Similar presentations:
Терминалды жағдайлардың пайда болу себебіне байланысты өкпе-жүрек реанимациясын орындау ерекшелігі
1. Терминалды жағдайлардың пайда болу себебіне байланысты өкпе-жүрек реанимациясын орындау ерекшелігі
?????????? ???????????? ????? ???? ???????? ??????????????????? ????????????? ??????? ??????????
2. Жоспар
ЖОСПАРТерминалды күй және оның салалары;
Жедел - жәрдем көрсету принціптері;
Жүрек-өкпе реанимациясының негізгі ережелері;
Электроимпульсті терапия;
Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру;
3.
Ауыр естен тануКома
Клиникалық өлім
?????????? ??? өмір сүрудің соңғы
сатысы өлім алдындағы
арпалыс, жанталас және
жантәсілім; өмірмен өлім
арасындағы шекаралас күй.
Жанталасу
Коллапс
4. Естен тану
ЕСТЕН ТАНУЕстен тану — аз уақытқа кенеттен ес-түссіз қалу. Ол мидың гипоксиясы әсерінен дамиды.
Онда жүрек және тыныс қызметінің әлсіреп, қайта қалпына келуі байқалады.
Естен тануларда көрсетілетін жедел жәрдем Егер естен тану немесе естен танғаннан кейінгі
уақыт ұзаққа созылып жатса: аурудың аяқ жағын көтеріңкі, бас жағын төменірек етіп
жатқызамыз. Сонан соң киімінің түймесін ағытып, таза ауа енгізу керек. Беті мен
кеудесіне суық су шашу және жағына шапалақпен ұру сияқты әдістер қолданылады.
Науқасқа нашатыр спирті, сірке қышқылы, эфир сияқты заттарды иіскету керек. Аяқтарына
жылы басуға болады.
5. Кома
КОМАКома (Соmа - терең ұйқы) - Толық есінен тану, сыртқы тітіркендіргіштерге
реакцияларының жойылуы және организмнің өмірге маңызды функцияларының
реттелуі бұзылатын орталық жүйке жүйесі қызметінің терең тежелу күйі. [1]
Кома (коматозды жағдай) ( гр. κῶμα — терең ұйқы) — сананың прогрессирлеп өшуімен
жүретін , сыртқы орта тітіркеністеріне жауап бермейтін, өмірлік маңызды ағзалардың,
тыныс алу және жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылыстарымен жүретін жедел басталатын
ауыр патологиялық жағдай. Яғни ОЖЖ қызметінің нашарлауы (әрі қарай ми өлімі) тек
сананың сөнуімен емес, сонымен қатар арефлексиямен және өмірлік маңызды
ағзалардың реттелуінің бұзылыстарымен жүреді. Кома жеке ауру емес; ол ОЖЖ
қызметінің бұзылысы немесе ми тінінің зақымдалуы (бас миының ауыр жарақаты)
нәтижесінде дамиды. Комалық жағдайлар шығу тегіне және патогенезіне байланысты
ажыратылады, соған байланысты терапевтикалық шаралар қолданылады.
6. Коллапс
КОЛЛАПСМедицинада — артерия және вена қан тамырларында қан қысымының күрт төмендеуінен болатын
тамыр ауруы. Коллапс мида орналасқан қан тамырларының қызметін бақылап, реттейтін орталық
жүйке жүйесі жұмысының әлсіреуінен пайда болады. Соның нәтижесінде адам организміндегі
көптеген қан тамырларындағы қан көлемінің тұрақтылығы бұзылады, яғни адамның ішкі
құрылысында орналасқан қан тамырлары қанға толып, көлемі ұлғайса, керісінше, ми, бұлшық ет,
тері қан тамырларындағы қан мөлшері кенет төмендеп кетеді. Коллапс қан тамырларынан көп
мөлшерде қан кеткенде (қансырау), микроб токсиндерінің және әр түрлі улы заттардың қан
тамырлары қызметін реттейтін орталыққа теріс әсерінің нәтижесінде, көп жағдайда әр түрлі
жұқпалы ауруларда, сондай-ақ, адам организмі уланған жағдайларда байқалады. Коллапстың
клиникалық белгілері ауру адамның тері қабатының бозаруымен, көгеруімен, тамыр соғуының (
пульс) әлсіреуімен, қан қысымының төмендеуімен сипатталады. Сондай-ақ, бұл кезде науқас
адамның басы айналады, естен танып, денесін суық тер басады, бет пішіні өзгеріп, қол-аяғы
мұздайды. Коллапстың ең ауыр түрі – артериялық қан қысымының күрт төмен түсіп кетуі.
