Similar presentations:
Образ және оның түрлері
1.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіОбраз және оның түрлері
Орындаған: Серікова С.С.,
Қосмағамбетов А.С., ҚТӘ-401
Тексерген: Тәңірбергенова Г. К
Ақтөбе 2017
2. жхжх
Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиеттуралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Бұл
мәселені дұрыс таратып түсіну үшін, әуелі, әдебиеттің объектісі - өмір
болғанда, предметі – адам екенін ескеруіміз керек.
Кітап не туралы жазылған, симфония не туралы, сурет не туралы салынған,
қандай сұрақ болсын жауап біреу – адам туралы, адамның әсемдігі, адам
рухының керемет күштілігі, оның қасиеттері туралы. Өнер туындысының
бәріне ортақ мазмұн адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты.
Адам тағдыры суреткер үшін шығарма арқауы ғана емес,
өмірді танудың өзгеше тәсілі. Мұнда әңгіме дайын әдеби
қаһарман жөнінде емес, сол қаһарманды жасаудағы
қаламгердің бүкіл творчестволық іс-әрекеті, ойы, қыры.
Ойдан шығару жалпы образға бартын жол, суреткердің өмірде
көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі.
Ойдан ышғару шығармада суреттелген шындықтан шалғай
жатқан оқыс нәрсе емес. Сол шындықты сұрыптау, саралау
тәсілі.
3.
1. Көркем бейне,кейіпкер, тип
2. Суретті сөз.
Әдебиеттегі образ екі
түрлі мағынада
қолданылады:
4.
Образдылық - суреттілік, яғни сөздегі сурет. Әдебиеттегі адамбейнесін жасау сан түрлі амал-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол
сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік
материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Ал
жинақтау тек типтендіру тәсілімен жүзеге асады. Типтендіре
жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы
бітімін, тұлғасын, қалыптасуымен қатар оның ішкі ерекшелгін
ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам
ретінде бөлек оқшау танытып тұратын оның тек өзіне тән, өзгелерде
жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт.
Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашанда оның
адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жатады.
5.
Әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жалғыз-ақжазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын
ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы
тұрғыдан түсінген жөн. Портрет (французша «бейнеленген» деген мағына береді) – әдеби
кейіпкердің сырт-көрінісін, кескін-кейпін, бой, тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін,
характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің зор мәні бар.
Сондықтан кейіпкердің характерін әртүрлі жағдайда, күрес-тартыс үстінде оның басқа
адамдармен қарым-қатынасы өзінің әрекет, қимылдары, істеген істері арқылы айқындай отырып,
жазушы портреттік сипаттарға көңіл бөледі. Негізгі қаһарманның келбеті, бой, тұлғасын, жүрістұрысын, сөйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп әсерлі бейнелеуге мән береді.
Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде-бір өрнек - өмір суреті жоқ және болуы да
мүмкін емес. Бұл ретте, көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да
әшейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін
тәсіл десек, ағат айтқан болмаймыз. Өйткені адамның сыры мен сезімінен, өмір тіршілігі мен
көңіл-күйінен тыс ешқандай пейзаж болуы мүмкін емес. Пейзаж (французша «ел-жер» деген
мағына береді) - әдеби шығармаларда жаратылыстың, яғни табиғаттың әсем көрінісі, көркемдік
бейнесі. Суреткер әдеби шығармаларда көркемдік ойлаудың ажары ретінде, образдық жүйенің
арқауы ретінде табиғат келбетін ерекше бір ұсталықпен суреттеуі.
6.
Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторларыбар.
Қөркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі:
романтикалық образ, реалистік образ.
Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ,
лирикалық образ, драмалық образ.
Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрлі:
юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық
образ, геройлық образ т.б.
Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге
ауадай қажет. Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі (романтизм,
реализм), бұл мәселеге біз осы еңбегіміздің үшінші бөлімінде арнайы
тоқталамыз. Бұл жолы тек осынау көркемдік одіс тұрғысынан анықтағандағы
образдың екі түріне, бұл екеуінің ерекшелігіне ғана азырақ назар аударып
өтпекпіз.
7.
1. Романтикалық образ —әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы
түрлерінің бірі. Романтикалық
образдың негізінде қиял жатады.
