Similar presentations:
Көркем әдебиет тілі
1. Көркем тіл
ikaz.info2. 1. Көркем әдебиет стилі
Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылғанкөркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше
ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармапарда
қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез
келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен
де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі
білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем
шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық
сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған
шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық
түрінің
қолданылуында,
яғни
ауызекі
сөйлеу
тіліне
қоса,
публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр
түрлі ыңғайда ұшырасып отырады.
3.
Көркем әдебиет стилінің функциональдық стильдер жүйесінде апатынорнына қатысты әр қилы пікірлер айтылып жүр. Стилистердің бір тобы
(Л. Н. Максимов, Н. М. Шанский, Н. А. Мещерский, К. А. Панфилов т.
б.) көркем әдебиет тілін функциональдық стильдерден тыс, мүлдем
бөлек тілдік құралдар жүйесі деп қараса, P. А. Будагов, А. И. Ефимов, И.
Р. Гальперин, Э. Г. Ризель, М. Н. Кожина, Б. Н. Головин, A. Н. Васильева,
Д. Э. Розенталь, A. Н. Гвоздев сияқты ғалымдар Көркем әдебиет стилін
басқа стильдермен "терезесі тең", себебі көркем әдебиет те тіл
қолданудың аясы болып табылады әрі әлеуметтік қызмет атқаруға
қатынасады, ал эстетикалық қызметі сол әлеуметтік қызметтің бірі деп
санайды.
Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз — ойды және сезімді образ
арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше
эстетикалық қызмет атқарады.
4.
тіл ең әуеліжазуға сүйенеді. Жазу
стилінсіз әдеби тіл
болмақ емес.»
Ғ. Мұсабаев
«Әдеби
5. Көркем шығарма тілі — проблемалық мәселе.
Көркем шығарма тілі — проблемалық мәселе. Көркем шығар-маны жасайтын— жазушы. Шығармадан жазушының өзіндік ерекшелігі, шеберлігі, стилі
байқалып отырады. Шеберлік мәселе-сін шығарманын, тілінен бөлек алып
қарауға болмайды. Шеберлік мәселесі тілге тікелей қатысты. Сондықтан да
жазушының ше-берлігі жайында сөз еткенде, ең алдымен оньщ, тілінен
бастаған жөн1,
Шеберлік дегеніміздің өзі — тар шеқберде алғанда, адам бей-несі,
табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдарды жасау
үшін кажетті сөздерді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу. Мұндай
образдарды жасау үстінде сұрыпталатын сөздерге әрқашан да жаңа мағына,
қосымша реңдер берілетіні белгілі. Сөздердің ондай жаңа қосымша
марынасы мен реңдері образды ойды эстетикалық жағынан байытып отырса
ғана құнды болмақ. Образды ой дегеніміз — суреттелетін зат, құбылыстың
формасын сөз арқылы шебер бейнелей білу.
6.
Көркем әдебиет — “сөз арқылы әдемі түрде суреттелетін искусство”. Әдебиетшілер болсын, тілшілер болсын көркемшығарма тілін сөз еткенде, екеуінің де негізгі объектісі — әдеби
шығарма. Өйткені әдеби шығарманың негізгі құралы — тіл.
Жазушылар да құрылысшылардьщ кірпіштен салған биік әсем
мұнарасы сияқ-тандырып өмірдегі сан алуан қүбылыстарды
бейнелі сөз өрнегі арқылы қиюластырып, көркем образдар
жасайды. Көркем образ жазушының шеберлігіне, оньщ жалпы
халыктық тіл байлығын жетік меңгеріп, шұрайлы сөз образдарын
қолданып шебер суреттей білуіне байланысты. Сонымен бірге
жазушы шығармасының тілі, онық стиль ерекшелігі шығарманьщ
мазмұн, идеялық жақтарымен байланысты қарастыруды қажет
етеді.
7. Жазушының стиль ерекшелігі
Жазушының стилі — көркем шығарма жазу үстінде қалыптасатын әр жазушының өзіндік мәнері, сөз қолдану тәсілдері. Жазушыньщ стиль ерекшелігі, оның өзінін, өмір тануына, шырармасының идеялық мазңұнына сай жалпы халықтық тіл қазынасынмеңгеріп, оны қалай қолданғандығынан байқалады. Ал жазушылардың тілдік қүралды қолдану тәсілдері біркелкі. болмайды,
Өмірдегі адамдар каншалықты көп болып, олардың түрлері бірбіріне ұксас келмейтіні тәрізді жазушылардың да жазу мәнерінде,
стилінде ұқсастық бола бермейді. Әр ақын-жазушылардың
өзіндік ерекшелігі болады. Ақын-жазушылардың өзіндік стиль
ерекшелік-тері, жазу мәнері жалпы халықтық тілдің негізінде
қалыптасып жетіледі.
8.
«Қазақ әдеби тілін Абайдан басталадыдейтін тілшілерге дау айтамыз. Абайдың
алдындағы
қазақ халқының көп
ғасырлардан
келе
жатқан
мол
эпостардағы, ұзынды-қысқалы салттық,
тарихтық жырлардағы шебер, көркем
өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола
ма? Бұхар, Махамбеттерде қазақ әдеби
тілінің өрнектері жоқ деуге бола ма?»
М. Әуезов