Дайындаған:Куракбаева Айзада Тексерген:Мәден Асылбек Группа:ФК-101
824.18K
Category: educationeducation

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа стратегиялары

1. Дайындаған:Куракбаева Айзада Тексерген:Мәден Асылбек Группа:ФК-101

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз
етудің жаңа стратегиялары

2.

O
Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыру
жөнінде Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар бере келе халықты жұмыспен
қамтудың түбегейлі жаңа стратегиясын әзірлеу міндетін жүктеген болатын. Үкімет
осыған сәйкес Жұмыспен қамтудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа
бағдарламасын жасап, қабылдады. Бұл бағдарлама үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен
бастап іске асырыла бастайды. Бағдарламаны жүзеге асырудың жолдары мен
тетіктері қазіргі күні егжей-тегжейлі пысықталу үстінде. Оған қажетті барлық
нормативтік-құқықтық актілерді үстіміздегі жылдың 1 мамырына дейін қабылдау
жоспарланған. Наурыздың соңындағы Үкімет отырысында бағдарламаны жүзеге
асырудың негізгі шаралары тағы да қаралды. Олар жайында Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова баяндады. Сонымен бұл
бағдарлама халыққа не береді? Одан ауыл адамдары, әсіресе, ондағы жұмыссыз
адамдар не күте алады? Үкімет қабылдаған жаңа бағдарлама жобасына және
қолымызда бар деректерге сүйене отырып осы туралы әңгіме қозғамақпыз. Халықты
жұмыспен қамтудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі мақсаты
– жұмыссыздар санын азайту, олардың тұрақты және нәтижелі жұмыс орындарына ие
болуына жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру болып табылады. Осыған
қол жеткізу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен басқа да
мемлекеттік органдардың алдына мынадай шараларды жүзеге асыру міндеті
қойылып отыр: Біріншіден, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды
және табысы аз адамдарды анықтап, оларды жұмыспен қамтудың белсенді
бағдарламаларына тарту. Екіншіден, елімізді индустрияландыру бағдарламаларын
жүзеге асыру үшін кадрлар әлеуетін дамыту. Үшіншіден, еліміздің атаулы әлеуметтік
көмек көрсету жүйесін алдыға қойылып отырған жаңа міндеттер аясында жетілдіру.
Сөз болып отырған осы мәселелер ескеріле келе жұмыспен қамту бағдарламасын
іске асыру үшін бірінші кезекте халықты оқытуға, жұмысқа орналастыруға,
тұрғылықты жері бойынша өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастырып, осы іске
жәрдемдесуге мән беріледі, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшулеріне қолайлы ахуал тудырылады.
Бағдарламадағы шараларды жүзеге асыру негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі.

3.

O
Бірінші бағыт. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды,
жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және еңбек
рыногында олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. Екінші бағыт.
Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Үшінші бағыт. Еңбек
ресурстарының ұтқырлығын арттыру. Бағдарламаны жүзеге асыру басталатын 2011 жыл – қанатқақты кезең болып есептеледі. Осы жылы
бағдарламаны іске асырудың тетіктері нақтыланып, олар құқықтық
тұрғыдан, яғни заңдық негіздермен қамтамасыз етіледі. Екінші кезең
2012-2015 жылдарды, үшінші кезең 2016-2020 жылдарды қамтиды. Бұл
кезеңдерде бағдарламаны жүзеге асыру жүйелі жолға түсіп, пәрменді
сипатқа ие болуы тиіс. Қазіргі күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі бағдарламаны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық базаны
жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда. Осы бойынша
бағдарламаға қатысушылардың өзара міндеттемелері айқындалды. Ол
міндеттер әлеуметтік келісім-шарттар жасасу арқылы бекітіледі. Көп
ұзамай Индустрияландыру картасындағы жобалар мен «Бизнестің жол
картасы-2020» бағдарламасындағы шаралар негізінде пайда болған
және жаңадан құрылатын жұмыс орындарын нақты пайдалану үшін
ағымдағы және перспективалық жұмыс орындарының автоматтандырылған дерекқоры жұмыс істей бастайды. Бағдарламаның бірінші
бағыты азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына
жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі
қамтылуын қамтамасыз етуді көздейді.

4.

