шынжырлар,
Қол-аяқты жаралап,
Жауыздардың дұзағын
Көрдік қорлық, азабын!
Иван Воронков
26.
Ән. «Тау ішінде»Иван Воронков
27.
Рефлексия«Білім поштасы» әдісі
Менің ойымша..........
Себебі......
Мысалы........
Қорыта айтқанда........
Иван Воронков
28.
ҚОРЫТЫНДЫАсуы жоқ асулардан асайық,
Ашылмаған тас қақпаны ашайық.
Болмағанды болдырайық дүниеге,
Жаңа тұрмыс жаңа жерге жасайық!-деп ақынның ой мен сезім
астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ақын өлендерін
ешқашан естен шығармайды деп сенемін дей келе, бүгінгі «Алаштың
ардақтысы- Сәкен» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл
қойып, таңдағандарыңызға көп рақмет.
Иван Воронков
29.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒАРАҚМЕТ!
Иван Воронков