Similar presentations:
Психобелсенді заттарды қабылдаумен байланысты экономикалық, әлеуметтік, ар-ождандық зардаптары
1. Психобелсенді заттарды қабылдаумен байланысты экономикалық, әлеуметтік, ар-ождандық зардаптары.
Қабылдаған: Шалапов Д.М.Орындаған: Әшір Қуаныш
Тобы: ЖМ-519
2. Жоспар.
І.Кіріспе.ІІ.Негізгі бөлім.
Есірткінің зардаптары.
Ішімдіктің зардаптары.
Темекінің зардаптары.
ІІІ.Қорытынды.
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер.
3. Кіріспе.
Біз бұл тақырыпта ПАЗ-тарды пайдаланудыңсалдары мен зардаптары жайлы түсінік
қалыптастыратын боламыз.
Психоактивті зат — психикалық жағдайды
өзгеріске әкелетін, ОЖЖ-нің қызметіне әсер
ететін, жасанды және табиғи кез келген зат. Бір
рет қолданғаннан кейін эйфория немесе басқа
психотропты эффективті (галлюцинация, қозу)
және жүйелі түрде қолданғанда психикалық
және физикалық тәуелділікті шақыратын
химиялық зат.
4.
ПАВАЛКОГОЛЬ
пиво, вино, крепкие напитки
НИКОТИН
табак, сигареты, сигары,
папиросы
ОПИОИДЫ
производные мака: маковая
соломка, ханка; героин, кодеин,
метадон
КАННАБИОИДЫ
марихуана, гашиш (анаша, план)
ПСИХОСТИМУЛЯТОРЫ
эфедрин, эфедрон, первитин,
кокаин, экстази, амфетамин
ГАЛЛЮЦИНОГЕНЫ
ЛСД, РСР (фенциклидин), грибы
рода Psilotsibum
СЕДАТИВНЫЕ СРЕДСТВА
Барбитураты, бензодиазепины
ЛЕТУЧИЕ ИНГАЛЯНТЫ
растворители, бензин, клей,
ацетон
5. ПБЗ қолдануға алып келетін факторлары.
- Физикалық және психикалық денсаулық мәселесі.- ПБЗ қолданатын отбасында өсіп тәрбиелену.
- Ерте жыныстық қатынаста болу, жасөспірімдік
жүктілік.
- Өз-өзіне критиканың төмен болуы, сенімділіктің
болмауы.
- Ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытынын
болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін
қадағаламауы;
- Отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе
есірткі колдануы;
- Әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;
6.
- Ата-ананың бір бала тумай тұрғанда маскүнемнемесе нашақор болуы;
- Отбасы мүшелерініц бір-біріне деген
сүйіспеншіліктің болмауы, отбасындағы
түсініспеушіліктің орын алуы;
- Мектепте мұғалімдердің нашақорлық
мәселелеріне көңіл бөлмеуі,жасөспірімдер арасында
түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі;
- Достарының арасында нашақорлардың бар
болуы;
- Өзінен жасы үлкен достарынын жетегінде жүруі;
- Алкоголь мен есірткіге қол жеткізудін оңай
болуы;
- Әлеуметтік-экономикалық жағдайының
төмендігі.
7.
8. Есірткінің зардаптары.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық теккең ауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу
үстіндегі Қазақстанның маңызды проблемасы. Оның
әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке
жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы
халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар
арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп
төндіретін дерттердің дамуы және берілуі байқалуда,
ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.
9.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) есірткілер мен қылмыс бойыншаБасқармасының 2008 жылғы деректеріне сәйкес, әлемде есірткі
тұтынуда тәжірибесі бар 200 млн. адам бар, 110 млн. есірткілерді
салына тұтынады және 25 млн. адам есірткілерге тәуелділіктен
зардап шегеді. Нашақорлық таралуының қауіпі оның
қайтарымсыздығында, жас тұрғындар мен халықтың әлеуметтік
осал топтарының денсаулығын зақымдауында, осыған байланысты
оның медициналық және әлеуметтік салдарының
маңыздылығында. Есірткілерді тұтыну деңгейіне қылмыстық
істер, қайғылы оқиғалар, жарақаттанулар, уланулар, кісі өлтірулер
мен өзі өзіне қол жұмсаулар саны тікелей байланысты.
10.
Нашақорлық көптеген түрлі қылмыстарғаитермелейді. Есірткілерге деген сұраныс оны
коммерциялық сатуға тыйым салу жағдайында
жасырын есірткі бизнесі мен наркомафияны туғызады.
