Similar presentations:
Темір ауданы
1. Темір ауданы
2.
Темір ауданы –Ақтөбе облысының
батыс бөлігіндегі
әкімшілікаумақтық бөлініс.
Жер аумағы 12,6
мың км². Орталығы
– Шұбарқұдық
кенті. Аудандағы 29
елді мекен 1
қалалық, 2 кенттік
және 7 ауылдық
округке
біріктірілген
3.
Темір ауданыМұғалжар, Байғанин,
Ойыл, Қобда
аудандарымен
шектеседі. Аудан
Ақтөбе облысының
батысында орналасқан.
Аудан орталығы
Шұбарқұдық кенттік
округі. Аудан
Мұғалжар тауының
оңтүстік-батыс
бөлігінде орналасқан.
Ең биік жері 355 м
(Бадамша ауылының
тұсында). Оңтүстікбатысы сайжыралармен
тілімделген жазық
болып келеді.
4. Тарихы
Ауданның іргесі 1869 жылы құрамында 17болысы бар уезд орталығы болып қаланған.
Ол қазіргі Мұғалжар , Темір, Ойыл, Байғанин
аудандарының, Қобда ауданының оңтүстігін
қамтыған. 1921 жылы 27 болыс болды және
Ақтөбе губерниясындағы аудан орталығы,
1923 жылы Ақтөбе губерниясының іріленуіне
байланысты Темір уезі (14 болыс) аталған.
1928 жылы уез таратылып, 1930 жылы ауданға
айналды. 1935 жылы одан Жұрын ауданы
бөлініп шықты. Қазіргі Темір ауданы 1972
жылы құрылған.
5. Пайдалы қазбалары
Жер қойнауынан мұнай, тастемір, құрылыс
материалдары барланған.
1967 жылы алғаш рет
Жаңажол мұнайгаз
конденсатты кенорнынан
табылып, 3000 м
тереңдіктен алғаш рет
жоғары дебитті мұнай
ағымы алынды. Бұл кен
орны 1983 жылдан бері
игерілуде.
6. Климаты
тым континенттік, қысы суық, жазыыстық,
қуаң.
Ауаның
орташа
жылдық
температурасы қаңтар айында –15 – 17ӘC,
шілдеде 22 – 24ӘС. Аудан жерімен Ойыл, Темір,
Шилі, Құмды, Бабатай, Шағырлықұмды, т.б.
өзендер ағып өтеді.
7. Климаты
Жер қыртысында негізіненқызғылт қоңыр, бозғылт
қоңыр және сортаңды сұр
топырақ басым. Оларда боз,
бетеге, жусан, изен,
сұлыбас, қамыс, құрақ өседі.
8.
Аңдарданқасқыр, қарсақ, борсық,
жабайы шошқа, ақбөкен,
ондатр, сарышұнақ, аламан
тышқаны кездеседі.
9. Халқы
Аудан тұрғынының басым бөлігін қазақтарқұрайды (97,0%). Одан басқа орыс, украин,
татар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Аудан аумағында
халық біркелкі қоныстанбаған. Тұрғын
халықтың басым бөлігі автомобиль және темір
жол және ірі өзен бойларында, мұнай өндіретін
өңірлерде біршама тығыз қоныстанған.
Халықтың 1 км²-ге шыққандағы тығыздығы 3,0
адамға жуықаласы Ірі елді мекендері:
Шұбарқұдық, Кеңқияқ, Шұбарши кенттері,
Темір қаласы , Шұбарқұдық кәсіпшілігі ,
Алтықарасу, Қопа, Сарыкөл (Ақтөбе облысы) ,
Тасқопа.
10. Өнеркәсібі
Өнеркәсіп саласында аудан аумағындабірнеше ірі кәсіпорындар бар. Олардың
ішіндегі ірілері: “Қарақамыс”,
“Стройуниверсал” ЖШС, “Көлік” АҚ,
“Әлия жолдары”, “Шанс-1”, “Манас”,
“Айқап”, “Сагор”, “Тасқұдық”,
“Ақтөбемұнайгаз”, Кенжылуэнергия”,
“Толғанай” ЖШС-лары, т.б. Білім беру,
мәдениет мекемелерін жалпы білім
беретін 32 мектеп, 2 мәдениет үйі, 14
кітапхана құрайды. 3 аурухана, ауданы
аурухана, санэпидстанса, 17
фельдшаруашылығы-акушерлік пункт ел
денсаулығын сақтауға қызмет етеді.
Аудан аумағында археологиялық және
табиғат ескерткіштерінің жалпы саны –
41. Аудан жерімен Атырау – Қандыағаш
темір жолы, Ақтөбе автомобиль жолы
өтеді.