1/10

Қазақстандағы мейрамханалар

1.

Қазақстандағы
мейрамханалар

2.

• Қазақстанның қай өңірін алсақ та ондағы кәсіпкерліктің көзі болған
мейрамханалар мен қонақүйлердің саны мен сапасы қарқынды дамып келеді.
Тілдік қатынас пен тілдік ортаны қалыптастыратын мәдени орындардың бірі
мейрамханалар мен демалыс орындары болғандықтан, олардың тілдік қызмет
көрсету сапасын бақылау аса маңызды болды. Мейрамханалардың
қызметіндегі тіл жағдаяты да тұтынушы халқының сөйлеген тілінің
ыңғайында (орыс, қазақ, ағылшын) жүргізіліп келеді. Ал олардың ас
мәзіріндегі мәтіннің осы күнге дейін қазақ тіліне аударылмай ұсынылатыны
қатты қынжылтады. Аталмыш мәдени орындардың атауы мемлекеттік тілді
тұтынушылар ортасын бейімдеуге едәуір ықпал етеді. Бірақ жеке
кәсіпкерліктің жек тұлғалық мүдделері сақталатын саясатты негізге алсақ,
мейрамхана атаулары шет тілінде немесе орыс тілінде сайрап тұр. Мәселен,
өзге ұлт өкілдері жиі орналасқан солтүстік аймақтарда қазақша аталатын
мейрамханалардың саны саусақпен санарлықтай. Мысалы, интернетке
жарияланған дерек бойынша Петропавл қаласында Хан ауылы, Жеті ырыс
деген аталатын 2 қазақша атаулы мейрамхана бар екен. Павлодар қаласындағы
60-тан аса мейрамхананың төртеуі ғана (Тамаша, Ауыл, Дастарқан, Түркістан )
қазақ тілінде аталады.

3.

• Ал қазақ ұлты мен өзге ұлттардың шоғыры тең түсетін Алматы
қаласында 400-ге жуық мейрамхананың тек 30-ы ғана қазақ тілінде
аталады: Тас Арал, Тәж, Сарай, Барқытбел, Исабай, Бәйтерек, Заман,
Арай, Сұлу Төр, Алтын Адам, Жерұйық, Алаша, Жалын, Гәкку,
Дархан, Думан, Жібек, Інжу, Гүлистан, Қарлығаш, Нұр-Нұр,
Құлыншақ, Салтанат, Сұлтан, Ағажай, Әділ, Алтын ғасыр, Алтынбас,
Әулет, Ұлы Тау, Хат Тәңірі, Жеті Қазына, Парасат, Арайлым, Жамбыл,
Достар, Ағайын, Әлия, Үйгентас, Ару-ана.Қазақ тілінде аталған
мейрамханалардың қазақ тілінде қызмет етуге бейімділігі бар екені де
байқалады. Даяшыдан бастап әкімшілігіне дейін алдымен қазақ тілінде
сәлемдесіп, қазақ тілінде сөйлесуді ұсынып тұрады. Оған басты себеп,
сол мейрамхана иесінің қазақ тілді болмысы мен қызметкерлерге
қоятын талап-ниетінде болып отыр.

4.

• Қазақстандағы ірі мейрамханалардың сайты 2010 жылға дейін тек орыс
және ағылшын тілінде берілген болатын. Қазіргі уақытта Қазжол,
Медеу, Сан Марино, Мельница, Sharzhum, Гәкку, Замок, Астана Нұры,
Assorti, Турандот мейрамханаларының сайты қазақ тілінде беріліп,
ондағы ас мәзірі толықтай қазақ тіліне аударылған. Ал мейрамхана
қызметін тек орыс тілінде таныстыратын сайттар да бар. Мәселен
«Медведь» трактирін жарнамалайтын сайттың не қазақ не ағылшын
тілінде нұсқасы жоқ. Сол сияқты Panorama, Panda, Сарай (мейрамхана
кешені), Кишлак, Борго Антико, Намеди, т.б. орындар орыс
мейрамханасы деп саналатын болғандықтан сайт бір тілде (орыс)
берілген деген уәж айтады. Қазақстанда бұндай салтанатты орындар
көп-ақ, демек олардың қызмет көрсету тілі де орыс тілі болып отыр.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Rules