Нашақорлық және токсикомания
Жоспар
Есірткі түрлері
Есірткі қолданудың жолдары
Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен
Нашақорлық
Нашақорлық салдары
Өсімдік текті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
3.13M
Category: medicinemedicine

Нашақорлық және токсикомания

1. Нашақорлық және токсикомания

Қабылдаған: Азизходжаева Д
Орындаған: 2-топ белсенділері
СТК-331

2. Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
- Нашақорлық
- Токсикомания
- Марихуана, героин, кокаин, экстази
- Нашақорлық және токсикоманияның алдын-алуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

3.

Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke –
мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі
заттарға патологиялық дағдыланудың
нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.

4.

Есірткі - (norkosis) грекше наркоз, ұйықтату,
ұйқы мен ұмыттыру мен, жансыздадыруды
білдіреді.
Есірткі – бұл адамның көңіл - күйін, сана сезімін, мінез –құлқын бұзатын қауіпті
тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның
есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады
және аса қауіпті, айығу үмітсіз. Әлеуметтік
дертті адамның сезімін толықтай
жансыздандырады деуге болады.

5. Есірткі түрлері

- Медицинада ауруды басу үшін қолданылатын (апиын, опиум,
опий) өнімдеріне морфин, кофеин, омнопин, промедол, метадон,
көкнәр, жәнет. б., заттар жатады.
- Сора өнімдері (коннабиноидтар) гашиш, анаша, марихуана
жәнет. б.
- Психикаға белсенді әсерететін заттар – анфетамин (финамин)
сиднокарт;
- Қолдан жасалған эфедрин немесе эфедриннен алынған эфедрон,
первитін, экстрази, фентозидәрі – дәрмектері және т. б.
- Ұйықтататың және седатифтік заттар – барбитураттар,
бензодиазипиндер, натрий оксибутироты және т. б.
- Галлюценогиндер (фенциклидин, кетами, ЛСД, псилоцибин,
және т. б.)
- Холинолиттік әсері бар кейбір дәрі - дәрмектер (паркинсонға,
аллергияға Қарсы қолданылатын циклодол, демидрол, пипольфен
және т. б.)
- Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар
құрамындағы органикалық ұшпа заттар ( бензин, бензол, толуол
жәнет. Бұларды көбінесе иіскейді). Адам организімі мен
психикасына күшті әсер ететін ең қауіпті әрі көп қолданылатын
есірткінің түрі – анаша.
Анаша – сұр түсті химиялық зат, облыстық және құрғақ
аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынады.

6. Есірткі қолданудың жолдары

Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі –
егу арқылы қабылдау, өйткені қалай болсын бұл қабылдау
есірткіні бірден қан арқылы тез миға жеткізеді.
Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу,
шайнау.)
Ең көп тарағаны шаншу немесе егуарқылы қабылдау.
Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті. Нәтижесінде
қанайналымы нашарлайды. Сол себепті нашақорлар
денелеріне ине салуға болатын жерлер іздей бастайды.
Инені қолтамырларынан басқа да тамырларға салуға
болады. Көбінесе ата – аналар балалардың қолының
тамырын қадағалап, аман екендеп алаңсыз жүре береді. Ал,
олар аяқ, жауырын тамырларына салдыруы мүмкін.

7.

Марихуана – кептірілген, ұсақ
туралған жапырақтың, тұқымдар
мен жасыл, қоңыр немесе сұр
түсті сора гүлдерінің қосындысы.
Марихуана – көптеген елдерде,
оның ішінде Қазақстанда көп
таралған заңсыз есірткі.
Марихуананы шегуді кейбіреулер
денсаулыққа зиян емес деп
санайды. Алайда, ол денсаулыққа
үлкен зиян келтіреді.
Марихуананың
ықпалындағы
адамның басы айналады, жүрісі
бұзылады, үнемі күле береді
және есте сақтау қабілеті
төмендейді.

8. Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен

Героин - ең алдымен опий пайда болды,
содан кейін одан морфин алынды, одан
героин шығарылды. Героин өзінің
есірткілік белсенділігімен морфийннен
әлдеқайда асып түседі. Ол
қыздырғаннан кейін тамырға егіледі,
шегіледі, онымен демалады. 2008
жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында
героиннің дозасын асырып қолданғаннан
19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз
жұмған.
Нашақорлардың түн ұйқылары
бұзылады, артериалдық қан
қысымы төмендейді, ине салу
нәтижесінен тамырлары тесіледі,
бауыры мен бүйректері ауырады,
организмі дене және
психологиялық жағынан әлсірейді,
гепатит пен СПИД-ке шалдығады,
ақырында өлімге әкеп соғады.

9.

Кокаин – коки өсімдігінен
шығарылған, негізінен ақ
ұнтақ тәріздес есірткі.
Кокаин ұнтағын ұсақтап
мұрын арқылы тартады
немесе тамырға енгізу
үшін езеді.
Кокаинді тек бай адамдар
қолдана алады, себебі оны
сатып алу үшін аптасына
мың доллардан астам ақша
жұмсалады.
Оған
тез
үйреніп кетуге болады.
Кокаинді қолданушылар паранойд болып
келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің
қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді
сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану
керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны
сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы
сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын
кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры –
сандырақтауға, дем алуының бұзылуына,
есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп
соғады.

