Similar presentations:
Қоғамдағы философиялық түсінігі
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Орындаған:Өтебек Н.Қабылдаған:Қаниева Г.
Тақырыбы:Қоғамдағы философиялық түсінігі.
2. Жоспары:
1.Қоғамның философиялық түсінігі1,1.Өндіріс тәсілі.
1,2. Базис пен қондырма.
2.Өрдіргіш күштер.
3.
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой-пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқықауымдық қоғам дәуірінде-ақ қалыптаса бастады. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол
қалай пайда болды, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде, қоғамдық
құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеп, қарым-қатынастар
заңдылықтары бар ма, тағы басқа көптеген сұрақтар, ой-пікірлер және идеялар туады. Ал
мұндай ой-пікірлер мен идеялар адамдардың қоғамға бірігуінен және осының негізінде
өздерінің тіршілігін сақтау, күн көру, одан әрі даму қажеттілігінен, олардың тікелей тәжірибелік
өмірімен байланысты туды.
Қоғамдық құбылыстарды, процестерді, тарихты танып- білуде, өзгертуде философия
тарихында материализм мен идеализмнің арасында ұдайы қарама-қарсы кескілескен күрестер
жүргізіледі. Матеркализм қоғамды, оның даму заңдарын дұрыс ғылыми тұрғыдан
түсіндірмекші болып әрекет жасаса, идеализм, керісінше, ғылымға жат, қоғамдың тәжірибеге
сүйенбеген, көбінесе оларды діни тұрғыдан түсіндірмекші болады. Өйткені, бұл бағыттарды
қолдаушы қоғамда әр түрлі әлеуметтік таптар мен топтар болады. Қоғамдық құбылыстар,
процестер заңды дамиды. Бұл заңдар объективті сипатта болады. Өзінің іс-қимылы мен
тәжірибелік қызметінде адам даму заңдарының өмір сүріп тұрған жағдайлары мен шарттарын
өзгертеді, бірақ заңдардың өзін қолдан лсасап, не жоя алмайды. Қоғам заңдары үстірт жатқан
жоқ, оларды тікелей бақылау арқылы қабылдау қиын. Олар абстракті ойлау арқылы белгілі
болады.
4.
Қоғам дегеніміз - адамдар арасындағы экономикалық қатынастар, яғни материалдықигіліктерді өндіру процесінде адамдар арасында қалыптасатын қатынастар.
Қоғамдық қатынастар тарихи дамудың барысында өзгеріп, жаңарып отырады.
Қоғамды материалистік тұрғыдан түсінудің басты өзгешелігі - ол алуан түрлі
қоғамдық қатынастардың, байланыстардың ішінен ең бастысы - материалдық
өндірістік қатынастарды бөліп алуы.
Өндірістік қатынастардың шығуы, қалыптасуы адамдардың ой-санасына байланысты
емес, қайта олардан тәуелсіз болады.
Олар - қоғамның идеологиялық, рухани қатынастарын анықтаушы, белгілеуші, қоғам
организмінің объективтік, материалдық, зкономикалық құрылымының негізі.
Қоғамдық болмыс - адамдардың қоғамдағы нақтылы еңбегі, іс-қимылы, қызметі,
жалпы өмірі, оларды айырбастау, бөлу, тұтыну, тәжірибе алмасу.
Ал қоғамдық сана - қоғамдық болмыстың бейнесі, суреті. Олар бір-бірімен тығыз
байланысты. Өндіріс тәсілі - өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың
жиынтығы.
Өндіргіш күштерді құрайтын - еңбек заттары мен еңбек құрал-жабдықтары. Еңбек
заттары дегеніміз - адам әсер ететін, ол өзінің еңбегімен өндеп шығаратын материалдар.
Еңбек құрал-жабдықтарына ең алдымен еңбек құралдары, немесе адамның еңбек
заттарына әсер ететін өндірістік құралдары кіреді. Олар - балта, соқа, станок, т.б. Еңбек
құралдары еңбек етудің негізгі құрал-жабдықтары болып табылады.
Өндіргіш күштер адамдардың табиғатқа қатынасын анықтай отырып, сонымен бірге
адамның табиғатты билеп алатындығын да бейнелейді. Өндірістік қатынастар материалдық игіліктерді өндіру процесінде қалыптасатын экономикалық қатынастар.
Олардың негізіне өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктену формасы жатады.
5.
Өндірістік қатынастар - өзінің жиынтығында қоғамның экономикалық құрылысын, немесе басқашаайтқанда, қоғамның базисын құрады. "Базис" грекше "негіз” деген сөз. Базис ендіргіш күштердің
белгілі бір даму сатысына сәйкес келетін қоғамның экономикалық құрылымы, өндірістік
қатынастардың жиынтығы.
Қондырма дегеніміз - қоғамдық психологиялық, саяси, құқықтық, этикалық, эстетикалық,
философиялық, діни, т.б. көзқарастар мен идеялар және оларға сәйкес келетін мекемелер мен
ұйымдардың жиынтығы.
Қондырманың базисті бейнелеу механизмінде экономикалық мүдделер шешуші рөл атқарады.
Қоғамның экономикалық базисі қандай болса, оның қондырмасы да сондай болады. Қондырма
базиске тәуелді болғанмен бір- шама дербес дамиды.