Есірткілерді тарату мен нашақорлар қызметіне
байланысты басқа да қылмыс түрлері көбеюде. Егер
есірткілік заттарды тәуліктік қабылдауға нашақордың
қажеттілігі аса жоғары болса, бұл жағдайда кезекті
дозаға ақша табу үшін, нашақор кез келген қылмысқа
баруы мүмкін. Ол қоғаммен байланысты жоғалтады,
сондықтан қылмыс істеуге әрқашан дайын.
Нашақорлықтың салдарын бағалауда күрделі
есірткілер (героин, крэк, кокаин) мен жеңіл
есірткілерді (гашиш, марихуана) айырмашылығын
ескерген жөн. Өлімге әкелетін күрделі есірткілер аса
қауіпті.
11.
Есірткінің биологиялық зияны:• Ағзаны тәуелді етеді;
• Психика бұзылады;
• Ішкі құрылыс зақымданады;
• Кемтар балалар туылады, т. с.
Есірткінің әлеуметтік зияны:
• Нашақордың отбасы қиналады;
• Емдейтін маман іздейді;
• Шығынданады;
• Нашақор өз жақындарын еліктіреді;
• Қылмыстар жасалады, т. б.
Есірткінің экономикалық зияны:
• Бар ақшасын есірткі қолдануға құртады;
• Өз үйінен бағалы заттарды білдіртпей алып
кете бастайды;
• Үйдің жағдайын төмендетеді;
• Есірткі сатушылар оңай олжаға кенеледі, арам
жолмен байиды.
12.
Есірткі мәдениетіЕсірткі ағымының негізгі мақсаты – бір мемелекет
немесе бір қоғамның ұлттық санасын және қорғаныс
қызметін жойып, оны отарға айналдыру. Жезөкшелік,
парақорлық, құмарлық, зорлық, өзін-өзі өлтіру, жыныс
ауыстыру, нашақорлық, отбасының ыдырауы секілді
қоғамды құлдырататын себептер есірткі мәдениетінің
негізгі элементтері болып табылады. Ұятсыздық,
жезөкшелік басқа да моданың жаман ағымдарын
қолдайтын, әр түрлі идеологияларды таратып,
халықты әсіресе жастарды топтарға бөлетін мүмкіндік
туған сайын бұл топтарды бір-бірімен
соқтығыстыратын, әр түрлі ұлттық, мәдени және
мінез-құлық құндылықтарын алыстататын, оны
жануарлар қатарына дейін төмендететін бұл мәдениет
- есірткі мәдениеті деп аталады.
13.
14. Ішімдіктің зардаптары.
Алкогольдік ішімдік ішу – бұзақылық, қылмыс, кісі өлтіру, өз-өзінеқол салу және көлік жүргізу барысында қазаға ұшыраудың негізгі
себептерінің бірі. Неге десеңіз алкогольдің психика мен ағзаға
зиянды әсері адамның жүріс тұрысы мен мінезін бұзады. Алкоголь
адамның ойлау және дұрыс шешім қабылдау қабілетін
азайтқандықтан, көптеген қылмыстар мен апаттарға жол ашады.
Дүниежүзінің түрлі аймақтарында жылына ондаған мың
отбасылар, мас адамдар көлік жүргізу кезінде олардың туыстарын
қағып кетіп өлтіргені үшін заң мекемелеріне барып оларды жазаға
тартуын сұрайды. Бұдан бұрын айтқанымыздай, алкоголь ішу,
адамның физикалық әрекеттерін тежеп, оның дене қозғалысын
бақылау қабілетін жояды. Осының салдарынан арақ ішкен
адамның қоғамдағы әрекеттері өз-өзінен өзгереді. Ол ережелерді
орындамай, маңайындағы жағдайды дұрыс түсінбейді. Арақ ішкен
адам мас болып, қоғамдық және әлеуметтік ережелер мен
қағидаларға мән бермей оларды орындамайды. Осының
нәтижесінде ол лезде ашуланып, тәртіпсіздік жасаумен балағат
сөздер айтады
15.
Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған.Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез
жайылады да, сонан соң орталық нерв
жүйесін улап, оның қоректену процесін
бұзады.
Үнемі ішкілікке салынған адамның
спермотозоидтары (ұрық клеткалары)
азайып, олардың тұлғасы (формасы)
өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған
балалардың жартысына жуығы дүниеге
келгеннен кейінгі алғашқы айларда
шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы
ісікті сырқаттар себепкер болады.
