Туберкулез профилактикасы
Жоспар
Туберкулез профилактикасының түрлері
Санитарлы профилактика
Қауіп-қатерлі факторлар ұғымдарының қысқаша анықтамасы
Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргiзiлетiн эпидемиологияға қарсы алғашқы шаралар
Ошақты тексергеннен кейiн оны сауықтырудың жобасы құрылады.
Ошақта жүргiзiлетiн шаралар:
Туберкулезді санитарлық алдын алу
Бактерия бөлу қарқындылығы былайша бағаланады
Туберкулезді алдын алу. БЦЖ вакцинациясы
БЦЖ вакинасынан кейін болатын асқыну түрлері:
Туберкулезді химиялық алдын алу
Химиопрофилактикалық ем ДИСКИНТЕСТ реакциясы оң болған балаларда шоғырланған туберкулез анықталмаған келесі жағдайларда
Қарсы көрсеткіштер
Қорытынды:
Дереккөздер тізімдемесі
14.99M
Category: medicinemedicine

Туберкулез профилактикасы

1. Туберкулез профилактикасы

Орындаған: Курманов К.Ф.
612 ВОП
Тексерген: Агзамова Р.А.

2. Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Социальді профилактика
Санитарлы профилактика
Вакцинопрофилактика
Химиопрофилактика
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Кіріспе
Туберкулез профилактикасының басты мақсаты – бұл сау
адамның туберкулезді жұқтырудың алдын алу, яғни жұқтыру қаупін
минимумға келтіретін жағдайларды жасау болып табылады. Бірінші
рет ауырған науқастардың ішінде 50 % —алкоголизммен және
нашақорлар; 20 % - түрмеде отыратындар; әлеуметтік жағдайы
нашарлар — 10 %. Осы контингентте туберкулездің асқынуы кезінде
анықталады. Профилактика мақсатында түрлі әдіс қолданылады.

4. Туберкулез профилактикасының түрлері


Арнайы
Иммунды
Химия
Вакцина
Санитарл
ық
Арнайы емес
Әлеуметт
ік
Санитарл
ық ағарту

5. Санитарлы профилактика

1. Туберкулезді
2.
3.
4.
инфекция
ошақтарын
сауықтыру;
Санитарлы және ветеринарлы қадағалау;
Санитарлы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Туберкулезбен ауыратын адамдарды ерте
анықтау, және емдеу.

6.

Эпидемиялық ошақ — бұл инфекция көзі орналасқан орын
және оның маңайындағы аумақ. Осы шектелген аумақта
нақты жағдайда науқас адамнан сау адамға қоздырғыш
берілуі мүмкін. Эпидемиялық ошақ эпидемиялық
процестің бір бөлшегі болып келеді және де эпидемиялық
процестің таралуын бөгейтін орта болып
табылады.Эпидемиялық ошақ жанұялық,өндірістік немесе
мекемелік болуы мүмкін. Инфекциялық ауру бір адамнан
екінші адамға жұғып отырса, инфекция айлап, жылдап
жалғасын тауып отырады, таралу жолын таппаса тоқтап
қалады.

7. Қауіп-қатерлі факторлар ұғымдарының қысқаша анықтамасы

• Қауіп –қатерлі аумақ: қоздырғыштың вирулентті түрінің қалыптасуынан және
оның таралуын қамтамасыз ететін факторлардың әсерінен болған
сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіші бар аумақ.
• Қауіп қатерлі әлеуметтік әртүрлі жастағы топтар: қоздырғыштың эпидемиялық
түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен болған
сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіші
• Қауіп қатерлі ұжым: қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу
факторларының әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіштері
бар нақты ұжымдар (балабақша, мектеп, жатақхана)
• Қауіп-қатерлі уақыт: эпидемиялық түрге байланысты қоздырғыштың таралу
факторларымен анықталатын сырқаттанушылықтың жағдай жасайтын факторлар:

8. Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргiзiлетiн эпидемиологияға қарсы алғашқы шаралар

• Ошақтағы шаралар үшке бөлiнедi
алғашқы, кезектi және қорытынды.
• Алғашқы шараға науқасты оқшаулау
және кезектi дезинфекцияны жүргiзу мен
бақылау және туберкулез науқастарын
туберкулезге қарсы мекемелерге есепке
алып, тексеру жатады.

9.

