1.51M
Category: biographybiography

Сейфуллин Сәкен

1.

http://yznaika.com/powerpoint

2.

Мазмұны
Өмірбаяны
Азамат соғысынан
кейін
Шығармашылығы
Абай және Сәкен

3.

Өмірбаяны
1894 - 1938
Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (18941938) қазақтың атақты ақыны, жалынды
жазушысы, дарынды драматург, білікті
ұстаз, мемлекеттік қайраткері,
Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін
қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің
Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы
төрағасы болған.

4.

Өмірбаяны
Анасы Жамал
Әкесі Сейфолла
Гүлбарам Сейфуллина

5.

Өмірбаяны
1908-1913 жылдары Ақмоладағы
Нілді орыс мектебінде кейін
қалалық училищеде білім алған
1913-1916 жылдары Омбы
мұғалімдер семинариясында
оқыған.

6.

Өмірбаяны
1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және
әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы Орталы
Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы,
хaлық ағарту комиссарының орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің
Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы,
Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы, БК(б)П
Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі,
Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық
институтының директоры, «Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы
басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы»
журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журнлистика институтының
профессоры қызметтерін атқарды.

7.

Азамат соғысынан кейін
1920 жылы 7 мамырда ол
босатылып, Ақмолаға Қызыл
Армия қатарына оралды және
революциялық комитеттің
(революциялық комитеті)
Әкімшілік бөлімесінің басшысының
көмекшісі болып тағайындалды.
1938 жылы «ұлтшыл буржуа» деген
айыппен тұтқындалып, 1939 жылы
28 ақпанда
Алматы НКВДсының қабырғасында
атылды.
Ол Сталин қайтыс болған кейін
1953 жылы ақталған.

8.

Марапаттаулары
Еңбек Қызыл Ту ордені (1936).

9.

Шығармашылығы
С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау» (1934),
«Қызыл ат» (1934), дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта»
30-жылдардың бас кезінде Казақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра
сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік» (1924), «Аққудың айрылуы» (1925)
шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін
суреттейді. С.Сейфуллин проза, драмматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында
көрнекті еңбек етті.

10.

Шығармашылығы
«Жұбату» (1917) әңгімесі – Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық,
шығармасы. «Жемістер» (1935), «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда»
туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының
патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық
романында көрсетеді Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес.
Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зертгеу, бастыру ісімен де шұғылданды.
Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары» (1931), «Батырлар»
(1933), «Ақан сері-Ақтоқты», «Ләйлі-Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді.
«Қазақ әдебиеті» (1932) кітабы – осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі.

11.

Абай және Сәкен
20 ғасырдағы қазақ әдебиеті, әсіресе қазақ поэзиясы Абайдың ақыңдық мектебінің
әсер-ықпалымен өркендеді. Сәкен Абайды айрықша ұнатқандардың да, мейлінше
жек көргендердің де қатарында болған емес. Идеология ыңғайымен үстем таптан
шыққанын анда-санда ескертіп қойғаны болмаса, айрықша белсенділікке салынған
жоқ. Сақтана пікір айтты. Омбыда оқып жүрген шәкірттік дәуірінде Абай рухына
сиынып, аңқылдаған ақ көңілін жайып салған өлеңі бар: «Сөзіңнің қарап тұрсам
мағынасы мол, Бастаушы адасқанға болғандай жол, Өзге сөздің патшасы - сенің сөзің,
Я бар бол бұл дүниеде, яки жоқ бол...» - деп Абайдың құдіретті сезін ардақ тұтты.

12.

Абай және Сәкен
«Сөзіңді үлгі қылды білген адам, Түсінбес оқыса да бітеу надан, Наданға құр қу ағаш
құрған тезің, Көткеншек алға қарай баспас қадам...»- деген әлеуметтік ойларды ұлы
ақыннан алғаны сөзсіз. Оның қаншалықты мәні барын «Бірлік» қоғамына басшылық
жасап жүргенде өзі мықтап түсінді. Сондықтан «Кім басшы - аға халыққа», «Қазақ
сабағы», «Надан бай», «Оқымаған қазақ» деген өлеңдерін жазып, ел қамын ойлау
адастырмас арман жолы екенін ұқты. Сол тұста жас ақынды қолтығынан демеп, алға
бастырып жіберген Абайдың азаматтық әуені болатын, «Сөз патшасынан» қоғамдық
мән-мағына тауып, өз пікірін сабақтауға бел буды.

13.

Абай және Сәкен
«Сөзіңнің жылдан-жылға қадірі артты, Оқуға құмар қылды талай жасты, Құмар
болған кеудесі - сәулелі ар, Айтпаймын ауылдағы шыбай масты...» - деуінің сыры да
түсінікті. «Сәулелі ары» барлар ғана Абайға серік болмақ.
«Саналы көзі ашыққа сөзің алтын, Санасызға - жел сөз - соққан салқын, Ойында
санасыздың еш нәрсе жоқ, Ілгері бассын деген қазақ халқын...» - деген қомақты
пікірді түйіндегенде Сәкеннің Абайды қалай түсінгені өзінен-өзі айқындала бермек.

14.

Хронологиялық кесте
Жыл
Оқиға
1894
15 қазанда қазіргі Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданында туған.
1905-1908
Спасс зауыт алдында қазақ-орыс мектебінде білім алған.
1908-1913
Ақмола қаласында мектепте, кейін училищеде оқыды.
1913-1916
Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. Онда ол М.Жұмабаевпен танысты.
1914
қазанда "Өткен күндер" өлеңдер жинағы басылып шығады.
1917
Ақмола қаласында кеңес үкіметі жұмыстарында жауапты қызметтер атқарады
1918
Ақмоланы Колчак әскері басып алып, кеңес қызметкерлерін тұтқындайды.
1922
"Еңбекші қазақ" гезетінің редакторы, халық комиссарының орынбасары.
1926
жұбайы - Гүлбарам Батырбекқызы.
1936
еңбек қызыл туынын орденін берді.
1938
тұтқындалған. Кейін атып өлтірді.

15.

Әдебиет
Сайттар:
https://kk.wikibooks.org
http://wikipedia.org
http://yznaika.com
http://www.seifullin.ru
ҚАЙТАЛАУ
АЯҚТАУ
English     Русский Rules