Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті Стоматология кафедрасы
1/13

Әрбір жас тұрғындар топтарына байланысты алдын алу шараларының ерекшеліктері

1. Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті Стоматология кафедрасы

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырып:Әрбір жас тұрғындар топтарына байланысты
алдын алу шараларының ерекшеліктері
Қабылдаған:Мухамбетова Б.Д
Орындаған:Бахрам Ә.Ә Дуйсенбек А.Е
Абділла Е.Е Ибодуллаев Ю.И
Тобы:СТК-330
Түркістан – 2016ж

2. Жоспар

Кіріспе…………………………………………………………………………………………3
І Әдебиетке шолу
Стоматологиялық денсаулық
Ересектер мен балалардың стоматологиялық ауруларын біріншілік алдын-алу
Өмір салты және стоматологиялық денсаулық
Тұрғындардың субъективті стоматологиялық қажеттіліктерінің деңгейлері
Стоматологиялық ауруларды біріншілік алдын-алудың шараларын өткізу
үшін жұмыс орнын ұйымдастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3.

Стоматологиялық денсаулық адам белсенділігін және
өмірінің сапасын төмендететін, жалпы денсаулық үшін
физикалық және психологиялық қауіп-қатер тудыратын бас
пен мойын аймағындағы туа пайда болған ақаулардан, жедел
және созылмалы ауырсынудан, рактан және басқа
проблемалардан бостандық деп жорамалданады. Тұрғындар
арасында негізгі стоматологиялық аурулардың жоғары
таралуын ескере отырып, стоматологиялық сау адам болып
табылады:
тістері тіс жегісімен зақымдалмаған немесе асқынбаған
тіс жегісі бойынша сапалы емделген (реставрацияланған
тістер саны орташа деңгейден аспайды);
тістесуі қалыпты немесе бірыңғайланған;
Периодонттың, ауыз қуысы кілегей қабығының және жақбет аймағы жұмсақ тіндерінің патология белгілері жоқ.

4.

Алдын-алудың мақсаты адамдағы денсаулық деңгейін сақтау
болып табылады. Бұл бастапқы деңгей қандай болуына
байланысты, алдын-алу шартты түрде үш сатыға ажыратылады:
біріншілік алдын-алу, бұзылмаған денсаулықты сақтауға
бейімділген, ол үшін патологиялық өзгерістерді тудыруға қабілетті
табиғат және әлеуметтік орта факторларының әсерін төмендету
қажет;
екіншілік алдын-алу, ауруды ерте анықтауға, ау үрдістің өршуін
және оның мүмкін асқынуларын алдын-алуға бағытталған;
үшіншілік адын-алу, аурудың ауыр түріне немесе сатысына өтуін
алдын-алуға, асқынулар мен рецидивтерді болдыртпауға, уақытша
еңбек етуге жарамсыздықты, мүгедектікті, өлімді төмендетуге
бағытталған.
Дәстүрлі медицина екіншілік және үшіншілік алдын-алуға, яғни
ауруды анықтау мен емдеуге қатысты сұрақтармен айналысты.
Ауру науқасты емдегенше аурудың пайда болуын алдын-алу жеңіл
деген пікір Гиппократ пен Авиценна заманынан бері белгілі.
Дегенмен біріншілік алдын-алудың мақсаттары мен міндеттерін
табысты жүзеге асыру тек ХІХ-ХХ ғғ. мүмкін болды.

5.

Соңғы 50 жыл ішінде бірқатар өнеркәсіпті елдерде
тұрғындардың стоматологиялық денсаулығы жақсарды, оны
коммунальды алдын-алу бағдарламаларының белсенді
өткізілуімен байланыстырады. Негізгі өзгерістері тіс жегісінің
аурушаңдығының айқын төмендеуімен байланысты.
Дегенмен әр түрлі стоматологиялық патологиямен байланысты
проблемалар планета тұрғындарының көп бөлігі үшін өзінің
өзектілігін сақтайды, әсіресе дамып келе жатқан, сонымен
қатар дамыған елдерде әлеуметтік-экономикалық статусы
жоғары емес адамдар үшін маңызды. Бұл стоматологиялық
медициналық ғылым мен тәжірибенің бағыты ретінде
біріншілік алдын-алудың дамуы мен жүзеге асуының өмірлік
қажеттілігін және жоғары мақсатқа сәйкестілігін дәлелдейді.