10.

Экстази– 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада
«экстази» таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин)
музыкамен біріктіруден болған эффект «ашылды».
Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты
күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен
шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа
дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс
болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі
құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық
елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде
адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады,
жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында
өлімге әкеліп соғады.

11. Нашақорлық

Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың
қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары
толтырып отыр.
Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі
күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап
етеді. Ұлыбритания,Бельгия, Грекия, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер
осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні
сатқаны үшін өлім жазасына
кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.
Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы,
қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында:
«Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет.......
Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм
принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп,
таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні
пайдаланушының өмірі тұр.
Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу
кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту
мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары
жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп,
маусым айында қабылданды.

12.

Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке
тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша
белгіленеді.
Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы мүмкін:
аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе
өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын
пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас
бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың
есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас
бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға;
кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш
көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін бас
бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам
өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас
бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны
үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе
ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін. Сонымен
қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан,
осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу
енгізілген.

13. Нашақорлық салдары

НАШАҚОРЛЫҚ САЛДАРЫ

14.

Психоактивті зат — психикалық жағдайды
өзгеріске әкелетін, ОЖЖ-нің қызметіне әсер
ететін, жасанды және табиғи кез келген зат.
Бір рет қолданғаннан кейін эйфория немесе
басқа психотропты эффективті
(галлюцинация, қозу) және жүйелі түрде
қолданғанда психикалық және физикалық
тәуелділікті шақыратын химиялық

15.

Психотроптар: жоғары психикалық функцияларға
әсер ететін психоактивті зат , жиі медицинада
психикалық ауруларды емдеуге қолданады.
Наркотиктер (есірткілер): заң бойынша рұқсат
етілмеген немесе тәуелділікті шақыратын
психоактивті затттар.
Психоактивті заттардың жіктелуі: Жасалу жолына
қарай:
Өсімдік текті
Жартылай синтетикалық
Синтетикалық

16. Өсімдік текті

ӨСІМДІК ТЕКТІ
Заңсыз:
Дельта-9тетрагидроканнабинол(кан
апля)
ДМТ (диметилтриптамин)
Кодеин (мак)
Кокаин (кокки)
Мескалин (кактус)
Морфин (мак)
Псилоцибин
(саңырауқұлақ)
Сальвинорин (шалфей)
Эфедрин (
Заңды:
Атропин (дурман красавки)
Кофеин (шай, кофе, мате,
кола жапырақтары)
Миристицин (мускатты
жаңғақ)
Мусцимол (мухомор)
Никотин (табак, махорка)
Теофиллин (шай, мате,
какао)
Туйон (туе, кипарис)
Эвгенол

17.

Наркомания дамуында 3-кезеңді ажыратады:
1. Бастапқы кезең (адаптация кезеңі). Бұл кезеңде ұйқы бұзылуы, тез
шаршағыштық, тітіркенгіштік, гиперестезия түрінде сезімталдықтың
бұзылуы т.б. байқалады. Бірінші кезеңде екі синдром анықталады: Ағза
реактивтілігінің өзгерген синдромы. Ол кезде наркотикалық
заттарға қорғаныс реакциялары (жүрек айну, құсу) жоғалады.
Психикалық тәуелділік синдромы. Бұл кезде наркотикалық заттар көңілкүйді көтереді.
2. Физикалық тәуелділік кезеңі. Бұл кезең наркотикалық затқа
толеранттылық жоғарлаудан пайда болады. Физикалық тәуелділік
синдромы.Осы жағдайда науқаста артерияльды
гипертензия,тахикардия,көп сөйлегіштік,қозғалғыштық,бозару
байқалады. Абстиненция синдромы.
Психикалық,неврологиялық,вегетосоматикалық бұзылыстар болады.
3. Жүдеу кезеңі. Бұл наркомания дамуының соңғы кезеңі болып
табылады. Организм сезімталдығының , реактивтіліктің төмендеуімен,
ОЖЖ және перифериялық жүйке жүйесінің және ішкі
органдар бұзылысымен сипатталады

18. Қорытынды

Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын
адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен
жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе
болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір
отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық
есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі
жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп,
педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де
қолғабыс беруіміз керек.
Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша
ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет.
Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау
болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күш-жігерімізді
біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз
керек. Ең бастысы–есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы
бірлесе отырып, күресуіміз қажет.

19. Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. М.В.Коркина Психиатрия 2008 жыл
2. Р.Г.Илешева Психиатрия 1995 жыл
3. Ғ.М.Құдиярова, Б.Б.Жарбосынова Психиатрия
Алматы 2008
4. Н.Н.Иванец Психиатрия и наркология Москва
2009

20.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Rules