СәкенСейфуллин 1894-1938)
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН
550.50K

15.01 Сәкен Сейфуллин_11-сынып (1)

1. СәкенСейфуллин 1894-1938)

Ол сезім туралы айтса, - бұл
мыншыл сезім болған, ал рас
айтса – бұл мың рас болған.
М.Әуезов.

2.

Сәкен Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды
облысы, Жаңарқа ауданында дүниеге келген.
1908-1913 жылдары Ақмолада приходская
школасында, қалалық училищеде, 1913-1916
жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында
оқыған.

3.

С.Сейфуллин ХХ ғасырдың басында Қазақстанда болған
саяси күреске белсене қатысады. 1917 жылы Ақмолада
кеңес үкіметі жұмыстарында жауапты қызметтер
атқарады.
Кеңес үкіметі ақ гвардияшыларды жеңген соң, С.Сейфуллин
1920 жылы қайтадан Кеңес үкіметінде басшылық
қызметтер атқарады.Ол "Бақыт жолында" (1917),
"Қызыл сұңқарлар" (1920) драмаларын жазады.

4.

Ақын "Асау тұлпар", "Домбыра"(1924), "Экспресс"(1926)
атты өлең, поэмалар жинағын жариялап, "Көкшетау"
поэмасын (1922) жазады. С.Сейфуллиннің 1927 жылы "Тар
жол, тайғақ кешу" атты мемуарлық романы, 1928
жылы "Жер қазғандар" повесі, 1933 жылы "Альбатрос"
(поэма), т.б. кітаптары жарияланды.

5.

"Өткен күндер" атты тұңғыш өлеңдер
жинағында С.Сейфуллиннің патша
отаршылдығын, қазақ елінің езгідегі
қиын жайын, кедейлік пен жоқтық
зардаптарын ашық көрсеткен
ағартушылық идеялары көрініс тапты.
Бұл идеялар "Мұра", "Түс","Кім басшы,аға,
халыққа?", "Қазақ сабағы", "Жетімге",
"Інішегіме" өлеңдерінде айтылады.
Оқу-білім қуып, жастай қалаға кеткен
жігіттің елге деген сағынышы, туған
жерге деген махаббаты "Жайлауға
көшу", "Жайлауда қымыз ішу", "Айт
күні" өлеңдерінде жырланады. Онда
ақын ауыл көріністерін, ел тұрмысын,
этнографиялық жайттарды
бейнелейді.

6.


Омбы семинариясынан кейін Ақмолаға қайта оралып,
1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісіне тілектес боп
өлеңдер жазды.
• 1917 жылдың 27 желтоқсанында Ақмола Совдепінің
президиум мүшелігіне сайланып, ағарту комиссары
болып тағайындалады. Осы жылдары «Бықыт жолына»
атты тұңғыш пьесаларын бастырады. «Домбыра»
(1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928),
«Көкшетау» (1929), өлең-поэмалар жинақтарын.
• Сәкен аты қойылған ауылдар мен елді мекендер,
театрлар мен мектептер, кітапханалар мен көшелер
Қазақстанда көптеп кездеседі. Ол туралы талай көркем
шығармалар (С. Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин»
пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне»
повесі, Ә.Тәжібаевтың, А.Тоқмағамбетовтың,
Қ.Бекхожиннің поэмалары т.б.), әдебиеттік зерттеулер
(Е.Ысмайылов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев), естеліктер
жазылды. С. Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

7.

1929 жылы жазған "Көкшетау" поэмасында С.Сейфуллин табиғаттың
әсем көрінісін суреттейді, қазақ халқының тарихы мен тағдырларын
баяндайды.
Одан әрі ақын Көкшетау тарихын баяндауға көшу үшін сюжет аралық
байланысты шебер пайдаланып, оны табиғатқа, табиғатпен
біртұтас өмір сүрген халыққа айтырады:
Талай сыр ертегіні ел айтады,
Ызындап таудан соққан жел айтады.
Сырласып, сыбырласып жапырақтар,...
Қазақ халқының тарихында қазақ-қалмақ қатынасы үлкен орын алады.
Сәкен Көкшетау тарихын баяндағанда, осы тақырыпты қамтыған.
"Көкшетау" – күрделі композициялы, бірнеше сюжеті бар, образдар
галереясына бай поэма.
С.Сейфуллин "Бақыт жолында" (1917 жылы жазылған) атты үш перделі
драма ауыл жастарының әйел теңсіздігіне, патшалық құрылыстың
сорақы тәртібіне қарсы күресін суреттейді.

8.

Сәкен – қазақ әдебиетінің бар
жанрында алғаш рет күрделі
шығармалар ұсынған жаңашыл
да батыл суреткер. Сәкеннің
прозасы мен драматургиясы –
қазақ әдебиеті өркендеуінің
жаңа кезеңдері. Ол орыс
әдебиетіндегі Маяковскийдің
жаңашылдығын, Горькийдің өршіл
романтикалық үлгісін, А.Блок,
С.Есенин дәстүріндегі
сыршылдық үлгілерін қазақ
әдебиетінің тәжірибесіне
ұштастыруда батыл қадам
жасады.

9.

С.Сейфуллин 1938 жылы
сталиндік репрессияға
ұшырып опат болды.
Сталиндік жеке басқа
табынушылық саясаты
әшкерленген соң, 1956
жылы ақталып,
шығармашылығы елжұртымен қайта
қауышады.

10.

Қарағанды
облысы,кедей
отбасы
Ақын,
жазушы,қоғам
қайраткері
СӘКЕН
СЕЙФУЛЛИН
Ұлт-азаттық
көтеріліс “Кел,
жігіттер”
шығармалары
Приход
мектебі, үш
сыныптық
училище
“Өткен
күндер”
Қазан
қаласы

11. СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН

поэзия
Роман,
повесть,
әңгіме
“Көкшетау“
Альбатрос”
“Өткен
күндер”
“Асау
тұлпар”
т.б.
“Жемістер”
“Айша”
“Жұбату”
“Тар жол
тайғақ кешу”
прозасы
драматургиясы
“Банданы
қуған Хамит”
“Бақыт
жолында”
“Қызыл
сұңқарлар”

12.

№ 1 үстелінің тапсырмасы:
1.С.Сейфуллин қашан,қай жерде дүниеге келген?
2.Тұңғыш өлеңдер жинағы қалай деп аталады?
3.Ақынның қандай драмалық шығармаларын білесің?
№2 үстелінің тапсырмасы:
1.Сәкен Сейфуллиннің әке –шешесі туралы не білдіңдер?
2.Тұңғыш өлеңдер жинағы қай қалада басылып шықты?
3.С.Сейфуллиннің қандай шығармаларын білесің?
№3 үстелінің тапсырмасы:
1.Сәкен поэзиясының тақырыптары қандай?
2.Проза саласында қандай еңбектер жазған?
3.С Сейфуллин кім?

13.

Сабақты қорытындылау:
Топтар
1 топ
2 топ
3 топ
№1 үстелдің
тапсырмасы
№2 үстелдің
тапсырмасы
№3 үстелдің
тапсырмасы
қорытынды
English     Русский Rules