Теңіз өнімдері
Теңіз өнімдері
Жоспар:
Теңіз өнімдері
Балық еті
Балық пен теңіз өнімдерінің құрамындағы құнарлы құрам бөлшектер
Салауатты тамақтануға арналған балық
Теңіз ирекшелері
Құрамы:
Кальмар еті
Суши
Қызық ақпарат
Пайдаланған әдебиеттер:
2.22M
Category: cookerycookery

Теңіз өнімдері

1. Теңіз өнімдері

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Теңіз өнімдері
ТЕКСКРГЕН:НҰРЖАНОВ Қ.С.
ОРЫНДАҒАН:БАЙҒАШ Д.Қ
ТОП:13-01-01
КУРС:2

2. Теңіз өнімдері

3. Жоспар:

Теңіз өнімдері
Балық
Теңіз өнімдерінің құрамы
Теңіз ирекшелері
Кальмар
Суши
Қызықты ақпарат

4. Теңіз өнімдері

Теңіз өнімдері деп дүниежүзілік мұхиттарда ауланатын
омыртқалы жануарларды, жеуге жарамды азықтық
өнімдердін атайды.
Теңіз өнімдеріне келесілер жатқызылады:
моллюскалар
кальмарлар
асшаяндар
теңіз шаяндары
сегізаяқтылар
лангустар (қысқышсыз шаян)
омарлар (ірі теңіз шаяны)
Бұл өнімдер испан, француз, жапон және итальян
асүйлерінде кең қолданылады.

5. Балық еті

Балық еті – дәмділігі мен бойға жұғымдылығы жағынан асып түсетін ас.
Ет тағамдарына қарағанда балық тағамдары әсіресе балық сорпасы сіңімді
болғандықтан, оны пайдаланған кезде асқазан шырыны көп бөлінеді.
Балық етінің құрамындағы белоктың көлемі 15 %- тен 26 % аралығында
болғанда, бағалы болып есептеледі. Балықтың белогінде 20 түрлі амин
қышқылы болады, оның 8 - і (лизин, метионин, триптофан, валин, лейцин,
изолейцин, треонин, фенилалин), адам организмі үшін өте қажетті зат болып
есептеледі. Балықта 0, 1 - 30 % май, 0, 9 - 2 % витаминдер мен минералдық
заттар болады. Сүтқоректі жануарлардың майына қарағанда балықтың майы
сұйық болады, өйткені оның құрамында зат алмасуына маңызды роль
атқаратын қанықпаған май қышқылдары көп болады.
Балық – өте бағалы тамақ өнімі. Балық етінде ақуыз, минералдық заттар,
майлар мен дәрумендер бар.
Балық ақуызы бойға тез сіңеді (≈ 95 - 98 %).
Майы аз жас балық пайдалы.
Балықтардың минералдық құрамы әр алуан. Теңіз балықтары йодқа бай.
Балық тез бұзылады, сондықтан оны тоңазытқышта ұстайды, тұздайды.

6.

7. Балық пен теңіз өнімдерінің құрамындағы құнарлы құрам бөлшектер

Оның құрамында, сонымен қатар, В тобының дәрумендері, фосфор, калий,
натрий бар. Теңіз балығы көптеген микроэлементтермен – мыспен,
селенмен, сонымен қатар, омега-3 тобының көпқанықтырылмаған май
қышқылдарымен (склероздың және жүректің ишемиялық ауруларының
алдын алуда қолданылады, қандағы триглицеридтердің шоғырлануын,
сонымен қатар қанның ұюын төмендетеді) қамтамасыз етеді.
Теңіз өнімдерінің құрамында ағзаның дұрыс жұмыс жасауы үшін қажетті
көптеген құрам бөлшектер бар. Олар оңай сіңірілетін ағуыздың бай көзі
болып табылады. Ол ас шаяндары мен қысқышсыз шаяндарда ең көп
кездеседі (шамамен 17%), ал бұл балықтардағыға қарағанда айтарлықтай
көп емес. Теңіз өнімдерінің құрамында май мөлшері онша көп емес (ең азы
теңіз шаяны - 0,5%, ал ең көбі омарлар - 2%), бірақ ол омега-3 тобының
құнды майы. Теңіз өнімдерінің құрамында темір, мырыш (ол устрицаларда
ең көп, сондықтан олар мықты афродизиак ретінде танымал) және мыс
сияқты минералды құрамдар, сонымен қатар PP және B12 дәрумендері бар.
Теңіз өнімдері йод пен фосфордың ең жақсы көзі болып табылады, ағзаны
кальциймен, селенмен және фтормен қамтамасыз етеді. Теңіз
шаяндарынан басқа, шаян тәрізділердің құрамында көп холестерин,
сонымен қатар, холестериннің сіңірілуін шектейтін стиролдың белгілі
мөлшері бар.

