Электрожарақат
Электрожарақаттың патогенезі:
Электрожарақат кезіндегі жедел көмек алгоритмі
Жүрек-өкпе реанимациясының негізгі ережелері
6.09M
Category: medicinemedicine

Электрожарақаттар

1.

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Электрожарақаттар
Орындағандар: Кутибаева Насиба, Рысқали
Құралай, Құлтай Жанболат
Факультет: ЖМ
Курс: 3
Тобы: 022-02

2. Электрожарақат

ЭЛЕКТРОЖАРАҚАТ
Электрожарақат- электр тогының әсерінен пайда болатын
паталогиялық үрдіс. Бүкіл жарақаттардың 2,5%айды. Өлімнің
деңгейі-20%. Электро жарақатты ерекше бір түрі- атмосфералық
токтан, яғни найзағайдан болатын жарақат. Көбінесе адамдар
найзағай кезінде электрлі жабдықтардың, жұмыс істеп тұрған
телевизордың, радио қабылдағыштың қасында тұрғанда немесе
телефонмен сөйлескенде жарақат алады. Жарақаттанғандардың
терісінде найзағай белгілері анықталады, ол ағаштың
бұтақтарындай жайылған, ашық-қызғылт және қызыл түсті
жолақтар болып табылады. Бұл белгілер дене бөлігіне найзағай
әсер еткен жержегі капиллярлардың кеңеюімен сипатталады.
Электр тогы адам денесіне кіріп, басқа аймақтан шығады, оны тоқ
шеңбері деп атайды.

3. Электрожарақаттың патогенезі:

ЭЛЕКТРОЖАРА ҚАТТЫҢ
ПАТОГЕНЕЗІ:
Нерв жүйесі арқылы
рефлекторлы әсер етуі, ол тыныс алу
және қан айналым бұзылыстарына
әкеліп соғады.
Адам денесіне термиялық,
электрохимиялық және
электродинамикалық факторлардың
тікелей әсер етуі
Жарақаттанған адам жүрек
қарыншаларының
фибриляциясынан, тыныс алу
орталығының салдануынан, шоктан
және дауыс байламдарының
салдануынан өліп кетуі мүмкін.

4.

Жарақаттың тереңдігіне
байланысты электрокүйіктің 4
дәрежесін ажыратады:
Эпидермистің зақымдалуы
Эпидермис ажырап,
көпіршіктердің түзілуі
Терінің барлық қабаттарының
коагуляциясы
Тері мен терең орналасқан
тіндердің зақымдалуы

5.

6. Электрожарақат кезіндегі жедел көмек алгоритмі

ЭЛ Е К Т Р О Ж А РА Қ АТ К Е З І Н Д Е Г І
Ж Е Д Е Л К Ө М Е К А Л ГО Р И Т М І
Зардап шегушіден электр ток көзін алып тастау.
Тогы бар сымды арнайы ағаш сапты күрекпен, балтамен және басқа
кесетін заттармен сымды кесіп тастау немесе науқасты киімінен ұстап
суырып алу. Көмек көрсетуші өзін электр тогынан қорғау үшін: қолын
құрғақ матамен орап, тақтайдың үстіне, резина қолғап кию, кілемшенің
немесе ток өткізбейтін заттың үстінде тұрып өзін жерден бөлектеуі қажет.
Науқасты арқасына жатқызып, жалған өлім (мнимая смерть) кезінде
ӨЖЖ және жүрекке жанама массаж жасау. 10% аммиак ерітіндісін иіскету,
1-2 мл кордиамин ертінідісін енгізу. Науқасты зеңбілмен тасымалдау.

7.

8. Жүрек-өкпе реанимациясының негізгі ережелері

ЖҮРЕК-ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Науқасты тегіс жерге жатқызып, басын барынша шалқайтып, аяқ жағын көтеріңкі етіп қою керек. Массаж
жасаушы адам алақандарын бірінің үстіне, бірін қояды. Алақанның негізі төс сүйегі мен семсер тәрізді
шеміршектің қиылысқан жерінен екі саусақ қиғаш жоғары тұруы керек. Қолды тік, шынтақ буынында бүкпей
ұстап, дене салмағымен омыртқаға қарай 4-5 см ығыстырып, ырғақпен басады. Төс сүйегін омыртқаға қарай
жаншудың ұзақтығы, жаншу аралығындағы уақытпен бірдей болуы тиіс,оның жиілігі минутына 90 рет. Массаж
жасаушы қолын төстен алмауы керек. Өкпені жасанды желдендіру үшін Сафардың үш әдісін қолданамыз олар:
науқастың басын барынша шалқайтып, астыңғы жағын алға қарай жылжытып, аузын ашу. Науқастың ауыз
қуысын толық қарап, жасанды тістері немесе бөгде заттар болса, саусақтармен алып тастау керек. Науқастың
аузына дем жіберу үшін, мұрнынан қысып, аузынан ауа үрлейді. Әр 5 массаждық қимылға, ауа үрлеудің жиілігі
минутына 1 реттен келеді. Жүрекке тікелей емес массаж дұрыс жасалу үлгісі Электроимпульсты терапия.
Бастапқы разряд 200 Дж. Әсер болмаған жағдайда қуатты біртіндеп 200-300-360 Дж дейін жоғарылату.Тыныс
жолдары өткізгіштігін қалыптастыру. Жасанды тыныстандырудың тиімді болуына тыныс жолдары
өткізгіштігінің таза болуы өте маңызды орын алады.Мүмкіндігінше 100% оттегіні қолдану керек және кеңірдек
интубациясын жүргізу қажет. Асқазандағы сұйықтықтардың өңеш арқылы ағып, тыныс жолдарына кетіп
қалмауы үшін Селлик әдісі қолданылады. Реанимациялық шаралардың әсерін үнемі бақылап отыру керек. Оны
тері жабындылары мен шырышты қабаттардың түстерінің өзгеруінен, қарашықтардың тарылуынан және
жарыққа реакциясының пайда болуынан, кенеттен тыныстың пайда болып, оның реттелуінен және ұйкы
артериясында пульстің пайда болуынан білуге болады.
English     Русский Rules