• Бактерия бөлушi науқасты есепке алғаннан кейiнгi алғашқы үш күн
iшiнде ошақта алғашқа эпидемиологиялық дезинфекция жүргiзiп,
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлiгiнiң 2011 17
маусымдағы №404 бұйрығына сәйкес, эпидемиологиялық тексерудiң
картасы (330-е) толтырылады. Ошақты алғаш аралағанда науқасты және
оның жанұя мүшелерiнiң жеке күәлiктерiнiң мәлiметтерiн анықтау өте
маңызды. Науқас әр түрлi жерлерде тұратын болса немесе тiркелген
болса, кезектi жүргiзiлетiн шаралардың мәселелерi толығымен мекен –
жайларды аралағаннан кейiн ғана шешiледi. АМСК жүйесiнiң
қызметкерлерi ошақты тексергеннен кейiн, науқастың жанұя
мүшелерiнiң тазалық, әлеуметтiк және басқада өмiр жағдайларын ескере
отырып, сауықтыру жобасы құрады.

10. Ошақты тексергеннен кейiн оны сауықтырудың жобасы құрылады.

• Ошақты сауықтыру жобасына кiретiндер: науқасты
оқшаулап емдеу;
• балалар мен жасөспiрiмдерге нұсқау бойынша алдына
алулар жүргiзу;
• науқасты, жанұя мүшелерiн жеке бастың тазалығына
үйрету;
• қатынаста болған жандарды тексеру; ересеек қатынаста
болғандар мен науқасарға эпидемиологияға қарсы
ережелердi үйрету және алдынғы кезекте кезектi
дезинфекция шараларын үйрету.

11.

• Науқасқа «Туберкулезге қарсы мекеменiң диспансерлiк
аймағының картасы» – ТБ 16 формасы атты медициналық
карта толтырылады. Туберкулез жұқпалы ауруының ошағы
жөнiндегi мәлiметтер мен сауықтыру жобасы және
туберкулезге қарсы ұйымдармен жүргiзiлетiн шаралардың
мәлiметтерiн дәрiгер аймақтық медбикенiң картасына (№93
формасы) тiркеуi қажет. Туберкулезге қарсы ұйымдар немесе
бөлмелер жоқ ауылдық жерлерде, туберкулез ошақтарындағы
жұмыстарды АМСК жүйесiнiң дәрiгерлерi жүргiзедi. АМСК
жүйелерiндегi кеңес беру жұмыстарын облыстық және
аудандық ТҚМ фтизиатрлары жүргiзедi. Ошақтағы кезектi
дезинфекция туберкулездiң бактерия бөлушi науқасын үйде
анықтаған жағдайда жүргiзiледi. Бұл шаралар санитарлы
эпидемиологиялық жүйенi жобалау мен емдеу, мал дәрiгерлiк
негiзде жүргiзiледi

12. Ошақта жүргiзiлетiн шаралар:


кезектi дезинфекция;
Ошақты сауықтыру жұмысы аймақтық фтизиатр дәрiгердiң
бақылауымен медициналық медбике жүргiзуi керек.
балаларды оқшаулау, оның iшiнде жаңа туылған нәрестелердi;
қатынаста болғандарды тексеру;
науқасты, жанұя мүшелерiн жеке бастың тазалығына үйрету;
тұрмыстағы санитарлы – гигиеналық жағдайды жақсарту;
емханалық негiздегi науқастың емiн және қатынаста болғандарды
(бала бақшада, балаларға арналған сауықтыру ұйымдарында,
мектептерде) алдына алуды бақылау.

13.

• Қатынаста болғандар әрдайым ТҚМ тексерулерi қажет.
Медбике жанұялық және өзгеде қатынаста болғандарды
тексеру керек, бiрiншi кезекте балалар мен
жасөспiрiмдердi және жүктi әйелдердi, сонымен қатар
мал шаруашылығндаға туберкулезбен ауырған
жануарлармен қатынаста болған жандарды тексередi.
Жаңа туылған нәресетенi БЦЖ вакцинациясынан кейiн
босануға көмектесетiн ұйымдарда бактерия бөлетiн
науқастардан иммундық қорғанысы қалыптасқанға дейiн
2 ай бойы оқшаулайды. Бұл жағдай науқастың ауруханаға
жатуымен немесе нәрестенiң уақытша ошақта
болмауымен (нәрестелер бөлiмшесi мен балаларүйiнде)
жүзеге асады. Туберкулез ошағындағы қорытынды
шараға науқастың эпидемиологиялық есептен шығарылу
жатады. Медициналық қызметкерлер ошақтарды
аралағанда, эпидемиологияға қарсы ережелердi (бет
перде тағу, медициналық халат киiу және жеке бастың
тазалығын сақтау) сақтаулары қажет.

