Similar presentations:
Нашақорлық түрлері және құқықтары
1.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ҰлттықМедицина
Университеті
Кафедра: Қоғамдық денсаулық сақтау
Тақырыбы: Нашақорлық – медициналық әлеуметтік мәселе
ретінде.
Орындаған: Әкім А.Ф.
Қабылдаған:
Тобы:13-002-01
Факультет: ҚДС
Курс: 4
14.11.2016
2. Жоспар:
І. КіріспеІІ. Негізгі бөлім
2.1.1. Нашақорлық түсінігі
2.1.2. Нашақорлық түрлері және құқықтары
2.1.3. Нашақорлықтың алдын алу шаралары
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
3.
Есірткі - (norkosis) грекше наркоз,ұйықтату, ұйқы мен ұмыттыру
мен, жансыздандыруды
білдіреді.
Есірткі – бұл адамның көңіл күйін, сана - сезімін, мінез –
құлқын бұзатын қауіпті тыйым
салынған химиялық зат. Ол
адамның есін алып, құмарлық
желігіне ұшыратады және аса
қауіпті, айығу үмітсіз. Әлеуметтік
дертті адамның сезімін толықтай
жансыздандырады деуге
болады.
4.
Есірткілерге тәуелділік деген не?• Есірткі тұтынуға күшті, тоқтатуға болмайтын құмарлық
• Есірткінің мөлшерін үнемі үстемелеудің қажеттілігі
• Есірткілер болмағанда психикалық және тәндік қолайсыздықтың
пайда болуы
• Қоршаған өмірге қызығушылық төмендеуінің өршуі (ештеңемен
әуестенбеу, мектеп, жанұя өміріне, достарға, құрдастарға қызықпау)
• Зиянды зардаптарын біле тұра, есірткі тұтынуды жалғастыру
• Тұтынатын есірткілердің мөлшерін және оны пайдалануға
байланысты ахуалды бақылау қабылетін жоғалту
5.
Нашақорлықтың себептері.Балалар мен жасөспірімдердің девианттық тәртіп формалары тәрізді
нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың
бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік
ішімдіктерге немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің
төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй
қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы,
психоактивті заттарға оңай қол жеткізу, жасөспірімдердің бос уақытын
өткізу мен қолы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы
сияқты әлеуміттік факторлар үлесінде. Жиі жағдайларда есірткілер
қоғамдық орындарда: мектептерде, дискотекаларда, кафелерде,
көшелерде, саябақтарда, есірткілерді таратушылар мен
сатушылардың пәтерлерінде алынады.
6. Есірткінің түрлері
ТоксикоманияМарихуана
Героин
Кокаин
Экстази
7.
8.
9. Есірткіні қолдану жолдары
Есірткіні қабылдаудың бірнешежолдары бар. Оның бірі – егу
арқылы қабылдау, өйткені қалай
болсын бұл қабылдау есірткіні
бірден қан арқылы тез миға
жеткізеді.
Бір есірткіні бірнеше түрде
қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу,
шайнау.)
Ең көп тарағаны шаншу немесе
егу арқылы қабылдау. Тікелей
тамырға жіберу өте қауіпті.
Нәтижесінде қан айналымы
нашарлайды. Сол себепті
нашақорлар денелеріне ине
салуға болатын жерлер іздей
бастайды.
10. Статистикалық мәліметтер
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтықстатистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүргізген
статистикалық деректердің талдауы өткен 2012 жыл ішінде елде
тіркелген есірткі қылмыстары санының біршама төмендегенің
көрсетеді. Осылайша, елдің құқық қорғау органдары талданып
отырған кезеңде аталған санатта 2011 жылдың ұқсас кезеңіндегі 4360
қылмыспен салыстырғанда 3886 қылмысты тіркеді, бұл яғни 10,9%-ға
төмен. Сондай-ақ, тіркелген жалпы қылмыстардың ішінде есірткі
заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз
айналымымен байланысты тіркелген қылмыстардың үлес салмағының
төмендеуі байқалады (2009 жылы есірткі қылмыстарының үлес
салмағы 5,1%-ды, 2010 жылы – 4,9%-ды, 2011 жылы – 2,1%-ды, ал
2012 жылы — 1,35%-ды құрады). Елдің өңірлері шегінде есірткі
қылмыстарының көбі Қостанай (385), Жамбыл (377), Қарағанды (372)
облыстарында және Алматы қаласында (329) тіркелді.
11.
2013 жылы Қазақстан Республикасындағы есірткі жағдайытуралы Ұлттық есеп (бұдан әрі — Есеп) мәліметтері бойынша
2014 жылы инъекцияның көмегімен есірткіні тұтынушы
тұлғалардың бағалау саны 112740 адамды құраған,
наркологиялық есепте бағалау санынан инъекциялық есірткіні
тұтынушылардың 22%-ы тұрады. Инъекциялық есірткілерді
тұтынушылардың үлесі мен Қазақстан Республикасындағы 15
жас және одан үлкен жастағы халық санының ара салмағы 0,9%ды құрайды.
12. Нашақорлардың құқықтары
Нашақорлық пен ауыратын адамдарды медициналық –әлеуметтік оңалту туралы заң бар. Нашақорлықпен ауыратын
адамдарға мынандай құқықтар көзделінген.
- білікті медициналық – санитарлық көмек алуға;
- наркологиялық мекемелер мен ұйымдарды таңдауға;
- өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа
шалдығуының сипаты, сондай – ақ емдеу және оңалту әдістері
туралы ақпарат алуға;
- медициналық – әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері
немесе қажет болған жағдайда, жүрген жері бойынша
өткізуге;
13. Нашақорлықтың алдын алу
Есірткіні тұтынудың бастапқы алдын алу – жасөспірімдер менжастардың ПБЗ-ны (психологиялық белсенді заттектерді) тұтынуын
жою бойынша жағдай жасау үшін барлық мүдделі тараптардың,
соның ішінде отбасы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және
спорт саласы, ішкі істер жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдарының
міндеті. Қазір осы мәселелермен көбінесе өскелең ұрпақтың
уақытының ең көп бөлігі өтетін орта мектептер, білім беру саласы
айналысуда. Бірақ кез келген білім беру мекемесі жасөспірімдермен
жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндіктерді игерсе де, білім беру
мекемелері өткізген ешқандай да алдын алу шаралары бұл іске
жасөспірімнің ата-аналары қосылмайынша тиімді болмайды, себебі
біріншіден, ата-ана ең алғашқы педагог бола отырып, баланың
салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастырады, екіншіден,
жасөспірім ата-анасынан үлгі алады, үшіншіден, ата-аналар алдын
алудың ең мүдделі субъектісі болып табылады.
14. Қорытынды
Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсартубойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла
атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы
нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған
жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күшжігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі
иммунитетін құруға бағыттауымыз керек. Ең бастысы–
есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе
отырып, күресуіміз қажет.
15.
Пайдаланылған әдебиеттер1. Қазақ энциклопедиясы
2. Қазақстан энциклопедиясы, VI-том