Емшекте баласы бар әйелдердің
маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ
түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде
сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің
организміне енген алкоголь баланы
тынышсыздандырады, ұйқысын
нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі
келтіреді.
16.
17.
Алкогольдік ішімдіктер тұтынудан ең көп зиян көретінорталардың бірі – жанұя. Көптеген мәліметтер мен есептер,
жанұяның бір мүшесі алкогольдік ішімдік ішетін болса осы
қасиетті ортаның құрлысы бұзылуына себепші болатынын
көрсетеді. Өздеріңіз білетіндей, жанұя қоғамның тұңғыш
бөлімі болып саналады және бала осы ортада дүниеге келіп,
тұлғаға ие болады. Салт-дәстүрлер, үлгілер, ата-аналардың
көзқарастары мен пікірлері және тәрбиелеу әдістері
баланың мінезіне зор әсер етеді. Бала үйде көп нәрсені
үйренеді және осы ортада ахлақтық негіздер мен өмір
жолын игереді. Сондықтан балаға жақсылық пен
жамандықты және құндылықтар мен келеңсіздіктерді
түсіндіруде ата-аналар күрделі рөл атқарады. Егер жанұя
кеңістігі сау болмаса әрине көптеген келеңсіздіктер мен
жағымсыз мінездердің бастамасы болатыны шүбәсіз.
Осы тұрғыдан, жанұядағы маскүнем балаларға тым
қолайсыз үлгі болады. Сонымен қатар жанұядағы қолайсыз
орта ондағы мүшелердің әсіресе жастардың бұзақылыққа
және алкогольге әуестенуіне септігін тигізеді
18.
19.
Швецияда 645 маскүнеммен жүргізілген зерттеуде,әлгілердің бауырлары мен қарындастарының 25
пайызы да алкогольдік ішімдікке құмар екендігі
анықталған. Осылайша маскүнемі бар жанұяда басқа
мүшелердің де алкогольға әуестену ықтималы жоғары
болады. Кейде маскүнем еркектер өзінің жаман әдетін
жалғастыру мақсатында, жұбайларын да осы
жағымсыз әдетке үйретуге тырысады. Ата-аналардың
өзара тату болмауы және әке мен ананың ажырасуы,
күйеу мен әйелінде және оның балаларында үмітсіздік
сезімі мен қоғамдық қысымдарға шалдықтырады. Бұл
қысымдар оларда алкогольдік ішімдіктерге немесе
есірткі заттарына әуес болуына апаруы мүмкін.
20.
Алкогольдік ішімдік ішуотбасының экономикалық
жағдайына да зиян келтіреді.
Жанұя, ондағы мүшелердің
экономикалық қажеттерін
қамтамасыз етеді. Жанұядағы
әке және кейбір жағдайларда
ана жұмыс істеп, отбасының
қаржы және материалдық
қажеттерін қамтамасыз етеді.
Сондықтан егер жанұядағы әке
немесе ана алкогольге
әуестенсе отбасының
экономикасына және қаржылық
құрлысына орасан зор соққы
береді және табысты
алкогольдік ішімдіктерге
жұмсайды. Осылайша жанұяның
экономикалық талпыныстары
отбасының жағдайын
жақсартудың орнына жеке
бастың әуестерін ғана
қанағаттандырады.
21.
22. Ішімдік ішетіндердің жасаған қылмыстары.
23.
24. Темекінің зардаптары.
Темекі (Nicotiana) – алқа тұқымдасына жататын, құрамындаесірткі бар бір және көп жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанда оның 3 түрі: кәдімгі темекі, мәдени темекі,
махорка өсіріледі. Темекінің құрғақ жапырағының құрамында
1,09-3,7 пайыз никотин, 17,1-18,9 пайыз күл (органикалық
заттар), 4,9-17,6 пайыз көмірсулар,2,2-3,7 пайыз азот, 0,1-1,3
пайыз эфир майлары және органикалық қышқылдар,
шайырлар бар. Құрғатылған жапырағынан мүштікке салатын
папирос, сигарет, сигарлар дайындалады. Темекі — өте улы,
құрамында алколойдтар, әсіресе есірткі заттары көп өсімдік.
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн.
адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд.
адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам
25.
Темекі тартудың салдарынан туындайтын ауруларКеңірдектегі қатерлі ісік
Өкпенің қатерлі ісігі.
Асқазандағы қатерлі ісік.
Арқа және бел ауруы.
Төстегі қатерлі ісік.
Бауырдың қабынуы.
Простаттың қатерлі ісігі
Жатырдағы қатерлі ісік.
26.
