252.02K
Category: biologybiology

Әйел жамбас сүйегінің анатомиясы

1.

Әйел жамбас
сүйегінің
анатомиясы

2.

Босану жолдарының негізін
жамбас қуысы құрайды. Жамбас
қуысы екі бөлімнен тұрады.
Жоғарғы – үлкен, төменгі – кіші
жамбас қуыстары. Үлкен және кіші
жамбас шекарасы екі жағынан
мықын сүйек сызығымен, алдынан
қасаға сүйегінің қырымен, артынан
сегізкөздің негізімен өтеді. Екі
жамбас аралығындағы кеңістікті
кіші жамбас кіреберісі дейді. Үлкен
жамбастың үсті мен алды ашық,
жоғарғы жағы кең. Босануда кіші
жамбас қуысының маңызы зор,
себебі нәресте осы жамбас қуысы
арқылы өткенде көптеген
кедергілерге ұшырайды. Жамбас
қуысы – екі жамбас, сегізкөз,
құйымшақ сүйектерінен құралған.

3.

Жамбас үш сүйектен тұрады
1.Мықын
2.Шат
3.Шонданай
16 – жасқа дейін бұл сүйектер өзара
шеміршекпен біріккен.

4.

Мықын сүйек ( ilium ) жамбас сүйегінің жоғарғы жағындағы қалақ тәрізді
үлкен бөлігі,оның ұршық ойысын құрайтын қалың жерін денесі, жоғары
орналасып кеңейіп келген жерін қанаты дейді. Қанаттың жоғарғы жақ жиегін
«мықын қыры» дейді (crista iliaca.). Мықын қыры алдыңғы жағынан алдыңғы
жоғарғы (spina iliaca antrior superior) және алдыңғы төменгі (spina iliaca antеrior
inferior) сүйек өсінділерімен аяқталса, сыртқы жағынан артқы жоғарғы, артқы
төменгі сүйек өсінділерімен аяқталып, үлкен шонданай ойындысына жалғасады.
Мықын сүйектері қалыңдау жермен сегізкөз мүйісімен байланысып, екі жаққа
құлақ қалқаны тәрізді буын құрайды.
Шонданай сүйегінің денесі және екі бұтағы бар. Денесі жамбастың ұршық
ойысының төменгі жағын жасауға қатысады. Жоғарғы бұтағы денеден төмен
қарай түсіп, шонданай бұдырын жасайды, төменгі бұтағының артқы бетінде
орналасқан дөңес шонданай өскіні дейді. Төменгі бұтақ жағы көтеріліп, шат
сүйегінің төменгі бұтағымен қосылады. Сонымен бірге, оның жоғарғыжәне
төменгі бұтағы шат сүйегінің төменгі және жоғарғы бұтақтарымен қосылып,
жамбастың тесігін құрайды. Шат сүйегі жамбас қуысының алдыңғы жағын, шат
симфизін құрайды. Мұндағы саңылау тәріздес қуыс ішінде сұйықтық болады,.
Сондықтан бұл буын жартылай буынға жатады.
Шат сүйегінің жоғарғы жағы қасағалық қыр жасап, алдыңғы бетінде қасағалық
дөңеске жалғасады. Бұл сүйектің төменгі бұталары қосыла отырып, шат
сүйегінің ішін немесе бұрыштамасын жасайды. Оның босану кезінде маңызы
зор.

5.

Сегізкөз (os sacrum) – сүйегі өзара тұтасқан бес омыртқадан
тұрады, омыртқалардың көлемі төменге қарай кішірейеді,
осыған байланысты сегізкөз пішіні кесілген үшбұрышқа
ұқсайды. Сегізкөздің бірінші омыртқасы бесінші бел
омыртқамен, бесінші омыртқасы құйымшаққа жалғасып,
сегізкөз – құйымшақ буынын жасайды. Сегізкөздің бел
омыртқамен жалғасқан жерін негізі деп атайды, осы сүйектің
ортаңғы жерінде сегізкөз мүйісі бар. Сегізкөз
омыртқаларының жалғанған жерінің алдыңғы бетінде
көлденең өтетін төрт сызық бар, осы сызықтарды бойлай
жұптасып сегізкөз тесік орналасқан. Осыған байланысты бұл
сүйекті сегізкөз дейді. Сегізкөз екі жағынан мықын
сүйектермен байланысып, сегізкөз мықын буынын құрайды,
бұл қозғалмайтын жұп буын,
Құйымшақ (os coccygis). Сүйек төрт бес омыртқаның
тұтасып, бірігуінен пайда болады, мұнда тек омыртқа денелері
сақталған.