14. Туберкулезді санитарлық алдын алу

• Туберкулезді санитарлық алдын алу — туберкулез инфекциясының
ошағындағы туберкулезге қарсы эпидемиялық алдын алу шаралары.
Туберкулез инфекциясының ошағы деп – бактерия бөлушінің
тұратын жері (жекеменшік үйі, пәтері, жатақханадағы бөлмесі), оқу,
жұмыс істеу, демалу орындарын санау керек. Туберкулез
инфекциясының ошақтарын үш эпидемиологиялық топқа бөледі.
Ауру ошағын қайсы бір топқа жатқызудың негізгі болып
төмендеген критерийлер саналады: бактерия бөлудің
қарқындылығы, ауру ошағында балалардың, жасөспірімдердің,
жүкті әйелдің, маскүнемнің және нашақордың болуы, тұрмыстық –
үй жағдайы және санитарлық – гигиеналық және індетке қарсы
жүргізетін ережелердің сақталмауы, сол сияқты ауру мен оның
отбасы мүшелерінің әлуметтік тұрмыс деңгейінің жағдайы.

15. Бактерия бөлу қарқындылығы былайша бағаланады

• орташа бактерия бөлу ҚТБ+1 нақты сандық көрсетiлiмi;
• көп бактерия бөлу (+2 ден +3 ке дейiн).
• Ошақтық бiрiншi эпидемиологиялық тобына жататындар: көп бактерия
бөлетiн науқастардың ошағы; орташа бактерия бөлушi балалар мен
жасөспiрiмдерi бар науқастар, жүктi әйелдер, маскүнемдер мен нашақорлар;
санитарлы – гигиеналық жағдайлары жоқ және төменгi деңгейде өмiр сүретiн
ошақтар.
• Екiншi топқа анда-санда бактерия бөлетiн науқастар тұратын жерлер жатады,
бiрақ аталған ошаққа осы ереженiң 5 тармағындағы 2), 3) бөлiктерiндегi
факторлар болмаған жағдайда.
Үшiншi топқа жататында: бактерия бөлу тоқтағаннан жерлер, бактерия
бөлушiнiң тұрғылықты жерiн өзгертуi немесе қайтыс болуы (оның iшiнде
диспансерге белгiсiз науқастар); туберкулезбен ауыратын
малшаруашылығының жануарлары анықталған туберкулез ошақтары.

16.

• Үшiншi топтағы қатынаста болған туберкулез ошақтарының
жандары бiр жыл бойы бақыланады.
• Эпидемиологиялық ошақтың бiрiншi тобына жататын жандар
туберкулезге қарсы және санитарлы – эпидемиологиялық
қызметтердiң мамандарына тоқсан сайын барып қаралуы керек.
Эпидемиологиялық ошақтың екiншi тобына жататын жандар
туберкулезге қарсы және санитарлы – эпидемиологиялық
қызметтердiң мамандарына жарты жылда бiр рет барып қаралуы
керек.
• Эпидемиологиялық ошақтың үшiншi тобына жататын жандар
туберкулезге қарсы және санитарлы – эпидемиологиялық
қызметтердiң мамандарына жылына бiр рет барып қаралуы керек
• . Ошақта жағдай өзгерiп, қауiп төнген болса туберкулез жұқпалы
ауруының ошағы эпидемиологиялық бiр топтан бiр топқа
эпидемиолог дәрiгердiң және аймақтық фтизиатр дәрiгердiң шешiмi
мен ауыстырылады.
• СЭС -да есепте тұратын туберкулездiң бактерия бөлушi
науқастардың есебi туберкулезге қарсы мекемелердiң санитарлы –
эпидемиологиялық қызметiнiң мамандарымен ай сайын тексерiледi.

17. Туберкулезді алдын алу. БЦЖ вакцинациясы

• Адамдардың туберкулез ауруынан сақтанудың
көп жолдарының бірі –бұл туберкулезге қарсы
қолданылатын БЦЖ вакцинасымен балаларды,
жасөспірімдерді және үлкен адамдарды егу.
БЦЖ –бұл 1921 жылы Кальметт пен Герен неміс
ғалымдары ашқан вакцина.

