Түркістан облысы
Шымкент қаласының атауы қайдан шыққан?
Мақтаарал ауданы — Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8
Аудаңда 60-тан астам ұлт бар. Қазақтар, тәжіктер, өзбектер, орыстар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы халқы ең тығыз
935.52K
Category: geographygeography

Түркістан облысы

1. Түркістан облысы

2.

Түркістан — Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік
орталығы. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім
ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы
болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ
Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа
Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз
дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан,
Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы
біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған. Археологтар
Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан
қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері — Шоқтас,
Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен
еткенін көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан
Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов
мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты — Ясы.

3.

Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи
деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент
қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан.
Көптеген жылдардан бері көне қалада ғылыми зерттеу жұмыстары
жүргізіліп, шетелден келетін туристердің санында шек болмайды

4. Шымкент қаласының атауы қайдан шыққан?

Осы уақытқа дейін ғалымдардың көпшілігі қазіргі Шымкент қаласының аумағындағы
қоныс мекендер XI−XII ғасырларда болған деген гипотеза болатын. Сонымен қатар
Шымкенттің бұдан да ертеректе пайда болғаны жөнінде болжам бар. Бұған дәлел археологиялық қазбалар мен құрылыс барысында табылған қабырлардың жерлеуші,
мамандардың болжамы бойынша, біздің эрамызға дейінгі V-VІ ғасырларға тән.
Өткен ғасырдың басындағы қала қамалы болған жерде жақында бір еркек пен әйелдің
мәйіті табылды, және ол зороастрлық салтпен жерленгендігі анықталып отыр, олай
болса бұл мәйітке 1500 жыл. Бірқатар археолог-ғалымдардың пікірлері бойынша, бұл
жерде үлкен қорым болған, егер бұл расталса, онда қаланың пайда болған мерзімі
қайта қаралуы мүмкін. Біздің заманымызға жеткен жазба деректерде Шымкент алғаш
рет елді мекен ретінде парсы тарихшысы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (1425 ж.) біздің
жыл санауымыз бойынша 1365-1366 жылдардағы Әмір Темірдің әскери жорық-тары
туралы жазған "Зафар Наме" атты ("Жеңіс кітабы") кітабында кездеседі.
Қандай болғанда да, қала ескі заманнан-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы мекен
болған. Оған ежелгі қоныстарға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде
табылған мәдениет мұралары дәлел бола алады. Тау етегінде өзен бойындағы
алқаптарда егіншілік пен жүзімдік, ал көгалды таулы жайылымдарда - мал
шаруашылығы дамыған.

5.

Халық санының көлемі жағынан Шымкент қаласы бүкіл
республика бойынша үшінші орында. Алайда, бейресми
мәліметтер бойынша, Шымкент қаласында халық саны
әлдеқайда көп. Себебі, қалада алыс-жақын шетелден келген,
тіркеуден өтпеген мигранттар тұрады.
Шымкент қаласы – қазақ елінің сауда, мәдениет, өнеркәсіп
орталықтарының бірі. Қалада қазақ, славян, өзбек, татар, неміс,
еврей, корей, поляк, башқұрт, әзірбайжан т.с.с. 19 ұлттың
мәдениет орталықтары жұмыс істейді

6.

7. Мақтаарал ауданы — Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8

Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің
Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928
жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта
құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997
жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата,
Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың
аумағында әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы
болатын Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаарал
ауданы Мырзашөл құмды жазығының
солтүстігіңде, Сырдария өзінінің сол
жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр
төбелі, белесті жазықта орналасқан. Ауданның
батысы, шығысы мен
оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас.

8. Аудаңда 60-тан астам ұлт бар. Қазақтар, тәжіктер, өзбектер, орыстар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы халқы ең тығыз

Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі
бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне
ауданның ауыл шаруашылық жалпы
өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының
80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына
"НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын",
"Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ",
"Мырзакент" ашық акционерлік
қоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа
қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай"
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері
жатады.
English     Русский Rules