6.

Ер адамның жамбасымен
салыстырғанда, әйел жамбасының
жыныстық ерекшеліктері бар.
Әйелдердің жамбас қуысы кең,
сүйектері жұқалау, тегіс болып келеді.
Ер адамның жамбасы тар, құйымшақ
мүйісі ілгері шығыңқы, ал мықын
сүйектері бір – біріне жақын
орналасқан, әйел жамбасының
мықын, шонданай сүйектері бір –
бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан
ішкі жамбас қуысының жоғарғы кіру
және төменгі шығу кеңістіктері және
шат сүйегінің иіні ерлерге қарағанда
әйелде кең болып келеді. Осы аталған
ерекшеліктердің босану кезінде
маңызы зор.

7.

Үлкен жамбас қуысы. Үлкен жамбас
қуысы кіші жамбас қуысымен
салыстырғанда кең және көлемді. Оның
қуысы екі жағынан мықын сүйегінің
ойыс беттерімен, артқы жағы V бел
омыртқамен шектеліп жатады. Бел
қуыстың алдыңғы бетін шектейтін
бұлшық еттер мен тері арқылы жабылып
тұрады.

8.

Кіші жамбас қуысы. Кіші жамбас қуысы
айналасы сүйектермен, үсті – кіреберіс, асты
– шығаберіс жазықтықтармен қоршалған
кеңістік. Бұл төрт жазықтықтан тұрады.
1.Жамбасқа кіреберіс жазықтық .
2.Жамбас қуысының кең бөлігінің
жазықтығы.
3.Жамбас қуысының тар бқлігінің
жазықтығы.
4.Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы

9.

Жамбас қуысына кіреберіс жазықтық
алдынан симфиздің жоғарғы және шат
сүйегінің жоғарғы ішкі жиектері мен,
бүйірінен мықын сүйегінің доғал
сызығымен, артынан - сегізкөз мүйісімен
шектелген. Жамбас қуысының кіреберіс
жазықтығында 3 – өлшемі бар: тік,
көлденең және екі қиғаш.
Тік өлшемі – сегізкөз мүйісінен симфиздің
ішкі бетінің ең шығыңқы жеріне де”інгі
аралық. Бұл нағыз немесе акушерлік
конъюгата, 11см – ге тең (conjugata vera)
тағы анатомиялық конъюгата бар, ол
акушерлік конъюгатадан 0,3 – 0,5 см
артық.
Көлденең өлшемі – мықын сүйектерінің
доғал сызықтарының ең алшақ жатқан
нүктелерінің аралығы, шамамен 13 –
13,5см.
Оң және сол қиғаш - өлшемдері 12 – 12,5
см. Оң және сол жақ мықын – шат
төмпешігіне дейінгі аралық. Сол қиғаш
өлшем керісінше.
1.

10.

2. Жамбас қуысы кең бөлігінің жазықтығы төмендегідей шектелген:
алдынан симфиздің ішкі бетінің ортасымен, бүйірінен ұршық
ойығының ортасымен, артынан II – III сегізкөз омыртқасының
жалғасқан жерімен.
Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар. Тік өлшемі –
сегізкөздің II , III омыртқаларының қосылған жерінен симфиздің ішкі
бетінің ортасына дейін, ол 12,5см. Көлденең өлшемі – ұршық
ойыстарының арасы, ол 12,5см-ге тең.
3. Жамбас қуысы тар бөлігінің жазықтығы алдынан – симфиздің төменгі
жиегімен, бүйірінен – шонданай сүйектерінің қырларымен, ал артынан
- сегізкөз – құйымшақ буындысымен шектелген.
Тік өлшемі - сегізкөз – құйымшақ буындасынан симфиздің төменгі
жиегіне дейінгі аралықта орналасқан 11-11,5 см-ге тең.
Көлденең өлшемі шонданай сүйектері қырының арақашықтығымен
өлшенеді, ол – 10,5 см.
4. Жамбастың шығаберіс жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан –
симфиздің төменгі жиегі, бүйірінен – шонданай төмпешіктері, артынан
– құйымшақ ұшы, бұл жерде тік және көлденең өлшемдер бар.