18.

• Вакцина –жұқпалы ауруларды алдын ала сақтау үшін егілетін әлсіз
микроб. БЦЖ вакцинасы –бұл өт қосылған ортада өсірілетін
туберкулез құртының ірі қара малда кездесетін әлсіз, бірақ, тірі
түрінен дайындалған микроб дәрі. Бұл дәріні адамның денесіне
инемен сол жақ иықтың жоғары жағына, терінің ішіне 0,1 мл
көлемде жібереді. БЦЖ дәрісі егілгеннен кейін сол адамның
денесінде туберкулезге деген сезімталдылықпен бірге, туберкулез
микобактериясына қарса тұра алатын зат –антиденелер түзіле
бастайды. Себебі егілген жерден денеге туберкулез бактериясы өсіп
өне бастайды. Мұндай адам денесінде өзгеріс 6-8 жұмадан кейін
аяқталады. Іс жүзінде бұл өзгеріс былай болады: БЦЖ дәрісі егілген
жерде алдымен тері қызарады, содан кейін ісік пайда болады, онан
әрі әлгі ісік күлдіреп ісиді және жарылады. Ал жазылған соң орнына
тыртық қалады. БЦЖ вакцинасы туберкулезден адамды толық
сақтай алмайды, сондықтан туберкулез иммунитеті тұрақсыз,
уақытша және таза емес болады. Таза емес дегеніміз, біз оны сау
адам денесіне әлсіреген, тірі туберкулез бактериясын егу жасаймыз.
Егер де БЦЖ вакцинасы егілсе, ағзаны иммунизациялау 96-97% ке
дейін көтеріледі. Асқыну жағдайлары өте сирек кездеседі.

19.


БЦЖ вакцинасының біздің елімізде екі түрі қолданылады.
Олар:
БЦЖ вакцинасы –бұл дәрінің 0,1 мл ертіндісіне 0,05 мг құрғақ вакцина бар;
БЦЖ-М вакцинасы –бұл дәрінің 0,1 мл ерітіндісінде 0,025 мг құрғақ вакцина
бар;
• Жаңа туған балаларда БЦЖ вакцинасын егу жұмысын дәрігер немесе арнайы
дайындықтан өткен медбике жүргізеді. Үйде туған балалар БЦЖ
вакцинасымен егу жұмысын дәрігер немесе арнайы білімі бар медбике
поликлиникада жүргізеді. Дәрігер фтизиятрлар оларды қадағалап отырады.
Балалар мен жасөспірімдерде 2 ТБ Манту реакциясымен туберкулезге
тексеру оларды туберкулезе қарса қайтара егумен қатар жүргізілуі керек.
• Туберкулезге тексеру және оған қарсы егу жұмыстарын төменде көрсетілген
құжаттарға тіркеп отырады
. Олар: №63-у форматында –профилактикалық егу картасы;
№ 112-у формасында –балалар өсу тарихы;
№ 026-у формасында –балалар медициналық картасы;
Егер наресте өкпе тіберкулезі бар бактерия бөлуші анадан туса
химиопрофилактикалық ес 6 ай бойы жүргізіледі де, кейін 2 ТБ Манту
сынамасы теріс нәтижелі болса БЦЖ вакцинациясы жасалады.

20.

• Мектеп жасына толмаған балаларда 2 ТБ Манту реакциясы
поликлиникада егу кабинетінде жүргізіледі, мектеп жасындағы балалар
мектепте егіледі. Оқушыларды қайта егуді арнайы дайындықтан өткен
медбике дәрігердің басқаруымен және бақылауымен жүргізеді.
Туберкулезге қарсы егілген балалар мен жасөспірімдр әрбір 1, 2, 10, 12
ай сайын дәрігер немесе медбике қарап отырады және БЦЖ вакцинасы
егілген жердегі өзгерістер №063, 112, 026-У учеттық формаларға жазып
отырады. Бұл формаларда қалған тыртық көлемі көрсетіледі. Жаңа туған
балалардың барлығын туберкулезге қарсы егу қажет. Олардың ортасында
егуге жарамайтыны орта есеппен 0,5% аспайтын, ал уақытша егуге
жарамайтын 4-5% аспауы керек. Бірнеше ай өткен соң бұл балаларды
егуге болады, бірақ егу алдында Манту 2ТБ реакциясы қойылады.
Ревакцинация жоспары былтырғы Манту 2ТБ реакциясына
сезімталдылық көрсетпеген балалардың саны есебімен жасалады. Манту
2ТБ реациясы арқылы ревакцинаяға балалар мен жасөспірімдерді таңдап
алу соңғы жылдары өте қиындап кетті, себебі кейде бұл реакцияға
сезімталдылық көрсету туберкулез ауруы емес БЦЖ вакцинасын алғанға
байланысты. Осындай реакцияны ауруға байланысты пайда болатынын
ажырату өте қиын.