8.

9. Салауатты тамақтануға арналған балық

Балықтың ағуызы пайдаланылған жасушаларды қайта
қалпына келтіру және жаңаларын құру үшін материал
болып табылады. Сонымен қатар, гормондардың,
ферменттердің, төзімді денелердің, гемоглобиннің
өндіруіне де қатысады. Омега-3 көпқанықтырылмаған
май қышқылдары склероздың дамуының алдын ала
отырып, қанның ұюына пайдалы әсер етеді. Қанның
ұюына әсер ету және простациклинді өндіру арқылы
склероздың дамуын бәсеңдетуге көмектесетін әрекетті
селенге жатқызады. Басқа ешқандай өнімдерде жоқ
(омега-3) өзінің қоректік қасиеттері мен құрамдарының
нәтижесінде балықты ең болмаса аптасына бір рет
пайдалану керек. Балықты және теңіз өнімдерін
қолдануға қатысты толық кеңестер жерортатеңізі
тағамдық пирамидасының құрамында бар.

10.

Теңіз өнімдері кішкентай балаларға және жүкті
әйелдерге ұсынылмайды, сонымен қатар, подаградан
азап шегетіндер теңіз тәрізділер мен моллюсктерді
жемеуі қажет, өйткені олардың құрамында қандағы
зәр қышқылы деңгейінің көбеюіне әсер ететін пурин
бар. Теңіз өнімдері нәрлілігі төмен өнімдерге
жатады, сондықтан оларды артық салмақтары бар
тұлғалар, сонымен қатар жүрек - қан тамырлары
қиыншылықтары бар тұлғалар да қолдана алады.
Теңіз өнімдері, сондай-ақ, метаболикалық үрдістерге
жауап беретін қалқанша безінің гормондарын өндіру
үшін қажетті йодтың керемет көзі болып табылады.

11.

12. Теңіз ирекшелері

Теңіз ирекшелері - диеталық теңіз өнімі, ақуыз
мөлшері жоғары, калориясы аз, майы және көмірсуы
аз, бірақ ағзаға сіңімді минералдарға (йод, фосфор,
магний, железо, медь, марганец, цинк, кобальт, т.б.)
өте бай өнім. Сиыр етіне қарағанда йод құрамында
150 есе көп, бірақ бұл ет болмағандықтан, етке
қарағанда ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді.
Артықшыларына қоса бір кемшілігі де бар. Теңіз
ирекшесі аллергенді өнім. Сондықтан, аллергиясы
бар адамдарға сақ болу керек.

13.

14. Құрамы:

Теңіз өнімдерінің құрамында ағзаның жұрыс жұмыс
жасыуы үшін қажетті құрам бөлшектер бар.Олар оңай
сіңірілетін ағуыздардың бай көзі болып табылады.Ол ас
шаяндары мен қысқышсыз шаяндарда ең көп
кездеседі(17%)бірақ балықтарға қарағанда көп емес.Теңіз
өнімдерінің құрамында май мөлшері көп емес, бірақ ол
омега 3 майының құнды майы болып саналады.Теңіз
німдерінің құрамында темір, мырыш және мыс сияқты
минералды құрамдар, сонымен қатар РР және Р12
дәрумендері бар.Теңіз өнімдері йод пен фосфордың ең
жақсы көзі болып табылады, ағзаны кальциймен,
селенмен, фтормен қамтамасыз етеді.Теңіз өнімдерінің
құрамында адам организіміне өте қажетті:белоктар 22%,
минералдық заттар, дәрумендер РР, В, С, Д, майлар,
гликоген, ферменттер, микроэлементтер бар.