11.

Тік өлшем – құйымшақ ұшынан, симфиздің төменгі жиегіне дейін. Ол
9,5 см тең. Нәресте кіші жамбас арқылы шыққан кезде құйымшақ артқа
қарай 1,5 – 2 см жылжиды, осының нәтижесіеде тік өлшем 11,5 см
ұлғаяды. Көлденең өлшемін шонданай төмпешіктерінің ішкі бетінің
аралықтарымен өлшейді – 11 см.
Жоғарыда айтылған жамбас қуыстарынан басқа оның параллельді
жазықтықтарын ажыратады.
1. Үстінгіжазықтық, шекаралық сызықтың үстімен өтеді. Сол себептен
оны шекаралық жазықтық деп айтады.
2. Негізгі жазықтық, симфиздің төменгі деңгейінде бірінші жазықтыққа
параллель жатады. Бұны негізгі деп айтатын себебі, нәресте басы
осы жерден өткеннен кейін айтарлықтай кедергіге ұшырайды.
3. Спиналды жазықтық, бірінші және екінші жазықтыққа параллель,
шонданай сүйек өсінділерінің аралығын кесіп өтеді.
4. Шығаберіс жазықтығы, құйымшақтың орналасу бағытына сәйкес
келеді.

12.

Жамбас қуысының иілу бұрышы. Бұл
жамбас қуысының кіреберіс жазықтығы
мен көлденең жазықтық арасындағы
бұрыш. Әйел тік тұрғанда бұрыш 45°55°-қа тең, ал шалқасынан жатып,
аяқтарын ішіне жинағанда оның шат
сүйегі жоғары көтеріліп, бұрыш
кішірейеді. Егер жүкті әйелдің беліне
қатты жастық қойып көтерсе, шат сүйегі
төмен түсіп, бұрыш үлкейеді.

13.

Жамбас өлшемдерін өлшеу.
Жамбас өлшемдерін анықтау үшін, жүкті әйел қатты
тақта үстіне екі аяғын созып, шалқасынан жатады.
Үлкен жамбастың төрт өлшемі бар, үш көлденең, бір
тік өлшем:
1. Distantia spinarum – мықын сүйектерінің
алдыңғы – жоғарғы қанатты өсінділерінің
аралығы. Ол үшін жамбас өлшеуішінің
түймелерін осы өсінділердің сыртқы бетіне
тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық 25 – 26см.
2. Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының
алшақ нүктелік аралығы (28 – 29см). Ол үшін
өлшеуіштің түймелерін мықын сүйегі қырының
сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ
нүктелерінің арасын өлшейді.
3. Distantia trochanterica – ұршық аралығы. Ортан
жіліктің жамбас ойысында орналасқан
ұршықтардың арасы. Ол 31 – 32см-ге тең.
4. Conjugata externa – сыртқы конъюгата немесе
жамбастың сыртқы тік өлшемі. Бұл өлшемді
анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы
аяғын бүгіп, үстінгі аяғын созуы керек.
Өлшеуіштің бір түймесін шаттың сыртқы
жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын –
сегізкөз үсті ойығына орналастырады. Сыртқы
конъюгата қалыпты жағдайда 20 – 21см.

14.