21.

• Сонымен вакциналық аллергия туберкулезге қарсы
екеннен кейін көбінесе 1 жылдан кейін пайда болады
және Манту 2ТБ реакциясының ісігінің көлемі 12 мм –
ден аспайды. Еккенен кейін 2-3 жыл немесе 3-4 жыл
өткен соң бұл ісіктің көлемі 5 мм ге дейін азаяды, тіпті
кейде мүлдем жоғалады. Ал егер Манту 2 ТБ реакциясы
адамның денесіне туберкулез бактериясының қоршаған
ортадан түскеніне байланысты болса, яғни басқаша
айтқанда инфекциялық аллергия болса, онда адам
білегіндегі ісік клемі көбінесе 12 мм ден үлкен болады
және жылдан жылға оның көлемі кем дегенде 6 мм өсіп
отырады. Бұл ісік басылып, жазылғаннан кейінде өз
орнына із қалдырады. Егерде вакциналық аллергия мен
инфекциялық аллергияны ажырату өте қиын болса,
мұндай балалар мен жасөспірімдер туберкулез
диспансеріне 0 группасына тіркеліп, есепке алынады.
Мұндай адамдарға 6 айдан кейін Манту 2 ТБ қайта
қойылады, егерде осы қайталағанда ісік көлемі бұрынғы
қалпында болса, немесе оның көлемі үлкейсе, онда бұл
реакция инфекциялық аллергия болып саналады.
Балалар туберкулезге қарсы бірінші рет туғаннан кейін
4 күн өткен соң егіледі. БЦЖ вакцинасымен
туберкулезге қарсы қайтара егу мына төмендегі
көрсетілген жастарға жүргізіледі.

22.

Жаңа туған нәрестелердің арасында уақытша егуге болмайтын мыналар:
• Егер нәресте салмағы 2 кг аз болса;
•Туа біткен сары ауру;
•Туғанда жас нәрестенің басынан алған жарақат;
•Нәрестелердің ыстығы (температурасы) көтерілсе;
•Нәрестеде кездесетін терінің іріңді аурулары;
Ревакцинация егер Манту 2ТБ реакциясы теріс болса ғана жүргізіледі. Келесі балаларға ревакцинация
жүргізуге болмайды:
•Егер ТМБ жұққан немесе бұрын туберкулезбен ауырған болса;
•Егер Манту 2ТБ реакциясы бірінші рет болса (сезімталдылық көрсетпесе) –туберкулинді вираж;
•Егер Манту 2 ТБ реакциясы ұдайы оң болса (сезімталдылық көрсетсе);
• Егер бұрын БЦЖ вакцинасын екеннен кейін әртүрлі асқыну реакциялары болған болса;
•АИТВ инфекциясы, қатерлі ісіктер
•Жедел жұқпалы және жұқпалы емес аурулар, созылмалы аурулардың өршу кезені, аллергиялық аурулар.
• Уақытша мына адамдарды егуге болмайды:
•Егер басынан жараланса;
•Егер адам операция жасатқан болса;
• Егер адам гормондармен емделген болса;

23.

• Егілгенен кейін балаларды дәрігер мен медбике
бақылап отырады. Әрбір қараған сайын 63
формаға БЦЖ егілген жерде мынандай
өзгерістер болуы мүмкін: жай ісік, күлдіреген
ісік, сары қотырланған жара және тыртық. Осы
өзгерістердің бәрі 63 формаға ғана емес
балалардың өсу тарихы 112 формаға жазылады.

