Similar presentations:
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарымының жерлерінің,
1.
Ерекше қорғалатын табиғиаумақтарымының жерлерінің,
сауықтыру, рекреациялық және
тарихи-мәдени мақсатындағы
жерлердің құқықтық тәртібі
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi
биосфералық, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң,мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк табиғи
парктердiң, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң,
мемлекеттiк қорық аймақтарының, мемлекеттiк табиғи
қорықшалардың, мемлекеттiк зоологиялық парктердiң,
мемлекеттiк ботаникалық бақтардың, мемлекеттiк
дендрологиялық парктердiң, мемлекеттiк табиғи қорықсепортерлердiң жерiн қосқанда, мемлекеттiк табиғи
қорықтардың жерi жатады.
3.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағыҚазақстан Республикасының заңнамасы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi
саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының
Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге
табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар осы Заңмен реттелмеген
бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүлiктiк қатынастар, егер осы Заңда
өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi;
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан
өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің өзіне тән бірнеше белгілері бар:
• Бұл жерлер ерекше қорғалатын табиғи, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық,сауықтыру немесе өзге құндылығы болуы қажет;
• Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғиқорық қорының объектiлерi орналасқан өзге де санаттардағы жерлердiң жер
учаскелерi мемлекет меншiгiнде болады және жекешелендiруге жатпайды;
• Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн алып қоюға, сондай-ақ оларды басқа
санаттардағы жерлерге ауыстыруға жол берiлмейдi. Яғни шаруашылық айналымнан
толығымен немесе ішінара алынып тасталған;
• Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiнде олардың нысаналы мақсатына
сәйкес келмейтiн кез келген қызметке тыйым салынады. Бұл жерлерде қорғаудың
ерекше режимі белгіленген;
• Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi толық немесе iшiнара,
мерзiмсiз немесе белгiлi бiр мерзiмге шаруашылық пайдаланудан алып қойылады
және олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық
маңызы ескерiле отырып, төлем шартымен пайдаланылады.
5. Жер учаскелерiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiнiң санатына жатқызу туралы шешiмдердi:
Жер учаскелерiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтаржерлерiнiң санатына жатқызу туралы шешiмдердi:
1) республикалық маңызы бар ерекше
қорғалатын табиғи аумақ үшiн - уәкiлеттi
органның ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Үкiметi;
2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын
табиғи аумақ үшiн - уәкiлеттi органмен келiсе
отырып, облыстардың (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың) атқарушы органдары
қабылдайды.
6.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарсаласындағы негiзгi принциптер
биологиялық саналуандықты, бiрегей және
типтiк ландшафтарды сақтау мен қалпына
келтiрудi қамтамасыз ететiн экологиялық
желiнiң базалық құрамдас бөлiгi ретiнде
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
жүйесiн дамыту;
мемлекеттiк табиғи-қорық қоры мен табиғи
экологиялық жүйелердi сақтау;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау
мен қадағалау;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
ғылымды, мәдениеттi, оқу-ағартуды, бiлiм
берудi, туризмдi дамыту мақсаттарында
пайдалану;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
пайдаланудың ақылы болуы;
жеке және заңды тұлғалардың ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
мiндеттердi шешуге қатысуы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
үйлестіру кеңестерінің ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді
шешуге қатысуы
7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың маңыздылығына байланысты 2 түрге бөлінеді:
1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарҮкіметтің шешімімен ғана құруға рұқсат етілген.
2. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылады.
8.
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатынтабиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және
қорғалу режимiнiң түрлерiне байланысты
мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) мемлекеттiк табиғи қорықтар;
2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер;
3) мемлекеттiк табиғи резерваттар;
4) мемлекеттiк зоологиялық парктер;
5) мемлекеттiк ботаникалық бақтар;
6) мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
7) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;
8) мемлекеттiк табиғи қаумалдар;
9) мемлекеттiк қорық аймақтары.
9.
Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатынтабиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және
қорғалу режимiнiң түрлерiне байланысты
мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер;
2) мемлекеттiк зоологиялық парктер;
3) мемлекеттiк ботаникалық бақтар;
4) мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
5) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;
6) мемлекеттiк табиғи қаумалдар.
10. Мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілері
Ол қоршаған ортаның табиғи эталондары. Бұлобъектілер бірнеше топқа бөлінеді:
1. Зоологиялық, жануарлардың сирек кездесу түрлері.
2. Ботаникалық, өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері.
3. Орман, ерекше қорғалатын ормандар.