Сыртқы конъюгата өлшемін білудің маңызы зор, өйткені бұл арқылы кіші
жамбас қуысының кіреберісіндегі – ішкі тік өлшемді анықтауға болады.
Мысалы: сыртқы тік өлшем 20см болғанда, одан 9см-ді алып тастаса,
ішкі тік өлшем 11см-ге тең.
5. Диагональдық конъюгата (con.diagonalis) деп шат сүйегінің төменгі
қырынан сегізкөздің ең шығыңқы мүйісіне дейінгі аралықты айтады.
Бұның тура өлшемін қынаптық зерттеу арқылы анықтайды: екінші және
үшінші саусақтарды қынапқа енгізе отырып, IV – V саусақтарды бүгеді, I
үлкен саусақты шат сүйегінің үстіне орналастырады. Қынапқа енген
саусақты мүйістің ұшына жеткізіп, ал алақанның үстінгі қырын қасағаның
төменгі қырына тірейді.
Содан кейін қынаптағы үшінші саусақ аралығы мен алақнның шат сүйегіне
түйіскен жерін жамбас өлшеуішімен өлшейді. Бұл аралық 12,5 – 13см-ге
тең. Кіші жамбас қуысының ішкі тік өлшемін анықтау үшін диагональды
конъюгатадан 1,5 – 2 см алып тастайды.
Үлкен жамбас сүйегінің жоғарғы өлшемдері төмен болған жағдайда, оның
жығаберісінің тік өлшемін анықтау қажет. Ол үшін өлшеуіштің бір
түймесін қасағаның төменгі қырының ортасына қойып, екінші ұшын –
құйымшақтың ұшына тірейді. Осы алынған мөлшерден 1,5см алып
тастаса, жамбас қуысының шыға – берісінің тік өлшемі шығады.

15.

Жамбас қуысы шығаберісінің көлденең өлшемін
өлшеуіштің айқас бұтақшасымен анықтайды,
шонданай төмпешіктерінің аралығынан алынған
мөлшерге 1 – 1,5смқосады. Сонымен қатар, қасаға
бұрышының алшақтығын анықтаудың маңызы зор,
қалыпты жағдайда 90° - 100°.
Шат бұрышын өлшеу үшін әйел аяғын бүгіп, ішіне
қарай жиырып, шалқасынан жатады. Екі басбармақ
шат және шонданай сүйектерінің төменгі бұтақтарына
қатты тіреледі, үлкен екі саусақтың түйіскен ұшын
қасаға сүйегінің төменгі қырына тірейді,
саусақтардың көрінісі арқылы шат бұрышының
көлемін шамалауға болады.

16.

Жамбас қуысының қиғаш өлшемдері:
1. Бір жақ мықын сүйегінің алдыңғыжоғарғы өсінділерінен, екінші жақ мықын
сүйегінің артқы жоғарғы өсінділеріне дейін және керісінше өлшейді.
2. Симфиздің жоғарғы қырынан, оң және сол жақ артқы жоғарғы өсінділеріне
дейінгі ара қашықтықты өлшейді.
3. Сегізкөз ойығынан мықын сүйегінің оң және сол жақ алдыңғы жоғарғы сүйек
өсінділеріне дейінгі аралық.
Бір жамбастың қиғаш өлшемдерін екінші жамбастың өлшемдерімен
салыстырады, егер айырмашылығы 1см-ден асса, ол жамбас асимметриясын
көрсетеді.
Жамбас сүйектерінің қалың – жұқалығын анықтау үшін жүкті әйелдің білезігін
өлшейді, орта шамамен ол 14см тең: бұл Соловьев индексі. Егер Соловьев
индексі 14см ден артық болса, онда жамбас сүйегінің қалыңдығынан оның
қуысы тарылады, ал 14см ден кем болса жұқалығына байланысты оның қуысы
кеңиді.
Жамбас өлшемдерін анықтаған кезде ерекше көңіл бөлетін жер –ол Михаэлис
(сегізкөз) ромбысы. Жоғары бұрышы V-ші бел омыртқаның қылқанды
өсіндісінің шұңқыры. Бүйір бұрыштары мықын сүйегінің артқы жоғарғы
өсінділеріне сай келеді. Төменгі бұрышы құйымшақтың ұшына жетеді. Ал
жоғарғы және сыртқы жағынан ромбы арқаның үлкен бұлшық еттерімен,
төменгі және сыртқы жағынан – бөксе бұлшық еттердің қырымен шектеледі.
English     Русский Rules