O
Бұл бағыт өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және
табысы аз адамдарды қамтитын болады. Бағдарламаға қатысудың басым
мүмкіндіктері ауыл жастарына беріледі. Бірінші бағытқа қатысушыларға
мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады: кәсіптік
даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына тегін
жолдамалар беріледі және оқу орнына жеткенге дейінгі жолақы шығындары
субсидияланады; Лайықты бос жұмыс орындары іздестіріледі және
жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуына жәрдем
көрсетіледі; жұмысқа психологиялық бейімдеу шаралары
ұйымдастырылады. Бұл шараларды іске асыру тетіктері төмендегідей.
Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары құжаттардың қажетті тізбесін ұсына
отырып, бағдарламаға қатысу туралы өтінішпен жергілікті жұмыспен қамту
органдарына өтініш білдіреді. Жергілікті жұмыспен қамту органдары
берілген өтініштердің негізінде ықтимал деген қатысушылардың тізімін
қалыптастырады. Қалыптастырылған тізімдер мен ықтимал қатысушылар
туралы мәліметтер аудандық (қалалық) комиссиялардың қарауына
жіберіледі. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша комиссия
мүшелері өтініш берушілерді бағдарламаға қатысушылар қатарына қосу
немесе өтініш беруші бағдарламаның бірінші бағытына қатысу өлшемдеріне
сәйкес келмеді деп тапқан жағдайда, одан бас тарту туралы шешім
қабылдайды. Аудандық комиссия отырыстары хаттамаларының көшірмелері
жергілікті жұмыспен қамту органдарына жіберіледі. Бағдарламаның ықтимал
қатысушыларын анықтау мен өтініш иесін бағдарламаға қосу жөнінде шешім
аудандық (қалалық) деңгейде қабылданатын болады. Бағдарламаның әрбір
қатысушысымен жұмысқа орналасуды қоса алғанда, өзара міндеттемелер
туралы шарт болып табылатын әлеуметтік келісім-шарт жасалады.

5.

Егер бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналаса алмаса,
оған бағдарламаның екінші немесе үшінші бағыттарына қатысу ұсынылады. Екінші
бағыттың мақсаты – жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық
белсенділігін арттыру болып табылады. Жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған
мүмкіндігі бар азаматтар бағдарламаның қатысушылары бола алады. Соның ішінде жеке
ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындар негізгі назарға алынады, яғни оларға басымдық
берілетін болады. Осы бағыт бойынша бағдарламаға қатысушыға консультациялық қызмет
көрсету; кәсіпкерлік негіздерін оқыту; шағын несие беру; жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру секілді мемлекеттік қолдау
түрлері көрсетіледі. Енді осының ішінде шағын несие беру мәселесіне келейік. Шағын
несие беру – ауылдағы кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі тетігі болып табылады. Ол
қайтарымдылық негізінде 3 млн. теңгеге дейінгі көлемде 5 жылдан аспайтын мерзімге
беріледі. Ескерте кететін бір жағдай, шағын несие тұтынушылық мақсаттарға, басқа
кредиттерді өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берілмейді, тек қана жеке ісін
ұйымдастыру немесе кеңейту үшін беріледі. Бұл несиенің бір артықшылығы – оны
алушыға кредит бойынша пайыздарды төлеу және негізгі қарызды өтеу бойынша он сегіз
айға дейінгі мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады. Ал оны алушы үшін шағын несие
бойынша жылдық тиімді пайыздық ставканы өңірлік комиссиямен келісе отырып, уәкілетті
өңірлік ұйым белгілейді. Шағын несие беруді жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдарын
іріктеу ісін жергілікті атқарушы органдар арқылы уәкілетті орган конкурстық негізде
жүргізеді.

6.

O
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органға
бюджеттік кредит береді. Жергілікті атқарушы орган шағын несие беруді
ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымды өзі айқындайды. Уәкілетті
өңірлік ұйым микроқаржы ұйымдарына кредит берудің белгіленген ережесіне
сәйкес бағдарламаға қатыса алатын микроқаржы ұйымдарын іріктеу бойынша
ашық конкурс өткізеді. Уәкілетті өңірлік ұйым мен микроқаржы ұйымдары
арасында кредит беру туралы келісім-шарт жасалады. Сонан кейін барып
бағдарламаның екінші бағытына қосылған адамдар жергілікті жұмыспен қамту
органының жолдауы бойынша шағын несие алу туралы бағдарламаға
қатысушы микроқаржы ұйымына өтініш білдіреді. Микроқаржы ұйымы жобаға
бағалау жүргізеді және қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені)
туралы шешім қабылдайды. Оң баға алған жобалар бойынша қаржыландыру
осы бағдарламада көзделген шарттарға, сондай-ақ Үкімет бекіткен микроқаржы
ұйымдарына кредит беру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Ал ауылдағы
кәсіпкерлік нысандары мен субьектілері қолданып жүрген
инфрақұрылымдарына (яғни, телефон және электр жүйелерінің құбырлары,
жылу және сумен жабдықтау) қосымша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар жүргізу қажет болған жағдайда, бұл шығыстарды егер ол нысандар
елді мекенді салу жоспарына сәйкес болса, мемлекет өзіне ала алады.
English     Русский Rules