Қазіргі уақытта біздің тәуелсіз мемлекетіміздегі экономикалық қатынастар өзгерді, біз нарықтық
экономикаға көштік (базис өзгерді). Қондырма да өзгере бастады: тоталитарлық жүйеден
демократияға көштік, идеологиямыз, көзқарастарымыз да өзгере бастады.
6.
Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенiқабылдау — эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр
адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер
жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен
байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр
өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып
табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ
құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге
мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады.
Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү,оны бағалаудың принциптерi мен
әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi,ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы.
Кейiн,адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен
дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарсқа
айналады). Дүниедегi өзiнiң орны туралы,жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi
туралы,өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр
көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз-айнала қоршаған орта, бүкiл әлем,тұтас
дүние туралы,ондағы адамның орны,тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың
пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы.
7.
Философия(б.д.д.6-5ғғ) Үндiстанда,Қытайда,Мысырда,Грек елiнде пайда болды.Бұл терминдыалғашқы қолданған антик философы,математигi Пифагор,ол оны «даналыққа құштарлық» деп
түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары
тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн
«өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай
түйiн келiп шыығадыфилософия-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани
форма.. Сонымен, философияны «даналық» түсiнiгiмен байланыстырар болсақ, онда бұл сонғы
ұғым «бiлiмнiң жоғары синтезi», белгiлi бiр нәрсе туралы «толық жетiлген бiлiм» деген мағынаны
бiлдiредi.Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық,ал бұл даналықтың объектi-менiң
өзiмнен тыс табиғат және адамзат әлемi, сонымен қатар, өзiм және феномен ретiндегi бiлiмнiң
өзi(антика дәуiрiнде философия бiлiмге ұмтылуды, таза да тұнық Ақиқатқа жетудi
бiлдiрдi).Философияның бастапқы негiздерi мифология,дiн және алғашқы ғылымдарда
(математика,физика, астрономия,медицина ) жатыр.
Оның ерекшiлiктерi:
1.Оның негiзгi зерттеу объектi-адам,оның әлемде алатын орыны және оған деген қатынасы.
2.Ол, дүние құрылымының бастапқы негiздерiн қарастырады. Дүние қандай, оның мәнi,мазмұны
қандай?
3.Философия өмiрдiн әсерiмен, жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал оның таным әдiстерi ақыл-ой
мен интуиция(мифте-сезiм,қиял болса;дiнде-сенiм және сезiм).
4.Философиялық танымның эмпирикалық(тәжiрибе) негiзi,базасы-жеке ғылымдармен, қоғамдықтарихи практика.
8.
Қазiргi философияның құрылымы Онтология- болмыс туралы iлiм, гносеология- танымтуралы iлiм, философия тарихы- философиялық өй-пiкiрлердiн дамуы туралы iлiм,
әлуметтiк философия- қоғам өмiрiнiң болмысы туралы iлiм, этика- әдептiлiк
мәселелерiн зертейтiн iлiм, эстетика- әсемдiк пен сұлулы туралы iлiм, антропологияадам мәселесiн зерттейтiн iлiм, аксиология- құндылықтар табиғатын зерттейтiн iлiм,
логика-адамның ойлау процесiн зерттейтiн iлiм.
9.
Философияны түсiнуде және оның дүние мен адамды тануда атқаратын ролiнанықтауда жиi көптеген пiкiрлер айтылды. Мысалы, әйгiлi Аристотель(б.з.д.384-322,
философ, энциклопедист-ғалым, формальды логиканың негiзiн қалаушы, Этика және
политика,метафизика, физика, биология және психологиядан көптеген еңбектер
жазған. Оның iшiнде ең танымалдылары «Категориялар», «Аналитика», «Топика»,
«Физика», «Метафизика», «Политика», «Никомахтын этикасы» т.б).философияны
«ғылымдар иесi» деп атады, құлы иесiнiң алдында қандай болса, жеке ғылымдар да
философияның алдында сондай әлсiз деп түсiндi.Жеке ғылымдардын әр қайсысы өзiне
тиiстi құбылыстарын зерттеумен айналысушы, ал философия болмыстың ең жалпы
бастамалары мен бiрiншi себептерi жайындағы iлiм деп анықтады. Сондықтан ол
«бiрiншi философия». Теориялық жағынан пiсiп жетiлмеген жеке ғылымдардың
философиялық ой-пiкiрлерге тәуелдiлiгiн бiлдiретiн сол дәуiрдегi бұл түсiнiк көптеген
ғасырлар ьойы философтардың санасында сақталып келдi. Сол түсiнiктi қабылдаған
немiс философы Гегель де (1770-1831) философияны «ғылымдардың патшасы» немесе
«ғылымдардың ғылымы» деп атады, өйткенi тек философия ғана нағыз шындық пен
ақиқатқа әкеледi. Арнаулы бiлiмдер дамуының жоғары кезенiнде 19ғ. екiншi жартысы
мен 20ғ. жеке ғылымдарды дәрiптеп, философияның маңызын жоққа шығаратын ойпiкiрлер шықты. Философиялық бiлiмдер ақиқатқа жеткiзбейдi өйткенi олар априорлы
(тәжiрибеден тыс) деп анықтады О. Конт. Бұл кезенде пайда болған позитивизм
iлiмiнiң өкiлдiрi философияның танымдық мүмкiндiктерiне, оның ғылымдылығына
күмән келтiрiп, ғылымдардың «патшасын» оның «қызметшiсiне» айналдырды.