6.

7.

Халықаралық стоматологиялық федерация FDI мен зерттеуші-стоматологтардың
халықаралық ассоциациясы IADR ДДҰ қолдауымен 2003 ж. оральды денсаулықты
2020 жылға жақсартудың глобальды мақсаттарын қалыптастырды:
Жалпы мақсаттары:
жақ-бет аймағы мен ауыз қуысы ауруларының адамның психологиялық дамуына және
жалпы денсаулығына әсерін максимальды төмендету;
ЖБА-да жүйелі аурулардың белгілерінің бөлек адамдарға және қоғамға әсерін
максимальды төмендету және бұл көріністерді жүйелі ауруларды тиімді емдеуге,
алдын-алуға, ерте анықтауға қолдану.
Жалпы міндеттері:
ЖБА ауруларынан өлімді азайту;
ЖБА ауруларынан аурушаңдықты төмендету және сол арқылы өмір сапасын жақсарту;
3) тәжірибелік сынақты талдап қорытуға негізделген стоматологиялық көмек көрсету
жүйелеріне бағдарламалар енгізу;
4) жалпы қауіп-қатер факторларын жою негізінде стоматологиялық аурулардың алдыналуының экономикалық қолайлы тиімді жүйелерді тәжірибеге енгізу және өңдеу;
5) жалпы денсаулыққа әсер ететін басқа секторлармен стоматологиялық денсаулықтың
жетістіктерінің бағдарламаларын интегралдау;
6) жалпы денсаулықты жақсарту үшін стоматологиялық денсаулықтың
бағдарламаларын өңдеу;

8.

Ересектер мен балалардың стоматологиялық ауруларын біріншілік алдын-алуда
санитарлы ағарту мен тәрбиелеу
Денсаулық сақтаудың Дүниежүзілік ұйымының мәліметтері
бойынша адам ауруларының себептері ішінде 20%-ды
тұқымқуалаушылық факторлар, 25%-ы қоршаған орта
жағдайлары және 55%-ы - өмір салтымен байланысты
жағдайлар. Өмір салты – құндылықты бейімделуі негізінде
жасалатын адамның саналы және санасыз қимылдарының
жүйесі. Осылайша, көптеген аурулардың пайда болуының
қауіп-қатер дәрежесі адамның минут сайынғы шешіміне
байланысты - еңбекте, тұрмыста, демалыста материальды
және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудың көптеген
тәсілдері арасында оның жеке таңдауы.
Стоматологияда өмір салтының бірқатар компоненттері, ДДҰ
пікірі бойынша оральды денсаулықты сақтауға ең маңызды
болып табылады

9.

Ауыз қуысына мұқият және сауатты күтімі, тамақтану тәртібі,
дәрігерге консультативті қаралуға ынтасы, дәрігермен ұсынылған
алдын-алу шараларына белсенді қатысу – салауатты өмір
салтының белгілері, олардың қалыптасуына басқа мамандармен
бірлесе отырып стоматолог белсенді қатысады.
Өз денсаулығына қатысты адамдардың санасыз мінез-құлқы
білімсіздігімен негізделген: патологияның пайда болу
жағдайлары мен себептерін білмеуі, өз өмірінің және
балаларының өмірінің сапасына жеке жауапкершіліктің
дәрежесін түсінбеуі. Сондықтан адам денсаулығын ойлай отыра қауіп-қатер факторларын максимальды жоятын және
денсаулықтың қолайлы деңгейін қолдайтын, өзін-өзі бағалауға
және қылықты тәрбиелеуге тұрғындарға кез келген танымдық
мүмкіншіліктерді беруге негізделетін санитарлы ағартуды
ұсынуға болады.