24. БЦЖ вакинасынан кейін болатын асқыну түрлері:

• Тері астының іріңдеуі;
• Тері үстіндегі жараның көлемі 10 мм және одан да үлкен;
• БЦ вакинасы егілген жақтан қолтық астындағы бездің 15 мм көлемдегі және
тері тыртығынан өсетін қатты ісік -10 мм көлемінде, кейде одан да үлкен.
• Жалпылай емдеу ауруханалары балалар мен жасөспірімдерге арналған,
туберкулезге қарсы мана төменде көрсетілген жұмыстарды жүргізеді:
• Балалар мен жасөспірімдер арасында кездесетін туберкулез ауруының
алғашқы белгілерін және түрлерін анықтау;
• Туберкулез ауруына қарсы БЦЖ вакинасымен егу жұмыстарын жүргізу;
• Мектепте және балалар бақшасында еңбек ететін медбикелер сол
мекемелердегі туберкулез диспансерінде тізімде тұратын балаларға фтизиатр
тағайындаған дәрілерде бақылап ішкізеді.

25.

26.

27.

28.

29.

30.

31.

32.

33.

34.

35. Туберкулезді химиялық алдын алу

• Бұл жекелеген профилактика. Әдіс туберкулезге
қарсы дәрілерді туберкулез ауруын алдын алу
мақсатында жүргізіледі. Химиялық
профилактика үшін негізінен изониазид
қолданылады. Изониазидтің жоғары
бактериостатикалық әсері бар, адам ағзалары
мен тіндеріне жақсы енеді және улы әсері аз.

36.

• Химиялық алдына алу қауiп — қатер тобының
жандарына сонымен қатар, толық тексерiстен соң
тоқтатылған туберкулез үрдiсi анықталған шипа –
жайлық немесе ұйымдастырылған топтық жағдайдағы
АИВ жұқтырған балалар мен жасөспiрiмдерге мiндеттi
түрде медициналық қызметкердiң бақылауымен
тағайындалады.
• Химиялық алдына алуда негiзгi дәрi – изониазид (Н).
Тәулiктiк Н мөлшерi бiр iшкенге, күнде, 10 мг/кг масса
есебiнде, мiндеттi түрде толық тағайындалған курс
аяқталғанша медициналық қызметкердiң бақылауымен.
• Химипрофилактика 1 рет қана жүргізіледі. Ұзақтығы 6
ай. Изониозидпен бірге құрамында В тобы дәрумендері
бар поливитаминдер тағайындалады. (пиридоксин
тәулігіне 25 мг)

37. Химиопрофилактикалық ем ДИСКИНТЕСТ реакциясы оң болған балаларда шоғырланған туберкулез анықталмаған келесі жағдайларда

жүргізіледі.
1.
Туберкулез микобактериясы алғашқы рет анықталған диагнозы қойылған
балаларға
2.
Бактерия бөлуші/бөлмейтін науқастармен қарым-қатынаста болған инфекция
ошақтарындағы, соның ішінде ТҚҰ бұрын белгісіз болған туберкулез
ауруынан өлім-жітім ошақтарындағы, туберкулез микобактериялы жұққан
балалар мен жасөспірімдер.
КДТ/ ДАТ ТБ шалдыққан науқастармен қарым-қатынаста болған туберкулез
микобактериясы жұққан балалар мен жасөспірімдерге ИЗОНИОЗИДПЕН
химиопрофилактика жасалмайды. Олар III А ДЕ тобында бақыланып,
туберкулез ауруларын анықтау мақсатында 6 ай сайын көрсеткіш болса одан
жиірірек тексерілер жүргізіледі.

38.

39.

• Бактерия бөлінген туберкілез ошақтарындағы 1 жасқа
дейінгі барлық балаларға БЦЖ вакцинациясынан кейін 2
ай өткенде химиопрофилактика жүргізіледі.
• Сонымен қатар 18 жасқа толмаған ТМБ жұққан,
иммуноспрессивті дәрілермен, базисті гормональді ем,
трансплонтацияға байланысты цитостатикалық ем
қабылдаған балаларда да жүргізіледі.
• АИТВ инфекциясы бар адамдарға химиопрофилактиканы
дәрігер фтизиатр жан-жақты клинико-рентгенологиялық
тексеру белсенді туберкулез анықталмаған жағдайда ғана
жүргізіледі.
• АИТВ инфекциясы бар 12 айға толмаған балаларға
химиопрофилактика тек туберкулезбен ауыратын
науқаспен қарым қатынас болған жағдайда ғана
жүргізіледі.

40.