15. Кальмар еті

Кальмар еті жұғымды, нәрлі болып келеді. Кальмарларды
консервілейді, сондай-ақ терісі мен тұмсығын және
сүйегінен арылтқаннан кейін пайдалануға дайын болатын
жартылай фабрикаттар шығарады. Кальмардың етін
пайдалану алдында салқын суға салып жібітіп, сыртқы
қабыршағын аршиды. Кальмарды тұзды суға салып, баяу
жанған отқа қойып, 3—5 минут қайнатады (1 кг кальмарға
2 л су және 15 г тұз керек). Ет ыстық суда неғұрлым көп
жатса, ол солғұрлым қатты болады. Қайнап піскен
кальмар ды сорпасынан алмай салқындату керек.
Кальмардың етін салатқа және винегретке қосады,
сондай-ақ оны көкөніспен қосып бұқтырады (5—10
минут), ал консерв іл енг ен кальмар ды бірден
пайдалануға болады

16.

17. Суши

Қазірде суши атты жапондық тағам кең танымалдыққа ие бола бастады.
Экзотикалық тағамға негізделген диета ұстанушы қатарлары да көбейді. Себебі
суши - дәмді, пайдалы, зиянды құрамдас бөліктері жоқ, калориясы төмен тағам
түрі.
Диетолог мамандардың айтуы бойынша, суши пайдалы ғана емес, сонымен
қатар үйлестірілген тағам түріне жатады. Яғни оның құрамында ағзаға пайдалы
дәрумендер мен минералдар топтамасы бар. Сушиды шикі балықтан
әзірлеп, ішіндегі пайдалы заттарын жоғалтпайды.
Тойымды сушидың құрамында калорий мөлшері өте аз болады. Бір суши
құрамында (50 г) 62-90 калория бар болады. Мысалға, шоколадтың бір
тілімінде (10 г) 78 калория бар екен. Әрине шоколадпен салыстырғанда, суши
құрамында 5 есе көп денсаулыққа пайдалы дәрумендер мен минералдар бар.
Суши ұлттық дастарханында кездесетін жапондықтардың өмір жасы ер
кісілерде - 79, әйелдерде - 86 жыл. Осыған қарағанда ұзақ жасаудың бір себебі
дұрыс тамақтану болар. Жапондықтар тек суши емес, теңіз өнімдері, балық
пен күріштен әзірленген басқа да тағамдарды сүйсініп жейді.

18.

Ғалымдардың айтуынша, сушиді сүйіп жейтін адамдардың ми жұмысы
жақсы болып, асқорыту жүйесі мен жалпы иммунитеттері мықты
болады.
Ал соңғы жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, суши стрестерге
төтеп бере алады екен. Статистика бойынша, кішкентайынан теңіз
өнімдерін жейтін жапондықтар басқаларға қарағанда 3 есе кем
депрессияға шалдығады-мыс.
Теңіз өнімдері қатерлі ісіктің алдын алып, жүрек ауруларынан
сақтайды. Сондай-ақ диета атаулысын білмейтін жапондық қыздар
қашанда артық салмақтан қиналған емес.
Еш температуралық өңдеуден өтпейтін теңіз өнімдері құрамында
пайдалы тұздар, аминқышқылдар, дәрумендер мен
минералдар сақталады. Құрамында сондай-ақ А, В тобының
дәрумендері, магний, калий, кальций болады.
Суши диетасын ұстанған адам аштық жариялауды қажет етпейді.
Диеталардың көпшілігі ұсынатын сізге ұнамайтын, дәмсіз тағамдарды
жеуді қажет етпейді.
Теңіз өнімдерінен жасалынған тағамдарды рационыңызға тұрақты қонақ
қылсаңыз, артық салмақ тастап, денсаулығыңызды жақсарта аласыз.

19.

20. Қызық ақпарат

Жаңа ұсталған балық 1-2 күн ішінде тағам дайындау
үшін жарамды және тоңазытқыштың ең төменгі
сөресінде сақталынуы қажет. Бөлу мен тазартудан
кейін дайын сүбені немесе теңіз өнімін мұздатқышта
6-8 ай бойы сақтауға болады. Ысталған балықты
өзіне тән ерекше иістің басқа өнімдерге сінбеуі үшін
жабық контейнерде 5-6oC температурада ұстаңыз.
Балық консервілерін ашқаннан кейін, оларды
банкілерден алып жабық сыйымдылыққа ауыстырып
салған кезде ғана 2-3 күн ішінде сақтауға болады.

21. Пайдаланған әдебиеттер:

Opera Mini
Google.ru
Салауатты тамақтану
English     Русский Rules