1.52M
Categories: historyhistory geographygeography

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы территориясындағы тарихи ескерткіштер мен болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

1.

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
территориясындағы тарихи
ескерткіштер мен болашақ
дамуы бар саяхат маршруттары

2.

Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша барлығы 61
ескерткіш мемлекеттік қорғауға алынған болса, оның
16-ы археологиялық, 45-і қала құрылысы және сәулет
ескерткіштері. Олардың біреуіне республикалық
маңызы, 28-іне жергілікті маңызы бар ескерткіш деген
мәртебе берілген.

3.

Бұқарбай батырдың мазары Қызылорда облысы,
Жалағаш ауданына қарасты, Қаракеткен елді-мекенінен
солтүстік-шығысқа қарай жиырма шақырым жерде
орналасқан. Қаншама ғасырларды артқа тастап, бізге
жеткен мазар уақыт талабына шыдамай, бұзылған еді.
Оның орнын қоршай отырып, 1993 жылы ақ силикатты
кесене салынды. Кесененің жалпы көлемі 23х16,7х2,7
метрді құрайды. Негізгі жоспары төртбұрышты, күмбезді
болып келеді. Ол кесененің оңтүстігіне қарай жарты
шақырым жерде мазар тұр. Онда саз кесектен салынған
250-ге тарта жерлеу орныдары бар. Олардың тек 15-не
ғана араб жазуымен жазылған құлпытас қойылыпты.

4.

Бұқарбай Естекбайұлы - 1812 мен 1898 жылдары
арасында ғұмыр кешкен ержүрек батыр. Өмірге келген
жері ретінде Қызылорда облысына қарасты Жалағаш
ауданы айтылады. Ол Кенесары көтерілісіне белсене ат
салысқан батырлардың бірі болып саналады. 1838 жылы
Ақмола бекінісін алуға да қатысқан. Ал 1850 жылы
Бұқарбай батырдың жасағы Қазалы, Арал, Қасқорған
бекіністеріне шабуыл жасап, орыстарға қарсы шығып,
олардың әскерлерін жеңіп, қазақ халқының оңай
берілмейтінін бір байқатқан. Батырдың әкесі Естекбай да
халыққа беделді, абыройы асқан, өте мейірімді жан
болған. Бұқарбай батыр - 1837-1847 жылдардағы
Кенесарының көтерілісіне қатысушылардың бірі. Ол он
жыл бойы шайқасып, ханның сенімді серіктерінің бірі
болған. Өзінің ержүректілігімен көпке үлгі-өнеге
көрсеткен.

5.

Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында орналасқан көне қалалар орны,
олар толық сақталмай тек топырақ үйінділері түрінде жатқандықтан асарлар деп атаған.
Бұл ескерткіштердің өзіндік ортақ ұқсастықтарына қарай зерттеушілер бір
мәдениетке топтастырып, олардың негізгі бөлігі шоғырланған Жетіасар шатқалының
атымен атаған. Бұл аймақтағы асарлардың ең ірісі Алтынасар және Бидайық асар, Сорлы
асар, Домалақ асар, Үңгірлі асар, Томпақ асар, Қара асар, Жалпақ асар, Тікасар, Тас асар,
Қосасар сияқты барлығы 30-ға жуық қала мен жүздеген обасы бар қорымдар және
суландыру жүйелерінің орындары анықталған.

6.

Қалажұрт ХХ ғғ. 80 жж. ХАЭЭ (жет.Л.М.Левина) тарапынан табылып, зерттелді. Қалашық Жаңадария
өзенінің оң жақ құлама жағасында орналасқан.
Ескерткіш төмпешіктер түрінде сақталған және өзен жағасын бойлай 2 км өлшемінде және
өзеннен 1 км шамасында аумақты алып жатқан әртүрлі құрылыстар кешенін қамтиды. Қалажұрттың
орталығы 400х320м өлшеміндегі тікбұрышты пішінді қорған болып табылады. Оңтүстік-батыс және
солтүстік-шығыс қабырғалардың ені 8-10 м, оңтүстік-шығыс және солтүстік – батыс қабырғалардың
ені 10-12 м. Қабырғада әрбір 40-50 м сайын диаметрі 6 м болатын, қорғанның бұрыштары мен
орталық қақпада 8 м болатын дөңгелек мұнаралардың қалдықтары байқалады. Қабырғаның сыртқы
периметрі бойынша ені 10 м-ден (солтүстік – шығыс бөліктерінде) және 30 м-ге дейін (оңтүстік-батыс
бөліктерінде) жететін терең (3-5 м дейін) орлар байқалады. Қалажұртқа кіретін үш қақпа табылды.
Бүйірдегі кіріс қақпаның ені - 7-8 м, орталық қақпаның ені – 15-16 м. Заманында қаланы биік әрі
қалың етіп соғылған қорған – дуал қоршап тұрған, қорғанның сілемдері мен мұнара құландылары
казіргі уақытқа дейін жақсы сақталған.

7.

Жалағаш ауданы Аққыр ауылынан оңтүстікке қарай 30 шақырымда орналасқан ортағасырлық қала орны Х-ХҮ
ғасырлармен мерзімделеді.
Осы аймақта орналасқан Жанкент, Баршынкент, Ашнас (Асанас) қалалары Жент өлкесінің қалалар тобын
құрады. Қаланың орны қазіргі уақытта 40 гектардан астам аумақты алып жатыр. Қала қирандыларының мерзімделуін әр
ғасырларға жатқызуға болады. Ортағасырлық тарихи деректерге сүйенсек, ІХ–ХІІ ғасырларда қалада мұсылман дінін
ұстанған оғыз бен қыпшақ тайпалары қоныстанған.
ХІІ–ХІІІ ғ.ғ. Жент қаласы Хорезм мемлекетінің дүниежүзілік державаға айналу барысында Сыр өлкесіндегі тіректі
қаласының бірі болған. Сыр өңіріндегі ірі мәдени-экономикалық орталыққа айналды. Қалада ақша сарайы жұмыс істеп,
күміс және мыстан соғылған теңгелер шығарылды.