• Туберкулиндi тоғысудың виражында (нормергия,
гиперергия) химиялық алдына алу курсының уақыты 3
айлық мерзiмде.Бұрын туберкулез микробактериясын
жұқтырған, гиперергиялық тоғысу анықталған жандарға
химиялық алдына алу екi ай жүргiзiледi. Этамбутол 15 мг/кг
дене салмағы есебiнен тағайындалады. Этамбутол
тағайындалмас бұрын окулист кеңесi қажет. Дәрiнiң жақсы
қабылдануы мақсатында дәрiмен қоса полидәрумендер
тағайындалады, құрамында А және В дәрумендерi бар.
• Н қабылдағанда зинды әсерлер (эозинофилия, аллергиялы
дерматит, парестизин, т. б) пайда болса, қосымша тексеруден
өту керек (қан, зәр). Керi әсерлер байқалса, Н 5-7 күнге
тоқтатады. Аллергиялы тоғысулар кезiнде,
десенсибилизисиялы терапия мен антигистаминдi
дәрiлермен ем жүргiзiледi. Екiншi тағайындау кезiнде Н
қабылданбаса, химиялық алдына алу тоқтатылады. Вирусты
гепатиттен кейiн химиялық алдына алу жұқпалы ауруды
тасушының барлық клиникалық белгiлер жоғалғаннан кейiн
6 айдан кейiн ғана тағайындалады. Бұндай кезде химиялық
алдын алу гепатопротекторлар жүзiнде жүргiзiледi.

41.

• Химиялық алдына алу қарым-қатынаста болған туберкулез
ошақтарының виражбен гиперергиялық тоғысу анықталған
жандарына есепке алынған кезден бастап бiр рет жүргiзiледi.
Туберкулез ошақтарының барлық 1- жасқа дейiнгi балаларына
бактерия бөлетiндерiне БЦЖ вакцинасынан кейiн 2-айлық аралықты
сақтай отырып, изиониазидпен 3- айлық (3Н) мерзiмде химиялық
алдына алу жүргiзiледi. Химиялық алдына алу (3H) туберкулездiң
микобактериясын жұқтырған гормонды (цитостатикалық) ем
қабылдаушы балалар мен жасөспiрiмдерге де тағайындалған.
Химиялық алдына алудан зиянды әсер алатындар қояншық, ОНЖ
зақымдануы, бауыр және бүйрек аурулары мен туберкулез емес
этиологиясын қызметiнiң бұзылуы. Туберкулезге қарсы мекемелердiң
дәрiгерлерiмен нұсқау берiлiп, бақыланады.Химиялық алдына алуды
дәрiгерлер амбулаториясында, жалпы iс-жүзiндегi дәрiгерлер
бөлiмшесiнде, мектептерде, балалар — бақшасында, орта және
жоғарғы оқу орындарында медициналық бөлiмшелердiң медициналық
қызметкерлерiмен жүргiзiледi. Химиялық алдына алудың өткендiгi
туралы науқастың амбулаторлық медициналық картасына (форма
026/у) тiркеледi, туберкулезге қарсы мекеменiң диспансерлiк
картасына ТБ01(қаз) дисп, күнделiктi «орындалған емнiң қадағалану
бетi» медициналық қызметкердiң бақылауымен тiркелiнедi.

42.

• Туберкулездi химиялық алдына алу АИВ жұқтырылған балалармен жасөспiрiмдерге
және ересектерге бiрдей жүргiзiледi:
• бәрiне, АИВ — құрылымның (туберкулез науқасы мен қатынаста тұрмайтын)
тоғысуының оң нәтижелi болуы;
өкпе немесе өкпеден тыс туберкулезi науқасымен бактерия бөлсiн, бөлмесiн қатынас
ұстанған;
Химиялық алдына алу АИВ жұқтырылған балалармен жасөспiрiмдерде аймақтық
туберкулезге қарсы диспансерлердiң фтизиаторларымен тағайындалады, жинақтаулы
клиника-рентгенологиялық зерттеулерден кейiн туберкулездiң белсендi еместiгi
анықталғаннан кейiн , изонизидпен (Н) 5 мг/кгдене салмағы есебiмен (0,3г аспайды)
қоса пиродрксин-25мг бiр тәулiкте күнделiктi тәртiпте 6-ай бойы тағайындалады.
• Туберкулезге қарсы диспансерлерде есепте тұрмайтын АИВ жұқтырылған науқастарға
химиялық алдына алулар ЖИТС орталығының қызметкерлерiмен АИВ
жұқтырылғандарда бақылайтын мекемелерде жүргiзiледi.
• Кейде ғана химиялық алдына алу ата – ананың, туыстарының, бақылауымен
жүргiзiледi. Оларға қолхат арқылы дәрi берiлiп, бақылау мерзiмi 10 күннен аспау керек.
Вираждық балалардың арасында химиопрофилактика 1 рет жүргізіледі.