4. Дендрологиялық сирек кездесетін ғылыми, таихи
мәдени маңызы бар жекелеген ағаштар.
5. Гидрогеологиялық, ерекше құнды су қоймалары.
11. Мемлекеттiк табиғи қорық
Мемлекеттiк табиғи қорықтабиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар
ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң
мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен
құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен
жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен
жануарлардың жекелеген түрлерi мен
қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық
жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына
келтiру болып табылады.
12. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк
ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени жәнерекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғиқорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен
объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық
саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау,
экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және
рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған
табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар
ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
13. Қорғау режимі мен табиғи кешендерді пайдалану мақсаттарына орай мемлекеттік ұлттық табиғи парктер келесі функционалдық
аймақтарға бөлінеді:Қорықтық
режимдегі;
Туристік және
рекреациялық
қызметтегі;
Экологиялық
тұрақтандыру;
Шектеулі
шаруашыдық
қызметтегі
14. Мемлекеттік дендрологиялық парк
Мемлекеттік дендрологиялық паркағаш және бұтақ тектес өсімдіктерді қорғау, пайдалану
және өсімін молайту үшін арналған, қорғаудың ерекше
режиміне ие болатын табиғат қорғау және ғылыми ұйым
мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып
табылады. Мемлекеттiк дендрологиялық парктердiң
негiзгi қызметiне Қазақстанның ағаш өсiмдiктерiн
сақтаудың, молықтырудың және пайдаланудың ғылыми
негiзiн әзiрлеу, Қазақстанның дүниежүзiлiк маңызы бар
флорасының ресурстарын игеру жатады.
15. Мемлекеттік зоологиялық парк
сирек кездесетін немесе құрып кету қаупіндегіжануарларды жасанды ортада сақтап тұрумен
айналысатын мәдени-ағарту, ғылыми, оқу және табиғат
қорғау қызметі үшін арналған табиғат қорғау және
ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи
аймақ болып табылады. Мемлекеттiк зоологиялық
парктердiң негiзгi қызметiне Қазақстанның жануарлар
дүниесiн сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың,
дүниежүзiлiк маңызы бар Қазақстан фаунасының
ресурстарын игерудiң ғылыми негiздерiн әзiрлеу
жатады.
16. Мемлекеттік ботаникалық бақ
сирек кездесетін немесе құрып кету қаупіндегі өсімдіктердісақтаудың, қорғаудың және өсімін молайтудың ғылыми
негіздерін дайындау мен зерттеулерді жүргізуге арналған,
табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше
қорғалатын табиғи аймақ болып табылады.
17. Мемлекеттік табиғи ескерткіш дегеніміз
экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалықтұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын,
құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк
табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу
тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше
қорғалатын табиғи аумақ. Маңыздылығына байланысты
мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң
жекелеген түрлерi және табиғи кешендер республикалық
немесе жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат
ескерткiштерi болып жарияланады.
18. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар дегеніміз
- ерекше құқық қорғау режимі бар мемлекеттік табиғи қорынсақтау және және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін
шаруашылық қызметі режиміміен жер, су, орман және жер
қойнау учаскелері.
19. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң құқықтық режимi
Ерекше қорғалатын табиғиаумақтардың жерлерi, сондай-ақ
мемлекеттiк табиғи-қорық қорының
объектiлерi орналасқан өзге де
санаттардағы
жерлердiң
жер
учаскелерi мемлекеттiк меншiкте
болады және иеліктен шығаруға
жатпайды.
Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың жерін алып
қоюға жол берілмейді.
20.
Ерекше қорғалатын табиғиаумақтарды күзету режимiнiң түрлерi
• кез келген шаруашылық
қызметке, сондай-ақ
мемлекеттiк табиғи-қорық
қорының табиғи
кешендерi мен
объектiлерiнiң табиғи жайкүйiн бұзатын өзге де
қызметке тыйым салуды
көздейтiн қорық режимi;
• шаруашылық және өзге
қызметтiң жекелеген
түрлерiне белгiлi бiр
мерзiмге немесе онсыз
маусымдар бойынша
толық тыйым салуды
немесе шектеудi көздейтiн
қаумалдық режим;
• табиғи кешендердi
шектеулi пайдалануды,
сондай-ақ жер
учаскелерiнiң меншiк
иелерi мен жер
пайдаланушылардың
шаруашылық қызметтiң
дәстүрлi түрлерiн
мемлекеттiк табиғи-қорық
қорының табиғи
кешендерi мен
объектiлерiне зиянды әсер
етпейтiн тәсiлдермен
және әдiстермен жүргiзуiн
көздейтiн шаруашылық
қызметтiң реттелмелi
режимi.
