С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
2.25M
Category: medicinemedicine

Туберкулез кезіндегі шаралар стандарттары мен алгоритмдері

1. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Туберкулез кезіндегі шаралар
стандарттары мен алгоритмдері
Орындаған: Жүсіпәлі А. А
Қабылдаған: Темірбаева Л.Ж
Факультет:ҚДС
Курс:4

2.

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
*Туберкулез жұқпалылығы
* Туберкулезді диагностикалау
алгоритмі
* Емдеу стандарттары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Туберкулез-қоздырғышы негізінен аэрогенді механизіммен
берілетін антропоноздық және зооноздық бактериялық
жұқпалы ауру , басым қайталау түрінде өтетін , көбінесе
өкпенің зақымдалуымен , организмнің улануымен ,әртүрлі
ағзалар мен тіндерде спецификалық гранулемалар
құрылуымен, полиморфты клиникалық көріністерімен ,
сонымен қатар әлемде тегіс таралуымен өтетін аса маңызды
ауру ретінде сипатталады . Туберкулезді әлеуметтік аурулар
қатарына жатқызады, өйткені ол үй- тұрмыстық жағдайлары
нашар, көп балалы отбасындағы балаларда, жалпы
экономикасы төмен, нашар дамыған елдерде жиі кездеседі.
Кейінгі жылдардағы еліміздегі экономикалық дағдарыстармен
байланысты туберкулез ауруы «күшіне еніп отыр».

4.

Жұқпалылығы
Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен
микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен
ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары
арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек
жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін
шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге
туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның
толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын
науқастанып,дұрыс қоректенбегенде санитарлық-гигиеналық
жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт
бойы араласқанда ауырады.Туберкулез көбінесе үш жасқа
дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы
иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде
жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен
тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың,
әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен
ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану
ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырады.

5.

Туберкулез қоздырғышы.
1882ж Р.Кох туберкулез қоздырғышын ашқан. Туберкулез ауруы көп
таралған. ДБҰ болжамы бойынша алдынғы 10 жылдарында туберкулезбен
90 млн жұқтырады, 30 млн адам өледі. Қазақстан туберкулез ауруы таралуы
бойынша, барлық ТМД елдерінің ішінде бірінші орында.
Микобактериялар систематикасы.
· Тұқымдасы- Mycobacteriaseae
· Түысы – Mycobacterium
· Түрлері – M.tuberculosis, M. bovis, M. africanum, M. avium, M. leprae.
· Туберкулез – созылмалы қалғымалы инфекция. Туберкулездің біріншілік
және екіншілік түрлері болады.
Таралу жолдары. Таяқшалар ауа-сілекей, шаң-тозаң,тамақ және плацента
арқылы тарайды.
Аурудың көзі – ауру адам және ауру мал. Микобактериялардың организмге
ену жолдары: жоғарғы тыныс жолдарының және ас қорыту ағзаларының
шырышты қабаты арқылы, өте сирек жағдайларда ауру анасынан
құрсақтағы балаға плацента арқылы өтеді.

6.

Туберкулездің
микробиологиялық диагноз
қою тәсілдері.
Зерттеу заттары: қақырық, зәр,
нәжіс, қан, сарсу т.б.
Зерттеу тәсілдері:
· микроскопиялық (қарапайым,
люминисценттік)
· микробиологиялық (таза дақыл
бөліп алу)
· биологиялық серологиялық
(сирек қолданылады)
· аллергологиялық ( Манту,
Пирке сынақтары)
Экспресс (шұғыл) диагностика —
ИФР (РИФ).ПТР (ПЦР)

7.

Туберкулезді алдын-алу негізгі үш түрі бар
Спецификалық алдын-алу
Санитарлық алдын-алу
Химилықпрофилактика
Туберкулезді санитарлық алдын алу — туберкулез
инфекциясының ошағындағы туберкулезге қарсы эпидемиялық
алдын алу шаралары.
Туберкулез инфекциясының ошағы деп – бактерия бөлушінің
тұратын жері (жекеменшік үйі, пәтері, жатақханадағы бөлмесі),
оқу, жұмыс істеу, демалу орындарын санау керек. Туберкулез
инфекциясының ошақтарын үш эпидемиологиялық топқа бөледі.
Ауру ошағын қайсы бір топқа жатқызудың негізгі болып
төмендеген критерийлер саналады: бактерия бөлудің
қарқындылығы, ауру ошағында балалардың, жасөспірімдердің,
жүкті әйелдің, маскүнемнің және нашақордың болуы, тұрмыстық
– үй жағдайы және санитарлық – гигиеналық және індетке
қарсы жүргізетін ережелердің сақталмауы, сол сияқты ауру мен
оның отбасы мүшелерінің әлуметтік тұрмыс деңгейінің жағдайы.