10.

Қауіп-қатер факторы ретінде өмір салтының
компоненті
Қауіп-қатер факторымен байланысты ауыз
қуысының аурулары
Тістерді тазаламау немесе нашар тазалау Тіс жегісі
әдеті
Гингивит
Тістердің түсінің бұзылысы
Жұмсақ тіндердің патологиясы
Протездерге күтім жасамау әдеті
Жұмсақ тіндердің патологиясы
Ісіктер
Тістерді қатты щеткалармен, горизонтальды Тіс жегілік емес зақымданулар
қимылдармен, ұнтақпен шамадан тыс
тазарту әдеті
Фторидтерге талғаусыз немесе негативті
қатысы
Тәттіні және ұннан жасалған тағамды көп
қабылдау
Тәттіні жиі қабылдау
Қышқыл тағамды жиі қабылдау
Күшті ішімдіктер қолдану
Темекі тарту
Дәрігерге сирек қаралу
Қауіп-қатер
факторының
маңыздылығы
+
++
++
+
+++
++
++
Тіс жегісі
+++
Тіс жегісі
Гингивит
Тіс жегісі
Гингивит
Тіс жегілік емес зақымданулар
Тіс жегісі
Жұмсақ тіндердің патологиясы
Онкология
Тістердің түсінің бұзылысы
Жұмсақ тіндердің патологиясы
Онкология
Асқынған тіс жегісі
Жұмсақ тіндердің және периодонттың ауыр
патологиясы
Онкологиялық аурулардың кеш сатылары
++
+
+++
++
++
+
++
+
+
+
+++
+++
+++
+

11.

Тұрғындардың субъективті стоматологиялық қажеттіліктерінің деңгейлері
1-ші
Белгілері
Стоматологиялық қажеттіліктер деңгейлері
төмен
жоғары
2-ші
3-ші
ауырсыну кезінде
тістерді жұлу
тістерді жұлу және
протездеу
жұлу, протездеу,
реставрация

і
а
л
д
ы
на
л
у
бе
лс
е
н
ді
лі
гі
Әлеуметтік-экономикалық
жағдайы
Білімі
Қанағаттанарлықсыз,
қанағаттанарлық
Бастапқы, толық емес орташа, орташа
Қанағаттанарлық, жақсы
Мекен-жайы
Жынысы
Жасы
Ауыл
Ер
30 жасқа дейін, 40-50 жас, 60 жастан кейін
Орташа
техникалық,
жоғары
Қала
Әйел
30-40, 50-60 жас
Стоматологиялық
патологияның ауырлығы
Төмен
Жоғары

12.

Стоматологиялық ауруларды біріншілік алдын-алудың шараларын
өткізу үшін жұмыс орнын ұйымдастыру
Стоматологиялық ауруларды біріншілік алдын-алу әр түрлі
жағдайларды талап ететін әр түрлі әдістермен жүргізіледі.
Популяциялық алдын-алу медициналық мекеме қабырғасынан тыс
әкімшілік-техникалық деңгейде ұйымдастырылады. Топтық алдыналудың шаралары (мысалы, ауыз қуысы гигиенасының сабағы)
қарапайым мектеп ғимараттарында, клубтарда және тіпті ашық
алаңдарда жүргізуге болады. Бірқатар арнайы процедуралар (соның
ішінде инвазивті) кіретін жеке кеңестік алдын-алу медициналық
мекемелерде жүзеге асырылады. Минимальды физикалық күш кезінде
максимальды өнімділікпен және бұл кезде қабылдаудың барлық
қатысушыларына толық техникалық, химиялық және инфекциялық
қауіпсіздігі кепілімен қызметкердің жұмысын қамтамасыз ету үшін
жұмысшы орынды рациональды ұйымдастыру принциптерін қолдану
қажет, олар өз кезегінде қатаң санитарлы нормативтерге сәйкес келеді.
English     Русский Rules