8.

Құрылымына қарай Жанқала қаласы үш бөліктен тұрады: Цитадель, шахристан және рабад. Қаланың
цитаделі сыртқы қабырғамен қоршалған сарай мен бұрышта орналасқан солтүстік-шығыс мұнарасы бар
бірнеше элементтерден тұрады. Енінің қалыңдығы 1 м болатын сыртқы қабырғалар сарайды қоршап жатыр
және цитадель қабырғаларының ішкі көлемі 75×75 м құрайды. Шартты түрде сарай орны болып саналатын
орталық құрылыстың көлемі 37×28 м. Диаметрі 8 м болатын сегіз қырлы мұнара цитадельдің солтүстікшығыс бағытындағы сыртқы бұрышында орналасқан. Қаланың сыртқы қабырғасы ені 20 м болатын ормен
қоршалған. Жанқала қаласы Республикалық маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіші. ЮНЕСКО-ның
Бүкіләлемдік мұралардың алдын ала тізіміне «Жібек жолы» сериялық трансұлттық номинация компоненті
бойынша 2012 ж. енгізілген.

9.

Жалағаш ауданы, Мөрәлі Шәменов ауылынан
солтүстік-батысқа қарай 4,5 шақырым, Қаракеткен
теміржол стансасынан оңтүстік - батысқа қарай 7
шақырымда орналасқан. Кесене ХІХ ғасырда
салынған.
Кесене Сыр бойында тұратын қазақтардың
«үйтам» үлгісінде салынған. Ислам дінін насихаттап,
шәкірт тәрбиелеген дін қайраткері Түмен әулиенің
жерленген орнына тұрғызылған.
Түмен әулие кесенесі Сыр бойында тұратын
қазақтардың «үйтам» үлгісі бойынша қам кесектен
қаланған бір камералы, порталды- күмбезді
құрылыс. Кесене есігін оңтүстік-батысқа қаратып,
арка тәрізді үшбұрышты етіп, иіп қалаған.

10.

Кесене ХІХ ғасырдың қорым аумағында орналасқан. Ескерткіш аршылмаған кірпіштен
салынған. Кесене бір бөлімді, орталықтас, күмбезі жойылған. Жоспарда төрткүл,
8,5х8,5м үлкен өлшемді, негізгі өлшемі күмбезбен қайта жабылған. Жоспарда жерлеу
бөлмесінің өлшемдері 6,5х6,5м, биіктігі 1,7м. Бөлменің негізінің төрткүлдігінен
күмбездің шеңберіне өту бөлменің бұрыштарынан құрылыстардың сүйірлене құлауы
арқылы жүзеге асырылған. Бөлме қабырғалары күмбездің негізіне дейін сыланған және
оларға суреттер салынған. Бөлменің ішінде дүниенің төрт бұрышында орналасқан
65х85м өлшемді сүйір пішінді ойықшалар бар. Жерлеу іздері байқалмады. 2011 жылы
ескерткіш түгелдей қайта жөндеуден өтті.

11.

Зepттeу жұмыcының нeгiзiндe кeлeciдeй ұcыныcтapды ұcынaмын:
- Жалағаш ауданының территориясында орналасқан тapиxи-cәyлeт мұpaлapы жөнiндe нaқты дepeктi ғылыми
жұмыcтapдың peтiн үcтeмeлeп, oлapды кeзeң-кeзeңiмeн зepттeyгe (құpaмы apнaйы мaмaндapмeн
тoлықтыpылғaн) экcпeдициялap ұйымдacтыpылca;
- өлкe тapиxын oқытy apқылы бiз ұpпaқ caбaқтacтығын жaлғacтыpaмыз дeceк, қoлдa бap бүгiнгi құнды тapиx
дepeктepдiң шeт eл зepттeyшiлepiнiң қoлындa кeтпeyiн қaдaғaлaйтын apнaйы ұжым ұйымдacтыpy;
- бүгiнгi тәyeлciз Қaзaқ eлiнiң өз aтa-бaбacының жүpiп өткeн тapиxы жөнiндe еcкepткiштepдi қopғay
aймaқтapын ғылыми нeгiздe aнықтay, oлapдың тapиxи-мәдeни лaндшaфтын caқтay жәнe кapтaлapын жacay;
- қaйтa қaлпынa кeлтipy, жaңғыpтy, кoнcepвaциялay, мyзeйлeндipy жұмыcтapын тypизм жәнe ұлттық дәcтүp
тaлaптapынa үйлecтipe oтыpып жacaлyын қaмтaмacыз eтy;
- аpxeoлoг ғaлымдap жүpгiзгeн жұмыcтapы үнeмi тeлeдидap apқылы көpceтiлiп oтыpca;
- бeйнeтacпaлapғa түcipiлiп, қoғaмдық нacиxaттay жұмыcтapы жүpгiзiлce;
- зepттey жұмыcы бapыcындa жинaқтaлғaн жәдiгepлep тapиxи жәнe өлкeтaнy мұpaжaйлapынa тaпcыpылca;
- мәдeниeт миниcтpлiгiнiң тiкeлeй бacтaмacымeн тapиxи қaлaлap opны тypиcтep кeлeтiн opындapғa
aйнaлдыpылca.
English     Русский Rules