2.57M
Category: lawlaw

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі Қазақстан Республикасының Кодексі

1.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік
Кодексі Қазақстан Республикасының Кодексі
2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
Орындаған: Жақсылықова Б.Е.
Қабылдаған:Козыкеева Р.А.
Курс: 3
Факультет: ФӨТ
Топ: 18-018-01

2.

Жоспары:
1. Бақылау және қадағалаудың органдары;
2. Тәуекел;
3. Қауiп-қатердi бағалау жүйесі;
4. Тексерiлетiн субъекттер;
5. Бақылау және қадағалаудың есептерi;
6. Бақылау түрлері.

3.

Бақылау және қадағалаудың
органдары
Бақылау және қадағалау
органдары- Қазақстан
Республикасының
заңнамасында белгіленген
талаптарға сәйкестігі
тұрғысынан байқауды және
тексеруді жүзеге асыратын
орталық мемлекеттік
органдар, олардың
ведомстволары мен
аумақтық бөлімшелері,
сондай-ақ жергілікті
атқарушы органдар.

4.

Бақылау және қадағалау органдары:
1) тиісті салада бақылау және қадағалау саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде осы Заңның 13-бабының 2 және 3тармақтарында, 14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді,
сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін
әзірлейді;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен
қадағалауды жүргізеді;
4) Бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін
жүргізеді;
5) бақылау мен қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде
ұсыныстар енгізеді;
6) Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де
заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге
де функцияларды жүзеге асырады.

5.

Мемлекеттік бақылау
Мемлекеттік бақылау - бақылау және
қадағалау органының тексерілетін субъектілер
қызметінің Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі
тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі
қызметі.

6.

Мемлекеттік қадағалау
Мемлекеттік қадағалау - бақылау және
қадағалау органының тексерілетін субъектілердің
Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарын сақтауын тексеру және байқау
жөніндегі қызметі

7.

Тәуекел
тексерілетін субъект қызметінің нәтижесінде
оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере
отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына,
қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың
заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік
мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.

8.

Қауіп-қатерді бағалау жүйесі
тексерулер тағайындау мақсатында бақылау
және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар
кешені.

9.

Тексерiлетiн субъекттер
қызметіне бақылау мен қадағалау жүзеге
асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар,
оның ішінде мемлекеттік органдар, Заңды
тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.

10.

Бақылау және қадағалаудың
есептерi келесілерге негізделеді:
1) заңдылық;
2) баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі; ;
3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы
арқылы жүзеге асырылады;
4) жариялылық;
5) бақылау мен қадағалаудың жоспарлануы мен
жүйелілігі қағидаттарына негізделеді;
6) мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының
кәсібилігі мен құзыреттілігі қағидаттарына негізделеді;
7) бақылау және қадағалау органдары лауазымды
адамдарының өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше
орындамағаны және өздерінің өкілеттіктерін асыра
пайдаланғаны үшін жауаптылық;
8) құқық бұзушылықтың алдын алудың жазалау
алдындағы басымдығы болып табылады;

11.

Бақылау түрлері.
Бақылау ішкі бақылау және сыртқы бақылау болып
бөлінеді:
Ішкі бақылау – мемлекеттік орган өз құрылымдық және
аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы
мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мемлекеттік
орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды
жүзеге асыратын бақылау. Сыртқы бақылауды жүргізу
тәртібі осы Заңның 10-бабында және 2тарауында айқындалады.
Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзушылықтар
анықталған жағдайда мемлекеттік органдар өз құзыреті
шегінде әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз
құзыреті шегінде тиісті талап арызға бастамашылық
жасайды жәнеҚазақстан Республикасының заңдарында
көзделген өзге де шараларды қабылдайды.

12.

Пайдаланылған әдебиеттер:
http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000375
https://online.zakon.kz/document/?doc_id=382598
54
English     Русский Rules