Романтикалық образ өмірдегі болған
немесе бар деректен гөрі өмірде
әзірше жоқ, бірақ, болатын дерекке
негізделеді.
5. Драмалық образ — эпикалық не
лирикалық образдар секілді қағаз
бетінде емес, тура өмірдің өз
аясында — сахнада көзбе-көз, қолмақол жасалатын көр кем бейне. Мұны
кейде тура “сахналық бейне” деп те
атай береді
9. Трагедиялық образ - адам
мен қоғам, адамдық пен
жауыздық арасындағы күрестен,
қайшылықтан, адам жеңіп
болмас ауыр, азапты жайларды
әдеби шығармада терең, шебер
жинақтаудан туады.
2. Реалистік образ — әдебиеттегі адам
бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі.
Бұл — кәдімгі өмірде болған, бар және
бола беретін, бірақ қайталанбайтын,
әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың
қырынан көрініп, ылғи жаңарып
отыратын тип.
6. Юморлық образ — күлкілі
кейіпкер; юмор — өмірдегі кісі
күлерлік құбылыстардың өнердегі
сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ.
Ал күлкіні әшейін жеңіл-желпі нәрсе
деуге болмайды.
10. Геройлық образ—ұнамды
кейіпкер: адамға тән небір
тамаша сипаттардың синтезі
секілді сом тұлға, өз дәуірінің
ең аяулы, асыл мұраттарынан
туған тарихи тип.
3. Эпикалык образ — кескін-кейпі,
мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас
көрінген әрі толық жинақталған, әрі
әбден дараланған тип. Портрет пен
мінездеу, диалог пен монолог, түрліше
сезімдер мен қаракеттерді суреттеу
секілді көркем бейне жасаудың көпкөп амал-тәсілдері әсірөсе эпикалық
образ үшін керек.
4. Лирикалық образ — сыршыл
өлең-жырлардағы ақынның өз
бейнесі; оның ішкі бітімі; ақынның
мың иірім көңіл күйінен — нәзік
сыры мен сылқым сезімінен өріліп
жасалған өзгеше кейіпкер.
7. Сатиралық образ – ұнамсыз тип.
Сатира өмірдегі кеселді,
келеңсіздікті, кері кеткен-дікті қаза
қопарып, көптің көз алдына —
көрініске шығарады, қағыпсілкілейді, мысқылмен түйрейді,
сықақ етеді, көпті одан түңілтеді.
8. Фантастикалық образ —
қиялдан туған -каһарман, өмірде болмаған және жоқ, тек адамның
акиқатқа ұқсас арманында ғана
бедерленген бейне;
8.
Образдың жасалу тәсіліне байланысты түрлерін таратып, басбасына сипаттамабермес бұрын, жалпы әдемілік туралы ілімінде бірнеше (комедия және
трагедия,фантастика дегендер тәрізді) эстетикалық категориялар болатынын
білу шарт. Комедия ақиқат шындықтағы не адам мінезі мен бітіміндегі
күлкілі жайлардан туса, трагедиябұған қарамақарсы қайғылы құбылыстардан туатыны, фантастика асыңқы, асқақ
әрекеттерден туатыны мәлім. Міне, осы тәсілдерді әр қайсысына лайық,
трагедиялық,фантастикалық образдар болатыны сияқты, комедиялық тәсіл
арқылы көркем образдардың юморлық және сатиралық түрлері жасалады.
Әрине, эстетикалық комедиялық категориясындағы
юмордың, сатираның,
иронияның, сарказмның, гротескінің әрқайсысындағы
күлкінің сипаты әр бөлек, юморда
күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері
алынады.
9.
Романтикалық образ: Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе менАсанқайғыға дейін,одан Алпамыс пен Қобыландыға, Тарғын мен Қамбар-ға дейін қазақ
фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгі-лерін көруге болады.
Реалистік образ: Т. Ахтановтың “Дала сырындағы” Қоспан образын алып қарайық. Қоспанды
образ ретінде байыптасақ, оның өмірдегі сымбаты да, өнердегі шынайылығы да, міне, дәл осындай
таза, табиғи шыншылдығында жатыр.