7. Жанталасу
ЖАНТАЛАСУЖанталасу , агония (грекше agonіa — күрес, жанталас) — адам ғұмырының соңғы
сәтіндегі қатты қиналуы. Бұл кезде организмде қан айналу процесі бұзылып,
гипоксия дамиды. Науқастың кенеттен дем ала алмай қалуы, яғни жанталасу алды
мен жанталасудың аралығын терминальді үзіліс деп атайды. Оның ұзақтығы 5 —
10 секундтан 3 — 4 минутқа дейін, содан кейін жанталасу басталады. Ал адам
қатты қансырағаннан, ауыр жарақаттан кейін есінен танған (шок), тыныс алуы
қиындап, организмде оттек жетіспеген жағдайдағы жанталасу бірнеше минуттан,
бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Жанталасу кезінде ең алдымен ми қызметі
бұзылады. Жанталасудың клиникалық белгілері: дем алған сайын басы
шалқалақтап, аузы ашылып, дем жетпей адам қырылдап ауыр дем алады; өкпеге
қан бармай, тынысы тарылады; жүректің соғуы әлсіреп, артериалды қан қысымы
төмендейді; терісі бозарып, көгере бастайды, суық тер шығады, көз жанары
мөлдірлігін жойып, қарашығы ұлғаяды. Осындай симптомдардан кейін, адам
есінен танып құлайды. Адам ұзақ ауырмаған, организм қатты әлсіремеген
жағдайда адамға барлық реанимациялық шараларды кешенді түрді жүргізіп, кейде
адамды жанталасудан шығарып, өлімнен сақтап қалуға да болады
8. Клиникалық өлім
?????????? ????Клиникалық өлім - көрінетін өмір белгілері (жүрек қызметі, тыныс алу)
білінбейтін, орталық нерв жүйесінің қызметтері өшетін, бірақ ұлпадағы
зат алмасу үдерістері сақталатын, өмір мен өлім арасында шектесетін
терминалдық жағдай. Бірнеше минутқа созылып, тіршілік қызметін қалпына
келтіру мүмкін болмайтын биологиялық өліммен алмасады
9. Жедел - жәрдем көрсету принціптері
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУПРИНЦІПТЕРІ
1Қанайналымы мен тынысты аздап
болсада қолдауға мұрсат беретін
реанимациялық шаралар
2 Жүректің синустық ырғағын қалпына
келтіру
3Постреанимациялық синдромды емдеу.
4Қарыншалар фибрилляциясы
қайталануының алдын
10. Жүрек-өкпе реанимациясының негізгі ережелері
ЖҮРЕК-ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Науқасты тегіс жерге жатқызып, басын барынша шалқайтып, аяқ жағын көтеріңкі етіп қою керек.
Массаж жасаушы адам алақандарын бірінің үстіне, бірін қояды. Алақанның негізі төс сүйегі мен
семсер тәрізді шеміршектің қиылысқан жерінен екі саусақ қиғаш жоғары тұруы керек. Қолды тік,
шынтақ буынында бүкпей ұстап, дене салмағымен омыртқаға қарай 4-5 см ығыстырып, ырғақпен
басады. Төс сүйегін омыртқаға қарай жаншудың ұзақтығы, жаншу аралығындағы уақытпен бірдей
болуы тиіс,оның жиілігі минутына 90 рет. Массаж жасаушы қолын төстен алмауы керек. Өкпені
жасанды желдендіру үшін Сафардың үш әдісін қолданамыз олар: науқастың басын барынша
шалқайтып, астыңғы жағын алға қарай жылжытып, аузын ашу. Науқастың ауыз қуысын толық
қарап, жасанды тістері немесе бөгде заттар болса, саусақтармен алып тастау керек. Науқастың
аузына дем жіберу үшін, мұрнынан қысып, аузынан ауа үрлейді. Әр 5 массаждық қимылға, ауа
үрлеудің жиілігі минутына 1 реттен келеді. Жүрекке тікелей емес массаж дұрыс жасалу үлгісі
Электроимпульсты терапия. Бастапқы разряд 200 Дж. Әсер болмаған жағдайда қуатты біртіндеп
200-300-360 Дж дейін жоғарылату.Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру. Жасанды
тыныстандырудың тиімді болуына тыныс жолдары өткізгіштігінің таза болуы өте маңызды орын
алады.Мүмкіндігінше 100% оттегіні қолдану керек және кеңірдек интубациясын жүргізу қажет.