Басқа да зардаптары1. Есте сақтау қабілетін азайтады.
2. Көңілсіздікке душар етеді.
3. Ұйқыны азайтады.
4. Теріге әжім түсіреді.
5. Темекі тартатындардың төңірегінде темекі тартпайтындар да уланып,
мазасызданады.
6. Ер — әйелдің жыныстық тәбетсіздігінің басты себептерінің бірі.
Ұзақ жылдар темекі тартқандарда кездесетін басты аурулар.
1. Темекі тәбетті қайтарады, ұйқыны қашырады.
2. Ас қорытуды қиындатады.
3. Тісті сарғайтады, ауызды сасытады.
4. Асқазанда жара пайда болады.
5. Ерің, тіл және өңеш рагына жол ашады.
6. Жөтелтеді және қақырық пайда болады.
7. Өкпе және көмей рагына ұшырағандардың 90%-нің себебі темекіден.
8. Тамырды қатайтады.
9. Есте ұстау қабілетін азайтады.
10.Теріде әжім пайда болады.
11.Отбасыда темекі тартқан адам балаларында уландырады
27.
Статистикалық мәліметтер бойынша планетадаересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60
пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.
Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы
заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең
бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы,
сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар
ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады.
Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Адам ағзасы үшін бар
болғаны бір-ақ тамшы /ол 10-12 тал сигаретте болады екен/
никотин уы жеткілікті көрінеді.
Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан
қышқылдығы төмендейді. Қан қысымы артады. Орталық
жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Елу жасқа
дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі
тартпайтындарға қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен.
Бронхитпен ауырушылардың 75 пайызы темекі тартушылар
болып табылады.
28.
29.
Темекі ішкі мүшелер қызметін бұзып, ауруға душаретумен қатар, адамның сыртқы келбетін де бұзады.
Түтіннен шыққан зиянды улы заттар беттегі майда қан
тамырларын зақымдап, бет терісі ауруларына душар
етеді.
Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни
темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам
өледі екен.
Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу
үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.
Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі
кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі
шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.
Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян.
Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы
нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10
пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін
10 пайызға кемітеді екен.
30.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметібойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион
адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі тартудан қайтыс
болғандар саны 10 миллионға жетеді еген болжам бар. Соңғы
уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі
6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе, жоғары. Бір түйір темекі
тарқан адам 0, 4 - 3, 5мг улы никотин қабылдайды да өз
өмірін 15 минутқа қысқартады.
Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы,
384мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660мың
тонна темекі майы, 550мың тоннадай иісті газ шығады.
Салмағы 1мг темекіде 10 - 15мг никотин болады. Темекі
шоғының қызуы 300 градусқа жетеді, оны сорғанда ауыз
қуысында 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл
ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның
шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі
шеккен адам шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.
Әлемде өлімнің 90% өкпе қатерлі ісігінен, 75%- созылмалы
кеуде ауруынан және 25%- жүректің ишемиялық
ауруларынан өлу себептері шылым шегумен байланысты.
31.
Бір қораптың орташабағасы – 380 теңге
Бір жетідегі шығын –
1330 теңге
Бір айдағы шығын – 5500
теңге
Бір жылдағы шығын –
66000 теңге
Бес жылдағы шығын –
330000 теңге
Елу жылдағы шығын –
3330 000 теңге
Темекіге кеткен ақшаға
қаншама заттар алуға
болады.
32.
Қазақстан Республикасындағы темекі шегукөрсеткіші.
ерлер
әйелдер
65,5
51,2
41,5
7,5
2008ж
11
9,4
2010ж
2012ж
33.
34.
35.
36.
37.
38. Пайдаланылған әдебиеттер.
Егемен Қазақстан газеті. 2006 №25Баландин А., Баландина Л., Джанибеков В.
Самые опасные наркотики. — Изд.
«Гроссмедиа», 2008
Сердюкова Н. Б. Наркотики и наркомания.
Ростов н/Д., 2000
www.google.kz
39. Қорытынды.
Қорыта келе біз Қазақстан Республикасыныңазаматы ретінде ПАЗ–тардың қабылдаудың
соңы экономикалық , әлеуметтік , ар –
ождандық зардаптары жайлы тереңірек
ойлануымыз керек .
Өзіміздің болашағымыз өзіміздің қолымызда
екенін ұмытпайық. Өскелең ұрпаққа дұрыс жол
көрсете білейік. Бізден кейінгі ұрпаққа өнеге
болайық , сіз болып ,біз болып өскелең ұрпақ
болашағын дұрыстайық ағайын !!!