8.

Ошақта жүргiзiлетiн шаралар:
Кезектi дезинфекция; балаларды оқшаулау, оның iшiнде жаңа
туылған нәрестелердi;
қатынаста болғандарды тексеру;
науқасты, жанұя мүшелерiн жеке бастың тазалығына үйрету;
тұрмыстағы санитарлы – гигиеналық жағдайды жақсарту;
емханалық негiздегi науқастың емiн және қатынаста болғандарды
(бала бақшада, балаларға арналған сауықтыру ұйымдарында,
мектептерде) алдына алуды бақылау.Ошақты сауықтыру жұмысы
аймақтық фтизиатр дәрiгердiң бақылауымен медициналық медбике
жүргiзуi керек.Қатынаста болғандар әрдайым ТҚМ тексерулерi
қажет. Медбике жанұялық және өзгеде қатынаста болғандарды
тексеру керек, бiрiншi кезекте балалар мен жасөспiрiмдердi және
жүктi әйелдердi, сонымен қатар мал шаруашылығндаға
туберкулезбен ауырған жануарлармен қатынаста болған жандарды
тексередi.Жаңа туылған нәресетенi БЦЖ вакцинациясынан кейiн
босануға көмектесетiн қйымдарда бактерия бөлетiн науқастардан
иммундық қорғанысы қалыптасқанға дейiн 2 ай бойы оқшаулайды.
Бұл жағдай науқастың ауруханаға жатуымен немесе нәрестенiң
уақытша ошақта болмауымен жүзеге асады.

9.

Емдеу
Емдеу – туберкулезға қарсы антибиотиктерді қолданады. Алдын алу
– БЦЖ вакцинасы –тірі әлсіреген бактериялардын турады.
Туберкулез кезінде стерилды емес иммунитет пайда болады, яғни
қоздырғыш ағзада болғанда ғана тузеледі.
Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге
келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің
терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті
дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу
өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез
мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс
орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың
бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті
дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті
қамтамасыз етілген.

10.

ДОТС жоспарымен емдеу. Туберкулезді ДОТС жоспарына сәйкес емдеудің
негізгі принципі – тікелей бақылаулы, қысқа мерзімнің ішінде қарқынды,
белсенді ем жүргізу болып табылады. Микобактериялардың сыртқа бөлінуі
тоқтағанша арнайы туберкулез диспансерінде, одан кейін бактериялар толық
жойылғанша амбулаториялық жағдайда ем жалғастырылады. Ем жүргізу
үшін жоғарыда аталған негізгі 5 препарат қолданылады:H-изониазид, Rрифампицин, Z- пиразинамид, S- стрептомицин, E- этамбутол.
Туберкулезді емдейтін дәрілердің жанама әсері
Туберкулез ауруы алғаш анықталған науқастардың 5-10 % да дәрінің
мынандай жанама әсерлері байқалады: тәбеттің төмендеуі, жүректің айнауы,
құсу, дененің қышуы, іштің ауруы, терінің және көз шарасының сарғаюы,
буындардың ауруы, көздің көруінің төмендеуі.Негізінде жоғарыда айтылған
дәрінің жанама әсерлерің емді тоқтатпай-ақ қайтаруға болады.

11.

Қорытынды
Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі – науқас адамнан түскен
микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен Туберкулезбен
ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не
кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда –
Туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін
шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге Туберкулез таяқшасының енуі
ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз.
Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын
адамдардың, балалары ауру болып тумайды.
Жалпы жұқпалы аурулардың қоздырғышы- микробтардан табылуы
Голландия ғалымы Левингуктың үлкейтіп көрсететін шыны
линзасының жарыққа шығыуымен байланысты. Тұнғыш қарапайым
микроскопты құрастырған және бірінші болып құжынаған
микроптарды көрген де осы Анатолий Левинчук еді.

12.

Қолданылған әдебиеттер тізімі :
*Жұқпалы аурулар оқиғаларының
стандарттары анықтамалары және
іс – шаралар алгоритмдері 1-том
С.Әміреев ,Н.Жайықбаев,
Т.А.Муминов
* Интернет желісі

13.

Назарларыңызға
рахмет !
English     Русский Rules