MP3
54.38M
Categories: pedagogypedagogy musicmusic

Музыканың көркемдеуші құралдарын және музыканың сипатын анықтау

1.

2-сынып №27сабақ
1.Суреттердегі жыл мезгілін анықта.
2.Өз пікіріңді ортаға сал.

2.

Сабақтың тақырыбы: Көктем әуендері
Оқу мақсаты:
2.1.1.1 музыка тыңдау, музыканың көркемдеуші
құралдарын және музыканың сипатын анықтау

3.

Біліп ал.
Петр Ильич Чайковский – орыс композиторы.
Балаларға арналған музыкалық шығармалар жазған.
Оның «Жыл мезгілдері» атты фортепианоға
арналған шығармалары бар. Чайковский Петр Ильич —дирижер, педагог,
дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі.
Музыка әлемінде өз орны бар дара дарын иесі, ұлы орыс композиторы.
Ресейдің Воткинск қаласында 1840 жылы дүниеге келді.
Музыкалық қабілеті ерте байқалып: 5жасында фортепиано аспабында
ойнап, ал 3жылдан кейін нота оқып, шағын өз шығармаларын жазып
бастаған. Мәскеу қаласының ең жоғары музыкалық білім беретін оқу орныконсерваторияға түсіп, үздік бітіріп шығады. Петр Чайковский музыкасында
ерекше әсемдік, сұлулық, қайталанбас мәні бар. Ол көптеген симфониялар,
опералар, фортепианоға арналған шығармалар жазды.

4.

2-тапсырма. Тыңдау және талқылау.
1.Бейнежазбадағы П.И.Чайковскийдің
(Сәуір. Бәйшешек) шығармасын тыңдап,
табиғат өзгерісін бақыла.
2.Үнтаспадағы табиғат дыбыстары мен
құстардың дауысын зейін қойып тыңда.
(Суреттің астындағы көк түске апарып
батырманы бассаңыз әуенді тыңдай аласыз).

5. MP3

Ән тыңдау және орындау
«Көктем келді»
MP3
Әні мен сөзін жазған: Бота Бейсенова
Әннің мәтіні мен мазмұнына зейін қой.
(Дыбыс шығару белгісін басып әнді тыңда)
Келді, міне, көктемім,
Жердің жүзі көктеді.
Ақ жаңбырды сыйлады,
Ақша бұлттар көктегі.
Қайырмасы:
Жау -жау жаңбыр, жау жаңбыр
Мөлдіреген тамшыларың.
Жау - жау жаңбыр, жау жаңбыр,
Табиғаттың сәні.
Жаушы жаңбыр тағы да,
Күттік сені сағына.
Кірсін жердің сәні де,
Топырақтың нәрі де.
Минус

6.

Үйге тапсырма
1. «Көктем келді» әнін жаттау
2. Әннің әуеніне қосылып нақышына келтіре орындау

7.

Рефлексия
Мен не білдім?
Бүгін мен не үйрендім?
Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
English     Русский Rules