Similar presentations:
Марғұлан Әлкей Хақанұлы
1. Марғұлан Әлкей Хақанұлы
2. Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Өмірбаяны1904 ж. мамырдың 11 Ақпеті
болысында (қазіргі Павлодар облысы,
Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Әкесі
Хақан – атақты Олжабай батырдың
тікелей ұрпағы. Әлкейдің əкесі Хақан
мен шешесі Нұрила көптеген халық
ертегілері мен аңыздарын білген, үйде
халық əндері мен Абай əуендері жиі
шырқалатын. Әлкей бес жасында
оқып, жаза білуді үйренді, бала кезінде
«Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы»,
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу»
дастандарын жатқа білген. Хақанның
шаңырағында белгілі ақын,
ғалымМəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу
Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ
даласына белгілі басқа да адамдар жиі
бас қосқан.
3. Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Әлкей Хақанұлы Марғұлан бастапқы бiлiмдi ауыл мектебiнен алды.Павлодар қаласындағы мұғалiмдер курсын бiтiрiп‚ туған аулында
мұғалiм болып iстедi. Семей педагогикалық техникумының студентi
бола жүрiп‚ «Таң» журналы мен «Қазақ тiлi» газетiнiң
редакцияларында (1921–25) қызмет атқарған. Ленинград қаласындағы
Шығыстану институтының түркітану жəне тарихөфилоллогия
факультеттерiнде (1925–29) қатар оқыды. 1929 жылы Әлкей Марғұлан
Шығыс институтындағы оқуын бітіріп, Абай шығармашылығы туралы
дипломдық жұмысын табысты қорғап шықты.
4. Әлкей Хақанұлы Марғұлан
1941ж. КСРО ғылым академиясы Қазақ бөлiмшесiнiң тарих бөлiмiнбасқарды. Осы қызметте жүрiп «Хандар жарлығының тарихи маңызы»
деген тақырыпта қорғаған канд. диссертациясында (1943) көне қыпшақ
тарихына байланысты құнды зерттеулер жасады. Археология,
палеолит бөлiмiнiң меңгерушiсi, аға ғылыми қызметкерi (1946–53),
Қазақстан ғылым академиясының Архитектура құрылыс жəне құрылыс
материалдары институтының аға ғылыми қызметкерi (1953–55) болды;
кейін энография бөлiмiн (1958–76) басқарды.
Осы жылдары Марғұлан Сырдария,Шу,Талас өзендерi бойында жəне
Отырар,Сауран,Сығанақ қалалары орнында қазба жұмыстарын
жүргiзiп, соның негiзiнде «Көне қазақ жерiнiң қалалары мен құрылыс
өнерiнiң тарихы» аталатын монографиясын (1950) жариялады.
5. Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Марғұлан – қорқыттанушы.Ол оғыз-қыпшақ тайпасынан
шыққан данагөй абыз, жырау,
күй атасы, қазақ бақсыларының
жебеушiсi, батагөй-сəуегейi
Қорқыт мұрасын зерттедi. Мның жазуынша, қазақ музыкасы
мен философиясында «Қорқыт
күйi», «Қорқыт сарыны»,
«Қорқыт тол-ғауы», «Тəңiр биi»
дейтiн рухани iзгi дəстүрлер,
мақамдар қалыптасып дамыған.
Демек, Қорқыт– «керемет иесi»,
«Ұлыс-тың ұлы кеңесшiсi»,
«тарихи оқиғаларды жырлаушы
жырау»
6. Әлкей Хақанұлы Марғұлан
1957-1967ж. Уəлихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа(Әуезов,С.Байішев, Сəтбаев, Нүсіпбеков-пен бiрге) басшылық етiп, оның
таңдамалы (1958) жəне 5 томдық шығармалар жинағын жарыққа
шығарды.
1976-1984ж. Қазақстан ҒА этнография бөлiмiнiң аға ғылыми қызметкерi
болды.
1985ж. қантардың 12 қайтыс болды.
7. Әлкей Хақанұлы Марғұлан
ОтбасыӘйелі-Сатпаева Раушан, дəрігер,
медицина ғылымдарының
докторы
Қызы-Данель Маргулан, ғылым
кандидаты
8. Әлкей Хақанұлы Марғұлан
ЕңбектеріМарғұлан тарих,археология,этнография,
əдебиет , өнер(қолданбалы
жəнесəулет өнері) жəне
металлургия саласына қатысты
300-ден астам ғыл.-зерт.
жұмыстар, 100-ден астам
энциклопед. мақалалар
жазды‚ сонымен қатар
қазақстандық этнографтардың,
археологтардың, тарихшылардың
бiрнеше буынын даярлады.
Марапаттар:Ленин ордені, Халықтар
достығы ордені жəне т.б.