Similar presentations:
Қазақ халқының ән-күй өнерi
1.
2. Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына б
Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптықпьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып,
тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына
байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің
репертуарларында
көп
орындалады.
Күй
—
қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық
музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай
отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен
шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
3.
Құрманғазы Сағырбайұлы ( 1806-1879) - күйші, композитор,домбырашы.
Құрманғазының атақты күйлеріне мыналарды жатқызуға
болады: “Кішкентай”, “Балбырауын”, “Ақ желең”, “Серпер”,
“Адай”, “Қайран шешем”, “Лауішкен”, “Аман бол, шешем аман
бол”, “Түрмеден қашқан”, “Кісен ашқан”, “Қызыл қайың”,
“Балқаймақ” т.б. Күйлері халық арасында кеңінен мәлім.
Құрманғазы орындаушылық пен күй шығару өнерін өзара
шебер шендестірді. Халықтық басқа күйші –
композиторларының шығармашылығында кездесе бермейтін
өзгеше симметриялық ерекшеліктер, секундалық интервалдар,
глиссандо, форшлаг, сияқты бейнелеу тәсілдері Құрманғазының
күй формасын дараландырып тұрады. Күйшіге арнап
Е.Г.Брусиловский «Құрманғазы» атты симфония, А. Жұбанов
пен Ғ.Жұбанова «Құрманғазы» атты опера жазды.
Құрманғазының музыкалық мұрасын зерттеуге А. Жұбанов, А.
Затаевич, Б. Ерзакович, П.Аравин, Ж. Рысалдин, т.б. елеулі үлес
қосты. Алматы консерваториясы, көптеген музыкалық
мектептер, орталық көшелер, елді мекендер Құрманғазының
есімімен аталады.
4.
Дәулеткерей Шығайұлы (18201887) - күйші-композитор, күй өнеріндегілирикалык бағыттың негізін салушы.
1871 жылы досы Салық Бабажановтың
қазасына арнап «Салық өлген» атты жоқтау
күйін толғайды. Төгілген әуен мен сезім тербер
ырғаққа толы, шиыршық атқан «Бұлбұлын» да
осы тұста шығарады. Дәулеткерейдің кейінгі
туындыларында терең мазмұн мен күрделі
психологизм басым. Бұл қасиет халық
симфонизмінің тамаша үлгісі саналатын
«Демалыс», «Төндірме», «Керілме», «Жігер»
сияқты күйлерінен айқын аңғарылады.
5.
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862 )Тәттімбет Қазанғапұлының шығарған
40-тан асқан
күйлері «Сарыөзен», «Шайып
қалды», «Қосбасар, «Сылқылдақ»,
«Жетім қыз», «Былқылдақ»,
«Сарыжайлау», «Азамат», «Бозайғыр»,
«Азына » т.б. қазақ мәдениетінің бір
үлкен бөлшегі. Сондықтан да ол халық
жүрегіне берік орнап, сұлулықтың, ізгі
дүниенің бір мұрасы болып қалады.
6.
Күйші-композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнектіқайраткері, Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісова 1861
жылы Жаңақала ауданы, Бекетай құмында дүниеге келген.
Дина Исатай мен Махамбетке арнап «Кішкентай» атты күй
шығарды. Динаның майда үнді, нәзік сазды «Әсем қоңыры»,
тасқын атқан «Тойбастары» - терең мазмұнымен, өзгеше түр
ерекшелігімен танымал туындылар. Күйшінің «Ана
аманаты», «Жеңіс», «Еңбек Ері», «Сауыншы» атты күйлері –
замана тынысын, өз замандастарының бейнесі мен мұратмақсатын күй тілінде өрнектеген шығармалар. Құрманғазы,
Дәулеткерей дәстүрін дамыта отырып, кеңес дәуірінде
күйшілік өнерді жаңа бір белеске көтерді. 2 рет «Еңбек
Қызыл Ту» орденімен және бірнеше медальмен
марапатталған.
7.
Домбыра — қазақхалқының ең кең тараған екі
ішекті, көп пернелі
музыкалық аспабы. Ол –
қазақтар өмірінде маңызды
орын алатын, өзіндік
музыкалық сипаты бар аспап.
Алғаш эпикалық дәстүр
шеңберінде жыр, толғау,
термелерді сүйемелдеуге
қолданылған домбыра кейін
аспаптық шығарма – күй
жанрының қалыптасуына
ықпал еткен.
Қазақ даласының әр өңірінде
кездесетін домбыралар жергілікті
жер жағдайына, тұрмыс-салты мен
дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен
әр өнерпаздың орындаушылық
мәнеріне, аспапшы шеберлердің
ісмерлігіне байланысты әртүрлі
пішімде дамытылып, өзгеріп
отырған.
Ән, жыр айтуға арналған
домбыраның пернелері 8 – 9, әрі
кеткенде 14 – 15-ке жетсе, күй
домбырасына 20-дан астам перне
тағылады
8.
Музыка– мәңгіліктің ең керемет символы, адам еңбегімен талантының, ізденісі мен махаббатының, қайғықасіреті мен қуаныштарының жемісі. Әрдайым шындықты
сергек сезініп, бірте-бірте дәуір стилін құрайтын тиісті
ырғақ пен әуен дағдысын лезде тауып алатын халық
музыкасы өмір бойы сол халықтың өміріндегі барлық
оқиғаларға үн қосып келді. Сондықтан да ауыздан-ауызға
тараған халықтық музыканың түп тамыры, сайып келгенде,
соның ырғағы мен тынысында жатыр Қазақ халқының
дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы.
Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен
даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол
ерекше тарихи маңызға, көркемдікке ие болды.
9.
10.
11.
Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы — ақын, әнші,композитор.
Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы
Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы,
сонда) — ақын, әнші, композитор.
Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”,
“Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б.
әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен
бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды.
Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының
галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп
көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы,
атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне
айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған
“Маңмаңгер”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер”
әндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс,
қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп
тұрғандай. Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез
келген жүректі толқытады.