Асқазандағы сұйықтықтардың өңеш арқылы ағып, тыныс жолдарына кетіп қалмауы үшін Селлик
әдісі қолданылады. Реанимациялық шаралардың әсерін үнемі бақылап отыру керек. Оны тері
жабындылары мен шырышты қабаттардың түстерінің өзгеруінен, қарашықтардың тарылуынан
және жарыққа реакциясының пайда болуынан, кенеттен тыныстың пайда болып, оның реттелуінен
және ұйкы артериясында пульстің пайда болуынан білуге болады.
11.
12. Электроимпульсті терапия
ЭЛЕКТРОИМПУЛЬСТІ ТЕРАПИЯЭлектроимпульсты терапия. Бастапқы разряд
200 Дж. Әсер болмаған жағдайда қуатты
біртіндеп 200300360 Дж дейін жоғарылату.
13. Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру:
ТЫНЫС ЖОЛДАРЫ ӨТКІЗГІШТІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ:
Жасанды тыныстандырудың тиімді болуына тыныс жолдары
өткізгіштігінің таза болуы өте маңызды орын алады. Ол үшін осы
жолдарды тазалауды неғұрлым ертерек жүргізген абзал және оны
жасағанда адамның басын барынша шалқайтып, көмейді жауып
тұрған тілдің түбін алдыға қарай ығыстырып, ауа өтетін тыныс
жолын ашу керек. Мүмкіндігінше 100% оттегіні қолдану керек және
кеңірдек интубациясын жүргізу қажет. Дем жібергенде, кеуде қуысы
экскурациясының қарсыласуына қарай, тыныс жолдарының
өткізгіштігін тұрақты бақылап отыру керек. Асқазандағы
сұйықтықтардың өңеш арқылы ағып, тыныс жолдарына кетіп
қалмауы үшін Селлик әдісі қолданылады (онда көмейді
жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай қысып ұстайды). Егер
асқазандағы сұйықтықтар кері ағып, ауыз қуысына толып, одан
кеңірдекке кетіп қалу қаупі туса, науқастың басын бір жағына қарай
бұрып, ауыз қуысындағы және жұтқыншақтағы сұйықтықтарды
электр сорғышпен немесе тампонмен тазалап тастау керек.
Реанимациялық шаралардың әсерін үнемі бақылап отыру керек. Оны
тері жабындылары мен шырышты қабаттардың түстерінің өзгеруінен,
қарашықтардың тарылуынан және жарыққа реакциясының пайда
болуынан, кенеттен тыныстың пайда болып, оның реттелуінен және
ұйкы артериясында пульстің пайда болуынан білуге болады.
14.
15. Қорытынды
ҚОРЫТЫНДЫ
Жедел медициналық жәрдем негіздері-өзіндік
комплексті қарапайым іс-шаралардан тұрады,ол
медицина қызметкерлерінің көмегіне дейін
науқастың өмірін құтқаруға және денсаулығын
сақтауға бағытталған.
Терминалды жағдайлардың пайда болу себебіне
байланысты алғашқы жәрдем өкпе-жүрек
реанимациясын нәтижелі орындау.
Кез-келген жағдайда науқасқа тиімді әрі жылдам
жәрдем көрсету.
Тез арада 103-ке хабарласу.
16. Пайдаланылған әдебиеттер
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРТұрланов Қ.М,Қалқабаева С.А,Дюсембаев Б.К,Ахметов
Г.Д,Биназаров Н.Д.Жедел медициналық жәрдем.2004.
Бірінші медициналық көмек.Оқу құралы.Қалқабаева
С.А.Шымкент 2008.
КемеловаМ.М. Асылбекова А.Ж. Шұғыл жағдайларда
дәрігерге дейінгі алғашқы жедел жәрдем 2015
KazMedic.kz
Скорая медицинская помощь.Под ред.Мирошниченко
А.Г.Руксина В.В.Шайтор В.М.СПб.2007