21.
Рекреациялықаумақтар
халықтың ұйымдасқан жалпы демалысы мен
туризмі үшін арналған қоршаған табиғи ортаның
мәдениеттендірілген,
яғни
қолдан
жасалған
учаскелері
22.
23.
Ұлттық парктердің қорықтық аймақтарының шегінде кез келгеншаруашылық қызметке, рекреациялық пайдалануға тыйым салынады және
мемлекеттік табиғи қорықтарды ерекше қорғайтын режим қолданылады.
Басқа аймақтарда табиғи кешендер мен объектілерді сақтау үшін
жағдайлар жасалады, өз кезегінде, олардың аумағында аталған объектілерді
пайдалануды қатаң түрде реттеу, оның ішінде рекреациялық пайдалану
аймақтарында, шектеулі шаруашылық қызметтерді, әкімшілік-өндірістік
мақсаттағы және келушілерге қызмет көрсету жүзеге асырылады. Сонымен
қатар онда спорттық және кәдуілгі аң және балық аулау, рекреациялық
орталықтарды, қонақ үйлерді, кемпинг, мұражай және туристерге қызмет
көрсететін өзге де объектілерді салу және пайдалану іске асырылады.
Мемлекеттік аймақтық табиғи парк мемлекеттік ұлттық табиғи
парктерге ұқсас болып келеді, олардың орындайтын міндеттері мен алға
қойған мақсаттары да бірдей, бірақ олардың мәртебесі тек жергілікті
деңгейде.
Мемлекеттік аймақтық табиғи парктерде мемлекеттік ұлттық табиғи
парктердегідей зоналарға бөлінеді.
Мемлекеттік аймақтық табиғи парктер мемлекеттік ұлттық табиғи
парктер сияқты сол тәртіппен және дәл сондай шарттарда пайдаланылады.
24.
Бұл ұғымдардыңарасындағы
айырмашылығы
рекреациялық
аумақтардың және ерекше
қорғалатын табиғи
аумақтардың
мақсаттарының өздеріне
тән белгілерінен туындап
отыр. Рекреациялық
аумақтар халықтың
жаппай демалысы мен
туризмге арналған болса,
ал ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар –
мемлекеттік табиғи қорық
қорларын сақтауды және
қалпына келтіруді
қамтамасыз етуге
бағытталады.
Рекреациялық аумақ және
ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар дегеніміз - табиғи
объектілер мен ресурстардың
жиынтығы болып табылатын
табиғи кешендер
“Рекреациялық
аумақ” және “ерекше
қорғалатын табиғи
аумақ” деген
ұғымдардың өзара
арақатынасын шеше
келе мына мәнжайларды атап өтуге
болады:
Рекреациялық аумақтар кейбір ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың
құрамдас бөлігі болып келеді,
нақтырақ айтар болсақ: мемлекеттік
ұлттық табиғи парктер мемлекеттік
табиғи парктердің бір құрамы болып
саналады.
1.Рекреациялық
аумақтардың тек
кейбір ерекше
қорғалатын табиғи
аумақтардың құрамдас
бөлігі ғана болып
келеді деп айту, әрине,
дұрыс болмас еді.
Олар жаппай демалыс
пен туризм
мақсатында табиғи
объектілер мен
ресурстар жиынтығын
жеке дара шығару
кезінде өзіндік дербес
маңызға ие
болатындығы анық.
25. Сауықтыру мақсатындағы жерлер дегеніміз
табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудыңалдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы жер
учаскелерiнің жүйесі.
26.
«Курорт» ұғымы ҚР Экологиялық кодексінде кездеспейді, дегенмен ҚРэкологиялық заңдарында бұл ұғым және сауықтыру мақсатындағы жерлер деген
ұғымдар бірнеше рет ескерілген.
ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сай сауықтыру мақсатындағы
жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен
емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы жер учаскелерi жатады. Бұрынғы ҚазКСР
заңдылығында курорт деп – табиғи емдік қасиеттеріне және минералды көздеріне ие,
емдеу-профилактикалық мақсатта игерілген жерлер танылған. Адам ауруының алдын
алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы санитарлық және экологиялық
жағдайларды сақтау мақсатында сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерiнде
Қазақстан
Республикасының
заңдарына
сәйкес
санитарлыққорғау аймақтары белгiленедi. Сауықтыру мақсатындағы жердiң күзет, санитарлыққорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оны пайдалану режимiн
жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайды. Белгiленген санитарлық
режимге сәйкес осы жер учаскелерiн шаруашылық айналымынан толығымен алып
қоюды көздейтiн жағдайларды қоспағанда, санитарлық-қорғау аймақтары шегiндегi
жер учаскелерi жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан
алып қойылмайды. Бұл ретте аталған учаскелер осы Кодексте белгiленген шарттарға
сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылады, соның ішінде сатып
алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылады. Жер учаскелерiн санитарлық-қорғау
аймақтарының екiншi және үшiншi белдеулерi шекарасында пайдалану осы
аймақтарды күзетудiң белгiленген режимi сақтала отырып жүзеге асырылады
27. Курорт – табиғи емдеу ресурстары бар және оларды пайдалану үшін инфрақұрылым объектілерін қосқанда арнайы ғимараттары бар
емдеу-профилактикалықмақсатта
игерілген және пайдаланылатын ерекше
қорғалатын
табиғи
аумақтар».
Бұл
анықтамадан біз «ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар» деген сөздерді алып тастар едік,
себебі,
жоғарыда
айтқанымыздай,
рекреациялық
аумақтар
мен
ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардағы қызметтер
әртүрлі
мақсаттарды
ұстанады.
28.
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін жәнесауықтыру мақсатындағы жерді пайдалану кезіндегі
экологиялық талаптар» деп аталатын 212-бапта былай
делінген:
Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың жерiн
пайдалану режимi
Қазақстан
Республикасының Жер
кодексiмен және «Ерекше
қорғалатын табиғи аумақта
р туралы» Қазақстан Респ
ублика- сының Заңымен
реттеледi.
Сауықтыру мақсатындағы
жерде қолайлы
экологиялық және
санитарлықэпидемиологиялық
жағдайларды сақтау
мақсатында оларды
аймақтарға бөлу кезiнде
санитарлық қорғаныш
аймақтары белгiленедi.
29.
Рекреациялық аумақтар мен курорттары құру тәртібі мен олардағы қызметті заңжүзінде бекіту. Адамдарды емдеу және олардың ауруларының алдын алуды
ұйымдастырумен байланысты бірқатар сұрақтарды реттеу үшін ҚР «Табиғи
емдеу ресурстары, емдеу-сауықтыру жерлері туралы» арнайы Заң қабылдануы
тиіс.
Рекреациял
ық табиғат
пайдалану
туралы
заңдарды
жетілдіру
мына
бағыттар
бойынша
жүзеге
асырылуы
қажет:
Республикалық заңдарда рекреациялық табиғатты пайдалану саласындағы
терминдер мен ұғымдардың бірыңғай түсініктеме аппаратын бекіту:
«рекреациялық аумақ», «рекреациялық табиғатты пайдалану құқығы», «курорт»,
«қорғау аймағы» және «буферлік аймақ» және оларды өзара үйлестіру.
Рекреациялық аумақтар мен курорттардың мәртебесін төмендету және оларды
жерлердің басқа категорияларына ауыстыру тек ерекше жағдайларда (олардың
ерекше маңызын жоғалтуына әкеп соққан табиғи катаклизмдер) ғана жүзеге
асырылатынын заң жүзінде бекіту.
Рекреациялық аумақтар мен курорттарды қаржыландырудың (бюджеттік, жеке
және өзге де көздер, мысалы, оларға барғаны үшін төлем алу) біркелкі жүйесін
бекітуді ұсыну.
Рекреациялық аумақтар мен курорттардағы қорғау және буферлік аумақтарда
табиғат пайдаланушылар мен жерпайдаланушылардың тұрақты экологиялық
қызметін мемлекеттік тараптан қолдау және экономикалық мүдделендіру
шараларын анықтау.
Рекреациялық және сауықтандыру табиғат пайдалану саласындағы
заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын анықтау
30. Қорытынды
• Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорыққорының объектiлерiне залал келтiрген жеке және заңды тұлғалар
келтiрiлген шығындарды ескере отырып, оны Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк
табиғи-қорық қорының объектiлерiн қалпына келтiруге жұмсалған
шығындар мөлшерiнде табиғат қорғау ұйымдарына толық көлемде өтеуге
мiндеттi.
• Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық
ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан
Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге
асырылады.