43. Қарсы көрсеткіштер

• Қояншық/эпилепсия
• ОНЖ органикалық зақымдалуы
• Бауыр мен бүйрек қызметтері бұзылыстары бар ауруларда.
Изониозид қабылдағанда жанама әсерлер пайда болған жағдайда
қосымша тексерулер жүргізіп, дәріні қабылдау 5-7 күнге
тоқтатылып, десинсибилизациялық ем тағайындалады. Егер дәріні
кайта тағайындалғанда көтере алмаса қабылдау тоқтатылады.
Вирусты гепатиті бар науқастарда химиопрофилактика барлық
клиникалық белгілері жойылғаннан кейін кем дегенде 6 ай өткен
сон ғана жүргізіледі.

44. Қорытынды:


Медициналық-санитарлық алғашқы көмек денсаулық сақтау саласының орта буыны бола отырып, халық
денсаулығы көрсеткішін сапалы жақсартуда басты қызметті іске асырады. Оның хал-жағдайына барлық
денсаулық сақтау жүйесі қызметінің тиімділігі мен сапасы, елдің еңбек әлеуетін сақтау, сонымен қатар
көптеген медициналық-әлеуметтік мәселені, оның ішінде туберкулез ауруы мәселесін шешу тікелей
байланысты.
МСАК жүйесі мен ТҚҰ мамандарының құрылымды өзара әрекеті ауруды анықтау мен туберкулезбен
ауыратын науқасты емдеуде, сондай-ақ аурудың алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды бірлесе
жүргізгенде жемісті болуы мүмкін.
МСАК деңгейінде туберкулезбен ауыратын науқасты анықтау мен емдеу бойынша кешенді шараларға
сапалы қақырық микроскопиясы мен флюорографияға негізделген туберкулезді уақытылы анықтау және
амбулаторлық емдеу кезеңінде тікелей бақыланатын туберкулез химиятерапиясын жүргізу кіреді.
Профилатикалық жұмыстарға сапалы өткізілетін арнайы (иммунопрофилактикалық вакцинация және
ревакцинация, химиопрофилактика) және арнайы емес (санитарлық профилактика, санитарлық ағарту
және сәлеуметтік профилактика) шаралары жатады. Сонымен қатар, МСАК деңгейінде барлық
шаралардың маңызы инфекциялық бақылау нормалары мен ережелерді сақтау болып табылады.
Қазіргі уақытта халықпен ақпараттық-білім беру жұмысының жаңа бағыттары адвокация, коммуникация
және әлеуметтік жұмылдыру болып табылады. Бұлардың әр компонентінің өзіне тән мақсаты, міндеттері,
бағыттары мен шараларды ұйымдастыру әдістері бар. Олардың дұрыс орындалуына Ұлттық туберкулезге
қарсы күрес бағдарламаларының жетістігі байланысты. АКӘЖ енгізу бойынша халықаралық тәжірибе
таңбалау мен кемсітушілікпен күресте көмек көрсете, ТБ туралы дұрыс емес көзқарасты өзгерте және
ауруды бақылауды қамтамасыз етуге арналған жаңа қаржы механизмін құруға көмектесе алады.
Аталған шараларды жетістікпен іске асыру қолданыстағы ұстанымды нығайтуға және ТБ-мен күресте
одан да үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. .

45. Дереккөздер тізімдемесі

• 1. Методические рекомендации Роль сети первичной медикосанитарной помощи в контроле над туберкулезом /Исмаилов
Ш.Ш., Назирова Н.И. и др. - Алматы, 2008.- 56с.
• 2. Краткое руководство по туберкулезу для работников первичной
медико-сани¬тарной помощи для стран Европейского региона ВОЗ
с высоким и средним бре¬менем туберкулеза. – Нью-Джерси: ВОЗ,
2004. - 77с.
• 3. Приказ № 218 от 25 апреля 2011 г. «О некоторых вопросах по
борьбе с тубер¬кулезом»
• 4. Приказ № 404 от 17 июня 2011г. «О мерах совершенствования
мероприятий по борьбе с туберкулёзом в Республике Казахстан»
• 5. туберкулез профилактикасы (әдістемелік ұсыныстар) Алматы
2014 жыл
English     Русский Rules