Эпикалық образ: Құнанбай мен Жұман болсын немесе Мүкарама мен Қарақатын болсын,
әрқайсысы-ақ тасқа қашалғандай қаздиып, оқырманның көз алдында. Міне, осының бәрі — эпостың
қисапсыз жанрлық мүмкіндігінен туған эпикалық образдың сыртқы түрі.
Лирикалық образ: Қ. Аманжолов әзірбайжан қызының әдемі образын жасайды. Ақынның
субъективті көңіл күйінен туған лирикалық образдың объективті өмірден жинақтала һәм даралана
жасалған эпикалық образдан айырмасы да дәл осы арада деп білген жөн.
Драмалық образ: Антигона мөн Отелло, Тартюф пен Хлестяков, Сатин мен Яровая, Қарабай мен
Телқара, Жүзтайлақ пен Сәуле - бәрі де драмалық образдар, өйткені бұларды біз тек қана сахнадан,
актерлердің ойындары арқылы жүзбе-жүз көріп, таныдық.
10.
Юморлық образ: Ғабиден Мұстафин Олжабектің (“Шығанақ” романында) оспадар қылықтарына,оқшау мінездеріне қанша күлгенмен, бұл адамды іштей ұнатып, оның адалдығына оқырманның да
ықыласын аудара отырады. Себебі, автордағы мақсат — Олжабектерді құрту емес, түзеу.
Сатиралық образ: Ғ. Мүсіреповтің “Оянған өлкесіндегі” көп сөйлемей аз айтып, қайталамай бір
айтып, көздеген нысанасына дәл тигізіп отыратын ирониясында, сарказмінде адам мінезін аз суретпен
жарқ еткізіп ашып кетіп отыратын ұтымды астар бар.
Фантастикалық образ: Фантастикалық қаһарман ретінде қазақ ауыз әдебиетінің де өз келесінде
туғызған кереметтердің бірі — Ер Төстік.
Трагедиялық образ: “Қыз Жібек” жырындағы Төлеген Бекежан қарақшының жауыздық құрбаны
ғана емес, әкесі Базарбайдың батасын аттап, әке мен бала арасындағы) көне тәртіпті бұзғаны үшін де
жолы болмаған жан секілді.
Геройлық образ: Төлеген Тоқтаров пен Александр Матросовтың, Мәншүк Мәметова мені Зоя
Космодемьянская-ның өлімдері де өлмес өмірге, қайғылы қазалары қаһармандыққа ұласқаны мәлім.
Мұның өзі, юмор мен сатираның арасы секілді, өнерде өмірде де трагедия мен геройлықтың арасында
да “қытай қорғаны” жоқ екеніне дәлел.
11.
З. Қабдолов «Реалисттік образ - нанымды образ: оның мінез-құлқы, іс-әреткеті,оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға... бәрі өлшеулі, бәрі мөлшерлі.
Өйткені, суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен
шығармайды, өзін-өзі меңгеріп, қажетті жерде ылғи іркіп отырады» деп анықтама
береді.
«Әр сөз» – дейді Потебня, – қалай болғанда да, өзінің поэтикалық шығарма
қалпын бастан кешіреді». Бұған қарағанда, әр сөздің түп-төркіні – зат, сурет, образ.
Мыс: қалқалап тұрды қалқанды деген тіркес, шынында да, біздің көз алдымызға
образ, сурет болып елестейді. Осындай түп-төркіні бейнеден, суреттен шыққан әр
сөз өзара қатар түзеп, тіркес құрағанда, бір түрлі бір қиял жетпес қызық айнаға
айналып, оның бетіне ақиқат шындықтың өзгеше айшық-өрнегі, сурет-сәулесі
түсетін тәрізді. Образдылық осылай пайда болады.
12. Қорытынды
Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірдебір өрнек - өмір суреті жоқ және болуы да мүмкін емес.Бұл ретте, көркем шығармаларда суреттелетін табиғат
көріністерін, яки пейзажды да әшейін бір уақыт пен
кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын
толықтыра түсетін тәсіл десек, ағат айтқан болмаймыз.
Өйткені адамның сыры мен сезімінен, өмір тіршілігі мен
көңіл-күйінен тыс ешқандай пейзаж болуы мүмкін емес.
13. Пайдаланылған әдебиеттер:
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш, Алматы, 1989ж.Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 1992.
Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы, Астана, 2003ж.
Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе, Қарағанды, 2004ж.